Атаның ақтық сөзі

Әулие баба күз түсіп, жапырақтар сарғая бастаған шақта өзінің ежелгі, ескі мекені – қырық жыл қызығын көрген Қызылтас маңындағы Қалпақтас қойнауында (кейініректе Ереншінің сайы аталған тұста) Алланың аманатын беріп, дүние салыпты. Ол былай болса керек. Жылқысын түгендеп, Кемерашыдан жоғары Сардоңғал асып, Текеліге қара...

Kazakh
Атаның ақтық сөзі
Әулие баба күз түсіп, жапырақтар сарғая бастаған шақта өзінің ежелгі, ескі мекені – қырық жыл қызығын көрген Қызылтас маңындағы Қалпақтас қойнауында (кейініректе Ереншінің сайы аталған тұста) Алланың аманатын беріп, дүние салыпты. Ол былай болса керек. Жылқысын түгендеп, Кемерашыдан жоғары Сардоңғал асып, Текеліге қарай бет түзеген шағында, кіші анамыздың үйінде отырып: – Болды, қайталық. Дәуренім өтті, талқаным таусылуға таялды, – дейді. Жиылған жұрт бұған сенер-сенбестерін білмей, аң-таң болысады. Назарлары би атаның өзінде. Ажары айдай, ауырып-сырқамаған жанның бұл сөзіне қайран қалысады. Сол сәтте Есекеңнің өзі: – Байқап тұрмын, батырып айтпасам, барлығыңның нанатын түрлерің жоқ. Әлемде ақыл-естен сезімтал ештеңе жоқ. Ес жоғалмаса, ел болады, ұрпақ өседі. Сондықтан өз жандарыңды өздерің қастерлеп, қадірлеп, тыңдай білсеңдер, жаман болмайсыңдар. Менің нұрым ұрпағымның жүзінде жүретін тәрізді. Соған қуанып отырмын. Ұлы тәубәм де – сол. Сендер, көп қарайламаңдар, үлкен үйге хабаршы жіберіңдер. Мен барып жеткенше, түгел жиылсын, бақұлдасып кетейін, – дейді. Бұдан соң атына мініп, сол маңдағы ең биік төбеге шығып: – Елімнің құты, ерлерімнің панасы: Сардоңғал, Сарноқай, Қора, Шажа, Сандықтас, Сартөр, Ұлы Алатау, қош, қош болыңдар бәрің де, қош! – деп үш мәрте дауыстайды да, батысқа – Қызылтасқа қарай атының басын бұрады. Жеткен хабаршыдан құлақдар болған ел екі кештің арасында күтіп отырыпты. Дастарқан басына бата жасап болып: – Бұған да шүкіршілік, қош болыңдар, халайық... Менің жаназамды шығарып болған соң, сүйегімді ақ атанға артыңдар да, басын бос жіберіңдер. Ол қай жерге барып шөксе, сол жерге жерлеңдер. Бар аманатым осы! – депті де, ұясына қона берген күнмен бірге нұрланып жатып, ұлы баба көз жұмыпты. Артындағы ұрпағы ата аманатын мүлтіксіз орындап, ақ атанға артылған мәйітінің артынан еріпті. Ол қазіргі Қызылжар қабағына барып шөккен екен. Сол жерде қазір қасиетті бабаның бесінші ұрпағы жаңартып салған бесінші ескерткіш-кешен алыстан көрінеді.
English
The last words of the grandfather
Saint Baba, as autumn arrived and the leaves began to turn yellow, passed away in his ancient, old home – in the valley of Kalpaktas near Kyzyltas, where he had enjoyed life for forty years (later known as Eren's site) after delivering God's trust. It is said that this happened as follows. While counting his horses and crossing Sardongal above Kemirashi, heading towards Tekeli, he sat in the house of our younger mother and said: – That's enough, let's go back. My time has passed, my strength is about to run out. The gathered people were astonished, unsure whether to believe him. Their attention was on Bi Ata himself. They were amazed by the words of a person whose beauty was like the moon and who had not been ill. At that moment, Eseke himself said: – I see that unless I speak plainly, none of you seem to believe. There is nothing more sensitive than reason in this world. If reason does not fade, the nation will survive, and the offspring will grow. Therefore, if you honor and cherish your own souls and know how to listen, you will not be in trouble. My light seems to walk on the faces of my descendants. I am glad for that. My great repentance is that. Do not linger too long, send a messenger to the big house. Until I arrive, let everyone gather completely, so I can say goodbye, – he said. After this, he mounted his horse and rode up to the highest hill nearby: – The blessing of my people, the refuge of my heroes: Sardongal, Sarnokai, Kora, Shazha, Sandyktas, Sartor, the Great Alatau, farewell, farewell to all of you, farewell! – he shouted three times and turned his horse towards the west – towards Kyzyltas. The people, informed by the arriving messenger, had been waiting between two evenings. After finishing the prayer at the table, he said: – Thank you for this, farewell, folks... After my funeral, place my body on the white horse and let its head go free. Wherever it kneels, bury me there. This is all my trust! – and with the sun setting, he passed away, glowing. His descendants faithfully fulfilled the trust of their ancestor and followed the body placed on the white horse. It is said that it knelt at the current Kyzylzhar ridge. There, a fifth memorial complex, renewed by the fifth generation of the holy ancestor, can be seen from afar.