Ескелдінің ер атануы

Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып, «жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда, бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала алмай көп шайқасып, ақырында қалмақ...

Kazakh
Ескелдінің ер атануы
Абылай ханның арындап тұрған кезінде Қаратал өзені бойындағы Үштөбе деген жерде қалмақпен бір қатты шайқас болып, қалмақтың аса зор Далаңқор деген батыры ортаға шығып, «жекпе-жек» деп айғай салыпты. Жұрт бөгеліңкіреп тұрғанда, бұған қарсы атойлап Ескелді жетіп барыпты. Бірін-бірі ала алмай көп шайқасып, ақырында қалмақ батырының қапысын тауып, Ескелді батыр оны атынан аударып, басын кесіп, айдарынан ұстап ханның алдына алып келіпті. Бұдан кейін Ескелдінің бастаған сарбаздары лап қойыпты. Мұны көріп қалмақтар дүрліге қашыпты. Осыдан былай Ескелді ер атаныпты.
English
The Heroic Deeds of Eskeldi
During the reign of Khan Abilai, a fierce battle took place against the Kalmyks at a place called Üshtöbe along the Karatal River, where the formidable Kalmyk warrior Dalańqor stepped forward and shouted for a "duel." While the crowd hesitated, Eskeldi rushed in to confront him. After a prolonged struggle without either side gaining the upper hand, Eskeldi found an opening, unseated the Kalmyk warrior, beheaded him, and brought his head before the Khan by the hair. After this, the soldiers led by Eskeldi charged forward. Seeing this, the Kalmyks panicked and fled. From that point on, Eskeldi became known as a hero.