Kazakh
Ер Көкше және оның ұлы Ер Қосай
Қамбардың Ер Көкше атты баласы болыпты. Оның қырық мың қолы бар, Желдірмес атты руда жауы болыпты. Ер Көкше Желдірмес жеріне жеткенше көп әскерге азық жеткізе алмасын алдын-ала ойлап, Қырық батырымен ғана аттаныпты. Желдірмес жұрты да ұрысқа дайын отырыпты. Қырық батыр оларға баса-көктеп кіргенде, адамдар қырғынға көп ұшырайды. Соғыса жүріп, Ер Көкше де көп жарақат алады. Белгісіз бір батыр оның жүрегіне қанжар қадайды. Батыр қанжарды суырып алып, сындырып тастайды. Бірақ қатты әлсірейді. Осы уақытта өзінің серіктерінің көмекке жеткенін сезеді. Ер Көкше атынан ауып түседі. Жолдастары оны жау ортасында қалдырмас үшін атынақайтаотырғызып,ұрысдаласынанқалайалыпшығарудың жолын таба алмай дал болады. Серіктерінің ішіндегі Мынган дейтін батыр былай дейді: «Ер Көкше—ер жүрек адам. Егер оған, «жау шапты»—деп айғайласа, оның кеудесінде шықпаған жаны болса, атына қайта отырарлық күш табады»,—дейді. Сонда барлығы бірігіп, жау келіп қалғандағыдай дауыспен қатты айғайлайды. Осы дауысты ести салысымен Ер Көкше аяғынан тұрып, атына өзі отырады. Серіктестері оны қолдап, көтермелеп ұрыс даласынан аулаққа алып кетеді. Ер Көкше: «Тезірек тезек салып, от жағыңдар. Менің зәрім тұтылды, қабырғамда қырық жара, омыртқамда он жара, шынтағымда бір, жүрегімде бір жара бар. Егер осы ең соңғысы болмағанда, қалғандарына дес бермес едім»—дейді. Осы жерде батыр өледі. Қалған батырлар беріспей соғысып, барлық жау әскерін жояды да, өз халқына үлкен олжамен оралады.
Ер Көкшенің Ер Қосай дейтін ұлы болады. Оған әкесінің өлімі жайлы ешкім батып айта алмайды. Бірақ Ер Қосай әкесінің барлық серіктері оралып, әкесінің келмегендігінен секем алады. Бала жылап, шешесіне келеді: «Басқалардың бәрі келді. Менің әкем келмеді. Ол, өлген болды»—дейді. Сонда оған анасы: «Жоқ, әкең тірі, бір табын жылқы адасып кетіп, соны тауып келу үшін жолдастарынан кейін қалып қойды»—дейді. Ер Қосай шешесіне сенбейді. Сонда анасы халықты жинап баласын қалай ұстап тұрудың жайын ойласады. Оған қалыңдық айттыру жөнінде ақылдасады. Тоғыз күшті батырдың әкелеріне құда түсіп, көп қалыңмал береді. Солармен бірге қалыңдық қарау үшін Ер Қосай да бірге аттанады. Ер Қосайға үй тігіп, қалыңдықты алып келеді. Ол қызға: «Сен маған жақындама. Мен саған бір күн ғана жолдас боламын»— дейді. Ер Қосай қызды әке-шешесінің үйіне қайтарып, түнде үйіне қайтады. Анасына келіп айтады: «Әкемді іздеуге барамын. Маған ат тауып бер». Анасы айтады: «Табынға бар, қолыңа жүген мен құрық алып жылқыны арала. Сонда саған қайсы бұрылып қарайды, соған ер сал»—дейді. Бала табынға келіп, аттарды аралап, айдап бастайды. Солардың арасында жалы тізесіне түскен, тұяғымен жер тарпыған тұлпар сары атқа көзі түседі. Ер Қосай осы атты таңдап мініп, үйіне келеді. Қару алып, артық азық-түлігін қамдап, әкесін іздеуге аттанады. Жолда қайын атасының аулының үстімен өтеді. Оны қалыңдығы байқап қалып бір жеңгесіне еріп онымен көрісуге келеді де, батырдан: «Қашан ораласың?»—деп сұрайды. Сонда батыр: «Егер тірі болсам, менің осы сары тұлпарымның тұяғы қажалып, тебендей тозып болғанда келермін»—дейді де, қоштасып жүріп кетеді.
