Back to corpus

Үш қайғылы адам

Бұрынғы заманда бір патша бар еді. Ол патша құс салып, ит жүгіртіп келе жатса, айдында үш адам балшыққа аунап жатыр. Патша бұған таң қалып бастан өткен уақиғаларын сұрады. Олардың біреуі патшаға жауап береді: —Мен бір байдың баласы едім, өзім жұрттан асқан әдемі сұлу едім. Бір қалаға сауда қылуға барған едім, қала халқ...

Kazakh
Үш қайғылы адам
Бұрынғы заманда бір патша бар еді. Ол патша құс салып, ит жүгіртіп келе жатса, айдында үш адам балшыққа аунап жатыр. Патша бұған таң қалып бастан өткен уақиғаларын сұрады. Олардың біреуі патшаға жауап береді: —Мен бір байдың баласы едім, өзім жұрттан асқан әдемі сұлу едім. Бір қалаға сауда қылуға барған едім, қала халқы менің жүзімнің әдемілігіне таң қалысты. «Бағдат қаласындағы бір патшаның бір сұлу қызы бар еді. Сол қызға лайық жігіт екен» деп. Сол уақытта жұрттың айтқан патшаның қызына ғашық болып іздемек болдым. «Маған сондай ғашықтық оты түсті» деп, атама айттым. «Бағдат қаласында бір сұлу қыз бар екен, рұқсат берсеңіз іздемек болдым» деп. Онан соң «барма» десе де, «мен сол қызды іздемей қоймаймын» деп, атамның тілін аламай іздемек болдым. Жаныма жүз ділдә салып алдым және екі қоржынбас нанды азық қылып жүрмек болып едім, атам маған үш насихат айтты: Бірінші: «Жолда алдыңнан үлкен су келсе, екі рет намаз оқып өт». Екінші: «Өзіңнен үлкендерді құрмет етіп сыйла»,—деді. Үшінші: «Үлкен ағаштың көлеңкесіне жатпа»,—деді. Атамның осы үш ақыл сөздерін көңіліме алып жүре бердім. Бір күндерде бір үлкен дарияға кез келдім. Атамның айтқан сөзіменен дарияға түсіп дәрет алып, екі рет намаз оқып өтейін деп едім жаңағы дария толқып кетті. Дария ішінен бір үлкен жайын шықты. Мені жұта алмай дарияның шетінде қайырлап жатып қалды. Атамның өзіңнен үлкенді құрмет ет дегені осы шығар деп, ол жайынға бір қоржынбас нанымды бердім. Жеп қойды. Және үстіне су шашып балшықтарын жуып таза қылдым. Сонан соң жайын суға түсіп кетті. Онан соң бұл жерде жайын бар екен деп, төменге қыдырып барып дариядан өттім. Сол уақытта күн ыстық болып кетті, бір үлкен көлеңкелі ағаш тұр екен. Оның көлеңкесіне барып жаттым. Көзім ұйқыға барған уақытта аспаннан маған бір нәрсе тікелеп келе жатты. Онан қорқып тұра қаштым. Қашып келе жатсам алдымнан бір ақсақалды адам шықты. Ол ақсақал маған: «Балам, не себепті қорқып келе жатырсың?»—деді. Мен көргендерімді баян қылдым. Қайтіп әлгі ағаштың түбіне келдік, қарасақ аспаннан түскен жүз құлаштай айдаhар екен. Ол айдаhар екі бөлініп жатыпты. Онан таң қалып отырдық. Онан кейін шал екеуміз жолдас болып, сұлу қызы бар Бағдат қаласына келдік. Екеуміз сол жерде біріміз әке, біріміз бала болып күніне жарты нан тапсақта бөліп жемек болдық. Одан кейін ата бала екеуміз Бағдат қаласында тұрып, бағанағы менің жүз ділдә ақшамның елу ділдәсіне дүкен сатып алып, қалған елу ділдәсіне сауда қылдық. Бірақ бізге ешкім сауда қылмады, біз күн көре алмайтын да дәрежеге жеттік. Бір уақытта сұлу қызы бар патшаның атам ашуы келіп, атамды басқа жайға айдап жібермек болып келіп, «шал қайдасың» деп айқайлады. Атам: «Ләппәй, тақсыр, үйге түсіп тамақ ауыз тиіңдер»,—деді. Патша аттан түсіп дүкенге кіріп еді, атам патшаға бір кесе шай және бір бөлек нан беріп кеңес бастады. «Менің келгеніміе қанша уақыт болды»,—деді. Атам айтты: «Сіздің келгеніңізге екі күн болды»,—деді. Патша айтыпты: «Не себептен екі күн болады? Шайды ішіп, нанды жаңа жеп болып отырмын»,—деді. Сонан патша таң қалып үйіне қайтты. Үйіне барса, патшаның уәзірлері: «Екі күннен бері қайда жүрсіз?»