Back to corpus

Самархан хан

Ерте замандардағы өткен ғасырларда дүниеде өмір сүрген аңшылықпен күн көрген ауқаты жақсы бір кемпір мен шал болыпты. Олардың жасы қырық пен елуден асқан. Қолы қандай жақсы болса да олар ешқандай жас нәресте көрмепті. Күндерде бір күн өткеннен кейін кемпір жүкті болып қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті бо...

ATU 725
Kazakh
Самархан хан
Ерте замандардағы өткен ғасырларда дүниеде өмір сүрген аңшылықпен күн көрген ауқаты жақсы бір кемпір мен шал болыпты. Олардың жасы қырық пен елуден асқан. Қолы қандай жақсы болса да олар ешқандай жас нәресте көрмепті. Күндерде бір күн өткеннен кейін кемпір жүкті болып қыз тауыпты. Арасына бір жыл аралатып тағы жүкті болыпты, бұл жолды еркек бала тапты. Сүйтіп кемпір-шал баласының атын Самарқан қойыпты. Міне, Самарқан осымен өсіп, ержетіп келеді. Әке шешесі оны өте жанындай көреді, ол бала өскен сайын ақылды болады. Неше түрлі өнер шығарады, жасы толғаннан кейін оқуға береді, ол оқуды өте жақсы оқитын болады. Күндерде бір күн өткеннен кейін Самарқанның әкесі аңға кетеді. Ол ұйықтап жатып тәңертең ерте тұрып тамақ жасап жүрген анасын шақырып, апа мен бір түс көрдім деді. Анасы, «я қарағым айтып жібер, мен жорып берейін»,—деді. Анасының бетіне тесіле қарап Самарқан жақтырмаған дауыспен «түсімді ендеше саған айтпаймын» деп тұрып киіне бастайды. Бұрын мұндай сөз баласынан естімеген анасы қатты ашуланды да баласын ұрып тастады. Ата анасынан мұндай соққы тұрмақ қатаң сөз естіп көрмеген Самарқан анасының ұрғанын қатты кек көреді де тамақ ішпестен қағаз қаламын алып үткеліне жөнелді. Дәл осы күні Самарқанның әкесі де аңнан қайтқан екен. Жылап келе жатқан баласы Самарқанға қарсы жолығады, жанындай жақсы көретін әкесі баласының жылағанын көріп жаны шығып кете жаздады, аттан қарғып түсіп құшақтап алады. Қарағым кім тиді саған, неге жыладың сен деп сұрады. Сонда баласы өксіп жылап тұрып, мен апама түс көрдім деп едім, я маған айт жориын деді. Мен ендеше айтпаймын деп едім, мені ұрып жіберді деді. Баласы сөзін айтып болысымен әкесі жұлып алғандай: —Я қарағым ендеше маған айтшы, түсіңді мен жорып жіерейін,—деді әкесі. Жақтырмаған көзімен ақырая бетіне қарады да, Самарқан әкесіне: —Ендеше саған да айтпаймын түсімді,—деді. Әкесі көп ойланбастан-ақ «саған бір әдет бітейін деген екен, жоқ менімен ойнағың келді ме» деп баласын қамшымен шықпыртып соғып қуып жібереді. Одан жаман жылаған баласы оқу оқитын жеріне жақындап, өксігін тиып оқуына келеді. Сабақта отырғанда көңілсіз отырған Самарқанға қарап басқа балалар да көңілсіз отырады. Сол кезде сабақ беріп отырған Молдасы байқап отырып Самарқанды тұрғызып, «Сен неге бүгін көңілсіз отырсың, күнде мұндай емес едің, бүгін саған не болды, айтшы шыныңды»,—деп Молда жанын қоймаған соң бала бар сырын айтады баяғы көрген түс туралы. Сол кезде Молдасы «ондай болса маған айтшы, мен жориын»,—деді. Самарқан адырайып оның да бетіне қарады да, «ендеше саған да айтпаймын» деді. Сонда молдасы «Ә, сен мені мазақтап отыр екенсің ғой»,—деп, шығарып алып құйрығынан шыбықпен 25 дүре алып далаға