Ғазауат Сұлтан

Дастанның басты қаһарманы Сейiтбаттал—әскер басы, дiн- дi уағыздаушы батыр ретiнде көп уақыт бойы ислам дiнiн басқа халықтарға таратуға күш салған. Сейiтбаттал—Мұхаммед пайғамбардың күйеу баласы, халифа Әлидiң ұлы Хұсайыннан тараған ұрпақ, солардың бастаған ғазауат жорығын жалғас- тырушы. Дастанның негiзгi сюжетiне арқау болған—Сейiтбаттал батырдың көп құдайшылдарға қарсы соғыстары мен оның әдiл қазылығы туралы аңыз, әңгiмелер.

Kazakh
Ғазауат Сұлтан
Бисмиллаһир рахманир рахим. Һазәл китаб фи манақиби хазрәт сұлтан Сейiтбаттал Ғази. Бисмиллаһир рахманир рахим. Әлхамдулиллаһи раббил аләмин уас салауату уас саламу алә хайри халқиһи Мұхаммадин уа алә әлиһи уа асхабиһи әжмағин. Бисмиллаһи хамд илән сөз бастамалы, Әуелi сөз бастасақ Алла дейдi. Әуелi есiм Алланы жад қылмалы, Сиынып фазылына зар жыламалы. Көңiлiмiзге хайыр илһам салғыл дейдi, Тiлiмiзге хайрул кәлам бергiл дейдi. Бар қылған барша әлемдi Мәуләмiздi, Иғтиқад жан тiлмен зар қылмалы. Қадiр Алла бар қылған жұмламызды, Жаратқан инсан қылып шүкiр бiздi. Мүмiн қылып жаратқан Алла бiздi, Чоқ шүкiр жад қылмалы һәр демде Алламызды. Кәпiр, мүмiн жаратса Қадiр өзi, Құл болғанның амалын бiлер өзi. Құл болғанның Аллаға не-дүр сөзi, Құданың құдiретiне жетпес көзi. Жаратты кiмдi пақыр, кiмдi ғани, Жұмлаға болар Хақтың бұйырғаны. Жаратты нәби, мұрсал, сұлтандарды, Бiр жанға тәслiм қылған жұмлаларды. Көрсеңiз һәр падишаһтың рағияларды, Қаратқан тәдбирiне Иләһым Қадiр оны. Және бiл жаратқан Алламызды, Бар қылған бiр зәрреден бар әлемдi. Қарасаңыз, иә әууал, зәрренiң асылыны, Әуелде неден болған фасылыны. Бiлсеңiз құп, бiлмесең, бiл әуел зәрренi, Мұхаммед Мұстафаның деймiз-дүр нұры оны. Әуел нұрдың бiлдiңiз бе асылыны? Құданың ғажап қылсаңыз хасылыны. Ол нұрдан жаратқан Мұхаммедтi, Сол себеплi Сәруар ғалам деймiз оны. Һәр пенде сүйер болса ол нәбидi, Жаһаннамнан халас қылар ол жанларды. Сүйсеңiз сүйген құлдың ғаламатын, Һәрдайым оқыр болар салауатын. Мұхаммед Мұстафаның хас үмбетi, Салауатқа кәмiл қылар ықыласты. Пайғамбардан нәжат тiлесеңiз бұ жаныңды, Оқыңыз ықылас бiрлән салауатты. Салауат, сәлем сеңа болсын иә, Хабибi, Күнәһардың дертiне иә, Тәбибi. Құдай-а, баян қылдым бiр кiтап мiнәжатты, Iшiнен сұрап түрлi һәр қажеттi. Баян қылдым әулиелерден манақибтi, Үмiт етiп анлардан шапағатты. Және де баян қылдым Қожа Ахметтi, Тәлибтер оқысын деп ол назымды. Назым жаздым Мұхаммед Мұстафаның мұғжизатын, Бiлсiн деп салауаттың фазилатын. Һәм баян қылдым асхаб илән ахбабларды, Шариғатты кәмiл бiлген мазһаб илә ғалымларды. Достыға дос жалынса нешiк ердi, Досты көңiлi алынар деген ердi. Иләһтан медет тiлеп қылдым зары, Шайыд-шапағат қылар деп жұмлалары. Нешiк-дүр һәрдайым да құлдың сөзi, Қожасы қабыл қылса бiлер өзi. Намыс деп тiлiн кеспек терiс өзi, Көрiңiз «лә тафанту мин рахмати» деген сөзiнi. Сол себеплi зар қылып дедiм сөзiн, Шапағат қылғай ма деп жидым сөзiн. Баян қыламын бiр ғазиз, мәшһүр әулиенi, Паш болған кереметi бiр ғазы ердi. Мұхаммед Мұстафаның мұғжизаты, кереметi, Дүниядан көшпес бұрын бiлдiрдi оны. Ол ердi бiлмегенге бiз ғарiп бiлдiрелi, Лақаб есiмi Сейiтбаттал деймiш ердi. Сейiтбатталдың кiтаплары насыр ердi, Насырды назым қылып жазғым келдi. Манақиб кереметiн жайғым келдi, Шапағат ол ғазизден сұрағым келдi. Дүр уа жауһар сөзлерiн шашқым келдi, Қауымдардың көңiлiн ашқым келдi. Бейылаж қауым, мiскiндер аңдамайды, Ашық түркi болмасалар тыңламайды. Ғалымдар өзi оқып хоштанады, Қауымдар түсiнбеген бос қалады. Ғалымдар қауымдарға тiлмәш ердi, Бiлдiрмек бiлмегенге абзал ердi. Сол себеплi бiлдiрерге қылдым қасты, Иә, Алла, түзегейсiң ықыласымды. Жаранлар, сiз дұғада болғыл жары, Бұл құлдың Алла болсын медеткерi. Айтайын ол ғазиздiң хикметтерiн, Түзеуге көңiлiңiздi, жiбiткелi. Естiңiз Сейiтбаттал палуан-ердi, Паш болған әуелiнi тыңда ендi. Пайғамбардың мұғжизатының мәшһүрiн, Айтайын рауилардың айтқан сөзiн. Пайғамбарымыз Мәдинеде тұрар ердi, Насихат асхабларына айтар ердi. Бiр күнлер сахабаларына сөз сөйледi: –Мүбәрак қатарым тар, – деп сөйледi. Көңiлiм бүгiн ғажап мәлүл, – дедi, Қардашым Жәбiрейiл келмегелi үш күн болды. Бiр хикаят айтыңыз сiзлер, – дедi, Қардашым келерiне және себеп, – дедi. Сол халде бiр сахабасы тұра келдi, Қол қусырып, хозурында тағзым қылды. Абдулуаһап ол сахабаның есiмi ердi, Iшiнде сахабалардың мәшһүрi ердi. Ол сахабаның хикметтерi ғажап ердi, Бұрынғы пайғамбарларды көрген ердi. Анларға қызмет, құрмет қылған ердi, Анлардан хайыр фатиха алған ердi. Әлқисса, Пайғамбарымыздан изин сұрды: –Айтайын көргенiмдi сiзге, – дептi. «Бәлi» деп Пайғамбарымыз изин бердi, –Хайрул кәлам, мархабан, хош, сөйле, – дептi. Сол халде Абдулуаһап сөз сөйледi, Көргенлерiн түрлi ғажап бек сөйледi: –Көп жасқа иә, Расул Алла, келдiм, – дептi, Һәр тараптарға жолым түсiп кездiм, – дептi. Бiр күнлерi шаһары Рұмға бардым, – дептi, Шаһарын сайран қылып кездiм, – дептi. Адамлары бек һәйбатлi, хұсни ғажап, – дедi, Ләкин дiнi батыл анлардың, мүнкәр, – дедi. Мұсылман Хақ Тағала қылар ма едi, Көңiлiм оны сүйдi бейкүнәһлы, – дедi. Сөзiн айтып Абдулуаһап тамам қылды, Тағзым қылып орнына қайта отырды. Сол халде сұлтан әл-Әнбия пiкiр қылды, Үмбетлiкке көңiлi оны сүйдi. Сол халде Жәбiрейiл Әмин жетiп келдi, Хақтың сәлемiн Пайғамбарға айтып келдi: –Көңiлiңiз Рұм халқын сiздiң сүйдi, Құдайым сүйгенiңдi сiзге бердi. Сiзге үмбет ол халықты қылмақ болды, Ләкин қазiр уақытта болмас, – дедi. Бұ дүниядан көшсеңiз бiр күн, –дедi, Екi жүз жылда бiр ұғлан туар, – дедi. Оның нәсiлi Әли Мұртазадан болар, – дедi, Мақамы Малатиядан ол ұғлан шығар, – дедi. Дiн қылышын ол ұғлан соғар, – дедi, Мұнаууар дiн исламды қылар,–дедi. Есiмi Жағыпар болар, ол ұғлан әуел, – дедi, Соңында Сейiтбаттал лақабы, – дедi. Көркем жүздi, ұзын бойлы, тәттi сөздi болар, – дедi, Төрт кiтапты тамам жатқа бiлер, – дедi. Шиғыр оқып, ол дауысын созар, – дедi, Оның дауысын ұшқан құстар тыңлар, – дедi. Оқыр болса, назым бiрлән әгар сөздi, Инси жынлар есiнен танар, – дедi. Шақ болмас ғылымына һеш жан, – дедi, Һәм бiлер жұмла жанның тiлiн, – дедi. Һайбатлы Асадулла, Шаһмардандай болар, – дедi, Хамзаға пара-пар болар оның күшi, – дедi. Хайлакер баба Омардан болар, – дедi, Жалғыз жүрмек әдетi және болар, – дедi. Жер жүзiн сайран қылып кезер, – дедi, Адам жетпес жерлерге жетер, – дедi. Сиқырын талай жаһанның бұзар, – дедi, Уа және дию, перi, жынларды қырар, – дедi. Рұм шаһарын ол жұмла алар, – дедi, Ыстамболды ол алып болар, – дедi. Адамларын ол мұсылман қылар, – дедi, Кәнисаларын бұзып, мешiт салар, – дедi. Жәбiрейiл көп сөздердi баян қылды, Раушан аян қылып, ғұруж қылды. Андан соң Пайғамбарымыз тафриқа баян қылды, Асхаби ахбаблар және аян қылды. Асхабалары бұны естiп шат болды, Көрмегендер көрген кебi бек шаттанды. Уа және Абдулуаһап сахаба тұра келдi, –Иә, Расул Алла, сөзiм бар және, – дедi. Бұ қауымдардан көрер ме һешкiм оны? Ол ұғланның ғажайып хикметтерiн. Сол уақытта Жәбiрейiл жетiп келдi, Уа және Хақтың сәлемiн айтып келдi: –Сол сұраған сахабаң көрер, – дедi, Көп заман соғысында болар, – дедi. Достыңыз дахи сiзге сөз бұйырды, Сипасын сол адамның басын, – дедi. Бұ күндi тарих қылсын және, – дедi, Хат жазып һәм тапсырсын оған, – дедi. Ол хатқа бек ықтият болсын, – дедi, Өзiне Жағыпардың берсiн, – дедi. Хаттың iшiне бiр шашын салсын, – дедi, Ол шашты Жағыпар бәнд қылсын, – дедi. Ғазылық талай жанмен қылар, – дедi, Басына талай қиындық келер, – дедi. Һәркiмлер қылыш илән шалар, – дедi, Ол шаштың құрметiнен қалар, – дедi. Және мүбәрак ауыз-жарын берсiн, – дедi, Аманат Абдулуаһап алсын, – дедi. Ол түкiрiктi Жағыпар ғазы жұтса,– дедi, Жұмла хикмет тiлдердi бiлер,– дедi. Машриқ, Мағрибты кезер,– дедi, Ол жолда талай ғажапты көрер, – дедi. Ләшкер қылып талай халықты алар,– дедi, Һәр халықтың тiлiн сонда бiлер,– дедi. Әлқисса, Жәбiрейiл аләйһиссалам көп сөз айтты, Аян, баян қылумен ғұруж еттi. Бұ сөздi Хабибулла баян қылды, Бiлдiрiп асхабларына аян қылды. Әлхасыл, хазiретi Әли қолына қалам алды, Сол күнi тарих қылып тамам жазды. Отырған ұлық-кiшiк асхаблары, Ол хатқа сәлем жазып пешатлады. Пайғамбарымыз Абдулуаһапқа «кел» деп айтты, «Аманат ауыз-жарымды ал» деп айтты, Тәбарак Абдулуаһап тұра келдi, Ғиззатлап Пайғамбардың жерiн сүйдi. Жердi сүйiп, басын қойып жатып ердi, Басын сипап, аузына һәм түкiрдi. Түкiрiктi Абдулуаһап жұтып ердi, Жұта алмай, тамағына түйiн болды. Ұрадай түйiн болып тұрып ердi, Құданың хикметiне асхабтары қайран қалды. Әлидiң жазған хатын оған бердi, – Берiк болғыл үшбу хатқа, жаным,– дедi. Көп сәлем Жағыпар ғазыға айтқыл,– дедi, Көрерсiң, иншалла, ол ғазынды. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Айталық сөзiмiздiң мақсұтыны. Әмма рисалат жылдары Пайғамбардың тамам болды, Мұхаммед Хабибулла дүния салды. Нәубет бiрлән сахабалар жұмла көштi, Абдулуаһап сахаба жалғыз қалды. Ол келiп Малатияда отан қылды, Екi жүз жыл толғанша күтiп тұрды. Хазiрет Әлидiң нәсiлiн тарих қылды, Интизар Жағыпар сұлтанға болып жүрдi. Әлқисса, ол нәсiлден бiр ер туды, Есiмi Рабиғ деймiш ғалым мәшһүр болды. Құп әуезлi ол шаһарда мәшһүр болды, Отыз жыл хұтбаны ол оқыды. Ол ғалымнан бiр ұғлан және туды, Есiмiн ұғылының Әли қойды. Ол Әлиден екi ұғлан және туды, Екiсiне Хасен, Хұсайын деп есiм қойды. Хасен ғайат, құп әуезлi ғалым болды, Хұтбаны Хасен ғалым оқыр болды. Хұсайын бек баһадүр палуан болды, Сарғаскерi халифа ағзам оған бердi. Заманында бек қисапсыз палуан болды, Қаһарланса дұшпанларын һәлак қылды. Ол Хұсайын қайсар Рұмнан хараж алды, Һәр ықылымларға бiлiнiп мәшһүр болды. Ыстамболдан қайсар Рұм қорқар ердi, Қорқып тақтысында жатпас ердi. Жетi жерден қарауыл үй салдырды, Уа және қорған салып, берiк қылды. Онда да Хұсайыннан қорқар ердi, Жыл сайын алтын, жауһар берер ердi. «Иә, Хұсайын! Сен бiзге келмең,– дедi, Не мақсұдың бар болса алғыл» дедi. Хұсайын ғазы оның сөзiн қабыл қылды, Жыл сайын сыйлық алып тұрар ердi. Хұсайынның бiр әдетi болар ердi, Һәр күнлерде аң аулауға шығар ердi. Бiр күнлерде аң ауларға шығып ердi, Алдынан бiр ғажайып киiк қашты. Ол киiктi Хұсайын ғазы қуған ердi, Ол киiк бiр таудағы ғарға кiрдi. Артынан Хұсайын ғазы кiрген ердi, Ол киiктi таба алмай қайран қалды. Ғар iшiне көзiн салып тұрған ердi, Iшiнде бiр ғажайып атты көрдi. Байланып бiр тас аузар тұрған көрдi, Үстiнде ер-тұрманы берiк көрiндi. Ат алдында шаншылған сүңгi көрдi, Уа және бiр ұлық күрзi ғажап көрдi. Уа және ат үстiнде қоржын көрдi, Уа және ер қасында шынжыр көрдi. Хұсайын ғазы ол атқа көзiн салды, Ол аттың сипатына қайран қалды. Түсi сары, алтын кебi жалтырайды, Десең болар көрген жан қалтырайды. Хұсайын ғазы һәр тарапқа назар салды, «Сахибы не жерде» деп қайран қалды. Һеш ғаламат болмады, атқа келдi, «Иесi келер ме екен?» деп атқа келдi. Ат секiрдi тұттырмай, нәфрат қылды, Неше кере хайла қылса ол болмады. Сол уақытта ғар iшiнен дауыс шықты: –Иә, Ашқар, тәсiлiм болғыл оған,– дейдi. Жағыпарға тапсырар сенi,–дейдi, Ол Жағыпар – мұсылманлардың нұры,– дейдi. Ол Жағыпар сұлтан дүнияға келсе,– дейдi, Дiн мұсылманды мұнаууар қылар,– дейдi. Мүшiрiк болған залымдарды қырар,– дейдi, Шаһарларын талқан қылып бұзар,– дейдi. Хұсайын ғазы төрт тарапқа көзiн салды, Һеш адам ол арада көрiнбедi. Андан соңыра Хұсайын ғазы атқа келдi, Ол ат ендi қозғалмай, тәсiлiм болды. Атты алды, қаруларға көзiн салды, Һәр қаруларда жазылған хатты көрдi. Жұмласын Хұсайын ғазы оқып көрдi, Жұмласының сөзiн тамам бiлдi. «Хамза палуанның сүңгiсi илән күрзiсi,– дептi, Ол қоржын Ысқақ пайғамбардан қалған,– дептi. Дүния малын салса да толмас,– дептi, Көтерсеңiз ауыр болмас және,– дептi. Iшiнде Адам аләйһиссаламның шашы,– дептi, Дұшпанларды байласаң шынжыр,– дептi. Және бар Дәуiт пайғамбардың заһарлы қылышы, Әгар тасты шапсаң да кесер,– дептi. Ысқақтың шынжырының бiр хикметi, Жын, шайтанды байласаң да кетпес» дептi. Әлхасыл, Хұсайын ғазы көрдi жұмла бәрiн, Қанша жазған сөзiң бiлдi бәрiн. Бұнларды жұмла алып Хұсайын жүрдi, Уа және көп пiкiрге қалып жүрдi. «Иә ғажап! Ол Жағыпар кiм-дүр?– дедi, Бұ мисли ат, құралға ие» дедi. Табарик пiкiр ойлап келер ердi, Ұйқысы ғалиб болып аттан түстi. Аттан түсiп, ол ұйықтап жатып ердi, Түсiнде пiкiрiнен хабар бердi: Түсiнде Қызыр аләйһиссалам сүйiншi сұрды, «Ол Жағыпар сенiң ұғылың болар,– дедi. Аз қалды, бұл дүнияға ол ұлың келүр,– дедi, Дiн мұсылманларды мұнаууар қылұр» дедi. Оянып Хұсайын ғазы тұра келдi, Сәжда-и шүкiр үшiн намаз қылды. Андан соңыра атқа мiнiп үйге келдi, Бұ сырды ғайрлардан пiнһан қылды. Әлқисса, бiраз заман, күнлер өтiп жатты, Хұсайын ғазының қатыны хамл болды. Сарғаскер ол шаһарда Хұсайын ердi, Патша илән мәжiлiс қылып отыр ердi. Бiр адам қапу қағып, изин сұрды, Ол адамға изин бердi, үйге кiрдi. Ол адам Тауабил деймiш палуан ердi, Хұсайынның қатынының ағасы ердi. Хұсайынның құлағына ол келiп сыбырлады: –Саида ұғлан туды қазiр,– дедi. Сүйiншi сұрап, ол үйге қайтып кеттi, Патша сонда: – Нешiк келген?– деп сұрады. Хұсайын ғазы патшаға жауап бердi: – Бiз пақырдан бiр ұғлан келген,– дедi. Ол сөзге патша және бек қуанды, Қолына «Астурлық» деген кiтап алды. Ғылымына астурлықтың ол маһир ердi, Кәуәкиб-жұлдыздарға назар салды. Ол ұғланның талиғын жақсы көрдi, Назарын һеш адамларға шақ көрмедi. –Ұғылың құтты болсын, палуан,– дедi, Жаһанда теңдесi жоқ болұр,– дедi. Жаһанның палуаны ұғылың болұр,– дедi, Ғылымына жердiң жүзi толұр,– дедi. Есiмi Жағыпар болсын оның,– дедi. Бiздiң бiлген ғылымымыз осы,– дедi. Уа және көп дұғаларды жазып бердi. –Басына ұғылыңыздың таққыл,– дедi. Хұсайын ғазы дұғаны алып үйге келдi, Құдаға шүкiр үшiн намаз қылды. Жоқ ердi Хұсайын ғазының ғайр ұғылы, Той қылып, шаһар әһлiн қонақ қылды. Садақа ғалым-ғұламаларға және бердi, Жұмласы хайыр дұға оған қылды. Әлқисса, үшбу ұғлан үшке келдi, Көргенлерi «алты жаста» дерлер ердi. Ол ұғланның хұсниы ғажап ердi, Көргендер «Жүсiп сәни» дерлер ердi. Һәркiм еркелетiп, қолға алып сүйер ердi, Қайта жерге қоюға қимас ердi. Әлхасыл, азайталық үшбу сөздi, Айталық сөзiмiздiң мақсұтыны. Жағыпардың нұры балқып өсе тұрсын, Кәмелетi һәрбiр күнде арта түссiн. Атасы Хұсайын ғазының сөзi келсiн, Ғұмырының тамам болған себеплi баян болсын. Жаранлар, бiр қайғылы сөзiм келдi, Хұсайынға тағдыр болар уақыт келдi. Бiр күнлерi аң ауларға шығып ердi, Шыққаны Мағмурияның тарапы ердi. Хұсайын ғазы бiр тауға шығып ердi, Алдынан бiр манқыш-киiк қашты. Ол киiктi Хұсайын ғазы қуып ердi, Ол киiк көп әскерге келiп кiрдi. Айтылған «ердi ғапылда» деген сөзi, Ғапыл күнде көп ләшкерге Хұсайын ұшырады. Меһрияил ол ләшкердiң басы ердi, Қайсардың қатынының ағасы ердi. Меһрияил, Меһiран, Шамасаб үшеу ердi, Ол киiк Меһрияил патшаның мүлкi ердi. Ол киiк Меһрияилге туғры келдi, Тiрiлмес ол киiктiң халiн көрдi. Меһрияил ғадұб бiрлән нағра салды, –Кiм қуған бұ киiктi?– деп сұрады. Тез оны хозурыма келтiр,– дедi, Келмесе, аман бермей өлтiр,– дедi. Сонда ләшкерлер һәр тарапқа көзiн салды, Қарасалар, тау басында адам көрдi. Әскердiң бағзылары оған барды, –Нешiк қудың патшаның киiгiн?– дедi. Ол патша бiзлерге әмiр қылды: «Тез оны хозурыма келтiр» дедi. Хұсайын ғазы үшбулерге жауап бердi: –Менiм атым Хұсайын ғазы болсын,– дедi. Меһрияил маған берсiн киiгiн,– дедi, Жоқ десе, не қылармын бiлсiн,– дедi. Бұны естiп ләшкерлерi керi келдi, Естiген сөзлерiнен хабар бердi. –Сiздi шақырды,– деген сөздi тыңламады, «Әуелi киiгiн берсiн» деп сөйледi. Оны алып келерге хал болмады, Неше кере жалынсақ ол болмады. Меһрияил ол Хұсайын ғазыны бiлер ердi, Айрылып ақылынан естен танды. Ләшкерiне ол Меһрияил сөз сөйледi: –Ол Хұсайын бек қуатты палуан,– дедi. Шақ болмас жекпе-жеке һеш адам,– дедi, Жұмла әскерлер ортаға алып бақсын,– дедi. Хұсайын ғазы сол күнде ғапыл ердi, Аң аулап, ол құралсыз жүрген ердi. –Қаруларым болмады, – деп аһи қылды, Не қылармын қарусыз ендi,– дедi. Әсiлiмiзде қашып жоқ-дүр,– дедi, Бабаларымыз жалғыз жауға кiрген ердi. Иә, Алла! Өзiңнiң қылғаның болар,– дедi, Тағдырыңа тәбдил болмас һешбiр,– дедi. Тәуекел! Ғалиулла!– деп қарсы жүрдi, Дiн үшiн жаным құрбан болсын,– дедi. Нәсiп қыл, хұсни иман, иә, Алла,– дедi, Шаһидлыққа нәсiп қылғыл бiзге,– дедi. Тауарис ол болған бiзге,– дедi, Шаһидлық бабалардан қалған,– дедi. Әлқисса, нағра салып, сайха қылды, Әскерi мүшрiклердiң естен танды. «Иә, Алла!» деп, мүшрiклерге қол сермедi, Қаруын палуанлардың тартып алды. Мисли аш арыслан қойға кiрдi, Анларды төбе-төбе қырып салды. Адамның қаны мисли наһр селдей болды, Үш күн, үш түн аттан түспей қыра бердi. Төртiншi күн қырық мың ләшкер ортаға алды, Нехасыл, кәманд атып, шаһид қылды. Құралсыз атқа мiнiп, желген ердi, Өзiнiң қазасына келген ердi. Көп әскер оның атын ортаға алды, Тұттырмай Малатияға желе бердi. Қан болып Малатияға жетiп барды, Халайықтар оны көрiп қайран қалды. Бұл iстi кiм қылғанын бiле алмады, Халайықтар матам тұтып, зар жылады. Бiр адам сол уақытта жетiп келдi, Ол келген Яхия ибн Мансұр деген ердi. –Мен көрiп Хұсайын ғазыны келдiм,– дедi, Мағмурияда ол Хұсайын шаһид болды. Жұмла көрген-бiлгендерiн баян қылды, Меһрияилдың өлтiргенiн аян қылды. Бұл iстi шаһар әһiлiнiң бәрi бiлдi, Жетi күн Құран оқып, зар жылады. Әмiр Омар халифа ағзамға қағаз жазды, Хұсайын ғазының мажырасын тамам жазды. Халифа хатты көрiп, зар жылады, Үш күнi Хатым Құран ол оқыды. Әлхасыл, халифа ағзам хаттар жазды, «Сақ бол!» деп, һәр шаһарларға тамам жазды. «Қайсар малғұн әрекет қылса, әгар,– дейдi, Тез бiзге хабар қылғыл сiзлер,–дейдi. Ғинаят Хақ Тағала қылсын өзi, Байлансын дұшпанлардың жұмла көзi». Бұл хатты әмiр Омар естiп жұмла бiлдi, –Сарғаскер бiзге керек ендi,– дедi. Жағыпар – мұғтасим әзiр күнде сәби,– дедi, Ол өскенше сарғаскер керек,– дедi. Шаһар әһлi мәслихат жұмла қылды, –Сарғаскер Ғабдуссалам болсын,– дейдi. Сарғаскер Ғабдуссалам болып тұрды, Мұныменен бiрнеше заман тұрды. Әлхасыл, үшбу сөздi азайталы, Сөзiне Жағыпар сұлтанның бiз келелi. Жағыпар он үш жасқа келiп ердi, Жиырма аршын қад қамат бойға келдi. Уа және төрт кiтапты жатқа бiлдi, Ол кiтап: Таурат, Забұр, Iнжiл, Құран ердi. Төртеуiнiң тәпсiрiн жұмла бiлдi, Хадистерiн Пайғамбардың жұмла бiлдi. Ғалым, ғұлама, тәлиб, тулабалар бахс қылды, Жағыпар сұлтан жұмласын мәлзам қылды. Ғылымына һешбiр адам шақ болмады, Хұтба оқуды Омар патша оған бердi. Жағыпар ғазы мiнбарға шығып ердi, Мұнаууар мешiт iшi жарық болды. Хұтбаны Жағыпар сұлтан оқып ердi, Халайықтар естен танып зар жылады. Мисли бiр қияметтiң күнi болды, Естiген инсi-жындар есiн танды. Андан соң өнер ғылымын әуес қылды, Силхушур – соғыс ғылымын және бiлдi. Әлқисса, шаһар әһлi майданға бiр күн шықты, Тафарраж ұлық-кiшiклер қыла шықты. Һәркiмлер түрлi өнер қылып ердi, Жағыпарға һешбiр адам пар келмедi. Ат ойынын, сүңгi ойынын жұмла бiлдi, Күрзi, қылыш ойындарын жұмла бiлдi. Күрессе һешбiр адам шақ болмады, Жетпiс екi ойынды артық бiлдi, Халайықтар жұмла көрген қайран қалды. Халайықтар Жағыпарға «африн» деп тахсин қылды, «Өнерi атасынан да өткен» дейдi. Уа және мәжiлiс әһлi сөз сөйледi: «Не себеплi атасының уазифасын сұрамас?» дейдi. Әлхасыл, Жағыпарға халайықтар көп сөз айтты: –Атаңның мұнахибын сұра,– деп айтты. Атаң сенiң сарғаскер сұлтан ердi, Халифадан ол уазифа алар ердi. Дүниядан атаң сапар қылған ердi, Ғабдуссалам уазифасын алған ердi. Сен ендi әмiр Омарға айтқыл,– дейдi, Атаңның уазифасын берсiн,– дейдi. Жағыпар сонда анларға жауап бердi: –Сiзлердiң бұл сөзiңiз болмас,– дедi. Атам менiм көрсеткен-дүр өнер,– дедi, Алған-дүр уазифаны сол себеплi. Халайықтарына және сөзiн баян қылды, Жағыпар өнерiн ғайат қылды. – Сенiң өнерiң атаңнан озған,– дейдi, Бiз көрдiк өнерiңдi жұмла,– дейдi. Сен бiлмеген өнер һеш қалмады, Ендi тоқтар һеш iсiң жоқ, сұра,– дейдi. Әлқисса, күн кеш болып, көп сөз болды, Жағыпар ғазы мәлүл болып, үйге келдi. Анасының есiмi Сағида ердi, Құшақтап, ұғылының көзiн сүйдi. Жоғарыдан орын түзеп отырысты, Асарға алдарына тағам қойысты. Жағыпар ғазы сол уақытта бiр аһ ұрды, Көзiнен жасы рауан аға бердi. Анасы сонда: – Иә, жаным, ұғылым!– дедi, Не себеплi қайғы шектiң, бiлдiр?– дедi. Сол халде Жағыпар сұлтан жауап сұрды: – Атамның хал-жайын бiлдiр,– дедi. Анасы сол уақытта «аһ-үһ» деп жауап бердi, –Жүрегiмдi кәуап қып жақтың,– дедi. Атаң сенiң жаннан озған палуан ердi, Дiн қылышын бейарзу Алла соққан ердi. Қайсардан атаң хараж алған ердi, Дiн мұсылманлар шат болып күлген ердi. Рұм қайсары тақ үстiнде жатпас ердi, Қорқып, ол рахат һеш таппас ердi. Жыл сайын ол қайсардан сыйлық алды, Уа және халифадан уазифа алар ердi. Жағыпар сонда «жылама!» деп жауап бердi, – Иншалла, атамның уазифасын қойман,– дедi. Әлхамдулла, ғылым-тахсил жұмла қылдым,– дедi, Уа және жұмла өнерiн адамлардың бiлдiм,– дедi. Сонда анасы Жағыпарға сөз сөйледi: – Бұл сөздi қоя көргiл, жаным,– деп сөйледi. Ғабдуссалам – бай адам, сөзi мұғтабарлы, Һәм жақыны патшаның, сөзi тыңдаулы. Арамызға бiр ғауға түсер,– дедi, Бұл сөзден фариғ болғын, жаным,– дедi. Әлхасыл, сабах садық таң да туды, Жағыпар ғазы мешiтке барып кiрдi. Имам болып, намаздан фариғ болды, Патшадан сөз айтуға изин сұрды. Патша сонда Жағыпарға изин бердi, Жағыпар ендi бұлбұлдай сөз сайрады: – Әлқисса, атамның уазифасын берсең,– дедi, Мүмкiн болса, мен алсам нешiк?– дедi. Анамның нығметi бұ күнде нұқсан,– дедi, Асарға һәм киерлiкке жетпес,– дедi. Ол сөзiн халайықтар мақұл көрдi, «Өнерi Жағыпар сұлтанның жеткен» дедi. Сол халде Ғабдуссалам сөз сөйледi: –Иә, Жағыпар, менiм сөзiмнi тыңла,– дедi. Сенiң атаң өнерлi кiсi ердi, Қайсардан хараж алған палуан ердi. Сенiң iсiң мәсжидте тұрмақ,– дедi, Мақсұдың ғылым-тахсил қылмақ,– дедi. Сен ендi өнерiң болса, көрсет,– дедi, Атаңның қанын алғын әуел,– дедi. Меһрияил, Шамасаб өлтiрген атаңызды, Палуан болсаң, алып кел оның басын. Әуелi, сен бiтiрсең бұ қызметтi, Атаңның мен берейiн уазифасын. Бұл сөзге халайықтар екi тарап талас болды, Екiсiн екi тараптар қуатлады. Жамағаттар бұ сөз бiрлән таратылды, Жағыпар сұлтан мәлүл болып, үйге келдi. Анасы үшбу сөзден хабар бiлдi, «Аһи жүрек, күшiгiм» деп қайғы қылды. Анасының ағасы Тауабил және келдi, –Аһи жүрек, күшiгiм,– деп сөйледi, – Әуелi, неге айтпадың маған?– дедi, Тасила берер ердiм саған,– дедi. Арамызға бiр адауатлық түсер,– дедi, Иә, ұғылым, бекер айтпадың, қате,– дедi. Жағыпар сұлтан ол екiсiне жауап бердi: – Ол сөзлер өтiп кеттi бiзден,– дедi. Ол уақытта рахат, дәулет мауфир ердi, Бұл күнде жұмла дәулетлер зайұл болды. – Ол дәулет Ғабдуссаламға түсiп кеттi, Бiзлерге пақырлықтың уақыты жеттi. Анасы мұны айтып зары қылды, Гауһар кебi көзден жасын жары қылды. – Ендi Меһрияилдiң ғаламатын сөйле,– дедi, Тапсам, басын келтiрейiн сiзге,– дедi. Тауабил сонда Жағыпарға сөз сөйледi: – Жаным ұғылым, сабыр қылғыл,– деп сөйледi. Меһрияил – жауыз, малғұн палуан,– дедi, Қара күштi, һайбатлы, бек аяр,– дедi. Бейниһая әскерi көп-дүр оның,– дедi, Қоя көргiл бұ пиғылыңды, жаным,– дедi. Әлқисса, көп сөз айтып, күн кеш болды, Жағыпар сұлтан түн жарымында атқа мiндi. Анасы маниғ қыла алмай зар жылады, «Иә, Алла! Өзiң сақта!» деп жылады. Әуелгi бап: Жағыпар ғазының атасын өлтiрген Меһрияил илән Шамасабты өлтiрiп һәм он бес басты келтiргенi-дүр Иә, Алла! Сөз башлайын, өзiң оңда, Көңiлiме пiкiр салғыл, Құдауанда. Сөз айтсақ хамд илән салауат мұнда, Көп қылғай сауабын махшар күнде. Мұхаммед Мұстафаның шапағатында, Хайрул кәлам табылғай тiлiмiзде. Сұлтан Сейiтбатталдың соғысында, Он үш жаста бастаған ғайр түнде. Жаранлар, ықылас илән сөзiм тыңла, Айтайын Жағыпар сұлтанның хикметiн де. Түн жарымда Жағыпар сұлтан атқа мiндi, «Тәуекел, Илалла!» деп жолға кiрдi. Бұ сырдан шаһар әһлiлерi ғапыл болды, Кеткенiн Жағыпардың һеш бiлмедi. Әлқисса, Жағыпар сұлтан жүрiп кеттi, Түн iшiнде бiр сарайға жетiп келдi. Ол сарайдан бiр руһбан қарсы шықты, – Хош келдiң, Жағыпар,– деп сәлем бердi, – Мүбәрак құтты болсын жолың,– дедi, Дұшпаныңыз мәлзам болсын сенiң,– дедi. Сонда Жағыпар руһбаннан жауап сұрды: – Менiм Жағыпар екенiмдi кiм бiлдiрдi? Руһбан сонда Жағыпар ғазыға жауап бердi: – Атаң Хұсайын түсiмде хабар бердi: «Иә, Шамас, сен орныңнан тұрғыл,– дейдi, Қапу ашып, шығарға шыққыл,– дейдi. Менiм ұғылым, Жағыпар қазiр келер – дейдi, Мақсұды менi өлтiргеннiң қаны,– дейдi. Туғры жолды ұғылыма көрсет,– дейдi, Боларсың шапағатымда менiм» дейдi. Жағыпар ғазы мұны естiп қайран қалды, Аттан түсiп, руһбан илән көрiс қылды. Ол руһбан қапу ашып, екеуi үйге кiрдi, Тонын шешiп, сопы тонын киiп алды. Уа және бiр қапуды ашып, iшке кiрдi, Оның бiрлән Жағыпар ғазы бiрге кiрдi. Қараса, бiр мәсжид зинатлы михраблы, Құран Шариф күрсиде һәм ашулы. Ол руһбан жұмла сырды баян қылды, Өзiнiң мұсылмандығын аян қылды. Екiсi намаз үшiн қиам тұрды, Жағыпар ғазы имам болып, намаз қылды. Андан соң Құран оқып дауыс созды, Тәпсiрiн баян қылып һәм бiлдiрдi. Шамас пiр оны естiп, қайран қалды, Есiнен кәһи халде талып кеттi. Екiсi түн бойынша мәжiлiс қылды, Меһрияилдiң сипаттарын тағриф қылды. Әзiн жаныб Бұл екiсi мәжiлiс қылып тұра тұрсын, Ендi Малатия халқының сөзi келсiн. Жағыпардың кеткен түнiнiң таңы туды, Муәзiндер азан айтып, сада қылды. Мәсжидке жамағаттар әзiрлендi, Имам болар Жағыпар сұлтан көрiнбедi. Әмiр Омар: – Жағыпарға сiзлер барғыл,– дедi, Күн шығар, нешiк мұнда келмес?– дедi. Бiр адам тезлiк илән оған барды, – Үйде ме имам Жағыпар? – деп сұрады. Анасы имам Жағыпардың жауап бердi: – Түн жарымы болғанда кеткен,– дедi. Бұл сөздi патша Омарға иғлам қылды, Падиша тезлiк илән намаз қылды. Намаздан фариғ болып, бұлайша әмiр қылды: – Тез екi жүз кiсi Жағыпарды iзде,– дедi. Әлидiң жәдiгерi Жағыпар ердi, Дұшпанның жайын бiлмес сәби ердi. Һеш мүбараз көрген жоқ бұрын,– дедi, Ғапыл барып, кiрмесiн жауға,– дедi. Әлқисса, екi жүз палуан iздеп ердi, Таба алмай Жағыпар сұлтанды қайтып келдi. Әзiн жаныб Ендi баян қылалы Жағыпар ғазы ердi, Шамас илән уағдаласып, жолға кiрдi. Аллаға тәуекел қылып Жағыпар жүрдi, Аллаға мiнәжат қылып, жәрдем сұрды: – Бар қылған Қадiр Сұбхан Мәулам,– дедi, Ғинаят өзiң жәрдем бергiл,– дедi. Мен бiр зағип, бейшара пендең,– дедi, Сенен ғайр iс болмас зәрре,– дедi. Қуат, құдiрет жұмласы сенен,– дедi, Сиындым құдiретiңе, Мәулам,– дедi. Рұм халқын бағыштағыл бiзге,– дедi, Дiн исламның жолына салғыл,– дедi. Кәнисасын бұзайын оның,– дедi, Мәсжид, медресе салайын анда,– дедi. Әлқисса, Хаққа сиынып келер ердi, Алдынан бiр салтанатлы адам көрдi. Шақырып, Жағыпар ғазыға тура келдi, Ат тұрманы, қарулары алтын көрдi. Сұрады Жағыпар ғазыдан: – Кiмсiң?–дедi, Келесiң қай тараптан және?– дедi. Барасың қай тарапқа бiлдiр?– дедi, Уа және аты-жөнiңдi баян қыл бiзге,– дедi. Жағыпар сонда ол адамға жауап бердi: – Келермiн Шын елiнен мұнда,– дедi. Қанатус атым сұрасаң менiм,– дедi, Келермiн Рұм халқын iздеп,– дедi. Силхушур өнер iздеп келем,– дедi, Естiдiм Рұм елiнде көп-дүр,– дедi. Ол сонда Жағыпарға көзiн салды, Толған айдай нұрына қайран қалды. Һайбатлы бiр палуан мұны көрдi, Көңiлiне ол кәпiрдiң қорқу түстi. – Иә, жiгiт, құтты болсын жолың,– дедi, Дәулетiң жары қылып келдiң,– дедi. Менiм атым – Шамаб палуан, бiлгiл,– дедi, Қаһарымнан Бағдатта халифа қорқар,– дедi. Силхушурлық менен өтпес әркез,– дедi, Үйретем маған ерсең жұмла,– дедi. Жағыпар ғазы бұл кәпiрге сөз бастады: – Өнерiң болса көрсетшi маған,– дедi. Екеумiз сынасалық, әй, палуан, қазiр,– дедi, Өнерiң жақсы болса ерейiн саған,– дедi. Малғұн «Хош, болар» деп оңтайланды, Күрзiмен Жағыпарды ұрмақ болды. Жағыпар оның күрзiсiн тартып алды, Кәпiрдiң қол терiсi сапта қалды. Малғұнды күрзi бiрлән ұрып ердi, Мұғаллақ төбесiнен ол жығылды. Жағыпар ғазы кеудесiне мiнiп алды, Уа және сақалынан тұтып алды. Уа және бағузына қанжар қойды, – Тез, иман бiр Аллаға келтiр,– дедi. Атамды сен өлтiрген қанлы,– дедi, Құдайым айдап келдi сенi,– дедi. Сол халде иман айтпай, һәрзия айтты, Сол халде ол малғұнның басын кестi. Кеудесiн бiр шұңқырға көме салды, Басын қоржынына салып алды. Қоржынның әуел пайдасы қазiр тидi, Көрерсiң хикметiн талай әлi. Уа және Жағыпар сұлтан атқа мiндi, Алдынан бiр бұлдыраған тау көрiндi. Ол тауға жетiп келiп, назар салды, Бiр шаһар тау астында бар көрiндi. Шаһарға назар салып қарап ердi, Атырабында шатыр тiккен ләшкер көрдi. Сол жерде бiр адамға ұшырап, хабар сұрды, Ол адам Жағыпар ғазыға жауап бердi: – Бұл көрiнген Мағмурияның шаһары,– дедi, Шатырлар – Меһрияилдың әскерлерi. Хұсайын ғазыны өлтiрген малғұн ердi, Жүрген қысасты Малатияға бармақ,– дедi. Адамларын хараб қылып, қырмақ,– дедi, Халифасын өлтiрiп, қағбасын жақпақ,– дедi. Ол адам жөнiн айтып жүре бердi, Жағыпар ғазы таудан түсiп, о да жүрдi. Жолында бiр баққа Жағыпар ұшырады, Мисли жәннат бақшасы деп оны бiлдi. Бақшаның ортасына келiп ердi, Алтын тақты құрылған шатыр көрдi. Атын ол бақшаға қоя бердi, Өзi келiп алтын таққа шығып алды. Тақ үстiнде ғажаплап отыр ердi, Ұйқысы ғалиб болып, ұйықтап қалды. Ол бақ-бақша Меһрияилдың мүлкi ердi, Һәр күнлерде тафарраж қыла келер ердi. Меһрияил ол бақтарға қазiр келдi, Қасына бiрнеше палуанлары ере келдi. Бiр жiгiт тақ үстiнде жатқан көрдi, Толған айдай жүздерi балқыр көрдi, Сияпат шұһратына ғажап қалды. – Адамзаттан туар екен мұндай!– дедi, Қай зүрият болар?– деп кеңес қылды. – Арабқа меңзелер, – деп сөз сөйледi, Һеш нәрседен қаупi жоқ, жатыр,– дедi, Әгар араб болмаса, жатпас,– дестi. Бұнлардың ғалибалық дауыстарын Есiтiп, тақ үстiнен тұра келдi. Тақтан түсiп, тағзым илән сәлем бердi, Рұмның әдетiнше қиам тұрды. Сол уақытта Меһрияил сөз сұрады: – Қай жерлiк боларсың?– деп сұрады. Қай тарапқа барарсың және?– дедi, Есiмiң кiм болар? Бiлдiр!– дедi. Жағыпар сонда: – Шын елiнен келем,– дедi, Сыржайыл менiм есiмiм сұрасаң,– дедi. Силхушурлық һауасид қылып шықтым,– дедi, Естiдiм Рұм елiнде көп-дүр,– дедi. Меһрияил күлiп, сонда сөз сөйледi: – Талиғың құтты болсын!– деп сөйледi. Менiм атым – Меһрияил палуан, патша,– дедi, Жаһанда теңдесiм жоқ менiм,– дедi. Қайсардың әскербасы мен-дүр,– дедi, Қасымда жүз қолым бар палуан,– дедi. Һәрқайсысы жүз кiслiк палуан,– дедi, Һәрқайсысы жүз түрлi ойын бiлер,– дедi. Әгар менiм қасымда тұрсаң,– дедi, Жұмладан артық қылам сенi,– дедi. Жағыпар ғазы сол халде «Хош-дүр!» дедi, Көңiлiнде атасының қаны ердi. Күлiп сонда Меһрияил сөз сөйледi: – Қасыма келiп менiм отыр, – дедi. Арақ-шарап iшелiк қазiр,– дедi, Андан соңыра ойын қылалық қазiр,– дедi. Жағыпар сонда малғұнға сөз сөйледi: – Антым бар iшпен деген бұрын,– дедi. Ләкин мен сақилық қылайын сiзге,– дедi, Шарабыңыз құтты болсын, iшiңiз сiзлер,– дедi. – Рұқсат, антың болса iшпе,– дедi, Басыңа зарар болса сенiң,– дедi. Сақилық Жағыпар сұлтан қыла бердi, Һәркiмлердiң сауытларына құя бердi. Жұмласы шарап iшiп, масты болды, Бiлмедi, ол арада күн кеш болды. Жағыпарға Меһрияил сорлы көзiн салды, Көзiне көркем қыздай ол көрiндi. Бейшара көзiн айырмай қарай қалды, Қолын алып Жағыпар сұлтанның қысып қойды. Бiр шайтан бейшараны айналдырды, Мойнынан құшақтап және сүйдi. Жағыпар ғазының қолынан жетеледi, Бiр аулақ бақтарға алып келдi. Уа және Жағыпар ғазыны құшақтап назар қылды, «Жан махбүбiм, ғашығым» деп және сүйдi. Жағыпар ғазы сол уақытта пiкiр қылды, «Өнер бастар уақытым болды ендi,– дедi, Атаңның қанын ал» деп қолына айтты, Күшiнiң қуат қылар молына айтты. Малғұнды жүрегiнен салып ердi, Мұғаллақ төбесiнен ол жығылды. Кеудесiне шаһин кебi мiнiп алды, Махкам сақалынан тұтып алды. Меһрияил есiн жиып, көзiн ашты, Жағыпарға: – Сен кiмсiң? – деп сөзiн қатты. – Хұсайын ұғылы, менiм есiмiм – Жағыпар, – дедi, Атамның қанын ала келдiм,– дедi. Иман айт, жаның барда жылдам!– дедi, Құдайым оңай бердi сенi, – дедi. Ол сорлы иман айтпай, еңiз қылды, Басын оның сол уақытта кесiп алды. Басын оның кеудесiнен жұда қылды, Жанын оның жаһаннамға жөнелдiрдi. Андан соң палуанларға және келдi, «Патшаңыз бiреуiңiздi шақырар» дедi. Бiр палуан Жағыпар илән ерiп келдi, Меһрияилдың кесiлген басын көрдi. Жағыпар ғазы ол палуанға һәм сөйледi: – Тез мұсылман болғыл!– деп қаһарланды. Ол малғұн қабылы жоқ еңiз қылды, Уа және оның басын кесiп салды. Әлқисса, нәубет бiрлән тағы келдi, Бiр-бiрлеп он төртiнiң басын кестi. Сол жерде он бес палуан бiрге ердi, Афлахун бiрiсiнiң есiмi ердi. Афлахун иман айтып, мүмiн болды, Көңiлiне Хақ Тағала нұр толтырды. Қоржынға он бес басты салып алды, Алтын-күмiс жұмла мүлкiн және салды. Ысқақтың қоржынының хикметiн, Бұл жерде Жағыпар сұлтан бiлiп алды. Ендi Жағыпар түн iшiнде ат iздедi, Бiр тараптан ат тауып алып келдi. Бiр атқа заттарын артып алды, Бiр атқа Афлахун палуан мiнiп алды. «Алла» деп, түн iшiнде жүрiп кеттi, Үш күнде Малатияның шаһарына жеттi. Бар ермiш Хұсайынның төрт бақшасы, Афлахунды аттар бiрлән анда қойды. Жағыпар ғазы жылдам басып үйге келдi, Анасының тыңлады ғазиз сөзiн. Анасы зар жылап отыр ердi, Мiнәжат ұғылы үшiн қылып зары. «Иә Алла, Қадiр Сұбхан өзiң ердi, Ғаламға қорған болған, сұлтан Ғани. Басыма менiң салдың қасiреттердi, Не қылсаң өзiң Қадiр, Сұбхан Ғани. Жалғыз қозым бар ердi, қайда барды, Арыслан, бөрiлерге туғры барды. Жалғызға жәрдем берген Қадiр, Ғани, Иә, Алла, жәрдем бергiл» деп жылады. Шыдамай Жағыпар сонда кiрiп келдi, Зар қылып анасын құшақтады. Қолын сүйiп, анасын ғиззатлады, Аяғына жүзiн сүртiп, құрметтедi. Анасы ұғылының көзiн сүйдi, «Жаным, ұғылым, есенбiсiң» деп жылады. Сол халде Тауабил рұм нағашы жетiп келдi, –Жүрек-күшам, балам,–деп һәм жылады,– Жолың аман болды ма, жаным?–дедi, Сен кеткен соң қалмады сәнiм,–дедi. Көрдiм, шүкiр, қалмады арман,–дедi, Көргенiңдi баян қыл, ұғылым,–дедi. Жағыпар сонда бұнларға жауап бердi: –Атамның қанын алып келдiм,–дедi. Келтiрдiм нышанларын оның,–дедi, Көрсiн деп шаһар әһлiнiң жұмлалары. Бiр құлы мұсылман болды оның,–дедi, Есiмi Афлахун палуан деген,–дедi. Бақта, ат қасында қалып ердi, Көрсеңiз жүргiл анда қазiр,–дедi. Шат болып бұл екiсi ере жүрдi, Бақтағы Афлахунды көзi көрдi. Тауабил қуанғаннан Жағыпар ердi Патшаның хозурына алып барды. Ол патша Жағыпар ғазының халiн сұрды, Һәм көрiсiп жаранлармен хал сұрасты. Патша Жағыпар ғазыдан һәм сұрады: – Естiдiк Рұм елiне барғаныңды. Алдың ба атаң қанын, жаным?– дедi, Баян қылғыл, раушан бiзге оны,– дедi. – Бәлі, алдым атамның мен қанын,– дедi, Келтiрдiм нышанларын оның,– дедi. Көп едi сол уақытта жаранлары, Есiтiп Ғабдуссалам қатты күлдi. Ғабдуссалам күлген соң, жұмла күлдi, – Рас па үшбу сөз?– деп ғажаптанды. Сол уақытта Ғабдуссалам бұ сөздi «болмас» дедi, – Бiр қойшыны өлтiрiп келген,– дедi. Меһрияилдың қуатын бiлмейсiң бе? Жағыпардай жүз кiсiге болмас,– дедi. Не үшiн мұнша жалған сөз айтады, Халайықты бұл алдайын деп айтады. Сол халде Жағыпар ғазы ашуланды, – Мүмiнлерге инкар қылған нешiк?– дедi. Зүриятым жалған сөздi һеш айтпады, Мен нешiк өтiрiк сөздi айтам,– дедi. Тауабил, алып келшi жұмлаларын, Қарайсын өтiрiкшiнiң жүзi,– дедi. Бiрнеше жаранларымен Тауабил барды, Он бес басты Афлахун илән алып келдi. Халайықтар он бес басты жұмла көрдi, Меһрияил илән Шамабтың басын танып бiлдi. Ендi Жағыпар Ғабдуссаламды шiлтеледi, – Жалғаншы ендi кiм-дүр? Айтшы!