Тараған өкпе – татулықтың ишараты

Жасы жағынан Ескелді би үлкен, Балпық би кіші екен де, Дарабоз-ана олардың екеуінен де үлкен болса керек (төркіні – Күшік, түскен жері – Андастың ішіндегі Кенжеке). Бұрындар келін ата-анасының үйінен мініп келген атына ауыл балаларының бірін отырғызатын дәстүр болыпты. Дарабоз-ана келін боп түскен кезінде алдынан шыққа...

Kazakh
Тараған өкпе – татулықтың ишараты
Жасы жағынан Ескелді би үлкен, Балпық би кіші екен де, Дарабоз-ана олардың екеуінен де үлкен болса керек (төркіні – Күшік, түскен жері – Андастың ішіндегі Кенжеке). Бұрындар келін ата-анасының үйінен мініп келген атына ауыл балаларының бірін отырғызатын дәстүр болыпты. Дарабоз-ана келін боп түскен кезінде алдынан шыққан бір топ баланың ішінен өзіне ұнап кеткен Балпықты тік көтеріп алып атына мінгізген екен. Ел ішінде «болашақ әулиені, бәлкім, өзі шарапатты адам білген шығар» деген сөз бар. ...Бірде Есекең мен Бапекен өкпелесіп қапты. Мұны естіген Дарабоз-ана дереу екеуін де қонаққа шақырып, алдарына бір ыдыспен ас қойыпты (айран болса керек), екі қасық беріпті. Қасығын қолына ұстаған Бапекең асықпай астан дәм татыпты да, қасығын төңкеріп қоя салыпты. Есекең де дәм татып, қасығын алшысынан түсіріпті де, араларында дәнеңе болмағандай амандық-саулық сұрасып, әкей-үкей әңгімелесіп кетіпті. Дарабоз-ана өткенді сөз етпестен, кішісінің кішірейіп, үлкенінің үлкендік жасап, дәмін сыйлап отырғанына ризаланып, шай қамына кірісіпті. Өкпе жайында бір ауыз сөз айтылмаса да, олар солайша бір-бірінің ишарасын түсінген екен.
English
The spread of the lung – a sign of harmony
In terms of age, Eske Bi is older, while Balpyk Bi is younger, and Dарабоз-Ana is likely older than both of them (her lineage is from Kushik, and she settled in Kenje in Andas). In the past, there was a tradition where the village children would ride the horse that the bride arrived on from her parents' house. When Dарабоз-Ana became a bride, she picked up Balpyk, who caught her eye from a group of children that came out to greet her, and lifted him onto her horse. There is a saying among the people that "perhaps she recognized the future saint, or maybe she knew he was a blessed person." ...One day, Eske and Bapeken had a falling out. Upon hearing this, Dараbоз-Ana immediately invited both of them to a meal, placing a dish in front of them (it was probably yogurt) and giving them two spoons. Bapeken, holding his spoon, tasted the food slowly and then set his spoon down upside down. Eske also tasted the food, placed his spoon down flat, and they began to inquire about each other's well-being, chatting as if nothing had happened between them. Without mentioning the quarrel, Dараbоз-Ana was pleased to see the younger one being humble and the older one showing respect, and she began to prepare tea. Although not a word was said about the grievance, they understood each other's gestures in that way.