қуып жіберіпті. Сонымен далаға шығып алып, көше бойлап зар қағып келе жатса алдынан патшаның уәзірі шығады. Ол жылап келе жатқан баланы көріп, ұстап алып, сен неге жылайсың? Кім саған тиген деп баладан сұрап еді, бала бар әңгімесін бастан аяқ айтып берді. Сонан кейін уәзір «бір түс үшін сонша қорлық көріпсің, сонша неткен түс соның, мен жорып берейін»,—депті уәзір. Сонда уәзірдің бетіне адырая қарап, «ендеше саған да айтпаймын түсімді»,—деді бала. Уәзір ашуланып баланы ұрып-ұрып апарып зынданға тастап, жауып тастапты. Күндерде бір күн өткенде патшаның жалғыз қызы ойнап жүріп зынданның төбесінде кеседей тесігі бар екен, содан қарап тұрған баланың көзіне көзі түсіп кетеді де жүгіріп келіп қараса, өзі құрбы жас бала екен, «Сен не істеп жатырсың мұнда?» деді қыз. «Мені мұнда патшаның уәзірі әкеп жауып қойды»,—деді бала. Ал сен кімсің деді бала? Сонда қыз «мен осы патшаның жалғыз қызы едім» деді. Міне осы күннен бастап екеуі бір-біріне ғашық болады. Ол қыз күнделікті тамақ әкеліп беріп тұрады. Міне сүйтіп бала осы зынданда жеті жыл жатады да, қыз оған күн сайын үш рет келіп тұрады. Ол бала туралы ешкім білмейді, баланы тастаған уәзір ауысып кеткен. Күндерде күн бір күні қыз келмей қалады да ертесіне келеді. Сонда бала «қызға кеше сен неге келмедің» деп сұрақ қояды. Сонда қыз қатты күрсініп төмен қарап, «несін сұрайсың, менің әкемнің басына ауыр жағыдай туды»,—деді қыз. Бала «е не ауыр жағыдай екен, айтшы маған»,—деді. Сонда қыз «баяғы сені зынданға салған уәзір барып орналасқан патша қабар жіберіпті, және бір таяқ беріп жіберіпті. Таяқтың бас-аяғы бірдей, осы таяқ алғаш ағаш болып шыққанда басы қай жақ, түбі қай жақ, соны тапсын, соны таппаса елін шабам» деп жатыр деді қыз. Бала сонда «сол ма уайымдап жүргенің, ол таяқты тау басынан домалат. Таудың етек жағына қарап түскен жағын түбі деп беріп жіберсін» деді бала. Ол ақылды қыз әкесіне айтыпты, әкесі қызы айтқандай етіп таудан домалатып етекке қараған жағын белгілеп беріп жіберіпті. Оны ол патша дұрыс тауыпты деп тауыпты. Содан бір күндер өткенде қыз тағы келмей қалып ертесіне келеді. Самарқан қызға неге кеше келмедің дегенде қыз, ой несін айтасың, әнеу күнгіден де жаман жағыдай болды деді. Я тағы не болып қалды деді Самарқан. «Не болды дейсің, баяғы сол патша екі сарала сиыр беріп жіберіпті. Сол екеуінің де бойы да, түрі де бірдей, соның анасы қайсы, баласы қайсы? Соны тапсын депті патшасы, елін шауып аламын»,—деп жатыр деді. Сонда Самарқан мұртынан күлді де, сол ма, ол да оңай іс деді. Ол екі сиырды шөлдетіп алсын, сонан кейін суға қарай айдасын. Ең алдымен суға тұмсығын тигізгенін анасы десін деді Самарқан. Оны естіген қыз әкесіне осылай істе деп айтып берді, әкесі қызының айтқанын істеді. Алдымен тұмсығын суға тигізген сиырды анасы деп белгілеп беріпті. Ол патша оны тура тапты деп тауыпты. Бір неше уақыттар өткеннен кейін қыз тағы да келмей қалады, ертесіне тағы келеді. Самарқан: —Оған кеше неге келмедің?