– дедi. Сол уақытта Ғабдуссалам қатты ұялды, Тiлi тұтылып, тiзесiне басы жеттi. Халайықтар жұмла тұрған қайран қалды, «Африн» деп, Жағыпар сұлтанға тахсин қылды. Әмiр Омар бектерiне сонда бұйрық қылды: – Бұ бастарды әр орамға iлгiл,– дедi. Паш болсын халайықтарға жұмла,– дедi, Мүшiрiк мәлзам, мүмiнлер сау болсын,– дедi. Халифаға хат жазып, бұл iстi ағлам қылды, Қайратын Жағыпар ғазының мағлұм қылды. Ол хатты Афлахун палуан алып барды, Халифа хатты көрiп бек шат болды. Жағыпарға Афлахун илән халғат бердi, Әмiр Омарға хат илән сәлем жазды: «Хұсайын ғазы кеткелi көңiлiм мәлүл ердi, Бiр дәулет бiзге келген тағы» дейдi. Һәр тарап, ықылымдарға хабар жазды, «Хабар бергiл, қайсар әрекет қылса» дейдi. Әмiр Омар хатты оқып бек шат болды, Һәр атырапқа хабар жазып, жансыз салды. Шат болып әһлi исламлар тұрсын ендi, Қайсардың қайғысынан сөз тыңла ендi. Екiншi бап: Жағыпар сұлтанның мәшһүр болғаны; қайсардың әскерi жүз мың илән келiп, һәлак болғаны Жағыпардың мен айтайын заһир болған баянын, Ашылған жиһан ара аянын. Пайғамбарымыздың мұғжизат ақпарын, Ашылған он үш жаста азһарын. Бiлдiрдi Абдулуаһап сахабасы, Паш болар бұл соғыста мажырасы. Меһрияил, Шамабтың өлгенiн, Палуан, беклерiнiң қырылғанын. Әскерлерi күн шыққанда бiлдi оны, Не қыларын бiле алмай солды қаны. Хат жазып, қайсарына бердi оны, Хатты көрiп, қайсардың қорықты жаны. Қайсар малғұн естiп, есiн танды, Басындағы тәжiн лақтырды. Шошығаннан тағынан құлап кеттi, Басын кескен тауықтай домаланды. Рұм халқы қырық күн-кеш зар жылады, Бұ iстi кiм қылғанын бiле алмады. Әлқисса, һәр тарапқа жансыз салды, Жағыпардың қырғанынан хабар алды. «Хұсайыннан бiр ұғлан қалған дейдi, Есiмi Жағыпар сұлтан мәшһүр дейдi. Бұ күнде он үш жасқа келген дейдi, Өнерi атасынан асқан дейдi. Әгар кәмелет жасына жеткен болса, Хараб қылар жұмламызды мұнда келсе». Әлқисса, мүшәура беклерiмен қайсар қылды, Уәзiрлерi жұмла мәслихат бiр сөз қылды. Қайсардың төрт ұғылы болар ердi, Һәрқайсысы бiр ықылымға патша ердi. – Бiздерге рұқсат бергiл, ата,– дедi, Алалық дадамыздың қанын,– дедi. Қайсар сонда үлкен ұғылы Рабиғты, Қырық мың әскер илән жiбермек болды. Уа және екi малғұн палуан қосты, Ибрианус, Кибрианус деген ердi. Аңа дахи қырық мың жұп наққар қосты, Сияпат, салтанат бiрлән жолға түстi. Әскерi Мағмурия деген шаһарға келдi, Шамас пiрдiң қасына жақын түстi. Рабиғ қалам алып, әмiр Омарға қағаз жазды, Хат iшiнде мақтанып көп сөз жазды: «Халифаңыз ғұзыр қылып келсiн,– дептi, Хұсайынның ұғылы Жағыпарды берсiн,– дептi. Жетi жылғы харажын және берсiн,– дептi, Өзi және қайсарға басын қойып барсын,– дептi. Ғұзыр илән iлтипат қылып барса,–дептi, Бәлки ғафу қылар оған қайсар,–дептi. «Жоқ» десе, не қылармын бiлсiн,–дептi, Қағбасын отқа жағармын оның» дептi. Бұл хатты бiрнеше адам алып келдi, Әмiр Омардың алдына келiп қойды. Әмiр Омар ол хатты оқып көрдi, Iшiндегi сөзлерiн жұмла бiлдi. Халайықтар естiген соң бұл сөздердi, Iшiне жұмласының қорқу түстi. Сол уақытта Ғабдуссалам сөз сөйледi, Былшылдап Жағыпар ғазыға көп сөйледi: – Ұйықтаған арысланды бұл оятты, Аждаһаның құйрығын өзi басты. Үшбу iсi оңай емес, қиын,–дедi, Жағыпардың өзi берсiн жауабын,– [дедi]. Жағыпар сонда ол хатты қолына алды, Ол хатты пәре-пәре қылып салды. Уа және қалам алып, мүшiрiклерге хатты жазды: «Бұл iстi жалғыз өзiм қылдым,–дедi, Үзе салармын, барайын қазiр,–дедi, Қолынан не iс келсе, қылсын» дедi. Елшiлерi хатты алып, қайтып кеттi, Жағыпар Ғабдуссаламды шiлтеледi: – Иә, Ғабдуссалам, сен сөйлегiл бос сөздердi, Сен бiлгiл «ердi қатын кемiтер» деген сөздi. Аллаға мен тапсырдым кендүмдi, Сен отырғыл басыңды сақтап үйде,–дедi. Иншалла, мәлзам қылармын дұшпанларды, Шапағат қылар болса бабам Мұхаммед–Хақ Хабибi. Жағыпар ғазы ашу бiрлән үйге келдi, Түн жарымы болғанда ат ерледi. Таудан тапқан сары атқа мiнiп алды, Сондағы қаруларын тамам алды. Аллаға мiнәжат қып жүре бердi, Бабасы Мұхаммед Мұстафадан жәрдем сұрды: «Иә, Алла, Мәулам Сұбхан өзiң,–дедi, Дұшманларға мәлзам қылма мұсылманларды». Жағыпардың аман қылсын жолдарын, Айталық Малатия халқының сөзлерiн. Таң атып, муәзiндер азан айтты, Халайықтар мәсжид сарай қадам басты. Имам болар Жағыпар сұлтан көрiнбедi, – Бiреуiңiз хабар бер,–деп патша айтты. Сол уақытта қорған бекшi әзiр ердi, – Түн жарымы болғанда кеткен,–дедi. Оны есiтiп әмiр Омар тезлiк илән намаз қылды, Намаздан фариғ болып, қайғы қылды. – Әлидiң жәдiгерi Жағыпар ғазиз ердi, Дұшпанның жайын бiлмес жалғыз өзi. Тағы сонда Ғабдуссалам сөз сөйледi: – Қайғырма оның үшiн босқа,–дедi. Бiр жапанға ол қашып кеткен,–дедi, Бұ шаһарға фитна салып жеткен,–дедi. Тауабил рұм сол уақытта әзiр ердi, Ашуланып, Ғабдуссаламды шiлтеледi: – Хұсайын ғазы өлгелi қанша болды?! Иә, Ғабдуссалам, қолыңнан не iс келдi?! Жаранларды ғайбаттап отыр босқа,–дедi, Қолыңнан келген iсiң осы-ақ!– дедi. Жағыпар ғазының нәсiлi нешiк ердi, Дұшпанлардан қауiп қып қашқан ба едi?! Ол һәм қашпас дұшпанынан һәркез,–дедi, Сен отырғыл түтiн салып үйде,–дедi. Тұрды да ашуланып үйге келдi, Асынып қаруларын атқа мiндi. Соңынан Жағыпар ғазының жүре бердi, «Иә, Алла, жолықтыр» деп жолға түстi. Жағда деген бiр палуаны болар ердi, Жағыпардың нәсiлiне жақын ердi. Оның палуан төрт ұғылы болар ердi, Төртеуiн ертiп алып о да жүрдi. Жетiсiп Тауабил рұмға шүкiр қылды, Алладан Жағыпарға жәрдем сұрды. Құдайым қабыл қылсын дұғаларын, Ендi баян қылайық Жағыпар әулиенi. Әзiн жаныб Күн-түн жүрiп, Жағыпар ғазы шаһарға келдi, Белгiлi Шамас пiрге туғры келдi. Шамас пiр Жағыпар ғазыға қарсы шықты, Бiрiн-бiрi сүйiсiп, тағзым қылды. – Хал-қуатын сұрасып, мәжiлiс қылды, Меһрияил, Шамабтың өлгенiн ендi бiлдi. Шамас ер оның үшiн тахсин қылды, – Ендi қайда барарсың, ұғылым?–дедi. Жағыпар сұлтан жұмла сөзiн баян қылды, Көп ләшкердiң келгенiн аян қылды. – Малатияның халайықтары қауiп қылды, Мен жалғыз Аллаға сиынып келем,–дедi. Шамас сонда:–Жүрек-күшам, ұғылым,–дедi, Сабыр қыл, арттағы әскерлер келсiн,–дедi. Бейқисаб көп көрiндi ләшкер,–дедi, Анларға жалғыз барма, ұғылым,–дедi. Шаһ әулие Шамас пiрге жауап бердi: – Иә, бабам, сiз дұғада болғыл,–дедi. Жалғызбын деп қорқып тұру болмас,–дедi, Шара жоқ, тәуекел қылмай бiзге,–дедi. Уағдаласып Шаһ әулие атқа мiндi, Бейқисапсыз әскерлердi көзi көрдi. Бiр адам ол ләшкерден шығып келдi, – Кiмсiң?–деп Жағыпар ғазыдан жауап сұрды. Сонда Жағыпар:–Бұл әскерлер не iздейдi? Iздеген сол адам мен-дүр,–дедi. Сонда ол адам:–Хұсайынның ұғылы сен бе?–дедi, Өлтiрген Меһрияил илән Шамаб ердi. «Бәлi» деп Шаһ әулие жауап бердi: – Он төрт палуанын өлтiрген бiрге,–дедi. Ол адам Жағыпар ғазыға «және» дедi, – Қайсардан қорықпадың ба, нешiк?–дедi. Жағыпар сонда ол адамға:–Әй, малғұн,–дедi, Қайсарды ләшкерi илән қырам,– дедi. Рұм халқын жұмла мұсылман қылам,– дедi, Көнбеселер, қырармын жұмла,– дедi. Кәнисасын талқан қылам жұмла,– дедi, Орнына мәсжид-медресе салам және,– дедi. Малғұн сонда Жағыпарға ашуланды, Қолына қылышын алып ол ұмтылды. – Менiм атым – Тамус Рухи палуан,– дедi, Екi пәре қылайын сенi қазiр,– дедi. Жағыпар ғазы оның қылышын тартып алды, Лақтырып, өз қылышын қолына алды. Ол малғұнды екi пәре қылып салды, Жанын оның жаһаннамға жөнелдiрдi. Там басынан Шамас пiр қарап көрдi, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Мүшiрiклер сол уақытта оны көрдi, Ақырып Жұмһүр деген бiр палуан келдi. Оны да Әулие екi пәре қылып салды, Жүздерiн мүшiрiклердiң қара қылды. Рабиғ сол уақытта Кибрианусқа бек ақырды: – Тез барып, сол адамды келтiр!– дедi. Кибрианус бек мықты малғұн ердi, Жүз батпан күрзi тұтып жетiп келдi. Жағыпар ғазы кiшкене қалқанын қолына алды, Кибрианус күрзi илән салып қалды. Шаһ әулиенiң бiр қылына да кәр қылмады, Иләһым Қадiр Сұбхан ол сақтады. Жағыпар сұлтан күрзi илән ұрып ердi, Дүнияға келмегендей күлдей қылды. Рабиғ қайсар ұғылы фариад қылып, бек ақырды, Iнiсi Ибрианусқа «Бар!» деп айтты. Сонда Ибрианус қаһарланып жетiп келдi, Мисли екi арыслан қарсыласты. Сол уақытта Тауабил илән Жағда келдi, Жағда ғазының төрт ұғылы бiрге келдi. Жағыпар илән Ибрианустың алысқаны, Көрiндi мисли екi арыслан таласқаны. Қылыш, күрзi бiр-бiрiне ұрғандары, Сағиқа мисли рағд отша шолды. Адамлардың құлағын тұтты дауыстары, Ысқырар Шаһ әулие мисли аждаһадай. Сол уақытта Шаһ әулие қуат қылды, Көтерiп кемерiнен әуеге атты. Бiр заманда жерге айналып келер ердi, Қиярдай екi бөлiп, пәре қылды. Жаһаннамға жөнелдi оның шыбын жаны, Мүшірiклердiң оны көрген кеттi сәнi. Оны көрiп Тауабил илән Жағда ғазы, «Аләйк ғаун Алла» деп нағра салды. Жағыпар ендi атын қайта ерттеп алды, Атына мiнiп алып, бiр ғажайып нағра салды. Иә, ғажап! Сол нағрасының дауысынан, «Жетi қат көк жерге түстi ме» деп ойлады. Мүшiрiклерден бiрнешесi сарсаң болды, Бағзылары естен танып, мәжнүн болды. Ендi адамлар жекпе-жекке һеш келе алмады, «Алла!» деп, ол әскерге Жағыпар жалғыз кiрдi. Тауабил илән Жағда ғазы және кiрдi, Жағданың төрт ұғылы «Алла» деп о да кiрдi. «Аллаһу Акбарды» ұран қылып жұмла қылды, «Иә, Мұхаммед Мұстафа!» деп қылыш ұрды. Әзiн жаныб Мүбараз бұнлар қылып жүре тұрсын, Ал ендi Малатияның сөзi келсiн. Кеткен соң Тауабил илән Жағда ғазы, Абдулуаһап сахаба сөз бастады: – Иә, әмирүл-мүмiннiң патшасы, сөзiм тыңла, Басыңды сақтап сiз мұнда отырсыз ба? Ләшкер илән дұшпанлар келсе мұнда, Сiздi аман қояр ма, ғажап мұнда? Мойныңызға жиһад ләзiм болған күнде, Отырсың не себеплi ғапыл мұнда? Бармақ-дүр дұшпанларға қарсы анда, Үстiңе келсе, амандық болмас сонда. Әмiр Омар: – Хош, болсын сөзiң,– дедi, Барабан соққыз, жиылсын ләшкер,– дедi. Ендi бұнлар барабан соғып, ләшкер жиды, Сол халде бес мың ләшкер әзiрлендi. Бiр мыңға Абдулуаһап болды басы, Бiр мыңға Ғабдуссалам болды басы. Бiр мыңға Әли бин Һашым болды басы, Екi мыңға әмiр Омардың өзi басы. Әлқисса, үшбу әскерлер лә филхал жүрдi, Кемi алда, кемiсi соңында қатты жүрдi. Әуелi Абдулуаһап сахаба жетiп келдi, Жағыпардың соғысына көзiн салды. Һеш кiдiрмей соғысқа келдi, кiрдi, Ғабдуссалам және жетiп, о да кiрдi. Әли ибн Һашым да келiп кiрдi, Жұмласы хамлә қылып, қыра бердi. Сол уақытта әмiр Омар жетiп келдi, Оны көрiп, Рабиғ қайсар ұғылы «Ай һу!» – дедi. – Хал басқа болып кеттi, ғажап,– дедi, Жұмлаңыз әй, әскерлер, қапта, – дедi. Сол уақытта жұмла әскерлер араласты, Сол халде Жағыпар сұлтан нағра салды. Бұ нағраны мүшiрiк илән мұсылманлар естiмедi, Көп адам естен танып, аттан түстi. Мүмiнлер есiн жиып, соғыс қылды, Мүшiрiклердi қой мисли қуып қырды. Жағыпар және бiр уақытта қаһар илән нағра салды, Ол нағрадан суда балық, қырда хайуан жұмла ұрысты. Сол уақытта мүшiрiклер есiн танды, Жағыпар ғазы шапқан шөптей қыра бердi. Бiр уақытта Рабиғ қайсардың ұғылына ұшырады, Көтерiп ат үстiнен жерге ұрды. Тауабил Афлахун илән жетiп келдi, Қайсар ұғылы Рабиғты байлап алды. Оны көрiп, әскерлерi жұмла қаша бердi, Мұсылманлар арттан қуып, оны қыра бердi. Әлқисса, бес мың адамды тең жер қылды, Өлгенiнiң қисабын Алла бiлдi. Мұсылманлар шашылған малды жиды, Қайсардың шатырына келiп кiрдi. Абдулуаһап, Жағыпар, әмiр Омар бiрге отырды, Жағда ғазы, Афлахун және отырды. Жағыпар сұлтан Афлахунға әмiр қылды: – Қайсардың ұғылы Рабиғты келтiр!– дедi. Афлахун Рабиғты бұнларға алып келдi, Жағыпар ғазының хозурына отырғызды. Жағыпар сұлтан Рабиғқа уағыз айтты, Дүния илән ақыреттiң жайын айтты: 1230 – Жаһаннамның отына жаныңды салма,– дедi, Зұлматтың iшiнде мәңгi қалма, – дедi. Керек болса дүния ақыреттiң сұлтандығы, Табылар мұсылманлықтан бiлсең оны. Сонда уағызы Жағыпар уәлидiң әсер қылды, Сол жерде ықылас илән мүмiн болды. Уа және бес мың жесiр адамлардың жұмлалары Сол жерде қойдай шулап, мүмiн болды. Ендi мүмiнлер адамларын қисап қылды, Бес мыңнан екi жүз адам шаһид ердi. Әлхасыл, жұмла әскердiң адамлары әзiр болды, Баршасы Жағыпар сұлтанның қолын сүйдi. Шамас пiр там басынан қарар ердi, Мұсылманларға дұға қылып тұрар ердi. Отырған мұсылманларға Шамас келдi, Ғиззатлап жұмла исламларға сәлем бердi. Шамасты ғайр адамлар бiлмес ердi, Бiр руһбан «Кiм-дүр?» деп ғажапланды. Жағыпар ғазы сол халде баянлады, Шамастың мұсылманлығын аянлады. – Жұмлаңыз үшбу сырды кезлең,– дедi, Мұсылманларға жансыз болып тұрсын,– дедi. Андан соңыра жұмла адамлар асап, рұқсат қылды, Хош мәжiлiс қылысып, рұқсат қылды. Әзiн жаныб Жағыпардың мажырасын Абдулуаһаптың ашқаны Жаранлар, қош тыңлаңыз бұ сөз келдi, Жағыпар сұлтанның мәшһүр болар уақыты келдi. Сонда Абдулуаһап сахаба тұра келдi, – Әй, халайықтар, сөз айтамын, тыңла,– дедi. Кәмил ықлас тыңлаңыздар үшбу сөздi, Айтайын Мұхаммед пайғамбардың мұғжизасын. Әмiр Омар «Ләббайка» деп, тағзым илән тұра келдi, – Мархабан, бас үстiне сөйлең,– дедi. Андан соң Абдулуаһап сөз бастады: – Айт салауат Пайғамбарымызға,– деп бастады. Сонда халайықтар салауат айтып шуылдады, Аллаға зiкiр айтып, жұмла дуылдады. Андан соң Абдулуаһап сөз сөйледi, Жоғарғы өткен сөздi баяндады: – Мен Мәдине шаһарынан келдiм,– дедi, Мұхаммед Мұстафаның мүбәрак жүзiн көрдiм,– дедi. Көп заман мәжiлiсiнде болдым,– дедi, Естiдiм көп насихат сөзiн,– дедi. Бiр күнi Жәбiрейiл Әмин жетiп келдi, Хақтың сәлемiн Пайғамбарға айтып келдi. Бұ Жағыпардың уасифлерiн баян қылды, Шығарын Малатиядан аян қылды. Ғаламат нышандарын жұмла тағриф қылды: «Оң бетiнде бiр меңi болар дейдi. Ұзын бойлы, көркем жүздi болар дейдi, Есiмi Жағыпар болар оның және дейдi. Шақ болмас ғылымына һеш жан дейдi, Заманында теңдесi жоқ палуан дейдi». Сол күндi тарих қылып жазды,– дедi, «Екi жүз жылда ол мәшһүр болар дейдi». Ол хатты мен ғарiпке берген ердi, «Ол жiгiттi сен көрерсiң» деген ердi. Мен ғарiпке Пайғамбар Құда әмiр қылды, «Малатиядан сен оны күткiл»,– дедi. Мәдинеден сол себеплi келдiм,– дедi, Истиқамат бұ шаһарда қылдым,– дедi. Ұқсады бұ жiгiттiң ғаламаты, Көрiндi жұмла болған баянаты. Және бар мұнда болған аманаты, Көрiнер ме бұғазымда ғаламаты. Және бар менде болған жазған хаты, Бiлiнер оқысаңыз жұмла баянаты. Сол уақытта жаранлары һәм сөйледi: – Көрiнер бұғазыңызда һәр уақыт түйiн заты. – Иә, ұғылым Жағыпар, сен мұнда келшi, Пайғамбардың аманатын менен алшы. Ол түйiн – Пайғамбардың ауыз-жары, Аузыңды аш, бара қалса, жұтқыл оны. Сол халде Жағыпар ғазы тұра келдi, Мүбәрак Абдулуаһапқа тағзым қылды. Құданың хикметiн көргiл ендi, Екi жүз жылғы түкiрiк ол қозғалды. Пайғамбардың мұғжизат-кереметi заһир болды, Жағыпар әулиенiң аузына фил-хал барды. Сол халде жетпiс екi тiлдi бiлдi, Жұмла ғылымдық пәндердiң бәрiн бiлдi. Андан соңыра Пайғамбардың хатын алды, Хатты сүйiп, басына қойып алды. Ол хатты әмiр Омарға және бердi, Тағзым қылып, ол хатты Омар сүйдi. Ол хатты құрмет бiрлән ашып ердi, Ол хаттан ғуд ғинбардың исi шықты. Ол хатта хазiрет Әлидiң қолын көрдi, Мүбәрак қолын танып, тахсин қылды. Әуелi Алланың есiмiн жад қылыпты, Уа және Мұхаммед Мұстафаны салауат әйла паш қылыпты. Асхабы ризуандарды һәм айтыпты, Сәлем шапағат уа және көп айтыпты. «Сiзге, мақбұл үмбетлерiм, сәлем,– дептi, Хатым нәби-Расул Алла мен-дүр,– дептi. Үшбу хатқа жолықсалар һәркiм,– дептi, Қабыл көрiп алсынлар сөзiм,– дептi. Менен соң екi жүз жыл толса,– дептi, Бiр ұғлан Малатиядан туар,– дептi. Ол ұғланның есiмi Жағыпар болар,– дептi, Ұзын бойлы, көркем жүздi болар,– дептi. Алладан келген төрт кiтапты жатқа бiлер,– дептi, Адамзатқа шақ болмас ғылымы оның,– дептi. Һеш назары палуандықта жоқ болар оның,– дептi, Инсi, жындар оны жығып алмас,– дептi. Ол бiлер жұмла хикмет, ғылым сырларын, Һәм бұрар жұмла болған сиқырларын. Дiн исламды мұнаууар қылар жұмла,– дептi, Рұм елi, Ыстамболды ол алар жұмла,– дептi. Бұ сөзiм Хақтан келген хабар, – дейдi, Сәлем жазған Расул Алла, уәли уал ахирин мен-дүр дептi. Ол заманға Абдулуаһап барса,– дептi, Һеш инкар оған қылмай көнсiн,– дептi. Һәркiмлер мүмiн, мүслiм болса,– дептi, Ол Жағыпарға тәсiлiм болып ерсiн,– дептi. Әгар һәркiмлер маған ықылас қылса, – дептi, Ол Жағыпарға ықылас қылсын жұмла,– дептi. Әгар һәркiмлер риза қылсалар ол Жағыпарды, Мен қылармын анларға шапағатымды» [дептi]. Ол хаттың жұмла бiлдi жазған сөзiн, Пайғамбардың хатын сүйiп, ықылас қылды. Жұмла тұрған халайықтар Жағыпарға тәсiлiм болды, Сол жерде қойдай шулап, қолын сүйдi. Жағыпар ғазы хатты алып, көзiн сүрттi, Мойнына тұмар қылып, байлап алды. Андан соңыра жұмла ләшкерлер атқа мiндi, Жұмласы Малатияға келiп түстi. Жағыпар сұлтан олжа малды тақсым қылды, Халифаға жүк алтын, екi жүз атты бердi. Жағыпар ғазы Рабиғ илән алып барды, Халифаға Жағыпардың палуанлығын баян қылды. Пайғамбардың жазған хатын баяндады, Жағыпардың хикметтерiн аяндады. Фатих-нама халифа ағзам хатты оқыды, Хатты оқып, ол халифа бек шат болды. Жағыпар илән Рабиғқа халғат бердi, Көп сыйлық Жағыпар ғазыға һәм жiбердi. Хұсайынның ғимамасын және бердi, Мұхаммед Ханафияның қылышын һәм жiбердi. Уәлид һиндидiң күрзiсiн және бердi, Хазiретi Әлидiң бiр туын һәм жiбердi. Атасының бiр әскерiн берсiн,– дедi, Ғабдуссалам жай тұрсын ендi,– дедi. Әмiр Омарға ол хатты алып келдi, Әмiр Омар хатты оқып бек шат болды. Ғабдуссалам естiдi бұ хабарды, Шарасыз тәсiлiм болып жайға тұрды. Бiраз заман мұның бiрлән шаттық болды, Бұ қисса үшбу жерде тамам болды. Пайғамбарға салауат қылғыл сiзлер ендi, Жағыпар сұлтанға дұға қылғыл және ендi. Насырды назым жазған Тыныштық ұғылыны, Дұғадан тастай көрме бiз ғасыны. Үшiншi бап: Қайсардың ұғылы тұтқын болған соң, және келiп қырылғаны Бисмилла деп және сөз башлалы, Хаққа хамд, Пайғамбарға салауат һәм башлалы. Қайсардың қайғысынан сөз ашалы, Сейiттiң кереметiне көз ашалы. Қашқындар қайсарына келгенiн, Басын қойып аяғына зар жылағанын. Айтайын назым бiрлән сiзлерге оны, Жаранлар, хош хикаят, тыңла мұны. Құдайым – Қадiр Сұбхан Мәулам өзi, Тiл көңiлге бұ-дүр өзiнiң бұйырғаны. Қашқындар қайсарға келiп зар жылады, «Басымызға қиямет түстi» деп жылады. Қисапсыз ләшкерлерiнiң қырылғанын, Ұғылы Рабиғның тұтылған ғажайыбын. Қайсар сонда естiп, есiн танды, Басындағы тәжiн лақтырды. Тақтан түсiп, ол бақырды, Есектiң айғырындай ол ақырды. Жетi күн-түн һеш тағам ол татпады, Рахат кешi-күндiз ол таппады. Тақ үстiне шығып һеш отырмады, Һеш адамға ол және сөз айтпады. Бiр күнлерi уәзiр, беклерi анда келдi, Қайсарға тағзым илән сөз сөйледi: – Елiң бар жетi ықылым сiздiң,–дедi, Жұмласының әскерiн жиғыл,–дедi. Жұмласы Малатияға барсын,–дедi, Ұшырсын топырағын көкке,–дедi. Оны естiп қайсар малғұн таққа мiндi, – Хош болар мәслихат болса,–дедi. Көп бармасалар әскерлер анда,–дедi, Уа және хараб қылар анлар тағы бiздi. Ендi бұнлар төрт ықылымға қағаз жазды, Ахмар Тұран бiрiсiнiң патшасы ердi. Қайсардың ағасының ұғылы ердi, Iшiнде патшалардың мықтысы ердi. Хусусан мiндет илән оған жазды, «Өш алмасаңдар нар-нұр ұрсын сенi» дейдi. Бұ хатты Ахмар Тұранға алып барды, Ахмар Тұран жүз мың ләшкер алып жүрдi. Қайсар малғұн екi ұғылына әмiр қылды: – Төрт жүз мың әскер алып жүргiл,–дедi. Уа және екi жүз палуанларды қосып бердi, Һәрқайсы жүз кiслiк палуан ердi. Мәшһүрiнiң есiмдерi–Меһiран, Фаридон деген ердi, Сыржайыл, Iлияс, Синбад деген ердi. Қайсардың екi ұғылы Шамғұн, Шамас деген ердi, Ахмар Тұранға қосылып бұнлар жүрдi. Әзiн жаныб Бұнлар ендi қосылып тұра тұрсын, Ендi Малатия шаһарының сөзi келсiн. Яхия ибн Мансұр мұсылманларға жансыз ердi, Ол келiп әмiр Омарға хабар бердi. Қайсардың пиғылдарын бұнларға баян қылды, Бес жүз мың ләшкер илән аттанғанын. Әмiр Омар естiдi Яхиядан бұ хабарларды, Бiлдiрдi жаранларға жұмлаларды. Әлқисса, мунадилер нағра салып, хабар қылды, Әскерлер һәр тараптан ол жиылды. Он екi мың атқа мiнген ләшкер болды, Уа және үш мың жаяу әскер жүрдi. Әмiр Пайғамбарымыздың туын алып жүрдi, Ғалымдар Құран оқып-оқып жүрдi. Барабан, нағра тартып әскер жүрдi, Салтанат сияпаттар тiгiп жүрдi. Аллаһума салли уа саллим алә Мұхаммадин Әлиһи асхабиһи әжмағин*. Жағыпар ғазы Хаққа мiнәжат қылып жүрдi, Салауат Мұхаммед Мұстафаға айтып жүрдi. «Құдай-а Қадiр Сұбхан өзiң,–дедi, Туғры жолға сала көргiл жұмла жанды. Кәпiр, мүмiн жаратсаң өзiң,–дедi, Мүмiн қылып көрсеткiл туғры жолды. Хақ Мұхаммед Мұстафаның ғиззатлы құрметiн, Нұқсан қылмай, бергейсiң жәрдемiңдi». Бұлайша мiнәжат қылып келер ердi, Жағыпар ғазы төрт ұлығымен о да келдi. Сол уақытында тау басына шығып ердi, Дария кебi ләшкердi келер көрдi. Жағыпар ғазы сол уақытта атынан түстi, Атын махкам ерлеп, қайта мiндi. Сонда Жағда ғазы Жағыпарға:–Байқа,–дедi, Бұ әскерлер әуелгiдей көрiнбейдi. * Әй, Аллам, Мұхаммедке, оның отбасына, барлық дос-жарандарына салауатыңды бер. Жағыпар айтты:–Мен барайын қазiр,–дедi, Көрейiн Хақ бұйырса соны, –дедi. Тауабил және:–Әй, ұғылым, сабыр қыл қазiр,–дедi, Уақыт тар, күн кеш болды, жаным,–дедi. Арттағы ләшкерлерiмiз келсiн,–дедi, Хұшырат қылалы жұмламыз бүтiн,–дедi. Сол уақытта Абдулуаһап сахаба және келдi, – Жаным, ұғылым, қалғыл бүгiн,–дедi. Бұл әскерлер әуелгiдей көрiнбейдi, Қоналық үшбу тауға бүтiн,–дедi. Әлқисса, ол ләшкерлер анда қонды, Аллаға зiкiр айтып, жұмласы намаз қылды. Абдулуаһап сахаба сөз сөйледi: – Қазалық үшбу таудан хиндик,–дедi. Қапусы екi жақтан болсын,–дедi, Азық-түлiк бәрiсi қалсын мұнда,–дедi. Әлхасыл, қорған қазып, берiк қылды, Ол жердi бiр белгiлi мәнзил қылды. Ендi сабах садық таң атып, ләшкер тұрды, Жұмласы азан айтып, Аллаға намаз қылды. Әзiн жаныб Екiншi сөз айталық сiзлерге ендi, Қайсардың ұғылы Шамғұнның сөзi келдi. Қолына қалам алып, ол кейбiр қағаз жазды, Тәкаппарлық көңiлiндегi сөзiн жазды. Балқыс деген бiр палуанға хатын бердi, Қасына қырық палуан ере келдi. Ол хатты әмiр жазды, Омарға бердi келiп, Малғұнның әмiр Омар сөзiн бiлдi. «Нар-нұр менiм қасымда,–деп сөйлептi, Фахр илән мен келдiм сiзге,–дептi. Жағыпарды тұтып берсiн бiзге,–дептi, Уа және Пайғамбар көрдiм деген сахабаны. Уа және жетi жылдық харажын берсiн,–дептi, Жоқ деселер не қылармын бiлсiн» дептi. Сол уақытта Жағыпар сұлтан тұра келдi, Балқыстың құлақ-мұрнын кесiп алды. Уа және қырқына қырық түрлi белгi салды, – Барып айтқыл Шамғұнға сөзiм,–дедi. Барармын таң туғанда өзiм,–дедi, Әуелi мен қырармын жұмлаңды,– [дедi]. Уа және өлтiрермiн патша болған қайсарыңды, Уа және мен алармын Ыстамболыңды. Талқан қылып бұзармын кәнисаларды, Орнына мен салармын мәсжид, медреселердi. Бұ сөздi Балқыс пақыр естiп бiлдi, Қан болып қырық сорлы ол жөнелдi. Бөрi тартқан қойдай болып бұнлар келдi, Шамғұнның аяғына басын қойды. Жәбiр-жапа көргендерiн баян қылды, Жағыпарының қылғанын аян қылды. Мұны естiп Шамғұн ашуланды, Сол түнi ұйықтамастан қайғыланды. «Палуанлар қайдасың?» деп шақырады, Таң түсе «Барабан соқ» деп бақырады. Әлқисса, сабах садық таң да туды, Екi әскер сап болып қарсы тұрды. Арасыны мисли майдан таралады, Жекпе-жекке сөзлерiн шарт қылады. Әуелi мұсылманлардан Жағда шықты, Мүшiрiклердiң жиырмасының басын кестi. Мұсылманлар оны көрiп шатлық соқты, «Аләйк ғаун Алла»* деп дұға қылды. Мүшiрiклерден Синбад ұғылы Iлияс шықты, Келiп ол Жағданың атын жықты. Сүлеймен Жағда ғазының ұғылы жеттi, Келiп ол атасын халас еттi. Синбад ұғылы Iлиястың басын кестi, Фаридон сол уақытта келiп жеттi. Келiп ол Сүлеймен илән хамлә еттi, Күрзiмен Сүлеймен атын жықты. Сүлейменнiң екi iнiсi келiп жеттi, Мұса илән Ахмар Сүлеймендi алып кеттi. Мұсылманлардан Әли деген бiреу келдi, Фаридон илән екiлiсi хамлә еттi. Фаридонды қылыш илән шалып ердi, Фаридонды екi пәре қылып салды. Уа және Әли палуан бек һайбат қуат қылды, Сол майданда жетi палуанды һәлак қылды. Мұсылманлар Әлиге тахсин қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Фи баян Ахмар Тұран** Жаранлар, сөз тыңлаңыз соғыстың бiр қызығы, Ахмар Тұранның баян болар палуандығы. Мүшiрiклерде жоқ ердi одан мықты, Күркiреп ол майданға келiп жеттi. Әлиге келiп күрзi ұрып ердi, Қалқанын пәре қылып уа және атын жықты. Сол уақытта Ғабдуссалам келiп жеттi, Әлидi халас қылып, өзi тұрды. * Саған Алланың жәрдемi жетсiн. ** Ахмар Тұран жайлы. Екiлiсi бiраз соғыс қылып ердi, Ғабдуссаламның қалқанын пәре қылды. Күрзiсiнiң зақымынан аты жығылды, Құлдары Ғабдуссаламның алып кеттi. Әлқисса, ол майданда Ахмар Тұран тұрды, Мұсылманлардан қырық кiсiнi забун қылды. Бағзы өлдi, бағзысы мажрух болды, Күн кеш болып, Ахмар Тұран қайта барды. Мүшiрiклердiң әскерлерi шат болды, Шамғұн қарсы барып, құрмет қылды. Үстiне Ахмар Тұранның шашу шашты, Халғат берiп уа және бек ғиззат құрмет қылды. Ахмар Тұран Шамғұнға бек мақтанды: – Сұлтаным, шат қылармын ертең,–дедi. Келтiрермiн хозурыңа Жағыпарды Уа және Абдулуаһап сахаба палуанды. Бұ сөзге Шамғұн сорлы шат болады, Таң туғанша ләшкерлерге ойын қылды. Мүмiнлер бұ тараптан мәлүл болды, Құдаға сәна айтып, жұмласы намаз қылды. Жағыпар ғазының ол күнi бармағаны, Һәркiмлердiң менмендiгiн сынағаны. «Ахмар Тұранның бiлсiн,–дедi,–күштерiн, Тәкаппарлар паш қылсын,–деп,–iстерiн». Әлқисса, таң да туды, ләшкерлер атқа мiндi, Абдулуаһап сахаба қарсы барды. – Мен көрдiм Пайғамбардың жүзiн,–дедi, Естiдiм мүбәраклы сөзiн,–дедi. Кәпiрлермен көп мүбараз қылдым,–дедi, Өлсем шаһид, қалсам ғазы болам,–дедi. Оны естiп Ахмар Тұран жетiп келдi, Келубан Абдулуаһапқа сүңгi ұрды. Абдулуаһап оның сүңгiсiн маниғ қылды, Екiсi нәубет бiрлән хамлә қылды. Он екiден екiлiсi әрекет қылды, Бiрiн-бiрi ала алмай көп жүрiстi. Әлқисса, Ахмар Тұран күрзi ұрып ердi, Абдулуаһаптың қалқанын пәре қылды. Күрзiсiнiң зақымынан аты жығылды, Шарапатлы сахаба аман тұра келдi. Сол халде әмiр Омар падишаһ жетiп келдi, Ахмар Тұранды Абдулуаһапқа жiбермедi. Жолдастары Абдулуаһапқа жетiп келдi, Ол майданнан сахабаны алып кеттi. Ахмар Тұран әмiр Омарға көзiн салды, Сияпат шұһрасына ғажап қалды. «Кiмсiң?» деп, әмiр Омардан жауап сұрды, Әмiр Омар кiмдiгiн баян қылды. – Хош келдiң олай болса, Омар,–дедi, Менiм бiр iздегенiм сен-дүр, –дедi. Әмiр Омарға сүңгiсiн маниғ қылды, Ала алмай бiрiн-бiрi көп жүрiстi. Бiр ғапылда күрзi илән ұрып ердi, Әмiр Омардың атын жығып, өзi қалды. Ендi өзiн ұрайын деп қайта айланды, Сол уақытта Жағыпар сұлтан нағра салды. Ахмар Тұран сол уақытта есiн танды, Бiрнеше халайықтар өлiп қалды. Бұ нағраның дауысы ғажап болды, Жер дүрiлдеп, дарияда су шайқалды. Аспан арасы ғайқарғы мисли болды, Соғысы түгiл, адам пiрi естен танды. Бұ сөзге сенбесеңiздер, әй адами, Яхуда Жақып ұғылы нешiк ердi. Яхуда һайбат бiрлән ақырғанда, Шаһарлар талқан болып қалушы ердi. Бiлсеңiз, оның нәсiлi Әли Мұртаза ердi, Ақырса, жер зiлзала болар ердi. Хикаятын талай сiзлер көрмедiң бе, Суда балық, қырда хайуанлар қорқар ердi. Ысқырса аждаһадай және өзi, От шығып, жердiң жүзiн өртер ердi. Жағыпар сұлтан сол нәсiлден туған ердi, Тауарис дауыс содан қалған ердi. Айталық әуелi айтқан сөзiмiздi, Салмалық ғайр сөзге көзiмiздi. Әмiр Омар сол уақытта қайтып кеттi, Өзiнiң ләшкерiне барып жеттi. Жағыпар ғазы сол халде жетiп келдi, Ахмар Тұран есiн танып тұрған ердi. Ендi Ахмар Тұран есiн жиып, көзiн ашты, Толған айдай Жағыпарға көзiн салды. – Нешiк келдiң, жас ұғлан, мұнда?–дедi, Жоқ па едi һеш палуанлар анда?–дедi. Сонда Жағыпар Ахмар Тұранға жауап бердi: – Көз салма жастығыма менiм,–дедi. Хұсайынның ұғылы Жағыпар мен-дүр,–дедi, Өлтiрген Меһрияил илән Шамабыңды. Ахмар ендi Жағыпар сұлтанға қарай қалды, Толған айдың нұрына қайран қалды. Әлқисса, екiлiсi сөз сөйледi, Қуатлап дiннiң жайын бек сөйледi. Жағыпар оның сүңгiсiн қамшы илән пәре қылды, Әлқисса, Ахмар Тұран Жағыпар ғазыға сүңгi ұрды. Уа және күрзi илән Жағыпарды ұрып ердi, Бiр қылыны Жағыпар ғазының сындырмады. Алланың фазылы, кәрiм ғинаяты, Мұхаммед Мұстафаның мұғжиза шапағаты, Мүмiнлердiң зар қылған мiнәжаты, Заһир аян бiлiндi кереметi. Абдулуаһап сахаба сонда дұға қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп сада қылды. Тауабил және шат болып дұға қылды, «Жауыз көз, тiлден сақтасын Алла сенi». Мүмiнлер жұмла тұрған «әмин» дейдi, Шат болған дауыстары көкке шықты. Сонда Ахмар ашуланып күрзi ұрды, Сонда Жағыпар тартып алып, аспанға атты. Жағыпар ендi Мұхаммедтi мақтап айтты, Естiртiп тұрып халайықтарға шиғр айтты: – Хақ Мұхаммед Мұстафа бабамды бiлдiңiз бе? Мұғжизат кереметiн көрдiңiз бе? Ахмар Тұран мисли Самрұқ палуан ердi, Бозторғайға күшi жетпей тұрғанын. Қырық кiсiнiң ақылы бар бiр пендеде деген кәнi?! Ақылың болса, бiлсеңшi үшбу iстi. Бiлмесең, бiлдiрейiн Алланың бiрлiгiн, Мұхаммед Мұстафаның хақтығын. «Алла бiр, Мұхаммед Хақ дегiл» ендi, Демесең, қиналтармын мен жаныңды. Жағыпар ғазы мұны айтып ұрып ердi, Қалқаны күл-күл болып, аты өлдi. Аузы-мұрны қан болып тұра келдi, Бiр дұшпан ат келтiрiп, оны мiндi. Ахмар Тұран атқа мiнiп, қарсы тұрды, Жағыпарды бек мақтап сөз сөйледi: – Бәрекелдi қуатыңа, Жағыпар, сенiң,–дедi, Барабар заманында қылған сенi. Құдайым жолықтырған маған сенi, Көрмедiм сен мысалы һешбiреунi. Бұ күнi ақшам болып, күн кеш болды, Армансыз күреселiк ертең,–дедi. Бiр мурууат қылсаңыз бiзге,–дедi, Келейiн хозурыңызға ерте,–дедi. Жағыпар ғазы «хош, болар» деп рұқсат бердi, Екiлiсi әскерлерiне қайта келдi. Әзiн жаныб Мүмiнлер таһарат алып, азан айтты, Жағыпар сұлтан имам болып, намаз қылды. Намаздан соңыра тағам асап, шүкiр қылды, Халайықтар тағат илән мәшғұл болды. Жағыпар өз шатырына қайтып келдi, Рұмия тон киiп, ол атқа мiндi. Бiр жерге атын қойып, ләшкерлерiн аралады, Шамғұнның шатырына көзiн салды. Шамғұн, Шамас шатырда бiрге ердi, Ахмар Тұран алтын күрсиде отыр, көрдi. Жағыпар ғазыны бек мақтап отыр ердi: – Ғұмырымда көрмедiм,–деп,–мұндай ердi. Палуандықта теңдесi болмас оның,–дедi, Хұсни Жүсiп сәни бiлдiм,–деп сөйледi. Көп мақтап Жағыпарды атқа мiндi, «Өз қосыма барам» деп жүре бердi. Атқа мiнiп, бiр төбеден асып ердi, Артынан Жағыпар ғазы ере жүрдi. Бiр бақ-бақшаларға Ахмар келiп түстi, Iшiн сайран қылып аралады. Атын ағла баққа қоя берiп, бiр жерге келдi, Бiр аулаға, шатырға кiре келдi. Iшiнен толған айдай қыз көрiндi, Ахмарға тағзым қылып, сол қыз тұра келдi. Қолын тұтып жоғарыға ол шығарды, – Не себеплi кеш келдiң?–деп сұрады. – Шамғұн, Шамастың қасында болдым,–дедi, Көп мәжiлiс анлармен қылдым,–дедi. Қыз ендi бiр қадах шарапты қолына алды, Iшерде ол шарапты бiр сөз айтты: – Ғашықтық үшiн iшермiн бұл шарапты, Менi бүгiн забун қылған ол жiгiттi. Ол қыз сонда сұрады үшбу сөздi: – Мәшалла, кiм забун қылған сiздi. Һешбiр адам забун қылар ма ғажап сiздi?! Бiзге баян қылсаңшы үшбу сөздi. Сонда Ахмар Тұран сөйледi Жағыпар ердi, – Бiр жiгiт забун қылды бүгiн менi. Ғұмырымда көрмедiм ондай ердi, Адамзаттан қуаты асқан жанды. Көркемдiгiн тiлмен тағриф болмас,–дедi, Бiр анадан ондай ұғлан тумас,–дедi. Уа және һәр қадахны iшкенде айтар ердi, – Сол жiгiттiң ғашығына болсын,–дедi. Сол уақытта Жағыпар ғазы кiрiп келдi, – Шарабыңыз құтты болсын сiздiң,–дедi. Ахмар сонда:–Кiмсiң?–деп жауап сұрды, Бей уақытта жүрiпсiң неге?–дедi. Жағыпар сонда жауап бердi оған,–дейдi, – Кiмдi қастап iшiпсiң шарабыңды. Сол жiгiтiң қаслаған мен-дүр,–дейдi, Майданда забун қылған сенi,–дейдi. Дұшпан деп бiлушi ердiм бұрын сенi, Бiлмедiм сүйерiңдi сенiң менi. Кiл мұсылман бола көргiл, сұлтан, ендi, Салмағыл жаһаннамға сен жаныңды. Ахмар сонда:–Иә, ғажап!–деп сөйледi, Бiздi сен қайдан таптың түнде?–дедi. Ол айтты Ахмар Тұранға сонда сөздi: – Табармын һәркiм қашса сонда оны. – Олай болса, хош келдiң мұнда,–дедi, Күресiп, сынасалық күшiмiздi,– [дедi]. Мен жығылсам, мұсылман болам,–дедi, Сен жығылсаң, кiрермiсiң бiзге?–дедi. Жағыпар сонда:–Хош болар сөзiң,–дедi, Тұра алсаң уағдаңызда өзiң,–дедi. Уағданы тамам қылып, күресе салды, Жыға алмай Жағыпарды Ахмар Тұран сандалды. Қыз сонда екiсiне көзiн салды, Мисли екi арыслан талас салды. Ахмар қызды ендi қызғанады, Ұрарға Жағыпар сұлтанды оңтайланды. Жағыпар ғазы сол уақытта нағра салды, Қыз түгiл Ахмар Тұран да есiн танды. Көтерiп Ахмар Тұранды жерге ұрды, Үстiне қаршығадай мiнiп алды. Ахмар Тұран сол уақытта көзiн ашты, – Шарт орныға келдi ме?–деп Жағыпар айтты. Тұрамысың уағдаңда, палуан?–дедi, Жоқ десең, басыңды кесем қазiр,–дедi. Ахмар сонда:–Ерлiктiң iсi бiр-дүр, Сөз сөйлесе, сөзiнде садықлық-дүр. – Мәгәр сiзге айтарлық сөзiм бар-дүр, Қабыл көрсең айтайын, сұлтаным, тұр. Жағыпар ғазы сол халде тұра келдi, Ахмар Тұран қол қусырып, тағзым қылды. Аяғына жығылып, басын қойды, – Не десем, мұсылман болам сiзге?–дедi. Шаһзада Жағыпар ғазы тағзым қылды, Үгiт етiп, иман арзу тамам бiлдi. Қыз және сол арада мүмiн болды, Жағыпарға тәсiлiм болып, тахсин қылды. Жағыпардың лақап есiмi Сейiтбаттал болғаны Ендi Ахмар Тұран сөз сөйледi: – Айтайын иә, Жағыпар сұлтан,–деп сөйледi. Әгар көңiлiңiзге келмесе бiр сөз,–дедi, Қояйын лақап есiм сiзге,–дедi. – Хош болар, Ахмар Тұран, сөзiң,–дедi, Мен де қоям лақап есiм сiзге,–дедi. –Сейiтбаттал есiмiң болсын,–дедi, Бiзге де лақап есiм қойсаңыз хош-дүр,–дедi. Жағыпар сонда:–Есiмiң Ахмет Тұран болсын,–дедi, Лақап есiм сол жерде екiсiне баян болды. Сейiтбаттал, Ахмет Тұран лақап болды, Халайықтарға үшбу есiм мәшһүр болды. Ахмет Тұран Сейiтбатталдан рұқсат сұрады: – Ендi сiз әскерiңiзге барғыл,– дедi. Бiлмесiн үшбу сырды ешкiм,– дедi, Баралық таң туған соң анда,– дедi. Майданда күреселiк бiздер,– дедi, Сол жерде жығып алғыл менi,– дедi. «Хош, болар» деп, Сейiтбаттал қайтып кеттi, Сабах садық таң туған соң, бұнлар келдi. Екi әскерлер сап болып, қарсы тұрды, Жағыпар-Сейiт майданға барып тұрды. Сол уақытта Ахмет Тұран жетiп келдi, – Тұрмысың уағдаңда,– деп Жағыпар айтты. Ахмет Тұран: – Түндегi сөз болмас,– дедi, Иғтибар есiрiк сөзде жоқ-дүр,– дедi. Бұ майданда жығып алсаң менi, – дедi, Сол уақытта иғтибар сөз болар, – дедi. – Олай болса өнерiңдi башла,– дедi, Және ғапыл болдым деп айтпа,– дедi. Ахмет Тұран сол уақытта сүңгi салды, Сейiтбаттал қамшы илән пәре қылды. Жағыпар ендi «Иә, Алла» деп қолын созды, Оң аяғын үзеңгiден һәм шығарды. Көтерiп аты үстiнен лақтырды, Жетi құлаш жерге барып ол құлады. Кеудесiне шаһбаздай мiнiп алды, – Сұлтаным мурууат қыл,– деп жалынды. Сол уақытта Ахмет Тұран бек жалынды, – Сұлтаным, мурууат қыл,– деп жалынды. Сейiтбаттал сол уақытта тұра келдi, –Не сөйлесең сөйлей бергiл ендi,–дедi. Ахмет Тұран тағзым қылып, со халде тұра келдi, Жағыпардың аяғына жүзiн қойды. Өзiнiң ләшкерлерiне қарсы тұрды, «Алла бiр, хақ Мұхаммед-Расул Алла» деп иқрар қылып. Мұсылманлар «Аләйк ғаун Алла» деп, дұға қылды, Башарат нәмiре соғып, сайха қылды. Ахмет Тұран Сейiтбатталдан изин сұрды: – Барайын мүшiрiклерге мен бiр,– дедi. Тамаша-қызығымды көргiл,– дедi, Ғасыларға қылыш ұрып келем,– дедi. Сейiтбаттал Ахмет Тұранға изин бердi, Ахмет Тұран майданда жолан қылды. Мүшiрiклер Ахмет Тұраннан жауап сұрды: – Не үшiн қойдың бабалардың дiнiн?– дейдi. Сенi Жағыпар майданда сиқырлады, Көрмеспiсiң қайсарды ендi,– дейдi. Ахмет Тұран анларға жауап бердi: – Хақ дiнiнiң фазилатын көрдiм,– дедi. Мұхаммед пайғамбар мұғжизат кереметi заһир болды, Ықылас сол себеплi қылдым,– дедi. Көрмеймiсiң бас ұғлан не iс қылды? Нағра тартса, жер-көктi тiтiреттi. Тiлiмдi алсаңыз, мұсылман болғыл,– дедi, Жаныңызды жаһаннамның отына салма,– дедi. Әгар тiлiмдi алмасаңыздар сiзлер,– дедi, Қырармын жұмлаңызды қазiр,– дедi. Әлқисса, қырық палуанлар оған келдi, Ахмет Тұран жұмласын қырып салды. Ендi мүшiрiклер майданға келе алмады, Мұсылманлар шат болып, нағра салды. Ахмет Тұран Сейiт хазiреттен және сұрды: – Салайын дұшпанларға һәлак,– дедi. Хазiретi Сейiтбаттал изин бердi, Ахмет Тұран аш бөрiдей оған кiрдi. Артынан Абдулуаһап сахаба және кiрдi, Сейiтбаттал, Жағда ғазы бiрге кiрдi. Әмiр Омар ләшкерiне һәм бұйырды: – Һешбiрiңiз қалмағайсың, қапта,– дедi. Иә, ғажап, жұмла әскерлер қаптап ердi, Мисли бiр қияметтiң күнi болды. Бiр күн, бiр түн һеш тынбай соғыс болды, Адамлардың қаны ат жүрместей наһр болды. Тозаңнан һешбiр адамлар көрiнбедi, Сол халде Сейiтбаттал мiнәжат қылды. – Иләһым Қадiр Сұбхан өзiң ердi, Мүмiнлерге жәрдем бергiл, Алла,– дедi. Бұл соғысқа мен себеплi болдым,– дедi, Себеплiге де себеплi қыл өзiң,– дедi. Мұсылманлар, әгар, мәлзам болса,– дедi, Қорқамын көз жасынан оның,– дедi. Сол уақытта бiр хикмет Хақтан болды, Мұсылманлардың тарапынан желдi қылды. Мұсылманлар таныстылар бiрiн-бiрi, Дұшпанлардың көзлеріне құмды құйды. Мүшiрiклер басын сақлап, һәлак болды, «Шаһар Рұм қайдасың» деп қаша бердi. Мүмiнлер үш күн, үш түн оны қуды, Артынан аш арысландай қыра бердi. Үш күннен соң мүмiн жамиғ болды, Дұшпанлардың жетi мыңын жесiр қылды. Жетпiс мың мүшiрiклердiң өлiгiн көрдi, Қаншасы көрiнбеген бiлiнбейдi. Жұмла болған ерлердi Жағыпарға алып келдi, Мұсылман қылып, Рабиғ тәсiлiм қылды. Шамастың шатыры илән мүлкат тонын, Ахмет Тұран палуанға сыйлық қылды. Андан соң жұмла малдарды тақсым қылды, Бестен бiрiн халифаға халғат қылды. Қалғанын әскерлерге үлестiрдi, Бiр хаббесiн Сейiт хазiретi һеш алмады. Андан соңыра Малатияға бұнлар келдi, Тез ендi халифаға қағаз жазды. Шығарған бестен бiрi малдарын, Жағда ғазы халифаға алып барды. Халифа хатты оқып, бек шат болды, Шам шариф һәм һәр ықылымларға хабар бердi. Естiп һәр мұсылманлар бек шат болды, Жұмласы Жағыпар сұлтанға дұға қылды. Халифа Жағда ғазыға халғат бердi, Жағыпар ғазыға һәм қымбатты мал жiбердi. Әмiр Омар илән беклерге һәм жiбердi, Хат iшiнде баянлап һәрбiреуiн. Хатты оқып, әмiр Омар бек қуанды, Жiберген халғаттарды үлестiрдi. Жұмла беклер шат болып, дұға қылды, «Руйзамин халифасын сақта» дейдi. Малатияның халайықтары шатлық тапты, Пақырлары бай болып, жұмласы рахат тапты. Сейiттiң сағадатлы дәулетiнi, Руйзаминнiң мұсылманлары қуаттапты. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Ендi дұға қылатын уақыт келдi. Қыл Мұхаммед Мұстафаға сiзлер салауатты, Һәм Сейiт хазiретiне ықылас илән дұғаңызды. Насырны назым жазған Тыныштық ұғылыны, Дұғадан ұмыта көрмеңiз бiз ғасыны. Төртiншi бап: қайсардың төрт ұғылы бес жүз мың ләшкер илән келiп қырылғаны Әуелi бiз башлалы шарапатты бисмилланы, Бұ ердi iс басында сөз сұлтаны. Әй, жаранлар, тыңдаңызлар үшбу сөздi, Қайсардың төртiншi рет қырылғанын. Қашқындар ол соғыстан құтылғанын, Қайсарға келiп зарлық қылғандарын. Рабиғ, Ахмет Тұраннан айрылғанын, Қайсардың қанатының сынып қайрылғанын. Ақылынан қайсардың айрылғанын, Қияметтiң бастарына келгенiн. Уәзiр, беклерi жұмла жиылып келгенiн, Жұмласы мүшәура-кеңес қылғанын. Жимақ болды бес мың ләшкерлерiн, Төрт ұғылы жүрмек болды қиып жанын. Ол уақытта қыс фасылының күнлерiн Өткiзiп, жаз фасылында жүрмек болды. Қайсардың зар жылап тұрғанын, Көз жасы көл мысалы болғанын. Айтармыз алдыңызда сiзлерге оны, Бұ жерде қысқарталық үшбу сөздi. Дұшпанлар жылап тұра тұрсын, Айталық Сейiт хазiреттiң сөзi келсiн. Әзiн жаныб Сейiт хазiреттiң қатын алғаны Риуаят рауилардың сөзi келдi, Хош тыңлаңыз, Шаһ әулиеге шаттық келдi. Дос сүйiнсе, сүйiнбек достың iсi, Дос күйiнсе, күйiнбек мүмiн iсi. Құданың достын сүйсе әр пендесi, Шапағат қылар деймiз ол пендесi. Қыс өтiп, жаз фасылы өтiп ердi, Шаһ әулие тафарраж қыла түзге шықты. Сайран қылып, һәр жерлерге жүрiп ердi, Бiр суға ағып жатқан ұшырады. Ол судан Шаһ әулие өтiп ердi, Алдынан бiр ұлық бақшаға ұшырады. Ол бақша аралап Шаһ әулие келер ердi, Iшiнде бiр ұлық сарай көрдi. Сарайға назар салып қарап ердi, Терезеден қараған қызды көрдi. Екiсiнiң бiр-бiрiне қараған көзi түстi, Ғашықтық екiсiне бiрдей түстi. Екi нұр бiр-бiрiне шұғыла қылып ердi, Көңiлiне ғашықтық ауға жош әйлады. Жолына Сейiт хазiрет жүрiп келдi, Құдаға «Хамд-сәна» зiкiр айтып жүре бердi. Бұ ғашықтық екiсiне бiрдей болды, Құданың қосатұғын уақыты болды. Әуел Сейiт хазiретi әмiр Омарға жетiп келдi, Бiр бақша көргендiгiн баян қылды: – Иә, патша, мен көрдiм бiр құп суреттi, Жаһанда һеш көрмедiм ондай қызды. Әгар Зылихамыз аманында болса ердi, Қайсы көркем болар бiлмен,– дедi. Бұ сөзге әмiр Омар құп жауап бердi: – Ол – сенiң атаңның ағасының қызы,– дедi. Бұны естiп Сейiт хазiреттiң көңiлi ауды, Ләкин әдеп сақтап үндемедi. Әзiн жаныб Уа және қыздың сөзiн тыңлаң ендi, Құдайым ғашық қылған оның өзiн. Бар ермiш ол қыздың дая болған бiр анасы, Ол қыздың кеше-күндiз пәруанасы. – Иә, ана, бiр сөзiм бар құлақ салшы, Айыпқа бұйырмағыл болса терiсi. Бiр жiгiт көрдiм бүгiн ғажап қылшы, Есiмдi алып кеттi оның түсi. Бар ма екен бұ дүнияда һеш теңдесi?! Адамзаттан артық болған пешенесi. Бiлермiсiң, кiм болар оның нәсiл, нисасы? Ұқсаған перiштелерге шұһрасы. Сол уақытта баян қылды қарт анасы: – Атаңның iнiсiнiң-дүр данасы. Қойылған Жағыпар оның мүсәммасы, Аталмыш Сейiтбаттал – оның лақап есiмi. Палуан әсәд, Алла шұһрасы, Бұ жаһанның ғалымы-кәмiл әулиесi. Уа және халифаның сарғаскер басы, Алғаны Бәйтул Алладан уазифасы. Уа және мұсылманлардың зор қорғаны, Салып жүр дұшпанларға зор қырғынды. Он жасында жад бiлген төрт кiтапты, Һәм бiлер жетпiс екi және тiлдi. Бұ күнде он бес жаста оның жасы, Болып жүр қайратынан әскер басы. Қыздың сонда бұзылды шұһрасы, Ғашық оты тұтап, кеттi есi. Сол уақытта ақыл бердi қарт анасы: – Хабар қыл, жаным нұры, көзiм қарасы. Құдаға сәна айтып сен жылашы, Құдайым қабыл қылса, ғажап емес, болар осы. Әлқисса, бұл қайғымен қырық күн өттi, Бiр күнi әмiр Омар түстi көрдi. Түсiнде Пайғамбарымызды ол көрiптi, Әмiр Омарға Хақ пайғамбарымыз хабар бердi: «Иә, Омар, сен Хасен молданы шақыр,– дептi, Жағыпарға қызын берсiн, айтқыл,– дептi. Екi ғашық муафиқ болып, Алла қосты, Екiсiне ғақд неках қылсын» дептi. Әмiр Омар оянып, Аллаға шүкiр қылды, Аллаға сәна айтып, көп пiкiр қылды. Бiр адамға: – Хасен молданы келтiр, – дедi, Ол адам Хасен молданы алып келдi. Екiсi хал сұрасып отырысты, Әмiр Омар көрген түсiн баян еттi, Ол Хасен үшбу сөздi бiлдi баян, Ықыласын Пайғамбарға қылды аян. Той қыларға барабан соғып, қылды баян, Қызды бермек болды заһир-аян. Шаһар әһлi жиылып, тойға келдi, Шашуға һәр адамлар мал келтiрдi. Ғалымдар ғақд қылып, хұтба оқыды, Қыз Зейнеп шаттық қылып, ол отырды. Жағыпар ғазы ғашығына қосылысты, Екiсi жiбек кебi есiлiстi. Үш айдай екi ғашық қосылысты, Бiр күнлерi қайғы есiгi ашылыпты. Әмiр Омар жаранларымен отыр ердi, Iшiнде Сейiтбаттал бiрге ердi. Бiр адам қапу қағып, изин сұрды, – Изин бердi, ол адам кiрiп келдi. Ибраһим ибн Мансұр мүмiнлерге жансыз ердi, Ұлықтап ғазизлерге сәлем бердi. Сәлемiн алып: – Хош келдiң,– деп халiн сұрды, Көргенiң, естiгенiңдi сөйле,– дедi. – Мен келдiм Ыстамболдан қазiр,– дедi, Һәм бiлдiм мәслихат қылған халiн,– дедi. Әзiн жаныб Қайсарға Меһiран қауымдары келiп ердi, Қыздырып ол малғұн көп сөйледi: – Арабтардың қылған iсi асты,–дедi, Үш жерде әскерлерiңдi қырды,–дедi. Ұғылың илән Ахмет Тұранды алды,–дедi Көп әскерiңдi өзiне тәсiлiм қылды,–дедi. Аз ердi, ол көп әскер болып алды, Шат болып арабтар сiзге күлiп алды. Ләшкер жиып бармасаңыз анда,–дедi, Бiр күнлерi Баттал келер мұнда,–дедi. Келсе, хараб ол қылар жұмламызды, Сейiтбаттал өлмесе, бiр күн алар сенi. Қайсар сонда көп жылап, сөз сөйледi: – Жаным бар тәнде тұрған құры,–дедi. Не қыларға бiлмеймiн һеш хайланы, Сiзлер тапсаңыз, қылайын ол хайланы. Сейiтбаттал болып жүрмелер аждаһадай, Оны өлтiрер күн қайда, аһи уа аһи, Һәркiмдер өлтiрер болса ол Батталды, Оған халал қылармын тәж-тағымды. Қисапсыз ләшкерлердi жиғын,–дедi, Жұмла ұғылым ләшкер илән барсын,–дедi. Жетi ықылым жұртына хаттар жазды, Бес мың кiре, жүз мың әскерлер әзiрлендi. Үшбулер жұмла аттанып келер,–дедi, Уа, Алла, ағлам, бұ күнде Мағмурияда болар,–дедi. Шат болып отырасыздар мұнда,–дедi, Ғапылсыз, қайғыңыз жоқ сiзлер,–дедi. Сейiт хазiретке әмiр Омар кеңес қылды, Әр тарапқа жiбердiлер хабарларды. Сол күнде әмiр Омардың бар әскерi, Жиырма мың сол жерде болғандары. Сегiз мыңын шаһарға бекшi қойды, Он екi мың әскер илән жүрмек болды. Сейiтбаттал хазiретi үйге келдi, Зейнепке:–Хош хал, үйде отыр,–дедi. Зейнеп сонда наз қылып жылай бердi: – Сенсiз қарар қылармын қайтып?–дедi. Фарахаттық көңiлiмiзге қайғы толды, Нешiк тахаммул қылармын?–деп жылады. Ол жерге мен де барсам нешiк?–дедi, Шаттық, қасiрет болғанын көрсем,–дедi. Сейiт сонда:–Бұл сөзiң болмас,–дедi, Қатын барсалар, аяқ бау болар,–дедi. Әгар барсаң, бiр ранжу ершүр,–дедi, Қасiретке қаларсың сонда,–дедi. Тез сабыр қыл,–деп Сейiт кеттi, Баяғы бiр хиндик қазған жерге жеттi. Бiр күн, бiр түн ол жерде қарар айтты, Сол жерге Зейнеп қатын тағы жеттi. Сейiтке тағзым илән сәлем айтты, Басын қойып, аяғына жүзiн сүрттi. – Фирақ оты өрбiтедi менiң бағұрымны, Һеш қарарым қалмады менiм зар,–дедi. Сейiт сонда: –Иә, мiскiн Зейнеп,–дедi, Бiр ранжу ершүр ендi саған,–дедi. Бiр аулақ мұғраға Зейнептi алып келдi, «Бұ жерде басың сақтап отыр» дедi. Ол ләшкерлер сол түнi анда қонды, Құдаға сәна айтып, намаз қылды. Таң атып, күн шыққанда адам тұрды, Рұмның әскерлерi заһир болды. Шамастың бiр палуаны болар ердi, Есiмi Милан рұм деген ердi. Миланға Шамас сонда әмiр қылды: – Мың кiсiмен сол қауымға барғыл,–дедi. Барып бiл, сол қауымлар кiм-дүр?–дедi, Бiзлерге қайтып келiп бiлдiр,–дедi. Милан сонда мұсылманларға туғры барды, Мұсылманлардан бiр жүз кiсi қарсы барды. Ахмет Тұран, Жағда ғазы, Мұса жүрдi, Абдулуаһап, Тауабил, Афлахун нағыз ердi. Шыдамай Ахмет Тұран нағра салды, Бiр сағатта үш жүз мүшiрiктi қатил қылды. Қалғандары мажрух болып, керi қашты, Бiр жүз мұсылманлардың қылыны сындырмады. Милан қашып, Шамасқа туғры барды, – Бiр жүз кiсi қырды,–деп, жылап барды. Шамас сонда Миланға:–Лағнет,–дедi, Жүз кiсiден мың кiсi қаштың,–дедi. Милан сонда Шамасқа сөз сөйледi: – Бiлмеймiсiң Ахмет Тұран нешiк ердi? Бұ сөзбен екi ләшкерлер қайта қонды, Қайсар ұғылы Шамас ендi хатты жазды. Сабұх атты бiр палуаны, қырық руһ–––бан алып барды, Әмiр Омар ол хатты оқып көрдi: «Батталды тiрi тұтып берсiн,–дептi, Әр жылда хараж берсiн және,–дептi. Әгар қылсаң үшбу айтқан сөзiмiздi, Зарар қылмай тиялық елiмiздi». Сол уақытта Сейiтбаттал тұра келдi, Сабұхтың құлақ-мұрнын кесiп алды. Уа және қырық руһбан сорлыларды, Анлардың жұмла басын кесiп алды. – Сен барып Шамасыңа айтқыл,–дедi, Мұсылман болып, ол аман қайтсын,–дедi. Жоқ деселер, не қылармын бiлсiн,–дедi, Рұм халқын жұмла хараб қылам,–дедi. Кәнисаларын жұмла талқан қылам,–дедi, Орныға мәсжид, медресе салам,–дедi. Сабұх сорлы тоналып қайтып барды, Шамасқа естiгенiн айтып барды. Мұны естiп Шамас, Шамғұнның жүзi солды, Не сөйлерiн бiле алмай, есiн танды. Сонда Шамас:–Қайталық бiзлер,–дедi, Бұл масқара, бiр қылар бiздi,–дедi. Шамғұн сонда ашуланып, сөз сөйледi: – Әуелi өлтiрермiн сенi,–дедi. Әскер бiрлән барайын анда,–дедi, Ол майданда өлейiн өзiм,–дедi. Жаман атпен қайтқанша елге,–дедi, Жақсы атпен өлгенiм керек,–дедi. Тез әскерлер аттанып жүрсiн,–дедi, Не болғанын көрелiк бiзлер,–дедi. Ләшкерiн төрт тарапқа бөлiп жүрдi, Аз мұсылманды ортаға алмақ болды. Жүһүдтер бұ сипатпен жүрiп ердi, Мұсылманлар бұ және төрт сап болды. Сол күнi жекпе-жекке һеш болмады, Төрт тайпа, төрт сап болып қылыш ұрды. Түн жарымы болғанша қырғын болды, Жүһүдтер қатты бүгiлiп, қырғын тапты. Екi әскерлер айрылып, керi қонды, Таң туды, екi ләшкерлер және келдi. Майдан түзеп, арасын тазалады, Шығарға жекпе-жекке орын қойды. Мұсылманлардан Жағданың ұғылы Мұса шықты, Ол Мұса қырық жүһүдтi жерге тықты. Мүшiрiклерден Синбад ұғылы деген шықты, Iшiндегi мәшһүр болған палуаны ердi. Екiсi бiрер заман соғыс қылды, Ақыры ол Синбадтың атын жықты. Аттан жығылып, Мұсаға сөз сөйледi: – Иә, Мұса, бiр сөзiм бар айтам,дедi. – Не сөзiң бар, иә малғұн, сөйле,–дедi, Синбад сонда:–Мен мұсылман болам,–дедi. Ләшкерiме бiр барып, сiзге келем,–дедi, Бiр мурууат қылсаңшы бiзге,–дедi. Шын бiлiп, ол малғұнды қоя бердi, Ол малғұн халi құрып алдап ердi. Синбадқа Шамғұн:–Неге келдiң?–дедi, – Бiр ғұзырым бар ердi ұстамалы,–деп сөйледi. Жоқса менiм қасымда не-дүр?–деп сөйледi, Жалған сөзбен Шамғұнды һәм алдады. Тарион атты бiр палуаны болар ердi, Мұсаға күндей күркiреп келген болды. Келубан ол Мұсаға сүңгi салды, Оның сүңгiсiн қылыш илән пәре қылды. Оны көрiп әмiр Омар Сейiт илән дұға қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп сада қылды. Ол ендi әуелi намазын оқуға қайтып келдi, Ағасының ұғылы Мұхаммед деген анда барды. Синбадқа Шамас дахи:–Барғыл,–дедi, Нар-нұр сенiң басыңды отқа жақсын,–дедi. Не үшiн қаштың соғыстан, ғасы?–дедi, Кәһи өлгiл, кәһи өлтiр, барғыл,–дедi. Шарасыз Синбад сорлы қайта барды, Барар-ақ Мұхаммед илән хамлә қылды. Уа және күшi жетпей, хайла қылды, – Көңiлiм мұсылманшылықты сүйдi,–дедi. Сейiттен бiр хабар келтiр,–дедi, Бiздi қабыл қылар ма екен басы?–дедi. Малғұнның сөзiне нанып, қоя бердi, Сейiтке оның сөзiн хабар бердi. Сейiт айтты:–Ол сенi алдап кеттi, Қорқып, ләшкерiне қашып кеттi. Ол күнi ақшам болып, әскер қонды, Мұсылманлар азан айтып, намаз қылды. Таң атып, екi әскерлер және келдi, Майданға әуел Мұхамадин Әли және келдi. Майданда Мұхаммед тұрып сайха қылды, – Жалғаншы Синбад қайда, келсiн,–дедi. Ердiң iсi алдамақ болмас ердi, Не себеплi алдаған малғұн менi?! Шамас естiп, жүзiне бек түкiрдi, – Тоқтай тұр, алдап қашып келдiң,–дедi. Антақы деген бiр малғұн болар ердi, Белгiлi iшiндегi палуаны ердi. Мұхаммед илән ол келiп, хамлә қылды, Оны Мұхаммед күрзi илән күлдей қылды. Екi ләшкерлер Мұхаммедке тахсин қылды, Мұсылманлар шат болып, нағра салды. Шамас сонда Синбадқа әмiр қылды: – Тез бар,–деп,–ол майданға,–қаһарланды. Шарасыз Синбад сорлы азар барды, Мұхаммедке келген болып, сүңгi салды. Мұхаммед сүңгiнi қылыш илән пәре қылды, Қылышпен және басын жара қылды. Басы жарылып, бейшара қайта қашты, Мұхаммед нағра салып оны қуды. Жүһүдтер оны көрiп, қарсы шапты, Сол уақытта Сейiтбаттал нағра салды. Оны естiп, Абдулуаһап бiрге шапты, Ахмет Тұран, Жағда ғазы және шапты. Сол уақытта екi ләшкерлер араласты, Ақшамға-ше соғыс болып, қан төгiлдi. Қандары мүшiрiклердiң судай ақты, Қанша адамлар өлген-дүр бiлiнбедi. Әлқисса, екi әскерлер қайта қонды, Мұсылманлар һеш ексiлмей, шатлық тапты. Мүшiрiклердiң әскерлерiн қайғы басты, Шамғұн айтты:–Нар-нұрға немә болды? Жүзiмiздiң сөлдерiн жерге төктi, Қарармыз ел бетiне нешiк?–деп жылады. Әлқисса, таң да туып, күн де шықты, Екi әскерлер бiр-бiрлерiне көзiн тiктi. Майданға Шамғұн малғұн өзi шықты, Үстiне алтын-күмiс киiп шықты. Ахмет Тұран оны көрiп, бұл да шықты, Қалмады сабыр қарары, қатты шапты. Шамғұн оны көрiп, қайта қашты, Аттан түсiп, шатырына қорғалады. Шамас сонда Шамғұнды шiлтеледi: – Жүзi қара, ерлiгiң қайда?!–дедi. Әуелде айтпадым ба саған,–дедi, Ерлiгiң сонда айтқан қайда?!–дедi. – Ахмет Тұран мұнан бұрын көп сыналды, Бiлмеймiсiң кiм пар болар оған?!–дедi. Шамас айтты:–Кiм барар оған?–дедi, Һәркiм барса, мәлзам қылар ол бiзлердi. Ендi Шамас қатты зарлық қылып тұрды: – Иә, Сыржайыл, сен бармасаң болмас,–дедi. Ол Сыржайыл Фираңның патшасы ердi, Отыз аршын қад қаматы болар ердi. Түрленiп, ол Сыржайыл атқа мiндi, Қаруды неше түрлi асынып келдi. Ысқырған аждаһадай шұһрасы, Мұсылманлардың таң қалды кәрi-жасы. Барабар Ахмет Тұранға келiп тұрды, Бiраз заман сөйлестi екiлiсi. Ахмет Тұранның белгiлi ердi мажырасы, Сөйлестi дiннiң жайын екiлiсi. Һәркiмнiң артық ердi өз ықылымлары, – Қайта барсаң, сөйлей-дүр қайсар сенi. Мен сұрайын қайсардан күнәһiңдi, Уа және алып берем өзiңе сұлтанлықты. Ахмет Тұран сонда оған сөзiн айтты, Ислам дiнiн қуаттап, бек көп айтты: – Сұлтанлық керек болса саған,–дедi, Мұсылман болып, сен ергiл маған,–дедi. Әлқисса, екiлiсi келiспей, мүбараз-хамлә қылды, Бiрiн-бiрi ала-алмай көп жүрiстi. Сыржайыл бiр хамлә күрзiмен ұрып ердi, Ахмет Тұранның қалқанын пәре қылды. Күрзiнiң зақымынан аты жығылды, Ат келтiрген мұсылманларын забун қылды. Сол халде Сейiтбаттал нағра салды, Зiлзала жер қозғалып, су шайқалды. Сыржайыл сол уақытта есiн танды, Жығыларға аз қалды, мәңзi солды. Сол уақытта Ахмет Тұран қайта кеттi, Өзiнiң ләшкерiне барып тұрды. Сол уақытта көп адамлар есiн танды, Танбасында суда балық қалтырады-ай. Бiр уақытта Сыржайыл есiн жиды, Ахмет Тұраннан ғайр адамды тұрған көрдi. Сейiтке «Сен кiм?» деп сөз сұрасты, Бейне тату кiсiдей хал сұрасты. Дiн жайында екiсi келiспедi, Соғыстың құралын қолына алды. Сыржайыл Сейiтке сүңгi салып ердi, Сейiт хазiрет сүңгiсiн маниғ қылды. Өзiнiң сүңгiсiн сұғып ердi, Сыржайыл қалқан ұстап тұрып ердi. Сыржайылдың қалқанынан қабат ұшты, Iштен өтiп, сыртына түйреп шықты. Шаһ әулие сүңгi илән лақтырды, Жүһүдтердiң ләшкерiне келiп түстi. Жаһаннамның сарайына ұластырды, Мұсылманлар «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Жүһүдтердiң көңiлiне қорқу түстi, Шамас сонда бақырып, ойбайласты. Намруд деймiш бiр палуан болар ердi, Шыдамай ол майданға барған болды. Өлiмдi сағынып барған сорлы, Дүнияға келмегендей оны қылды. Әлқисса, жетпiс палуаны келiп ердi, Һәрқайсысын бiр өнермен һәлак қылды. Уа және Текиор деймiш палуан шықты, Ыстамболдың патшасының уәзiрi ердi. Ол және қаһарланып келген болды, «Һай» дегенше, Сейiт оны һәлак қылды. Шамас сонда ойбайлап, ол сөйледi: «Көргенiмше, көрмей өлем» деп сөйледi. Патшалық тондарын жұмла кидi, Қарық болып алтын-күмiске, атқа мiндi. Сейiтке қарсы келiп, сөз сөйледi: – Палуанларды һәлак қылған кiмсiң?–дедi. Сейiт сонда:–Әуел бiлдiр сен өзiңдi, Айтайын андан соңыра мен өзiмдi. – Қайсардың ұғылы, атым Шамас менiң,–дедi, Ала келдiм палуанлардың қанын,–дедi. Көп адамды һәлак қылдың қазiр,–дедi, Һәрқайсы бiр патшаның уәзiрi ердi. Жаһанның палуаны ердi жұмлалары, Өлтiрдiң қай заһармен жұмлаларын? Сейiт сонда:–Арабтың палуаны мен-дүр,–дедi, Зүриятым Мұхаммед пайғамбар-дүр менiм,– дедi. Шапағатшым – хазiрет Әли бабам,– дедi, Мүшiрiклерге көп қырғын салған,– дедi. Дiнiм – ислам, қуат берген – Алла,– дедi, Өзiм атым–Сейiтбаттал, заһир қатал бiлiң,– дедi. Сол уақытта бейақыл Шамас сорлы, Сейiтке сүңгi алып оңтайланды. Сейiт сонда шығарды үзеңгiден аяғын, Жүрекке жұмырық илән салып қалды. Шамас содан, ат арықтан ұшып түстi, Жетi құлаш ат артынан кейiн түстi. Һешбiр адамлар бiрiн-бiрi танымады, Мәгәр «Алла Акбар» деген ұран болды. Сейiт хазiретi кеудесiне мiнiп алды, Екi қолын желкесiне байлап алды. Сол уақытта Афлахун жетiп келдi, Шамасты ту түбiне алып кеттi. Сейiт және майданға барып тұрды, «Бар болсалар палуанлар келсiн» дедi. Шамғұн сонда ойбайлап, зар жылады, «Жұмлаңыз қаптаңыз» деп әмiр қылды. Сонда екi әскерлер араласты, Мисли қияметтен шаңдақ басты. Һешбiр адамлар бiрiн-бiрi танымады, Мәгәр «Алла Акбар» деген ұран болды. Мұсылманлар «Иә, Алла, иә Мұхаммед!» деп қылыш ұрды, Қылыштары су сепкендей кесе бердi. Шаһ әулие Сейiт хазiретi нағра салды, Естiген халайықтар есiн танды. Мисли аш арыслан қырғын салды, Қан кеуденi көтерiп, судай ақты. Шаһ әулие ақырды мисли арысландай, Жүһүдтер қаша бердi жарысқандай. Үш күн, үш түн жүһүдтердi қуып қырды, Ат жүрмей, өлген жаннан қайран қалды. Әлқисса, мұсылманлар жүһүдтiң малын жиды, Тақсым қылар жерлерiне алып келдi. Бiр пұрсатта Шамас малғұн қашқан ердi, Айқай салып Зейнеп қатын хабар бердi. Шамас қашты дегендi Сейiт бiлдi, «Қайда?» деп, ол Шамасты қуып кеттi. Су бойында Шамасты Сейiт қуып жеттi, Мойнына қолын байлап алып келдi. Мұсылманлар Сейiттi көрiп шат болды, Шамасты және апарып байлап қойды. Ендi олжаларын тақсым қылды, Бестен бiрiн халифаға халғат қылды. Қалғанын әскерлерге бахшиш қылды, Ол малдан бiр хаббесiн һеш алмады. Әзiн жаныб Уа және бiр тыңлайтын ғажап келдi, Шаттық кетiп, бiр қайғы тағы келдi. Әскерлер олжа малын бөлген халде, Ғажаплап һәр тараптан тұрған халде. Шамас малғұн қолын шешкен сол уақытта, Зейнептi алып қашыпты сол пұрсатта. Бұ сырдан ғапыл ердi әскер сонда, Бейхабар қарап тұрып бостан-босқа. Сейiт хазiретi әскерлерге рұқсат бердi, – Сiзлер дұғада болыңыз, мен тәуекел Аллаға қылдым,– дедi. Рұмия тондарын Сейiт киiп алды, Суретiн мисли рұм қылып алды. Адамлар көрсе, Шамасты ол сұрады, Ол сұрасалар «Мен – Шамастың құлы» дедi. Бiр адам ол Сейiт хазiретiне ұшырады, Ол адам мүмiнлердiң жансызы ердi. Сейiтке сәлем берiп, тағзым қылды, Ибн Мансұр ер екенiн Сейiт бiлдi. Хал сұрасып, Шамасты һәм сұрады, – Мен көрдiм, Мағмурияға барды. Һәм қасында бiр адам бар, ол байлаулы, Бiлмеймiн ер, қатынын оның,– дедi. Асығып Сейiт хазiрет және жүрдi, Көрген жаннан Шамасты сұрар ердi. Бiр күнi Шамастан хабар бiлдi, «Харажында қайсар илән бiрге» дедi. Уа және қатты жүрiп анда барды, Бiр ғарға атын қойып, шәрге келдi. Бiр адам қарбыз сатып отыр ердi, Ол адамнан қарбыз илән өтмек жедi. Шамасты ол адамнан сұрап ердi, Ол адам: – Шамас мұнда келдi,– дедi. Атасына ол Шамас келiп ердi, Қолын сүйiп, тағзым қылып ердi. «Ғайсадан маған жәрдем болды,– дедi, Дәулетiн жары қылып келдiм,– дедi. Уа және алып келдiм Сейiтбатталдың қатынын, Шыдамай, ол артымнан келер,– дедi. Әгар мұнда ол Баттал келер болса, Ажал айдап, қолымызға түсер болса. Жылатамыз мойынға қылыш салса, Өлтiрiп, ол Батталды суға салса. Көңiлiңiз тынар ердi сiздiң сонда, Бұ iстi қыла қалсақ, әгар, мұнда». Бұ сөзбен мақтанысып отыр сонда, Не болар, әгар, Баттал келсе мұнда. Және Сейiтбатталдың қатыны ғажап дейдi, Суретi адамзаттан басқа дейдi. Бұрынғы өткен Зылиқа-Жүсiп дейдi, Одан да көркем десе болар дейдi. Сейiт ендi сұрады ол қатынды: – Бұл күнде қайда бұнлар бiлдiңiз бе? Қарбызшы ол Сейiтке жауап бердi: – Қайсардың үш қызы бар, бiлем,– дедi. «Маһпруза» екен есiмлi ең кiшiсi, Толған айға меңзей-дүр оның түсi. Қолына Маһпрузаның берген,– дедi, Үстiне түрлi киiм кигiздiрдi. Үгiттеп, бiздiң дiнге кiргiз,– дедi, Аларға, дiнге кiрмей болмас,– дедi. Екiлiсiн бiр сарайға қойған,– дедi, Пәлен жерде, сарайда бiрге,– дедi. Бұл сөздi қарбызшыдан бiлiп алды, Түнде кiрiп, шаһарды аралады. Һәр терезеден Сейiт келiп, сөз тыңлады, Һәр адамлар ол Сейiттi мақтар ердi. Қайсардың сарайына және келдi, Көп адамлар Сейiттi мақтап отыр ердi. «Шақ болмас қуатына һеш жан,– дейдi, Не палуан адамларды тезек кебi лақтырды». Оны тыңлап, бiр сарайға және келдi, Қарады, пәнжарадан қыздарды және көрдi. Қайсардың Кетайун, Һамаиун екi қызы, Көп қызбен Сейiттi мақтап отыр көрдi. Уа және бiр сарайға Шаһ әулие көзiн салды, Пәнжарадан Зейнептi танып бiлдi. Екi қыз ниғмат асап, сөз сөйледi, Қуаттап Сейiтбатталды бек сөйледi. Бiр қыз тұрып, сандықтан қағаз алды, Қағаздан екiлiсi сурет көрдi. – Бұ сурет кiм болар?– деп қыз сұрады, Зейнеп сонда: «Сейiтбаттал» деп жылайды. Маһпруза Зейнепке сөз айтады: – Түсiмде Мұхаммед пайғамбарды көрдiм,– дедi. Айтайын мен түсiмдi сiзге,– дедi, Құлақ салып, тыңлаңыз мұны,– дедi. Махшар болып, адамлар көп жиылды, Жұмласы Мұхаммедтен шапағат сұрды. Ол Пайғамбар ұжмаққа бұйырады, Ұжмаққа бұйырғаны тез барады. Бiр адамға ол Мұхаммед пайғамбар әмiр қылды: – Бұ қырық адамды ұжмаққа апар,– дедi. Мен сөйледiм Пайғамбарға сонда,– дедi, – Бұ қырықтың бiрiне бергiл менi,– дедiм ердi. Сонда Пайғамбар сөзiме жауап бердi: – Қырық күнде үйiңе бiр адам келер,– дедi. Сол адамға тапсырдым сенi,– дедi, Тәсiлiм болғыл, түнде келiп алар,– дедi. Оянып, сол уақытта тұрдым,– дедi, Бiр қағаз жастығымда көрдiм,– дедi. Iшiнде суретi бар үшбу,– дедi, Иә, Зейнеп, танырмысың бұны?– дедi. Зейнеп сонда: – Бұ суреттi бiлдiм,– дедi, Бұ – менiм Сәруар сұлтаным, Сейiт,– дедi. Пайғамбар – Расул Алла, хақ-дүр,– дедi, Қатасы жоқ, бұл түсiң келер,– дедi. Маһпруза: – Санадым, – дедi, – ол күнлердi, Бұ түнi тамам қырық күн болды,– дедi. Пайғамбарың хақ болса сенiң,– дедi, Бұ түнi, қазiр төбеден келер,– дедi. Сол уақытта Сейiт хазiрет тыңлап тұрды, Сарайға кiретұғын жол таппады. Бинасы ол сарайдың биiк ердi, Ықтият қыздар үшiн салған ердi. Оның қапуы төбесiнде болар ердi, Нардибан илән төбесiне шығар ердi. Шаһ әулие шынжыр тастап, тамға шықты, Сада қылып, төбеден төмен түстi. Шаһ жиһан уа және сөз сөйледi: –Әмана уа садақна, иә расул Алла,– деп сөйледi. Маһпруза сескенiп сөз сөйлейдi: – Там басынан сөйлеген кiм-дүр?– дедi. Зейнеп сонда қуанып, һәм сөйлейдi: – Сейiт келдi, сәлем тағзым қылғын,– дедi. Екiсi қарсы жүрiп сәлем бердi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Алып келiп тақытқа отырғызды, Маһпруза Сейiтке көзiн салды. «Жүсiп сәни болар ма деп пiкiр қылды, – Жаным құрбан болсын» деп ғашық болды. Бар ермiш бiр жан қылған қозы етi, Сейiттiң хозурына алып қойды. Уа және түрлi ниғматтарды көп келтiрдi, Үшеуi асап iшiп, шүкiр қылды. Құдаға Мұхаммед хамд-сәна айтып, дұға қылды, – Иләһым, өзiң халас қылғыл,– дедi. Сейiт ендi: – Кетелiк бұнан, – дедi, Дұшпанлар хабар таппай бiзден, – дедi. Маһпруза «Хош әула» деп тұра келдi, Алтын, жауһар, күмiстерiн бек көп алды. Уа және түрлi қымбат заттарды жетер алды, Жұмласын Сейiт қоржынға салып алды. Ысқақтың қоржынының хикметi, Iшiне қанша салса бiлiнбейдi. Сейiт ендi шаһардан ат iздедi, Түн iшiнде ат тауып алып келдi. Екi атқа мiнгiздi екi қызды, Ғарда қойған атына жетiп келдi. Өзiнiң махбүб атын мiнiп алды, Малатияның шаһарына рауан болды. Әзiн жаныб Жолымен Шаһ әулие жүре тұрсын, Қайсардың хабар тапқан сөзi келсiн. Қызды баққан қатынның сөзi келсiн, Айтайын құлағының құрышы қансын. Қатынлар нағра салып ойбайлады, «Екi қызды алған» деп айқай салды. Қайсарға үшбулерден хабар барды, Бақырып қайсар сорлы ойбай салды. «Отыз мың әскер илән қуғыл» дедi, Бас болып үш ұғылы оны қуды. Әзiн жаныб Бұнлар барып артынан келе тұрсын, Шаһ әулие Сейiттiң сөзi келсiн. Шаһ әулие желдей есiп келер ердi, Сол уақытта сабах садық таң да туды. Бiр суға бұнлар келiп түсе қалды, Ол судан таһарат алып, намаз қылды. Намаздан фариғ болып, үшбулер дұға қылды, Сол уақытта артынан тозаң көрдi. Үшбулер оны көрiп, атқа мiндi, Маһпруза ер құралын қолына алды. Сейiттен Маһпруза изин сұрды: – Дұшпанларға мен барайын, сiз тұрғыл,– дедi. «Хош, болар» деп, Сейiт аңа изин бердi, Алдымен Шамас малғұн жетiп келдi. Маһпруза Шамасты жерге ұрып жықты, Қостантинды бiр ұрып және жықты. Бар ердi Маһпрузаның бiр ағасы, Бiр анадан туған ердi екiлiсi. Оның есiмi Рамни деймiш ердi, Ол және Маһпрузаға жетiп келдi. Ағасы Парузаға сөз сөйледi: – Не болды, жаным, саған?– деп сөйледi, – Бiздi сен рәсуа қылдың,– дедi, Көрермiз елдiң жүзiн нешiк?– дедi. Бiр қашқын сиқыршыға ердiң,–дедi, Жүзiмiздi сен төмен қылдың,–дедi. Сонда Паруза қойнына қолын салды, Бiр қағазды қойнынан алып бердi. Ағасы ол қағазды оқып көрдi, Хабарын расул Алланың дұрыс бiлдi. Сол жерде иман айтып, мүмiн болды, Сейiттiң аяғына жүзiн қойды. Сейiт ендi Рамнидiң көзiн сүйдi, – Хош келдiң, мархабан,– деп ғиззат қылды. Шамастың оны көрiп, iшi күйдi, – Жағалаңыз, қаптаңыз!– деп әмiр қылды. Ләшкерлер сол уақытта қаптап ердi, Сол халде Шаһ әулие нағра салды. Иә ғажап, ол нағраның дауысынан, Естiген жұмла әскерлер аттан түстi. Уа және есiн жиып алғандары Атқа мiнiп, соғысуға жарамады. Және аттары естерiн жия алмады, Жерде шауып жүрер хал болмады. Шаһ әулие әскерлерге келiп кiрдi, Аш арыслан қойға кiрген мисли қырды. Есiн жиған адамлары керi қашты, Төртеуi арттан қуып, қыра бердi. Әлқисса, керi қайтып бұнлар келдi, Дұшпанларының малдарын жинап алды. Бiр мың атқа жұмла заттарын артып алды, Малатияның шаһарына бұнлар келдi. Мұсылманлар, халайықтар мұны көрдi, Сейiттiң қайратына тахсин қылды. Шаһ әулие олжа малын тақсым қылды, Бестен бiрiн халифаға халғат қылды. Қалғанын пақырларға бахшиш қылды, Ол малдан бiр хаббесiн һеш алмады. Халифаға фатиха хаттар жазды, Абдулуаһап Рамни илән алып келдi. Хатты оқып, халифа ағзам бек шат болды, Рамниға ағыр халғат тондар бердi. Сұлтан Сейiтбатталға көп жiбердi, Әмiр Омарға хат жазып, халғат бердi. Бұнларды Абдулуаһап сахаба алып келдi, Оны көрiп, әмiр Омар бек шат болды. Бiр заман осыменен шаттық болды, Бұл қисса үшбу жерде тамам болды. Мұхаммед Мұстафаға салауат қылғыл ендi, Мұғжизасын Мұстафаның бiлгiл ендi. Дұға қыл, Сейiтбаттал ғазыға сiзлер ендi, Шапағатын муйассар қылған Алла өзi. Насырны назым жазған бұ ғасы құлды, Дұғадан ұмыта көрмеңiздер сiзлер ендi. Бұ кiтапты тыңлаған, жазған Құсни, Рахметiң илән жарылқағыл, иә, Ғани. Салауат сәлем саған болсын, иә, Хабиб Рахман, Бағзы мақлұқаты, халқы жаһан. Салауат сәлем саған болсын, иә, Хабиб Рахман, Бағзы фазылы жауды рахмат әр рахман. Бесiншi бап: Ғабдуссаламның Ыстамболға асир болғаны. Оны Сейiт хазiретi Ыстамболдан алып келгенiнiң баяны Әуелi бiз башлалы бисмилланы, Көңiлiмiзге илһам салған Алламызды. Қолыма қалам ұстап, жаздым хатты, Иләһым, кешiргейсiң қатамызды. Мен және баян қылам достыңызды, Достыңа дұшпан болған адамларды. Жаранлар, хош тыңлаңыз, сiзлер мұны, Сiзлерге баян қылам раушан мұны. Мүмiнлердiң шат болып күлсiн жаны, Қас қылған залымлардың күйсiн жаны. Сейiттiң баян қылам хикметлерiн, Дұшпанын зұлматтан құтқарғанын. Риуаят рауиларның сөзлерiн, Айтайын назым бiрлән сiзлерге оны. Өнерi Сейiт хазiретiнiң жұмла озды, Халайықтар ұлық-кiшiк оған ердi. Жоғарғы Ғабдуссаламды бiлдiңiз бе, Қастылық бейшараны әуре қылды. Бiр түнi ашуланып шығып кеттi, Тарсус деген бiр шаһарға келiп жеттi. Ол заманда Тарсус әһлi мүмiн ердi, Мұхаммед ибн Хұсайын анда патша ердi. Ғабдуссалам ол шаһарға мағлұм ердi, Ғиззатлап патша оны қонақ қылды. Мәжiлiсте Ғабдуссалам Сейiттi шiлтеледi, Шикаят-ғайбат қылып көп сөйледi. Яхия ибн Хамид Насыр Хибаб сонда ердi, Ғабдуссаламға насихаттап сөз сөйледi: – Сейiтбаттал көп өнер ол көргiздi, Атасының уазифасын сенен алды. Сен дахи өнерлерiң көрсет,– дедi, Саған да уазифа берер халифа,– дедi. Сен де бар Ыстамболға қазiр,– дедi, Хоражында қызы бар, ұрлаң,– дедi. Ыстамболда Сырабiл деген кәшиш барды, Рұмның бүбi ермiш мұғтабарлы. Хайламен соны барып өлтiр,– дедi, Және бар оның ұлық кәнисасы. Iшiнде пұттары бар алтын,– дедi, Iшi қуыс, миск-ғинбар толған,– дедi. Және бар қызыл-алтын қанадил,– дедi, Хазiретi Ғайсаның заманынан қалған,– дедi. Жұмласын алып келсең мұнда,– дедi, Саған да уазифа берер сонда,– дедi. Бұ сөздi Ғабдуссалам естiп бiлдi, Рұмия тон киiп, жүре бердi. Бейшараны бiр азап илән бердi, Дүнияның сиқырлығына әуре болды. Сейiтбаттал болар ма ердiң бәрi, Күншiлдiк бейшараны әуре қылды. Бiр күнлерi Ыстамболға жетiп барды, Хайласыз бейшараны ұстап алды. Қайсардың хозурына алып келдi, Сұрады нешiк жүрген жұмысын. «Шын айт» деп, бейшараны бек қинады, Шарасыз баян қылды жүргенiн. Сейiтке қас қылған мiнезiн, Раушан баян қылды жұмласын. Қайсар сонда қызметшiлерге әмiр қылды, «Бiр өгiздiң тұлыбын сойып, келтiр» дедi. Қызметшiлер тұлыбын алып келдi, Бейшараға киiмiн алып, кигiздiрдi. Шынжыр тағып, жоғарыға асып қойды, Шынжырдың ұшын қапуға берiк қылды. Күннiң жүзiне тұлыпты iлдiрiптi, Тұлып қысып, Ғабдуссалам зар қылыпты. Һешкiм де зарлығын тыңламайды, Рақым һешкiм ерсе һәм қылмайды. Уа және бес жүз кiсi күзетедi, «Сейiтбаттал келе ме» деп сақ болады. Мақсұды «Сейiтбаттал келсiн,– дейдi, Ұстап алып, өлтiрсек оны» дейдi. Әзiн жаныб Күзетiп Ғабдуссаламды тұра тұрсын, Малатияның халқының сөзi келсiн. Ыстамболда бiр мүмiн болар ердi, Жасырынып, дiн тұтып жүрер ердi. Ол мүмiн Ғабдуссаламды есiркедi, Бiр күнлерi Малатияға жетiп келдi. Малатияның халайықтары қайран ердi, «Ғабдуссалам қайда кеттi?» дерлер ердi. Сол сөзде әлгi мүмiн сөз сөйледi: – Мен көрдiм Ғабдуссаламды,– деп сөйледi. Жұмла көрген-бiлгенiн баян қылды, Жұмлаға раушан айтып, аян қылды. – Бұ күнде оның халi бек нашар,– дедi, Тәнiнде бар тек шықпаған жаны,– дедi. Шаһ әулие сол уақытта тұра келдi, – Барайын Ыстамболға жалғыз,– дедi. Сiзлер дұғада болыңыз жұмла,– дедi, Иләһым, жәрдем берген бiзге,– дедi. Ол келген мүмiннiң есiмi Моһан ердi, Қасына ертiп алып, жолға жүрдi. Екiсi Шамас пiрге келiп жеттi, Мажырасын Ғабдуссаламның баян еттi. Шамас сонда: – Бұ iсiңiз мүшкiл,– дедi, Жаным, ұғылым, бұ iске сақ бол,– дедi. Сейiт сонда: – Сiз дұғада болғыл,– дедi, Аллаға нәзiр айтып, жолға кiрдi. – Халас қылып, құтқарсам Ғабдуссаламды, Мың адамға шұға, тағам, тон берем,– дедi. Нәзiрiмдi қабыл қыл,– деп жолға кiрдi, Бiр күнлерi Ыстамболға жетiп келдi. Бiр ғарға ат құралын жасырып қойды, Руһбан тонын киiп, шаһарға келдi. Ол шаһарда бiр ұлық кәниса болар ердi, Шаһ әулие ол кәнисаға тура келдi. Ол күнi ұлық байрамның күнi ердi, Төрт жүз кәшиш, ұлық молдасы сонда ердi. Һәрқайсы бiр ықылымнан келген ердi, Дiндерiнше ғибадат қылған ердi. Ол кәшиштер Сейiт хазiреттi қазiр көрдi, Бiр «Ұлық кәшиш» деп тағзым қылды. Қарсы тұрып, жұмласы қолын сүйдi, Ұлықтап жоғарыға алып жүрдi. Мафтұл деймiш бiр ұлық бүбi болар ердi Оның келiп қасына отырғызды. – Хош келдiң, дiн ұлысы, мұнда,– дедi, Қай тараптан келерсiз, жаным?– деп сөйледi. Сейiт сонда: – Құддыстан келем, – дедi, Ғылым тахсил мен қылдым онан,– дедi Мафтұлдың бiр ағасы Сырабiл ердi, Оның ұғылы Құддыста оқыр ердi. Жатқалы жиырма жыл болған ердi, – Бiлермiсiң сiз оны, жаным, – дедi – Бәлi, сол сұраған ұғылың мен-дүр,– дедi, Шүкiр Алла ғылым тахсил қылдым,– дедi. Һәркiмлер менен сұраса ғылымдықты, Берермiн, иншалла, жауабын. Мафтұл сонда Сейiттi құшақтады, Бауырына басып, жүзiнен сүйiп алды. – Жаным, ұғылым, келдiң бе аман,– дедi, Құдайым көрсетер екен сенi,– дедi, Сол жерде жұмла бүбiлер жиылысты, Сейiттен бахс қылып, сөз сұрады. Жұмласына жауап берiп, мәлзам қылды, Жұмласы «африн» деп тахсин қылды. Бұнлар ендi қайсарына хабар бердi: – Бәйтул-Құддыстан бiр молда келдi,– дейдi. Қайсар сонда: – Барармын ертең,– дедi, Жиылсын Айа Софияға жұмла,– дедi. Баршамыз зиарат қылалық оған,– дедi, Есiтелiк насихат айтқан сөзiн,– дедi. Ендi ұлық-кiшiктерi анда барды, Айа Софияның толтырды iшi-тысын. Қайсар келiп, Сейiттiң қолын тұтты, Қолын сүйейiн деп оңтайланды. Сейiт сонда: – Қолымды сүйме,– дедi, Дүнияны көп сүйе-дүр көңiлiң,– дедi. Ол Алла сенi жоқтан бар әйлады, Уа және ұлық сенi патша қылды. Шүкiр қылып, ғибадатын сен қылмайсың, Уа және рағиатыңды сен күтпейсiң. Күн-түнi тақыт үстiнде сен ұйықтайсың, Барғанда қияметке сен не дерсiң? Қайсар сонда Сейiттiң жеңiн сүйдi, Уа және көзiн сүртiп, дiрiлдедi. Ендi ұлық-кiшiктер Сейiттi зиарат қылды, Мiнбарға қолын тұтып, һәм шығарды. Iнжiлден даусын созып, аят айтты, Уа және мағынасын жұмлаға баян еттi. Естiген халайықтар есiн танды, «Айни Иса болар ма» деп ойлады. Әлқисса, ол мiнбардан Сейiт түстi, Үстiне алтын-жауһар шашу шашты. Бейақыл қайсар және сөз сөйледi, Сейiттi шикаят қылып көп сөйледi: – Бұ ұғлан Малатиядан пайда болды, Ол бiздiң дiнiмiздi батыл дедi. Ендi дiн Мұхаммедке қалды,– дедi, Бұрынғы жұмла дiндер маниғ,– дедi. Бiзлерден көп адамды жесiр қылды, Уа және әскерлерiмiздi көп қырды. Сейiт оған тасила жауап бердi: – Үмiтiмiз бiздiң илән болсын,– дедi. Бұғазынан асармын ол ұғланды, Хозурыңа келтiрермiн бiр күн оны. Сейiттiң сол уақытта қолын сүйдi, Хош болып, қайсар сорлы үйге келдi. Жұмла адамлар шыққан соң Сейiт шықты, Ғабдуссалам пақырды асқан көрдi. Тұлып қысып, қиыпты бейшараны, Не қыларға бiлмедi ашып жаны. Әлқисса, сабыр қылды, күн де батты, Бiр қараңғы жерде тұрып, ойға қалды. Сол уақытта бiр адам жетiп келдi, Сейiттiң аяғына жүзiн қойды. Сейiт сонда: – Кiмсiң?– деп жауап сұрды, – Мағлұм құлың Моһан мен-дүр,– дедi. Сейiт сонда: – Нешiк келдiң мұнда?– дедi, Менi саған бiлдiрген кiм-дүр?– дедi. Моһан сонда: – Айрылдым сенен,– дедi, Зәрре тақат қалмады менен,– дедi. Ұйқым келмей жүр ердiм һәр күн,– дедi, Бұ кеште ғалиб болды ұйқым,– дедi. Түсiме Пайғамбар Құда кiрдi,– дедi, «Пәлен жерде Сейiт тұр, барғыл,– дедi. Не қызмет бұйырса саған,– дедi, Сейiттiң бұйырғанын қылғыл» дедi. – Олай болса қырық ағаш келтiр,– дедi, Жұмласы ұзын болсын оның,– дедi. Мұқан барып, ағаштардан алып келдi, Ол ағашты жұмла тiркеп, байлап алды. Аттың тұяғын кесерлiк ара қылды, Ағашқа байлап, шынжырдың түбiн кестi. Ғабдуссаламды жерге түсiрмей, тұтып алды, Моһанға: – Алып барғыл үйге,– дедi. Мас болып бес жүз кiсi жатыр ердi, Бастарын Сейiт хазiретi кесiп алды. Андан соң Моһанның үйiне Сейiт келдi, Ғабдуссаламның тек шықпаған жанын бiлдi. Күнiмен бiл, ол тұлыпты кидiрiптi, Кесерге ол тұлыпты һеш болмады. Тұлыбымен тас сауытқа оны салды, Iшiне шырлаған майын толтырады. – Бұ күн, тамам жiбiгенше тұрсын,– дедi, Мен барып өз орныма жатам,– дедi. Сейiт келiп орнына жатып қалды, Бiр уақытта сабах садық таң да туды. Шаһарға айғай салған ғауға толды, «Сейiтбаттал келген» деп нағра салды. Қайсарға барып, беклер хабар бердi: – Бес жүз бекшiнi өлтiрген,– деп айтады, – Ғабдуссаламды алып кеткен және,– дейдi, Ендi нешiк қыламыз?– деп жылады. Халайықтар қарадылар ол шаһарды, Таба алмай һәр тараптан сандалады. Сейiттiң Мафтұл келдi һәм қасына, Қолымен ұрып келдi өз басына. – Қарашы, «Астурлап» кiтапты, ұғылым,– дедi, Болар ма екен ол Сейiтке шара?– дедi. Сейiт айтты: – Мен қарадым кiтаптарды, Ол Сейiттiң ғажап-дүр талиғы,– дедi. Рұм халқын ол алар, бiлем жұмласын, Бұ дийардың хараб қылар жұмласын. Мафтұл сонда: – Мен де көрдiм солай,– дедi, Сейiтке һешбiр шара болмас,– дедi. Әлқисса, жетi күнде көн жiбiдi, Шығарды ол тұлыптан Ғабдуссаламды. Аузына шекер-шәрбат оның салды, Мисли жас баладай тәрбие оны қылды. Бiр күнi көзiн ашып, есiн жиды, Сейiттi хозурында танып бiлдi. Сейiттiң аяғына басын қойды, – Ғафу қыл, сұлтаным,– деп зар жылады. Сен бақпадың кiнәһыма менiң,– дедi, Жаранлардың iстi қылдың,– дедi. Әлқисса, Шаһ әулие сол түнi және жүрдi, Сырабiлдiң кәнисасына кiрiп келдi. Сырабiл қор-қор ұйықтап жатыр ердi, Бұғазынан Сейiт келiп, махкам тұтты. – Иман айт, тезлiк илән, залым,– дедi, Мен – Сейiтбаттал, естiгенiң мағлұм,– дедi. Сырабiл сол уақытта шошып кеттi, – Қарындасымның ұғылы емеспiсiң, ойбай!– дедi. Сейiт сонда: – Көп сөйлемегiл, залым,– дедi, Иман айт, жаның шықпай қазiр,– дедi. Ғабдуссаламды халас қылған мен-дүр,– дедi, Бес жүз бекшiнi өлтiрген және,– дедi. Ендi кезек келiп тұр саған,– дедi, Иман айт, жаның барда жылдам,– дедi. Қайыры жоқ, боқ сөздi айта бердi, Сейiт сонда басын кесiп салды. Уа және төрт жүз кәшишлердiң бәрiн қырды, Шiркеуiнiң iштерiне қан толтырды. Жұмла мағбұд пұттарды хараб қылды, Жетпiс батпан алтын пұтын өзi алды. Көптен тұрған қанадилыны һәм сындырды, Шiркеуiн қайсардың ол бүлдiрдi. Ендi қайтып Моһанның үйiне келдi, Ұлық пұттан ғайрсын оған бердi. Моһан пақыр алтын-күмiске толып қалды, Қатардағы бiр байлар болып қалды. Сейiт хазiретi екi атты алып келдi, Бiрiсiне Ғабдуссалам мiнiп алды. Бiрiсiне жетпiс батпан пұтты артты, Алтын-күмiстi қоржынға салып алды. Ғарда қойған өз атына жетiп келдi, «Алла» деп атқа мiнiп, жолға кiрдi. Атасы ғардан тапқан сары аты, Алты ай тұрса, бiр жерде аш болмайды. Ол аттың көп айтылар хикметлерi, Бұл жерде таусылмайды оның хикметлерi. Әзiн жаныб Шаһ әулие Ғабдуссалам илән жүрiп кеттi, Бұ жақтан сабах садық таң да атты. Таң атып, күн шыққанда адам тұрды, Ұлық кәнисасына жұмла келiп кiрдi. Сырабiл, Мафтұл, кәшишларны өлген көрдi, Қырылған төрт жүз бекшiнi және көрдi. Һамме мағбұд пұттарды сынған көрдi, Жұмла алтын пұттарды және алған көрдi. Кәнисаның iшiн қан илән толтырыпты, Аяқ басар жерi жоқ болдырыпты. Қайсар және бұ iстен хабар тапты, Айрылып ақылынан, талып кеттi. Тәжiн және басынан лақтырды, Жағасын пәре қылып, шашын жұлды. Рұм халқы зар жылап, қатты күйдi, Бұ хабары әр ықылымларға естiлдi. Күн-түнi фариад қылып, көп жылады, Қиямет мисли басына түскен болды. Әзiн жаныб Қиямет бұған түссе, мәңгi түссiн, Жыласа, мәңгi жылап тұра тұрсын. Уа және Сейiтбатталдың сөзi келсiн, Айталық хикметлерiн көңiл тынсын. Ғабдуссалам илән екiсi келер ердi, Қараса, Ғабдуссаламды жылар көрдi. Сейiт сонда Ғабдуссаламнан сөз сұрады: – Бұзылды не қайғымен көңiлiң?