Дәулетбай батыр

Ел аузындағы аңыз-әңгімеге қарағанда, Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткірді жанарды адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі бі...

Kazakh
Дәулетбай батыр
Ел аузындағы аңыз-әңгімеге қарағанда, Дәулетбай батыр қапсағай денелі, ақ сұр жүзді, тік иық, өткірді жанарды адам болған. Қалмақтың Долаңқара бастаған елу-алпыс адамы Сауырдағы Меркіт елінің көп жылқысын барымталап, оларды Қабанбай мен Дәулетбай бастаған 40 жігіт Ертістен өте қуып жетеді. Сол жерде Долаңқараның өзі білегін сыбанып тастап атып шығады да, Қабанбайды жекпе-жекке шақырады. Қалқанының быт-шытын шығарып, қалмақ батырын әп-сәтте жайратып салған қазақ қолбасына енді «Долаңқараның кегін аламын» деп атан өгіздей Түркеш батыр елеуреп тұра ұмтылады. Жағдайды аңдып тұрған інісі Дәулетбай қайратын жиып алып, тортөбелге қамшы басып, ойнақтап топ ортасына шыға келеді. Жекпе-жекте Түркешті найзасымен шаншып өлтіреді. Дәулетбай батыр сексен күнге созылған Шорға соғысына да, Маңырақ маңындағы ұрысқа да белсене қатысып, жау ортасын қақ жарып, арттағы әскерге жол ашып отырды.
English
Dauletbay Batyr
According to the legend passed down through the people, the hero Dauletbay was a man of large stature, with a pale gray complexion, broad shoulders, and sharp eyes. A group of fifty to sixty men led by the Kalmyk Dolankara raided the herds of the Merkit people in Sauyr, and they were pursued across the Irtysh River by forty young men led by Qabanbay and Dauletbay. There, Dolankara himself rolled up his sleeves and challenged Qabanbay to a duel. After shattering his shield, the Kazakh commander quickly defeated the Kalmyk hero, and now the Turkesh hero, determined to take revenge for Dolankara, charged forward like a raging bull. Observing the situation, his brother Dauletbay gathered his strength, spurred his horse, and leaped into the midst of the crowd. In the duel, he speared Turkesh to death with his lance. Dauletbay actively participated in the Shorga battle, which lasted eighty days, as well as in the fight near Mangyraq, cutting through the enemy ranks and opening a path for the troops behind.