—дегенде. —Ой не қыласың, басымызға айтылмастай күн туды,—деді қыз. —Айтыңыз нендей жағыдай,—деді Самарқан. Сол кезде қыз: —Баяғы патша елімізді шабамыз,—деп жариялапты деді. —Не үшін шаппақшы екен,—деді бала. Қыз сонда: —Менің әкемнің бір айғыры кісінесе, ол патшаның жүз биесі құлын тастапты. Міне бар амалы осы,—депті қыз. Самарқан ойланып отырып: —Бұл жағыдайға мен шықпасам табар айла жоқ,—деді. Көп ойланбай әкесіне келді де аяғына жығылып жылап жатып алды, «алдағы өткен ақылды мен тапқан жоқ едім. Бәрін тауып жүрген осында зынданда жатқан бір жігіт тауып еді. Ол енді мына жағыдайға мен шықпасам істер айлам жоқ»,—деді дегенде, патша «ол қайдан түскен адам» деп уәзірлерінен сұраса еш адам білмейді. Сонсоң патша «шығарып әкел» деп бұйрық берді. Самарқанды шығарып алып келді. Аты жөнін сұрап алғаннан кейін, бұл зынданға қашан түстің дегенде, «мен түскенге жеті жылдан асты» деді. «Ал қалай келіп, қалай түскеніңді кейін білерміз, мындай жағыдайға істейтін амалың бар ма? Осыдан құтқарсаң тағыма отырып, қызымды аласың» деп уәде берді патша. —Олай болса,—деді Самарқан, маған бір-бір атқа мінгізіп жүз жігіт бер, бір серкеш, бір атан түйе бер, сонымен ол патшаны қаратып әкелем,—деді. Самарқанның айтқанын патша түгел берді, ол патшаға Самарқан аттанып жүріп кетті. Бірнеше уақыттар жүріп патшаның жеріне жетіп, үй тігіп орналасып, қасындағы жүз жігітке бұйрық берді: —Талдан барып бір-бір солқылдаған шыбық кесіп алып келіңдер,—деді. Жігіттер шыбықты кесіп алып келді. —Ал енді,—деді Самарқан мына шарге кіріңдер, көздеріңе көрінген итті қырыңдар, басқа адам, малға тимеңдер,—деді. Жігіттер Самарқанның айтқанын істеп шардің итін түгел қыра бастады. Бұл уақиға шәрінің патшасына да жетті. Шәрінің патшасы «ішіндегі ақсақалын алып келіңдер» деп бұйрық беріпті. Уәзірі келіп Самарқанға «іштеріңіздегі ақсақалды біздің патша сұрайды» десе, Самарқан «ішіміздегі сақалды осы» деп серкешті өңгертіп жібереді. Манағы уәзір серкешті бақыртып қораға кірсе, патша бұл не дегенде, ішіміздегі ақсақал осы деді тақсыр. Патша құрт көзіңді, ішіңдегі үлкенін алып кел деді. Уәзір қайта келіп Самарқанға ішіңіздегі үлкендеріңізді сұрайды біздің патша десе, «ішіміздегі үлкен осы» деп атан түйені беріп жібереді. Уәзір атан түйені бақыртып қораға кіргенде, патша бұл не десе, ішіміздегі үлкен осы деді тақсыр деп жауап береді. Құрт ұйатсыз көздеріңді, ішіндегі қолбасшысын әкел деді патша. Манағы уәзір Қайта келіп Самарқанға іштеріңіздегі қолбасшыларыңызды сұрап жатыр деді. Сонда Самарқан «ә, ондай болса қолбасшысы мен»,—деп атқа мініп патшаға келеді. Патша келген жерде-ақ оған сәлемдескеннен кейін «жүгірмек екенсің»,—деді. Самарқан: —Өзің жүгірмек екенсің,—деп жауап берді. —Мен неге жүгірмекпін,—деді патша. Самарқан: —Ал мен неге жүгірмекпін?—деді. Патша: —Сен жүгірмек болмасаң менің шәрімнің иті не істеді саған?—деді патша. Самарқан сонда: —Сен жүгірмек болмасаң, сенің шәріңнің иті не істемеді, сендердің бір итіңнің ұлығанына менің патшамның жүз қойы қырылып қалды,—деді. Сонда патша: —О ақымақ неме,—деді. Сонда Самарқан: —Мен емес, сенсің,—деді. —Ал айтшы мен неден ақымақ болыппын,—деді. —Ақымақ болмасаң неше мың шақырмым жердегі сенің патшаңның қойы менің бір итімнің ұлығанына қырыла ма екен?