Жаңабатырдың жаламен шабылуы

Бұхар барып жолаушы жүрген күнінде екі жақ болып төбелесіп жатқандарға кез болып: – Мынаны айырайық, арашалайық, – десе, жанындағы жолдастары: – Өзіміз жолаушы жүріп, айдаладағы біреудің бізге өлген-тірілгені не керек? – депті. Сонда аз жағы: «Кім де болса, Жаңабатырды танып айырады ғой, арашалайды ғой» – деп дәмелі бо...

Kazakh
Жаңабатырдың жаламен шабылуы
Бұхар барып жолаушы жүрген күнінде екі жақ болып төбелесіп жатқандарға кез болып: – Мынаны айырайық, арашалайық, – десе, жанындағы жолдастары: – Өзіміз жолаушы жүріп, айдаладағы біреудің бізге өлген-тірілгені не керек? – депті. Сонда аз жағы: «Кім де болса, Жаңабатырды танып айырады ғой, арашалайды ғой» – деп дәмелі болып қалған екен. Жұртқа аты шыққан ірі кісінің арашашы болмай, керексіз қылып өте бергендігіне өкпелеп, сонда өлімші болып таяқ жеп қалған. – Кім сені ұрған, соққан? – деп сұрағышқа: – Маған қылғанда, Күлік Жаңабатыр би қылды. Менің қаным соның мойнына, – деп өліп кетіпті. Мұның ұрмағанын, соқпағанын жұрт біліп тұр. Білсе де, өлермен қадалып жабысқан соң, арашалап айырмағандығының айыбына сексен серке тартқан екен. «Кімде-кім екі ұрысып төбелескенді көре тұрып, айырып, арашалауға әлі келе тұрып арашашы болмаса, жазатайым соның бір жағы өліп кетсе, құнын өлтірушіден алсын да, айыбын арашаламағаннан алсын!» – деп. Енді бір ұлы жиын, аста жерден сыңар аяқ өткен жеті жұртты тауысқан бір қу келді де, белдеуде байлаулы тұрған Жаңабатыр бидің атының аузын ашып қарады дейді. Қараса, тілінің түбіне тақалған жері қап-қара екен. Жергілікті Құдай жаратқан, өзі қояндай боз ат екен. Сол жатып жабысты дейді: – Құлын күнінде жоғалтқан боз биенің құлыны еді, – деп. Жаңабатыр: – Өз жылқымның тумасы. Аузын ұрып, аяғын қолдан сыпырған тұл атым, – дейді. Анау: – Құлын күнінде жоғалтқан менікі, – дейді. Дау болған соң, бір көлденеңсіз құтыла ма, жүгініске түседі. Сонда жаламенен жабысушы көрінбеген жерінен белгі айтысайық дейді. Жаңабатыр: – Бір меңі жоқ қояндай боз ат, бұған басқа белгі не керек? – дейді. – Енді осының көрінбеген жерінен белгі айтсам, менікі бола ма? – дейді. – Қап, енді осыдан көздің көлеміндей боздығынан басқа белгі тапсаң, сенікі- ақ болғаны, – дейді. – Менің биемнің тілінің түбіне тақалған жері қол басындай қап-қара еді. Енесіне тартса, мұның да тілінің түбінде сол белгі бар шығар. Егер де тілінің я ұшында, я ортасында, я түбіне тақалған жерінде қол басындай қара болмаса, менің боз биемнің кұлыны болмағаны, – дейді. Атты алдырып, аузын ашып қараса, тілінің түбіне тақалған жері қап-қара екен. – Мынаның сөзі шын болды, – деп, – сіздей кісінің астынан ат алу жол-жобаға сыймайтұғын нәрсе, бұл ат бүгін өз астыңызда барсын. «Өзімдікі екендігі шын еді» деп бір ауыз сөз айтып, атты өзіңіздікі қылсаңыз да, өзіңіз біліңіз. «Жоқ, тақымым үйренген жануар еді» – деп үш бесті берсеңіз де, өзіңіз біліңіз, – делінген соң, жұрт дағдарып тарқасты дейді. Ертең таң атқан соң, Жаңабатыр үш бесті алып кеп ортасына келді дейді: – Әлеумет, көп, жиылған топ, кеше өзімдікі деп таластым, бүгін мынанікі қылып, төлеуін алып келіп отырмын. Үйге бардым, бір аяққа аппақ сүт қойдым. Бір аяққа мөлдір, тұнық қара су қойдым. Сүтті қайыра сүтке қостым. Суды суға қостым. Сүттен жұғын қалды. Судан жұғын қалмады. Ойладым менің сөзімнің ақтығы сүттей ақ шығар, сонда да онан жұғын қалды-ау. Әне, бәлекеттің сөзінің қаралығы қара судай-ақ шығар, сонда да онан жұғын қалмады-ау?! А, бұрынғының «Ақ та болса, ант ішпе, айрандай жұғады» дегені осы екен-ау! деп, бір ауыз сөз айтуға жарай алмағаным осы, – депті. Ананікі жала екендігіне жұрт тың көзі жетіпті, сонда да болмай Жаңабатыр бесті берген екен.