– дедi. Сонда Сейiтке Ғабдуссалам жауап бердi: – Айыпқа бұйырмағыл, қожам,– дедi. Бұ жерге жолым түсiп келдiм ердi, Бiр шаһар бұ тау астынан көрдiм,– дедi. Бегi бар Сырабiл деген мұның,– дедi. Қызы бар Наурызбану деген ердi. Бақ iшiнде, бiр мәжiлiсте көрдiм,– дедi, Залым көңiлiм сол уақытта сүйдi оны. Қиялымнан кетпедi ол қыздың ғашығы, Сол себеплi жылармын, қожам,– дедi. – Олай болса, сабыр қылғыл мұнда,– дедi, Бiр жерге жасырынып тұрғыл,– дедi. Барайын тәуекел қылып анда,– дедi, Иләһым, асан қылғай жолымызды. Рұмия тон киiп, тәбдил қылды, Гуя бiр ұлық молда, кәшиш болды. Тау басына шығып, ол шаһар көрдi, Қасында алты мыңдай ләшкер көрдi. Ол ләшкердiң бастығы Тафнош ердi, Сырабiл патшасының уәзiрi ердi. Қырық руһбан қасында келер көрдi, Сейiтке туғры келiп, сәлем бердi. «Кiмсiң?» деп аты-жөнiн ол сұрады, Сейiт сонда анларға жауап бердi: – Атым Ғақанош зар – кәшиштiң ұғылы,– дедi, Бұ жерге жолым түсiп келдiм,– дедi. Сейiттен жүрегi жарды болған сорлы, – Сейiт болып жүрме,– деп һәм сұрады. Сонда Сейiт жылап сөз сөйледi, Iнжiлден аят оқып, даусын созды: – Сұлтан, бiлiп келiп ердiм мен сiзлернi, Сiзлер мазақ қыласың нешiк?– дедi. Тафнош сонда Сейiтке ғұзыр қылды, Аяғына жығылып, басын қойды. Андан соңыра шаһарына алып жүрдi, Ғиззатлап ол Сейiтке құрмет қылды. Түн iшiнде мазалап сөз сұрады, Жұмласына жауап берiп, мәлзам қылды. Байғұстар ол Сейiттi алып келдi, Басына қазаларын салып келдi. Арысланды үйлерiне алып кiрдi, Оны бiлмей байғұстар ұйықтап қалды. Сейiтке өнер бастар уақыт болды, Қолына қанжар алып, Шаһ әулие тұра келдi. Әуелi Тафноштың басын кестi, Уа және қырық руһбандарды жұмла кестi. Сарайына Наурызбанудың және келдi, Бiр қызметшiсi бар ердi, қарсы шықты. – Не қызметке жүргенсiз, адам?– дедi, Маған айт, сөзiң болса айтам,– дедi. Сейiт сонда: – Құлағыңды келтiр,– дедi, Айтайын мен сыбырлап саған,– дедi. Ол сорлы басын иiп келiп ердi, Бұғазынан махкам тұтып, һәм өлтiрдi. Сарайына ол қыздың кiрiп келдi, Тақ үстiнде ұйықтап ол жатыр ердi. Орамалын аузына тығып, байлап алды, Бiр атқа мiнгiзiп алып жүре бердi. Таң туғанша Ғабдуссаламға жетiп келдi, Ғабдуссалам оны көрiп, бек шат болды. Үшбулер атқа мiнiп шығып ердi, Он екi мың алдынан ләшкер шықты. Ол келген Тафноштың ұғылы ердi, Меһрианос аталмыш есiмi ердi. Атасы илән қырық руһбанды өлмiш көрдi, Бiр сапардан үйiне ол келген ердi. Оны көрiп, ләшкер илән шыққан ердi, Сарайында Наурызбану һәм болмады. Меһрианос бұнларға тура келдi, «Қапта» деп, ләшкерлерге әмiр қылды. Сейiт сонда бұнларға нағра салды, Үшбулер соғыспақ түгiл, естен танды. Сол уақытта Меһрианосқа ұшырады, Аты илән екiсiн төртке бөлдi. Есiн жиған әскерлер керi қашты, Арыслан кебi артынан қуып қырды. Әгар қашар болсалар үрдек-қазы, Сейiтбаттал оған болған шаһбазы. Әлқисса, ол ләшкердi қырып, малын алды, Ғабдуссалам оны көрiп, қайран қалды. Сейiттiң аяғына қойды басты, Кәмил тамам қылды ықыласын. Көп малдарды алып жүредi екiлiсi, Малатияның қарсы келдi кәрi-жасы. Тағзым қылып, көрiстiлер жұмлалары, Сейiттiң көзiн сүйдi ұлығлары. Хал сұрасып, болысты жұмла бәрi, Сұрасты нешiк халас болғандарын. Ғабдуссалам паш қылды жұмласын, Сейiттiң баян қылды қайраттарын. Ендi Наурызбануға сөз сөйледi: – Жаным, сен мұсылман бол,– деп сөйледi. Наурызбану сол халде мүмiн болды, Ғабдуссаламға некахлап, оны бердi. Ғабдуссалам той қылып, садақа бердi, Ұлық-кiшiк адамлар оған дұға қылды. Баяғы жетпiс батпан алтын пұтты, Халифаға халғат қылып қоя бердi. Халифа хатты оқып, тамам бiлдi мажыраны, Шат болып ол соқтырды барабанды. Сейiт және опа қылды айтқан нәзiрiн, Мың жалаңашқа тағам бiрлән тон да бердi. Пақырлар асқа тойып, тонды кидi, Халайықтар тамам қойды ықыласты. Сейiттiң заһир болды сахилығы, Қалмады һеш артында мал-мүлкәты. Халайықтар бұны естiген ғажаплады, «Дұшпанға достан артық қызмет қылды». Бұ хабар әр ықылымларға паш болыпты, Һәр мәжiлiсте Сейiттi көп сөйлестi. «Болар ма бұ сипатлы һеш жан» дептi, «Адамзат шақ болмас бұған» дептi. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Мұхаммедке – салауат, Сейiтке дұға қылғыл ендi. Насырды назым жазған мен ғасыны, Құдайым ғапу қылсын қатесiн. Оқыған, тыңлағандар қылсаңыз дұғаңызды, Иләһым, мафғарат қылғай жұмламызды. Алтыншы бап: Сейiтбаттал хазiретiнiң Меһiранды өлтiргенi Бисмиллаһи хамд илән сөз башлады, Бисмиллаһи сөз ашқышы деп ашалы. Шаһ әулие Сейiттен сөз ашалы, Көрерге кереметiн көз ашалы. Насырды назым сөзбен бiз ашалы, Дүр уа жауһар тыңлағанға сөз шашалы. Мұнахиб кереметiн бек ашалы, Бiлмеген ғасыларға паш қылалы. Қадари хал Уәли Алланы жад қылалы, Шапағаттың бахрынан бiз сұралы. Һәркiмлер Уәли Алланы зiкiр қылса, Керемет мұнахибын нашр қылса. Салауат бiрлән Пайғамбардың есiмiн қосса, Рухы келер деймiш ол мәжiлiске. Шапағат қылып тұрар ол мәжiлiсте, Мақсұдын берер деймiш Хақ қаласа. Бұ сөзге күмән қылма, иә әһлi пiрi, Уәли Аллалар қайда барсалар ықтияры. Құданың сүйген құлын бiлсеңiздер, Жаһанды кеше-күндiз қылар сиар. Бұл сөзге дәлел үшiн хадистер бар, «Тәзкир салихан тәнзил рахмат» деген азһар. Сөз басы сiзге келсiн ендi әй, жар, Тыңлаңыз ықылас бiрлән иә, әһлi жар. Риуаят рауиларның сөзi келдi, Тарсус деймiш бiр шаһар болар ердi. Адамлары мәжiлiс қылып сөз сөйледi, Һәр адамлар, һәр баһадүрдi мақтай бердi. Көбiнесе Насыр Хибабты көп мақтады, «Онан палуан еш адам болмас» дейдi. Бiр адам сол уақытта сөз сөйледi: – Сейiтбатталдан еш жан палуан болмас,– дедi. Оған сонда бiр адам жауап бердi: – Сейiтбатталда бiр кемшiлiк болды,– дедi. Атасын өлтiрген үшеу ердi, Шамсаб, Меһрияил, Меһiран деген ердi. Шамсаб илән өлтiрдi Меһрияилды, Өлтiрмей Меһiрандi неге қойды? Сол жерде Мұхаммед ибн Фаллах отыр ердi, – Сейiтбаттал бiлмеген-дүр оны,– дедi. Сейiттiң мен махбүблi досты,– дедi, Мен де тапсам өлтiрем Меһiранды. Мұхаммед ибн Фаллах ол шаһарға мәшһүр ердi, Қадари хал iшiндегi палуаны ердi. Ол мәжiлiстен ибн Фаллах кетiп қалды, Үш күнде Мағмурияның шаһарына келдi. Бiр адам ол шаһарда ұшырады, – Сен қайда барасың?– деп хабар сұрды. Мұхаммед ибн Фаллах шын сөйледi, – Көрдiң бе Меһiранды?–деп сөйледi. Ол адам: – Не қыласың сұрап?– дедi, Мұхаммед сонда: – Өлтiремiн тапсам,– дедi. Ол адам: – Меһiран саған болмас,– дедi, Палуан болсаң, әуелi менi жықшы,– дедi. Сол жерде екiлiсi мүбараз, хамлә қылды, Мұхаммед ол адамды һәлак қылды. Мұхаммед ибн Фаллах және жүрiп келдi, Бiр бағ ағып жатқан суға келдi. Ол судан таһарат алып, намаз қылды, Намаздан фариғ болып, назар салды. Бiр сарай жетi қапулы ғажап көрдi, Бiр қызды пәнжарадан қарар көрдi. Ол қыздың хұсни жамалы ғажап ердi, Мисли толған айға меңзер ердi. – Әй, жiгiт, мұнда қайдан келдiң?– дедi, Бұл жерге адам түгiл құс жүрмейдi. Шұһратың мұхаммедилерге ұқсар,– дедi, Мұхаммед ибн Фаллах сен бе?– дедi. Қыздан сонда ибн Фаллах сөз сұрады: – Сен менi қайдан бiлдiң?– деп сұрарды. Сонда қыз ибн Фаллахқа жауап бердi: – Түсiмде расул Алла Мұхаммед хабар бердi: «Бұ күнi сiздi келер мұнда,– дейдi, Сейiтбаттал ғазы келер және,– дейдi. Меһiранды өлтiрер анлар,– дейдi, Некахлап саған жұпты қылар» дейдi. Әлқисса, көп сөз айтып тағам бердi, – Тез асап, бұ арадан кеткiл,– дедi. Меһiран хабар тапса, келер,– дедi, Өлтiрер аман бермей көрсе,– дедi, Ол қызға Мұхаммед ибн Фаллах сөз сөйледi: – Қорықпа, өлтiрер деп бiздi,– дедi. Өлтiрермiн Меһiранды, иншалла, өзiм,– дедi, Өлтiрсем, тиермiсiң маған?– дедi. Қыз сонда: – Иншалла, тиермiн саған,– дедi, Пайғамбардың екi қылман сөзiн,– дедi. Ол қызға уағдаласып жүре бердi, «Иә, Алла» деп бiр таудан асып түстi. Әзiн жаныб Иләһым, аман қылсын оның жолын, Тарсустың әһiлдерiнiң сөзi келдi. Мұхаммед ибн Фаллахтың кеткендiгiн, Беклерi бек қайғырып, пәришан болды. Патшасы Малатияға хат жазып, хабар қылды, Сейiтбатталға бiлдiрдi мажыраларды. Оны естiп Сейiтбаттал жүрiп кеттi, Бағанағы ибн Фаллах жолыққан қызға келдi. Қыз мұсылман болғандығын баян қылды, Кеткенiн ибн Фаллахтың аян қылды. – Жетiңiз тездiк илән анда,– дедi, Һәлак қылып қоймасын Меһiранды,– дедi. Бұл хабарды естiп Сейiт жүрдi, Тау басына шығып, ол соғыс көрдi. Әзiн жаныб Мұхаммед ибн Фаллахтың сөзi келдi, Қайратын ибн Фаллахтың тыңла ендi. Ибн Фаллах таудан түсiп келер ердi, Тiгiлген бiр ұлық шатыр көрдi. Қаупi жоқ ол Мұхаммедтiң туғры келдi, Меһiран тақ үстiнде отыр ердi. Меһiран сонда ашуланып, сөз сөйледi: – Үстiме рұқсатсыз кiрген кiм-дүр?– дедi. Бiр палуанға ишарат қылып айтты: – Тез мұны аман бермей өлтiр,– дедi. Қырық палуан қасында отыр ердi, Бiрiсi қылыш тұтып тұра келдi. – Неге келдiң құс жүрмес жерге?– дедi, Өз қаныңа сусаған кiмсiң?– дедi. Атқа мiнiп ибн Фаллахқа хамлә қылды, Ибн Фаллах ол сорлыны екi бөлдi. Меһiран сонда оны көрiп қаһарланды, – Жұмлаңыз да барғыл!– деп әмiр қылды. Отыз тоғыз палуанлары жұмла келдi, Жұмласы ибн Фаллахқа қылыш ұрды. Сол уақытта ибн Фаллахтың қаһары келдi. «Һәй» дегенше жиырмасын һәлак қылды, Қалғаны Меһiранға қайта қашты, Меһiран оны көрiп, атына мiне шапты. Мұхаммед әуелi ұрысып жарақатлы, «Нешiк жұмлаға қылармын,– деп көңiлi қорықты, – Иә, Алла, медет бергiл өзiң,– дедi, Иә, Мұхаммед, шапағат қыл және»,– дедi. Сол уақытта Сейiтбаттал жақын келдi, Екi палуанлар мүбараз қылар көрдi. Бiр уақытта Меһiран қаһар илән сүңгi салды, Мұхаммедтiң аты жығылып, жерге түстi. Сол халде Шаһ әулие нағра салды, Аспан жерге түскендей жер қозғалды. Сол уақытта Меһiран сәкран болып, есiн танды, Бiр уақытта есiн жиып, көзiн ашты. Сейiт сонда: – Әй, малғұн, көргiл менi, Палуан болсаң, ұрып көр ендi менi. Меһiран сорлы қаһарланып келiп ердi, Сейiт сонда жұмырық илән салып қалды. Ат артынан жетi құлаш жерге түстi, Шаһ әулие кеудесiне мiнiп алды. – Әуелi иман айт, – деп әмiр қылды, Қабылы жоқ оның басын кесiп салды. Мұхаммед ибн Фаллах жүгiрiп келдi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Сейiт сонда Мұхаммедтiң көзiн сүйдi, Сау-саламат қосылған халiн сұрды. Ендi палуанлардың ат-құралын жұмла алды, Банағы мәзкүр қыздың шаһарына жетiп келдi. Ол қыз келiп, Сейiт хазiретке сәлем бердi, Иқрар жан тiлiмен иман айтты. Ол шаһарда қырық қыз тағы болар ердi, Жұмласы тәсiлiм болып, мүмiн болды. Ол шаһарда бiр зындан болар ердi, Iшiнде қырық махбұс ер бар ердi. Шығарып жұмласыны халас қылды, Қырық қызды сол қырық мүмiнге неках қылды. Мұхаммедке ғашық болған мәзкүр қызды, Екiсiн бiрге қосып шаттандырды. Қапастан халас болған мүмiнлердi, «Жұмлаңыз өз жұртыңа барғыл» дедi. Сейiт хазiреттiң қолын сүйiп уағдаласты, Һәрқайсысы өз жұртына жүрiп кеттi. Тарсусқа Сейiт илән Фаллах келдi, Көп малды ол шаһарға алып келдi. Жұмла халайықтар Сейiтке басын қойды, – Мархабан, ғазаң мақбұл болсын,– дейдi. Ғанимат малын қараларға үлестiрдi, Ол шәрде қонақ болып, үш күн жатты. Әзiн жаныб Қонақ болып Шаһ әулие отыр ердi, Бiр ғауға сол уақытта пайда болды. Сейiт сонда патшасы Хұсайынға: – Бұ не?– дедi, Нешiк ғауға ғалибалық шығар?– дедi. Әмiр Хұсайын Сейiт хазiретке жауап бердi: – Жақын жерде бiр қала болған ердi. Бiр күнлерде хараб болып қалған ердi, Синбад деген бұ малғұн түзеп алған ердi. Уа және һәр жерден залымдарды жинап алды, Көбейiп, бұл уақытта патша болды. Жауыз, малғұн, пиғылы оның бек жаман болды, Әдетi қатиғ тариқ ұрлық қылар,– дедi. Һешкiм оған мұқабил бола алмады, Һешбiр адам қарсы барып, жеңе алмады. Сол ғауға-дүр үшбу адам бiлсем,–дедi, Алған шығар бiр адамның малын,–дедi. Сонда Сейiт «Иншалла» деп сөйледi, «Құтқарармын шәрiнен оның» дедi. Қолына қалам алып, қағаз жазды, «Апарсын Малатияға қазiр» дедi. «Жаранлар, сiзлер Сейiтке барғыл,– дедi, Не бұйырса әмiрiнше болғыл» дедi. «Хош, болар» деп, жаранлар әзiрлендi, Палуанлар қуанып атқа мiндi. Абдулуаһап, Тауабил рұми, Ахмет Тұран оған жүрдi, Насыр Хибаб үш жүз кiсi бiрге жүрдi. Әзiн жаныб Жолымен жүре тұрсын бұнлар ендi, Сөзiн Сейiт хазiреттiң тыңла ендi. Малатиядан адамлар келмей Сейiт жүрдi, Әмiр Хұсайын бiр жүз кiсi алып жүрдi. Синбадтың ләшкерiне туғры келiп, Жүз кiсiнi төртке бөлiп, түнде келдi. Түн iшiнде ол шаһарға Сейiт келдi, Он мың фиранк атырабында қонған көрдi. Шаһ әулие нағра салып, сайха қылды, Фиранклер есiн танып, сандалады. Бiрiн-бiрi танымай қырғын болды, Жаранлар да фиранклердi қыра бердi. Синбадқа Сейiт хазiрет туғры келдi, Бiр ұрып лағинды жығып ердi. Сол уақытта көп ләшкерлер ғулуу қылды, Қараңғыда Синбадты алып қашты. Синбадты шаһарына алып кiрдi, Шаһарының қапуын махкам қылды. Шаһарға Сейiт кiрерге жол қарады, Бiр жерден себептi тауып, iшке кiрдi. Синбадтың сарайына туғры келдi, Пәнжарадан қараса, ұйықтар көрдi. Шаһ әулие тәуекел қылып үйге кiрдi, Шаһин кебi кеудесiне мiнiп алды. Синбад сонда: – Кiмсiң?– деп сұрады, – Иман айт, Сейiтбаттал мен-дүр,– дедi. Қайтып келiп, қапуға Сейiт көзiн салды, Сар хош болып қырық кiсi жатыр ердi. Жұмласының басын Шаһ уәли кесiп алды, Қапусының кiлтiн бұзып, ашып алды. Рағд кебi Сейiт нағра салып ердi, Мұсылманлар даусын танып, шауып келдi. Жұмласы шаһарға кiрiп, соғыс салды, Түн iшiнде фиранкiлерге қырғын салды. Бiр уақытта сабах садық таң да туды, Мүмiнлер азан айтып, намаз қылды. Үш жүз кiсi Малатиядан жетiп келдi, Синбадтың халайықтары қырғын көрдi. Сейiтбатталдың арыслан кебi даусын бiлдi, Мүмiнлер шат болып шауып келдi. Шаһ әулиеге тағзым илән сәлем бердi, – Ғазаңыз мақбұл болсын, сұлтан,– дейдi. Синбадтың бiр қызы болар ердi, Толған айдай оның жүзi балқыр ердi. Хұсайынның ұғылына некелеп оны бердi, Шат болып Хұсайын әмiр тойды қылды. Ол шаһарды хараб қылып, отқа жақты, Жұмла малды әскерлерге бахшиш қылды. Сейiт хазiрет Хұсайынға уағдаласты, Жаранлары илән Малатияға сапар қылды. Шадлық илән Малатияға бұнлар келдi, Шаһар халқы жұмла шадлық қылды. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Мұстафаға – салауат, Сейiтке дұға қылғыл ендi. Бұ пақыр насыр сөздi назым жазды, Бiлмеймiн қанша сөздi қата жазды. Маңғышлау ғамы мiскiн, ғасы өзi, Дұғаны үмiт қылып жазды сөзi. Оқығандар жад қылсаңыз, әгар, бiздi, Қарық қылсын рахматына Алла сiздi. Жетiншi бап: Сұлтан Сейiтбатталдың Мұштаран шаһа- рына барғаны Бисмиллаһи деп башлалы һәм қиссаны, Көңiлiмiзден шығаралы һәм құсаны. Сұлтан Сейiтбатталдың өнерiн, Тыңлаған әһлi исламлар бiлсiн оны. Сейiттiң сағадатлы дәулетiн, Һәркiмлер қысылғанда көрген оны. Бiр күнлер мәжiлiс қылып Шаһ уәли отыр ердi, Бiр шайх адам зар жылап, кiрiп келдi. Сейiт сонда шайхтан жауап сұрды: – Не құсаң бар, баян қыл бiзге,– дедi. Шайх сонда екi ұғылын баян қылды: – Көп күн болды келмедi,– деп аян қылды, – Бiлмеймiн қай орында тұтқын болды, Жатсам ұйқым келмейдi әркез,– дедi. Дүниядан көшер уақытым жақын ердi, Арманда көрмей кетсем болам,– деп жылады. Бұл сөзге халайықтар көп жылады, «Иләһым жолықтырсын» деп жылады. – Сабыр қыл, иә, шайхым,– деп Сейiт айтты, Iздейiн ұғылыңызды,– деп жұбатты. Ұғылының есiмлерiн сұрап алды, «Алла» деп атқа мiнiп жүре бердi. Бiр күнлерi Шамас пiрге Сейiт келдi, Шамасқа жүрген iсiн баян қылды. Шамас сонда Мұшатараны баян қылды: – Патшасы Шамғұн ұғылы – Ғұзбан,– дедi. Ол екiсi сол патшада қапаста,– дедi, Және көп онан ғайр мұсылманлар анда,– дедi. Өзi жауыз, бек палуан, малғұн,– дедi, Тек мұсылман көрiнсе қапасқа салар,– дедi. Бiр күнлерi сахарға алып жинар,– дедi, Түрлi азап көрсетiп, қинар,– дедi. Бүгiн бiзге бiр руһбан келiп ердi, Хикаятын сөйлеген бiзге, – дедi. Ол сөздi Шаһ әулие естiп ердi, Тұрады ашуланып ағзалары. Сейiт ендi Шамасқа уағдаласты, Мұштаранның тарапына қадам басты. Бiр күнлерi бiр ұлық шаһар көрiндi, Iшiнен көп адамлар шығар көрдi. Бiр адам ол Сейiтке ұшырады, – Барасыз қай тарапқа?– деп Сейiт сұрды. Ол адам: – Үшбу тауға барамыз бiзлер,– дедi, Құрылған ол тау үстiнде дар бар,– дедi. Ғұзбан атты патшамыз бар бiздiң,– дедi, Атасы Шамғұн сонда келер,– дедi. Үш күн мұнда жиылар адамлары, Сонда тамаша қылар-дүр патшалары. Қапаста көп мұхаммедилердiң адамлары, Ертең алып келе-дүр жұмлаларын. Түрлi азап көрсетiп, қинар оны, Қалады тек шықпаған шыбын жаны. Андан соңыра дарға асып өлтiредi, Сүйегiн отқа салып, күйдiредi. Бара-дүр жұмла адамлар соған,– дедi, Патшамыз жарлық қылған бiзге,– дедi. Бiлген сөзiн ол адам айтып кеттi, Сейiт келiп бiр тауға атын қойды. Бiр уақытта күн де батып, ақшам болды, Шаһ әулие намазын оқып, дұға қылды. Түн болған соң, «Алла» деп шаһарға кiрдi, Бiр ұлық темiр қапулы тамға келдi. Iшiнен зар жылаған дауыс келдi, Шаһ жиһан құлағын салып, тыңлай қалды. Тыңласа, мұсылманлардың даусын бiлдi, Һәрқайсысы уағдаласып жылар ердi. – Ертең бiзлердi майданға апарар,– дейдi, Түрлiше азап көрсетiп қинар,– дейдi. Сiзлер бiздiң дiнiмiзге кiргiл,– дейдi, Кiрмесең, дарға асып өлтiредi. Со уақытта жәрдем бергiл, Алла,– дейдi, Айырмағыл дiнiмiзден өзiң,– дейдi. Шыбын жандар жылай-дүр сонда,– дейдi, Жан ашуын таттырма бiзге,– дейдi. Мұны естiп, Сейiттiң iшi күйдi, Көзiнен жас рауан аға бердi. Сабыр қарары қалмады, қаһары келдi, Темiр қапуды сындырып, iшке кiрдi. Ол қапастың iшi зұлмат қараңғы ердi, Қылыштан от шығарып, жарық қылды. Iшiнде жетпiс екi мұсылман көрдi, Жұмласында ауыр бұғау, шынжыр көрдi. Ол бұғауды Шаһ әулие жұмла кестi, Аяқ-қолын босатып, халас еттi. Сейiттi сол уақытта бiрiсi танып бiлдi, Аяғына басын қойып, зар жылады. Сейiт сонда анларға: – Сабыр қыл, сiзлер,– дедi, Адамлары хабар табар бiзден,– дедi. Бұнларды сахара майданға алып жүрдi, Бiр ғарға үшбулердi жасырып қойды. Мүмiнлердi халас қып, көңiлi тынды, Ғұзбанның шатырына өзi келдi. Шамғұн илән Ғұзбан да отыр ердi, Бiр адам келiп, Ғұзбанға хабар бердi: – Қапасты бұзып, мұсылманлар қашқан,– дедi, Сейiтбаттал алған-дүр оны,– дедi. Сейiт сонда тура келiп тұрған ердi, Шамғұнға: – Баттал өлдi, бiлдiм,– дедi. Шамғұн сонда: – Ұғлан, келшi берi, Рас па, үшбу сөзiң, жаным?– дедi. – Синбадтан мен келдiм қазiр,– дедi, Ол Батталды өлтiрген анда,– дедi. Шамғұн сонда шат болып бек қуанды, Сейiтке бiр мың алтын сүйiншi бердi. Ендi Шамғұн хош болып һәм сөйледi: – Ләшкер жиып баралық анда қазiр, – дедi. Халифасын өлтiрелiк оның,– дедi, Мұхаммедилердi қыралық жұмла,– дедi. Бұ сөзбен ғайш-ғишрат қылды бәрi, Мас болып, жығылысты жұмла бәрi. Сейiттiң өнер бастар уақыты келдi, Қолына қанжар алып тұра келдi. Шамғұнның Ғұзбан илән басын кестi, Жандарын жаһаннамға ұластырды. Уа және ғайр беклердiң басын кестi, Уа және көп пасықтардың қанын төктi. Бұнлардың ат, құралын алып жүрдi, Жетпiс екi мұсылманды киiндiрдi. Мұсылманлар тағам асап, атына мiнiп алды, Нұр-қуатын iштерiне жиып алды. Түн iшiнде мүшiрiклерге қырғын салды, Қисапсыз үшбу түнде адам өлдi. Бiр уақытта Шаһ әулие нағра салды, Сол уақытта көп мүшiрiклер есiн танды. Жетпiс екi мұсылманлар және сайха қылды: – Абдулуаһап, Ахмет Тұран – бiзлер,– дейдi. – Тауабил рұми, ибн Әли һашым,– дейдi, Жағда ғазы, Насыр Хибаб – бiзлер,– дейдi. Мұны естiп мүшiрiклердiң есi кеттi, Бiрiн-бiрi танымай қырылысты. Құданың ғинаяты мұсылманларға тиiп ердi, Мүшiрiклердi бөлек-бөлек қыра бердi. Бұ соғыста һеш рақым қылынбады, «Аман» деген сөздi тыңламады. Сол жерде отыз үш мың пасық ердi, Қашса да һеш рақым қылмай, қыра бердi. Әлқисса, бiр күн, бiр түн оны жұмла қырды, Шаһарды хараб қылып, отқа жақты. Көп малдарды жетпiс екi мұсылманға бахшишлады, Һәрқайсына: «Өз жұртыңызға барғыл» дейдi. Ол адамлар Сейiттiң қолын сүйдi, Рұқсат алып, елiне жүрiп кеттi. Шайхтың екi ұғылымен көп малдарын Сейiт ендi Малатияға алып келдi. Бұ байғұс Малатияда отыр ердi, Екi ұғылын құшақтап, зар жылады. Ол екiсiнiң есiмдерi: Мұхаммед илә және Сағит ердi, Халифаға хат жазып, екiсiн қоя бердi. Хатты алып, халифаға бұнлар келдi, Хатты оқып, халифа ағзам бек шат болды, Сейiтке ағыр қымбат халғат бердi, Фатих-нама хат жазып һәм жiбердi, Оны естiген мұсылманлар шады болды, Сейiт хазiретiне жұмласы дұға қылды. «Ол қырылғандар қайсардың ұғылы Шамғұн ердi, Қайсар әрекет қылмасын, сақ бол» дейдi. Бұ сөздi мұсылманлар жұмла бiлдi, Һәр тарапқа жiбердi жансызларды. Шат болып мұсылманлар тұрсын ендi, Қайсардың және айталық қайғысын. Әзiн жаныб Қайсар фарахат тақ үстiнде отыр ердi, Мұштаранның шаһарынан хабар келдi: «Мұштаран хараб болған, қайсар,– дейдi, Ұлың Шамғұн өлген және,– дейдi. Әскерлерден һеш қалмаған адам,– дейдi, Отқа жағып, хараб қылған шаһарды,– дейдi». Қайсар сонда шаш-сақалын жұла бердi, Есiн танып, тақтан ол құлады. Қырық күн ол басына қара кидi, Қатындай бетiн жыртып, жара қылды. Аузына тағам салып, су iшпедi, Һеш адамға сөз айтып, ол күлмедi. Бiр күнлерi Ақратис деген уәзiр келдi, – Сұлтаным, бiр сөзiм бар айтам,– дедi. Құр жылаудан iс бiтпес бекер,– дедi, Мәслихат қылалық бiзлер,– дедi. – Хош болар, сөзiң болса сөйле,– дедi, Жүзiм қара, менде жоқ һеш сөз,– дедi. Сонда Ақратис сөз сөйледi: – Қызым бар Байда деген менiң,– дедi. Ғаламнан көркi асқан сұлу-ды, Уа және сиқырлықты бек бiлер,– дедi. Ол қызды жiберелiк сонда,– дедi, Уа және алтын-күмiс көп сыйлықты. Хош көрiп Сейiтбаттал алар оны, Көңiлi жұмсап, ол қызды сүйер жаны. Махаббат соңыра қыз бiлер өз iсiн, Өзiне жақын қылып сүйер қызды. Андан соңыра қыз бiлер өз iсiн, Сиқырлықпен өлтiрер ол Батталды. Қыз бiлер, қайтып келер өз жолыны, Сiз көрсеңiз мәслихат үшбу сөздi. Қайсар сонда хош көрдi үшбу сөздi, – Әгар қызың бiтiрсе бұ қызметтi. Ұғылыма алып берейiн ол қызыңды, Уа және һәм берейiн тәж-тағымды. Бар ердi ол шаһарда бiр жүһүд, «Жәмiлиха» деп айтар ердi есiмiн. Шақырып Жәмiлиханы алып келдi, Мажыра қызметтерiн баян қылды. – Сауда қылып Малатияға барғыл,– дедi, Қырық түйеге алтын-жауһар артқыл,– дедi. Уа және асыл заттарды көп алғыл,– дедi, Бiрнеше құлдар алғыл, қызмет қылар,– дедi. Апарып қызды Сейiтке бергiл,– дедi, Уа және асыл, жауһар заттарды бiрге,– дедi. Уа және заттар бергiл, уа ғайр палуанларға, Iшiнде мәшһүр болған адамларға. Андан соң өзiң жатқыл бiр пәтерге, Сауда қыл, кеше – күндiз мұғтабарға. Хабар сал һәр уақытта Байда қызға, Сөйлесiп, хабар берсiн сонда сiзге. Өлтiрсе Сейiтбатталды ол қыз сонда, Бұл қызды алып қашып, келгiл мұнда. Әгар бұ қызметтi бiтiрсеңiз, жаным,– дедi, Не сұрасаңыз алдыңызда болсын,– дедi. Әлқисса, ол саудагер жолға жүрдi, Бiр күнлерi Малатияға жетiп келдi. Шаһ Сейiтке бахшиш үшiн қызды бердi, Уа және алтын, жауһар заттар бердi. Уа және һәр бек илән палуанларға сыйлық бердi, Өзi бiр аулақ жерден пәтер алды. Қыз илән екiлiсi уағда қылды, Сейiт өлсе, хабарды бермек болды. Қыз Байда Сейiт илән мәжiлiс қылды, Сейiт оның көңiлiнен хабар бiлдi. Сейiт ендi жастығына басын салды, Уа және өтiрiк ұйықтап жатқан болды. Қыз сонда қанжар алып тұра келдi, Сейiттi өлтiрерге қасты қылды. Сейiт сонда жұмырық илән ұрып ердi, Мұғаллақ төбесiнен қыз жығылды. Қыз ендi есiн жиып «Алла» дедi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Иман айтып, қыз пақыр мүмiн болды, Сейiттiң әмiрiне тәсiлiм болды. Жәмiлиха ол қыздан хабар бiлдi, «Шаһары Рұм қайда?» деп қаша бердi. Көп малын жүһүд тастап кеттi, Ол малды шаһар әһлi үлес еттi. Бiр күнлерi қайсарға Жәмiлиха жетiп барды, Қыздың мұсылман болғанын айтып барды. Қайсар мұны естiп, есiн танды, – Бiзден ақылсыз болар ма һеш жан?– дедi. Бiз бiр мисли борштылы адам болған,– дедi, Сұлу қыз, алтын, жауһар берген,– дедi. Ол қайсар зар жылап, көп қайғырды, Үш айдай таққа мiнiп отырмады. Әзiн жаныб Бiр күнлерi Алиун деген патша келдi, Қайсарға тағзым қылып сөз сөйледi: – Жетпiс пәре қала бар-дүр бiзде,– дедi, Һәрқайсында сексен мың ләшкер,– дедi. Жұмласының ләшкерiн бiз жиялы, Ол Батталдан өшiмiздi бiз алалы. Қайсар сонда: – Бұ сөзiңiз болмас, Ол Баттал һеш адамға болмас,– дедi. Талай барды ләшкерлер бiзден,– дедi, Һеш әскерлер сау келмедi онан,– дедi. Бiз барсақ, халифасы да келер,– дедi, Ләшкерлерiн һәр тараптан жинар,– дедi. Палуаны Сейiтбаттал қаһар илән келер,– дедi, Нағра тартса, әскерiмiздi қырар,– дедi. Рәсуа ғалам ара қылар ол бiзлердi, Андан соңыра өзi келер мұнда,– дедi. Рұм халқын хараб қылар, келсе мұнда, Ат аяғында топырақ қылар және сонда. Онан да жай тұралық бiзлер мұнда, Не сұрасалар, тiлегiн берiп анда. Алиун бұ қайсардың сөзiн бiлдi, Қорқып, жүрек жарды болғанын. Алиун ләшкер илән қайтып кеттi, Дарияның жағасынан бiр үй салды. Уа және биiк қылып қорған салды, Қапусына берiк қылып, темiр салды, Қарауыл һәр тарапқа ол қойғызды, Тек мұсылман көрiнселер, жұмла қырды. Ол жерге биiк ағаш шаншып қойды, Бастарын мұсылманлардың iлiп қойды. Бұ сырды жансыз мүмiн бiлiп келдi, Сейiт илән әмiр Омарға хабар бердi. Шаһ әулие тәуекел қылып атқа мiндi, «Алла» деп Шамас пiрге жетiп келдi. Шамас пiр бұ ахуалдан хабар бiлдi, – Жаным, сен жалғыз оған барма,– дедi. Сейiт сонда: – Сiз дұғада болғыл,– дедi, Шара жоқ, керi қайтып болмас,– дедi. Шамасқа уағдаласып, жолға жүрдi, Бiр күнлерi ол араға жетiп келдi. Бес жүз мүмiннiң ағашта басын көрдi, Кiмiсi–кепкен, кiмiсi жаңа көрдi. Табариктың мүмiнлерге бек жаны ашыды, Мүшiрiклерге бек қатты қаһары келдi. Түн болғанда ол сарайға жетiп келдi, Бiр адам сол уақытта Сейiтке ұшырады, Ол адам Сейiттi танып, сәлем бердi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Сейiт оған: – Түнде жүрген кiмсiң?– дедi, Ол адам: – Мұхаммед ибн Фаллах мен-дүр,– дедi. Есiттiм мұсылман адамлар жесiр,– дедi, Бiр хайла болар ма деп келдiм,– дедi. Сол адамлардың бiрi ме деп келдiм ердi, Ол адам Алиунның атасы Даһиан ердi. Мұхаммед ол Даһианды қылыш илән шалып ердi, Даһианды екi пәре қылып салды. Сол уақытта Алиун және шыға келдi, Кесiлген атасының басын көрдi. Қолына күрзi алып, ол ұмтылды, Сейiт оның күрзiсiн тартып алды. Бiр ұрып, күрзi илән оны жықты, Кеудесiне шаһин кебi мiнiп алды. Ендi оған «Иман айт!» деп әмiр қылды, Иман қайда, бейшара һәрзия айтты. Ол малғұнға Сейiттiң қаһары келдi, Қылышпен екi пәре қылып салды. Мұхаммед ибн Фаллах жетiп келiп, басын кестi, Екi басты ағашқа iлiп қойды. Құдайым құтты қылды бұнлардың жолдарын, Әскерсiз, түн iшiнде ұшырады. Таң туды, ләшкер, беклер жұмласы хабар тапты, Ағашта падишасының басын көрдi. Мүшiрiклер барабан соғып, ләшкер жиды, Жұмласы жиылып алып, хамлә қылды. Шаһ әулие қаһарланып нағра салды, Мүшiрiклер соғыс қылмай, есiн танды. Сол уақытта күн шығыстан тозаң көрдi, Iшiнде исламлардың туын бiлдi. Тарсустан ләшкерлер келген ердi, Насыр Хибаб, ибн Һашым Әли ердi. Сейiттiң нағрасын естiп ердi, Мүшiрiклердiң ләшкерiне барып кiрдi. Бiр сағатта мүшiрiклердi һәлак қылды, Бiразын жесiр қылып, байлап алды. Алиунның сарайын бұзып, отқа жақты, Бастарын мүшiрiклердiң ағашқа iлдi. Ағаштан мүмiнлердiң басын алды, Жұмласына намаз оқып, дәфiн қылды. Мүшiрiклердiң малдарын жинап алды, Тарсустың беклерiне бахшиш қылды. Әзiн жаныб Сейiт хазiретi ибн Фаллахпен жолға жүрдi, Сейiтке ибн Фаллах бiр сөз айтты: – Меһрияилдың қызы үлкен бiлдiңiз бе? Айтарлық бiр сөзiм бар тыңлайсыз ба? – Бәли, хош-дүр, сөзiң болса, сөйле,– дедi. Қолдан келер iс болса, болсын,– дедi, Мұхаммед ибн Фаллах тағзым илә сөз сөйледi: – Үшбу жерге бiр күнлерi келдiм,– дедi. Бiр махбүблi қыз көрдiм мұнда,– дедi, Кетпей-дүр қиялымнан оның ғашығы. Бұ сөздi айтып екiсi келер ердi, Алдынан төрт атты кiсi келдi. Бұнлардан Сейiт хазiрет жауап сұрады: – Кiм болар аты-жөнiңдi бiлдiр?– дедi. – Менiм атым – Яхия деген мүмiн,– дедi, Бұ қалаға қадари хал басшы,– дедi. Сiздi һәм бiз танымай тұрмыз,– дедi, Әдепсiзлiк болар ма сұрасам?– дедi. Сейiт сонда өзiн баян қылды, Яхия сонда тағзым қылып аттан түстi. Ғиззатлап Сейiт хазiреттiң қолын өптi, Шаһарына алып келiп, қонақ қылды. Мұхаммедтiң баян қылған сұлу қызы, Ол ермiш Яхияның туған қызы. Сейiт хазiрет Мұхаммедтi баян қылды, – Махбүблi бiр достым,– деп аян қылды, – Бұ палуанға берсеңiз қызыңызды нешiк?– дедi, Сiзден тiлер мақсұдымыз осы,– дедi. «Хош, болар» деп, Яхия қызын бердi, Сейiт хазiрет хұтпа оқып, некахлады. Ендi Яхия Сейiт илән Малатияға бiрге келдi, Һәр адамлар Яхияны көрiп, құрметледi. Яхияны халифаға Сейiт жiберiп ердi, Яхияға халифа ағзам халғат бердi. Өз жұртына халифа патша қойды, Мақсұды Яхияның тамам хасыл болды. Шат болып шаһарында Яхия тұрды. Мұхаммед ибн Фаллах ол шаһарда бiрге тұрды. Әзiн жаныб Шат болып шаһарында бұнлар тұрсын, Ендi қайсар сорлының сөзi келсiн. Алиунның хабарын қайсар ендi бiлдi, Қорқудан қайсар сорлы қандар жұтты. Шаһар әһлi һеш тарапқа шыға алмады, Бiр-бiрiне қатысар хал болмады. Кәсiп қылып, егiнлерiн еге алмады, Қахталық қатты болып, зар жылады. Мәслихат уәзiр, беклер жұмла қылды, Сейiтке сыйлық берiп тұрмақ болды. – Сейiтбатталға сыйлық берiп жалыналы, Бостандық аз ғана күн бiз қылалы. Әлқисса, Сейiтбатталға хат жiбердi, Бiрнеше қаласының кiлтiн бердi. «Харажын сол шаһардың алсын,– дейдi, Келмесiн ғаза қыла бiзге» дейдi. Ол хатты елшiлерi алып келдi, Сейiтке тағзым қылып, құрмет қылды. Сейiт оның iлтимасын қабыл қылды, Һәр айда хараж алып тұрмақ болды. Мұсылманлар хараж илән шады болды, Бiрнеше күн екi тараплары рахат қылды. Бұ қиссаны Тыныштық ұғылы бұ жерде тамам қылды, Мұхаммедке – салауат, Сейiт хазiретке дұға қылды. Бұ қиссаны назым жазған пақыр құлды, Дұғадан ұмыта көрмегiл хақыр құлды. Сегiзiншi бап: Сейiтбатталдың Қайтұр патшаны мұсылман қылғаны Әуелi бисмиллаһи илән сөз башлалы, «Иә, Алла» деп, Сейiттiң кереметiн және айталы. Шаһ әулие Сейiтбатталдың сөзлерiнi, Бiрiнен-бiрi артық деп айтады. Риуаят рауиларның сөзлерiнi, Хош назым тыңласаңыз бiз айталы. Иләһым, Қадiр Ханнан, Сұбхан, Алла, Зұлжалалы, Көңiлiмiзге илһам салғай, Қадiр Мәула. Қиссаларның тыңламға ғажап көрiклiрек, Ашылар оқығандардың көңiл-көркi. Бұ Сейiт – қиссалардың бiр бұлағы, Таусылмас бiрiн айтсақ, келер тағы. Айтайын бұ қиссаны сiзге тағы, Тыңлаңыз ықылас бiрлән сiзлер тағы. Бiр күнлерi Сейiт хазiретi отыр ердi, Екi жiгiт сәлем берiп, кiрiп келдi. Есiмлерi Қасым, Мансұр деген ердi, Сейiтке тағзым қылып, арзу қылды. Сейiтке өксiп жылап, сөз сөйледi: – Екiмiз – бiр тума қарындас,– дедi. Бiзлернiң ата-анамыз өлiп ердi, Мал-мүлкат атамыздан қалып ердi. «Кәлам Алла» оқыр ердiк бiзлер,– дедi, Шаһары Искандрияда жатып,– дедi. Атамыздың бiр iнiсi артында қалып ердi, Мал-мүлкатқа ие болып алып ердi. Бұ күнде нәпақамыз бiтiп қалып ердi, Келiп ердiк нәпақа сұрап онан,– дедi. Сұрасақ, көп бәһана сөз айтады, Бермеске һәрбiр түрлi айып айтады. Сол себеплi бiз келдiк сiзге,– дедi, «Бiр жәрдем қылар ма,– деп,– бiзге ендi». Сейiт сонда қолына қалам алды, Искандрияның хакiмiне хабар жазды: «Алып бергiл үшбулердiң хақын,– дейдi, Жоқ десең, өзiң ойла соңын» дейдi, Шат болып екiлiсi қайтып келдi, Хакiмiне Сейiттiң жазған хатын бердi. Ол хатты падиша оқып сөзiн бiлдi, Тез жүрiп, хақыларын алып бердi. Бұ екiсi хақын алып шат болды, Бiр уақыт арасында күнлер өттi. Бұ жiгiттер бiр күнлерде ғауға қылды, Бiр адамды өлтiрерге қасты қылды. Бұ екiсiнi зынданға патша салды, Бiр пұрсатта екiсi қашып кеттi. Көп жүрiп, бiр жерлерге жатып қалды, Ұйықтап жатқан жерiнде ұстап алды. Қима деген бiр шаһарға алып келдi, Патшасының есiмi Қайтұр ердi. Зынданға Қайтұр патша салып қойды, Зар жылап, ол зынданда жатып қалды. Қайтұрдың бiр махбүблi қызы болды, Бiр күнлерi зындан iшiне барып ердi. Қыз сонда Қасымды көрiп, ғашық болды, Қасым илән Мансұрды көп алдады. – Бiздiң дiнге сен кiрсең, Қасым,– дедi, Өзiм саған болайын қатын,– дедi. Әлқисса, ол екiсiнiң дiнiн бұзды, Қасымға Қайтұр патша қызын бердi. Қайтұр бiр күн мәжiлiс қылып отыр ердi, Сейiттi шикаят қылып, көп сөйледi. Сол уақытта Қасым, Мансұр сөз сөйледi, – Не берерсiң өлтiрсек бiзге?– дедi. Қайтұр сонда: – Қалағаныңды алғыл,– дедi, «Хош, болар» деп Қасым, Мансұр сапар қылды. Бiр күнлерi Сейiт хазiретiне жетiп барды, Тағзым илән сәлем берiп һәм жылады. – Сiздiң жазған хатыңызды бердiк,– дедi, Ол патша iлтипат һеш қылмады. Со себеплi бiз сiзге келдiк,– дедi, Бiр шапағат қылсаңыз бiзге,– дедi. Бұ сөздi Сейiт есiтiп, атқа мiндi, Екiсiн ертiп жолға жүрдi. Бiр шаһарға жақын келiп, Сейiт ұйықтады, Қасым, Мансұр екiсi ұйықтамады. Сейiттiң кәмiл ұйқысын бұнлар бiлдi, Ат, құралын екiсi алып қашты. Тез келiп, Қайтұр патшаға хабар бердi: «Пәлен жерде Сейiт ұйықтап жатыр» дедi. Қайтұр есiтiп, тезлiк илә әскер жиды, «Тез барып, байлап әпкел мұнда» дедi. Әскерлер жиылып, анда барып ердi, Ұйықтап жатқан Сейiттi көзi көрдi. Ләшкерлердiң шуылдаған дауысыны, Сол уақытта Сейiт естiп тұра келдi. Ортаға алып Сейiттi әскерлер хамлә қылды, Сейiттi тұтайын деп қамалады. Сейiт сонда бiрiсiн тұтып алды, Жерге ұрып, ол мүшiрiктi һәлак қылды. Атын ол мүшiрiктiң мiнiп алды, Бiр демде алпыс, жетпiстi һәлак қылды. Не хасыл, өз атындай һеш болмады, Аты көтерiп, Сейiттi һеш жүре алмады. Қарулары өз қаруындай һеш болмады, Бiр ұрса, екi қайта соға алмады. Сол жерде көп мүшiрiклер ғулуу қылды, Сейiттi шынжыр салып, байлап алды. Алдына патшасының алып барды, Қайтұр көрiп Сейiттi қайран қалды. Қайтұр ендi Сейiтке сөйледi: – Сейiтбаттал аталмыш сен бе?– дедi. Сейiтбаттал: – Бәлi, мен,– деп жауап бердi, Қайтұр сонда: – Бiздiң дiнге кiргiл,– дедi. Неге керек халифа саған ендi?– дедi, Сарғаскер бiз де қоялық сiздi,– дедi. Сейiт сонда: – Сөйлемегiл бос сөз,– дедi, Әуелi өзiң кiргiл бiздiң дiнге,– дедi. Рұм халқын жұмла мұсылман қылам,– дедi, Кәнисасын талқан қылып бұзам,– дедi. Орныға мәсжид, медресе салам,– дедi, Өзiң мұсылман боласың қазiр,– дедi. О сөзге Қайтұр патшаның ашуы келдi, – Тез мұны өлтiргiл!– деп әмiр қылды. Сол уақытта Һиман деген уәзiрi айтты: – Сейiтбатталды өлтiрiп болмас қазiр,– дедi. Бұ Сейiттiң көп болар жолдастары, Қайратлы қазiр келер палуанлары. Бұ шаһарды хараб қылар, олар келсе, Жан иесiн һеш қоймас, халi келсе. Онан да нешiк болар қайсар келсе? Өзi өлтiрiп, дұшпаннан кегiн алса. Ол қайсарға кiсi жiбергiл, мақұл болса, Хат алып, хабар берсiн келiп мұнда. Бұ сөздi Қайтұр патша мақұл көрдi, – Апарып сал зынданға мұны,– дедi. Ол Сейiттi зынданға салып қойды, Хатты алып, қайсарға хабар кеттi. Әзiн жаныб Қайсарға кеткен адам жүре тұрсын, Қош сөздi бiз айталық, көңiл тынсын. Қайтұрдың түс көргенi баян болсын, Сейiттiң хикмат-кереметi аян болсын. Бiр күнi Қайтұр патша түс көрiптi, Түсiнде қиямет-қайым күн болыпты. Мұхаммед Мұстафаны ол көрiптi, Жұмла пайғамбар-әулиелердi һәм көрiптi. Жұмласы Мұхаммед пайғамбарға жиылыпты, Жұмласы шапағат тiлеп, зар қылыпты. Жұмласына шапағат ол қылыпты, Шапағат қылған адамлары жол тауыпты. Қайтұр сонда: – Мен де бардым оған,– дептi, Шапағат мен де сұрадым онан,– дептi. Сол уақытта ол Мұхаммед маған айтты: – Әуелi мұсылман болғыл өзiң,– дептi. Уа және шүкiр күшам Сейiтбатталды, Шығарғыл ол зынданнан қазiр,– дептi. Уа және құрмет қылсаң оған,– дептi, Сонда шапағат қылармын саған,– дептi. Бұ түстi көрiп, Қайтұр тұра келдi, Қараса, үйiнiң iшi нұрға толды. Андан соңыра иман айтып, иқрар қылды, Мансұрға көрген түсiн баян қылды. Мансұр айтты: – Мен көрдiм үшбу түстi, Жығылалы аяғына қазiр,– дедi. Қайтұр сонда: – Олай болса барғыл,– дедi, Зынданнан алып келгiл мұнда,– дедi. Мансұр ендi Сейiтке жүгiрiп барды, Сейiттiң аяғына басын қойды. – Кiнаһiмды ғафу қыл,– деп ғұзыр қылды, Басымыздан бiлместiк өттi,– дедi. Падишаға ол Сейiттi алып келдi, Сейiттiң қолын сүйiп, басын қойды. Жұмлатән көрген түсiн баян қылды, «Хақ расулы – Мұхаммед» деп иқрар қылды. Қайтұр, Мансұр сол жерде мүмiн болды, Қасым және жан-тәнiмен тәсiлiм болды. Сейiт сонда: – Қуат жоқ һеш менiм,– дедi, Жұмла қуат Алладан хүкiм болар,– дедi. Мұхаммед Мұстафа бабамның мұғжизасы, Заһир бiрлән ықылас қылса һәр пәндесi. Құданың тауфиқ таппас шермендесi, Ғафалдар қияметте армандасы. Андан соңыра Қайтұр патша хабар салды: – Жұмла беклер, халайық илән келсiн,– дедi. Падишаға халайықтары жұмла келдi, Жұмласы иқрар қылып, сол жерде мүмiн болды. Бiр күнлерi Сейiт хазiретi қайтпақ болды, Сейiтке Қайтұр патша сыйлық қылды. Өзi және Малатияға бiрге жүрдi, Қасына ләшкерлерiн алып жүрдi. Малатияның беклерi қарсы келдi, Сейiт илән Қайтұрдың қолын сүйдi. Құрметлеп әмiр Омар Қайтұрды қонақ қылды, Алланың бергенiне шүкiр қылды. Халифаға фатих-нама қағаз жазды, Ол хатты Қайтұр илән Жағда алып барды. Хатты оқып, халифа бек шат болды, Сейiтбаттал ғазыға жұмла дұға қылды. Халифа ол Қайтұрға халғат бердi, Хат алып, әмiр Омарға Қайтұр келдi. Қайтұр патша Сейiт хазiреттен изин сұрды, Изин бердi, Қайтұр Сейiттiң қолын сүйдi. Шаһар әһлi Қайтұрды шығарып салды, «Алла» деп шаһарына Қайтұр келдi. Ол Қайтұр шаһарына келiп түстi, Ғайр жерден берiк қылып шаһар салды. Ол шаһарға Қайтұрабад деп есiм қойды, Шат болып ол шаһарда Қайтұр тұрды. Бұ iстерден қайсар сорлы хабар бiлдi, Қырық күн матам тұтып, зар жылады. Сейiттен және қорқып, қанлар жұтты, Ұлық-кiшiк жұмласы зар жылады. Әһлi ислам шат болып қара қылды, Бiр заман мұның бiрлән күнлер өттi. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Мұхаммедке – салауат, Сейiтке дұға қылғыл ендi. Насырыны назым жазған Тынышлық ұғылыны, Дұғадан ұмыта көрмең сiзлер бiздi. Тоғызыншы бап: Сейiт хазiреттiң Мағрибқа барып, Фер- дус патшаны өлтiргенi Бисмиллаһи деп башлалық бiр қиссаны, Көңiлден шығаралық көп құсаны. Сейiт хазiреттiң заһир болған кереметiн, Айтайық назым бiрлән сiзлерге оны. Соғыстың бiр ұлық болған iсiн, Көрерсiз ақырдың мәшһүр болғанын. Бiр күнi Сейiт хазiретi отыр ердi, Бiр адам Тауабил илән кiрiп келдi. Сейiтке тағзым илән сәлем бердi, Жүзiн жерге қойып, зар жылады. Шаһ әулие ол адамнан сөз сұрады: – Қай дiннен боларсың?