Жәнібектің Тіленшіге батасы

Қазіргі Арқалық, Едірей тауларының өңірі керей руының ата қонысы болған деседі. Кейіннен бұл жерлерге ақтабан-шұбырындының кезінде Қаратау жақтан келген арғын мейрам сопының, оның ішінде қаракесек Қазыбек бидің балалары тұрақтайды. Қаракесек балалары аз ата керейлерге қыр көрсетіп, көптік жасай бастаған соң, ел иесі Жә...

Kazakh
Жәнібектің Тіленшіге батасы
Қазіргі Арқалық, Едірей тауларының өңірі керей руының ата қонысы болған деседі. Кейіннен бұл жерлерге ақтабан-шұбырындының кезінде Қаратау жақтан келген арғын мейрам сопының, оның ішінде қаракесек Қазыбек бидің балалары тұрақтайды. Қаракесек балалары аз ата керейлерге қыр көрсетіп, көптік жасай бастаған соң, ел иесі Жәнібек батыр: «Үстімізге іргелі ел, жуан атаның балалары келіп қалды. Мен тірі тұрғанда ештеме жасай қоймағанымен, күні ертең ажал жетіп, олай-бұлай болып кетсем, бұл жерді керейге қоныс ете қоймас», – деп ойлады да, жер шолып, бірақ әрекет, ізденіс жасағаннан кейін қоныс аударады. Жаңа қонысқа елін жайғастырып болған соң, керейдің басты адамдарын қасына ертіп, бұрын-соңды адасқан, ауысқан малдарын қайтарып алу үшін Жәнібек батыр Қаракесек еліне келеді. Қаракесектер қаймықса да, сыйласа да, әйтеуір батырдың алдынан көлденең шықпайды, қарсы келмейді. Жәнібек болса үй тіккізіп, сойыс сойғызып, өз алдына беймарал жата береді. Сәлем бере келген адамдармен шешіле сөйлесе де қоймайды. Өзінің дегені болмаса, әйгілі «бітім жоқ» деген шешімін бір-ақ айтады да, дегенін істетеді. Сөйтіп, осылайша қаракесектер тоқыраңқырап тұрған кезде Қаз дауысты Қазыбек бидің немересі Тіленші келеді. Жәнібек Тіленшінің сәлемін алмақ түгілі, көз қырын да салмайды. Басында жастық, астында көпшік, қисайып, қырын қараған қалпында жата береді. Сонда Тіленші тамаған бір кернеп алып: – Апыр-ай! «Тәкәппардың тәубасы қабыл болмайды, кеудесі көрге сыймайды» деуші еді, Мейрамның аталы төрт баласының бірінен шықсаң, бүйтпес едің. Біріміздің күңнен, екіншіміздің құлдан туғанымыз-ау, тым болмаса дұрыстап сәлемдесе алмағандығымыз, – депті. Ақырындап келіп бір бүйірден оңдырмай атқан мыналары кім? – деген Жәнібек басын жастықтан жұлып алып, әрі қарай былай деген екен: – Қаракесектің ері туған екен, Елі белін бекем буған екен. Ел шетіне жау келсе, Мінеки, шабар тайы туған екен. Ерлі тай құнан болады, Ерсіз тай тулақ болады. Кел, қасыма отыр! Жәнібек осылай депті де, Тіленшіні қасына отырғызыпты. Содан былай қарай Тіленші биді елі де сыйлайтын болыпты. Сол күннен бастап ол ел арасында құрметке бөлене беріпті.
English
The blessing of Zhanibek to Tilenchi
The current Arkalyk region, near the Edirey mountains, is said to have been the ancestral home of the Kerei tribe. Later, during the time of the Akhtaban-Shubirindi, the Argin, who came from the Karatau region, settled here, including the children of the Karakesek Kazibek bi. When the children of Karakesek began to show off and act arrogantly towards the few Kerei, the landowner Zhanibek batyr thought: "A strong people, the children of Zhan Ata, have come upon us. While I am alive, they may not do anything, but if death comes tomorrow and I am gone, they will not make this land a home for the Kerei," and after surveying the land and taking action, he relocates. After settling his people in the new place, Zhanibek batyr, accompanied by the main figures of the Kerei, goes to the Karakesek people to retrieve the lost and strayed livestock. Although the Karakeseks were apprehensive and respectful, they did not confront the batyr. Zhanibek, meanwhile, had tents set up and sacrifices made, lying peacefully on his own. He spoke freely with those who came to greet him but did not engage further. Unless it was his own will, he would simply declare his famous "there is no compromise" and make them do as he wished. Thus, while the Karakeseks were in a state of stagnation, Tilenchi, the grandson of Kaz Dausty Kazibek bi, arrived. Zhanibek did not even glance at Tilenchi, let alone acknowledge his greeting. He lay back with a pillow under his head and a cushion beneath him, looking sideways. Then Tilenchi, taking a deep breath, said: "Wow! They say 'the proud one's repentance is not accepted, their chest cannot fit in the grave.' If you were one of the four sons of Meyram, you wouldn't behave this way. One of us is born of a servant, the other of a slave, and yet we cannot even greet properly." Finally, Zhanibek, pulling his head from the pillow, responded: "The Karakesek's man has been born, His people have tied their belts tightly. If an enemy comes to the edge of the land, Look, a swift horse has been born. A brave horse becomes a stallion, A horse without a brave rider becomes a mere foal. Come, sit beside me!" Thus, Zhanibek said and seated Tilenchi beside him. From that day on, Tilenchi was respected among his people. Since that day, he continued to be honored in the community.