Әжібайдың қалмақ досы

Әжібай батыр сарбаздарымен қалмақтарды ысырып тастап келе жатса, алдынан өгіз мінген қалмақ шығады. – Қол бастаған Қора деген батырың қайда? – деп сұрайды Әжібай. Анау айтпай жалтарады. Әжібай: – Айтпасаң басыңды аламын, – деп қылышын суырғанда жанынан қорыққан өгіз мінген қалмақ тұра қашады. Қазақтар тұра қуады. Қалма...

Kazakh
Әжібайдың қалмақ досы
Әжібай батыр сарбаздарымен қалмақтарды ысырып тастап келе жатса, алдынан өгіз мінген қалмақ шығады. – Қол бастаған Қора деген батырың қайда? – деп сұрайды Әжібай. Анау айтпай жалтарады. Әжібай: – Айтпасаң басыңды аламын, – деп қылышын суырғанда жанынан қорыққан өгіз мінген қалмақ тұра қашады. Қазақтар тұра қуады. Қалмақ ат жүре алмайтын бұралаң жолмен қашып отырып аулына бұрын барады. Барады да, Қора батырға хабар береді. Қалмақтар шалмаларын дайындап, Әжібайлардың жолын күтеді. Қалмақтардың жол тосқан кілең шалмашылары келген қазақтарды аттан аунатып тастап, шетінен түйрей бастайды. Әжібайдың мойнына шалма ілінбей, қылыш көтерген қолын буып, қарсыласуға шамасын келтірмей найзамен түйреп-түйреп құлатып кетеді. «Қазақтарды жеңдік» деп қалмақтар аулына қайтады. Қол бастаған Қора батыр: «Осылардың арасында Әжібай досым жоқ па екен?» – деп қайта айналып, сұлап жатқандардың тұсына келеді. – Әжібай, Әжібай, – деп дыбыстайды. Ыңырсып жатқан Әжібай: – Оу, – деп белгі береді. Қора батыр Әжібайды көтеріп үйіне әкеледі де, семіз тай сойып, терісіне салады. Денесіндегі жарақаттарды емдейді. Үй астынан ұра қазып, сонда көктемге дейін жасырын ұстайды. Қалмақтар көктеуге, күнгейге көшетін кез болғанда, Қора Әжібайды еліне қайтарудың амалын ойластырады. Жылқысындағы тұлпар текті көк биесін ұстап, Әжібайды мінгізіп жолға салады.
English
Ajibai's Kalmyk Friend
As Ajibai the hero was pushing the Kalmyks back with his soldiers, a Kalmyk on an ox appeared in front of him. – Where is your commander Kora? – Ajibai asked. The other one hesitated without answering. Ajibai: – If you don't tell me, I'll take your head, – he said, drawing his sword, and the frightened Kalmyk on the ox fled. The Kazakhs immediately chased after him. The Kalmyk, escaping along a winding path where the horse could not run, reached his village first. He went and informed Kora the hero. The Kalmyks prepared their lassos and waited for Ajibai's group. The Kalmyks, waiting with their lassos, threw the arriving Kazakhs off their horses and began to stab them one by one. Ajibai was not caught in the lasso, but his sword-wielding hand was bound, and he was repeatedly stabbed with spears until he fell. The Kalmyks returned to their village, claiming, "We have defeated the Kazakhs." The commander Kora the hero thought, "Is my friend Ajibai among them?" and turned back, coming to where the fallen were lying. – Ajibai, Ajibai, – he called out. Ajibai, who was groaning, responded: – Oh, – giving a signal. Kora the hero lifted Ajibai and brought him to his home, slaughtered a fat foal, and wrapped him in its skin. He treated the wounds on his body. Digging a pit under the house, he kept him hidden there until spring. When it was time for the Kalmyks to move to the highlands, Kora devised a plan to send Ajibai back to his people. He caught a blue mare of noble lineage from his herd and set Ajibai on it, sending him on his way.