–деп сұрады. – Иә, сұлтан, мен – бiр жүһүд кiсi,– дедi, Тижарат, сауда қылмақ iсiм,– дедi. Мағрибте бiр шаһарға бардым,– дедi Есiмi шаһарының – Сахиба,– дедi. Патшасының есiмi Фердус ердi, Өзi–малғұн, рақымсыз залым,– дедi. Һәр тараптан мұсылман болса iздер,– дедi, Қолға түссе, күн-түн жұмысқа салар,– дедi. Ол патшаға мен де бардым бiр күн,– дедi, Көп күмiс, алтын, жауһар сатып алды. Ол малдың бағасын һеш бермедi, Сұрасам һеш iлтипат ол қылмады. Бар ердi ол малғұнның сұлу қызы, Аларға алтын-жауһар ол һәм келдi. Оның хұсни жамалы менi ғашық қылды, Үш жылдай залымдығы әуре қылды. Бiр күнлерi ол қыз және тысқа шықты, Дәруiшiлерге қайыр-ихсан бере шықты. Сол күнi оны көзiм көрдi, Ғашықлығым бiр көрiп, қанағат қылды. Бiр күнлерi мен қапасқа бардым,– дедi, Бiр шайхты ол қапаста көзiм көрдi. Мен оған баян қылдым бұ халiмдi, Жәбiр-жапа көрсеткен ол Фердусты. Ол шайхы сол уақытта маған ақыл айтты: – Сен барғыл Малатия деген шаһарға,– дедi. Ол шаһарда бiр палуан болар,– дедi, Есiмi – Сейiтбаттал сұлтан,– дедi. Оған барып арыз қылсаң бұ халiңдi, Иншалла, алып берер ол малыңды. Бiзден сәлем ол Сейiтке айтқыл,– дедi, Жетпiс жыл қапасқа салған Фердус бiздi. Ол маған баян қылды бiр кiсiнi, – Жетпiс жыл-дүр көрмегелi күн жүзiнi. Ол адам – Мұхаммед пайғамбардың нәсiлi,– дедi, Зұлматты шам қылады ердiң нұры. Және бар екi шариф кiсi,– дедi, Ол екiсi – Әбубәкiр, Омардың нәсiлi,– дедi. Сахибада қапаста-дүр ол екiсi, Рақым қылса, ол Сейiт келсiн,– дедi. Уа және хат берейiн Сейiтке сенен,– дедi, Иншалла, ол келер мұнда,– дедi. Һеш пұрсат хат аларға болмады, Әлқисса, өзiм келдiм сiзге, ғазы,– дедi. Қырық жүк алтын, жауһарларым анда қалды, Оны берерге жасырып қойдым,– дедi. Мақсұдымды, әгар, хасыл қылсаң,– дедi, Жұмласы сол малымның садақа,– дедi. Бұ сөздi Шаһ әулие естiп бiлдi, Жаранларымен уағдаласып жүрмек болды. «Бисмиллаһи» деп атын ерлеп, мiнiп алды, Бар құралын асынып, киiп алды. Хаққа – хамд, Пайғамбарға салауат айтып алды, «Иә, Алла» деп тижар илән жолға жүрдi. Бiр күнлерi бiр тауға бұнлар келдi, Ағып жатқан бұлаққа түсе қалды. Ол бұлақтан таһарат алып, рахат қылды, Намаз оқып отырғанда бiр арыслан келдi. Бұнларға һайбат бiрлән көзiн салды, Ол ендi тауға қарап жүре бердi. Бiр уақытта ол арыслан қайтып келдi, Бұнларға ғиззат қылып, сәлем бердi. Басына бiр шылапшын көтерiптi, Iшiне жемiс салып толтырыпты. Алып келiп хозурына оны қойды, – Мағзұр тұтың, асағыл мұны,– дедi. Бұл екiсi ол жемiстен асап тойды, Құдаға сәна айтып, екiлiсi шүкiр қылды. Тижар байғұс арысланға ғажап қалды, Не бiлсiн ақылы қайран, тахсин қылды. Ол арыслан Сейiт илән һәм сөйлестi, Сейiт оған аманат қылып атын бердi. Арысланмен уағдаласып бұнлар жүрдi, Жақын жерде бiр дарияға бұнлар келдi. Жағасында бiр кеменi тұрған көрдi, Екiлiсi ол кемеге мiнiп жүре бердi. Бiр күнлерде ол кемеден шығып ердi, Алдынан екi атлы адам келдi. Сейiт хазiретi ол адамнан жауап сұрды: – Қай тарапқа барарсыз?– деп жөнiн сұрды. –Сұрасаң, менiм атым–Санжар,–дедi, Фердустың палуанының бiрi,–дедi. Бiз барармыз Малатияның шаһарына,–дедi. Iздеймiз Сейiтбаттал деген палуанды. Сонда Сейiт анлардан жауап сұрды: –Не қыласыз ол Сейiттi iздеп?–дедi. Санжар айтты:–Патшамыз бар Фердус атты, Түсiнде һәр күн көрер ол Батталды. «Мұсылман иман айтып болғыл,–дейдi, Болмасаң, өлтiрермiн сенi» дейдi. Патшамыз сол түсiнен қауiп қылды, Жинады палуанлардың жұмлаларын. «Әгар һәркiмлер өлтiрсе Сейiтбатталды, Уа және алып келселер оның басын. Мал-мүлкатымды берермiн һәм қызымды, Уа және оған берермiн тәж-тағымды». Сол себеплi барармыз онда,–дедi, Тапсам, басын келтiрермiн мұнда,–дедi. Сейiт сонда Санжарға сөз сөйледi: – Мен айтайын Сейiттiң жайын,–дедi. Бiздi мұнда жiбердi қайсар,–дедi, Фердустан жәрдем әскер сұрап,–дедi. Ол Баттал Рұм халқын хараб қылды, Қайсардың көп ләшкерiн һәлак қылды. Сен барғанмен һеш нәрсе қыла алмассың, Сейiттiң басын кесiп, ала алмассың, Ол Сейiттiң хайласын бiле алмассың. Жерде жатқан күрзiсiн көтермессiң. Санжар сонда: – Сейiттi сен көрдiң бе? Күресiп оның күшiн сынадың ба? Сейiт айтты: – Мен көрдiм ол Батталды, Жаһанда теңдесi жоқ қайратының. Сен түгiл, пар болмадым мен де,– дедi, Сен мұқабил болмассың оған,– дедi. Сол уақытта Санжар сорлы қаһқа күлдi, – Сен кiмсiң менен артық туған?– дедi. Сейiт сонда оған күлiп жауап бердi: – Сен менi кем көрдiң бе, малғұн?– дедi. Сынасалы қайратымызды қазiр,– дедi, Сонда болар қуатың мағлұм,– дедi. Санжар сонда ашуланып тұра келдi, Сейiттiң белiн келiп тұтқан болды. Сейiттi көтеруге ол сорлы қуат қылды, Зәрре қадары жерiнен көтермедi. Сейiт хазiретке қайрат қылар уақыт келдi, Көтерiп, ол Санжарды жерге ұрды. Кеудесiне шаһин кебi мiнiп алды, «Иман айт» деп, қолына қанжар алды. Ол малғұн иман айтпай, инкар қылды, Басын ол малғұнның кесiп алды. Жолдасы сол уақытта аттан түстi, Сейiттiң аяғын сүйiп, құшақтады. – Иә, Шаһ жиһан, мен–бiр мұсылман кiсi,– дедi, Есiмiм–Сағид, Бағдатта бар елiм,– дедi. Сауда бiрлән келiп ердiм мұнда,– дедi, Жесiр қылып, тұтып алды бұнлар менi. Сөзiм хақ, растығын тыңла,– дедi, Алла бiр, хақ Мұхаммед Расул-дүр оның,– дедi. Сейiт сонда Сағидқа дұға қылды, Уа және көзiн сүйiп, шапағат қылды. – Иә, Сағид, сен Фердусқа барғыл,– дедi, Сен онан сүйiншiнi сұрағыл,– дедi. Сағид ендi Фердусқа жүрiп кеттi, Сейiт ендi Санжардың киiмiн шештi. Санжардың тонын Сейiт киiп алды, Суретiн мисли Санжар қылып алды. Найзаға Санжардың басын шаншып алды, Тижармен Сейiт хазiретi жүрiп келдi. Сағид барып, Фердустан сүйiншi сұрды: – Сейiттi өлтiрдiк,– деп хабар бердi. Ұшырадық бiз Сейiтке жолда,– дедi, Санжар алып келе-дүр басын,– дедi. Фердус сонда шат болып, атқа мiндi, Беклер илән алдынан қарсы барды. «Санжар» деп, Сейiтбатталдың қолын өптi, Санжардың басын ит басындай домалатты. Фердус малғұн бек қатты шат болды, Шаттықтан терiсiне ол сыймады. Перде бiрлән ол Сейiт келер ердi, – Иә, Санжар, бұ пердеңiз не-дүр?– дедi. 4110 – Көп хамлә Сейiтбатталмен қылдым,– дедi, Жүзiме жара салды мұнда,– дедi. Жарасы жазылған жоқ қазiр,– дедi, Перденi сол себеплi алман,– дедi. «Санжар» деп сарайына алып келдi, Үш күн азим шатлық қонақ қылды. Төртiншi күнi халуат сарайға алып кiрдi, – Иә, Санжар, бiр қызметiм бар сiзде,– дедi. Баттал өлiп, көңiлiм бек тынды,– дедi, Ендi мақсұдым Шамға бармақ менiм,– дедi. Не тәдбир қыларсың соған?– дедi, Қайсардан бұрын алсам соны,– дедi. Сейiт сонда:–Отырмасын һешкiм,– дедi, Үшбу сөздi құпия айтам,– дедi. Фердус сорлы халуат қылды үйдiң iшiн, Сейiт ендi көтердi пердесiн. – Иә, Фердус, көзiңдi ашып, бақшы менi, Санжар мендей болар ма, көршi менi? Фердус сорлы Сейiтке қарай қалды, –Санжарға ұқсамайсың, кiмсiң?– дедi. Сейiт сонда: – Иә, Фердус,–деп сөйледi, Сейiттi неше көрдiң түсiңде?– дедi. «Мұсылман бол» деп, һәр күнде кiм сөйледi? Сол кiсi Сейiтбаттал мен-дүр,– дедi. Тiлiмдi алып, мұсылман болсаң,– дедi, Тұрарсың патша болып мұнда,– дедi. «Жоқ» десең, мен кесермiн ал басыңды, Көрерсiң жаһаннамда бұ басыңды. Фердус сонда қабахат сөз сөйледi, Сейiт сонда тақтыдан жерге ұрды. Шаһин кебi үстiне мiнiп алды, «Һай» дегенше, басын кесiп алды. Сол уақытта тақыт астынан бiреу шықты, Сейiт хазiретiнiң аяғын құшақтады. – Иә, сұлтан, Сейiтбаттал ғазы,– дедi, Түсiме бүгiн Расул Мұхаммед кiрдi,– дедi. «Бұ келген Сейiтбаттал ұғылым,– дейдi, Санжарды өлтiрiп, басын ол келтiрдi. Фердусты қазiр өлтiрер және,– дейдi, Иман айтып, сен мұсылман болғыл,– дейдi. Көрерсiң дүния ақыретте шапағатымды», Сол себеплi жасырындым мұнда,– дедi. Иман айтып, со жерде мүмiн болды, Сейiт оның есiмiн Уахид қойды. –Иә, Уахид, сен зынданға барғыл,– дедi, Елу мұсылманды алып кел мұнда,– дедi. Зындандағы мұсылманларға Уахид барды, – Сiзлердi патша мұнда келсiн,– дедi. Мұсылманлар оны естiп, зар жылады, Бiр-бiрiне уағдаласып көп жылады. Уахидқа елу кiсi ерiп келдi, Фердустың сарайына қорқып келдi. Сейiт сонда: – Қапуды берiк қыл,– дедi, Һешкiм хабар таппасын бiзден,– дедi. Уахид сонда қапуды берiк қылды, Бағ-бұғауын бұнлардың жұмла шештi. Бiр адам сонда Сейiттi танып бiлдi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Шүкiр қылып Құдаға сәна айтты, Мұхаммед Мұстафаға салауат айтты. – Иә, Уахид, уәзiр-беклерге сен барғыл,– дедi, Оны мұнда бiр амалдап келтiр,– дедi. «Сiздi патша шақырды» деп алда,– дедi, Бек сорлы «падишаһым» деп жетiп келдi. Келгенлерi Фердустың басын көре бердi, Көнбегенлерiнiң басын Сейiт кесе бердi. Сол түнде бар уәзiрлердiң басын кестi, Уахидқа: «Ендi зынданға барғыл» дедi. Зынданға және Уахид барып келдi, Қанша мұсылманлар бар болса, алып келдi. Әлқисса, азайталы үшбу сөздi, Мұсылманларды алып келдi. Шаһ әулие халас қылды мүмiнлердi, Шат болып дұға қылдылар жұмлалары. Фердустың қазынасын және ашты, Жұмласына тон кигiзiп, қару асты. Андан соң сабах садық таң атты, Мүмiнлер азан айтып, сада қылды. Мүшiрiклер мұны есiтiп, қайран қалды, Не уақиға болғанын бiлмей ғажап қалды. Жүгiрiп патшасына келiп ердi, Кесiлген патшасының басын көрдi. Шаһар халқы зары афған сайха қылды, Зар жылап, сырттағы ләшкерлерге хабар қылды. Шаһ әулие имам болып, намаз қылды. Намаздан фариғ болып, нағра салып, сайха қылды. – Мен келдiм Санжар болып сiзге,– дедi, Өлтiрдiм патша илән беклерiңдi. Қалғаныңыз мұсылман болғыл сiзлер ендi, «Жоқ» десең, мен қырармын жұмлаңызды. Шаһардың қапуын Сейiт және ашты, Ләшкерлерге күндей күркiреп, қылыш шапты. Соғыстың қызық болар келдi кезi, Тыңлаңыз, ықылас бiрлән сiзлер мұны. Зынданнан халас болған бес мыңдары, Мүшiрiклерге мүбараз қыла шықты бәрi. Шаһ әулие Сейiт хазiретi нағра салды, Бес мың кiсiлерге жүз мың кiсiдей хамлә қылды. Әлқисса, бiр күн, бiр түн соғыс болды, Жүһүдтерiнiң қандары селдей ақты. Мүшiрiклер мәлзам болып, аман сұрды, Сол жерде бес жүз мың адамлар басын қойды. Жұмласы иман айтып, мүмiн болды, Сейiтке ықылас бiрлән тәсiлiм болды. Шаһар әһлi Сейiт хазiретке жұмла келдi, Басын қойып, жұмласы мүмiн болды. Және Сейiт халайықтарға уағыз айтты, Дiн исламның берекетiн және айтты. Андан соңыра кәнисаларын жұмла жықты, Орнына мәсжид, медресе бина қылды. Жұма оқырға мiнбарға Сейiт шықты, Халайықтарға дiн ғылымын тағлым еттi. Бұнлардан Сейiт хазiретi хабар сұрды, Жетпiс жыл тұтқын болған бiр кiсiнi. Уахид сонда көрсеттi бiрер тақтаны, Астында зынданы бар ол тақты, Тез тұрып, көтерiп ердi ол тақтаны, Көрiптi темiр қапулы бiр қиуны. Оны ашып, он төрт басқыш төмен жүрдi, Сонда көрдi ақсақалды, нұрлы пiрдi. Зұлматты жарық қылған шұғыласы, Оқыған Құран шариф шықты даусы. Сейiт оған тағзым қылып, сәлем бердi, Сәлемiн алып: – Хош келдiң, ұғылым,– дедi. Сонда Сейiт: – Неден бiлдiң, бабам?– дедi, Мұнда менiм келгенiмдi кiм бiлдiрдi? – Бұ кеште хақ Расул Алла келдi,– дедi, «Сейiтбаттал ұғылым келер саған,– дейдi. Бұ зынданнан шығарар сенi,– дейдi. Уа шаһардың әһлiн мұсылман қылар жұмла» дейдi. Сонда Сейiт ол пiрдiң қолын сүйдi, Ол пiр сонда Сейiттiң көзiн сүйдi. – Жетi жаста бұ қиуға салды залымдар менi, Жетпiс жасқа бұ күнде келдiм,– дедi. Һеш көрмедiм сонан берлi күннiң жүзiн, Мәгәр Хақтан ғинаят болған нұры. Әлхасыл, азайталы көп ердi оның сөзi, Мұнаууар қараңғыны қылған жүзi. Қолын ұстап ол пiрдi тысқа шықты, Алып келiп, тақытқа отырғызды. Ғасым деймiш, ол пiрдiң есiмi ердi, «Екi адам және жатыр» деп хабар бердi. «Әбубәкiр, Омардың нәсiлi анлар,– дедi, Бiрiнiң есiмi – Ғауық, бiрiсi – Таһир» дедi. Анларды Сейiт және алып, мұнда келдi, Ғасымды – патша, екiсiнi уәзiр қойды. Әлқисса, бiр күнi Сейiт жұмада уағыз айтты, Халайықтар есiн танып, қайран қалды. Сол уақытта тысқарыдан бiр дауыс шықты, Сейiтке ол дауыстан хабар айтты. Бұ дауысты баян қылам сiзге ендi. Бiр ғажап соғыс болар, тыңла, ендi. Әзiн жаныб Риуаят рауиларның сөзi келдi, Екi патша ләшкер илән келген ердi. Бiрiсi Фердус ұғылы Жалут ердi, Бiрiсi оның күйеуi һарут ердi. Үш жүз мың ләшкер илән келген ердi, Атасының өлгенiн бiлген ердi. «Ол сiзге қаһар қылып келген ердi, Сiзден алмақ атасының қанын» дейдi. Ол шаһардың қапуы бек берiк ердi, Кiре алмай ол шаһарға, күн кеш болды. Түн болғанда Сейiт оған жалғыз барды, Сейiттiң өнер бастар уақыты болды. Түн iшiнде жүһүдтерге хабар бердi: – Үстiңе мұсылманлар келдi,– дедi. Тез, жылдам, аман бермей соғыс,– дедi, Өзiн-өзi танымай қырғын болды. Таң атқанша бiрiн-бiрi қыра бердi, Сейiт және танытпай, бiрге қырып ердi. Таң атып, ләшкерлер тұрып өзiн көрдi, Мұсылманлардан бiреу жоқ, қырылған өзi. Патшалар сонда жылап һәм сөйледi: «Сейiтбаттал хайлакер» деп естiлер ердi. «Қайда, Баттал, майданға келсiн» дейдi, Ләшкерлерi аттанып, қарсы тұрды. – Аярлықпен бүлдiрдi Рұм елiн уа және, Уа және хараб қылды Сахиба елiн. Мен саған оңай болман ондай,– дедi, Қоймаспын мың жаныңнан бiр жаныңды. Сейiт сонда есiттi оның сөзiн, Жалутқа майдандағы жетiп келдi. Жалут сонда күрзi илән ұрған ердi, Сейiт оның күрзiсiн тартып алды. Өзiн және аты үстiнен жерге ұрды, Жаны шығып, жаһаннамға ол жөнелдi. Ғасым пiр там басынан қарап көрдi, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Сол уақытта Һарут малғұн әмiр қылды, – Жұмлаңыз ол Батталға қаптаң!–дедi. Екi ләшкерлер сол уақытта араласты, Шаһ әулие сол уақытта нағра салды. Халайықтар бұны есiтiп, есiн танды, «Қиямет болды ма» деп қайран қалды. Бұрын мұндай естiген жоқ һеш дауысты, «Аспан жерге түстi ме» деп қалтырасты. Мұсылманлардың ләшкерлерi қуат тапты, Баһадүрлердi қой мысалы бек көп қырды. Сейiт сонда бiр хайланы және қылды, Һарутке жетiп келiп, қашқан болды. Бейақыл Һарут сорлы Сейiттi қуды, Шаһ әулие бiр орманға келiп кiрдi. – Һай, Баттал, менен қайда қаштың?– дедi, Қоймаспын мың жаныңнан бiр жаныңды. Сол уақытта Шаһ әулие қайта шапты, Һарутты найза бiрлән жерге жықты. Һарутты тiрсегiнен ағашқа iлдi, Тонын шешiп, үстiне киiп алды. Һаруттың атын мiнiп, өз атын жетекке алды, Мисли Һарут болып, ләшкерiне қайта келдi. – Нар-нұр бiзге дәулеттi қылды,– дедi, Батталды өлтiрiп, көңiлiм тынды,– дедi. Ағашқа iлiп кеттiм ол Батталды, Ертең сiзлерге көрсетем тамашаны. Мен рахат қылайын, күн кеш болды, Сiзлер мұхаммедилердi қарай тұрғыл бұ түн,– дедi. Һаруттың шатырына Сейiт барды, Түн жарымы болғанша ұйықтап жатты. Һаруттың ләшкерiлерi шаһарды қақпалады, «Батталды өлтiрдiк» деп мақтанады. Мұсылманлар оны есiтiп, мәлүл болды, «Не уақиға болды?» деп зар жылады. Ендi Шаһ әулие ұйқысы қанып тұра келдi, Тұра келiп, төрт тарапқа назар салды. Екi жiгiт қолын қусырып тұрған көрдi, Ол жiгiттерге: – Сейiтбаттал мен-дүр,– дедi. Һарутты мен өлтiрiп келдiм,– дедi, Тез мұсылман болыңыздар сiзлер,– дедi. Екi жiгiт сол уақытта шат уа болды, Сейiттiң аяғына басын қойды. – Иә, Сейiт – шаһ жиһан, палуан,– дедi, Құдайым жолықтырды сiзге,– дедi. Бiз мұсылман Шам елiнен келген,– дедi, Тижарат, сауда қылып жүрген,– дедi. Һарут малғұн өлтiрдi атамызды, Уа және тартып алды көп затымызды. Бiр болып жүр ердiк мұнда,– дедi, Не бұйырған әмiрiн қылып,– дедi. Әскер басшылығы бұйырды бiзге,– дедi, Һарутке қызмет қылып күзет,– дедi. Екiсi иман айтып, иқрар қылды, «Африн» деп Сейiт оған шапағат қылды. – Һаруттың iнiсiн мұнда келтiр,– дедi, «Сiздi Һарут шақырды деп бiлдiр» дедi. Бұнлар барып iнiсiн шақыртыпты, Ағасына қуанып жүгiрiптi. Шатырдағы Сейiттi көрiп бақырады, Жаны басына қорыққанынан шашырады. Сейiт сонда: – Таныдыңыз ба қазiр менi, Танысаңыз, мұсылман болғыл,– дедi. Ол сорлы қабыл көрмедi бұ сөзлерiн, Басын кесiп, жаһаннамға жөнелдiрдi. Сейiт хазiретi және бұйырды жiгiтлерге: – Бектердi берәм-берәм келтiр бiзге. Жiгiттер жүгiрiп жүрiп келтiредi, Келгенiн Шаһ жиһан өлтiредi. Таң туғанша көп палуанның басын кестi, Әскерлерi палуансыз босқа қалды. Әлқисса, сабах садық таң да туды, Қорғанның қапуына бұнлар келдi. Нағра тартып, бiр сайха қылып ердi, Сейiттiң даусын танып, қапу ашты. Мүмiнлер Сейiттi көрiп шат болды, Ғасым пiр Сейiттiң көзiн өптi. –Жаным, ұғылым, келдiң бе, аман?– дедi, Өткен күнде «өлдi» деп есiтiлдi. Басымыздан ақыл кетiп, қайран ердi, Бұ iстiң бiлшi сырын сiзлер,– дедi. Сейiт сонда:–Иә, Ғасым, пiрiм,– дедi, «Ерлiк деген он ұлыс болар»,– дедi. Туғры хайла қылмақ-дүр оның,– дедi, Бiрi оның қайрат-қуат қылмақ,– дедi. Ендi мұсылманлар шат болып нағра соқты, Жүһүдтер оны есiтiп, қайран қалды. Шаһ жиһан ләшкер илән тышра шықты, «Мен – Сейiт» деп жүһүдтерге хабар бердi. – Өлтiрдiм Жалут илән Һарутыңды, Ағашқа iлiп қойдым, көрсең әнi. Нанбасаңыз көрiп кел, әнi,– дедi, Қырылған қасындағы жолдастары. Сейiт және нағра салып, сайха қылды, Ағаштағы Һарутты танып келдi. Жұмласы соғыс қылмай, қашпақ болды, Дарияның жағасына барып түстi. Кемеге ат, азығын жүһүд салды, «Қашалық елiмiзге бiзлер» дедi. Әзiн жаныб Жүһүдлерге Қызыр аләйһиссаламның ақыл айтқаны Сол уақытта Қызыр аләйһиссалам жетiп келдi, Жүһүдтерге Қызыр аләйһиссалам сөз сөйледi: – Иә, жүһүдлер, сiзлер босқа қашпаң,– дедi, Қашқан бiрлән құтылмассың онан,– дедi. Не себеплi қашарсыздар онан?– дедi, Туғры ол жолды көрсетер сiзге,– дедi. Анлар айтты: – Бiз қашармыз ол Батталдан, Бiздi қырып, ол қылды сары кәрдан. Патшамызды өлтiрiп, қылды бостан, «Дiнге кiр» деп, сала-дүр ол зымыстан. Қызыр сонда: – Не үшiн мұтиғ болмайсың оған?– дедi, Ол сiзге Хақтан хабар берер,– дедi. Анлар сонда: – Не үшiн мұтиғ болармыз оған?– дедi, Ол бiзге һеш ғаламат бiлгiзбедi. Мұса Кәлам ғаламаттар көп кiргiздi, Иса нәби өлiктi көп тергiздi. Қызыр сонда: – Барыңызлар, сiзлер,– дедi, Бiр ғаламат сұраңыздар сiзлер дағы, Құр қашумен құтқармас сiздi,– дедi. Себеплi айтсаң, ол мақұл көрер сiздi. Қызырдың бұ сөзiн мақұл көрдi. Жiбердi мұғтабарлы адамларды. Сейiтке тағзым қылып, бұнлар келдi, – Сұраймыз бiр тiлектi сiзден,– дейдi. Хақ болса Мұхаммедтiң дiнi,– дейдi, Өлген адам тiрiлiп, жауап берсiн,– дейдi. Сейiт сонда: – Хош, болар сөзiң,– дедi, Сiзлер барып рахат қылып жатқыл,– дедi. Пiрiм бар, мәслихат қылам оған,– дедi. Хош көрсе, хабар берем сiзге,– дедi. Сейiт хазiретi Ғасым пiрге жетiп келдi, Жүһүдтердiң сөзлерiн баян қылды. Ғасым сонда: – Iлиясқа барғыл,– дедi, Ол Iлияс тiрiк қылар өлгендердi. Сейiт сонда: – Iлиясты қайдан табам?– дедi, Ғасым сонда: – Табарсың Iлиясты,– дедi. Бұ дарияның ортасында тау бар,– дедi, Қазiр Iлиястың мақамы сонда,– дедi. Сейiт хазiретi кемеге келiп, мiнiп алды, Ол тауға кеме илән жетiп келдi. Ол аралға шығып, сайран қылып ердi, Мисли жәннат жазираға ұшырады. Ол жерде бiр ғажайып сарай көрдi, Екi қапуы бiрi алтын, бiрi күмiс ердi. Сол жерде қырық күн тұрып, руза тұтты, Сол күнде Iлияс пайғамбар жетiп келдi. Ол Iлияс ақсақалды, нұрлы жүздi, Зұлматты жарық қылды шам мысалы. –Хош келдiң, Сейiт ұғылым, мұнда,– дедi, Мұратың хасыл болар сенiң,– дедi. Екiсi ол сарайға келiп тұрып ердi, Құдiрет бiрлән ол қапудың өзi ашылды. Iшiне кiрiп келсе, мәсжид болды, Төселген түрлi алуан жайнамазы. Михрабта бiр жайнамаздың ғажап шұғыласы, Аспанға жетiп тұрған оның нұры. Сейiтке ол намаз жайды, Iлияс алып бердi, «Жаным, ұғылым, жәдiгер болсын» дедi. Сейiт ендi азан оқыды, Iлияс имам болды, Намаздан фариғ болып, Iлияс дұға қылды. Уа және өлiктi тiрi қылар дұғаларды, Сейiтке тағлым қылып бердi оны. Уағдаласып Сейiттiң көзiн өптi, Уа және бауырына басып сүйдi. – Ендi, ұғылым, көзiңдi жұмшы,– дедi, Жұмып ердiм уа және «ашқыл»,– дедi. Қарасам Iлияс та жоқ, сарай да жоқ, Мәгәр көңiлiм зiлзала қылғаны чоқ. Сол уақытта бiр дауыс сайха қылды: «Мұратың хасыл, жүргiл» дейдi. Сол күнi Ғасым пiрге келiп жеттi, – Мұратым хасыл болды, пiрiм,– дедi. Шақырды жүһүдлердiң жұмласын, – Сұраңыз көңiлiңiздегi мақсұдыңды. – Бұ жерде бiр қыз, ұғлан жатыр,– дейдi, Оны өлтiрген Фердус малғұн,– дейдi. Сейiт сонда қол көтерiп, дұға қылды, Мүмiнлер жұмла тұрған «әмин» дейдi. Жүзiне қолын Сейiт сипап ердi, «Хикмет Алла» ол екiсi мазардан тұра келдi. Сейiтке тағзым қылып, екiсi сәлем бердi, – Иә, «Әсад Алла», палуан Сейiтбаттал,– дедi. Алла–бiр, Хақ–Мұхаммед, Хабиб Алла, Хатим Бәни,– дедi, Иғтиқад жұмла мақлұқ қылсын,– дедi. Сол жерде жұмла халайықтар қайран қалды, Жұмласы қойдай шулап, иман айтты. Тiрiлген екi шаһидлер сөз сөйледi: – Қайталық асли Отанға,– деп сөйледi. Шаһ әулие, дұға қылғыл бiзге,– дейдi, Көрмелiк жан ашығын және,– дейдi. Сол уақытта Шаһ жиһан дұға қылды, Шаһидлер әуелгiдей мәйiт болды. Шаһидлердi жаназа оқып, дәфiн қылды, Үстiне мұнқиш бина салды. Бүгiндер сол шаһарда мәшһүр дейдi, Мағриб халқы зиарат қылар оған дейдi. Сол жерде екi жүз елу мың кiсi мүмiн болды. Жетi шаһар, үш жүз қаланың әһлi мүмiн болды. Әлқисса, азайталы үшбу сөздi, Мағриб әһлiнiң жұмласы мұсылман болды. Баяғы Сейiттi шақырған саудагерге, Мақсұды Фердус қызын алып бердi. Ол саудагер қырық жүк алтын, жауһарларын, Бес мың ер, ләшкерлерге бахшиш қылды. Абдулмүмiн Әбубәкiрдiң нәсiлiнен, Ол шаһарға патша қылып оны қойды. Әлқиссса, ол шаһардың халқына уағдаласты, Төрт жүз ер мүмiнлердi алып қайтты. Баяғы атын қойған тауға Сейiт келдi, Арыслан тек атын алып, қарсы келдi. Ол арыслан жетi жүз атты алып келдi, Шаһ жиһан әулиеге сыйлық қылды. Төрт жүз кiсi ол аттарға мiнiп алды, Бос атқа алтын-күмiстi артып алды. Арыслан илән уағдаласып Сейiт жүрдi, Бiр күнлерi бiр шәрге бұнлар жетiп келдi. Әзiн жаныб Хикаят Бахтияр Бахтияр ол шаһардың патшасы ердi, Бейрақым, өзi жауыз, малғұн ердi. Сейiт хазiреттiң түрлi ғажап өнерлерi, Хайламен талай жүһүдтердi һәлак қылды. Келе жатса, шошқа баққан адам көрдi, Ол қойшыдан шаһардың жайын сұрды. Ол шопан Бахтиярды бек мақтады, – Тек мұхаммедилер көрiнсе өлтiрер,– дедi. Ол шопанды өлтiрiп, тонын кидi, Шошқаларды қатты қуып, шаһарға келдi. Шопаннан шаһар әһлi хабар сұрды: –Не себеплi ерте келдiң мұнда?– дедi. Сонда шопан:–Мұхаммедилердi көрдiм,– дедi, Қорқып ерте келдiм сонан,– дедi. Патшаға ол қойшыны алып келдi, «Не көргенiн патшаға айтсын» дедi. Қойшы болып сөйледi қорқынышты, «Сейiтбаттал болар ма?» деп келдiм оны. Сол уақытта патша сорлы қаһқа күлдi: – Бұ жерге Баттал кәйтiп келсiн,– дедi. Ол Баттал келмек түгiл мұнда,– дедi, Менен қорқып, ұйықламас үйде,– дедi. Палуанлар, бәрiңiз сiзлер онда,– дедi, Тұтып келтiр мұхаммедилер болса мұнда,– дедi. Анлар кеттi, Сейiт сонда бас көтердi, Көзiн Бахтиярға назар қылды. Отыз аршын бар екен қад қаматы, Алдында жатыр екен үлкен күрзi. Патша сонда: – Неге отырсың, шопан?– дедi, Сөзiң бар ма айтатын маған?– дедi, Сейiтке өнер бастар уақыты келдi, Күрзiмен малғұнды салып кеттi. Үстiне қаршығадай мiнiп алды, – Көрдiң бе мен секiлдi һеш шопанды? Иман айт, Сейiтбаттал мен-дүр,– дедi, Қабылы жоқ малғұнның басын кестi. Андан соңыра тышыра шығып, нағра салды, Мүшiрiклер есiн танып, қайран қалды. Жолдастары есiттi нағрасыны, Шаһарға шауып келiп, қырғын салды. Әлқисса, ол шаһардан бейқисаб адам өлдi, Шаһардың iшi-тысы қанға толды. Алты жүз адам ол шаһарда мүмiн болды, Сейiтке тәсiлiм болып, зарлық қылды. Ол шаһарды хараб қылып, малын алды, Бiр мың кiсiнi жолдас қылып, ертiп алды. Әзiн жаныб – Үшбулер жолы бiрлән келе тұрсын, Ендi қайсар малғұнның сөзi келсiн. Оныншы бап: Қайсардың көп ләшкерiн Мағрибтен келiп қырғаны Бисмиллаһи деп бiр қисса және айталы, Шаһ әулиенiң Мағрибтен қайтқаныны. Тыңлаңыз, ықылас бiрлән сiзлер мұны, Уа бұны есiткен мүмiнлердiң кiрер жаны. Мағрибке Сейiтбатталдың кеткенiнi, Қайсарға келiп, хабар берген адамларды. – Мағрибке Сейiтбаттал кеткен дейдi, Бiр жыл болды келмедi онан дейдi. Есiттiк Мағрибте өлген дейдi, Хабар жоқ, онан соңыра бiлген дейдi. Малатияға ләшкер жиып бiз баралы, Ол шаһарды астын-үстiн бiз қылалы. Бұ сөздi қайсар малғұн мақұл көрдi, – Барыңыз әскер жиып сiзлер,– дедi. Бар ердi ол қайсардың бiр палуаны, Аталған Шаһасиб деп ол палуаны. Онан мықты жоқ ердi һеш палуаны, Жiбердi жүз мың ләшкер қосып оны. Және бар Сыржайыл деген бiр палуаны, Оған да жүз мың ләшкер берген тағы. Әлқисса, һәр тараптан әскер жүрдi, Һәрқайсының қисабын өзi бiлдi. Әзiн жаныб Бұ хабарды жансыз мүмiнлер бiлiп алды, Келiп ол Малатия халқына хабар бердi. Абдулуаһап сахабаға кеңес қылды, Сахаба мағлұм тауға жүрмек болды. – Ол тау бiзге мүбәрак болған,– дедi, Болған-дүр талай дұшпанлар мәлзам,– дедi. Он мың мұсылманлар анда барды, Хиндиктi және қазып, терең қылды. Сол тауда мұсылманлар әзiрлендi, Қайсардың әскерi де жетiп келдi. Шаһасиб майданға келiп, сөз сөйледi: –Мағрибте Батталыңыз өлген,– дедi. Соғысарға халiң болмас ендi,– дедi, Онан да хараж берiп, жай тұр,– дедi, Уа және Абдулуаһапты байлап бер бiзге,– дедi, Зарар қылмай кетелiк сiзге,– дедi. Мұсылманлар ол сөзiн тыңламады, Әскерiн сап-сап қылып, тұра қалды. Майданға Шаһасибтiң өзi шықты, Мұсылманлардан Ахмет Тұран ғазы шықты. Екiлiсi он екiден хамлә қылды, Ақыры Ахмет Тұранның атын жықты. Сол халде көп жүһүдлер байлап алды, Тау түбiне апарып, байлап қойды. Андан соң Абдулуаһап ғазы келдi, Көп уақыт екiлiсi соғыс қылды. Уа және Абдулуаһаптың атын жықты, Оны дахи көп мүшiрiклер байлап алды. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Шаһасиб он палуанды байлап алды. Мұсылманлар оны көрiп, мәлүл болды, Қорқып шаһарына қайта барды. Әмiр Омар халифаға қағаз жазды: «Мүшiрiклер мәлзам қылды бiздi» дедi. Халифа хатын оқып, мәлүл болды, Хауарзаминнен екi мың ләшкер жiбердi. Әзiн жаныб Әскерi халифаның келе тұрсын, Шаһасиб малғұнның сөзi келсiн. Мұсылманлардан тұтқын болған палуанлары, Қайсарға бiр мың әскер алып келдi. Өзi жұмла әскер илән шаһарға келдi, Малатияның атырабын қамалады. Сол уақытта халифадан әскер келдi, Мүшiрiклердi «һай» дегенше шаһардан қуды. Сол уақытта жиырма мың мүшiрiк өлдi, Күн кеш болып, екi ләшкер қайта қонды. Ол әскердiң бастығы ибн Мұзараб Әли ердi, Сол түнi әмiр Омар Әлиды қонақ қылды. Тұтқын болған палуанларға бек қайғырды, Ұлық-кiшiк жұмлалары зар жылады. Уа және сабах садық таң да туды, Екi ләшкерлер сап болып тұра қалды. Мұсылманлардан ибн Мұзараб Әли шықты, – Әй, малғұн, Шаһасиб, келшi берi. Ибн Мұзараб менiм атым, Әли, бiлгiл менi, Бiлмесең бiлдiрермiн, тоқта сенi. Мүшiрiклерден Көркен деген бiреу келдi, Әли оны қиярдай төртке бөлдi. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Әли сол күн өлтiрдi отыз палуанды. Мұсылманлар шат болып, барша нағра салды, Мұны есiтiп Шаһасибтiң өзi келдi. Екiлiсi күн батқанша соғыс қылды, Бiрiн-бiрi ала-алмай қайта түстi. Әмiр Омар Әли илән үйге келдi, Ұйықтамай түн бойынша мәжiлiс қылды. Екiлiсi палуанларды көп жоқтады, Хусусан Сейiт хазiретiн бек жоқтады, Сейiт үшiн әмiр Омар көп жылады, «Иләһым аман қылсын» деп жылады. Әзiн жаныб Сейiт хазiретiнiң тұтқындардың алдынан шығып, халас қылғанының баяны Дұғада болып бұнлар тұра тұрсын, Тұтқын болған палуанлардың сөзi келсiн. Палуанлар зары жылап, сөз сөйледi: – Қайсар көрсе, аман бермес,– деп сөйледi. Сейiттi бiр көре алмай өлсек,–дейдi, Кете алмас көр iшiнде армандасы. Үшбулер сөз сөйледi, көзде жасы, Бiр зат шаң алдарынан шықты қарсы. Жақын келдi, Ахмет Тұран оны көрдi, – Мен танысам, Сейiт хазiреттiң тоны,– дедi. Бiзлерге нәжат берер Алла,– дедi, Әуелi келiп жүһүдлерге нағра салды. Жүһүдлер бұл нағрадан есiн танды, Сол уақытта тұтқынлардың қолын шештi. Шаһ әулие атына мiнiп алды, Қылышын алып, мүшiрiклердi қыра бердi. Бiр жұмлада Маңкүшке туғры келдi, Оны дахи қылыш илән пәре қылды. Андан соңыра ғайрлары және бердi, Қалғанын арысландай қыра бердi. Әлхасыл, ол жүһүдтiң көбiн қырды, Қалғанын жесiр қылып, ұстап алды. Палуанлар Сейiтке ендi көрiш қылды, Шаһасибтiң қайратын баян қылды. – Бiз кеткенде Малатияны қамап қалды, Бiлмеймiз не қылғанын, болғанын,– дейдi. Ат, тонларын мүшiрiклердiң жинап алды, Тез ендi Малатияға бұнлар жүрдi. Әзiн жаныб Жолымен Шаһ жиһан жүре тұрсын, Малатияның атырабының сөзi келсiн. Екi ләшкерлер сап болып тұра қалды, Майданға Әли илән Шаһасиб келдi. Екiлiсi бiраз уақыт соғыс қылды, Шаһасиб мәлзам болып, шаршап тұрды. Ол малғұн бiр хайламен сөз сөйледi: – Шаршадың ба, иә, Әли?– деп сөйледi. Әли сонда: – Не сөйлейсiң, залым?– дедi, Бiлiндi сенiң залым халiң,–дедi. Шаһасиб сонда:–Әскерiңе бар сен,– дедi, Ләшкерiне айналып жүре бердi. Аңдамай Әли ғапыл жүрген ердi, Әли сонда: – Әй, залым, аһ!– деп сөйледi. Алдап менiң аяғымды кестiң,– дедi, Арманым көңiлiмде көп кеттi,– дедi. Сол уақытта мұсылманлар Әлидi келiп алды, Шатырына алып барып қойды оны. Мұсылманлар Әли үшiн зар жылады, «Ғапылда қор қылды,– деп,– есiл ердi». Сол уақытта бiр бөлек шаң көрiндi, Қарадылар, Сейiт хазiреттiң туын бiлдi. Астында мард мәжаз ұшқыр сары аты, Мүбәрак екi иiнiнде iлiнген шамшырағы. Екi жанында оның бар әскерлерi, Келе-дүр Бадсиядан жұмлалары. Оны көрiп әмiр Омар илән жаранлары Сәждеге басын қойып, қылды зары. Ләшкерiн Шаһ әулие кейiн қойды, Мұқабил Шаһасибқа келiп тұрды. Шаһасибтан: – Сен кiмсiң?– деп сұрды. – Атым – Шаһасиб, қайсардың палуаны,– дедi. Сейiттiң сол уақытта қаһары келдi. – Болармын мен – Сейiтбаттал,– дедi. Шаһасиб болсаң, мұсылман бол жылдам,– дедi. Жоқ десең, мен кесермiн басың,– дедi. Малғұн сонда Сейiтке сөз сөйледi: – Көзiңдi ашып, сен жерге бақшы,– дедi. Хауарзаминнен палуан келiп ердi, Менiмен көп мүбараз қылып ердi. Бiр пұты мынау жатқан оның,– дедi, Өзiнiң жолдастары алып қашты. Сонда Сейiттiң жаны ашып тiтiредi, Мұсылманлардың ләшкерiне келiп сұрды. Көрсеттi Шаһ әулиеге ол Әлидi, Сейiт сонда: – Алып жүргiл,– дедi. Әлидi тақта илән алып жүрдi, Кесiлген пұтын алып анда қойды. Орнына бұрынғыдай жабыстырды, Қызыр Iлиястың дұғасын һәм үшкiрдi. Хикмет Құда ол Әли сағы болды, Бұрынғыдай сау болып тұра келдi. Сейiттiң Әли келiп қолын сүйдi. Халайықтар Сейiттiң кереметiн заһир көрдi. Екi тараптың халайықтары қайран қалды, Шаһасиб «сиқыр-мұстахир» деп жала қылды. Малғұн Шаһасиб қолына қылыш алды, Сейiттi шабайын деп оңтайланды. Сейiт сонда «тайғ мунхак» қылышын алды, «Иә, Мұхаммед, Мұстафа» деп шалып қалды. Малғұн екi бiр қиярдай болып қалды, Мұсылманлар «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Абдулуаһап сахаба «Ықылас» дұға қылды, Жұмла мүмiнлер «әмин» деп шуылдады. Уа және Шаһ әулие қаһар илән нағра салды, Аспан жерге түскендей қалтырады. Сол уақытта жүһүдлер есiн танды, Мисли қияметтiң күнi болды. Дариядай екi ләшкер араласып, хамлә қылды, Қылыш қылышқа тиiп от шашылды. Сейiттiң әр мұсылманларға көлеңкесi, Болыпты көп мүшiрiклердiң аждаһасы. Сейiт хазiретi жығыпты жүһүдлердi, Қашарға жол таппадылар жүһүдiлер. Үш күн, үш түн қырдылар жүһүдлердi, Һешбiр мұсылман аттан түспей, жиһад қылды. Һешбiр рақым бiр жанға қылмай қырды, Мисли қойды қырған арысланды. Әлқисса, азайталы үшбу сөздi, Үш жүз мыңнан бiр мыңы құтылмады. Уа және көп адамларды жесiр қылып алды, Уа және көп малдарын жинап алды. Шаһ әулие жұмла малды тақсым қылды, Шығарды халифаға бестiң бiрiн. Қалғанын әскерлерге үлестiрдi, Ол малдан бiр хаббе һеш алмады. Бiр күнлерi халифаға мал илән хат жүргiздi, Ғасым пiр Ғауқ Таһирдi һәм жiбердi. Бағдатқа үшбулердi алып келдi, Халифаға хат илән малды бердi. Халифа Ғасым пiрдiң қолын сүйдi, Хат оқып, Сейiт сұлтанға дұға қылды. Ғасым пiр халифаға сөз сөйледi, Сейiттiң жұмла өнерiн көп сөйледi. Ғасым пiр халифадан изин сұрды, «Мақсұдым Қағба, Аллаға бармақ» дедi. Үшбулерге халифа изин бердi, Уағдаласып үшбулер сапар қылды. Ендi халифа әмiр Омарға хат жiбердi, Сейiтке қымбат бағалы халғат бердi. Һәр палуанларға һәр түрлi заттар бердi, Хаттың iшiнде жұмласын баян қылды. Уа және һәр шаһардағы мұсылманларға хабар бердi, Сейiт хазiретi фатих-нама өнерiн һәм бiлдiрдi. Есiткен жұмла мұсылманлар шат болды, Жұмласы ықлас илән дұға қылды. Бiз дахи ықылас илән жад қылалы, Фатиха дұға оқып, бағышлалы. Бұ қисса үшбу жерде баяны тамам болды, Мұхаммед Мұстафаға салауат қылмақ ләзiм болды. Сұлтан Сейiтбатталға бiз дұғаны, Ықылас бiрлән жад қылып, зар қылалы. Салауат сәлем сеңа болсын, Нәби Алла, Сейiт сұлтан, аләйку рахмат Алла. Бiз ғарiпке шапағат қыл, иә, Рази Алла. Шапағатыңды муйассар қылсын, Алла. Салауат илән дұға қылған иә, Әһiл Алла, Бiз пақырға оқып һәм бағышла. Маңғышлау ұғылы мiскiн сөз бастаса, Дұға деп тамиға қылар көзiн ашса. Сейiттiң назым қылып, сөзiн ашса, Шапағат қылар,– дедiм,– Алла қосса. Насырды назым жазған ғасы құлға, Мәламат шиле қылма қате болса. Қатеден хилли болмас пенде болса, Өз халiне һәр пенде көзiн салса. Хақ пенде тәубе қылар қате болса, Алла сүймес, зәрредей күнә қылса. Ғапылдар тоба қылмасын күн-түн жүрсе, Көрсе, оның кiнәсi таудай болса. Бiреудiң қатесiне күлер болса, Алдына тез-ақ келер қадим қаумиса. Он бiрiншi бап: Сұлтан Сейiтбаттал хазiретiнiң Мұштаран шаһарында Кәлеб есiмлi падиша тұтып, зынданға салғаны, ақырында мұсылман болғаны Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Назым бiрлән бiр қиссаны және ашалы. Қайсардың қырғын тапқан ләшкерлерiнi, Айталық зар жылаған сөзлерiнi. Қойыпты жерге келiп жүзлерiнi, Бас көтерiп айтыпты сөзлерiнi: – Мағрибтен Сейiтбаттал келген,– дейдi, Келген соң һәлак қылған ләшкерлернi. Ол Сейiттiң қайратлығы асқан,– дейдi, Өлiктi тiрi қылғаны және,– дейдi. Бiз көрдiк көзiмiзбен бiр iстi, Сау қылды екi пәре бiр кiсiнi. Қайратпен кiмдер жеңедi ол палуанды, Ақырса, тiтiретер жер мен көктi. Бiр ұрғанда өлтiрдi Шаһасибтi, Күрзiсi күл қылады тауларыны. Қайсар сонда естiп үшбу сөздi, Айырылып ақылынан, жұмды көздi. Үш кешi жия алмады ақылыны, Адамлар һеш бiлмедi өлiк-тiрiсiн. Бiр күнлерi есiн жиып «аһ» ұрды, –Ендi пайғамбарлық дұғасын қылар,– дедi Не ылаж бiз қылармыз «һай-һу» дедi, Барса, һәлак қыла-дүр әскерiмiздi. Исаның ендi дiнi зағип болды, Мұхаммедилердiң дiндерi қуат тапты. Бұ сөздi айтып қайсар көп жылады, – Нешiк қылармыз?– деп жылады. Бар ердi Мәжаил есiмлi бiр уәзiрi, Қайсарға мәслихат қылып сөз сөйледi: –Бұ жылаудан iс бiтпес бiзге,– дедi, Бiр тәдбир сөйлеселiк бiзлер,– дедi. Қайсар сонда:–Хош болар, сөйле,– дедi, Қылалы мақұл болса өз сөзiңдi. Сонда Мәжаил қайсарға бұ сөздi дедi: – Сенiң бар жетi ықылым елiң,– дедi, Һәрқайсына қоялы күзетшiлердi, Һәрқайсында төрт мың, бес мың болсын,– дедi. Һәрбiр адамлар ұшырасалар оған,– дедi, Танымасалар, өлтiрсiн оны,– дедi. Бұ сөздi жұмла беклерi мақұл көрдi, Уағдаларды хақ ықылымлар бiр сөз қылды. Һәрқайсында жетi сап әскер болды, Бағзы үш мың, бағзылары бес мың болды. Уа және Шамас пiрге «руһбан» деп хабар бердi, «Баттал жүрсе, сiз бiзге бiлдiр» дедi. Шамастың һешкiм сырын бiлмес ердi, «Өзiмнiң руһбаным» деп жүрер ердi. Қайсардың сырын хатқа жазды, Мұсылманлардың жансыз хатын берiп ердi. Яхия ибн Мансұр алып оны келiп ердi, Әмiр Омар патшаға ол хатты берiп ердi. Ол хатта жұмла сөздi ол жазыпты: – Келмесiн Сейiтбаттал мұнда,– дептi. Жол жоқ-дүр ұшқан құсқа мұнда,– дептi, Сейiт келсе, бiр йараншы ерер,– дептi. Әмiр Омар Сейiт хазiретiге бiлдiрмедi, Әлқисса, бiр күн оны Сейiт бiлдi. – Бұ хат саған келгелi қанша болды? Омар сонда: – Жиырма күн болған,– дедi. Жансыз келiп айтқан бұл сырларды, – Сен не себеплi бiлдiрмедiң оны?– дедi. Омар сонда: – Сiзде бар әдет,– дедi, Қалпында боларсыз сөздiң,– дедi. Сен есiтсең кетерсiң анда,– дедi, Бiз дұшпаннан қорықтық мұнда,– дедi. Бұ сөздi Шаһ әулие бiлiп алды, Барарға Рұм елiне қасты қылды. «Барма» деп, шаһар әһлi көп жалынды, Не шара Сейiт хазiретiн тия алмады. – Құданың қалағаны болар,– дедi, Сiзлер жары дұғада болғыл,– дедi. Бiр күнлерi Шамас пiрге жетiп келдi, Жұмла сырды Шамас пiр баян қылды. – Жаным, сен ол атырапқа барма,– дедi, Шаһ жиһан ол Шамасқа һәм болмады. – Сiз дұға жары қылып тұрғыл бiздi, Мен тапсырдым Аллаға күнде өзiмдi. Сейiт жүрiп, сахараға келiп ердi, Бiр жағынан бiр бөлек адам көрiндi. Сейiт оған назар қылып қарап көрдi, Өзiнiң Абдулуаһап, Ахмет Тұран жаранлары. Әлқисса, он төрт, он бес палуанлары, Сейiтке қосылысып қылды зары. Сейiт сонда «аһи» деп сөз сөйледi: – Аяқ бау маған сiзлер болдың,– дедi, Жалғыз жүрмек жақсы ердi маған,– дедi, Сiзлердi қайда қоям ендi,– дедi. Әлқисса, Мұштаранға үшбулер туғры жүрдi, Елу мың ол арада әскер көрдi. Сейiт ендi бiр пiкiр ой ойлады, Жолдастарын жасыратын жер қарады. Бiр бақ, аққан суға бұнларды алып келдi, «Бұ жерде рахат қылып жатқыл» дедi. Жаранлары ол арада жатып қалды, Сейiт хазiретi бiр дарияға жалғыз келдi. Ат, жарағын ол жерге жұмла қойды, Киiмiн тастап, ол суға ғұсыл қылды. Сол уақытта мүшiрiклерден әскер келдi, Ат, жарағын Сейiттiң анлар алды. Суда жүрген Сейiттен сөз сұрады: – Қайдан жүрген адамсың?