—деді. Сонда Самарқан: —Ол сенің ақымақтығың мынау неше мың шақырым жерден менің патшамның бір айғырының кісінегеніне сенің биең не ғып құлын тастап жүр,—деді. Сол кезде патша: —Я, қарақ жеңілдім, тоқтат еліңді,—депті. Самарқан әмір беріп жігіттерін сонда тоқтатыпты. Міне осы уақыттан бастап ол патша тағынан түсіп, тағын Самарқанға беріп, қызын әйелдікке береді. Сөйтіп өзінің патшасы да қызын беріп, тағын қоса береді. Сөйтіп Самарқан екі патшаның басын қосып, өзі патша болып, екі әйелді алып, өзінің ата-анасын, әкпесін тауып алып, ғұмыр сүріп бір неше жылдар тұрады. Күндерде күн бір күндер еліне апатшылық келіп Самарқанның үй іші түгел қайтыс болады. Бұл апаттан Самарқан әпкесімен екеуі ғана тірі қалады. Сөйтіп Самарқан хандық дәуірін жүргізіп, айлар, жылдар өткізіп бір күндерде бір әйелмен таныс болып, оған үйленбекші болып келіседі. Үйінде жайбырақат отырып тамақ ішіп болғаннан кейін әкпесіне бар сырын ашып айтады. Өзінің әйел алатынын баян етіп Самарқанның әкпесі оның айтқанын қайтармаушы еді. «Қарағым алсаң ал»,—деді, Самарқанның көңілі жәй болып бір күндер өткеннен кейін екі арғымақ атын парлап жегіп әйел алып келуге кетті. Әйелді Самарқан алып келді. Самарқанның әкпесі өтезейінді, сыншыладамеді. Әйелдікөрісімен Самарқандыжеке шығарып алып, қарағым Самарқан осы әйелді бекер алдың-ау, келешекте өзіңе қас болуы мүмкін деді. Самарқан елеңсіз батыр жүректі, бір бетінен қайтпайтын адам еді. Болар ісі болды әкпе, оқасы жоқ енді деді, сонымен алаңсыз тұра берді. Күндерде күн бір күні Самарқанның әкпесіне құда түсіп бір патша келеді. Құда түсіп сөйлесіп, сұрауы келіскеннен кейін бірін-бірі жаратып, Самарқан әкпесін ұзатып жібереді. Самарқанның үйінен әкпесі кетті, замогы кетті. Кешікпейақ Самарқанның күйі де кетті. Түн болса Самарқанға шарап беретін болды. Самарқан түн бойы мастықпен күн өткізді. Күндерде бір күн Самарқан екі арғымағын көріп серуендегісі келді. Сөйтіп Самарқан арғымақтың асты шетін қараса сұр арғымақының бауыр жүнін ұстарамен қырғандай екен. Сол арада ат күтушісін шақырып алып, мынаған не болды деп сұраса, ат күтуші оған жөнін айтпапты, бір беретін жауабы білмеймін дейді. Осы уақыттан бастап Самарқан қалың ойға түседі. Күн батады, кешкі тамаққа отырады, міне осы арада шарап та келеді. Самарқан ешкімге білдірместен шарапқа отырғанда бос ыдыс алып, оны үстел астына қойып отырады. Шарапты әйелі бергенде Самарқан ішкен болып, білдірмей үстел астындағы босы ыдысқа құя беріпті. Мезгілді уағы жеткеннен кейін Самарқан өтірік мас болған болып жатады. Әйел де «бұл енді мас болды» деп ат баққышты шақырып алады да, оған тез атты ертте деді. Бір уақытта атшы келіп дайын болды дегенде, қатын киініп, қолға қамшыны алып дайындалып, Самарқанның басынан бір теуіп үйден шығып кетеді. Әрине бұл уақиғаның бәрін Самарқан мас емес біліп жатады. Ол әйел атқа мініп қақпадан шығып кеткеннен кейін Самарқан да екінші атына мініп әйелінің артынан соғып жүріп отырады. Бір уақытта атты ұстарадай өткір тастан қарғытты, аттың бауырының тықыр болатыны да осыдан екен. Осыдан