Әйгілі Баян батыр туралы

Қашқан торғауыттарды қудалау «Тылдағы жорық» деген атпен белгілі. Бұл жорықта халық сансыз көп болды, басқа батырлардың наразылығына қарамастан, хан тұрған орнынан қозғалмай, батыр Баянды күтті. Ақыры ол бес жүз қырық жасағымен келді де, ханның алдына тұрды: – Қайда? Не бұйырасың? Барлығын орындаймын. Хан халыққа бұрыл...

Kazakh
Әйгілі Баян батыр туралы
Қашқан торғауыттарды қудалау «Тылдағы жорық» деген атпен белгілі. Бұл жорықта халық сансыз көп болды, басқа батырлардың наразылығына қарамастан, хан тұрған орнынан қозғалмай, батыр Баянды күтті. Ақыры ол бес жүз қырық жасағымен келді де, ханның алдына тұрды: – Қайда? Не бұйырасың? Барлығын орындаймын. Хан халыққа бұрылып былай деді: – Міне, менің Баянды күткен себебім осы. Дәл осы уақытта бір күндік жерде бес жүз жасағымен қарауылда тұрған Қанжығалы Жантай батыр қалмақтардың қолынан қаза табады. Бұл оқиға былай болған: Жантайдың бауыры Үйсінбай жер шолып жүріп қалмақтардан үш түйе алады, қайтып оралғанда, інісі Арқандар батыр сауға сұрайды. Үйсінбай батыр оған: «Қалмақтарда түйе көп, қажет болса қолың бар, ауруың жоқ, өзің барып ал!» – дейді. Бұл ауыр сөздерге қатты намыстанған Арқандар батыр ағасына өзінің ержүректігін дәлелдеу үшін жеті жолдасын, атақты Қонайды (Қоянкөздің ұлы) ертіп, қалмақтарды шауып, тоғыз түйе олжалайды. Арқандар батыр жеті жолдасына түйелерді айдатып жіберіп, өзі қуғыншылардың жолын торып тоқтатып, болмаса басқа жаққа алдап әкетпекші болып, артта қалады. Алғашында жолдастары оның өкшелей келген жауды алдап әкеткенін көреді, сосын ол қоршауда қалғандай болады. Тауға шығып жан-жақтан қоршаған жаудың ортасында қаза тапқан Арқандар жатқанын анық көреді. Жантай батыр өзінің сүйікті бауырының өлімін естігенде, «не өлемін, не сендердің қандарыңды ішемін!» деп ант берген. Аттарды алғызып, бес жүз адамнан құрылған жасақты ертіп қалмақтардың қолына араласады, олар он мың болады. Өлімге бас тіккен қырғыздар (қазақтар) кескілескен ұрыс жүргізді. Қарны жарылған Үйсінбай ішек қарнын киімінің етегіне салып жүріп шайқасып, «Жантай батыр, айтшы, жарылған қарынмен өмір сүруге бола ма?» – деп сұрапты. Барлығы қаза тауып, Жантай мен сегіз адам және ұлы Тоқыш қалады. Жантай аттан түсіп, тізгінін ұлына береді де: «Үйге қайт, сен аман қалмасаң, мен үшін кек алатын адам болмайды», – деп жан тапсырады. Абылай Жантайдың қазасын естігенде: «Қайрауға көнбеген қара болатым-ай!» деп жылаған. Барлық әскер Ілеге шоғырланып, қалмақтар келгенше барлық өткелді қоршап алады. Қалмақтар тоқтап, жеті адам елші жібереді. Олардың басшысы қазандай, түлкі тымақ киген ұзын бойлы қара қалмақ жақын келеді, сәлем беріп: – Алла жар! Мені Ұса мен Серен жіберді, қазақ пен қалмақ бауыр, солай болып қала берейік, ақ үйді тартуға алыңыздар, сонымен татуласайық! – дейді. Хан: – Жүре бер! – дейді де, батырларын жиып, кеңес қылады: – Ақ үйін алайық, үміттендіріп, сосын шабамыз. Баян: – Жоқ! Ақ үйін алмаңыз, алдауға тырыспаңыз, Ұса мен Серен жоғарғы және төменгі Қытайды да алдаған, сені де алдап соғады, – дейді. Хан екі рет қайталады, ол да екі рет айтты. Бірақ хан өз дегенінде қалды. Қалмақтар көш жерде (сегіз немесе тоғыз шақырым) тұрды. Екі күн күтті, қалмақтар да жоқ, ақ үй де жоқ, кейіннен олардың кеткенін бір-ақ білді. Баян жанына мың адам алып, қуғынға шығады, оларды Қытайға енгенде қуып жетіп, қырық сажын ғана үлгермеді. Қайтар жолда қалмақтар өлік тастаған суды ішіп, қаратышқақпен ауырып, бәрі қаза табады. Әйгілі батыр Баян осылай дүниеден өтті.