—деді. Сол уақытта патшаның ашуы келіп шал бабаны өлтірмек болып, қайтадан атқа мінді. Шалға келіп: «Шал қайдасың?»— деді. Шал: «ләппәй тақсыр!»—деп алдынан шығып, патшаға: «Тақсыр, қазір үйде тамақ бар ауыз тиіңіз»,—деді. Патша аттан түсіп үйге кірді. Бағанағыдай бір шәйнек шай, біраз нан берді, оны ішіпжеп блғанша шал патшаға әңгімелер айта берді. Шайды ішіп, нанды жеп болған заманда патша айтты: «Менің келгеніме қанша уақыт болды?»—деді. Шал айтты: «Сіздің келгеніңізге сегіз күн болды»,—деп, сол сөзден екеуі ерегісіп «бәс» қылды. Атам айтты: «Сіздің келгеніңізге сегіз күн анық болса, менің балама сұлу қызыңызды беріңіз, егер сегіз күн болмаса, менің басымды алыңыз және малмүлкімді талан қылыңыз!»—деді. Патша мақұл болды. Үйге барса, патшаның үйіндегі қатынбалалары және уәзірлері жылап отыр екен. Сегіз күннен бері патшамыз жоқ деп. Онда патша атамның қылғанына қайыл болып: «Шал баласын ертіп келіп, қызымды алсын, қызымды беремін»,—депті. Онан соң сұлу мені отауға салды. Атам айтты: «Сұлу қызбен жатқанда жалаңаш жатпа!»—деді. Атамның сөзін мақұл көріп, қызбен бірігіп жатпадым. Маған қыз айтты: «Не себептен бірігіп жатпайсыз?»—деді. Мен қызға айттым: «Сіз сал екенсіз. Менің қарындасымның боқшасында ат басындай алтын бар еді. Сіздің боқшаңызда не бар?»—дедім. Қыздың ашуы келіп боқшаны ақтарды. Ішінен айдаһар шықты. Ол шыққан заман атам аңдып тұр екен, айдаһарды өлтірді. Ертең таң атты, барша халықтар патшадан сүйінші сұрады, «қыздың күйеюі аман тірі шықты» деп. Сол заман халықты шақырып алып той қылды. Қырық күннен соң той тарқады. Қызды тағы отауға салды. Мен әлі бірігіп жатпадым. Қыз ұйқыға заман үйдің төбесінен түсіп бір жүз құлаштай айдаһар келе жатыр екен. Оны көріп ақылым кетіп далаға тұра қаштым. Қашқан заман есіктің алдында екі өгіз жатыр екен, қашақаша атама келдім. Көрген оқиғаларымды баян қылдым. Атам бейшара бұл уақиға болған жерге келді. Көрдік. Баяғы айдаһар екі бөлініп жатыр. Екі өгіз жоқ екен. Одан кейін ол патша қырық нарға қазына артып қызын ұзатып берді және өзіміздің бағанағы дүкеніміздің малмүлкі қырық түйеге жүк болды. Соныменен сексен нарға жүк артып елге қайттық. Күндерде бір күн бір жайға келдік. Атам айтты: «Бұл жерді танисың ба?»