Берден батыр

Жолбарыс, шошқа және басқа жыртқыш аңдар жаңа қонған ауылдың мал-жанына шаба беріпті. Қалың жұрт жолбарыстарды Үшарал жерінен Шу бойына қуып тастау үшін қамысты өртеуге кіріседі. Бір күні Алтаңатар ауылының Берден деген батыр жігіті қамыс ішінде ұйықтап жатқан жолбарысқа тап боп қалады. Қашып құтыла алмайтынына көзі же...

Kazakh
Берден батыр
Жолбарыс, шошқа және басқа жыртқыш аңдар жаңа қонған ауылдың мал-жанына шаба беріпті. Қалың жұрт жолбарыстарды Үшарал жерінен Шу бойына қуып тастау үшін қамысты өртеуге кіріседі. Бір күні Алтаңатар ауылының Берден деген батыр жігіті қамыс ішінде ұйықтап жатқан жолбарысқа тап боп қалады. Қашып құтыла алмайтынына көзі жеткен ол жыртқышты тарпа бас салады да, тізерлеп басып алқымынан алады. Балғадай берік қол оның мойнын құрсаудай қатты қысқаны сонша, жыртқыш аң аяқ серпе алмай өліп кетеді. Осы кезде қамыс өртеп жүргендер Берденнің мұнысын көріп қалады. – Тәңірім-ау, мысық па десем, мынау жолбарыс па еді? – депті сонда Берден таңырқаған болып. Сол оқиға болған жер қазір «Берден батыр шабындығы» деп аталады.
English
Berdan the Hero
The tiger, pig, and other predatory animals continued to attack the livestock of the newly settled village. The local people began to burn the reeds to drive the tigers from the Usharal region to the Shu River. One day, a brave young man named Berden from the Altanatar village stumbled upon a tiger sleeping in the reeds. Realizing he couldn't escape, he pounced on the predator and, kneeling, seized it by the throat. His strong grip was so tight around the tiger's neck that the beast couldn't move and died. At that moment, those who were burning the reeds saw what Berden had done. - "Oh my God, I thought it was a cat, but is this a tiger?" Berden exclaimed in astonishment. The place where this incident occurred is now called "Berden Batyr's Clearing."