Kazakh
Үркер
Ел айтады: «Үркер жерге түсті, қырық күндей жерде жатады», – дейді. [...] Бұл жөнінде ел аузында мынадай аңыз бар. «Үркер жерге түскен» кезінде, яғни майдың аяғы мен июнь айында жер көктейді, мал азығы көк шөп қаулап шығады. Ендеше, жерге түскеннен кейін, жерде жатып Үркер көк шөпті айдап шығарып жатады. Неғұрлым Үркер жерде көбірек жатса, солғұрлым жануарларға жайлы. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі Үркерді аспанға шығармай, кезек-кезек тұяғымен басып тұрмақшы болып келісті. Кезек келгенде ешкі жеңілтек карап, Үркер оның тұяғының арасын жарып аспанға шығып кетеді. Егер ешкінің ұшқалақтығы болмаса, Үркер үнемі жерде жатар еді, үнемі шөп қаулап шығып, жануарлар ешқашан жемсіз болмас еді.