—деді. Мен «танымаймын» дедім. «Сен танымасаң әуелдегі екеуміз жолққандағы сен жатқан көлеңкелі ағаш осы»—деді. —Балам, енді сенің елің бір басқа, менің елім бір басқа, екеуміз екі басқа жүреміз, әуелде айтқан қаулымыз бар еді бір нан тапсақ та бөліп жемек болып едік, енді мына сексен түйе жүкті де мына қызды да бөліс қыламыз,—деді. Сонда мен айттым: «Барша түйе жүкті сіз алыңыз»,—дедім. Оған атам болмады. Барша малмүлктерді бөлді. Онан соң қызды да ортасынан бөлді. Мен мұны көріп ақылымнан адасып сол жерде талып жығылдым. Бір заманнан соң басымды көтеріп қарасам, атам қыздың емшегіне су жүгіртіп ұстар отыр. Онан жаман талып қалдым. Тағы бір заманда қарасам, бағанағы өлді деген қызымыз тірі отыр. Онан кейін атам мені «тұрғын, балам» деп тұрғызды. Енді атам айтты: «Балам, маған еш нәрсенің керегі жоқ, мен жайымды саған мәлім қылайын»,—деді. —Сен әуелі үйден қыз іздеп шыққаныңда үлкен дарияның басында екі рәкәт намаз едің сол заман дария толқын болды. Сонда қайырлап жатқан жайын мен едім. Сен мені көріп құрмет қылып, нан беріп және үстіме су шашып балшығымды тазарттың. Сол заман Алла тағалаға арыз қылдым сондай мүсәпір адам қыз іздеп бара жатыр, мен сол мүсәпірге жолдас болайын деп. Құдай тағаладан рұқсат алып жолдас болдым. Енді қыздың жайын баян қылайын, бұл қыздың күйеуі айдаһар еді. Сен қызды іздеп шыққан уақыттағы мына көлеңкелі ағаштың астында жатқанда аспаннан түскен айдаһар қыздың атасы еді. Сені жұтпаққа аспаннан түсіп келе жатқан соң, мен оны екі бөліп өлтіріп жібердім және қыздың боқшасынан шыққан айдаһар—күйеуі еді. Үйдің төбесінен түскен айдаһар қыздың—енесі еді. Бәрін де мен өлтірдім. Бұл қыздың бұрынғы күйеулерінің өле беретін себебі, сол айдаһардың уы жайылғандықтан еді. Енді емшегіне су жүгіртіп тазаладым. Балам, енді жалаңаш болып бірігіп жата бер,—деді. Мен оған нанбадым. Сол заман мені дариядан өткізіп аслып, «қайыр қош балам» деп, көре көзімше жайын болып суға батып кетті. —Соныменен аманесен ауылыма келдім. Еліме келгеннен бір айдан соң сол әйелім өлді. Ол өлген соң енді қатынымнан айырылып, енді не боламын деп, мен де өлейін деп балшыққа жалаңаш аунап жатқан себебім осы. Қасымдағы екі жалаңаш не себепті жатқанын білмеймін, тақсыр,—деп бағанағы сұраған үш жалаңаштың бірінің патшаға берген жауабы осы. Екінші жалаңаштың жауабы: —Е, тақсыр, мен де бір байдың баласы едім. Бір қалаға көп кісі сауда қылып жүрмекші болдық. Мен оларға керуен басы болдым. Күндер де бір күн қырық кісі едік. Қырық бір қарақшы келіп баршамызды қарақтады. Біздерді көгендеген қойға ұқсатып көгендеп қойды. Мен байғұс ең шетіне көгенделген екенмін. Ол қарақшыларға мен көпкөп айттым, өтіндім: «Мен бір байдың жалғыз баласы едім, жалғыз мен сіздерге не қыламын, мені қоя бер!»—дедім. Сол себепті құдай маған жәрдем болып, мені ұрылар қоя берді. Басқа жолдастарымның басын кесіп өлтірді. Мен сорлы жаяулап неше айлар, неше күндер өткен соң арыпаршып шаршап бір қалаға келдім. Менің жайымды бір ақсақал адам сұрады. Мен ақсақалға көргенбілгенімнің бәрін баян қылдым. Ол ақсақал маған: «Сен маған бала боласың ба?»