Back to corpus

Сүлеймен патша мен байғыз

Сүлеймен патша бір қатынын мейлінше жақсы көріп, соның не айтқанын орындайды екен. Бір күні сол қатыны Сүлейменге айтыпты: «Дүниедегі тамам құстардың сүйегінен сарай салып бер», – деп. Сонда патша қаршығаны шақырып алып, тамам құстарды жиюға бұйырыпты. Сонда қаршыға бұйрықты орнына келтіріп, құстарды тегіс жинағанда, б...

ATU 983СУС. ATU АА981І
Kazakh
Сүлеймен патша мен байғыз
Сүлеймен патша бір қатынын мейлінше жақсы көріп, соның не айтқанын орындайды екен. Бір күні сол қатыны Сүлейменге айтыпты: «Дүниедегі тамам құстардың сүйегінен сарай салып бер», – деп. Сонда патша қаршығаны шақырып алып, тамам құстарды жиюға бұйырыпты. Сонда қаршыға бұйрықты орнына келтіріп, құстарды тегіс жинағанда, бір-ақ кіп-кішкене құс – байғыз келмей қалыпты. Сонда патша қаһарланып, қаршығаны қайтадан жіберіпті: «Байғызды я тірі, я өлі алып кел!» – деп Қаршыға барып мәнісін айтқанда, байғыз жауап беріпті: «Мені патша неге шақырады, мендей кішкенені, мен неге керекпін, бірақ мен кішкене болсам да, ақылым көп», – депті. Сонда қаршыға айтыпты: «Әгер бармасаң, өлтірсем де алып кетемін», – депті. Сонан соң байғыз, амал таба алмай, келіпті. Сонда Сүлеймен патша ашуланып: «Әуелі шақырғанда неге келмедің?» – депті. Байғыз: «Үйде отырып ой ойладым», – депті. «Сен сондай кішкене құссың, не ойладың? – деп жауап сұрағанда, байғыз айтыпты: «Я, падшаһи, дүниеде өлі көп пе, тірі көп пе деп санап едім», – депті. Патша: «Қандай болып шықты?» – депті. Байғыз: «Қанша санасам да өлінің бірі артық болды», – депті. Патша: «Олай емес, маған тірі көп көрінеді», – депті. Сонда байғыз айтыпты: «Мен хисаптағанда ұйықтағандарды да өлі деп санадым, ояу жүріп құдайға құлшылық қылмағандарды ұйықтаушы деп білемін, сол себептен өлі көп шықты», – депті. Патша: – Мұндай қулықпен құтылмайсың, мұны сенсіз де кітаптан білемін. Әгерде сен бірдемемен өзіңді ақтамасаң, қаршығаға жегіземін, – депті қаһарланып. – Дат, патшам, мен тағы да қисап қылып едім, дүниеде еркек көп пе, ұрғашы көп пе деп, ұрғашының біреуі артық шықты, – депті. Патша: – Не айтып тұрсың, еркектің көптігін әркім біледі, не санадың? – депті. – Дат, патша, мен хисаптағанда ұрғашының тілін алып, қыл дегенін қылған еркекті ұрғашы деп санадым, сол үшін ұрғашының бірі артық болды, – деді. Сонда тақ Сүлеймен ойланып отырып айтты дейді: «Сен рас айтасың, байғыз, мен сенің ойыңды білдім, мен қатынымның тілін алып, жазасыз сіздердің сүйектеріңнен сарай салып беруге ойлап едім», – деп. Патша қаршығаға бұйрық қылыпты: «Құстарды босатып қоя бер, һәм оларға айт, байғызға алғыс айтсын, құтқарғаны үшін», – депті.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.