бір уақытта жерден есік ашты да жер астына түсті. Самарқан да жетіп, атты байлай салып сол есікті ашып артынан ол да түсті. Сөйтіп Самарқан алты есік өтіп, жетінші есікке барғанда тыңлап тұрды. Сол жетінші үйде жеті басты дию жатыр екен. Қатынды көріп ақырып ұрсыпты, «не етіп кешіктің бүгін» депті. Сол арада әйел «әлгі итті ұйықтатып келгенімше сол болды» депті. Сонда дию анау тамақты әкел деп бір ыдысты көрсетті. Сонда әйел әлгі ыдысын алып тамағын жеді, ол тамағы құрт-құмырсқа екен. Сөйтіп жеп болып диюдың қасына барып жатты. Міне сол арада Самарқан да шыдап тұра алмады, кіріп келді. Сол арада дию да орнынан тұрды да екеуі алыса түсті. Сөйтіп Самарқан диюдың бес басын алып, екі басымен алысып жатыр. Сөйтіп тұрғанда дию әйелге мен жақ болсаң итеріп далаға шығар деді. Сол арада Самарқан да ішінен қуанды, әйел екеуін итеріп далаға шығарды. Бір уақытта аспаннан ұшқан қарғаны көріп Самарқан дауыстап, үйде қалған қара тазы итіне сәлем айтады. Қара тазымның кеудесінде жаны болса жетсін деп, сонымен қара қарға қаңқ етіп ұшып кетеді. Қара қарға ұшқан бетінде Самарқанның үйінің үстінен екі-үш рет қаңқ ете қалды. Сол арада қара тазы да қарғып далаға шықты да қарға ұшқан жаққа қарай жүгіріп еріп отырды. Сөйтіп қарға қара тазыны Самарқанның дәл үстінен әкеліп түсірді. Қара тазы келіп жеткен кезде Самарқан жығылудың аз алдында қалі кетіп тұр екен. Қара тазы келісімен-ақ диюдың қарнынан алып жарқ еткізіп жарып түсіреді. Міне осы арада әйел тез арғымаққа міліп алып үйіне қарай тұра қашты. Самарқан да артынан қуып келеді, әйелі бір шақырым бұрын келіп үйінен сиқыр оқуын оқып дайындалыпты. Самарқанның ойында еш нәрсе жоқ, атты байлап үйіне кіре бергенде сиқыр оқумен дем салып Самарқанды ит етіп жібереді. Самарқан қаңқ етіп ит болып, көшеге қарғып шығып кетеді. Міне осымен Самарқан ит болып көшеде бір неше уақыттар жүреді. Ол елдің айтқан сөзін түсінеді, бірақ айтарға тіл жоқ қапаланып жүреді. Осы күннен бастап оның әйелі күндіз болса Самарқан жолаушы кетті деп, Самарқанның орнына хандық дәуірін жүргізеді. Ол түн болса әйелдерді жинап диюдың жоғын жоқтайды. Самарқанның бұл әйелге істеген жақсылығы өз басына шоқ болып тиді. Бірақ та Самарқан өз ойынан арамның адымы ұзамас деп жүре берді. Бір күндер өткенде Самарқан бір-екі адамның қасына келіп тыңдап тұрса, ол адамдар басқа бір жақтан келген керуендер екен. Самарқан солардың артынан қалмай еріп жүрді, бір уақытта олар көп адам болып жиналады. Сөйтіп олар бұл бұл шәріден шығып жүріп кетеді, Самарқан да олардан қалмайды. Артынан лесіп келе жатқан бір ит жүре берейін деп, олар да елең қылмай жүре береді. Сөйтіп бір жерге келгенде олар далаға қонады, міне осы түні сол керуенді бұл ит қарақшыдан аман сақтайды. Иттің осындай ерлігін көргендер керуендер ертесіне итті кезеккезек арбаға салып алып жүреді. Бұл бір жақсы ит екен десіп қуанысып келе жатады. Сөйтіп бір жерге келгенде керуендер тапқан табыстарын бөліседі. Әбден бөлісіп болғаннан кейін барлық керуендер жиналып итке таласады. Содан кейін керуен бастығы келіп, итті мен бөлейін риза болсаңыздар