– деп сұрады. Сейiт оған:–Мен Калибтiң қасынан келдiм,– дедi, Бұ суға ғұсыл қыла түстiм,– дедi. Анлар мұның сөзiне һеш сенбедi, – Мұхаммедилерге ұқсай-дүр пиғылың,– дейдi. Әлқисса, Сейiт судан һеш шықпады, Дарияға балық мысалы жүзiп жүре бердi. Әскерлер тұта алмады ол Сейiттi, жүре бердi, Ұйықтап жатқан палуанларға жетiп келдi. Нехасыл, жұмлаларын байлап алды, Калиб деген патшасына алып барды. Патшасы Ахмет Тұранды танып бiлдi, Үгiттеп Ахмет Тұранға көп сөз айтты: – Өз дiнiңе бұрынғы кiргiл,– дедi, Кiрмесең, өлтiрермiн қазiр,– дедi. Сонда Ахмет Тұран патшаға жауап бердi: – Сен кiрерсiң бiздiң дiнге қазiр,– дедi. Сұлтанымыз – Сейiтбаттал, Шаһ әулие келер,– дедi, Жұмлаңызды ол мұсылман қылар,– дедi. Калиб сонда ашуланып, әмiр қылды: – Бұнларды қазiр жұмла өлтiр,– дедi. Сонда уәзiрлерi патшаға: – Сабыр,– дедi, Әуелi, Сейiтбаттал келсiн мұнда,– дедi. Зынданға салып қойғыл үшбулердi, Батталды тұтып алсақ болар жөнi. Әлқисса, Калиб ұғылы қырық кiсi илән зоураққа мiндi, Дариядан бұнлар келiп, қырға шықты. Таудағы ғар-шұқырды қарай шықты, Сол арада Сейiтбатталға ұшырады. Сол жерде Шаһ әулие нағра салды, Бәрiн қырып, Калибтiң ұғылы жалғыз қалды. Ендi қорқып, Калибтiң ұғылы мүмiн болды, Сейiтке бас болып, бiр ғарға келдi. Ол ғарда қырық руһбан болар ердi, Бастығы қырқының Хайыз деген ердi. Сол жерде жұмла руһбанды және өлтiрдi, Һәм Хайыздың басын кесiп, тонын кидi. Зоураққа мiнiп алып, сумен жүрдi, Ол қайықпен Мұштаранға жетiп келдi. Келiп ұғылына Сейiтбаттал бiр сөз айтты: – Хош тыңла бұ сөзiмдi, ұғлан,– дедi. Атаңның сен қасына барғыл,– дедi, Атаңа сәлем, қызмет қылғыл,– дедi. Муқаддам ахир бiзден хабар атаңа айтқыл ендi: «Ол келiптi Хайыздан,– дегiл ендi. Сiз насихат сұрағыл, онан ендi, Жұмла сырды бiлерлiк ғалым өзi». Сейiт: – Сонда шақырар бiздi,– дедi, Мен насихат айтайын оған,– дедi. «Хош, болар» деп, Калибтiң ұғылы анда барды, Атасын көрiп ол ұғлан зар жылады. Бастан өткен iстерiн жұмла айтты, Сейiттiң жұмла қылған iсiн айтты. Бұ сөздi Калиб естiп ғажап еттi, Жүзiнiң нұры солып, түсi кеттi. Сол уақытта құлдарына патша әмiр еттi: – Тез оны тұтып, келтiр мұнда,– дедi. Құлдары сонда кәнисаға жетiп келдi, Қырық руһбан илән отырған Сейiт көрдi. Қырық руһбанға бұ құлдар сөзiн айтты, Руһбанлар: – Сейiт болып жүр ме,– дедi. Сейiт сонда мүбәрак аузын ашты, Iнжiлден аят айтып, даусын созды. Мұны естiп, кәшишлер қайран қалды. «Айни Иса болар ма?» деп ғажап қылды. Андан соң патша-беклер құрмет қылды, «Хайыздан келген кiсi осы» дестi. Бiр күнi мiнбар алдына Сейiт хазiретi шықты, Дәуiттей даусын созып уағыз айтты. Халайықтар бұны есiткен тахсин қылды, «Бұ Исаның өзi болар,– деп сөйлестi. Бiздерге рахмат үшiн келген,– дестi, Адамзатқа ұқсамас үшбу» дестi. Сол уақытта Калибтiң ұғылы айтты: – Бiлмейсiз, Сейiтбаттал осы,– дедi. Ол ұғланның сөзiн һешкiм тыңламады, Сейiтке басын қойып, ықылас қылды. Ол ұғлан және атасына сөз сөйледi: – Сiзлер барып Хайызды көргiл,– дедi. Қырық руһбанларды ол жерде бұ өлтiрдi, Хайыздың басын кесiп, тонын кидi. Ол Хайыздың көрiп келсеңiз орнын,– дедi, Сонда сiзлер бiлерсiз мұны,– дедi. Ұғылының үшбу сөзiн мақұл көрдi, Көрерге жiбердiлер адамларды. Жiберген адамлары оған барып келдi, Жұмла руһбанлардың қырылғанын бiлiп келдi. Ендi жұмла палуанлары шынжырды алып келдi, Сейiттi байлайын деп, иектеп келдi. Сейiт сонда көзiн жұмып отыр ердi, «Нешiк халас қылармын» деп жолдастарны. Ғапыл халде мойынға шынжыр салды, Сол жерде жұмла жиылып байлап алды. Алып келiп зынданға Сейiттi салды, Жаранлары Сейiттi көрiп зар жылады. – Бiз саған шын аяқ бау болдық,– дедi, Нешiк халас боларсыз ендi?– дедi. Сейiт хазiретi бұнларға тасила жауап бердi: – Иншалла, құтылармыз бұнан,– дедi. Ибн Саях Калибқа патша хатты жазды, Қайсарға: «Сейiттi бiзлер тұттық,– дейдi. Не тәдбир берерсiз бұған?– дейдi, Не берсеңiз, бiз қылалық соны» дейдi. Бұ хат барып қайсарға жетiп ердi, Қуанып тақ үстiнен тұра алмады. Бiр бекке: – Көп мал алып барғыл,– дедi, Бұ халғатты ибн Саяхқа бергiл,– дедi. Сейiтбатталды алып келсiн өзi,– дедi, Көп азап көрсетейiн оған,– дедi. Әзiн жаныб Шат болып қайсардың бегi келе тұрсын, Шат болып қайсар сорлы тұра тұрсын. Ендi Шаһ әулиенiң керемет сөзi келсiн, Уа және Пайғамбар Мұхаммедтiң мұғжизасы заһир болсын. Калиб ұғылы атасының қасында ердi, Жастығы атасының тiзесi ердi. Сол жерде ұйықтап жатып түстi көрдi, Ол шошып, фариад қылып тұра келдi. Атасы: – Жаным, саған не уақиға болды?– дедi, Ұғылы сонда: – Бiр аждаһа көрдiм,– дедi. Ол аждаһа ауызын бәңа ашты, Қорқып андан жүрегiм менiң ұшты. «Атаңа айт, тез мұсылман болсын,– дейдi, Жоқ десе, һәлак қылармын бiлсiн» дейдi. Атасы сонда: – Сен Батталдан қорықтың,– дедi, Со қорқыныш кеткен жоқ сенен,– дедi. Ұғлан және сол жерде жатып ердi, Уа және фариад қылып ол ұғлан тұра келдi. – Иә, ата, бiрер арыслан маған аузын ашты, Асарға ол арыслан жақындасты. «Атаңа айт, тез мұсылман болсын,– дейдi, Жоқ десе, һәлак қылармын қазiр» дейдi. – Ұғылым, сен ол Батталдан қорықтың,– дедi, Ақылың фасад болған сонан,– дедi. Оның ұғылы уа және ұйықтап жатып ердi, Бақырып ешек кебi тұра келдi. – Иә, ата, маған бiр наһан балық аузын ашты, Жұтарға қазiр менi ол жақын болды. «Атаң сенiң тез мұсылман болсын,– дейдi, Жоқ десе, мен жұтармын екеуiңiздi». Калиб ендi руһбанларын жұмла жиды, – Бұ ұғланға бiр себептi қылғыл,– дедi. Ол руһбанлары Iнжiлден аят жазды, Оны бұл ұғланның мойнына «байла» дейдi. Түн болды, Калиб патша ұйықтап қалды, Ол ендi бiр ғажайып түстi көрдi. Зұлмат қиямет қайымды болған көрдi, Құбыла жақтан бiр нұрды раушан көрдi. Ол нұрдан миск ғинбардың исi шықты, Қапаспен түн ғаламды қаптар көрдi. Уа және бiр ұлығлы әлхамду туды заһир көрдi, Пырақ мiнген Мұхаммед Мұстафа оны тұтар көрдi. Қасында жүз жиырма төрт мың Пайғамбар келер көрдi, Жетпiс мың һәр тараптан перiштелер келер көрдi Сайха қылып келе-дүр жұмлалары, «Мафғарат садда бiр ғалам Мұхаммед үшбу,– дейдi. Бұнан шапағат тiлей-дүр жұмлалары, Ол шапағат қыла кете-дүр ұжмақ сара». – Бұл азиматты,– ибн Саяқ, – көрдiм,– дедi, Жүгiрiп мен алдына бардым сонда,– дедi. – Шапағат иә, Расул Алла,– дедiм ердi, –Атың кiм шапағат сұраған менен?– дейдi. – Атым – Калиб ибн Саяқ ұғылы,– дедiм ердi, – Ендi атың Әбузар болсын сенiң,– дейдi. Тез шығарғыл зынданнан ұғылым Сейiттi, Уа және жолдастарын шығарғыл бiрге,– дейдi. Жұмласына ғиззат құрмет қылсаң,– дейдi, Сейiттiң әмiрiнше болсаң жұмла,– дейдi. Сонда шапағат қылармын саған,– дейдi, Мүмiн болып, тәсiлiм болсаң маған,– дейдi. Бұ түстi көрiп, Калиб тұра келдi, Қараса, үйдiң iшi нұрға толды. Миск ғинбар шығады түрлi нұры, Калиб патша қайран қалып тұрды мұны. Әлқисса, уәзiрлерге патшаның өзi келдi, Көрген түсiн уәзiрлерге баян қылды. Мұны есiтiп уәзiр, беклер қайран қалды, «Бiз де көрдiк бұ түстi, ғажап!» дестi. Һәрқайсысы түстерiн баян қылды, Жұмласының көрген түсi бiрдей болды. Жұмласы қайран қалып, сөз сөйледi: «Бұ түсте һешбiр қате болмас» дестi. Әлқисса, патша, уәзiрлер жұмла тұрды, Зынданға жұмлалары келiп кiрдi. Сейiтке тағзым қылып, сәлем бердi, Аяғына жығылып, басын қойды. – Басымыздан бiлместiк өттi,– дейдi, Ғафу қыл, сұлтаным,– деп ғұзыр қылды. Сейiт сонда бұнларға бiр сөз айтты, Өзi айтпай, түстерiн баян еттi: – Түсiңе мен неше уақыт кiрдiм?– дедi, Һеш iлтипат қылмадың сонда,– дедi. Бабам Мұхаммед түсiңе кiрген,– дедi, Сенiң есiмiңдi Әбузар қойған,– дедi. Сол себеплi тәсiлiм болдың маған,– дедi, Бабам мұғжизасы қандай,– дедi. Иманыңыз құтты болсын сiздiң ендi, Ғинаят тауфиқ берсiн Алла ендi. Патша, уәзiрлер бұ сөзге қайран қалды, Және Сейiттiң аяғына басын қойды. Шаһ әулиенiң бұ кереметiн заһир көрдi, Ықылас жан-тәнiмен кәмил қылды. Зынданнан жұмласыны алып жүрдi, Өзiнiң сарайына келiп кiрдi. Үстiне түрлi алуан тон кигiздi, Уа және тақ үстiне отырғызды. Алдына түрлi алуан ниғмат қойды, Қол қусырып, қызмет қылып тұрды. Әй, жаранлар, Құданың құдiретiн көрдiңiз бе?! Мұхаммед Мұстафаның мұғжизасын бiлдiңiз бе?! Өзiнiң сүйген халли пендесiн, Зынданнан нешiк халас қылды оны. Құдайға амал қылса һәр пендесi, Болмайды-дүр һәр уақытта шермендесi. Жұмла құлдардың туғры болса ықыласы, Бола-дүр жаһаннамнан ол халасы. Бұ сөздi пiкiр қылып айттым бәлi, Әуелгi сөзiмiзге бiз келелi. Әбузар және Сейiтке сөз сөйледi: – Иә, Шаһ әулие, не бұйырарсыз бiзге?– дедi. Сейiт оған ислам дiнiн баян қылды, Жұмласы қабыл қылып, мүмiн болды. Әлқисса, азайталы үшбу сөздi, Елу мың кiсi сол шаһарда мүмiн болды. Ол ықылым иман айтып, нұрға толды, Мәсжид, медресе салып, ғиззат қылды. Сейiт хазiретi ол ықылымларға нұр болыпты, Шұғыласы халайықтарды жарық қылды. Иләһым, қабыл қылсын жұмласының амалын, Бiзге де нәсiп қылсын шапағатын. Әзiн жаныб Ендi қайсар малғұнның сөзi келсiн, Мүмiнлер шат, анлардың жүзi солсын. Әбузар Сейiт илән мәжiлiсте отыр ердi, Беклерi мәжiлiс қылған бiрге ердi. Қайсардың сыйлық жiберген бегi келдi, Әбузарға жiберген хатын бердi. Әбузар хатты оқып, сөзiн бiлдi, «Сейiттi алып келсiн өзi,– дептi. Әскерлерi берiк келсiн мұнда,– дептi, Баралық Малатияға бiзлер жұмла,– дептi. Малатияға мен жiбердiм Кәлибад патшаны, Және Саһила ибн Синбад патшаны анда,– дептi, Екi жүз мың ләшкер илән анлар кеттi, Өзiм және жетi жүз мың ләшкер илән барам» дептi. Әбузар үшбу хатын оқып тұра келдi, – Калиб өлдi, бүгiнде Әбузар патша,– дедi. Сол уақытта қайсардың бегi сөз сөйледi: – Түсiмде Мұхаммед Мұстафаны көрдiм бүгiн,–дедi. «Ол маған мұсылман болғыл, ұғылым» дейдi, Со халде мүмiн мұхлис болдым,– дедi. Сейiт сонда «африн» деп дұға қылды, Бек илән Әбузарға тахсин қылды. Хабары жоқ бұ сырдан қайсар сорлы, Малатияға жiберген көп әскерлердi. Сор айдаса, көп әскерлер бара тұрсын, Артынан Шаһ әулие Сейiт барсын. Әзiн жаныб Ендi сiзге айтайын ғайр сөзi, Есiткен Малатия елiнiң хабарын. Бiр хабар Малатияға естiлiптi: «Мұштаранда Сейiт хазiретi тұтқын,– дептi. Он бес палуан Сейiт илән бiрге,– дептi, Қайсарға жiбермек-дүр жұмла,– дептi. Соны есiтiп қайсар малғұн қуаныпты, Бұ шаһарға көп әскердi жiберiптi». Жансызлары мұсылманлардың бiлдiрiптi, Ғапыл жатқан халайықтарды оятыпты. «Кәлибадтың ләшкерлерi келiп жеттi, Отырсыз мұнда ғапыл сiзлер» дептi. Әмiр Омар бұ сөздi естiп бiлдi, Сейiт үшiн жұмласы зар жылады. Әлқисса, әмiр Омар әскерлерiн жиып алды, Он мың әскер сол шаһарда әзiрлендi. Уа және һәр тарапқа хат жазып жiбердi, «Тез келсiн, қайсар әрекет қылған» дейдi. Шаһарын махкам қылып бекiттiлер, Уа және көп күзетшi ол қойдылар. Жұмласы Аллаға мiнәжат көп қылдылар, Салауат айтып, Пайғамбарға ол жүрдiлер. Белгiлi соғыс қылатын тауға келдi, Қорған қылған хиндикке келiп тұрды. Әзiн жаныб Аллаға сиынып, үшбулер тұра тұрсын, Мұштарандағы Сейiттiң сөзi келсiн. Сейiт хазiретi Әбузарға сөз тапсырды: – Бұ шаһарды тапсырдым саған,– дедi. Малатияға мен барайын жылдам,– дедi, Кәлибадтың әскерлерi жетпей,– дедi. Кешiкпе, сен де артымнан жеткiл,– дедi, Елу мың ләшкер илән жылдам,– дедi. Өзiнiң жаранларымен әулие жүрiп кеттi, Кәлибадтың ләшкерлерiне қонған жерде қуып жеттi. Жалғыз өзi ләшкерлерiн аралап жүрдi, Шатырына Кәлибадтың көзiн салды. Мас болып Кәлибад сорлы жатыр ердi, Раушан хиафатын Сейiт жақсы көрдi. Өлтiрерге қимады Сейiт падишаһты, Қолына қалам алып, қағаз жазды. Басына жазған хатын Сейiт қойды, Кәлибад хатты тұрып оқып көрдi. Ол хатта Сейiтбаттал былай дептi: «Сен жатқанда үстiңе келдiм,– дептi. Өлтiрерге қимадым сенi,– деп айтыпты, Мұсылман болар ма екен дедiм сенi. Әгар мұсылман болмасаң ендi,– дептi, Өлтiру қиын емес маған» дептi. Кәлибад бұл сөздi оқып көрдi, Көңiлiне ол байғұстың қорқу кiрдi. Шақырып беклерiне кеңес қылды: – Сейiттен құтылмақ жоқ-дүр бiзге,– дедi. – Нешiк хайла қылармыз ғажап?– дестi, – Нешiкте қашып болмас онан?– дестi. – Не хасыл, керi қайтып болмас,– дестi, – Қайсарға хат жазалық бiзлер,– дестi. Хат жазып қайсарына қоя бердi, Өздерi Малатияға жүрiп келдi. Белгi соғыс қылатын жерге о да келдi, Кәлибад ләшкер илән келiп тұрды. Майданға Шаһ әулиенiң өзi тұрды, Мүшiрiклерден Кабрианус жетiп келдi. Сейiтке түрлi бәһана сөз сөйледi, Қолына сүңгi алып, хамлә қылды. Сейiт оны көтерiп, ауаға атты, Жерге түспей, қылыш илән екi бөлдi. Әлқисса, сол майданда жүһүдтiң отызын, Һәрқайсысын бiр өнермен һәлак еттi. Сол уақытта Малатиядан ләшкер келдi, Майдандағы Сейiттi жалғыз тұрған көрдi. Қуанып мұсылманлар шатлық қылды, Мисли «Құрбан айдтай» ойын қылды. Сейiт сонда мұсылманларға қарсы келдi, Ұлық-кiшiк жұмласына көрiш қылды. Жұмласы хал сұрасып қуанысты, Құдаға хамд-сәна көп айтысты. Шаһ әулие майданға және келдi, Нағра тартып, мүшiрiклерге қылыш ұрды. Әмiр Омар он мың ләшкерге: «Қапта»,– дедi, Сонда мұсылманлар «Әкбар» деп қылыш ұрды. Екi ләшкерлер соғыс қылып жатыр ердi, Жүһүдлерден жүз мың ләшкер жетiп келдi. Ол келген ибн Синбад Саһила ердi, Мүшiрiклер қуаттанып шатлық қылды. Сейiт сонда рағд кебi нағра салды, Жер мен көк жығылғандай болып кеттi. Адам қаны мисли наһр селдей болды, Уа және күннiң жүзiн тозаң басты. Сол уақытта бiр әскер және пайда болды, Ол келген Мұштарандағы Әбузар ердi. Елу мың ләшкер илән келiп ердi, Мұсылманлар мұны көрiп қуаттанды. Анлар да соғысқа кiрiп жұмла қылды, Жүһүдлерге аш арысландай қырғын салды. Хусусан Сейiт хазiретi нағра салып ердi, Есiткен жүһүдлерi есiн танды. Қылыш ұрса һәр уақытта Шаһ уәли, Қазан соққан жапырақтай бас төгiлдi. Бiр уақытта екiндiнiң уақыты болды, Сол уақытта жүз мың ләшкер, Қостантин және келдi. Жүһүдлер арқаланып шатлық қылды, Екi ләшкер айрылып, керi қонды. Қостантинге Сыржайыл сөз сөйледi: – Мұштаранның патшасы мұнда келдi. Өзiне Сейiт тәсiлiм қылған,– дедi, Әскер илән ол келген мұнда,– дедi. Ендi Қостантин қалам алып, қағаз жазды, Қайсарға бұ ахуалдардан хабар бердi: «Ләшкер илән тез мұнда келсiн,– дейдi, Жоқса, хараб қылатын Баттал бiздi». Бұ сөз барып қайсарға жетiп ердi, Басындағы тәжiн лақтырды. Аһ ұрып ол малғұн көп жылады, – Аһ, дариға, Нар-нұрдың раушаны сөндi,– дедi. Палуанлардан екi жүз мың ләшкер алды, Пiлдiң үстiне тағын бекiтiп алды. Әзiн жаныб Қайсар жүрiп күн-түнi келе тұрсын, Бұ жақтағы халайықтардың сөзi келсiн. Мұсылманлар майдан жерiн тазалады, Төртiншi күн екi ләшкерлер атқа мiндi. Екi ләшкерлер жекпе-жек сөзiн қылды, Майданға Ахмет Тұран жетiп келдi. Жүһүдлерден Ғанқар деген палуан келдi, Ахмет Тұранды ол замлап сөге келдi. Ахмет Тұранның ол малғұнға қаһары келдi, Ғанқарды аты бiрлән төртке бөлдi. Митран деген бiр палуан және келдi, Ахмет Тұран оның басын және кестi. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Сол жерде елу палуанды һәлак қылды. Мұсылманлар тәкбир оқып, сайха қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Мүшiрiклер сол уақытта зарлық қылды, Оны есiтiп Кәлибаттың өзi келдi. Сол уақытта қайсар да жетiп келдi, Қасына екi жүз мың палуан ертiп келдi. Беклерi қарсы шығып, ол көрiстi, Сейiтбатталды шикаят көп қылысты. Қайсар сонда: – Мұхаммедилер қайсы?– дедi, Беклерi: – Ана тұрған бөлек,– дестi. Және қайсар: – Мұнан басқа бар ма?– дедi, Сонда беклер: – Мұнан басқа жоқ-дүр,– дестi. Сонда қайсар беклерiне ашуланды, – Сiзлердi Нар-нұр ұрсын қазiр,– дедi. Жүзi қара, сiзлерге не iс болды? Уазифаны жерсiңiз босқа,– дедi, Жолаушыға ұқсаған анлар,– дедi, Сiзлер дария мисли көпсiз,– дедi. Тұтып бермей ол Батталды маған,–дедi, Менi мұнда шақырарсыз босқа,–дедi. Ай, күн кешi болды-ау қазiр,–дедi, Тұрған жерде жоқ қылар ердiм оны,–дедi. Әзiн жаныб Ахмет Тұран Кәлибад илән бiрге ердi, Тұтысып банағы жерде тұрған ердi. Кәлибад Ахмет Тұранға шынжыр салды, Шынжырын Ахмет Тұран кесiп салды. Сол уақытта Шаһ әулие нағра салды, Аспан жерге түскендей жер қозғалды. Ләшкер есiн танып, толқып кеттi, Бағзылар ат үстiнен құлап кеттi. Сонда қайсар: – Бұ сағиқа не-дүр?– дедi. Беклер сонда: – Бұ – Сейiттiң даусы,– дестi. Һәрқашан ол соғысқа келсе,– дестi, Бұ мысалы қаһарланып келер,– дестi. Мисли күн жауарда нешiк ердi, Сол мысалы ол күркiреп келер,– дестi. Сейiт келiп Кәлибадты көтерiп алды, Қайсар сонда: – Не қылады соны?– дедi. Беклер айтты: – Ол Батталдың өнерiн Көрерсiң, сабыр қылсаң қазiр оны. Бiзлердi бәһана қылып сөктiң ердi, Сейiтке пар болмассың өзiң дағы. Сейiт сонда: – Иман айтқыл, Кәлибад,– дедi. Қабыл қылмады, аспанға лақтырды. Ауадан керi айналып келер ердi, Жерге түспей, қылышпен екi бөлдi. Оны көрiп, қайсар малғұн бек бақырды, Жұмла ләшкерлер «қапта» деп әмiр қылды. Дария кебi екi ләшкер араласты, Күннiң жүзi көрiнбей, тозаң басты. Қылыш тиiп қылышқа оттар шықты, Мисли қиямет болған қаһар шықты. Һеш адамлар есiркемес бiрiн-бiрi, Бiлмедi ашу бiрлән күндiзiнi. Сейiт хазiретi нағра соққан күркiрiне, Найзағай рағдтың оты бiлдi оны. Шаһ әулие ақырар арыслан кебi, Ысқырар бағзы халде аждаһа кебi. Бұ һайбатын көргенде жұмла адамзат, Не деп айтарға бiлмедi, кеттi ақылы. Қай тарапқа жоласа да аттың басы, Алма кебi төгiлдiлер адамның басы. Қаһарланып Сейiт шауып жүрер ердi, Бiр жұмлада қырға ұшырады. Қайсар сонда жапырақтай тiтiредi, Соғысуға халi жоқ, есi кеттi. Пiлдiң үстiнен найза тимей жерге түстi, Бiр атты мiнiп, сорлы қаша бердi. Қараңғы ол тозаңнан көрiнбедi, Қаһарымен тағын сүңгiледi. Туын жығып, тағын қылыштады, Қайсарды ол арада Сейiт таба алмады. Мүшiрiклердi шапқан шөптей жол әйлады, Ой жердi анлардың қаны көл әйлады. Сейiттiң сағадатлы көлеңке кереметi, Жүһүдлерге жұмла мұсылманлар мисли бiр аждаһасы. Жүһүдлер үрiккен қойдай қаша бердi, Мұсылманлар арыслан кебi аузын аша бердi. Әлқисса, үш күн, үш түн оны қуды, Жүһүдлердi қой мысалы қуып қырды. Уа және көп адамларды жесiр қылды, Уа және мал-мүлкатын жинап алды. Сейiт хазiретi ол малдарды тақсым қылды, Халифаға шығарды бестiң бiрiн. Қалғанын әскерлерге бахшиш қылды, Бiр хаббесiн Шаһ әулие һеш алмады. Қайсардың тағы илән шатырыны, Уа және төрт жүз бедеу аттарыны. Мұштаранның патшасы Әбузарды Халифаға хат илән қоя бердi. Халифаға жұмласын бұнлар алып келдi, Халифа хатты оқып, бек шат болды. Хайыр дұға Сейiт хазiретке көп әйлады, «Әмин» деп, барша халайықтар шуылдады. Уа және Шам шариф һәм ықылымларға хабар қылды, Есiтiп әһлi исламлар бек шат болды. Бiрнеше күн халифа ағзам тойды қылды, Пақыр илән дәруiшлерге үлес бердi. «Дiн, исламға қуат бергiл, Алла» дейдi, «Сейiт сұлтанға нусрат бергiл иә, Мәулам» дейдi. Әбузарға қымбат бағалы халғат бердi, Мунадилдiң сүңгiсiн Сейiтке бердi. Ол сүңгiнiң бiр хикметi болар ердi, Ұсынса, от тұтасып жанар ердi. Ол сүңгiнi хазiрет Әли тұтқан ердi, Талай халық мүнкәрләрiн жаққан ердi. Хат бiрлән әмiр Омарға хабар бердi, Һәр палуанларға әр түрлi халғат бердi. Әбузар жұмласын алып келдi, Әмiр Омар хатты оқып, бек шат болды. Һәрқайсысы сыйлықтарын алып болды, Әбузар Сейiт хазiретiнен изин сұрды Сейiт хазiретi Әбузарға изин бердi, Мұштаранның тарапына шығарып салды. Мұсылманлар шат болып, рахат қылды, Сейiтке көп ықылас дұға қылды. Қайсар сорлы шаһарына қашып барды, Жұмла Рұм есiтiп зар жылады. Рұмның патшалары жиылып, жұмла келдi, Қайсарға зары жылап, сөз сөйледi: – Жұмла Рұмның халайықтарын бiз жиялы, Һеш қалмады палуанларымыз, Малатияға бiз баралы. Аспанға топырағын жұмла ұшыралы, Жүз мың Баттал болса да өлтiрелi. Қайсар сонда: – Бұ сөзiңiз болмас,– дедi, Адамзатқа ол Баттал шақ болмайды. Мен есiттiм ол Батталдың нағрасын, Тiтiретер қаһары келсе жер мен көктi. Қолына адамлар түссе лақтырды, Перизаттар шақ болмады оған,–дедi. Қабыл көрсе, берелiк бiз қаражатты, Сақталы оның бiрлән жұртымызды. Әлқисса, қайсар сорлы хатты жазды, Сейiтке көп сыйлық үшiн мал жiбердi. «Харажға бiз риза болдық,– дейдi, Сiз риза болсаңыз бiзге» дейдi. Елшiлерi алып келдi ол сыйлықты, Сейiтке ағыр қымбатлы халғат бердi. Сейiт хазiретi қабыл көрдi сыйлығыны, Пақырларға үлестiрдi тойлығыны. Шат болып, елшiлерi керi қайтты, «Сейiт разы болды» деп хабар айтты. Шат болып, екi тарапы тыныш тұрды, Бiрнеше жыл хараж берiп, қайсар тұрды. Жыл сайын хараж, сыйлық Сейiт алды, Соғыстан кәпiр, мүмiнлер тыныш тұрды. Бұ қисса үшбу жерде баян болды, Қысқартып асан сөзбен тамам болды. Ендi салауат қылыңыздар Мұхаммед Мұстафаға, Екi жаһанның сәруары ол сафаға. Және дұға қылыңыздар ол сұлтанға, Сейiтбаттал аталған Шаһ уәлиге. Насырды назым жазған ғасы құлға, Қол жайып, қыла көргiл бiр фатиха. Он екiншi бап: Мүшiрiклер илән жұмла мұсылманлардың қосылып, зор соғыс болғаны. Сейiт хазiретiнiң саққа су- ретiнде болып, мүшiрiклердi һәлак қылғаны Бисмиллаһи хамд айтып, сөз башлалы, Құданың фазылына бiз ғарiп сыйыналы. Әй, жаранлар, назым жаздым насыр сөздi, Құдайым, ғапу қылғай бiлмес сөздi. Мен ғасы сөз сөйлесем ма лайығны, Құдайым, ғапу қылғай күнәмiздi. Сейiттiң тағы айтайын соғысыны, Мен ғасыға қылар ма екен шапағатты. Сұлтан Сейiтбатталдың кереметi, Болыпты һәр орында ғаламаты. Ұлық жақсылардың айтылған риуаяты, Сөйлесе, һеш таусылмас баянаты. Құданың оған берген ғинаяты, Пайғамбардың және берген мұғжизаты. Сейiтке көп көрiнген ғаламаты, Болыпты сол себеплi саламаты. Кiрiптар, әгар, болса Пайғамбардың бiр үмбетi, Құтқарған түсiне кiрiп мұғжизаты. – Сейiт-дүр Пайғамбарымыздың шаһбазы, Залымдар оған болған үрдек-қазы. Жаһанға заһир болған шұһраты, Қиылған мүмiнлердiң имараты. Мүшiрiклерге тұтқын болсалар қай үмбетi, «Иә, Сейiт!» деп қылар ердi мiнәжаты. Әзiн жаныб Бiр күнлерi Сейiт хазiретi отыр ердi, Қасында хош-мәжiлiс жаранлары. Бiр қарт адам сәлем берiп, кiрiп келдi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Сейiт оған рақым қылып: – Тұрғыл,– дедi, Не қызметiң бар болса, сұрағыл,– дедi. Тағзым қылып, қарт сонда сөз сөйледi: – Иә, сұлтаным, мен Харажыннан келдiм,– дедi. Оның бар Тарион деген патшасы, Мұсылманларды қор қылмақ ықыласы. Зынданға бiр құлымды салып қойды, Бiр күнi жолығарға бардым анда,–дедi. Ол зынданда мен көрдiм бiр жiгiттi, Ол маған «Малатияға барғыл» дедi. Ол сiзге көп-көп сәлем айтты,– дедi. «Жағда ұғылы, атым – Мұса менiм,– дедi. Тоғыз пiр бұ қапаста жатыр,– дедi, Түскелi алпыс-жетпiс жыл болыпты». Сол жерде Жағда ғазы отыр ердi, Көзiнен жас рауан аға бердi. Сейiт сонда Жағдаға: – Сабыр,– дедi, Иләһым медет берсiн маған,– дедi. Шаһ әулие тұрды да атқа мiндi, – Сiзлер дұғада болыңыздар,– деп жүре бердi. Бiр күнлерi Харажынға Сейiт келдi, Түнде келiп, кiрерге жол таппады. Үш мың ләшкер шаһарды күзетiптi, Һәм қорғанның қапуын бекiтiптi. Неше келсе, һәр түнлерде кiре алмады, Таң туса, тауға барып қарар қылды. Бiр күнлерi тауға барып жатып ердi, Бiр керуен келе-дүр оны көрдi. Ол керуенлер Шын елiнен келер ердi, Тарионнның қызын аларға тұхфа ердi. Сейiт хазiретi ол керуенлердi талап алды, Қылыштан құтылғаны шаһарға келдi. Бұ хабарды Тарионға бұнлар ағлам қылды, Тарион мың палуанларға әмiр қылды. Ұғылы Қасуренi бiрге қосты, – Кiм болса да тұтып, келтiр мұнда,– дедi. Бұнлар сонда ол тауға барып ердi, Алдынан Сейiт хазiретi қарсы келдi. Нағра тартып, анларға қылыш ұрды, Сол жерде Қасуренi байлап алды. Аз кiсi құтылғаны шаһарға келдi, Айрылып Қасуреден босқа келдi. Ендi Тарион ләшкер илән атқа мiндi, Ол тауды жұмла ләшкерлер аралады. Сейiт хазiретi намаз оқып жатыр ердi, Сол халде шынжыр салып, байлап алды. Ол Сейiттi зынданға салып қойды, Қуанып, қайсарына хат жiбердi. Жағда ұғылы Сейiттi танып бiлдi, Зар жылап, ол Сейiтке басын қойды. – Бiздiң күнә-сұмдығымыз сеңа жеттi, Кәйтiп халас боларсыз?– деп жылады. Сейiт сонда тасила бұған жауап бердi: – Алланың қалағаны бұйырса, болар,– дедi. Мен мұндай көп көргенмiн талай iстi, Құтылармыз, иншалла, мұнан,– дедi. Әзiн жаныб Ендi бұнлар Аллаға сәна айтып жата тұрсын, Ендi қайсардың шат болған сөзi келсiн. Қайсарға Тарионның хаты барды, Тыңлаңыз, оның шадлық сөзiн ендi. Хатты оқып, қайсар малғұн бек шат болды, Басындағы тәждi аспанға атты. Қуанғаннан Тарионға хатты жазды: «Батталды отқа жақсын,–деп бұйырды. Оның күлiн жiберсiн маған,– дептi, Көзiме сүрме қылам оны,– дептi. Ендi атқа мiнермiн өзiм,– дептi, Жер жүзiнде қоймаспын мұхаммедилердi». Бұ хатты бiрнеше адамлар алып жүрдi, Қайсардың шады болып, көңiлi тынды. Әзiн жаныб Шат болған қайсар сорлы тұра тұрсын, Хатты алғандар жолымен келе тұрсын. Шаһ әулиенiң хикметлi сөзi келсiн, Есiткен мүмiнлердiң көңiлi тынсын. Зынданда Сейiт жатып түстi көрдi, Түсiнде хабар берген Мұхаммед пайғамбары. «Ұғылым, сен қайғы қылмай жатқыл,– дейдi, Шығарсың бұ зынданнан қазiр,– дейдi. Рұм халқын аларсың жұмла,– дейдi, Дiн исламға көндiрерсiң жұмла» дейдi. Бұ түстi жолдастарына баян қылды, Есiтiп жолдастары бек шат болды. Сейiт хазiретi Құран оқып даусын созды, Сейiтке хұсни дауысты Алла бердi. Көркем дауыс шығарына себеплi болды, Төрт жүз күзетшi бұл дауысқа қайран қалды. «Қаупi жоқ ол Батталдың һешбiр,– дейдi, Зынданда өлең айтып жатыр» дейдi. Даусының көркемлiгiн һәркiм бiлдi, Һәркiмлер ғажап қылып, тыңлай бердi. Бiр күнi Тарионның қызы келiп ердi, Сейiттiң хұсни даусын естiп ердi. Ғашықтық оты бауырын өртей бердi, Қайтып кетiп, жүзiн көре алмады. Кәландам ол қызының есiмi ердi, Жүзi раушан, толған айдай балқыр ердi. Он бес жасқа сол күнде келген ердi, Тез пiскен қиярдай толған ердi. Бiр күнлерi тағам алып және келдi, Сейiттiң мүбәраклi жүзiн көрдi. Ғашықтық бұрынғыдан артық болды, Ғиззатлап ол Сейiтке сәлем бердi. Кәландам Сейiтке келiп сөз сөйледi: – Сейiтбаттал палуан деген сен бе?– дедi. Сейiт оған «бәлi» деп жауап бердi: – Сұрайтын сөзiң бар ма менен?– дедi. Қыз сонда: – Бiздiң дiнге кiрсең,– дедi, Бұ зынданнан шығарар ердiм сенi,– дедi. Сейiт сонда:–Бұ сөзiңiз болмас,– дедi, Сiздiң кiрген дiнiңiз батыл,– дедi. Қыз сонда ол Сейiттен жауап сұрды: – Дiнiңнiң хақлығын бiлдiр,– дедi. Сейiт сонда: – Не сұрайсың менен?– дедi, Берейiн жауабыңды сенiң,– дедi. – Бiздiң Иса пайғамбарымыз баян болды, Көктен ниғмат келтiрiп, аян қылды. Хақ болса пайғамбарыңыз сiздiң дағы, Сен де ниғмат келтiршi, мұнда дағы. Сейiт айтты: – Әгар келтiрсем ол ниғматты, Сен сонда қабыл қылармысың бiздiң дiндi? – Бәлi, ниғмат келтiрсеңiз қазiр,– дедi, Мен мұсылман болайын сонда,– дедi. Сейiт сонда дұға әйлап, қол көтердi, Дұғасын Хақ Тағала қабыл қылды. Құданың хикметiн көргiл ендi, Зынданның дәресi тез жарылды. Сол халде бiр табақпен ниғмат келдi, Иiсi зынданның iшiн һәм толтырды. «Бисмиллаһи» деп, Шаһ әулие танауил қылды, Зындан әһлi асадылар, һеш ексiлмедi. Қыз және ол ниғматтан асап ердi, Ол қыз оның ләззатына қайран қалды. Баршасы ол ниғматты асап болды, Ол табақ хикмет Алла ғайып болды. Қыз ендi бұл хикметтi көзi көрдi, «Аһи» деп есiн танып, қайтып кеттi. Ол қыз барып сарайына жатып қалды, Нұр иманы көңiлiне орнап қалды. Әзiн жаныб Сейiттiң және кереметiн, сiз, тыңла ендi, Құданың оған берген нусратын. Түн жарымы болғанда ғажап болды, Зындан жарылып, бiр балта заһир келдi. Ол балтаны Шаһ әулие қолға алды, Бағ-бұғауын аяғынан жұмла кестi. Зынданның қапуын және бұзды, Күзетшiлер ол уақытта ұйықтап ердi. – Жаранлар, сiзлер хабар қылғыл,– дедi, Алладан нәжат халас бiзге болды. Кәландамның сарайына Сейiт келдi, Тақ үстiнде ұйықтаған қызды көрдi. Қыз сонда басын көтерiп тұра келдi, «Әмана уа садақна иә, Расул Алла, хақсың»,– дедi. Иман айтып, Сейiтке басын қойды, – Хош келдiң, Шаһ әулие, мұнда,– дедi. Түс көрiп жатыр ердiм қазiр,– дедi, Мұхаммед расул Алла жолықты маған,– дедi. «Иә, Кәландам, сөзiм тыңла, жаным,– дейдi, Саған келер Сейiт ұғылым, қазiр,– дейдi. Мен бердiм Сейiт ұғылыма сенi,– дейдi, Сөзiмдi екi қылмағыл, жаным,– дейдi. Бiр ұғлан сенен бiр күн туар,– дейдi, Есiмiн Бәшiр қойғыл оның,– дейдi. Бас көтерсең, көрерсiң сiздi»,– дейдi, Көзiм аштым иә, Шаһ жиһан, көрдiм сенi. Иман айтып, сол жерде иқрар қылды, Сейiттiң сонда көңiлi қарар қылды. – Мен барайын зынданшы бекке,– дедi, Тiлiн берiк қылайын оның,– дедi. Не сұраса, берейiн оған,– дедi. Алтын, жауһар, көп күмiс және,– дедi. Кәландам зынданшыға өзi барды, Жұмла көрген iстерiнен хабар бердi. – Не мәслихат қыларсыз соған?– дедi, Көңiлiм оның сүйiп тұр дiнiн,– дедi. – Хош, болар,– деп зынданшы жауап бердi: – Мен де көрдiм бұ түстi қазiр,– дедi. Иман айтып, мен мұсылман болдым,– дедi, Барайын сiздiң бiрлән мен де,– дедi. Мұны естiп Кәландам ендi шүкiр қылды, Шүкiр үшiн сол жерде намаз қылды. Сейiтке жүрiп келдiлер екiлiсi, Сейiтке тамам түскен ықыласы. Әлқисса, зынданға бардылар бұ үшеуi, Зынданнан халас қылды мұсылманларды. Iшiнде бiр малғұн жатыр ердi, Өлтiрiп Сейiт оны ғажап қылды. Өз киiмiн ол сорлыға киiндiрдi, Өзiнiң бұғауларын бұған салды. Кәландамның сарайына бұнлар келдi, Кәландам жұмласына ниғмат бердi. Сейiтке Кәландам хұтба оқып, тәсiлiм қылды, Зындан бекшi, ғайрлары алып кеттi. Кәландам Сейiт илән бiрге қалды, Құдаға хамд-сәна көп шүкiр қылды. Таң туып, күн шыққанда нағра шалды, «Баттал–өлмiш, ғайрлары қашқан» дедi. Сол уақытта қайсардың хаты келдi, «Батталды отқа жақсын» деген сөзi. Тарион қайсардың сөзiн мақұл көрдi, «Баттал» деп, өлген жүһүдтi отқа жақты. Қайсарға «Батталдың күлi» деп, күл жiбердi, «Ғайрлары кетсе кетсiн» деп көңiлi тынды. Жiберген күлi қайсарға барып жеттi, Шат болып қайсар сорлы көзiн сүрттi. Жұмла қараған халықтарға және хабар айтты: «Батталды Тарион отқа жақты» деп бiлдiрдi. Әзiн жаныб Бұ хабарлар Малатияның әһлiне естiлдi, Жетi күн Малатияның әһлi зар жылады. Халифаға хат жазып һәм бiлдiрдi, Халифа Сейiт үшiн көп жылады. Жетi күн пақырларға ас жегiздi, Уа және Хатым Құран оқытып, мал сарп қылды. Зейнеп қатын Сейiт үшiн көп жылады, Әлқисса, ашықлықпен жаны шықты. Екi ұлы Әли, Нәзiр һәм көп жылады, Есiткен әһлi исламлар һәм жылады. Бұнлар әзiр жылап, дұға қыла тұрсын, Дұғасын Алла мақбұл қыла тұрсын. Әзiн жаныб Ендi баян қылалық қайсардың сөзлерiн, Жидырған он бес патшаның ықылымын. «Баттал өлдi» деп, жидылар елдерiн, «Қоймалық,– деп,– мұхаммедилерден һешбiрiн». Жұмла мүшiрiклер мақұл көрдi үшбу сөздi, Жидырды һәр патшалардың ләшкерлерiн. Мүмiнлердiң жансызлары бiлдi мұны, Паш қылды халифаға мажыраны. Халифа бiлдi қайсардың жұмла пиғылын, Һәр мұсылман патшаларға хабар жазды: «Қайсар малғұн әрекет қылған,– дейдi, Қор қылмақ әһлi исламларды қасты» дейдi. Иләһым, Қадiр Сұбхан, Мәулам өзi, Хақ дiнге жәрдем берер, Қадiр өзi. Бұрын талай һұжұмлық қылған ердi, Мұсылманлардың сыйдырмаған һеш құлын. Бұ хабарды қайсар малғұн һәм есiтiптi, Қисабсыз ләшкер алып ол жүрiптi. Әзiн жаныб Кәпiр, мұсылманлардың әскерлерi жүре тұрсын, Ендi сұлтан Сейiтбатталдың сөзi келсiн. Шаһ жиһан бiр күнлерде «ай-һу» дедi, Және көзден жасы рауан аға бердi. Сонда Кәландам: – Әй, Шаһ жиһан,– деп сөйледi, Не қайғы көңiлiңiзге кiрген?– дедi. Сейiт сонда: – Әй, Кәландам,– деп сөйледi, Менiм халiм нешiк-дүр бiлдiңiз бе? Отырдым жылға жақын мұнда,–дедi, Дiн жолынан ғазылық қалған,–дедi. Кәпiр, мұсылманлар қозғалған заман болды, Мәгәр қалды қатынлар үйде,–дедi. Һеш жиһанлардан хабарың жоқ сенiң,– дедi, Қасыңда мен отырсам болар,– дедi. Бұ сөздi айтып, көзiне жас әйлады, Дiн қайраты iшiне жош әйлады. – Иә, Кәландам, сен отырғыл мұнда,– дедi, Мен ұрайын дiн қылышын анда,– дедi. Кәландам сол уақытта қылды зары, Гауһар кебi көзлерiнен төктi жары. – Әгар сiздi көрмесем, иә, сұлтан, Уәли, Тұрар ма екен бұ тәнiмде жаным иә, Шаһ уәли. Иләһым, Қадiр Ханнан, ол Зұлжалалы, Сiздi бiзге қылып ердi нұр кәмилi. Және зулме қамалшалар аһи бiздi, Көрермiз қай уақытта аһи сiздi. Мұнан кетсең, ұмытарсың аһи бiздi, Фирақ оты өртей-дүр жанымызды. Сейiт сонда: – Сабыр қылғыл, жаным,– дедi, Иншалла, сау болсам ұмытпан сенi. Әлқисса, уағдаласып Сейiт жүрдi, Бiр күнлерi жүз мың ләшкерге ұшырады. Ол ләшкерден бiр жағына жүрiп ердi, Бiр қисабсыз ләшкерлерге және келдi. Ол арада бiр малғұн ұшырады, – Бұ ләшкерлер кiмдiкi?– деп Сейiт сұрды. – Жоқ қылмақ мұхаммедилердi жұмла,– дедi, Қағбасын хараб қылмақ және,– дедi. Сол уақытта Сейiт оған ашуланды, Оның құлақ-мұрнын кесiп алды. – Барып айтқыл Шамғұнға қазiр,– дедi, «Баттал өлдi» деп, шат болмасын залым,– дедi. Үш жүз алпыс жындармыз бiз келген,– дедi, Һәрқайсымыз Сейiтбатталға бара-бар,– дедi. Уа және көп сөз айтып қоя бердi, Ол сорлы Шамғұнға жетiп барды. Есiткен жұмла сөзiн баян қылды, Шамғұн естiп, жүзiнiң қаны солды. Қайсарға Шамғұн келiп, хабар бердi, Мұны есiтiп, қайсар малғұн мәлүл болды, Сол уақытта бiр уәзiрi сөз сөйледi: – Атаң Абдулмәлiктiң сөзiн тыңла,– дедi. Үш мәртебе әскер жиып барған ердi. Мұхаммедилер һәлак қылған жұмласын, Сен де оған қылмассың һеш нәрсенi, Бұ ләшкерiң мұқабил болмас һешбiр,– дедi. Бұ сөздi есiтiп, қайсар және хатты жазды, «Һәр ықылымлар бiзге дiндес келсiн» дейдi. Әлқисса, әскерлерiн қисаб қылды, Жүз кiре, жүз мың жерде әскер болды. Айналасы қырық күнлiк жердi алды, Қисабсыз және ғайр ләшкер келдi. Пасық кәпiр, мұсылманлар қозғалған заман болды, Бұнан бұрын һеш мұндай болмады. Бұрын өткен Рүстем, Әли ердi, Анларда һеш көрмеген мұндай iстi. Әзiн жаныб Фи мисли саққа болғаны, ләшкерлерге су үлестiргеннiң баяны Жүре тұрсын жолымен бұнлар ендi, Шаһ жиһан Сейiттiң сөзi келдi. Құдыс шарифтiң шаһарына Сейiт келдi, Өзiн аты бiрлән қараға бояп алды. Мисли Һиндүстанның жiгiтi болды, Уа және су құярға местi алды. Көп ләшкердiң бiр шетiне Сейiт келдi, – Бұнлар кiм?– деп әскерлерден хабар сұрды. Сонда бұнлар: – Бұ – ләшкернiң бастығы Тарион,– дейдi, Батталды отқа жаққан палуан,– дейдi. – Менiм атым Қасуре – Тарионның ұғылы, Отқа жаққан Батталды мен-дүр,– дедi. – Өзiң қайдан келерсiң бiлдiр?– дедi, Қай тарапқа барарсың және?– дедi. Сейiт сонда: – Зәңгiбардан келем,– дедi, Есiттiм қайсар әскер жиған,– дедi. Исламды жерден жоқ қылмақ, қасты,– дедi, Мен де өнер көрсете шықтым,– дедi. Мақұл көрсе, қасында болам,– дедi, Жоқ десе, ғайр жерге кетем,– дедi. Сол уақытта Қасуре сөз сөйледi: – Өнерiң болса, көрсетшi маған,– дедi. Көтере алмас күрзiмдi һешкiм,– дедi, Саржамды ата бiлмес һешкiм,– дедi. Сейiт оған: – Күрзiңдi бершi,– дедi, Көрейiн салмағын қандай?– дедi. Қасуре күрзiсiн берiп ердi, Басынан қырық айналдырып лақтырды. Уа және саржасын берiп ердi, Шiрiген саржадай пәре қылды. – Сiзлердiң қуатыңыз осы ма едi? Мен еруге жарамайсың сiзлер,– дедi. Өзiмнен күштi жанға ерем,– дедi, Сiзлер сәби ұқсаслы маған,– дедi. Бұ сөзiне Қасуренiң ашуы келдi, «Тұтыңыз» деп әскерлерге әмiр қылды. Сейiт сонда бұнларды мазақ қылды, Келгенiн тезек кебi лақтырды. Кiмлерiн қылыш илән һәлак қылды, Кiмлерiн күрзi илән күлдек қылды. Әлқисса, үрiккен қойдай қаша бердi, Сейiт оны күлкi қылып жүре бердi. Ыстамболдың тарапына келiп ердi, Жер көрiнбес ләшкерлерге ұшырады. Атын ғар iшiне жасырып қойды, Әскерлерге саққа болып, су келтiрдi. Һәр шатырға Сейiт келiп аралады, Су керегi, Сейiттен суды алды. Белгiлi палуан, беклердi көрiп алды, Түнде келiп, бастарын кесiп алды. Һәр күн келiп әскерлер қонар ердi, Сейiт суды әкелiп берер ердi. Һәр шатырға Сейiт көзiн салар ердi, Түн болса, палуанларын қырар ердi. Қайсар бiр күнi ғажап қалып сөз сөйледi: – Иә, беклер, бiзге нешiк апат келдi? Дәрус Саламға жетпес бұрын апат келдi, Белгiлi палуанларымыз өлiп болды. Арамызда бар болар бiр аяр,– дедi, Нешiк оны табармыз, ғажап?– дедi. Жұмла беклер жиылып, кеңес қылды, «Һәр адамға бiр адам кепiл болсын» деп қолы қылды. Сейiт сонда кепiлсiз жалғыз қалды, Қайсардың хозурына тура келдi. Үстiнде жақсы атлас тоны болды, Арқасында месiн салған шуал болды. Қолында алтын сапты хауны болды, Һәркiмлерге су үлестiрiп, саққа болды. Уа және шиғыр оқып, даусын созды, Iнжiлден аят оқып мадақлады. Қайсардың тақ салтанатын һәм мақтады, Беклер илән палуанларға уағыз айтты: – Жүрiпсiз дiн қуаттап сiзлер,– дедi, Өлсең де, өлмесең де жақсы,– дедi. Есiткен патша, беклер қайран қалды, «Айни Иса болар ма» деп күмән қылды. Шаһ әулие және қайсарға сөз сөйледi: – Нар-нұрдың қамы үшiн жүрдiм,– дедi. Мұштаранда Яхуда-дүр менiм есiмiм, Нар-нұр үшiн арық болды менiм жасым. Ол елден жалғыз мұнда келiп ердiм, Сiзлерге қызмет қылып жүрiп едiм. Бұ күнде кiм кепiл iстер менен?