Ақынның үйленуі хақында

Қабан ақын үйленбек болып, наймандағы бір адамның қызына құдалық жіберсе, ол: «қызымның теңі емес, аяғы ақсақ, өзі саяқ сағал екен, бермеймін» деген теріс жауап қайырыпты. Бұдан соң ақ түйесіне мініп, ақынның өзі аттанады. Естіген жауабы тағы сол баяғы сөз болып шығады. Сонда ақын: – Маған бересіздер, мына қыздарыңызды...

Kazakh
Ақынның үйленуі хақында
Қабан ақын үйленбек болып, наймандағы бір адамның қызына құдалық жіберсе, ол: «қызымның теңі емес, аяғы ақсақ, өзі саяқ сағал екен, бермеймін» деген теріс жауап қайырыпты. Бұдан соң ақ түйесіне мініп, ақынның өзі аттанады. Естіген жауабы тағы сол баяғы сөз болып шығады. Сонда ақын: – Маған бересіздер, мына қыздарыңыздың оң иығының үстінде бармақ басындай қалы бар. Оны маған Алланың өзі аян ғып тұр, – дейді. Айтылған белгіні әкесі білмейді екен. Бәйбішесінен сұраса, рас. «Ә, мына кісі әулие екен, қарсыласып болмас», – деп, қыздарын ұзатыпты. Сол қыздан туған балалар: Сүлеймен, Оспан, Әбдіманап, Ысқақ және Қоянкөз дейді қарт шежірешілер. Бәрі де шарапат шалған жарамды жандар болып өсіпті.
English
About the Poet's Marriage
The poet Qaban, intending to marry, sent a proposal to the daughter of a man from the Naiman tribe, but he received a negative response: "She is not of equal status, her leg is lame, and she is a wandering beggar; I will not give her to you." After this, he mounted his white horse and set off himself. The answer he received was the same old words. Then the poet said: – "You will give her to me; your daughter's right shoulder has a birthmark the size of a thumb. God Himself has revealed this to me," he said. The father did not know the sign. When he asked his first wife, she confirmed it. "Ah, this man is a saint; it would be futile to oppose him," and so he married off his daughter. The children born from that girl were: Suleiman, Ospan, Abdimanap, Iskak, and Koyankoz, as the old genealogists say. All of them grew up to be worthy and blessed individuals.