Back to corpus

Жыл таласы

Бір кезде жануарлар арасында «Жыл келе жатыр» деген лақап тарайды. Келе жатқан Жыл жануарларға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма кім білсін, әйтеуір жануарлар жиналып, Жылды қарсы алмақ болады. Бәрі де Жылды бірінен бірі бұрын көрмек болып, бәсекелесіп тұрады. Түйе бойына сеніп, онша саспайды. Сүйтіп тұрғанда, тышқан ж...

Kazakh
Жыл таласы
Бір кезде жануарлар арасында «Жыл келе жатыр» деген лақап тарайды. Келе жатқан Жыл жануарларға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма кім білсін, әйтеуір жануарлар жиналып, Жылды қарсы алмақ болады. Бәрі де Жылды бірінен бірі бұрын көрмек болып, бәсекелесіп тұрады. Түйе бойына сеніп, онша саспайды. Сүйтіп тұрғанда, тышқан жорғалап түйенің құлағына шығып, бәрінен бұрын Жылды тышқан көріп, айғай салыпты. Түйе ыза болып, тышқанды куып кеткенде, басқалар Жылды көріп, сол Жылды көрген жануарлар атымен жылдар аталып, бірінші көрген Тышқан жыл басы болған. Түйе бойына сеніп құр қалған. Тышқанның інін көрсе, түйенің жата қалып аунайтыны содан.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.