Ескелдінің шарапаты

Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні 1750 жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ескелдінің аш қалған мысығы етті ұрлап жегені үшін қалмақтың бір батыры өз баласына: «меңсіз ақ мысықты алысқа апарып таста» дейді. Бала бір жерге апарып көзі байлаулы мысықты жерге тастай бергенде, ақ мысық бала мі...

Kazakh
Ескелдінің шарапаты
Қалмақпен соғысқанда көп ерлік көрсеткен Ескелдіні 1750 жылдары жоңғарлар қолға түсірген көрінеді. Сонда Ескелдінің аш қалған мысығы етті ұрлап жегені үшін қалмақтың бір батыры өз баласына: «меңсіз ақ мысықты алысқа апарып таста» дейді. Бала бір жерге апарып көзі байлаулы мысықты жерге тастай бергенде, ақ мысық бала мінген аттың қабырға қапталына жабыса кетеді. Ат мөңкіп, баланы үзеңгісіне сүйреп өлтіреді. Баланың бір аяғы жамбас буынынан жұлынып, үзеңгіде келеді. Сонда қалмақтың батыры өз бармағын өзі шайнап өкіреді және Ескелдіні қолма-қол алдына келтіріп: – Мені сенің қасиетің ұрды!.. Оны білмей баламнан айырылдым. Енді, кешір, айыбына не қалайсың?» – дейді. Ескелді: – Еліңді бастап бұл маңайдан алыс жаққа көшіп кет», – дейді. Қалмақтар бір түнде көшіп жоғалады. Қолға түсіп кеткен Ескелді аман құтылып қайтып келгенде, ауылы: – Қалай босанып келдің? – деп сұрайды. Ескелді: – Қалмақты алысқа көшіріп жіберіп келдім, – дейді. Барып байқаса, бәрі рас. Сонда ел жиылып Ескелдіге: – Сенің тұқымыңның тұқымын сыйлап өтелік, – деп уағда етісіпті.
English
The Blessing of Eskeldi
In the 1750s, it is said that Eskeldi, who showed great bravery in the war against the Kalmyks, was captured by the Dzungars. At that time, a Kalmyk warrior, because Eskeldi's starving cat stole meat, told his son: “Take that senseless white cat far away.” When the boy took the blindfolded cat to a place and was about to drop it on the ground, the white cat clung to the side of the horse the boy was riding. The horse reared up, dragging the boy by the stirrup and killing him. One of the boy's legs was torn off at the hip joint and remained in the stirrup. Then the Kalmyk warrior bit his own finger in regret and brought Eskeldi before him, saying: “Your power struck me! I lost my son unknowingly. Now, forgive me, what do you want as compensation?” Eskeldi replied: “Lead your people to move far away from this place.” The Kalmyks disappeared overnight. When the captured Eskeldi returned safely, his village asked: “How did you manage to come back?” Eskeldi said: “I sent the Kalmyks away to a distant place.” When they checked, everything was true. Then the people gathered and promised Eskeldi: “Let us honor your lineage.”