– дедi, Әй, тақсыр, сол себеплi хозурыңа келдiм,– дедi. Қайсар сонда:–Мен кепiл саған,– дедi. Ендi атың сенiң Аққұс болсын,– дедi. Аққұс оның бiтiрдi қызметiн, Бiр жүз он бес өлтiрдi палуанын. Ертесi һиндүстандық патша келдi, Бес мың ләшкер илән ол қосылды. Бастығы Сұқраб илән Лұһраб ердi, Көрiсiп қайсар илән шады болды. Сейiт және ол кеше өнер қылды, Палуанлардың бiр жүзiн және қырды. Қайсарға ләшкерлерi келiп хабар бердi, Оны есiтiп қайсар сорлы зар жылады. Уа және беклерiмен кеңес қылды: – Бiздiң бұ сапарымыз нешiк болды? Һәр түнде палуан, беклер өлер болды, Дұшпанларға бармас бұрын һәлак келдi. Қайсарға беклер және сөз сөйледi: – Басыңызға ақылыңызды жиғыл,– дедi. Бiздiң қорқар дұшпанымыз Баттал ердi, Ол өлсе, ендi қауiп не-дүр,– дедi. Баралық тезлiк илән анда,– дедi, Мұхаммедилердi қыралық жұмла,– дедi. Әлқисса, жұмла әскерлерi көштi бәрi, Пiлдiң үстiне тақтысын байлап алды. Жетi күн тақ үстiнен ол түспедi, Әскерлерi жұмла қайсарды қамап жүрдi. Әзiн жаныб Малғұнлар бұ сипатпен келе тұрсын, Малғұнларға Сейiт һәлак сала тұрсын. Малатияға мүмiнлерден жансыз келсiн, Яхия ибн Мансұр хабар айтсын. Әмiр Омарға ол келiп, хабар бердi: – Пәлен жерге мүшiрiклер келдi,– дедi. Қисабын Алла бiлер, мен бiлмен,– дедi, Тез атыраптарға хабарды жiбер,– дедi. Мәгәр бар бiр жақсылық хабар,– дедi, Һәр түнде жүздеп палуанлары өлер,– дедi. Мүшiрiклер онан қатты қорқар-ды, Шарасыз шыққан әскерлер келер,– дедi. Мүмiнлер бұны есiтiп бек шат болды, «Ғинаят хақтан болған бiзге» дейдi. Әмiр Омар халифаға хат жазып, хабар бердi: «Қайсар малғұн жақын келдi мұнда» дейдi. Шыдамай халифаға өзi жүрдi, Қасына елу мың әскердi ертiп жүрдi. Сейiттiң екi ұғылы ерiп жүрдi, Үстерiне жұмлалары қара палас кидi. Жұмласы Сейiт үшiн күйген ердi, Қасiрет-қайғы үшiн киген ердi. Халифа Сейiт үшiн көп жылады, Оны көрiп, әһлi ислам зар жылады. Халифа Сейiттiң ұғылын құрмет қылды, Үстiне қымбат баға тон кигiздi. Әмiр Омарға хазiрет Әлидiң туын бердi, Өзiнiң ғимамасын және бердi. – Бұ дийарда сен ұлық болдың,– дедi, Қара палас тондарды қойғыл,– дедi. Әмiр Омар халифадан изин алды, Ләшкердi һәр атыраптан жинап алды. Ендi халифа патшаларын жия тұрсын, Жол жүрiп, салтанатпен келе тұрсын. Сейiттiң және өнерi мәшһүр болсын, Есiткен мұсылманлардың көңiлi тынсын. Әзiн жаныб Қайсар бiр күнi бес палуан, патшаға әмiр қылды, – Екi жүз мың әскер илән озғыл,– дедi. Мұхаммедилердiң ләшкерiн бiлсiн,– дедi, Туғры барар жөнiн көрсiн,– дедi. Палуан, бес падиша жүрiп кеттi, Шаһ әулие Сейiтбаттал бiрге кеттi. Үшбулер бiр жерлерге келiп түстi, – Мұсылманлардың хабарын кiм бiлер?– дестi. Сейiт айтты: – Изин болса, мен барайын, Қайда болса, хабарын мен келтiрейiн. Сейiтке изин бердi, жүрген болды, Бiр тауға кеш болғанша жасырынды. Ақшам оқып, Шаһ әулие атқа мiндi, Қапостың шатырына жетiп келдi. Мас болып, ол Қапос сорлы жатыр ердi, Аулақ жерге апарып, байлап қойды. Қостантиннiң шатырына және келдi, Малғұн отыр екен оны көрдi. – Мен Қапостың қасынан келдiм,– дедi, Соның үшiн бiр мәслихат қылам,– дедi, Мен көрiп мұхаммедилердi келдiм,– дедi. Алдынан бұ ләшкердi келер көрдi, Сейiт сонда: – Мұхаммедилер үшбу,– дедi, Аман бермей, қылыш ұрғыл аңа,– дедi. Ол келген Қапос сорлының ләшкерi ердi, Оған және Сейiт ақыл айтып ердi. Өзi айғайлап: – Абдулуаһап мен-дүр,– дедi, Бағзы жерде Ахмет Тұран, Жағда ғазы,– дедi. Сол уақытта бек һайбат соғыс болды, Қан кеуденi көтерiп, селдей болды. Жарты түнде бұ мысалы қан төгiлдi, Сейiт және Қалауынға ұшырады. – Неге тұрсың, иә, Қалауын мұнда?– дедi, Абдулуаһап өлтiредi Қапос ердi. Қалауын сонда: – Абдулуаһап қайда?– дедi, Сейiт сонда: – Көрсетейiн, жүргiл,– дедi. Сонда Қалауын әскерден шығып ердi, Сейiт оны бiр ұрып, байлап алды. Байланған ол Қапосқа алып келдi, Екiлiсiн артып алып ол жөнелдi. Түн iшiнде Шамас пiрге жетiп келдi. Қапу қақты, Шамас пiр шыға келдi, Шамас пiр Сейiттi танып, қолын сүйдi, Iшке кiрiп, тағам асап, сөз сөйледi: – Есiтiп ердiк Тарион отқа жақты, Бұл уақытша қайда едiң, жаным?– дедi. Әлхамдулиллаһи, саламат көрдiм сенi, Дұшпанлардан саламат қылсын жұмламызды. Сол арада бiр құдық болар ердi, Қапосты, Қалауын илән анда салды. Тез келiп әскерлерге фариад қылды: – Мұхаммедилер Қапос илән Қалауынды алды,– дедi. Шамғұн сонда: – Алмас палуан қайда?– дедi, Сол халде Алмас палуан жетiп келдi. Һеш мұсылман арасында көрiнбедi, Бiрiн-бiрi қырғанын көрiп, қайран қалды. Сейiт және Қостантинға сөз сөйледi: – Қалауын илән Шамғұн, Қапосты бiлдiм,– дедi. Мұхаммедилердiң дiнiн сүйiп кеттi,– дедi, Жиналып, қазiр бұлай жүрдi,– дедi. Қостантин мұны естiп зар жылады, Ендi ол бес палуан илән оны қуды. Артынан Сейiт илән жүрiп ердi, Тез заман ләшкерлерден аулақ шықты. Сейiтке өнер бастар уақыт келдi, Бес палуанды бiр-бiр ұрып, һәлак қылды. Уа және Қостантинға кезек келiп ердi, Бiр ұрып, оны дахи байлап алды. Апарып ол қиуға Қостантиндi және салды, Және қайтып, әскерлерге көзiн салды. Ақратис уәзiрге туғры келдi, – Жауыз ер, қайда барарсың?– деп сұрады. Уәзiр сонда Сейiтке сөз сөйледi: – Менiм жөнiмдi сұраған кiмсiң?– дедi. Сейiт сонда: – Менiм атым – Аққұс,– дедi, Сiзден хабар келтiр деп қайсар айтты. – Бiзден хабар сұрасаң, хараб болды, Бес тайпа әскерлерден бiреу қалды. Бұ әскердiң төрт бастығы ғайып болды, Бiлмеймiз өлi-тiрiсiн оның,– дедi. Қайсарға не деп жауап берем?– дедi, Мұхаммедилердi талап қылып келем,– дедi. Сейiт сонда Ақратисқа сөз сөйледi: – Әскерiңдi екi бөлiп жүргiл,– дедi. Мұхаммедилерге жансыз жiбергiл қазiр,– дедi, Бiлiп келсiн анлардан хабар,– дедi. Басың сақтап отырғыл өзiң,– дедi, Бiр зиян ерiшмесiн сiзге,– дедi. Бұ сөздi уәзiр сорлы мақұл көрдi, – Кiм барар жансыз болып онда?– дедi. Сейiт сонда: – Хош болар, мен барам,– дедi, Көргенмiн ол ықылымды талай,– дедi. Ақратис Сейiтбатталға тахсин қылды: – Сiз барсаңыз бек хош-дүр, жаным,– дедi. Сейiт жүрiп бiр тауға жасырынды, Ол арада қарар қылып, йастуның уақты болды. Атқа мiнiп Ақратисқа туғры келдi, Көрдiм,– деп,– Мұхаммедилердi,– хабар бердi,– Үшбу таудың үстiнде әскер,– дедi, Ғапыл болып мұхаммедилер жатыр,– дедi. Әскер бастығы – Абдулуаһап, Ахмет Тұран, Жағда ғазы, Ғапыл халде ортаға бiз алалы. Сол уақытта Тарион патша қырық мың ләшкер келдi, Ақратис уәзiрге ол қосылды. Екi ләшкерлер екi тараптан жүрмек болды, Сейiт сонда Тарион илән бiрге жүрдi. Сейiт сонда Тарионды бек мақтады, – Дәулетiң жары қылған сенсiң,– дедi. «Қайда?» деп, екiлiсi шаба бердi, Арылған халде Шамғұнды байлап алды. Апарып ол қиуға және салды, Сол уақытта сабах садық таң да туды. Қостантин таң туғанша қырғын салды, Қырылмыш ләшкерлерге көзiн салды. – Һешкiмнiң қолы жетпес ол Батталды, Отқа жаққан палуан сен бе?– дедi. Қырық мың әскер илән Тарион жүрдi, Бiр-екi төбе асып тұра қалды. Сейiт ендi Тарионға: – Жүргiл,– дедi, Көрсетейiн мұсылманларды сiзге,– дедi. Тарион сонда ұғылы илән жүрiп ердi, Әскерi көрiнбестей жерге келдi. Сейiт ендi бiр ғажап қайрат қылды, Көтерiп екiлiсiн жерге ұрды. Қолдарын желкесiне байлап алды, Аузына дастарханын тығып алды. Аулақ жерге, бiр ағашқа алып келдi, Ол ағашқа махкам қылып байлап қойды. Ақратис уәзiрге жетiп келдi, – Тарион әскер сұрады,– дедi. Ақратис жүз мың ләшкер алып жүрдi, Сейiт ендi Тарионның ләшкерiне хабар бердi: – Мұсылманлардың әскерi үшбу,– дедi, Аман бермей, асығыс қырғыл,– дедi. Әлқисса, екi әскерлер араласты, Бiрiн-бiрi танымай қылыштасты. Сейiт және нағра тартып араласты, – Ахмед Тұран, Абдулуаһап мен-дүр,– дедi. Жағда ғазы, Тауабил рұми мен-дүр,– дедi, Қырармын мұсылман болмасаң жұмлаңызды. Бұ сөздi есiтiп әскерлерi хамлә қылды, Бiр қиямет мысалы соғыс болды. Сейiт ендi сол уақытта пұрсат тапты, Тарионды ұғылы илән алып жүрдi. Шамастың қиусына және салды, Қайтып келiп, әскерлерге көзiн салды. Сол кешi жетпiс мың мүшiрiк өлген ердi, Ақратис оны көрiп зар жылады. – Не болса, бұ Аққұстан болған,– дедi, Табыңыз сол Аққұсты,– деп жылады. Ары-берi қарадылар, таба алмай сандалады, Андан соңыра қалам алып, қағаз жазды. Қайсарға қырылғанын жұмла жазды, «Алты кiсi, палуан, беклер ғайып,– дейдi. Екiсi сенiң ұғылың – Қостантин, Шамғұн,– дейдi. Қалауын, Қапос, Тарион ұғылы илә бiрге» дейдi. Ол хаты қайсарына барып жеттi, Зар жылап уәзiрлерге кеңес қылды. Бiр уәзiрi ол қайсарға қуат бердi, –Мен барайын, сiз жайлап келгiл,– дедi. Мен қылармын Малатияны хараб,– дедi, Келтiрермiн һәм сiзге хабар,– дедi. «Хош болар» деп, үш жүз мың ләшкер бердi, Уа және үш жүз палуан қосып бердi. Әзiн жаныб Сор айдаса үшбулер келе тұрсын, Уа және Сейiт хазiретiнiң сөзi келсiн. Ол Сейiт Малатияға бiр күн келдi, Бiр тауда азан айтып, намаз қылды. Нағашысы Тауабил сонда шауып келдi, Сейiттiң аяғына басын қойды. Есiн танып, ол және тұра келдi, Сейiттен: – Сен кiмсiң?– деп сұрады. Сейiт сонда: – Жындардан болам,– дедi, Мен келдiм Қап тауынан арман,– дедi. Қайсар малғұн мұсылманларға жүрген,– дедi, Жәрдем берерге мұсылманларға келдiм,– дедi. Бiздi көрiп жылағаның не-дүр?– дедi, Үстiңе қара киерсiң не себеплi? Тауабил жылап, сонда жауап бердi: – Бiздiң бiр сұлтанымыз болар ердi, Оныңдай адамзат болмас,– дедi, Қаһарланған дауысы дұшпанларын қырар ердi. Есiттiк, мүшiрiклер отқа жаққан оны, Мәгәр сенiң даусың соған ұқсар,– дедi. Сол себеплi жылармын, ұғылым,– дедi, Ұқсатып сипатыңды сенiң,– дедi. Сейiт сонда:–Бақи Алла-дүр бiлсең оны, Куллу шайин һаликун-дүр көрсең оны. Сiзлердiң халифаңыз қайда?–дедi, Нешiк келмес әскерлерi оның?–дедi. – Халифамыз есiттiлер бұ хабарды, Жол үстiнде келе-дүр анлар,– дедi. Тауабил ол жiгiтпен шаһарға келдi, Көргенлер «Сейiтбаттал деп сөйле» дейдi. Халайықтар: – Сейiт,– дейдi кәрi-жасы, Ләкин түсi қара, тафир шұһрасы. Сейiт-дүр тафир қылған өзiн,– дейдi, Сейiттiң кiм бiле-дүр хикметтерiнi. Сейiт хазiретiнiң һәр достысы сұрап ердi, Сейiт оған һеш халiн бiлдiрмедi. Сол уақытта мұсылманлардан жансыз келдi, – Пәлен жерде жетпiс мың мүшiрiклер өлген,– дедi. Мүшiрiклердiң ақылы қайран болған,– дедi, Кiм қырғанын бiлмей-дүр, ғажап,– дедi. Сейiт сонда:–Оны қырған жынлар,– дедi, Мұсылманларға жәрдем үшiн келген,– дедi. Мұсылманлар бұ сөзге бек шат болды, «Әлхамдулиллаһи бiзге жәрдем Алла берген» дейдi. Әлқисса, әмiр Омар елу мың ләшкер алды, Белгiлi соғыс қылатын жерге келдi. Сол уақытта мүшiрiклердiң ләшкерлерi шыға келдi, Ақратис жәду ол ләшкерлердiң бастығы ердi. Екi әскерлер сап болып тұра қалды, Ортасын мисли майдан күрес қылды. Мұсылманлардан Ыбраһым деген бiреу шықты, Жүһүдлерден Ғалиқан деген бiреу шықты. Ғалиқан келiп, Ыбраһымға көп сөз айтты: – Ақылсыз қауым екенсiз,–деп сөйледi,– Басшыңыз Сейiтбаттал сiзден өлдi, Ендi нешiк соғысарсыздар бекер?– дедi. Жүк көтермес әскер илән қайсар келдi, Оның бiрлән соғысармысыз, ғажап?– дедi. Жетпiс екi милләт келер және,– дедi, Һәрқайсысында қисапсыз ләшкерi бар және,– дедi. Бұ Алла қылар мұхаммедилердi жұмла,– дедi, Қаныңызға сусадыңыз ба сiзлер?– дедi. Сол уақытта Ыбраһым ғазы жауап бердi: – Әй, лағин, сөйлеме бос сөздi маған,– дедi. Сiзлер көпке сыйынарсыз һәр жыл,– дедi, Бiздер Хаққа сыйынармыз һәр кез,– дедi. Андан соңыра екiсi мүбараз, хамлә қылды, Ыбраһым «Иә, Мұхаммед!» деп қылышты ұрды. Малғұнды аты илән төртке бөлдi, Жанын жаһаннамға жөнелдiрдi. Андан соңыра, бiр малғұн келiп ердi, Сөйлетпей, оны және төртке бөлдi. Әлқисса, он екi палуанды һәлак қылды, Сол уақытта Ақратистiң өзi келдi. Екiлiсi бiраз заман мүбараз соғыс қылды, Қалқаны қате кетiп, шаһид болды. Нехасыл, қырық мүмiндi мәлзам қылды, Сол уақытта Тауабил рұми жетiп келдi. Ақратис: – Кiмсiң?– деп сұрады, – Сейiттiң дадасы, атым – Тауабил,– деп жауап бердi. Лағин оны естiп, бек қатты соғыс қылды, Он жетi мәртебе екiлiсi мүбараз, хамлә қылды. Ендi Ақратис Тауабилдiң белiн тұтты, Байлайын деп, уа және оңтайланды. Тауда тұрып, Сейiт көзiн салып ердi, Оны көрiп, рағд кебi нағра салды. Сол уақытта кәпiр, мұсылманлар жұмласы есiн танды, Сол уақытта Шаһ әулие жетiп барды. Ақратис Тауабилдi ол қоя бердi, Сандалып, әскерiне қайтып барды. Тауабил сонда Сейiттiң аяғына басын қойды, – Сұлтаным, шын сөйлешi, жаным,– деп жылады. Сейiт және: – Бiз жынлардан келдiк,– дедi, Әскерiмiз сол тауда тұрар,– дедi. Тауабил аһи ұрып қайтып барды, Мұсылманлар сол уақытта «Сейiт» дейдi. Ақратис майданға кеп тұра алмады, Бiр палуан ол Сейiтке келген болды. Сейiт оны көтерiп алып, көкке атты, Жерге түспей, қылыш илән екiге бөлдi. Әлхасыл, бiз айталық үшбу сөздi, Алпыс мүшiрiктi һәр түрлi һәлак қылды. Мұсылманлар тәкбир айтып, сайха қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Ақратис: «Бұ кiм?» деп ғажап қалды, Барса, жұмла палуанларды һәлак қылды. Ол майданға һешбiр адамлар келе алмады, Сейiт хазiретi ол әскерге өзi барды. Мұсылманлардың әскерлерi бiрге кiрдi, Екi дария қосылған мисли болды. Сол күнi ақшам болғанша соғыс болды, Андан соңыра екi тарапы қайта қонды. Сейiт және мағлұм тауға жүре бердi, Мұсылманлар ол жiгiтке дұға қылды. Мүшiрiклердiң тараптары мәлүл болды, Сейiт және түн жарымында қайта барды. Мүшiрiклерге нағра тартып, сайха қылды, – Менiм атым – қайсар ұғылы Шамғұн,– дедi. Мұхаммедилердiң дiнiне кiрдiм,– дедi, Қостантиндi өлтiрiп келдiм,– дедi. Кiрмесеңiз дiн исламға сiзлер,– дедi, Қырармын мен жұмлаңызды қазiр,– дедi. Сол уақытта мүшiрiклер соғылысты, Таң туғанша мүшiрiклер қырылысты. Табарик бағыз халде сайха қылды, «Абдулуаһап, Ахмет Тұран, Жағда ғазы» дерлер ердi. Мұсылманлар таң атқан соң және келдi, Жүһүдлерге және бұнлар қылыш ұрды. Мүшiрiклердiң туларын жығып алды, Малғұндар керi қашып, һәлак болды. Сексен мың мүшiрiк сол күнi өлген ердi, Мұсылманлар жұмласының малын алды. Мұсылманлар бiр жерге келiп қонды, Мүшiрiклердiң малдарын бахшиш қылды. Ендi мұсылманлар сол жерде рахат қылды, «Дұшпанлар және келсiн» деп тоқтады. Әзiн жаныб Ендi мұсылманлар рахат қылып жата тұрсын, Ендi қашқан мүшiрiклердiң сөзi келсiн. Қашқындар қайсарға және жылап барды, Мажыра көргендерiн айтып барды: – Шамғұн ұғылың мұсылман болған,– дедi, Түн iшiнде ол бiздi қырған,– дедi. Ол бiздi һәлакатқа салған,– дедi, Тек сiзге бiз хабаршы қалған,– дедi. Қайсар сонда шаш-сақалын жұла бердi, Басындағы тәждi жерге лақтырды. Уа және тақ үстiнен ұшып түстi, Есiн және сол жерде танып қалды. Уәзiр, беклер ылаж таппай сандалады, Һәр жерден дәрiгер iздеп, ол қарады. Сейiтке мазақ қылар уақыт келдi, Дәрiгер болып, шатырға кiрiп келдi. Һәр жерiн ол қайсардың уқалады, Және шаш-сақалын сипалады. «Дәрi» деп, ғудтың майын сипалады, «Тез, жылдам тұрады» деп жүре бердi. Шатырдан Сейiтбаттал шығып ердi, Қайсар сорлы түшкiрiп тұра келдi. Отырып шаш-сақалын сипап ердi, Шаш-сақалы сыпырылып, жерге түстi. Уәзiр, беклерi қайсарды қарап көрдi, Мисли жүнiн алған текеше-шинаш болды. Бiр уәзiрi қайсардың қолына айна бердi, Жүзiн көрiп, қайсар сорлы қайран қалды. – Мұны қылған дәрiгердi iзлең,– дедi, Тапсаңыз, терiсiн тiрi сойғыл,– дедi. Сейiт және бiр жүһүдке өнер қылды, Қайсардың кеткен ақылын баян қылды: – Ол қайсарды бiр дәрiгер жазған ердi, Алтын-жауһар берем десе, таба алмады. Сен жүгiрiп, дәрiгер болып барғыл,– дедi, Оның алтын-күмiсiн алғыл,– дедi. Жүһүд сорлы жүгiрiп бара қалды, – Қайсарға дәру қылған мен-дүр,– дедi. – Хош болар, дәру қылсаң жарар,– дедi, Берейiк ақыңызды сенiң,– дедi. Терiсiн басынан төмен соя бердi, Сонда жүһүд «Мен емес» деп ойбай салды. Не қылсын жүһүдтiң ойбайларын, Бояды қызыл қанға борбайларын. Сейiттiң ғажап қылсаңыз өнерлерiн, Хаупi жоқ, мүшiрiклердi күлкi қылды. Ендi қайсар жүнiн алған шинаш болды, Басын қатындардай бүркеп алды. Әлқисса, қайсар сорлы асығып атқа мiндi, Қисабсыз әскер илән жолға жүрдi. Һәрқайсысы лақ ұрып мақтанады, «Мұсылманларға пәлен қылам, түлен қылам» деген болды. Әзiн жаныб Малғұндар мақтанысып келе тұрсын, Мұсылманлардың тарапының сөзi келсiн. Мұсылманлар халифасына хабар бердi, «Қайсар малғұн жақындады мұнда,– дейдi. Қарсы тұрар хал жоқ-дүр жерде,– дейдi, Тез, жылдам келе көрсiн мұнда» дейдi. Бұ хабар халифаға жылдам барды, Халифа һәр мұсылманларға хабар жазды. Һәр мұсылманлардың патшалары мұны бiлдi, Жұмласы әскер илән жылдам жүрдi. Әзiн жаныб Иләһым құтты қылсын жолдарын, Тыңлаңыз Малатия халқының халдерiн. Мұсылманлар хиндик қазған жерге келдi, Мүшiрiклердiң атырабына көзiн салды. Бiр уақытта ирек-ирек тозаң шықты, Пасықтар гөруһ-гөруһi келер көрдi. Анлардың һәр тарапына көз жетпейдi, Мүмiнлер тәкбир айтып, қарап тұрды. Қайсар малғұн мұсылманларға қайран қалды, «Нешiк жүректi қауымлар бұнлар?– дедi. Бiзлер дария мысалы көз жетпейдi, Анлар мысалы бiр кесе судай,– дедi. Ол суды қазiр төксек болар ердi, Ләкин күн кеш болды қазiр» дедi. Сол күнi әскерлерi һәр жайға қонып жатты, Мұсылманлар Хаққа ғибадат қылып жатты. Таң туғанда екi әскерлер атқа мiндi, Соғыстың қызық болар уақыты жеттi. Қайсар малғұн пiл үстiне тақты құрды, Бекiтiп, тақ үстiне мiнiп алды. Уа және қайсар қайғырып бiр сөз айтты: – Аһи, Тарион болмады,– деп жылады. Бұ майданда, әгар, Тарион болса,– дедi, Ол раушан қылар ердi жүзiмiздi. Сол уақытта Ақратис сөз сөйледi: – Ол өлсе, сiз саламат болғыл,– дедi. Мен де қызмет қылармын сiзге,– дедi, Берермiн дұшпанларды тұтып,– дедi. Бұнлар бұ сөз үстiнде тұрған ердi, Бiр тозаң Бағдад жақтан пайда болды. Назар салып, анларды қарап көрдi, Мұсылманлардың ләшкерi екен, оны бiлдi. Ол ләшкерлер хауарзаминнiң жiгiтi ердi, Оның бастығы Мүмлан ғазы деген ердi. Жүз жерден ту ұстаған палуанлары, Алыстан оқ атушы мергендерi. Үшбулер мүшiрiклерге көзiн салды, Тау-тас, жердiң жүзiн алған көрдi. Әмiр Омардың әскерлерiне көзiн салды, Сахарада бiр бөлiнген қой секiлдi. Бұнлар ендi Алладан медет сұрды, «Хақ дiнге өзiң жәрдем бергiл» дейдi. Мүмлан ғазы оқшыларға әмiр қылды: – Һәрқайсыңыз үштен оқты атқыл,– дедi. Сол уақытта үштен оқты атып ердi, Һәрбiр оғы үштен зиада адам қырды. Бұ атқан мұсылманлардың ойыны ердi, Көрсеткен дұшпанларға саясаты. Көп дұшпанлар үшбу оқтан һәлак болды, Не қыларын бiле алмай соғылысты. Қайсар сонда: – Нар-нұр ұрсын сiздi,– дедi, Не себеплi үркерсiз қойдай?– дедi. Бұ тараптан әмiр Омар ләшкерге қарсы барды, Көрiсiп Мүмлан илән шат болды. – Әмiр Омар, халифа қайда?– деп сұрады, – Халифа ертең келер,– деп жауап бердi. Мүмлан илән сөйлесiп тұрған ердi, Жүз мың ләшкер илән Нұғман патша жетiп келдi. Артынан Иеменнiң патшасы Бахтияр келдi, Уа және Бұхар патшасынан елу мың ләшкер келдi. Уа және Хабаши патшасы Қарун келдi, Уа және Мысыр сұлтаны Фараун жетiп келдi. Уа және Абдулқадыр Шалаби жетiп келдi, Әлқисса, бағзы жүз мың,бағзы елу мың ләшкер ердi. Жұмласы саптар болып тұра қалды, Құдаға сәна айтып, мiнәжат дұға қылды. Әзiн жаныб Мүбараз әл-аууал Екi ләшкерлер һәрбiрiсi тiктi көзiнi, Дiн қуаттап һәрбiрiсi сөз сөйледi. Қайсардың бек бiр палуаны болар ердi, Есiмiн Русин деп айтар ердi. Майданға ол малғұн келiп тұрды, Мұсылманлардан Әли ибн Рашид деген келдi. Екiсi хайли заман соғыс қылды, Қата кеттi, Әлидi ол шаһид қылды. Андан соңыра Қасым деген бiреу шықты, Оны дахи ол лағин шаһид қылды. Андан соңыра Нұғман ғазы шығып ердi, Екiлiсi көп уақытша соғыс қылды. Бiр хамләде күрзi илән ұрған ердi, Нұғманның аты жығылып, жерге түстi. Нұғманның жолдастары алып қашты, Өзiнiң әскерлерiне алып барды. Уа ғайр мұсылманлар да және барып ердi, Келгенiн Русин малғұн забун қылды. Әлқисса, ол майданда Русин тұрды, Күн кеш болып, екi ләшкерлер қайта қонды. Ошал күнi мұсылманлар мәлүл болды, Дұшпанлар шат болып, шарап iштi. Уа және сабах садық таң да туды, Екi әскерлер сап болып және тұрды. Саһил ғазы майданға барып тұрды, Дұшпанлардан Антақия деген жетiп келдi. Антақияға Саһил ғазы күрзi ұрды, Антақия аты үстiнен жерге түстi. Тез тұрып, қылыш илән ұрып ердi, Саһилдiң төрт бармақтай иiнiн жарды. Саһилдiң жолдастары алып кеттi, Мүмiнлерден Ғасым деген және шықты. Келубан Антақияның белiн тұтты, Кемерiн кесiп алып, о да қашты. Дұшпанлардан Ғақарыб деген мүртад келдi, Ғасым илән мұқабил хамлә қылды. Қаһарланып Ғасым қылыш ұрған ердi, Ғақарыбты екi пәре қылып салды. Уа және Исхақ куфи мүртад келдi, Мұсылманлардан хауарзамин Мұса келдi. Екiсi бiр-бiрiне оқтар атып ердi, Мұсаны ол лағин шаһид қылды. Андан соң Мүмлан ғазы жетiп барды, Оқ-жайын екiлiсi құрып алды. Оғын Мүмлан ғазы атып ердi, Лағиннен iштен өтiп, жерге кiрдi. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Сол жерде жетпiс мүшiрiктi һәлак қылды. Сол уақытта қайсар малғұн аһи қылды, Мүмланға он мың пiл, ләшкерлердi қоя бердi. Әмiр Омар хауарзамин жiгiтiне «Оқ ат» дедi, Сонда жiгiттер жаңбыр кебi оқ жаудырды. Сол уақытта пiлдерi керi қашты, Қайсар және елу мың әскерге әмiр қылды. Он екi мың хауарзаминнiң жiгiтi араласты, Сайхасы адамлардың көкке шықты. Мүмланның сол уақытта аты жығылды, Дұшпанлар шынжыр салып, байлап алды. Мұсылманлар Мүмлан үшiн бек қайғырды, «Асыл ер ғапыл халде түстi-ау» дестi. Және дұшпанлардан Сақрат деген бiреу келдi, Мұсылманлардан Ахмет Тұран ғазы келдi. Ахмет Тұран Сақраттың белiн тұтты, Бина апаруға оңтайланды. Сақрат сонда кемерiн кесiп қашты, Такфур деген бiр мүшiрiк және келдi. Екiлiсi мүбаразға хамлә қылып ердi, Қайсар және шынжыршыға сол халде әмiр қылды: – Бiрiн-бiрi тұтқан халде ұмтыл,– дедi, Ғапыл халде шынжырды салғыл,– дедi. Такфур илән Ахмет Тұран қол тұтысты, Сол халде төрт жүз кәманд шынжыр салды. Ахмет Тұранды ғулуу қылып байлап алды, Мүмланның қасына келiп оны қойды. Мүмiнлер сол уақытта бек қайғырды, Шыдамай Тауабил рұми жетiп келдi. Такфур илән хайли заман хамлә қылды, Тауабилдiң қалқанын пәре қылды. Сол уақытта бiр сайха пайда болды. Жетi қат көк жерге түскен мисли болды. Тұрған жанлар ақылы қайран болды, Бағзылар есiн танып, аттан түстi. Әмiр Омар сол уақытта «аһи» деп шат болды, «Сейiт-дүр жын болып келген» дедi. Қайсар және «аһ» деп қайран қалды, «Бұ сағиқа не-дүр?!» деп ғажап қалды. Сол уақытта Шаһ әулие жетiп келдi, Такфурге ашу бiрлән күрзi ұрды. Дүнияға келмегендей оны қылды, Жанын жаһаннамға ұластырды. Оны көрiп Русин малғұн жетiп келдi, Сейiтке келiп, сүңгi хамлә қылды. Оның сүңгiсiн қамшы илән пәре қылды, Лағинға сүңгiнi өзi салды. Мұсылманлар шат болып тәкбир қылды, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Дұшпанлардан Сақран деген және келдi, Сейiт оны көтерiп, ауаға атты. «Тайғ зухаки» қылышын қолына алды, Жерге түспей, екi пәре қылып салды. Мұны көрiп, дұшпанлардың құты ұшты, Ендi майдан жерiне бара алмады. Шаһ жиһан майданда тұрып нағра салды, – Әй, пасық, дiн дұшпанлары, келгiл!– дедi. Неше айтса да дұшпанлар һеш келмедi, Сейiт ендi «тайғ зухаки» қылышын алды. Дұшпанлардың әскерлерiне келiп кiрдi, Жүрген жерiн мисли шапқан шөптей қылды. Қайтып келдi, майданда және тұрды, – Әй, мүшiрiклер, ер-палуанларың жоқ па?– дедi. Дұшпанлар қайран қалып тұған ердi, Сол халде Бағдад тарапынан тозаң шықты, Екi тараптары назар салып тұрған ердi, Мұсылманлардың жүз мың туын заһир көрдi. Соғыстың өнерлерi Соғыстың нағрасын шалып қалды, Мунадилер шиғыр айтып, даусын созды. Һәр тараптан өнер қылып, сауық қылды, Һәрқайсысы түрлi ойын, сауық қылды. Мисли айд құрбандай әузелерi, Жердiң жүзiн толтырды сайхалары. «Бұ келген руйзамин сұлтан,– дейдi, Ғинаят аңа берген Сұбхан,– дейдi. Ас сұлтан Зил Аллаһ фил арди, бiлсең,– дейдi, Құран – хафиз, ұранымыз – Сұбхан,– дейдi. Дәлелiмiз – Кәлам Алла, Құран,– дейдi, Оны «жағала фил арди халифа,– дейдi. Кiм халифаға халықлық қылса,– дейдi. Аллаға халықлық қылған болар,– дейдi. Халифаға қылыш тұтса һәркiм,– дейдi, Аллаға қылыш тұтқан болар,– дейдi. Дiн қылышын ұрармыз бiзлер,– дейдi, Өлсек – шаһид, қалсақ–ғазы бiзлер» дейдi. Мұсылманлар фауж-фаужи әскер келдi, Һәрқайсының салтанаты ердi. Қайсар сорлы таң қалып тұрған ердi, Бұ келген Сиасынның ләшкерi ердi. Халифаның ғаламаты Сол уақытта бiр тозаң және келдi, Сияпаттың ұлығсы ендi келдi. Бiр күмбез мисли шаһар көшiп келдi, Салтанат сияпатты шатыр келдi. Лиуа әлхамду Мұстафаның туын көрдi, Басында жарқыраған нұрды көрдi. Бiр ақ пiлдiң үстiне шатыр құрған, Iшiне алтын-жауһар тағын құрған. Ол тағының шұғыласы ғажап ердi, Сыртына нұры балқып шығар ердi. Халифа ол тағының үстiнде ердi, Бес жүз мың мүфти, мүдәррис бiрге ердi. Қасында Құран хафиз бес жүз ердi, Анат «фатиха» сүресiн оқыр ердi. Алдында төрт жүз муәзiн азан айтып келер ердi, Көңiлiңiзге жетер тәкбир, таһлил, салауат айтқанлары. Бiр мың жiгiт темiр киген, жалаң қылыш тұтқандары, Төрт мың жiгiт саржа кезлер оқшылары. Күрзi тұтқан төрт мың ердi палуанлары, Үш жүз зәңгi екi тараптан да пiл тұтқан ләшкерлерi. Мың жетi жүз арғымақ ат алтын ерлi, Салтанатқа жетелеп келерi оны. Үшбулер һешбiр соғыс қылмас ердi, Жұмласы халифаны сақтап тұрар ердi. Бұ сипатты азимат илән халифа келдi, Көрген бар, көрмеген бар қайран қалды. Халифаның бұл азиматын қайсар көрдi, Айрылып ақылынан, есiн танды. Әмiр Омар халифа ағзамға қарсы барды, Ғиззатлап көрiс қылып, хал сұрасты. Қайсардың ләшкерiне халифа көзiн салды, Малғұндардың көптiгiне қайран қалды. Ол көп болса Алла Қадiр, Сұлтан, Ғани, Хақ дiнге жәрдем берсiн өзi һади. Ендi халифаның майданға көзi түстi, Арыслан кебi бiр жiгiттi тұрған көрдi. Халифа әмiр Омардан сауал қылды: – Майданда жалғыз тұрған кiм-дүр?– дедi, Әмiр Омар халифаға жауап бердi: – Бұ жiгiтке қайранбыз бiзлер,– дедi, Өнерi һәм хиафаты мисли Сейiт,– дедi, Ләкин түсi тәбдил қара-дүр оның,– дедi. Уа және бiз сұрадық онан,– дедi, «Бiз–жынлардың жiгiтi» деп жауап бердi. Ол келмес арамызға бiздiң,– дедi, Сол тауға һәр күн кiрiп кетер,– дедi. Әгар ол жiгiт келмесе бiзге,– дедi, Қайсар һәлак қылар ердi фил хал,– дедi. Халифа сонда ол жiгiтке дұға қылды, Жұмла тұрған халайықтар «әмин» дейдi. Бiр адам ол жiгiтке шауып барды, «Сiзiң үшiн халифа дұға қылды» дейдi. Сейiт сонда атынан жерге түстi, Халифаға тағзым қылып, қайта мiндi. Атқа мiнiп, ғажайып ойын қылды, Жетпiс түрлi өнерiн ол көргiздi. Жұмла тұрған екi тараптың ләшкерi қайран қалды, Бұрын өнерiн көргендер «Сейiт» дейдi. Халифа айтты: – Хақ Тағала Қадiр өзi, Күллу шайға мұдаббир және өзi. Не болса Хақ Тағала қылар өзi, Мүмiнлерге жәрдем үшiн берген өзi. Сол уақытта Шаһ әулие нағра салды, – Келерге һеш палуанларың жоқ па?– дедi. Сол уақытта Көркен есiмлi бiреу келдi, Сейiтке келiп сүңгi хамлә қылды. Сейiт оны көтерiп, жерге ұрды, Қарундай жерге ұрған ол жауызды. Кишмир деген бiр жүһүд және келдi, Сейiт оны сөйлетпей, байлап алды. Халифаға сауға қылып оны бердi, Шишан деген бiр палуан және келдi. Оны дахи бiр ұрып, байлап алды, Халифаға сауға қылып және бердi. Не қисса азайталық үшбу сөздi, Сол жерде он жетi палуанды байлап алды. Уа және сексен палуан мүртадлары, Һәрқайсысын бiр өнермен һәлак қылды. Мұсылманлар оны көрiп шады болды, «Аләйк ғаун Алла» деп дұға қылды. Мұхаммед Мұстафаға салауат қылған садалары, Жер үстi, тоғыз қат көкке қылған зары. Перiштелер «әмин» деп тұрды бәрi, «Бұнлардың қабыл қыл,– деп,– дұғаларын». Ендi мүшiрiклер майданға келе алмады, Жүһүдтер есiн танып қайран қалды. Сейiт және бiр айбатты нағра салды, Жетi қат көк жерге түскен мисли болды. Ол дауыстан қорқып, ат жығылды, Бағзы қорқақ адамлардың жаны шықты. Мүбәрак «тайғ зухаки» қылышын алды, «Алла Акбар, иә, Мұхаммед!» деп ұра бердi. Ол қылыштың бiр ғажабы болар ердi, Қаһарланса, қырық аршын озар ердi. Ол қылыш аждаһа мысалы ысқырады, Сейiт сонда арыслан кебi күркiрейдi. Бұ һайбатын Сейiттiң көргендерi, Соғыс қайда, қой кебi үркер ердi. Қойға кiрген аш бөрi Сейiт болды, Бiр сағатта қан кеуденi көтерiп, селдей болды. Сол уақытта күн кеш болып, ақшам болды, Екi әскерлер айрылып, керi қонды. Сейiт дахи тауға таман жүре бердi, Халифа қайран қалып, дұға қылды. Мұсылманлар отырып сөз сөйледi: «Уа, Алла, ағлам сол Сейiт болар,–дестi. Өзiн сатыр қылып жүрген,– дестi, Ол Сейiттiң кiм бiлер хайласыны?» Әмiр Омар ол таудан көп қарады, Таба алмай Сейiттi қайтып келдi. Ендi қайсар келiп шатырына отырады, Ол жiгiттен бек қорқып, сөз қылады. Мүшiрiклердiң арасына қорқу түстi, Ол жiгiттi һәр жерде сөйлей бердi: «Бiз Батталдан қорқар ердiк бұрын,– дейдi, Бұ Батталдан он есе артық болды» дейдi. Әзiн жаныб Бұнлар бұ сөз сөйлесiп тұра тұрсын, Сейiтке өнер бастар уақыты келдi. Сейiт тауға атты жасырып қойды, Қайсардың шатырына түнде келдi. Суретiн тәбдил қылып бiлдiрмедi, Қайсардың бiр адамы бола қалды. Қайсардың шатырына кiрiп келдi, Малғұнды тақ үстiнде отыр көрдi. Һәр ықылымдардың патшалары бiрге ердi, Ортасында Ахмет Тұран, Мүмлан ғазы отыр көрдi. Қайсар:–Бұнларды өлтiргiл,– деп айтар ердi, Бiзге Нар-нұр риза болсын,– деп айтар ердi. Беклер сонда:–Өлтiрмең үшбулердi, Бiзден де тұтқын болған көп-дүр,– дедi. Әгар мұны өлтiрсең қазiр,– дедi, Жұмласын өлтiрер анлар,– дедi. Бұ сөздi патша-беклер мақұл көрдi, Таудан келген жiгiтi сөйлей бердi: –Ол жiгiт палуанларды хараб қылды, Сейiттен он мәртебе артық болды, Бiлмеймiз ол жiгiтттi бiзлер,–дейдi. Ол: «Бiз жiгiтпiз жынлардан» деп сөйлейдi, Сол уақытта Сейiтбаттал һәм сөйлейдi: – Бұ екi адам ол жiгiттi бiлер,– дедi. Бұ екiлiсiн маған бергiл қазiр,– дедi, Мен қинап сөйлетейiн мұны,– дедi. Қайсар сонда:–Хош болар, алың,– дедi, Бек қинап, аулақ жерде сөйлет,– дедi. Екiсiнi Шаһ әулие алып кеттi, Апарып, аулақ жерде қолын шештi, – Иә, Ахмет Тұран, сен маған бақшы,– дедi, Танырмысың, ұқсармын кiмге?– дедi. Сейiтке сонда Ахмет Тұран назар салды, «Аһи» деп есiн танып, құлап кеттi. Уа және есiн жиып, Сейiтке назар қылды, –Сұлтаным, Сейiтпiсiң?– деп жылады. Сейiт болсаң бiлдiршi маған,– дедi, Интизар әһлi исламдар саған,– дедi. Сейiт айтты: – Иә, Ахмет Тұран, бiлгiл менi, Досты садық жар болар iсiң Сейiт,– дедi. Жын хиафатлы ол таудан келген,– дедi, Майданда түрлi өнер қылған,– дедi. Ахмет Тұран естiдi Сейiттiң сөзiн, Аяғына сүрттi екi көзiн. Сейiт оны құшақтап, сүйдi көзiн, «Жығыл» деп, Ахмет Тұранға ақд өзiн. Сол уақытта Мүмлан ғазы сауал қылды, Ахмет Тұран сауалына жауап бердi: – Естiсең Сейiтбаттал Шаһ уәлинi, Бiздiң бұ сұлтанымыз көргiн мұны. Естiп Мүмлан ғазы тағзым қылды, Сейiттiң аяғына басын қойды. Тез жүрiп Шаһ әулие ат iздедi, Екi атты алып келiп мiнгiзедi. –Сiзлер ендi тұрмаңыздар мұнда,– дедi, Жылдам жүрiп барыңыздар анда,– дедi. Сәлем айтқын халифа илән жаранларға, Дұғашы бiз пақырға болғандарға. Иншалла, ертең заһир болармын жаранларға, Интизар бiз пақырға болғандарға. Жаранлар мәлүл болмай тұрсын анда, Иншалла, жәрдем берер Қадiр Алла. Бұ сөздi естiп алды бұнлар сонда, Шаһ жиһан Сейiттiң дәулетiнде. Отыр ердi жаранлар шатырында, Сәлем берiп, кiрiп келдi бұнлар сонда. Әмiр Омар шат болып сұрады сонда: – Нешiк халас болдыңыз– деп,– Құдауанда? Сөзлерiн баян қылды бұнлар сонда: –Халас болдық Сейiттiң дәулетiнде. Халифаға алып келдi Омар сонда, Жер сүйiп, тағзым қылды бұнлар сонда. – Иә, халифа, башарат болсын сiзге, Көп сәлем Сейiт айтты бiзден сiзге. Сау-сәлемет жүрген қазiр күнде, Босатып ол жiбердi бiздi мұнда. «Ертең заһир болам,– дедi,– ендi сiзге, Дұғашы бола тұрсын,– дедi,– бiзге». Халифа мұны естiп шатлық қылды, Құдайға шүкiр үшiн намаз қылды, Баршасы дұға қылып «әмин» дейдi, Мұхаммед Мұстафаға салауат қылды. Тауабил және тәкрар сөз сұрады: – Жаным, сөзiң рас па?– деп сұрады. – Сөзiмiз бақи хақ,– деп жауап бердi, Босатып қазiр бiздi ол жiбердi. Мың-мың шүкiр жаранлар жұмла қылды, Шаттықтан ұйқы келмей, ояу тұрды. Әзiн жаныб Ахмет Тұран Мүмлан илән кетiп ердi, Қайсардың шатырына және келдi. Мас болып қайсар сорлы жатыр ердi, Сорлыны жатқан жерде алып кеттi. Бiр сахарадағы ағашқа байлап қойды, Уа және «көзiңдi аш» деп дауыс қылды. Қайсар сонда көзiн ашып көрдi, Байланған бiр ағашта өзiн көрдi. Бiр адам қарсысында тұрған көрдi, Ол адам қамшы илән бетке соқты. – Әй, лағин, танырмысың менi?– дедi, Танымасаң Иса рұх Алла мен-дүр,– дедi. – Иса болсаң неге ұрасың менi?– дедi, Сенiң үшiн бас бердiм күн-түн,– дедi. Уа және қамшы илән оны ұрды, – Әй, лағин, сөйлемегiн һеш сөз,– дедi. Мен саған падишалық бердiм,– дедi, Жетi ықылым жұртты мұтиғ қылдым,– дедi. Кәнi, қылған қызметiң маған,– дедi, Жатырсың тақ үстiнде һәр түн,– дедi. Қырдырдың беклер илән палуанларды, Уа және не қисапсыз ләшкерлерiнi. Сонда қайсар жылаумен сөз сөйледi: – Ендi маған тура жол көргiз,– дедi. Болайын әмiрiңше ендi,– дедi, Ғафу қыл, бұрын өткен күнәһiмдi. Сейiт ендi қайсардан сөз сұрады: – Бiлермiсiң, таудан келген кiм-дүр?– дедi. Қайсар айтты: – Бiлмеймiз бiзлер оны, Хараб қылған сол ер-дүр,– дедi. – Бiлмесең, мен бiлермiн оны,– дедi, Жын болып ол келген – Сейiтбаттал,– дедi. Қайсар айтты: – Тарион отқа жақты, Ол Баттал Харажында өлген,– дедi. Сейiт айтты: – Ол өлген жоқ қазiр,– дедi, Саққа болып, ол саған су келтiрдi. Һәр түнде палуанларыңды ол өлтiрдi, Уа және түнде қырған көп ләшкерiңдi. Уа және дәрiгер болған саған,–дедi, Түсiрген шашың бiрлән сақалыңды. Ол Баттал және келер ертең,– дедi, Заһир қылар әуелгi суретiнi. Ол шақырар майданда сенi,– дедi, Өзiң бар сол уақытта оған,– дедi. Оның өлiсi табылар сенен,– дедi, Сенен ғайр өлтiрмес һешкiм оны. Әгар сонда бармасаң өзiң,– дедi, Екi дүнияда азап қылармын саған,– дедi. Ендi Сейiт оның ақылын зайұл қылды, Апарып тақ үстiне оны қойды. Бiр дәрiнi мұрнына иiс қылды, Көзiн ашып, өзiн тақытта көрдi. Шақырды ендi қайсар уәзiрлердi, – Мен көрдiм, жауыз ерлер, бiр ғажапты. Маған Иса рұх Алла заһир болды, Апарып, төртiншi қат көкке қойды. Жүзiме бақ, ол менi ұрды, Уа және һәр жерiме жарақат салды. Назар қылып, жұмла уәзiрлер оны көрдi, Қамшы тиген жарақаты заһир едi. Сейiтбаттал өлмеген-дүр қазiр,– дедi, Саққа болып, бүлдiрген ол бiзлердi, Жын болып ол таудан келген,– дедi, Ертең заһир қыла-дүр өзiнi. «Майданға өзiң барғын ертең,– дедi, Ол Батталдың өлiмi сенен» дедi. Ендi беклердiң көңiлiне қорқу түстi, Сол уақытта сабах садық таң да туды. Қызық болар соғыстың уақыты келдi, Жаранлар, ендi сiзлер тыңла мұны. Сейiт хазiреттiң заһир болар уақыты келдi, Қайсардың өлiмiнiң уақыты болды. Уақыт әл-мубаразу әл-ухра-дүр Екi тарапы сап болып майдан тұрды, Мұсылманлар ол тауға назар салды. Сейiт хазiретi сол уақытта шыға келдi, Әуелгi нұры балқып, күндей туды. Алтын кебi сары аты жалтырады, Жетпiс екi ойын қылып жетiп келдi. Мисли көлге түскен қу құс мысалы, Қанатын қағып, майданға тұра қалды. Ойынға екi тарапының халқы қайран қалды, Мүмiнлердiң шаттығы көкке шықты. Халифа башаратлық нағра соқты, Мүшiрiклердiң жүзi төмен, қасiрет шектi. Мүмiнлерге Шаһ жиһан қарсы тұрды, Мүбәрак нұрлы жүзiнен ниқаб ашты. Әуелi Алланың есiмiн заһир әзкәр қылды, Уа және Мұхаммед Мұстафаға салауат айтты. Мүбәрак хұсни даусын заһир қылды, Өзiнiң Сейiтлiгiн баян қылды. – Тарионнан мен аман келдiм,– дедi, Дұшпанларға көп һәлак салдым,– дедi. Иншалла, һәлак қылармын дұшпанларды, Сiзлер жары дұғада қылғыл бiздi. Сол уақытта әмiр Омардан сабыр кеттi, Тез келiп Сейiт илән көрiс еттi. Дадасы Тауабил және шауып келдi, Зар жылап Сейiттiң көзiн сүйе бердi. Екi ұғылы Сейiттiң Әли, Нәзiр және келдi, Зар жылап атасын құшақтады. Жұмла тұрған әһлi ислам зар жылады, Мисли қияметтiң күнi болды. Сейiт сонда көзiне жас алмады, Дiн қайраты iшiне жош әйлады. Әмiр Омар Шаһ әулиеге: – Жүргiл,– дедi, Халифаға ендi мұшраф қылғыл,– дедi. Сейiт оған:–Уақыт тар қазiр,– дедi, Сауға бiрлән барармын оған,– дедi. Шат болып халифаға қайтып келдi, Сейiттiң мажырасын айтып келдi. Халифа башарат дабылын және соқты, Мұсылманлар мың, мың шүкiр Хаққа қылды. Қайсардың әскерлерiне қайғы толды, Дауыл соққан жапырақтай қалтырады. Сонда Қайсар әскерлерiне: – Қорықпа,– дедi, Батталды мен өлтiрем қазiр,– дедi. Шаһ жиһан дұшпанларға қарсы тұрды, – Әй, малғұндар, қайсарың келсiн,– дедi. Қайсар естiп майданға бармақ болды, Беклер сонда: – Сiз барарға жол жоқ,– дедi. Сен жинадың не қисапсыз әскерлердi, Iшiнде палуанлары көп-дүр,– дедi. Әуелi анлар барсын оған,– дедi, Бас берсiн, иә бас алсын олар,– дедi. Әлқисса, Тарун деген палуан барды, Сейiтке «сиқыршы» деп замлап барды. Ол лағин Сейiтке сүңгi салып ердi, Сейiт оның сүңгiсiн маниғ қылды. Көтерiп, ол малғұнды жерге ұрды, Күл болып, жаһаннамға ол жөнелдi. Андан соң Талқан деген және келдi, Ол және қаһарланып замлап келдi, Сейiт сонда қолына қылышын алды, Ол малғұнды аты илән төртке бөлдi. Рустамның нәсiлiнен бiр ер келдi, Сейiт оған:–Иман айт!–деп әмiр қылды. Ол сорлы қабылы жоқ боқты айтты, Қылышын алып, Сейiтке хамлә қылды. Сейiт ендi «сам суар» күрзi алды, Ұрып ердi, аты илән күлдей болды. Сонда мүмiнлер тәкбир оқып, аза қылды, Абдулуаһап «Сұбхан Алла» деп дұға қылды. Халифа Сейiт үшiн дұға қылды, «Әмин» деп жұмла мұсылманлар шуылдады. Уа және пiлге мiнiп бiреу келдi, Зорлығына халайықтар қайран қалды. Сейiтке ол малғұн һәм сөйледi: – Неге өлтiрдiң жұмланың патшаларын? Алайын жұмласының өштерiнi, Көтерiп оңтайланды күрзiсiнi. Сейiт оның күрзiсiн тартып алды, Дұшпанлардың әскерiне лақтырды. Ол күрзi әскерлерге барып ердi, Там құлаған мысалы ол қырылды. Уа және оған күрзi ұрып ердi, Пiлi илән жерге кiрiп, жердей болды. Әлқисса, үшбу сөздi азайталы, Палуанларның он бесiн һәлак қылды. Сейiт және мүшiрiклерге нағра салды: – Қайсар қайда, тез майданға келсiн?!