деді, жігіттер бәрі де ризамыз деді. Содан керуен басшысы итті осы араға қоямыз. Ал өздерің өзді өз жолдарыңа түсіп жүре беріңдер, ит кімге лессе соған беріңдер деді. Жігіттер оған келісті де өзді өз жолына түсіп бір-біріне айқайласып сәлем айтысты. Сонда тұрып бір жігіт басқа бір жігітке ей сен Қасен ханның шәрісіне барасың ғой, сонда тұратын бәленшекеңе сәлем де дегенде иттің ойына жездесі түседі. Ол әкпесін Қасен деген қиянға ұзатқан болатын. Міне ол сөйтіп Қасен ханның шәрісіне баратын керуенге ерді. Шәрге келіп жеткеннен кейін ит қашып кетті, үйіне барсам байлап қояр деп. Сөйтіп үш-төрт кісі бас қосқан жерге келіп тыңдап тұрса, олар біздің ханымыз бәлен шәрге қонаққа кетті. Сол қайтып келеді дейді, соны біз қошаметтеп алуымыз керек деп тұр екен. Бұл сөзді естіген Самарқан осы келетін хан мұның жездесі екенін білді де қошамет алуға шыққан адамдармен жарысып келе жатыр. Бір шақытта шаршап жолдың шетіне шығып демалып жатыр еді. Бір уақытта хандар келе жатыр екен. Бұлар бір емес бір неше повоскімен келе жатыр. Бір повоскі өте шықты, екінші повоскіде бір әйел ат айдаушыға атты тоқтатшы деді, ат айдаушы кенет тоқтады. Сол кезде ханның әйелі анау жатқан иттің көзі менің бауырымның көзі сияқты. Бір жазым еткен болар дегеннен-ақ қара төбет ит арбаға қарғиды. Әйел итті алдына алып ары-бері айналдырып қараса еш тіл жоқ. Міне сөйтіп Самарқанның жездесі үйіне келген елді риза етіп, енді үй ішімен ақылдасады, сол кезде біреу оларға ақылы айтады. Осы арадан үш айлық жол бір шәр бар, сол шәрде бір кемпір тұрады. Сол кемпірден дүниедегі перілер қорқады екен, соншалық оқымысты дейді. Міне мұны жазса сол жазады дейді. Осы ақылды естісімен Самарқанды алып жездесі мен әкпесі кемпір тұрған шәрге жүріп кетеді. Үш ай өткізіп сол шәрге келеді, іздеп жүріп кемпірді тауып алады. Кемпір мұны көрген жерден Самарқанның әйелінің атын айтып, айпырай мынау соның істеген ісі екен. Қаншық жасынан қағынған қу еді, қайдан оған кез болдың қарағым деп итті алдына алып, өн бойын сипай отырып, жарайды мұны мен жазып беремін. Бірақ та жазылған соң ол тозақының маңайын баспасын, мен ол тозақыны жақсы білемін, оның жеті басты дию байы бар. Оның жер астында үйі бар, ол қазір далаға шықпайды, менен қорлықты ол көп көрді. Сондықтан ол дию інде жата береді. Ал бұл тозақының шешесі дию қызы деп кемпір сөзін тоқтатты дағы Самарқанды жазуға кірісті. Сөйтіп бір ай өтіп екінші айда Самарқанды жазып болды. Міне Самарқан жазылып бастан өткен өткен уақиғаны түгел айтты. Осыдан кейін жездесі өз орныма тұр, хан болып бармаяқ қой онда құрысын ол қатының онда деді. Самарқан қайтсем де өз еліме барам, одан қайткен күнде кегімді алам. Кегімді алмай мен қоймаймын деп болмаған соң, жездесі мен әкпесі сол кемпірді үгіттеп сұрай бастады. Өзіңіз бірге жүріңіз, осыған бір нәрсе деп көмек көрсетіңіз, сізді біз ренжітпейміз деп кемпірмен келіседі. Кемпірді де алып, Самарқанды да алып еліне жүрді. Бірнеше уақыт өткізіп бұларда Самарқанның шәрісіне келіп жетті. Үйіне келген жерден, кемпір оның тілін күрмеуге келтірмей оқумен қол-аяғын бір тұтам етіп