Бала би Досбол

Досбол Кіші жүз Ахмет ханға бас би болып тұрған дәуірінде Бағаналы елінде Бөрібас деген бай болады. Үш мың қара қасқа жылқысы болады. Сол жылқының нақ жартысы жорға болады. Соның ішінде бір қара қасқа жорға өте жақсы жорға болып, жорғасымен қасқыр, түлкі соғады. Бөрібас бай сол жорғасын өте құрметтеп ұстап, күндіз-түні...

Kazakh
Бала би Досбол
Досбол Кіші жүз Ахмет ханға бас би болып тұрған дәуірінде Бағаналы елінде Бөрібас деген бай болады. Үш мың қара қасқа жылқысы болады. Сол жылқының нақ жартысы жорға болады. Соның ішінде бір қара қасқа жорға өте жақсы жорға болып, жорғасымен қасқыр, түлкі соғады. Бөрібас бай сол жорғасын өте құрметтеп ұстап, күндіз-түні үйге қойып бие сүтімен суғарып, екі мезгіл жаңартып астына кілем төсеп тұратын болған. Қарақасқа жорғаны қалмақтың бір ханы: – Бес жүз жылқы берейін, маған бер, – деп сұраған. Өзбекте бір хан: – Бес жүз қара нарға қазына артып беремін, маған бер, – десе де, оларға: – Сендердің менен дәулеттерің артық емес және жігітшіліктерің артық емес, жалғыз-ақ менен хандық бақыттарың артық. Маған малдың қажеті жоқ, жаз қонған жерімнен көшуге шамам келмей, күз әрең көшемін. Барлығы – малдың, шаруаның көптігі, – деп ат саудалаушылардың көңілін қайтарған. Ахмет хан Қарақасқа жорғаны сұрайын десе де, саудалаушылардың берген бағаларының ауырлығын көріп бата алмай жүреді. Ақырында көңілі бала би Досболды жіберіп сұратуды ұйғарып, Досболды «не болса да Қарақасқа жорғаны алып кел!» – деп жібереді. Досбол жанына бірнеше сөз білетін адамдарды ертіп алып жүріп Бөрібас байдың аулына келсе, Бөрібастың үйінің артында көп қонақ аттары тұрады. Байдың саятшылары алдынан шығып, Досболды құрметтеп үйге кіргізеді. Үйдегі қонақтар Қаракесек Әменке биі, Бағаналы Құлтас биі және Жантас билер екен. Досбол барлығымен амандасып, кеңесіп отырған Бөрібас бай астында төсек, жан жағында жастықтан қорған қойып отырып: – Досбол, ханның биі жол болсын! – дегенде, Досбол: – Ханың сәлем айтты ғой: «Жаңабай ұлы Бөрібасың. Маған беріп жіберсін, Қарақасқа жорғасын. Сұлулығы өзіңдей, Жуандығы өзімдей. Жорғалығы Қаракесек Әменке бидің сөзіндей. Беріктігі Қолтастай, Жүйріктігі Жантастай, Жорғалатып жүргенде, Мұзға аяғы таймастай. Топқа мініп барғанда, Артында кіні қалмастай. Шеру тартып жөнелсе, Алдына жан салмастай. Дұспанға таба қылмасын, Барған кісім сынасын. Түсініп сөздің затына, Бағаналы Бөрібас бай». дегенде, Бөрібас артындағы жастыққа шалқасынан құлай кетті. Оған да дамыл алып жата алмай, жан-жағындағы жастақтарға кезек-кезек сүйеніп дамыл сызданып-толғанып ойға кіріп, біраздан кейін: – Жарайды, Қарақасқа жорғаның күні жаңа толды, бес зор адамның құнына құны жетті. Бірінші – өзім, екінші – Ахмет хан, үшінші – Әменке би, төртінші – Қолтас би, бесінші – Жантас би. Енді берейін, – деп, беріп жібереді.
English
Bala Bi Dosbol
During the time when Dosbol was the chief judge under Khan Ahmed of the Lesser Zhuz, there was a wealthy man named Boribas in the Baghanaly tribe. He owned three thousand black horses. Half of those horses were trotters. Among them, one black trotter was exceptionally good, capable of chasing down wolves and foxes. Boribas cherished this trotter greatly, keeping it at home day and night, feeding it mare's milk, and laying a carpet under it twice a day. A khan from the Kalmyks asked for the black trotter, saying, "I will give you five hundred horses, give it to me." A khan from Uzbekistan also said, "I will load it with five hundred black camels, give it to me." However, Boribas replied to them, "Your wealth is no greater than mine, nor is your bravery greater than mine; only your royal fortune is greater than mine. I do not need livestock, and I cannot move from where I have settled in summer; I can barely move in autumn. It is all about the abundance of livestock and farming," thus disappointing the horse traders. Khan Ahmed wanted to ask for the black trotter but hesitated to do so after seeing the heavy prices offered by the traders. Finally, he decided to send his young judge Dosbol to request it, instructing him, "No matter what, bring back the black trotter!" Dosbol took along several knowledgeable individuals and went to Boribas's yard. Upon arrival, he saw many guest horses behind Boribas's house. The khan's hunters came out to greet Dosbol and respectfully led him into the house. The guests inside were the judges Amanke of the Karakesek, Kultas of the Baghanaly, and Jantas. As Dosbol greeted everyone, Boribas, sitting on a bed with pillows around him, said, "Dosbol, may the khan's judge have a good journey!" To which Dosbol replied: "The khan sends his greetings: 'You are the son of Zhanabai, Boribas. Send me the black trotter. Its beauty is like yours, Its thickness is like mine. Its trotting is like the words of Amanke of Karakesek. Its strength is like Kaltas, Its speed is like Jantas, When it trots, Its feet will not slip on ice. When it rides into a crowd, There will be no trace left behind. When it sets off in a procession, Nothing will surpass it. May it not fall to the enemy, Let my visitor be tested. Understanding the essence of the words, Boribas of Baghanaly.'" At this, Boribas fell back onto the pillow behind him. Unable to rest, he leaned against the surrounding pillows, pondering for a while. After some time, he said, "Alright, the day of the black trotter has just come, and its worth matches that of five great men. First – myself, second – Khan Ahmed, third – Judge Amanke, fourth – Judge Kaltas, fifth – Judge Jantas. Now I will give it," and he agreed to part with the trotter.