Back to corpus

Мерген-Дәріш

Баяғыда Қарғысшыл Қарабай атты адам өмір сүріпті.Оның ұзатылған жалғыз қызынан басқа ешкімі болмапты. Сол қызы жиырма бес жасқа , ал оның күйеуі отыз жасқа келгенде олар әулиеге түнеп, түйеден інген, қойдан қошқар шалып, құдайдан бала тілеу үшін әулиеге жалбарынады, Үйлеріне қайтқан соң, көп ұзамай әйелі жүкті болып ұл...

Kazakh
Мерген-Дәріш
Баяғыда Қарғысшыл Қарабай атты адам өмір сүріпті.Оның ұзатылған жалғыз қызынан басқа ешкімі болмапты. Сол қызы жиырма бес жасқа , ал оның күйеуі отыз жасқа келгенде олар әулиеге түнеп, түйеден інген, қойдан қошқар шалып, құдайдан бала тілеу үшін әулиеге жалбарынады, Үйлеріне қайтқан соң, көп ұзамай әйелі жүкті болып ұл табады, Атын Мерген-Дәріш деп қояды, Сол күні туылған құлынды Қарағайкер деп атайды, Мерген-Дәріш алты жасқа толғанда садақ атып үйреніпті,мергендігімен ел аузына ілігіп, бүкіл ру-тайпаға аты кең жайылады. Бір күні әкесінен: «Менімен есеп айырысатын жауың бар ма?»—деп сұрайды. Әкесі баласына: «Үштөбеге барма!»—деп тыйым салады Бір күні желмаяға мінген алып денелі адам келеді. Ол жайында хабарды естіген Мерген-Дәріш келіп, жөн сұрасып, оның аты Чикасик екенін біледі. Жолаушы жүрген адам Үнді патшалығының талауына түскен Харафа хандығының Дәріштің көмегіне зәру екенін жеткізеді. Мерген-Дәріш жеті күннен кейін баратынын айтып, атының жалының бір талын беріп Чикасикті кері қайтарады. Чикасик еліне келгенде хан одан: «Не бітірдің, Мерген-Дәрішті көрдің бе?»—деп сұрайды. Сонда Чикасик мергеннің жеті күнен кейін келетінін айтады. Сонда хан: «ол ештеңе беріп жіберген жоқ па?»—деп сұрайды. Чикасик бұған атының бір тал қылын бергенін айтады. Бір адам бұл қылды киіз үйге әрең көтеріп кіргізеді. Осыдан-ақ Хан Мерген-Дәріштің өте күшті адам екенін сезеді. Харафа ханының қызының қасындағы сыншы Сарықыз Мерген-Дәріштің келетінін алдын-ала сезеді. Мерген-Дәріш арық, жүдеу адамға айналып жасырынып келеді. Сыншы— Сары қыз бәрібір оны біліп қалып мергеннің келгендігі жөнінде хабар береді. Хан оған құрмет көрсетеді. Мерген-Дәріш ханға үнді ханына мынандай талаптар қоюға кеңес береді: «Егер үнді палуаны хан палуанын жеңсе және үнді желаяғы хан желаяғынан озса және үнді мергенінің мергендік өнері озса ғана қызымды беремін деп талап қой!»—дейді. Үнді ханы жақтан Темір палуан шығады. Харафа хан жағынан Мерген-Дәріш шығып, Темір палуанды жеңеді. Сосын мың шақырымдық жерге қоянның жауырынын көздеп атудан жарыс болады. Үнді ханы атқан кезде оның жебесі қашықтықтың жартысына ғана жетеді, ал, Мерген-Дәріштің оғы жауырынның ортасынан тесіп өтіп кетеді. Атыстан соң ат бәйгесі басталады. Үнді ханы өзінің екі арғымағын қосады. Ал Мерген-Дәріш өзінің Қарағай-керін қосады. Қарсы жақтың арғымақтарында шабарман екі кемпір отырады. Ал Қарағайкерде Мерген-Дәріштің немере інісі отырады. Бәйге басталған жерге келгенде екі кемпір Мерген-Дәріштің інісін араққа тойдырады да, ол ұйықтап қалады. Кемпірлер оның басына торсықты жастап қояды. Оны осындай жағдайда қалдырып өздері алға оза береді. Мерген-Дәріш өзінің найзасын жерге қадап, шыңға шығып қараса інісінің торсық жастап ұйықтап жатқанын көреді. Бір заматта немере інісі оянып, кемпірлерді артынан қуады. Оларды Қарағайкер айғыр құтқармай қуып жетеді де, арғымақ пен кемпірлерді өлтіреді. Кермеге жалғыз өзі келеді. Үнді ханы аттары мен кемпірлерінің өлгеніне қатты ашуланады. Соғысатын жердің орны мен уақытын белгілейді. жеті күн, жеті түн соғысады. Мерген-Дәріш көптеген адамдарын қырады. Ұрыс жүріп жатқан жерге үнді ханының өзі келіп, «Кел, екеуміз күресейік. Кім жеңсе, сол жеңілгеннің басын алсын!»