Жүріп отырып, әкесінің жаулармен айқасқан жеріне дейін жетеді. Қырылған адамдарды көріп, ішінен әкесін іздейді. Ол әкесінің қандай адамдарды өлтіргенін білгісі келеді. Әйтеуір, әкесін табады. Ол бір сұқ саусағын көрсетіп жатады. Бұдан Ер Қосай әкесінің он мың (бірсан) адамды өлтіргенін біледі. Батыр әрі қарай жауларын іздеп кетеді. Ол биік тауға көтеріледі. Бұл таудың астындағы өзен жағасында мыңдаған әскер қоршап тұрады. Ер Қосай осы әскерге келіп, олармен жалғыз соғысуға шығады. Қырық күн жалғыз соғысып, бәрін талқандайды. Қисапсыз олжа мен мал-мүлкін иеленіп, еліне қайтады. Жолай қайын атасының аулына соғып, киіз үйге кіреді. Онда отырған жиылған көпшіліктің ешқайсы мұны танымайды. Жиналғандарға қымыз құйып жүрген қалыңдығы ғана мұны таниды. Басқаларға тостағанды толтырып қымыз құяды да, бұған жартысынан құяды. Бір күні қонақтарды жағалай жүріп, қалыңдық күйеуге көбірек қымыз құйып жібереді. Бірақ өзгелермен салыстырғанда тағы да азырақ құяды. Ел үй-үйіне тарайды. Көппен бірге Ер Қосай да кетеді. Қалыңдықтан басқа оның келгенін ешкім сезбейді. Ер Қосай: «Қалыңдығым да мені танымады»,—деп ойлап, қайғырады: «Бұлардың барлығы мені өлдіге санайды. Мені ешкім танымады. Ал қалыңдығым, тіпті қымызды аз құйып, мені қорлады. Мен қалай белгі берсем екен. Өзімнің атымды батпаққа батырып, қалыңдығымның ағаларын көмекке шақырайын. Сонда, олардың аттарды шығарысарлық халі болмайды да көмектесуден бас тартады. Сонда өзім алып шығамын. Сол кезде менің Ер Қосай екенімді таниды». Ол, өзі ойлағандай істейді, атты балшыққа батырып, жаяу жүріп келіп, қалыңдығының ағаларынан батқан атты шығарысуға көмек сұрайды. Сонда батпақтан атты шығаруға қалыңдықтың 9 ағасы келеді, бірақ атты шығара алмайды. Сонда Ер Көкше тұрып оларға: «Бір атты бәрің жабылып шығара алмайтын қандай еркексіңдер. Мен қажысам да, талсам да жалғыз өзім-ақ шығаратын едім»,—дейді де, бір өзі атын шығарып алады. Ер Қосай кетер алдында қалыңдық жеңгесіне күйеуінің келгендігін хабарлайды. Жеңгесі өзінің күйеуіне айтады. Сол ағасы Ер Қосайға келіп, үйіне қонақ етеді. Халықты жинап, той жасап, ағалары қарындасын ұзатады.
Ер Қосай әкесін іздеп кеткен уақытта Қобыланды жоқ болатын. Ол Ер Қосай әкесінің жауларын талқандағаннан кейін Ер Қосайдың ізінен қуып, түнде Ер Қосайдың қайын атасының аулына басып кіріп, тонайды. Ер Қосайдың қонған жерінде өзінің қаруын жасыратын орыны болатын. Қобыланды басыпкірген күні Ер Қосай киіз үйден көйлекпен далаға жүгіре шықса, атының қашып бара жатқанын көреді. Қобыландының адамдары қуалағанмен, атты ұстай алмайды. Ер Қосай көйлекшең соғысуға шықпақ болғанда, оны әйелі тоқтатады. Әйелі: «Егер сен шығатын болсаң, сені өлтіреді. Басыңды аман сақтап қалудың жолын ойластыру керек» дейді. Ол әйелін тыңдап, бір өзен жағасындағы қамысқа жасырынады. Қобыланды оның барлық халқын тонап, құлдыққа әкетеді, солардың ішінде Ер Қосайдың әйелі де кетеді. Қобыландының қолы кері қайтқанда Ер Қосай жау шапқан жерге келеді. Өзінің жасырған қару-жарағын тауып алып, киімін киеді. Жаяу тауға қарай өрмелейді. Ол осы жерден бір қарайған көреді де жаяу осы қарайғанға қарай жүреді. Жақындағанда, бұл қарайған өзінің аты екенін таниды. Атын ұстап, мініп алады. Жауларынан