—деді. Мен «боламын» дедім. Сонсын маған ас беріп тойдырды. Үйіне әкеліп бала қылып алды. Мен де өкіл бала болдым. Ол маған ата болды. Атам үйде тұрса, түзін тындырдым, түзге шықса, үйін тындырдым. Ол ақсақал шалдың менен басқа баласы жоқ екен. Бір жақсы қызы бар екен. Бір күндерде атам шай ішіп отырып маған айтты: «Үйден барып қант алып келші»,—деп, мен үйге барып: «Шеше қант бер»,—дедім. Шешем қант берді және өзімнің қолымнан ұстап жібермей: «Менің саған көңілім кетті, балам, менімен болғын»,—деді. Айттым: «Апа бұл ісің жаман іс»,—дедім. Апам болмады. Мен етегімді тартып кетіп едім, анам жығылып тамның босағасына аузы тиіп қанап қанап қалды. Мен атама қантты беріп отырғанда артымнан анам келді. Атама айтты: «Біреудің қаңғырып жүрген баласын асырасаң осы, шеше, менімен бол деп азап беріп отырғаны мынау»,—деп жамандады. Бұл сөзге атам ол жерде ештеңе демесе де, нан пісіретін наншыға: «Ертеменен бір кісі жіберейін, сол адамның әлжайын сұрамастан нан пісіретін пешіңе жаба салыңыз»—депті. Мен ол істен хабарым жоқ. Атам «наншыдан нан алып кел» деді. Мен байғұс жүре бердім. Келе жатып бір үйдің есігін ашып едім, бір қария кемпір ас қылып жатыр екен. «Кел балам, құдайы тамақ еді, ауыз ти»,—деді. Мен сол тамаққа қарап отырып қалдым. Сол уақытта менің артымнан құданың құдыретімен өз анам барыпты, менің өлігімді көруге. Атамның сөзі наншының көңілінде болып, анамды нан тығатын пешке жауып қойыпты. Мұны мен көріп таң қалып үйге келіп атама айттым. Сонда атамның ақылы кетіп тұрған уақытта, атамның молда қызы: «Ата, анамның ісі қара еді, мақұл болыпты»,—деді. Сонда тұрып атам маған разы болды. Молда қызын маған некелеп берді. Атпенен өз қалама жеткізіп салды. Келген заман сол молда қатыным өлді. Соның қапалығымен келе жатсам, осы адам жалаңаш өлейін деп жатыр екен. Мен де өлейін деп осының үстінде жатырмын. Енді мына жалаңаштың не жайменен жатқанын білмеймін, өзі жауап берер,—деді. Үшінші жалаңаштың жауабы: —Тақсыр мен Көкше шайыр деген домбырашы едім. Мен домбыра шалғанда домбыраның күйін он сегіз мың мақұлықтың тыңдамағаны болмас еді, бірақ көк қарға тыңдамады. Күндерде бір күн күллі қарға төбемде найза бойы күліп тұрды. Сол уақытта домбырамды тартыптартып жіберіп едім, бәрі келіп аяғымен тұтты. «Көзіңді жұм»,—деді. Жұма бердім. Мені алып ұшып кетті. Ол қарғалар перінің қыздары екен, отыз тоғыз нөкері бар екен. Мен сорлы отыз тоғыз нөкерімен тамыр болдым. Бір күні патшаның қызына сөз айттырдым. «Сізбен тамыр болсақ қайтеді»,—деп. Сонда патшаның қызы айтады: «Меніменен тамыр болсаң үш күн, үш түн ұйықтамастан таңды атыр, сонда мен саған тамыр болмақ түгілі тиемін»,— деді. Онан соң үш күн үш түн ұйықтамай тұрмаққа ой қылдам. Сол заман үш күннің соңы болды деп отырып, таңға жақын ұйықтап қалдым. Бір кезде оянсам қанша уақыт жатқанымды білмеймін, көзімді ашып қарасам, қарға да қызда барлығы жоқ, мені бір боқ шанаға апарып тастапты. Қайдан келіп қайдан тұрғанымды білмеймі, сол өткен істеріме қапа болам «патшаның қызында не жұмысым бар еді онан басқа қыздар маған аздық қылар ма еді» деп. Енді бұдан да өлгенім артық деп келе жатсам, осы екі адам жалаңаш балшыққа аунап жатыр екен. Бұларды көріп мен де өлейін деп жата кеттім,—деп жауап береді. Сол ғаріптердің бастан кешкен оқиғалары тамам болғаннан кейін патша айтады: «Үшеулерің де қатын іздеп жатыр екенсіңдер»,—деп, үшеуіне үш қатын, үш ат алып беріп, үстеріне тон кигізіп жөнелтіпті.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.