—дейді. Мерген-Дәріш үнді ханын жеңіп, басын алады. Сонан соң ғана Мерген-Дәріш Харафа ханына келіп қызын сұрайды. Харафа бергісі келмейді. Мерген-Дәріш ашуланып онымен соғыспақшы болады. Одан қорыққан хан қызын бермек болып, үлкен той жасайды. Мерген қалыңмалы мен қызды алып, еліне қайтады. Әйелін артқа қалдырып өзі алға озып кетеді. Жұртына жақындағанда еліне жау шапқанының үстінен түседі. Дәулердің аңшылықпен күн көретіндігіне көз жеткізеді. Мерген-Дәріш үш дәудің әйелдерінің зорлықпен тартып алған хан қыздары екенін біліп, алдымен солармен жолығады. Олар мұнда тек Мерген-Дәріш қана келе алатынын айтқан соң ғана мерген шынын айтады. Өзінің ата-анасын тонаған үш дәуді өлтіргісі келетінін айтқан мергенге әйелдер үшеуінің үш мезгілде келетінін айтады. Біреуі—таңертең, екіншісі—түсте, үшіншісі,—кешке, ең кішісінің мерген ата-анасының көзін соқырлықтан жазу қолынан келетінін айтады, Және әйелдер батырдан өздерін де азат етуді өтінеді. Дәудің біреуі келген кезде әйелдер Мерген-Дәрішке: «егер бұл дәуді жеңсең оның аты басқа дәулерге хабар береді»—дейді. Дәу үйіне келе салып адамның иісін сезіп тұрғанын айтады, Әйелдер ешкім келген жоқ деп сендіреді. Бірақ Мерген-Дәріш атып шығып күрес басталады, Мерген дәуді алып ұрып, басын кесіп алады, Дәудің аты қалғандарына хабар беру үшін шаба жөнелгенде Мерген-Дәріш садақтан оқ жаудырады. Жебеден атылған оқ атқа қадалып, ат өледі, Екінші дәу оралғанда ағасының, атының өліп жатқанын көріп өзінің атын үшінші дәуге жібереді, Өзі Мерген-Дәрішке келіп айқасады, Аспан төңкеріліп, жер үсті топалаңға айналады, Бірақ Мерген-Дәріш бұл дәуді де жеңеді, Үшінші дәуді де жеңген мерген оны өлтірмейді. Дәуден: «Менің ата-анамның көзі қайда?»—деп сұрайды. Дәу мергеннің әке-шешесінің көзін шүберекке оралып босағаға көмілгенін ,егер оны тауып, көзді сүртсе ата-анасы жазылатынын айтады, Осыдан соң Мерген-Дәріш бұл дәуді босатқысы келеді. Бірақ әйелдер батырдан бұл дәуді де өлтіруін өтінеді. Батыр бұл дәуді де өлтіреді, үш әйел мен өлтірген үш дәудің мал-мүлкін алып үйіне оралған батыр ата-анасының да көзін емдейді. Осы үш әйелге үйленген соң оның бұрынғы әйелі келіп , сол күні өзімен бірге қонуын талап етеді. Түсінде екі сәуле көреді. Оның біреуі үйден сыртқа қарай шығып тұрса, екіншісі сырттан ішке қарай түсіп тұрады, Әйел айтады «үйден шығып тұрған сәуле маған тиесілі, ал басқасы алып Чикасиктың әйеліне тиесілі, ол осыдан жеті күндік қашықтықта орналасқан»,—дейді. Мерген-Дәріш Чикасикты іздеуге аттанады. Жүріп келе жатып, айдалада тұрған бір ақ үйге келіп кіреді. Кірсе бір керемет сұлу әйел отыр екен. Әйел айтады: «Міне, сұр тышқан кейпінде жатқан алып Чикасик»— деп мергенге кетуге кеңес береді, бірақ батыр оған көнбейді. Сонда көрпені көтеріп қалып, астында жатқан сұр тышқанды көрсетеді. Мерген-Дәріш оны төрт рет атып өлтіре алмайды. Бұл алыптың аты да Мергеннің Карағайкерін өлтіріп қоя жаздайды. Әйел тезірек атын да, өзін де құтқаруға кеңес береді. Мерген оны тыңдап үйіне қайтып келеді. Бірақ әйелі: «Одан құтылудың бір-ақ жолы бар, ол—садағының оғын алыптың маңдайына орналасқан егеуге егесең ғана жеңесің!»—дейді. Мерген-Дәріш ебін тауып садағын дәудің маңдайындағы көзіне егеп алыпты өлтіреді. Дәудің өкпесін суырып алып қарағанда өкпесінің қайнап-қайнап қара тасқа айналғанын көрген Дәріш дәудің батырлығына қайран қалады. Осындай досының болмағанына өкінеді. Мерген дәудің де әйелін өзіне қосып бес әйелімен бірге мұрат-мақсатына жетеді.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.