қалған азық-түлікке тамағын тойдырып, арттарынан қуып кетеді. Көп күн өткен соң, жерге қадалған таяқшаға байланған қағазды көреді. Бұл—оның әйелінің хаты болатын. Онда: осы жерде қозының еті мен бір саба қымыз көмілгені, осы жерде үш күн аялдау керектігі айтылады. Үш күннен соң Ер Қосай әрі қарай кетеді, таяқшадағы басқа қағазды тауып алады. Хат бойынша, тағы да жолында көмілген қымыз бен қозының еті бар қапшық тауып алады. Ол осы жерде үш күн болып, ас-су ішіп, әлденіп әрі қарай кетеді. Үш күн өткен соң, үшінші таяқшаға байланған хатты тауып алады да хатта көрсетілгендей, осы жерде қымыз бен қозының етін қапшықтан шығарып алып тойынып алады. Әйелі жаулардың өзінің мекеніне жақындап қалғандығы жөнінде хабар береді. Осы жерде үш күн демалған Ер Қосай жәй жолаушы кейпіне түсіп, жау елінен әйелін іздейді. Бірақ, таба алмайды. Бір күні түнде ол жау жұртының ортасында жатқан түйелерді көреді. Олар дөңгелек шеңбер жасап жатады. Батыр өзінің әйелі «осы түйелердің ортасында болу керек»—деп ойлайды. Шеңбердің ортасында да шұңқыр болады. Батыр түйелер шеңберін бұзып, ортаға өтпек болғанда, түйелер буырқанып, қарсылық танытады. Сонда ол жапалаққа айналып, түйелердің арасымен түйелер шеңберінің ішіне еніп кетеді. Шұңқырдан өзінің әйелін тауып, екеуі ақылдасады. Ол әйелінен Қобыландының күші жөнінде сұрайды. Әйелі: Қара Қыпшақ Қобыландының ересен күш иесі екендігін айтады. Және: «Олар көп, сен жалғызсың, сенің жеңісің сенің күшіңе байланысты»—дейді. «Егер құдай күш берсе, мен олардан қорықпаймын. Жеңіп шығамын»—дейді Ер Қосай. «Сен, ең алдымен, осы жерден мені шығар. Содан соң барып, олармен соғыс. Әйтпесе, ұрыс кезінде мені таба алмайсың»—дейді әйелі. Ер Қосай өзінің әйелін тұтқыннан босатады. Олар түйелердің қасынан өткенде, түйелер тағы да ақырады. Ер Қосай мен оның әйелі атқа отырғанда ғана жаулары Ер Қосайдың келгенін біледі. Ер Қосай әйелі мен екеуі қаша жөнеледі. Жаулары соңынан қуады. Қуып жеткендердің барлығын Ер Қосай талқандайды. Ең соңында, оны Қарақыпшақ Қобыланды қуып жетеді. Олар бір-біріне садақ тартысады. Олардың соғысын көріп тұрған әйелі айтады: «Кім жеңсе, соған тағзым етемін». Жеті күн бойы Ер Қосай мен Қобыланды найзамен де қылышпен де шайқасады, бірақ бірін-бірі ала алмайды. Жеті күн өткен соң, Ер Қосай Қобыландыға найза шаншып, жоғары көтереді де:
«Жағдайдың қалай, батырым»—дейді. Қобыланды: «Мен сенен биікте тұрмын» деп жауап береді. Сонда Ер Қосай найзаның тұйық түбін жерге шаншығанда, найза Қобыландының кеудесін жарып өтеді. Ер Қосай өзінің қарсыласынан тағы да сұрайды:
«Енді жағдайың қалай, батырым»—деп. Мен сенен әлі де биікте тұрмын»—деп жауап береді Қобыланды. Сонда Ер Қосай найзаның тұйық түбін жерге қарай итергенде Қобыландының аяғы жерге тиеді. Тағы сұрайды: «Енді қалайсың?». «Енді сенімен теңбе-теңмін»—дейді Қобыланды. Ер Қосай содан кейін барып, Қобыландымен күреседі. Найзаны суырып алып, екеуі үш күн үш түн алысады. Үш күннен соң, Ер Қосай, Қарақыпшақ, Қобыландыны қиратып, басын алады. Қара-Қыпшақтың бүкіл халқы Ер-Қосайға бағынады. Осындай жолмен Ер Қосай әке қанының кегін қайтарады. Өз әкесінің тірі қалған адамдарын Ер Қосай өзінің еліне қайтарып, әйелімен үйіне оралып, халқымен қауышады.