Соңғы жекпе-жек

Орта жүз қазақтары жоңғар шапқыншылығынан біржола құтылып, жерлері жаудан тазарған кезде, Абылай, Төле би бастаған қазақтың жақсы мен жайсаңдары қалмақ хандығының тағына өздері ұнататын және қазақ халқына іш тартатын Әмірсана деген ноянды отырғызбаққа күш салып көріпті. Осы әрекеттердің ішіне Ескелді батыр да қатысып,...

Kazakh
Соңғы жекпе-жек
Орта жүз қазақтары жоңғар шапқыншылығынан біржола құтылып, жерлері жаудан тазарған кезде, Абылай, Төле би бастаған қазақтың жақсы мен жайсаңдары қалмақ хандығының тағына өздері ұнататын және қазақ халқына іш тартатын Әмірсана деген ноянды отырғызбаққа күш салып көріпті. Осы әрекеттердің ішіне Ескелді батыр да қатысып, неше дүркін қалмақ еліне барып қайтып жүріпті. Бұл кезде Ұлы жүз, оның ішіндегі жалайырлардың жазғы жайылым-жайлаулары жаудан толық тазартыла қоймаған екен. Жоңғар қақпасына таянғанда Ескелді ханнан рұқсат сұрап, биік таулар Сартөр, Сарыжазық, Төлектің төрі атты жайлаулар арқылы алды Іле, арты Шу бойында жатқан еліне қарай бет түзейді. Шағын қолмен талай қиындықтарды көріп, Қызылауыз деген жерге жеткенде, сол арадан бір көш бойы жердегі теріскейді алып жатқан еңселі тау мен ағынды өзеннің басында қалмақтардың жарты мыңдай қолының жасырынып жатқанын естиді. Оларды көрген Ескелділерден бөлініп, аң аулай шыққан Тәттібай мерген екен. Алдымен елші салып көрсе, қалмақ қолын бастаған Шажа деген ноян болып шығыпты. Ескелді өзінің екі жүзге тарта шағын қолын төбе-төбелердің басына таратып, «арт жағымызда қалың әскер» деген үрей тудырыпты. Үлкен түменнен бөлініп қалған қалмақтар қазақтардан аман кетудің бірден-бір жолы жекпе-жек деп ұйғарса керек. Олар басына бұқаның мүйізін байлаған Шажа батырды шығарыпты. Ескелді батыр шойын шоқпарын сонда бірінші рет жұмсап, Шажаны бір сілтегеннен-ақ жан тәсілім еткізіпті дейді. Батырлары өлген соң, басқалары аттарынан түсіп, тізе бүгіпті. Жеңілген мен жығылғандарды жұдырықтамау ол кездің қатаң ғұрпы екен. Есекең ешбір қалмаққа зәбір көрсетпестен, еліне қайтарып тұрып: – Батырларың сендер үшін мерт болды. Соғыс даласында қаза болған мұндай жандарды қазақтар шейіт дейді. Мәйітін арқалап тегі кете алмайсыңдар, одан да ақ жауып, арулап осы араға жерлеңдер. Біз мына тау мен өзенді осы батырларыңның есімімен Шажа деп атайық депті, – дейді жарықтық.
English
The Last Duel
When the Middle Juz Kazakhs finally freed themselves from the Dzungar invasion and cleared their lands of the enemy, Abilai and the prominent figures of the Kazakh people, led by Tole Bi, made efforts to place a nobleman named Amir Sana, whom they favored and who had an affinity for the Kazakh people, on the throne of the Kalmyk Khanate. Among these efforts was the participation of the hero Eskeldi, who repeatedly traveled to the Kalmyk lands. At that time, the Great Juz, particularly the summer pastures of the Zhalayirs, had not yet been completely cleared of the enemy. As they approached the Dzungar Gate, Eskeldi sought permission from the Khan and headed towards his people, located along the Ili River and the Shu River, through the high pastures of Sartor, Saryzhayyk, and Tolektin Tori. With a small force, they faced many difficulties, and when they reached a place called Kyzylauyz, they heard that about five hundred Kalmyks were hiding at the foot of a tall mountain and at the source of a flowing river. The one who had separated from the Eskeldi group to hunt was a marksman named Tattibai. First, they sent a messenger, and it turned out that the Kalmyk force was led by a nobleman named Shaja. Eskeldi spread his small force of nearly two hundred across the hilltops, creating fear by suggesting, "We have a large army behind us." The Kalmyks, who had separated from the main detachment, decided that the only way to escape from the Kazakhs was through single combat. They sent out Shaja, who had a bull's horn tied to his head. Eskeldi used his iron mace for the first time there, and with one strike, he reportedly brought Shaja to his end. After their heroes were killed, the others dismounted and surrendered. It was a strict custom of that time not to strike the defeated and fallen. Without inflicting harm on any Kalmyk, Eskeldi sent them back to their land, saying: "Your heroes died for you. Those who perish in the battlefield are called martyrs by the Kazakhs. You cannot carry away their bodies; instead, cover them with a white cloth and bury them here with honor. Let us name this mountain and river after your hero, Shaja," he said.