Өнеге

Көп жасаған, көпті көрген Әлмерек абыздың атақ-даңқын естіп, сол кісіге сәлемдесуге және ақыл-кеңесін тыңдауға құмартқан бір жігіт шалғай елден әдейі іздеп келеді де, абыздың үйіне түседі. Қонақты төрге шығарып, амандық-сәлемнен соң жөн сұрайды. – Ал, шырағым, жол болсын? – дейді абыз. – Ат басын тірер жерім – сіздің а...

Kazakh
Өнеге
Көп жасаған, көпті көрген Әлмерек абыздың атақ-даңқын естіп, сол кісіге сәлемдесуге және ақыл-кеңесін тыңдауға құмартқан бір жігіт шалғай елден әдейі іздеп келеді де, абыздың үйіне түседі. Қонақты төрге шығарып, амандық-сәлемнен соң жөн сұрайды. – Ал, шырағым, жол болсын? – дейді абыз. – Ат басын тірер жерім – сіздің ауылыңыз еді, ата. – Онда құлағым сенде, талабынды айта отыр. – Даңқыңызды естіген соң, тәліміңізді үйреніп, өнеге алып кеткелі іздеп келдім. – Сонда қалайтының әңгіме ме, тәрбие ме? – Ата, үлгі – өзіңізден, мен үйренушімін ғой. – Алдымен мынаны айтшы, қалжыңның неше түрі бар? – Оны: әзіл қалжың, текті қалжың, кекті қалжың деп бөлуге болар. – Мұның жөн, қылжақбас емес екенсің. Ал енді, қандай адамды шын дос дейміз? – «Дос та дос, дұшпан да дос дес барында, дес қайтқан соң қалған дос шын қасыңда» дегенді естіп ем, ата. Әлмерек абыздың жүзі жадырап сала береді. – Сендей ұрпақ келіп тұрса, біздің көңіліміз де күндей жарқырайды. Жастардан күткен үмітіміз қарлы таудан төмен сарқыраған өзендей шалқып ешқашан сарқылмайды. Мұның жайын ұқтың ба, балам? – Ұқтым, ата, ұқтым!.. – Мұратыңа жет, балам. Енді менің қонағым бол! Абыз қонақ жігітпен бірнеше күн оңаша сырласады. Содан кейін жігіттің үстіне шапан жауып, астына ат мінгізіп, аялап аттандырған екен.
English
Example
Hearing the fame and reputation of the wise Almerik, a young man from a distant land comes specifically to greet him and seek his advice. He arrives at the wise man's home. After welcoming the guest and exchanging greetings, the wise man asks about his journey. – Well, my dear, how was your journey? – says the wise man. – The place I intended to stop was your village, sir. – Then I am all ears, tell me your request. – After hearing your fame, I came to learn your teachings and take inspiration from you. – So, do you want stories or guidance? – Sir, the example is from you; I am the learner. – First, tell me this: how many types of jokes are there? – They can be divided into: humorous jokes, noble jokes, and vengeful jokes. – That’s right; you are not a fool. Now tell me, what kind of person do we call a true friend? – I heard, "A friend is a friend, and an enemy is a friend while he is present; but the friend who remains after the enemy departs is your true companion," sir. The wise Almerik's face lights up with joy. – If a descendant like you is here, our hearts shine like the sun. The hope we have for the youth flows like a river cascading down from a snowy mountain, never to run dry. Do you understand this, my child? – I understand, sir, I understand!.. – Achieve your goals, my child. Now be my guest! The wise man spends several days in private conversation with the young guest. Afterward, he wraps the young man in a robe, mounts him on a horse, and sends him off with care.