жұмарлап, желке жүні дүрдиген жұдырықтай ғана бір мысық етіп Самарқанның қолына ұстата салды. Самарқан оны байлап ұстайтын болды. Самарқанның тазы итін қаңғыртып жіберіпті. Оны іздестіріп тауып алып итіне мысықты күніне үш рет талатып отырады екен. Осымен Самарқан неше күн ойын, неше күн тойын жасап, апа жездесін, кемпірді риза етіп қайтарыпты. Сөйтіп өз шәрісінде хандық дәуірін жүргізе береді. Әрине Самарқанның елге қайыры да көп жоқ еді. Көптеген халықты жылатып еді. Сондығына Самарқан да сазайын аз тартқан жоқ. Күндерде күн бір күн өткеннен кейін бір адам түйесін жоғалтып, оны іздеп келе жатып бір үш адамға жолығады. Ол үш адам ағайынды екен. Түйе жоғалтқан адам ағайынды үш жігітке келіп, балалар түйе көрдіңдерме деді. Сонда тұрып үлкенағасы түйеңнің оң көзі соқыр ма еді депті. Я соқыр еді депті түйе иесі. Ортаншы ағасы түйеңнің оң аяғы ақсақ па еді депті. Я ақсақ еді депті түйе иесі. Ең кішісі тұрып түйеңіздің құйрығы шолақ па еді депті. Түйе иесі я қарағым шолақ еді депті. Ол сол түйе қайда десе, ағайынды үшеуі білмейміз дейді. Түйе иесі ашуланып түйемнің бар мінін айттыңдар, неге көргем жоқ дейсіңдер. Сендер өздерің алдыңдар, жүр ханға деп түйенің иесі үш жігіті ханға алып келеді. Бұл келген төрт қонақты хан қарсы алып қонақ үйге енгіздірді. Сонан кейін хан өзі келіп әңгімелеседі. Ең алдымен түйенің иесі бар арызын айтып болғаннан кейін, Самарқан үш жігіттен сұрайды. Түйенің мінін қайдан білдіңдер дегенде, ағасы тұрып оң көзінің соқырлығын білгенім, жолдың сол жағындағы шөпті шалып жеп отырыпты. Екінші ағасы тұрып артқы оң аяғы ақсақ. Өйткені алдыңғы аяғының ізіне артқы аяғының ізі жетпей отырыпты. Ең кішісі тұрып құйрығының шолақ болуы, жусап жатқан жетінде тышқан құмалағы бытырап алысқа түсіпті, содан білдім деді. Сонан кейін хан далаға шықса үйде отырған үш жігіттің ең үлкені тұрып бұл ханның арғы атасында хандық жоқ, өз басы ғана хан екен депті. Екіншісі тұрып бұл хан алғаш туғанда бетке шыққан бидаймен ауыздандырған екен депті. Ең кішісі тұрып, бұл хан өз әкесінен тумаған екен депті. Оны естіп отырған түйе иесі бұл сөздің бәрін жағымпазданып Самарқанға жеткізеді. Сонан кейін Самарқан үйге кіріп, сендер мен туралы сөйлегендерің рас па дегенде, үшеуі де рес деп шу ете түседі. Сонда Самарқан сендер шын тапқыш болсаңдар осыны тап. Менің қолымдағы не деп қолын жұмып отырыпты. Оның қолындағы бір түйір тары еді. Сонда ең үлкені тұрып, қолыңыздағы не болса да домалақ екен деді. Екіншісі домалақ болса сары екен деді. Үшіншісі сары болса тары екен деді. Сонда Самарқан түйе иесін қайтарыпты, сенің түйеңді бұлар алған жоқ деп. Міне осы уақыттан бастап елін жиып, өз орнынан түсіп, тағын жәңегі үш жігіттің кішісіне береді. Екі ағасын уәзір етіп беріп, өзі сол шәрде дүкенші болып сауда жасап тұрады. Баяғы мысық болған әйелін қалпына келтіріп, сонымен өмір сүріп тұрады. Сөйтіп күндерде бір күн өткенде сол шәрде бір кедей болыпты. Сол кедей сауда жасап тұрған дүкеншіге келіп, мен сізге күнделікті табысымды өткізіп отырайын, керек болғанда өзім алармын деп келіседі. Оған дүкенші де жарайды деп