English
Famous Bayan Batyr
The pursuit of the fleeing Kalmyks is known as "The Campaign in the Rear." In this campaign, the people were countless, and despite the discontent of other heroes, the khan did not move from his place and waited for the hero Bayan. Finally, he arrived with five hundred troops and stood before the khan: – Where? What do you command? I will fulfill everything. The khan turned to the people and said: – This is the reason I have been waiting for Bayan. At this very moment, at a day's journey away, the hero Kanjygal Jantai will perish at the hands of the Kalmyks with his five hundred troops. This is how the incident occurred: Jantai's brother Uysynbai, while scouting the land, captures three camels from the Kalmyks. Upon returning, his younger brother Arkandars asks for a share. Uysynbai tells him: "The Kalmyks have many camels; if you need them, you are strong and healthy, go and get them yourself!" These harsh words greatly offended Arkandars, and to prove his bravery to his brother, he took seven companions, including the famous Konai (the son of Koyankoz), and raided the Kalmyks, seizing nine camels. Arkandars sent his seven companions to drive the camels away and stayed behind to ambush the pursuers, intending to mislead them elsewhere. At first, his companions saw that he had deceived the pursuing enemy, but then he seemed to be surrounded. Climbing the mountain, they clearly saw Arkandars lying dead in the midst of the encircling enemy. When Jantai heard of the death of his beloved brother, he swore, "Either I will die, or I will drink your blood!" He called for the horses and, leading a troop of five hundred men, mingled with the Kalmyks, who numbered ten thousand. The Kyrgyz (Kazaks) who faced death fought fiercely. Uysynbai, with his belly torn open, carried his intestines in the hem of his garment while fighting, asking, "Jantai, tell me, can one live with a torn belly?" Everyone perished, leaving Jantai, eight others, and his son Tokysh. Jantai dismounted, handed the reins to his son, and said: "Return home; if you do not survive, there will be no one to take revenge for me," and he passed away. When Abilay heard of Jantai's death, he wept, saying: "My black steel that would not yield to the hammer!" All the troops gathered at Ili, surrounding all the crossings until the Kalmyks arrived. The Kalmyks stopped and sent seven men as envoys. Their leader, a tall black Kalmyk wearing a cauldron-shaped and fox fur hat, approached and greeted: – God bless! I was sent by Usa and Seren; let the Kazakhs and Kalmyks remain brothers, and let us draw the white yurt and make peace! – he said. The khan replied: – Go on! – and then gathered his heroes for a council: – Let’s take the white yurt, deceive them, and then we will attack. Bayan said: – No! Do not take the white yurt, do not try to deceive; Usa and Seren have deceived both Upper and Lower China, and they will deceive you too, – he said. The khan repeated it twice, and he said it twice as well. But the khan remained firm in his decision. The Kalmyks stood on the road (eight or nine kilometers away). They waited for two days, but there were no Kalmyks and no white yurt, and later they realized they had left. Bayan took a thousand men and set out in pursuit; they caught up with them when they entered China, but they were only forty sazhens away. On the way back, the Kalmyks drank from the water where the dead were thrown and fell ill with dysentery, all perishing. The famous hero Bayan thus passed away from this world.