Kazakh
Сәйгүлік тұлпар жылқы қайдан туады
Ұрғашы құлын есейген соң түсінде суынды көріп, ғашық болады. Ретін тауып, жарық айлы түнде теңіз жағасына барады. Сонда теңізден суын шығады. Суын – теңіз жылқысы. Өте әдемі, құйрық, жалы жерге сүйретіліп, үстінен тоқтамай су тамшылап тұрады-мыс. Міне, осы екеуінен тұлпар туады дейді.