Бала би Досбол сөздерінен

Досбол би жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Әкесі кедей болады. Мініп жүретін бір жақсы аты қалады, басқа малы шамалы болу керек. Ат біреу болса да мінер адам болмай, ат екі жыл жылқыда жүреді. Досбол тоғыз жасқа келеді. Елдің ақсақалдары Досболға: «Сенің осы әкеңнен қалған атың жүйрік еді, сен ұстатып алып, осы б...

Kazakh
Бала би Досбол сөздерінен
Досбол би жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Әкесі кедей болады. Мініп жүретін бір жақсы аты қалады, басқа малы шамалы болу керек. Ат біреу болса да мінер адам болмай, ат екі жыл жылқыда жүреді. Досбол тоғыз жасқа келеді. Елдің ақсақалдары Досболға: «Сенің осы әкеңнен қалған атың жүйрік еді, сен ұстатып алып, осы бастан қотанның тақырына арқандап жарата берсең, күзгі көбік қарда түлкі қууға қолайлы келеді», – деп баланы үгіттеп, атын ұстатып, айтқандарын істетеді. Авгус айынан атты жаратып, октябрь ішінде бір күн ақша қар жауып қалады. Ел көтеріле түлкіге шығады. Досбол атына мініп бірге шығады. Түлкі байланатын ақсақалдар да қалмайды. Көп іздеп түлкі таба алмай, арық-тұрақ көбең-сабаң аттар болдыруға айналғанда алдарынан бір түлкі қашып, Досбол оқшау кетіп бірнеше қыр асырып, ақыры түлкіні соғып, атын аяндатып солығын басып, түлкіні сойып болған кезде ақсақалдар келіп: – Әкел, байла түлкіні, – деп қанжығаларын ұсынғанда, Досбол: – Өзім жетім, түлкіге алғашқы шыққан бетім, бұл түлкіні өзіме қалдырыңдар, – деп түлкіні бергісі келмейді. Ақсақалдар: «Бұл балалық жұмысты қой, түлкіні бер!» десе де, Досбол: «Төрешіге бармай, бермеймін» деген соң, ақсақалдар: «Қалаған төрешіні ал!» дегенде, Досбол: «Олай болса, мына жақын тұрған Бұхар, Хиуадағы сарттардың ханына барайық» деп, түлкі алмақ болған бір-екі ақсақалдарды ертіп Хиуа ханына барады. Хан істің мәнісін сұрағанда, Досбол жанындағы ақсалдарына: «Әуелі мен айтайын, қалған болса, сіздер айтарсыздар», – деп былай деген екен: – Жапаннан қашты бір түлкі, Тауға қарай дем алмай. Жабыла қуды көп кісі, Бірі қалды ере алмай. Сол түлкіні кім алар, Жетіп соққан мен алмай. Ағайыннан үлкен дұшпан жоқ, Алдына салып айдап жүр. Бір түлкіні көре алмай, Бір, тақсыр, күнәлі болып жүрмеңіз, Төресін түзу бере алмай. Хан ойлап беретін төре екен. – Үш күн ойлап төре беремін, соған дейін шыдаңдар, – деп қайтарып, үш күннен кейін ақсақалдар мен Досболды шақырып алып: – Бір істің дауын да, төресін де Досбол сөзінде түгел айтқан екен, соның үшін түлкіде жұмыстарың болмасын, Досболдың өзі алады. Екінші, балам, сенің атың кім? – деп сұрады. «Атым Досбол» деген соң, Хиуа ханы: – Жасың қаншада, тоғызда ма? – деді. – Ендеше, сенің атыңа «бала би» деген сөз қосамын. Атың «Бала би Досбол» болсын, – деп, «Бала би» аты тоғыз жасында қосылған екен. Содан бастап Бала би Досбол аталып кетіпті.
English
The words of the child bi Dosbol.
Dosbol bi became an orphan at the age of seven when his father died. His father was poor. He left behind one good horse, but not much livestock. Even though there was one horse, there was no one to ride it, and the horse remained in the pasture for two years. When Dosbol turned nine, the elders of the village said to him: “The horse left by your father was swift; if you take care of it and tie it to the pen from now on, it will be suitable for chasing foxes in the autumn snow,” encouraging the boy to take care of the horse and do as they said. From August, he started to prepare the horse, and one day in October, it began to snow lightly. The villagers set out to hunt foxes. Dosbol mounted his horse and joined them. The elders who would tie the foxes also did not stay behind. After searching for a long time without finding a fox, when the horses began to tire, a fox suddenly ran in front of them, and Dosbol, riding alone, chased it over several hills. Finally, he caught the fox, calmed his horse, and after he finished skinning the fox, the elders came and said: – Bring it here, tie the fox, – offering their saddlebags. Dosbol replied: – I am an orphan, this is my first time hunting a fox, please let me keep this fox for myself. – He did not want to give the fox away. The elders said: “Stop this childish behavior, give the fox!” but Dosbol insisted, “I won’t give it without going to a judge.” When the elders said, “Choose any judge you want!” Dosbol suggested, “Then let’s go to the Khan of the Sart people in Bukhara or Khiva,” and he took one or two elders who wanted to get the fox and went to the Khan of Khiva. When the Khan asked about the matter, Dosbol said to the elders beside him: “Let me speak first, and if there is anything left, you can speak,” and he said: – A fox fled from the wilderness, Not resting, heading to the mountains. Many people chased it, One could not keep up. Whoever catches that fox, I will not take it, having reached it. There is no greater enemy than a relative, Leading it in front of them. Not being able to see one fox, Do not, my lord, commit a sin, Not being able to give a fair judgment. The Khan thought he would give a judgment. – I will think for three days and give a judgment, so wait until then, – he sent them back, and three days later, he called the elders and Dosbol and said: – The dispute and judgment of the matter have been fully expressed in Dosbol’s words, so you have no claim to the fox; Dosbol will take it himself. Secondly, my child, what is your name? – he asked. When Dosbol replied, “My name is Dosbol,” the Khan of Khiva said: – How old are you, nine? – he asked. – Then I will add the word “child judge” to your name. Your name shall be “Bala Bi Dosbol,” – thus, the name “Bala Bi” was added when he was nine years old. From then on, he was known as Bala Bi Dosbol.