Ескелдінің әуестігі

Алдына жүгініп келген адамдарға Жанғабыл би ұдайы ағыл-тегіл сөз түйдектерін төгеді екен. Сонда 11-12 жастағы Ескелді бала: – Ата, бұл өз тақпағыңыз ба? – деп сұрапты. Қарт: – Әй, балам-ай, бұл – атадан балаға мұра боп келе жатқан сөз. Халық дана ғой, зер салып қарасаң, тірлік-тіршілік атаулы ның бәрін – болмыс-бітімін...

Kazakh
Ескелдінің әуестігі
Алдына жүгініп келген адамдарға Жанғабыл би ұдайы ағыл-тегіл сөз түйдектерін төгеді екен. Сонда 11-12 жастағы Ескелді бала: – Ата, бұл өз тақпағыңыз ба? – деп сұрапты. Қарт: – Әй, балам-ай, бұл – атадан балаға мұра боп келе жатқан сөз. Халық дана ғой, зер салып қарасаң, тірлік-тіршілік атаулы ның бәрін – болмыс-бітімін, жай-күйін толғап айтып кеткен ғой. Бұл дүниеде сөзден құдіретті нәрсе жоқ. Сол бұрынғы өткен ғұлама аталарымыз ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітірген ғой, – дейді. Сонда бала: – Сіз маған айтыңызшы, менің нағашым Төле биден асқан би жоқ дейді, осы қалай? – депті. – Иә, бала, сен оны жайдақ, жадағай айта салма, дұрысы қалай еді, халықтың мақал-мәтелі, халықтың баға жетпес асыл қазынасы, екінші сөзбен айтсақ, бұл ата-бабаның аса бағалы інжу-маржан гауһар сөзі – сол ата-бабаның бізге қалдырған аманаты. Аманатқа қиянат қылудың жолы ауыр, ондай адам, шариғат жолымен айтсақ, жетінші тозаққа барады. Оны қатыма деп атайды. Ол тозақтың жамандығы соншалық, тіршілік иесі тұрмақ, қара тастың өзі де жалындап жанып, балқып кететін жер. Ал жәбір-жапасы басқа тозақтан жүз мың есе көп... Рас, нағашы атаң осал емес, – деп, Жаңғабыл қария немересінің бетіне сүйсіне қарап, сөзін жалғастыра түсіпті: – Адам не нәрсеге де салмақпен қарау керек. Төле би әр жағдайға, әр іс-қимылға, тіпті әрбір дыбысқа ой жіберіп отырады. Сен нағашы атаңның Қазығұрттың бауырында егін салып, халықты ақ нанмен асырып отырғанын талай рет естідің ғой. Ал Қазығұрт – тау атаулының ішіндегі ең қасиеттісі. Халық оны баяғыдан бері жырлап келеді, – деп, тағы да мынадай тақпақ айтыпты: – Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? Жетім бота үстінде жатып қалып, Ойсылқара жануар содан қалған. Сонда Ескелді атасына қарап: – Бүткіл тірлік-тіршілік атаулы Қазығұрттан таралыпты деп естуші едім. Сол рас екен-ау! – дейді. – Иә, балам, дұрыс айтасың. Күллі тіршілік тек қасиетті таудан бастау алған, – дейді атасы Жанғабыл.
English
The Passion of Eskeldi
When people came to him for advice, Janğabil Bi would always pour out a stream of words. Then a boy named Eskeldi, who was 11-12 years old, asked: – Grandfather, is this your own poem? The elder replied: – Oh, my child, this is a saying that has been passed down from father to son. The people are wise; if you pay attention, they have expressed everything about life and existence – its essence and condition. There is nothing more powerful than words in this world. Our wise ancestors resolved the worth of a man with just a couple of words, – he said. Then the boy asked: – Please tell me, my uncle says there is no greater bi than Tole Bi, how can that be? – Yes, my child, do not speak of it lightly; the truth is that the people's proverbs and sayings, the invaluable treasures of the people, in other words, this precious word of our ancestors is the legacy they left us. To betray a legacy is a grave sin; such a person, according to the Sharia, will go to the seventh hell. It is called Khatima. The evil of that hell is such that not only living beings but even a black stone would burn and melt there. And the suffering there is a hundred thousand times greater than in other hells... Indeed, your uncle is not weak, – and the elder Janğabil looked at his grandson with admiration and continued: – A person must weigh everything carefully. Tole Bi considers every situation, every action, even every sound. You have heard many times how your uncle cultivated crops at the foot of Qazygurt and fed the people with white bread. And Qazygurt is the most sacred of all mountains. The people have been singing about it for a long time, – and then he recited the following poem: – A ship remained at the top of Qazygurt, If it were not a saint, why would it remain? A helpless calf lay on it, The Oysylqara animal came from there. Then Eskeldi looked at his grandfather and said: – I had heard that all living beings originated from Qazygurt. So it is true! – Yes, my child, you are right. All life has indeed originated from the sacred mountain, – said his grandfather Janğabil.