Томаш батыр туралы

Орта жүз қырғыздары (қазақтары) қара қырғыздарды шабады. Қырғыздар мұны біліп қойып, соғысқа дайын отырады. Қайсақтар (қазақтар) қашады, жау оларды Ілеге дейін қуып келеді. Қазақтар өзенді жалдап өтеді. Қырғыз Теміржан батыр шайқастың қызығына беріліп, аз әскерімен Іленің арғы бетіндегі қырғыз жеріне өтіп кетеді. Сонда...

Kazakh
Томаш батыр туралы
Орта жүз қырғыздары (қазақтары) қара қырғыздарды шабады. Қырғыздар мұны біліп қойып, соғысқа дайын отырады. Қайсақтар (қазақтар) қашады, жау оларды Ілеге дейін қуып келеді. Қазақтар өзенді жалдап өтеді. Қырғыз Теміржан батыр шайқастың қызығына беріліп, аз әскерімен Іленің арғы бетіндегі қырғыз жеріне өтіп кетеді. Сонда Қанжығалы Томаш батыр манаптың шағын әскермен шығандап кеткенін байқап кері бұрылып, найзасын бар күшімен аттың кеудесіне қадағанда, ат шоқиып отырып қалады. Манап тез аттан түсіп, Сіргелі Жаулыбай батырға ұмтылады. Қанжығалы Есет досына төнген қауіпті көріп, найзасын сілтейді, манап жерге құлайды. Томаш батыр аласа бойлы, бірақ үлкен жүректі адам болған. Ол аққуды ілген сұңқар тәрізді манаптың үстіне мініп қарнын жарады. Батырдың жалаңаш ақ тәні ақ сазандай далада қала берді (Манап деп қара қырғыздардың ру басын атайды). Теміржан денелі және көрікті аққұба жігіт болған. Қырғыздар манаптарының өлімін көріп, қатты өшігіп, қуғын салады. Аттан түсіп атпақ болған Сіргелі Жаулыбай батыр, артынан қырғыз (қазақ) Үсен батыр мен Алтай, Байғозы батырлар тұтқынға алынады. Жеребе тастап, Байғозы батыр манаптың өлімі үшін құрбандыққа шалынатын болады. Одан «батырды кім өлтірді» деп сұрағанда, «ешкімді айтпаймын» деп жауап берген. Оны жүзін шығысқа қаратып отырғызып, қырық қадам санап, ұзын мылтықты қара қырғыз қаруын жайлап кезенеді. Байғозы кейіннен: «Басымды мықтап таңып, мылтықтың атылуын күтіп отырдым, қасыма қаза болған қырғыздың бауыры келгенін байқамай қалдым. Ол маған: «Менің ағам шейіт болды, мен қан төккім келмейді, сен, қазақ, боссың!» – деді. Мен орнымнан тұра алмадым, қаным тоқтап, өн бойымды тер басып кетті», – деп баяндайды. Ол Абылайдың тұтқынындағы Теміржанның бір бауырына айырбасталады. Ал Жаулыбай «құн төлеймін» деген уәдемен босайды. Оған тұтқындағы қырғыз Үсен кепіл болады. Ол қой бағып жүріп, сәті түскенде қашып кетеді.
English
About the hero Tomash
The Middle Juz Kyrgyz (Kazakhs) attack the Black Kyrgyz. The Kyrgyz, aware of this, remain ready for battle. The Kaysaks (Kazakhs) flee, and the enemy pursues them all the way to the Ili River. The Kazakhs hire a ferry to cross the river. Kyrgyz Temirzhan, caught up in the heat of battle, crosses over to the Kyrgyz land on the other side of the Ili with his small army. At that moment, Kanjyghaly Tomash, noticing that the khan has retreated with his small force, turns back and thrusts his spear with all his might into the horse's chest, causing the horse to rear up. The khan quickly dismounts and rushes towards Sirgeli Zhaulybai. Kanjyghaly Esset, seeing the danger to his friend, swings his spear, and the khan falls to the ground. Tomash is of short stature but has a big heart. Like a falcon that has caught a swan, he mounts the khan and pierces his belly. The hero's bare white body remains in the field like white clay (The term "khan" refers to the leader of the Black Kyrgyz). Temirzhan was a strong and handsome light-haired young man. Seeing the death of their khan, the Kyrgyz become furious and pursue them. Sirgeli Zhaulybai, who was about to shoot after dismounting, is captured along with the Kyrgyz (Kazakhs) Usen and Altai, and Baigozy heroes. Drawing lots, Baigozy is chosen to be sacrificed for the death of the khan. When asked, "Who killed the hero?" he replied, "I will not name anyone." They sit him facing east, counting forty steps, and the long rifle of the Black Kyrgyz is slowly aimed at him. Later, Baigozy recounts: "I tightly bound my head and waited for the gun to fire, not noticing that the brother of the deceased Kyrgyz had come to me. He said to me, 'My brother has been martyred, I do not wish to shed blood, you, Kazakh, are free!' I could not stand up, my blood stopped, and my whole body was covered in sweat." He is exchanged for one of Temirzhan's brothers, who is a prisoner of Abilay. Zhaulybai is released with the promise of paying a ransom. The captive Kyrgyz Usen acts as a guarantor for him. While tending to sheep, he seizes the opportunity and escapes.