English
The Attack on Zhanabatyra by Deceit
One day, while traveling to Bukhara, he came across two sides fighting: - "Let's separate them, let's intervene," he said, but his companions replied: - "We're just travelers; what do we care about someone else's life or death?" At that moment, the smaller group said, "Anyone can recognize Zhanabaty, they will intervene," and they remained hopeful. Feeling upset that a well-known person did not intervene and just passed by, he ended up getting beaten badly. - "Who hit you?" they asked. - "It was Kulyk Zhanabaty who did it to me. My blood is on his neck," he said before dying. Everyone knew he hadn't hit or struck anyone. Even though they knew, since he had clung to the situation desperately, they imposed a fine of eighty sheep for not intervening. "Whoever sees two people fighting and does not intervene, if one side happens to die, let the compensation be taken from the killer and let the penalty be for not intervening!" they said. At another grand gathering, a cunning man came who had exhausted seven communities and looked at the mouth of Zhanabaty's horse tied at the waist. He saw that the spot at the base of its tongue was jet black. The local God created it, and it was a gray horse like a rabbit. He then said: - "This is the colt of the gray mare I lost in its foal days." Zhanabaty replied: - "It is not from my herd. It is a stallion that I have raised, having hit its mouth and cleaned its legs," he said. The other man insisted: - "It is mine, lost in its foal days." Since there was a dispute, they could not escape without a confrontation. Then the one who was clinging to the accusation suggested they identify a mark from an unseen place. Zhanabaty replied: - "A gray horse without a single spot; what other mark does it need?" - "If I identify a mark from its unseen place, will it be mine?" he asked. - "Ah, if you find any mark other than this grayness the size of an eye, it will be yours," Zhanabaty replied. - "The spot at the base of my mare's tongue was the size of a hand and jet black. If it resembles its mother, this one must also have that mark at the base of its tongue. If there is no black spot the size of a hand at the tip, in the middle, or at the base of its tongue, then it is not my gray mare's colt," he said. When they brought the horse and opened its mouth, they found that the spot at the base of its tongue was indeed jet black. - "His words are true," they said, "for a person like you to take a horse is not appropriate; let this horse remain under you today. If you say, 'It is truly mine,' and you want to keep it, that is up to you. If you say, 'No, it is an animal I am used to,' even if you give three stallions, that is up to you," they said, and the people dispersed in confusion. The next morning, Zhanabaty came with three stallions and said: - "People, many gathered, yesterday I contested it as mine, today I bring it as yours and have come to pay the price. I went home, placed one bowl of pure white milk and one bowl of clear, transparent black water. I mixed the milk back with milk. I mixed the water back with water. The milk left a residue. The water left no residue. I thought my words' clarity would be as white as milk, yet it still left a residue. Look, the darkness of that person's words must be as black as black water, yet it left no residue at all?! Ah, the old saying 'Even if it is white, do not swear, it will cling like yogurt' is indeed true! This is why I have not been able to say a single word," he said. The people realized that the other man's claim was false, yet Zhanabaty still gave him the stallion.