келісім береді. Ішінен арам ойы қуанып та тұр, сөйтіп байқұс кедей тапқан табысын күнделікті сол дүкеншіге өткізіп отырады. Сөйтіп күндерде күн бір күн өткеннен кейін кедейге ақша керек болды. Жүгіріп ақша салған дүгеншісіне келді. Ол дүкенші сорлы кедейді ұрсып қуып жібереді. Мен сенен ақша көргем жоқ, көзіме көрінбе деп. Сөйтіп сорлы кедей зар жылап келе жатса бір есік алдында әйел адам отыр еккен. Жылап келе жатқан кедейді шақырып алады да сен неге жылап келесің деп сұраса, әлгі жігіт бастан-аяқ түгел айтып шығады. Сөйтсе бұл сол дүкеншінің әйелі екен. Сен жылама сорлы деді әйелдің өзі, міне осы арада сол кедейдің өзіне ғашық болып қалды. Мен сенің ақшаңдай ақша берем, бірақ адамға айтпа, үйге кір деді. Кедей үйге кірді, өз ақшасындай ақша берді. Құшақтап қысып сүйісті де ертең тағы осы уақытта кел деді. Жарайды деп қуанып кедей жүріп ала жөнелді. Сөйтіп ол дүкеншіге кеді де мақтанды. Бермесең қой менің ақшамды, сондай ақша таптым деді. Дүкенші қайдан таптың десе, кедей сонда анау тұрған көк үйдегі әйел мені шақырып алып ақшамдай ақша берді, бетімнен қысып сүйді, ертең тағы кел деді деп айтты. Жарайсың деді дүкенші. Сөйтіп кедей ертесіне тағы да барады. Оны сырттан көріп тұрған дүкенші де дүкенін жауып өйтіпбүйткенше, кедей де шаруасын бітіріп ақшасын алып шығып келе жатыр еді. Келе жатқан күйеуін әйелі қөре қойып кедейді кроваттың артына тастап жастықпен жауып қойыпты. Күйеуі үйге кірді, әйелі не ғып жүрсің мезгілсіз уақытта деп сұрақ қоя бастады. Дүкенші әншейін деп жауап берді. Көзіне еш нәрсе түспегеннен кейін үйден шығып жүре берді. Санан кейін шығып алып артынан іле-шала келіп дүкеншіге мақтанады. Мен тағы бардым, енді шығып келе жатқанда күйеуі келіп қалып, мені төсек артына тастап, жастықпен жауып қойды деді. Ертең осы шақытта тағы кел деді, мен тағы барам деді. Дүкенші жарайсың, жақсы деп қана қояды. Кедей ертесіне сол уақытта тағы барады. Шаруасын бітіріп енді шығып келе жатса, байы келіп қалыпты. Әйелі оны көре қойып, тезірек көмір жәшігіне тығып қояды. Күйеуі кіріп ары-бері жүріп тала ламай қайта кетіп қалады. Артынан шығып кедей іле шала келіп, міне бүгін тағы да бардым. Енді шығып келе жатқанда күйеуі келіп қалып, мені көмір жәшігіне тығып қойды деп тағы да баяндады. Міне осыдан кейін бұл дүкенші әйелінің бұл қылығын ұстай алмағаннан кейін, әйелінің төркінін шақыртып алып, бар істеп жүрген қылмысын түгел айтады. Міне осыдан кейін әйелдің төркіндері жарайды, сол кедейді шақыр. Егер мойындаса біз қызымызды дараға асамыз, егер өтірік болса сені дараға асамыз деді. Сөйтіп кедейді шақырып алып сұрап еді. Кедей былай деп жауап берді, рас айтқаным. Мені сол күні ақшамды бермей ұрып қуып жібергенде, жылап жүгіріп келе жатып, талықсып жығылып жатып ұйықтап қалыппын. Міне осы арада көрген түсім еді, сол көрген түсімді айтып едім. Соны шын деп ойлаған болар деп жауап берді. Сонда тұрып қайын жұрты міне бірден кедейдің қақысын жедің. Екіншіден әйеліңе жала жаптың. Сөйтіп келісім уәде бойынша дараға асамыз деп, дараға алып барыпты.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.