Барлауға шыққанда

Ал мына бір оқиға Төле бидің әбден қартайған шағында болған екен деседі. Қалмақтың Ақшыр деген әрі ханы, әрі батыры «Төле бидің Мәмила деген қызын берсе, қолынан, бермесе, жолынан аламын» деп ауыл маңына ақ шатырын тігіп жатып алыпты. Балпық келіп Төле бимен ақылдаспақ болған екен, «Тұра тұр, Ескелді де келіп қалар, ақ...

Kazakh
Барлауға шыққанда
Ал мына бір оқиға Төле бидің әбден қартайған шағында болған екен деседі. Қалмақтың Ақшыр деген әрі ханы, әрі батыры «Төле бидің Мәмила деген қызын берсе, қолынан, бермесе, жолынан аламын» деп ауыл маңына ақ шатырын тігіп жатып алыпты. Балпық келіп Төле бимен ақылдаспақ болған екен, «Тұра тұр, Ескелді де келіп қалар, ақылды бір-ақ қорытайық» депті. Айтқандай-ақ Ескелді де келеді. – Не істеу керек? – дегенде, Ескелді: – Соғысып қан төкпейік. Бүгін түн Балпық екеуміз оның шатырына барамыз. Ертеңгілік бір белгі болып қалар, – деп, Балпықты ертіп жолға шығады. Балпыққа аттарды ұстатып қойып Есекең әппақ көйлек-дамбалмен шатырға кіреді. Қалмақтар қарта ойнап отырса керек, қорыққандарынан қозғала алмай қалады. Есекең қолындағы қамшысының сабымен төрде отырған Ақшырдың тамағынан жүргізіп өтеді де, шығып кетеді. Сол түні Ақшырдың аузы-мұрнынан қан кетіп, зәресі ұшады. Дереу шатырды жықтырып, қайта көшеді. Жол үсті үзеңгілестеріне болғанын сұрайды ғой. Сонда Ақшыр: – Түндегі ақ киіммен келген кісінің екі жолбарысы бар екен. Соның біреуі менің аузы-мұрнымнан қан шығарды. Екіншісі сендердің көздеріңді байлап тастады. Енді жолымыз болмайды, – депті.
English
When going on an expedition
This story is said to have happened during the old age of Tole Bi. The Kalmyk Khan and warrior Akshyr set up his white tent near the village, declaring, "If Tole Bi gives me his daughter Mamilya, I will take her by hand; if not, I will take her by force." Balpyk came to consult with Tole Bi and suggested, "Wait a moment, Eskeldi will come too; let's make a wise decision together." Just as he said, Eskeldi arrived. "What should we do?" Eskeldi asked, and he replied, "Let's not spill blood by fighting. Tonight, Balpyk and I will go to his tent. Tomorrow morning, we will have a sign." So, he set off with Balpyk. After handing the horses to Balpyk, Eskeldi entered the tent wearing a white shirt and trousers. The Kalmyks were playing cards and, out of fear, were unable to move. Eskeldi ran the handle of his whip across Akshyr's throat and then exited. That night, blood flowed from Akshyr's mouth and nose, and he was terrified. He immediately took down the tent and moved again. On the way, he asked his companions what had happened. Akshyr replied, "The person who came in white clothing last night had two tigers. One of them made blood come out of my mouth and nose. The other one blinded your eyes. Now we will have no luck."