– дедi. Қайсар мұны естiп, өзi жүрдi, Қасына он мың қолын ертiп жүрдi. Уәзiрлерiн қасына және ертiп алды, Алтын, күмiс сияпатын киiп алды. Бейақыл қайсар сорлы сөз сөйлейдi: – Сенiң өлiмiң қолымда менiң,– дедi. Жолықты бұ түнi Иса маған,– дедi, Өлтiресiң ол Батталды өзiң,– дедi. Тiлiмдi алып, бiздiң дiнге кiрсең,– дедi, Сарғаскер мен қылайын сенi,– дедi. Сейiт сонда қайсарға сөз сөйледi: – Әй, бейақыл малғұн,– деп сөйледi. Түнде тақтан көтерген мен-дүр,– дедi, Жүзiңе қамшы ұрған және,– дедi. Иса болып мен жеттiм саған,– дедi, Саққа болып, бүлдiрдiм әскерiңдi. Дәрiгер болып, түсiрдiм сақалыңды, Түнде баян қылғанмын жұмласыны. Бұ майданға келтiрдiм алдап сенi, Халайықтарға рәсуа қылам ендi сенi. Иман айтсаң, халас қылам ендi сенi, Жұмла халқыңа сұлтан қылам және сенi. Иә, қайсар, бiр сөз айтам, тыңла мұны, Тауысалық сөзiмiздiң тамамыны. Бұ майданда жығар болсаң, әгар, менi, Қабыл қылам сiзлердiң дiндерiңдi. Әгар забун әйласам қазiр сенi, Сонда қабыл қылармысың ислам дiнiн. Қайсар сорлы хош көрдi үшбу сөздi, Сейiтке оңтайланды күрзiсiнi. Сейiт сонда жад қылды бiр Алланы, Шығарды үзеңгiден оң аяғын. Жұмырық илән кеудеге ұрып ердi, Мұғаллақ төбесiнен ол жығылды. Қаршыға кебi кеудесiне мiнiп алды, – Бiлдiң бе,– дейдi,– әй, малғұн, қуатыңды? Туғры қыл патша болсаң уағдаңды, Иман айтып, иқрар қылғыл бiр Алланы. «Мұхаммед Мұстафа – Хақ пайғамбар» дегiл оны, Жоқ десең, жаһаннамдық болдың ендi. Қаза жеткен ол бейшара тiл алмады, Жаһаннамнан ол жанын ала алмады. Сейiт ендi кесiп алды оның басын, Халифаға сауға қылып алып жүрдi. Халифа пiлден түсiп, қарсы жүрдi, Сейiтке тағзым қылып ол көрiстi. Сейiттiң көзiн сүйiп, дұға қылды, Әһлi ислам «әмин» деп сайха қылды. Қайсардың басын найзаға шаншып тұрды, Уа және башаратлық нағра соғып тұрды. – Һамиша дұшпанлардың басы, айа, сұлтан, Атыңның аяғында болсын ғалтан. Мұның кебi дұшпанлар болса саған, Мұзафир әйласын сақты аңа Сұбхан. Және жүз мың мұның кебi болса дұшпан, Кесiлсiн бастары, буылсын хандан. Бiзлер дұға қылалы оған шыннан, Иләһым, нәсiп қылсын шапағатынан. Соғыстың ақырғы ғажабы Майданда жетпiс екi ойын қылды, Мисли айд құрбандай шаттық қылды. Мұсылман әһлi «африн» деп дұға қылды, Дұшпан әһлiнiң қалтырап, қаны солды. Шаһ әулие дұшпанларға қарсы тұрды: – Майданға келiңiз,– деп нағра салды. Ендi дұшпанлар жапырақ кебi қалтырады, «Тарқалық» деп, бiр-бiрiн шақырады. Iшiнде һәр ықылымдардың патшалары, – Һай-һай, сiзге не болды?– деп бақырады. Қайсар үшiн келдiк пе мұнда,– дейдi, Һәркiм дiнiн қуаттап келiп ердi. Бiр мүбараз қылалы қазiр,– дестi, Хал жетпесе, тарқармыз сонда,– дестi. Жетi ықылымның патшалары қаулы қылды, Таңдап палуанлар iшiнен бармақ болды. Һәр палуанларды қыздырып сөз сөйледi: – Кiм Батталды өлтiрсе, «қайсар» болсын,– дейдi. Бағзы таңдап iшiнен атқа мiндi, Ат көтермес бағзысы пiлге мiндi. Бағзылардың бойлары мұнарадай, Бағзылары ысқырған аждаһадай. Бағзылары күркiрер арысландай, Бағзылардың шұһрасы жолбарыстай. Бағзылардың сүңгiсi мұнарадай, Бағзылардың қылышы аждаһадай. Бағзылардың күрзiсi жүз батмандай, Бағзылары тауды ұрса уатқандай. Һәрқайсысының көңiлi мисли таудай, Болып тұр ол Сейiттi өлтiргендей. Болғай-дүр тәкбирiнiң халi қандай, Ол –дуадақ, Сейiт оған қаршыға-дүр. Әлқисса, Сейiтке келiп сөз сөйледi: – Қайсарды неге өлтiрдiң?– деп сөйледi. О да сенiң халифаңдай қайсар ердi, Не себеплi қор қылдың ол қайсарды? Сейiт сонда: – Сөйлеме, малғұн,– дедi, Соңынан жiберермiн сенi,– дедi. Иман тұтсаң, құтыларсың менен,– дедi, Жоқ десең, орның жаһаннам болар,– дедi. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Һәрқайсысын бiр өнермен һәлак қылды. Хусусан бiреу өнерi ғажап болды, Көрген жанлар бұ iске ғажап қалды. Екi палуан жүһүдлерден келiп ердi, Бiрi – Ақтай, бiрi – Мәнкүш деген ердi. Екiсi қаулы қылып келiп ердi, Бiрi – күрзi, бiрi қылыш салмақ ердi. Бұ пиғылын Шаһ әулие бiлiп ердi, «Ғапыл халде соғалық» деген сөздi. Шаһ әулие атына қамшы басты, Екi қолын екiсiне салып қалды. Аждаһадай екi палуан малғұнларды, Көтерiп ат үстiнен жерге ұрды. Мұсылманлар мұны көрiп, шатлық қылды, Қуанған дауыстары көкке шықты. Абдулуаһап сахаба:–Бәрекелдi, ұғылым! Қателерден сақласын Алла сенi. Сол халде жұмла мүмiнлер «әмин» дейдi, «Һәр уақытта сақтасын Алла» дейдi. Дұшпанлардың сол уақытта iшi күйдi, «Жұмлаңыз, қаптаңыз!» деп әмiр қылды. Дария кебi әскерлер қаптап ердi, Сейiт сонда қаһарланып нағра салды. Сол уақытта көп дұшпанлар есiн танды, Таңбасында дарияда балық қорықты. Есiткен жануарлар және үрiктi, Күн күркiреп, рағд мисли от шашылды. Соғыс бек қызығы ендi келдi, Қияметтiң мысалы болған уақыты болды. Есiн жиған мүшiрiклер араласты, Екi дария қосылып, соғыс болды. Мұсылманлар тәкбир айтып, сайха қылды, «Алла, Алла!» деген ұрандар көкке шықты. Көктегi перiштелер һәм ғажап қылды, «Ғинаят мұсылманларға қылғын» дейдi. Құда бiлер, қисапсыз перiштелер жәрдем қылды, Уа және ғайып жаранлар жәрдем бердi. Шаһ әулие «Алла» деп зiкiр қылды, «Иә, Мұхаммед!» деп дұшпанларға қылыш ұрды. Хақ Мұхаммед пайғамбардың мұғжизат кереметi, Қырық аршын қылыш сонда һәм ұзарды. Қолына найза алса, уа және ғажап болды, Ұсынса, от тұтатып жана бердi. Ақырып, дұшпанларды отқа жақты, Оттан қашып, дұшпанлар соғылысты. Күрзi тұтса, қолына жеңiл болды, Дұшпанларға ұрғанда таудай болды. Уа және Абдулуаһап, Жағда ғазы хамлә қылды, Ахмет Тұран, Мүмлан ғазы, Тауабил өзi бiрге жүрдi. Әлқисса, жұмла мұсылманлардың палуанлары, Болып жүр һәрқайсы мисли аждаһадай. Мисли селдей болды адамның қаны, Наһр мысалы көтердi кеуделерi. Ой жерлерге қан толып, ат жүрмедi, Тозаңнан күннiң жүзi көрiнбедi. Мысалы бiр қияметтiң күнлерi болды, Адамлары бiрiн-бiрi танымас болды. Сол халде халифа ағзам жүздi жерге қойды, Жұмла пайғамбар һәм әулиелерден жәрдем сұрды: – Жаратқан барша ғаламды иә, Алла,– дедi, Хақ дiнге өзiң жәрдем бергiл,– дедi. Сол уақытта Қадiр Алла жолды қылды, Мұсылманлардың тарапынан желдi қылды. Һайбат бiрлән қатты жел есiп ердi, Дұшпанлардың көзлерiне құмды құйды. Ендi мұсылманлар шат болып қуанады, Дұшпанларды қой мысалы қуып қырды. Бiр жерде жүз кiре, жүз мың ләшкер өлген көрдi, Ғайр жерде өлгендерiн Алла бiлдi. Уа және жесiр болған көп адамларды, Жетi күн шашылған малды бiрге жиды. Шаһ жиһан бұл малдарды тақсым қылды, Бестiң бiрiн халифаға халғат қылды. Қалғанын әскерлерге бахшиш қылды, Сейiт өзi бiр хаббесiн һеш алмады. Әскерлер ол арадан көшiп жүрдi, Шамас пiрдiң қасына келiп қонды. Шамас пiр халифаға тағзым сәлем бердi, Уа және тағзым илән халифаға көрiс қылды. Сейiт хазiретi Шамас пiрдi тағриф қылды, Мұсылманларға жансыз «дұғашы» деп бiлдiрдi. Халифа оған уа ғашиле қылды, «Мархабан, хош келдiң» деп құрмет қылды. Тақытқа халифа шығып ол отырды, Сейiт сұлтан күрсиге һәм отырды. Қаму ықылымлардың патшалары һәм отырды, Шаһ жиһан Сейiт сұлтан жаранларға әмiр қылды: – Құдық – қапуға салған қайсардың палуанларын, Бұ жерге келтiр,– дейдi,– жұмласыны. Жаранлар ол қапуға жетiп барды, Алтауын ол қапудан алып келдi. Бейшаралардың түскен екен шаш, сақалы, Құдықтың әтiр қылған сасықлығы. Сейiт ендi:–Иман етсiн бұнлар,– дедi, Жоқ деселер, мойнын кескiл қазiр,– дедi. Ғақба малғұнның алдағаны Сол уақытта бiр қазы тұра келдi, Халифаға Сейiт илән басын қойды. Есiмi ол қазының Ғақба ердi, Халифаның қасында ол құрметтi. Ләкин дiнi батыл малғұн ердi, Бiлдiрмей мұсылманларға жүрер ердi. Ол залым мүшiрiклерге жансыз ердi, Қайсарға сырын айтып тұрар ердi. Сейiт хазiретiнен ғұзыр қылып ол сұрады: – Бұ алтысын бүгiнше бiзге бергiл,– дедi. Мен үгiттеп, қылайын мұсылман,– дедi, Болмаса, өлтiрерсiң сонда,– дедi. Бұ сөзге Сейiт тәбәссум күлiп айтты: – Хош болар, бұ түнгеше алғыл,– дедi. Ғақба малғұн бұнларды алып кеттi, Бiр аулақ, адам бiлмес жерге келдi. Ол малғұн бұнларды қонақ қылды, – Сiз бiлмейсiз, мен – Исаның құлы,– дедi. Сырымды менiм қайсар һәр уақыт бiлердi, Сәлем хатпен сөйлесiп тұрад,– дедi. Қайсар өлiп, жүрегiм қанға толды, Сiзлерге бiр насихат айтқым келдi. Сiзлер риза харажға болғыл,– дедi, Жұмла жесiр мұсылманларды бергiл,– дедi. Қостантин, сен қайсар болғыл,– дедi, Халифа хатты жазып берсiн,– дедi. Бiр хайла мен қылармын бұған,– дедi, Қайсардың өшiн алмай қойман,– дедi. Бiр хайла қыла қалсам мұнда,– дедi, Келерсiң Малатияға жылдам,– дедi. Сол уақытта аман бермей, қырғыл,– дедi, Малатияны хараб қылып бүлдiр,– дедi. Әлқисса, ол малғұн көп сөз айтты. Бұ сырдан жұмла мұсылманлар ғапыл ердi. Ол малғұн алып келiп, сөз сөйлейдi: – Мұсылман һеш болмады бұнлар,– дедi. Мәгәр риза харажға бұнлар болды, Жұмла жесiр мұсылманларды бермек болды. Сейiт хазiретi естiдi үшбу сөздi, – Уағдасына халф қылар бұнлар,– дедi. Не қылса өзiнiң басына келердi, Халифа қайсар қойды Қостантиндi. Һеш мұсылманларға жауыздық қылмас болды, Жұмла жесiр мұсылманларды бермек болды. Халифа ендi һәр патшаларға изин бердi, Һәрқайсысы өз жұртына қайтпақ болды. Ол патшалар Сейiттен бiр сөз сұрады: – Иә, Шаһ жиһан, сiзден сұраймыз бiр хикметтi. Жұмла мұсылманлар сiз өлдi деп қайғы қылды, Не себеплi жасырдыңыз қатты өзiңдi? Сейiт айтты: – Ерлiк деген он үлестi, Бiрiсi – ерлiк, тоғызы – хайла,– дедi. Дұшпанларға хайла қылмақ болар едi, Хайласыз ер қолға түсер жылдам,– дедi. Һәр ықылымлардың дұшпанлары мұны бiлдi, Сейiтке тахсин қылып, қайран қалды. Патшалар уағдаласып, жұмла кеттi, Халифаны әмiр Омар қонақ еттi. Ол жерде Ғақба малғұн бiрге ердi, Көп палуанларға ол малғұн ағу бердi. Айтармын, иншалла, соңы көптi, Бұ жерде үшбу қисса тамам жеттi. Мұхаммед Мұстафаға салауат ендi жеттi, Сейiт сұлтан әулиеге дұға жеттi. Насырны назым жазған бiз ғарiптi, Дұғадан ұмыта көрме бұ ғарiптi. Он үшiншi бап: Ғақба малғұнның Сейiт ғазiретiне ағу бер- генi, уа және онан саламатланып, мүшiрiклердi қырғанының баяны Бисмиллаһи деп башлалы және сөздi, Хақ жаратқан артық қылып Шаһ уәлидi. Шаһ әулие Сейiт хазiреттiң кереметi, Бiлiнген һәр орында ғаламаты. Бұ бапта және солардың кереметi, Бiлiнер заһир – аян оның ғаламаты. Бола-дүр һәр жақсының бiр дұшпаны, Ғақба малғұн – Сейiттiң хақ дұшпаны. Ғақба малғұн халифа илән сапар қылды, Артына һәлакатты салып кеттi. Әмiр Омар халифаны қонақ қылған ердi, Ол Ғақба әркiмлерге ас асатыпты. Iшiне ол ниғматтың у қосыпты, Осындай палуанларға асатыпты. Ғылымына ол ағудың маһир екен, Бағзы он күн, бағзылары айлық екен. Әлқисса, Тауабил бiр күн өлген екен, Ағудың ғаламатын бiлген екен. Һәр палуанлар әрбiр күнде өлген екен, Шаһар әһлi көп жылап болған екен. Әлхасыл, азайталық үшбу сөздi, Бiр күнлерi Сейiт хазiретi һәм ауырды. Оған дахи ағудың ғаламаты заһир болды, Сейiт үшiн шаһар әһлi зар жылады. Сейiт сонда жаранларға сөз сөйледi, Дiн исламның қайғысын жеп сөйледi: – Мен өлсем, алдым қайырлы болсын,– дедi, Дiн исламға Алла қуат берсiн,– дедi. Мүшiрiклер келер болса мұнда,– дедi, Атының аяғында қалдырғайсың бұны,– дедi. Әмiр Омар халифаға хат жазып, хабар қылды, «Ағудан Сейiт халсiз жатыр» дейдi. Халифа оны естiп, қайғы қылды, «Тез апар» деп, тез жақты қоя бердi. Ғақба малғұн бұ сырдан хабар бiлдi, Екi құлына «тез барып өлтiр» дедi. Екi құлы ол адамды жолда өлтiредi, Тез жағын Ғақбаға келтiредi. Малғұн Ғақба қайсарға хат жазады, Мұндағы жұмла сырын паш қылады. «Тез, жылдам әскер жиып келсiн,– дейдi, Малатияның жұмла халқын қырсын» дейдi. Қостантин қайсарға жiберген хаты барды, Ол қайсар беклерiне кеңес қылды. Жұмласы естiп, бұ сөзге шат болды, –Тез баралы әскер жиып анда,– дедi. Бiр уәзiрi сол уақытта «сабыр» дедi, – Бұ iсiңiз асығыс-дүр сiздiң,– дедi. Тарион отқа жақты, ол өлмедi, Ол бiздiң жұмламызды хараб қылды. Бәлки одан жазылса Сейiт,– дедi, Тар қылар бұ дүнияны бiзге,– дедi. Әуелi жансыз барсын онда,– дедi, Әуелi тiрiк-өлiк хабарын берсiн,– дедi. Андан соңыра бiз баралық анда,– дедi. Астын-үстiн қылайық сонда,– дедi. Бұ сөздi жұмлалары мақұл көрдi, Жiбердi Малатияға жансызларды. Жансызлары Малатияға барып келдi, Сейiттiң халсiзлiгiн бiлiп келдi. «Тауабил рұми, Абдрахман өлген,– дейдi, Сейiтбаттал халсiз бұ күнде жатыр» дейдi. Бұны естiп Қостантин бек шат болды, Жүз мың әскер жиылып, ол аттанды. Әзiн жаныб Ол залымлар жөнiмен жүре тұрсын, Малатияның әһлiнiң сөзi келсiн. Мұсылманлардың жансызлары жетiп келдi, «Пәлен жерге мүшiрiклер келдi» дедi. Мұсылманлар он мың әскер аттанады, Шаһарының қапуын берiк қылады. Әзiн жаныб Мұсылманлар мүшiрiклерге бара тұрсын, Саламат тапқан Сейiттен хабар келсiн. Сейiттiң бiр достысы болар едi, Оның есiмi Мұхаммед ибн Фаллах деген ердi. Әскерлер дұшпанларға кеттi бәрi, Ибн Фаллах зар жылап, шаһарда қалды. – Сейiтсiз дүния харам маған,– дедi, Тәнде жаным керек емес және,– дедi. Бұ ағудан Сейiт өлсе, әгар,– дедi, Мен де һәлак қылайын,– дер күнде,– өзiмдi. Сейiтсiз бұ дүнияның жұмла ғиззатыны, Харам қылдым өзiме,– деп жылады. Бұны айтып ол жылап отыр ердi, Сол уақытта бiр қатын келген көрдi. Омырауында жайнамаз, бiр қолында аса көрдi, Уа және бiр қолында көтерген шиша көрдi. Мұхаммед ибн Фаллахқа ол сәлем бердi, Ибн Фаллах сәлемiн оның алды. Ол қатын ибн Фаллахтан хабар сұрды: – Не қасiретiң бар, иә, ұғылым?– деп сұрды. Ибн Фаллах сырларын баян қылды, Ағу iшкен Сейiттi аян қылды. Қатын сонда: – Иә, ибн Фаллах, ұғылым,– дедi, Бұ шара сiзге болсын, жаным,– дедi. Сейiтке Хақ Тағаладан нәжат келдi, Қапу ашқыл, мен Сейiтке келдiм,– дедi. Мұхаммед ибн Фаллах шат болып шаһарға келдi, Шат болып, жаранларға хабар бердi. Жаранлар шат болып жүгiрiп келдi, Ол қатынға тағзым илән сәлем бердi. Сейiтке ғиззат илән алып келдi, Ол қатын Сейiт үшiн дұға қылды. Сол халде Шаһ әулие көзiн ашты, Мүбәрак ол қатынды отыр көрдi. Қатын ендi шишадан дәрi бердi, Iшiтiп ердi, ағулар сыртқа шықты. Екiншi ол дәрiден берiп ердi, Сейiт сонда түшкiрiп, сау болды. Жүзiне қалғанын сипап ердi, Шаш-сақалы әуелгiдей тамам болды. Уа және арзу қылды, тағам iштi, Құдаға сәна айтып, шүкiр қылды. Жаранлар бұ қатыннан хабар сұрады: – Кiм боласыз, раушан бiзге бiлдiр?– дейдi. Сонда қатын бұнларға жауап бердi: – Бәнiм атым – Рабиға, Мұстафаның қызы,– дедi. Тұрағым – Мәдиненiң шаһары,– дедi, Мұжауир Мұхаммед Мұстафаға болдым,– дедi. Бұ күнi сахар уақытында бiр әуез келдi: – Иә, Рабиға, бұ шишаны алғыл,– дейдi. Һәр тарапқа назар қылып бақтым ердi, Раузадан бiр қол шығып, бердi мұны. – Тез мұны Сейiт ұғылыма бұ шишаны апар,– дейдi, Ағудан халас қылғыл оны,– дейдi. Расул Алла жiбердi сiзге бiздi, Мұратына ерiштiрдi сiздi. Дертке шипа, мұратыңыз хасыл болды, Хош, аман болыңыз,– деп ғайып болды. Сол уақытта шаһардан дауыс шықты, – Бұ дауыс не нәрсе?– деп Сейiт сұрды. Жаранлары: – Иә, сұлтан, ғалым,– деп жауап бердi, Сiздiң халсiз халiңiздi қайсар бiлдi. Ол мұнда әскер жиып, қазiр келдi, Мақсұды хараб қылмақ ол бiзлердi. Шаһ әулие сол халде тұра келдi, – Тез менiң ат, құралымды келтiр,– дедi. Жаранлары алып келдi ат-құралын, «Алла» деп атқа мiнiп жөнеп бердi. Ескен желдей әскерлерге жетiп келдi, Бiр тауға шығып алып, нағра салды. – Әй, лағин, Қостантин, уағдаң кәнi?! Соғысуға келдiң бе мұнда тағы?! Сiзлер менi өлдi деп келдiңiз бе? Менiм тiрi екенiмдi бiлдiңiз бе? Мұны естiп, мүшiрiклер есiн танды, Не қыларға бiле алмай сандалады. «Ендi не деп берермiз жауап» дейдi, Дұшпанлардың құты ұшып, қаны солды. Шаһ әулие атына қамшы басты, Мүшiрiклердiң әскерiне қылыш басты. Сол уақытта Абузар патша және келдi, Елу мың әскер илән қылыш ұрды. Мұсылманлар шат болып, қуат тапты, Шаһ әулие дұшпанлардың туын жықты. Жүһүдлер жөн таба алмай, қаша бердi, Мұсылманлар арттан қуып, қыра бердi. Бұрын аман тiлеселер беру ердi, Уа және «иман айт» деп айтар ердi. Бұ соғыста һеш рақым қылынбады, Кiм ұшырасса, жұмласын қыра бердi. Ол келген әскерлерi жүз мың ердi, Екi жүз адам илән Қостантин шақ құтылды. Қалғанын дұшпанлардың жұмла қырды, Олардың қалған малын жиып алды. Сейiт хазiретiнiң хозурына алып келдi, Ол малды пақырларға үлестiрдi. Сейiтке Абузар ендi жетiп келдi, Сейiттiң қолын сүйiп, ғиззат қылды. – Естiдiк Мұштаранда сiздi,– дедi, Бiр залым ағу берген, халсiз,– дедi. Сол себеплi мен елден шықтым ердi, Әлхамду лиллаһи көп шүкiр көрдiм сенi. Екеуi мың шүкiр Хаққа қылды, Уағдаласып, Абузар қайтып кеттi. Сейiт және өз малын тақсым қылды, Қағбаның пақырларына садақа мал жiбердi. Уа ғайр шаһарларға һәм жiбердi, Әлқисса, жұмла малын Хақ жолына сарп қылды. Өзiнде жау құралы илән аты қалды, Дийар бина қылған жұрты қалды. Хақ жолына Шаһ әулие малын жойды, Жұмла малын тауып, көңiлi тынды. Әзiн жаныб Кәландам – Сейiттiң алған Тарион қызы, Сейiттiң қатерiне ендi келдi. Тарионға хат жазып, хабар бердi: «Жылдам қызын жiберсiн мұнда,–дейдi. Уағдасына қулық қылған жазасыны, Берермiн бiр күн барып сазасыны. Шақырмасаң сол қызды маған,– дейдi, Тар қылармын бұ дүнияны саған» дейдi. Бұ хаты Тарионға барып жеттi, Тарион тақыт үстiнен ұшып түстi. Қатынына бұ сөзден хабар бердi, Мәлүл болып, көз жасын тия алмады. Сонда қатыны зар жылап, һәм сөйледi: – Бұ сөздi бiлдiрейiн қызға,– дедi. Не мәслихат қыла-дүр қызым,– дедi, Мен келiп бiлдiрейiн сiзге,– дедi. Анасы қызына келiп бiлдiредi, Атасының қорыққан сөзлерiнi. Кәландам қыз бұл сөзге жауап бердi: – Бiздi бермей Сейiтбатталға болмас,– дедi. Мен садақа болайын сiзге,– дедi, Сiзлер аман тұрыңыз мұнда,– дедi. Шаһар әһлi, неше мың жан-дүр,– дедi, Бiр жұмыртқаны садақа қылмай болмас,– дедi. Атасы мақбұл көрдi үшбу сөзнi, Жидырды уәзiр илән беклерiнi. – Баттал бiзге жiберген хатты,– дейдi, Қызын берсiн көп жиһазбен және,– дептi. Уәзiрлер сонда: – Не шара-дүр қылмай?– дедi, Бiлмеймiсiң Сейiтбатталдың қайратыны? Қыз бермесек, ол мұнда келер,– дедi, Жұмламызды ол хараб қылар,– дедi. Жұмла уәзiрлер бiр iлтипат сөздi қылды, Сейiтке ол қызды бермек болды. Сейiттiң екi қылмай сөзлерiнi, Уа және көп жинады жиһаздарды. Қазынашылар аштылар қиу түбiн, Шығарды алтын, жауһар, күмiстерiн Сейiттен бұрын қорқып қалған сорлы, Қисапсыз жiбередiлер малдарыны. Қасына қызметшi құлдар қосты, Уа және қызмет қылар қыздар қосты. Қасына мұғтабарлы, айбарлы беклер қосты, «Аман-есен апар,–деп,–жұмласыны». Кәландам, Тарионның қызы сапар қылды, Бұ күнлерi Малатияға жақын келдi. Беклерi Кәландаммен бiрге келдi, Сейiттiң разылығын бiлмек ердi. Шаһ әулие жолдасымен қарсы келдi, Кәландам Сейiттi көрiп, аттан түстi. Екi ғашық көрiсiп, шатлық болды, Тарионның беклерi сонда бiлдi. «Қыз бен Сейiт қосылған бұрын,– дейдi, Көрмеймiсiң, сүйiстi бiрiн-бiрi». Не қылсын бейшаралардың iшi бiлдi, Сейiттен қорқып, сорлы үндемедi. Сейiт илән Кәландам шаһарға келдi, Шаһар әһлi көп малмен қызды көрдi. Шаһ әулие Сейiттiң хикметiне ғажап қалды, «Адамзат һеш қылмас мұндай» дейдi. Әлқисса, Сейiт хазiретi тойды қылды, Шаһар әһлi қонақ болып, дұға қылды. Екi ғашық қосылып, мақсұт бiттi, Бұ күнлерi ол Кәландам ұғыл туды. Пайғамбардың мұғжизатын заһир көрдi, Есiмiн ол ұғылының Бәшiр қойды. Той қылып, пақыр, мiскiнге бахшиш бердi, Бұ шадлық халифаға һәм естiлдi. Халифа Сейiт үшiн мәлүл ердi, Ағу iшкелi хабарын бiлмей тұрған ердi. Пайғамбардан шапағат-шипа келгенiнде, Сағы тауып, саламат болғанын да. Қостантин екi жүз мың ләшкер илән келгенiн де, Жұмла әскерi һәлак болып өлгенiн де. Екi жүз адам илән шақ құтылғанын, Сейiттiң Тарионның қызын алғанын. Жұмласын халифа естiп, шадлық қылды, Той қылып, пақыр, мiскiнге үлес бердi. Ғалым-ғұлама, тәлиб-тулабаларға садақа бердi, Жұмласы Сейiт үшiн дұға қылды. Ғақба малғұн ол мәжiлiсте бiрге ердi, Қайсар үшiн iшi күйiп жүрер ердi. Сейiттiң жазылғанын және бiлдi, Қостантиннiң ләшкерiнiң қырылғанын және бiлдi. Ол малғұн залымдықты және қылды, Халифа илән Мүмлән ғазыға ағу бердi. Халифа, Мүмлән илән және өлдi, Мұсылманлар анлар үшiн көп жылады. «Аһи, Мүмлән ғазы!» деп зар жылады, «Мұсылманлардың зор туғаны сен-дi,– дейдi. Нехасыл, тағдыр Алла хүкүм қылды, Құданың тағдыр әзелi солай болды». Халифаның ұғылы Мүсiлiм деген болар ердi, Атасының орнына халифа болды. Һәр ықылымдардың патшаларына хабар жазды, «Халифамыз Мүсiлiм» деп, һәр тарапқа ағлам қылды. Бұ хабар Малатияға һәм естiлдi, «Халифа ағудан өлген» деп бiлiндi. Есiткен халайықтар қайран қалды, «Бұ iстi кiм қылды?» деп таң қалды. Сейiт хазiретi «аһи» деп сөз сөйледi: – Арамызда бiр дұшпан бар-дүр,– дедi. Бұ сырды әшкере қыл, иә, Алла бiзге,– дедi, Ол залым рәсуа ғалам болсын,– дедi. Сейiттiң қабыл болды бұ дұғасы, Құдаға арзу қылған мiнәжаты. Ғақбаның қылған Сейiтке фитнасы, Басына тез заманда жеттi iсi. Ендi тамам қылалы бiз бұ қиссаны. Сол малғұнның айталық және фитнасын. Ол Ғақба халифаның бiр қазысы ердi, Жансыз болып мүшiрiклерден жүрген ердi. Ол малғұн шариғатқа кәмил ердi, Ғалымдықпен бiлдiрмей қазы болды. Оның үшiн халайықтар ғапыл болды, Ғапыл күнде халайықтарды көп бүлдiрдi. Не сөйлесе, сөздi рас бiлдi, «Мұнафиқ алдар мүмiндi» деген болды. Һәркiмдерге ағу берiп, һәлак қылды, Қылған iсi басына келер уақыты болды. Бұның бiрлән бiрнеше күнлер өттi, Уақыты жетсе пенденiң iсi бiттi. Бұ қиссаны жазған ғарiп тамам еттi, Мұхаммед Мұстафаға салауат айтты. Және Сейiт Сұлтанға бұ ғасы дұға еттi, Шапағат уәли Алладан тамағ еттi. Оқыған бұ кiтапты, иә, әһлi, жары, Фатиха оқып, мен ғасыға қылғын жары. Құдайым қабыл қылсын дұғаңызды, Иләһым, жарылқағай фазылы бiрлән жұмламызды. Ас салауат уас салам аләйка рахмат лилаламин, Ас салауат уас салам аләйка йа саидал-әууалина уал-ахирин. Он төртiншi бап: Ғақбамалғұнныңүшбунiфитнақылғаны. Ол фитнасы заһир аян болып, Сейiт хазiретi ол малғұнды өлтiргенi Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Алланың есiмiн қосып, сөз қошлалы. Уа және Мұхаммед Мұстафаны салауат илән бiз башлалы, Салауат айтып, шапағатын бiз сұралы. Уа және Сейiт сұлтан Шаһ уәлидi, Кереметiн назым бiрлән паш қылалы. Уа және Абдулуаһап әулие сахабаны, Малғұн Ғақба не қылғанын бiз айталы. Риуаят рауиларның сөзлерiнi. Қадари хал баян қылалы сiзлерге оны. Шаһ әулие жаранлармен отыр ердi, Уа және әмiр Омар, Жағда ғазы бiрге ердi. Абдулуаһап сахаба тұра келдi, – Сөзiм бар, мақұл көрсеңдер айтам,– дедi. Әмiр Омар: – Мархабан, хош сөйле,– дедi, Сөзiңiз бас үстiне болсын,– дедi. Сахаба Абдулуаһап сөз бастады: – Бiр ғажап жер көрдiм,– деп бастады. Су бойында бiр жақсы мәнзил,– дедi, Сайран қылып, көңiл ашарға жақсы,– дедi. Со жерге бiр сарайды салам,– дедi, Ол сарай ақыретлiк болсын,– дедi. Жаранлар тафарраж қылсын ол мәнзилдi, Һәр уақытта көңiл ашар болсын,– дедi. Әмiр Омар сол уақытта сөз бастады: – Қырық қой, қырық батпан май ал,– дедi. Уа және қырық жүк бидай алғыл,– дедi, Көңiлiңе тiлегенше салғыл,– дедi. Уа және Жағда ғазы:–Мынаны да ал сондай,– дедi, Қырық көш, қырық пұт май мен балды,– дедi. Әлхасыл, халдерiнше һәркiмлер малды бердi, Һәрқайсысы түрлi заттар және бердi. Сол уақытта Сейiт хазiретi һәм сөйледi: – Малым жоқ, не берейiн,– деп сөйледi. Мен ауға шығайын қазiр,– дедi, Берейiн не түскенiн сiзге,– дедi. Атына мiнiп, Шаһ әулие жүре бердi, Бұ күнлерi бiр сахарада жақсы жерге ұшырады. Аттан түсiп, ол судан таһарат алды, Ол жерде намаз оқып, ұйықтап қалды. Жатқанда құлағына дауыс келдi, Тыңдаса, кiсiнеген аттың дауысы. Оны естiп, Шаһ әулие тұра келдi, Қараса, керуен илән әскер көрдi. Ол ләшкер бұ адамға көзiн салды, «Сейiтбаттал екен» деп танып бiлдi. Әзiн жаныб Қайсар малғұн үш қызы болар ердi, Бiр қызы Маһпруза дестi ердi. Ол қызын Сейiт хазiретi алған ердi, Өзгелерi қайғыда қалған ердi. Бiрiсiнiң есiмi Һамаиун Маһ ердi, Фағфурдың ұғылына айттырып қойған ердi. Хасрауыл Фағфур ұғылы есiмi ердi, Қыз бiр күнi Хасрауылға қағаз жазды. Сәлем хат зары қылып сөз жазыпты, Қайғысын көңiлiндегi бiлдiрiптi. «Сейiтбаттал өлтiрдi әкемiздi, Уа және алып кеттi ол бiр апамызды. Бiз дахи бек қорқамыз андан,– дейдi, Бiр күнi алып кетер деймiз және бiздi. Түн болса, ұйқы болмас бiзде,– дейдi, Керек болса, алып кеткiл ендi бiздi». Ол хаты Шейiт патшасына барған ердi, Хасрауыл қызды алып қайтқан ердi. Сейiттен қорқып, әскер илән келер ердi, Қорыққан сол Сейiтке ұшырады. Қыз Һамаиун Сейiттi танып бiлдi, «Аһ!» деп Хасрауылға сөз сөйледi: – Хасрауыл, бiз Батталдан қаштық ердi, Аһи қашып, үстiне ұшырадық ендi. Сол уақытта Хасрауыл: – Қорықпа,– дедi, Бұ Батталды өлтiремiз қазiр,– дедi. Бiздiң бар жолдасымыз төрт мың, Не қылар жалғыз кiсi көпке,– дедi. Хасрауыл әскерлерге:–Қапта!–деп әмiр қылды, Батталды отқа алып лақтыр,–дедi. Әскерлерi сол уақытта қаптап ердi, Сейiт хазiретi нағра, қылыш ұрды. Тез халде Хасрауылды ұрып жықты, Ләшкерлерiн қой мысалы қуып қырды. Ендi айланып қыздың қасына жетiп келдi, Қыз сонда Сейiтбатталға сөз сөйледi: – Әкемнен көп алып едiң алым,– дедi, Бұзарсың уағдаңды не үшiн?– дедi. Сен менiң жұмла қырдың әскерiмдi, Ендi жiбергiл Хасрауыл илән екеумiздi. Сейiт сонда ол қыздан жауап сұрды: –Маған сөздi сөйлейтiн кiмсiң?– дедi. Қыз сонда: – Мен – қайсардың қызы,– дедi, Сұраңыз, менiм атым – Һамаиун Далфруза,– дедi. Байлаған ол адамың Хасрауыл,– дедi, Шын патшасы Фағфурдың ұғылы,– дедi. Ол Хасрауыл – менi алған ерiм,– дедi, Кәрiм қылып жiбергiл екеумiздi. Һеш болмаса, ол Хасрауылды сатқыл,– дедi, Берейiн алтын, күмiс, жауһар,– дедi. Сейiт сонда ол қызға сөз сөйледi: – Жаным, сенiң ақылың қайда кеттi?– дедi. Аң аулап, мен бiр жүрген аңшы,– дедi, Қолға түссе, жiбере ме ол аңды? Бiр адам асар болса бiр ниғматты, Қайта алып тастар ма, бiлсең,– дедi. Қыз бiрлән Хасрауылды алып жүрдi, Мың кiсiнiң ат-тонын жұмла алды. Бiр ағаштың түбiне бұнлар түстi, Ол ағаштан Сейiтбаттал жемiс жедi. Сонда Сейiттiң ақылы зайұл болды, Қыз келiп, Хасрауылдың қолын шештi. Сейiттi өлтiруге бұнлар қорықты, Сол ағашқа махкам қылып, байлап қашты. Бiр уақытта Сейiт көзiн ашып көрдi, Өзiн бiр ағашқа байлаған оны көрдi. Жемiстiң кесел қамын Сейiт бiлдi, Со халде екi атты адам жетiп келдi. Бұнлар келiп Сейiттен хал сұрады: – Бұ ағашқа байлаған кiм-дүр сенi? Сейiт сонда: – Бұ жерге келдiм,– дедi, Бiр керуен бұ жерге келiп түсiрiп, шарап ашты. Мен дахи ол шараптан iштiм,–дедi, Масты болып қалыппын сонда,–дедi. Бұ ағашқа байлап анлар кеткен,–дедi, Ат-қанатымның жұмласын алған,–дедi. Сонда бұнлар шуласып, аттан түстi, Сейiттiң ол ағаштан қолын шештi. Сейiт ендi көздедi жiгiттердi, Белiнде жақсы қылышты көзi көрдi. Хайла бiрлән сандалып сөз сөйледi: – Қылышыңыз ағаштан ба сiздiң?– дедi. Сейiттiң бұ сөзiне анлар күлдi, «Есi кетiп қалған-дүр мұның» дейдi. – Әй, жiгiт, сен ақылсыз жан ба?– дейдi, Ағаштан қылыш қылған қайда?– дейдi. Сейiт сонда: – Алдыңыз қайдан мұны? Алдап сатып жүрмесiн сiзге мұны. Бұнлар сонда күлiсiп, һәм сөйледi: – Қылышты қолыңа алып көршi,– дейдi. Сейiт сонда қылышты қолына алды, – Тез мұсылман болғыл,– деп сайха салды. Ол екеуi мұсылман һеш болмады, Ол екеуiн Сейiт хазiретi төртке бөлдi. Андан соң Сейiт сұлтан атқа мiндi, «Қайдасың Хасрауыл» деп жолға тұрды. Хасрауыл бiр шашмаға келiп ердi, Ас асап, су iшерге түсiп ердi. Сол жерде тағам асап отыр ердi, Үстiне Шаһ әулие жетiп келдi. Қыз көрiп Сейiтбатталды «Аһ» дедi, – Жеттi ғой Сейiтбаттал тағы,– дедi. Хасрауыл сонда: – Қорықпағыл андан,– дедi, Мен бiр қылайын оған,– дедi. Қаһарланып Хасрауыл келген болды, Сейiт сұлтан сөйлетпей жерге ұрды. Қолын арқасына Хасрауылдың байлап алды, Қыз илән жұмла малды жинап алды. Көп малды Сейiт хазiретi алып жүрдi, Абдулуаһап сахабаға жетiп келдi. Жұмласын Абдулуаһапқа һиба қылды, Сейiтке разы болып, дұға қылды. Жаранлар жұмла отырған сөз сөйлейдi: – Бұ қызды мен алам,– деп талас қылды. Сейiт сонда: – Сөйлеме,– дедi үшбулерге, Һәрқайсың көп сөйлеп, қылма ғауға. Беремiн үшбу қызды халифаға, Үшбу қыз – жұмламыздан болсын сауға. Сейiт хазiретi бұйырдылар адамға, «Алып бар» деп үшбу қызды халифаға. Ол адам алып барды халифаға, Қызды көрiп, халайықтар қалды таңға. Ол қыздың ғажап қалды хұсниға, Ұқсаған бұрынғы өткен Зылихаға. Сейiтке алтын бердi уазифаға, Әкелген адам үшiн және сауға. Халифа ол қыз үшiн сұхбатқа Той қылып, уәзiрлерге бердi сауға. Сейiт хазiретке қылдылар хайыр дұға, «Һәрдайым ғинаят берсiн,– дедi,– Алла». Халифа қызды алып, Құдаға шүкiр қылды, Құдаға сәна айтып, чоқ зiкiр қылды. Әзiн жаныб Халифа зiкiр, шатлық қыла тұрсын, Ыстамбол тарапының сөзi келсiн. Бұ хабар Ыстамболға естiлдi, Қостантин естiп, фариад қылды. Қайсар болған Қостантин ашуланды, Сейiтке көп бәһана сөздi жазды: «Қарындасымды тұтыпсың, Баттал,– дептi, Тез жiбергiл Хасрауыл илән һамаиун қызды. Жоқ десең, мен барармын мұнан,– дептi, Жер көтермес ләшкер илән саған,– дептi. Әуелi өлтiрермiн сенi,– дептi, Андан соң өлтiрермiн халифаңды. Қағбаңды отқа жағам және,– дептi, Қоймаспын жер бетiнде мұхаммедилердi». Бұ жазған хаты Сейiтке жетiп келдi, Ол хатты Сейiт оқып, оған күлдi. Сейiт ендi Қостантинға хатты жазды: «Әй, малғұн, ұмыттың ба бұрынғыны? Ұмытқан болсаң, әй, малғұн, келшi берi, Бас артық сен атаңнан алшы,– дейдi. Атаң сенiң не нәрсе алып ердi? Қаны төгiлiп, бұ жерде қалып ердi. Асықсаң, сен де мұнда келшi,– дейдi, Жаһаннамнан орныңды алшы» дейдi. Қайсарға Сейiттiң хаты барып жеттi, Хатты оқып, Қостантин бегiн жиды. Баршалары жиылып, кеңес қылды: – Барған бiрлән һеш нәрсе болмас,– дейдi. Бiлмеймiсiң, ол Сейiт көп сыналды, Һешбiр адамлар пар болмаған оған,– дейдi. Арамызға көп ғауға болған сөздi, Барсақ һәлак қыла-дүр Баттал бiздi. Андан да жай тұралық бiзлер,– дейдi, Бiр күнi мәсiх қылар бiр жәрдемдi. Бұнлар бұ сөздi сөйлесiп отыр ердi, Бiр адам Ғақба малғұннан хат келтiрдi. Малғұнның жазған хатын оқып көрдi, «Әй, қайсар, қарындасың мұнда келдi. Оны мұнда келтiрдi Баттал ғазы, Қатын қылып, халифа алды әлi. Мен аңдып, кеше-күндiз жүрмiн,– дейдi, Пұрсат тапсам, жiберемiн сiзге,– дейдi. Сiзлер тыныш тұра тұрғыл анда,– дейдi, Мен бiр фитна қылармын мұнда»,– дейдi. Бұ хатты жұмлалары оқып бiлдi, Жұмласы шат болып бұған күлдi. Қайсар және Ғақба малғұнға хатты жазды, «Разымын саған» деп көп сөз жазды. «Иә, Ғақба, сен менiм, жаным,– дейдi, Сен артық ата-анамнан болдың,– дейдi. Не қылсаң, жылдам қылғыл бiр iс,– дейдi, Жүрегiмнiң жанған отысың сен,– дейдi. Бiзге бұ iс, бек намыс болды,– дептi, Адамларға қарайтын жүз жоқ» дептi. Бұ хаты малғұн Ғақбаға келiп жеттi, Малғұн оқып ол хатты қайғырыпты. Ол малғұн күн-түн ұйқы һеш көрмейдi, Ол қызға жолығарға жол таппайды. Бiр күнi бiр адамға ол залым сөз айтады: – Пәлен жерде аң көп екен,– деп айтады. Сен барып, халифаға бiлдiр,– дедi, Халифа аңға кетер сонда,– дедi. Ол адам халифаға барып айтты: – Пәлен жерде көп аңды көрдiм,– дептi. Халифа ол уақытта жiгiт ердi, Аң аулауды көңiлi сүйер ердi. Бұ сөздi естiп, халифа атқа мiндi, – Иә, Ғақба, сен сұқ көз болғыл,– дептi. Халифа жолдас алып, аңға кеттi, Халифа үш күн кеште келе алмады. Малғұн Ғақба ол қызға жетiп барды, Өзiнiң сарайына ертiп келдi. Бiлген сөзiн ол қызға баян еттi, «Қазiр елге жiберем» деп аян еттi. Жұмыскер екi құлын бiрге қосты, – Бұ қызды тез қайсарға жеткiз,– дедi. Жұмыскерлер ол қызды алып барды, Қостантин қызды көрiп бек шат болды. Әзiн жаныб Шат болып бұнлар әзiр тұра тұрсын, Тыңлаңыз, малғұн Ғақбаның сөзi келсiн. Көрiңiз, малғұн Ғақба не iс қылды, Таң туғанда «қыз жоқ» деп фариад қылды. Тыңлаңыздар, ол малғұнның фитнасыны, Адамларға сөйлеген хайласыны. «Сейiтбаттал алып келген ошал қызды, Халифаға сауға қылып берген болды. Халифаға берген соң Һамаиун қызды, Өкiнiп, кеше-күндiз жүрген ердi. Бүгiн түнде Абдулуаһап келiп ердi, Қызды ұрлап әкеткен олар-ды». Бұ сөздi Бағдаттың қауымы естiп ердi, Сейiтке айып қылып, сөз сөйледi. Бiр адамды халифаға ол жiбердi, Ғақба малғұн халифаға жүгiрiп барды. Басты жерге қойып, өтiрiк жылады: – Иә, халифа, Руизамин сұлтан,– дедi. Тыңлаңыз, ықылас бiрлән бiздiң сөздi, Сейiтбаттал палуаныңыз бiр iс қылды. Өзi берген қызды өзi алдырды, Абдулуаһап сахаба түнде келiп ердi. Ол қызға мәжiлiс қылып отыр ердi, – Мен маниғ қылмадым ол сахабаны. Қарт кiсi қиянат қылмас,– дедiм,– оны, Түнде алып кетiп-дүр ол қызды. Жiберген Сейiтбаттал бiлдiм оны, Сiзге осындай қылып-дүр қиянатын, Алдап тұтып жүрген-дүр дiндi,– дедi. Халифа рас бiлдi үшбу сөздi, Қан алды ашуланып екi көздi. Қолына қалам алып, қағаз жазды, Әмiр Омарға жiбердi жазған хатты. Халифаның жеткiздi жазған хатын, Хатты оқып, әмiр Омардың түсi кеттi. «Абдулуаһапты тез жiберсiн сонда,– дептi, Уа және екi қолын байлап» дептi. Халифаның үшбу жазған сөзлерiн, Сейiтбаттал ғазыға бiлдiрiптi. Бұ сөздi Сейiтбаттал естiп бiлдi, Абдулуаһап сахабамен бiрге жүрдi. Екеуi атқа мiнiп, жылдам жүрдi, Адамлары бұ хабардан ғапыл ердi. Халифаның сарайына екiсi тура жүрдi, Ғақбаның бiр жансызы көре қалды. Жүгiрiп келiп Ғақбаға хабар бердi: – Абдулуаһап, Сейiтбаттал келүр,– дедi. Ғақба малғұн естiп тұра келдi, Жүгiрiп келiп халифаға хабар бердi: – Сiзге қиянат қылғандар келүр,– дедi, Түсейiн деп сарайға туғры,– дедi. Алдынан адамлар барсын оның,– дедi, Келтiрмесiн Сейiттi мұнда,– дедi. Ол келсе, бiр хайланы мұнда қылар,– дедi, Жұмламызды хайламен ол алдар,– дедi. Байласын Абдулуаһаптың қолын,– дедi, Әуелi дарға ассын оны,– дедi. Андан соңыра Сейiтбатталға хүкiм жүрсiн, Сөйлетпей, оны дахи дарға ассын. Әгар мұнда ол болмай келсе,– дедi, Сiзге тағзым ол сәлем берсе,– дедi. Алмағайсың сәлемiн оның,– дедi, Иғтибар қылмағайсың сөзiн,– дедi. Жүзiне туғры назар салмағайсың, Рақым, мүләйiмсу айтпағайсың. Ғақба малғұн бұлайша сөз сөйледi, Халифа сонда жалладтарға әмiр қылды. Жалладтар оны естiп, тышыра шықты, Сейiтке: – Үйге кiрер жол жоқ,– дедi. Халифа әмiр қылды бiзге, тыңдалық, Абдулуаһаптың қолын байла,– дедi. Сейiт сонда жалладтарға қаһары келдi, Иегi қызарып оттай жанды. Қолынан Абдулуаһаптың ұстап алды, Үйiне халифаның кiрiп келдi. Екiсi тағзым, тәкiрiм халифаға қылып келдi, Уа және тағзым илән сәлем бердi. Үшбулердiң сәлемiн ол алмады, Жүзiне назар қылып, көз салмады. Сейiт сонда халифаға сөз сөйледi: – Құдауанда жазығымыз не-дүр?– дедi. Менiң илән сөйлеспессiң нешiк?– дедi, Мен саған залымдық қылдым қашан?– дедi. Иә, халифа, Руизамин сұлтан,– дедi, Тағында Пайғамбардың тұрсың,– дедi. Бiздiң қылған күнәмiздi бiлдiр,– дедi, Андан соң әмiрiңiздi жүргiз,– дедi. Халифа сонда Сейiтке сөз сөйледi: – Сен қиянат қылыпсың маған,– дедi. Әуелi маған бердiң Һамаиун қызын, Уа және қайтып алдың не себеплi?! Абдулуаһапты жiберiпсiң мұнда, Қызды алып кетiп-дүр сонда,– дедi. Сейiт сонда: – Құдауанда,– деп сөйледi, Бұ сөздi бiз естiдiк сiзден,– дедi. Бұ iстен хабарымыз жоқ бiздiң,– дедi, Ол қыздың бар жөнi һәр кез,– дедi. Уа және Абдулуаһап ант бiрлән жауап бердi: – Көп жасқа бұ уақытта келдiм,– дедi. Мұхаммед Мұстафаны мен көрдiм және,– дедi, Жазған хатын келтiрдiм және,– дедi. Әй, халифа, сабыр қылғыл үшбу жайда, Залымдардың сөзлерiне сен инанба! Бiр залымның сөзi үшiн иә, халифа! Сейiттi бұның үшiн шiлте қылма. Иә, халифа, бұ iстi мен қылармын ба! Жас емеспiн иә, халифа, өзiң ойла! Ғұмырымда қылмадым өтiрiкке хайла, Ендi неге сөйлейiн өтiрiкке хайла. Бұ сөзiңiз Сейiтке зор әфтара, Бұның үшiн Сейiттi сен ұялтпа. Ғақба малғұн сол халде тұра келдi, – Ол қызды сен ұрладың, бiлдiм,– дедi. Сен түнде келмедiң бе мұнда?– дедi, Қыз илән мәжiлiс қылып сонда,– дедi. Абдулуаһап ант iштi сол уақытта, «Жалғаншыны өзiң тұтқыл, Құдауанда». Уа және Ғақба малғұн сөз сөйледi: – Ант iшсе де инанба, халифа,– дедi. Байлаңыз Абдулуаһаптың қолын,– дедi, Алмаңыз өтiрiк айтқан сөзiн,– дедi, Халифа сонда жалладтарға әмiр қылды, Уа және Абдулуаһаптың қолын тұтты. Қылыш тұтып жалладтар жетiп келдi, Кесерге Абдулуаһаптың мойыныны. Сейiт сонда жалладтарға жұмырық ұрды, Мұғаллақ төбесiнен ол жығылды. Жалладтардың қылышын тартып алды, Уа және халифаға сөз сөйледi: – Мұның кiнә, жазығын бiлдiр,– дедi, Әсбат қылып андан соң өлтiр,– дедi. Сол уақытта Ғақба малғұн фариад қылды, – Көрдiңiз бе бұ Баттал не iс қылды?! Халифаның жүзiне қылыш тұтты, Қаны харам, бұ Батталды өлтiр!– дедi. Сейiт сонда: – Әй, халайықтар,– деп сөйледi, Бұ Ғақбаның залымлығы мағлұм болды. Бәлки қызды ұрлаған бұнлар өзi,– дедi, Иншалла, бiлермiн мұның асылыны, Халифаға тұтпадым мен қылышты, Жалладтардың қолынан алдым,– дедi. Әй, халайықтар, бiр сөз айтам, тыңла мұны, Мәслихат қылып сөйлеңiз жұмлаңыз мұны. Қырық күн рұқсат бергiл бiзге,– дедi, Қызды iздеп келемiн мен бiр,– дедi. Қызды iздеп таппасам сонда,– дедi, Андан соңыра Абдулуаһапты өлтiр,– дедi. Бұ сөздi ұлық-кiшiклер мақұл көрдi, Қырық күнше барша адамлар уағда қылды. Ендi Абдулуаһап қадiрлi сахабаны, Тар зынданға қойып алдылар бейшараны. Сейiт хазiретi Хаққа тәуекел етiп жүрдi, Малатияның шаһарына жетiп келдi. Жаранларға бiлдiрдi Сейiт мажырасыны, Естiгендер таң қалып, есiн танды. Ендi жаранлармен уағдаласып жолға жүрдi, – Сiзлер жары дұғада болғыл,– дедi. Рұмша тонын киiп келер ердi. Түс уақытында бiр адам ұшырады. Одан Шаһ әулие сөз сұрады: – Жансыз мысалы келерсiң қайдан?– дедi. – Мен ешкiмге жансыз емес адам,– дедi, Барамын бұ ғади үшбу тауға,– дедi. Сейiт сонда ол адамға қамшы ұрды, – Бiлермiн келбетiңнен жансыз,– дедi. Ол адам қорқып сонда сөйледi: – Айтайын расымды сiзге,– дедi. Келемiн Ыстамболдан қазiр,– дедi, Жiбердi Қостантин Бағдатқа менi,– дедi, Анда бар Ғақба деген бiр ғазы,– дедi, Апарам үшбу хатты соған,– дедi. Сейiт оқып, ол хаттың сөзiн бiлдi, «Жiберген қызың аман келдi,– дейдi. Сен жақсылық қылыпсың бiзге,– дейдi, Бiз разы бек болдық сiзге,– дейдi. Теңiз жағасында сарай салдым,– дептi, Қарындасымды сонда апарып қойдым,– дептi. Жүз мың Баттал болса да бармас,– дептi, Барарға ол аралға таппас» дептi. Сейiт ендi ол хатты оқып бiлдi, Ғақбаның сол малғұнлығын кәмил бiлдi. Сейiт және жiгiттен сөз сұрады: – Және сөзiң бар болса, сөйле,– дедi. Жiгiт сонда: – Сөзiм жоқ ендi,– дедi, Жұмла сөзiм сол хатта болған,– дедi. Сейiт хазiретi ендi қолына қылыш алды, – Сөзiң бiтсе, басыңа кезек келдi. Иман айт, жаның барда жылдам,– дедi, Жоқ десең, басыңды кесем қазiр,– дедi. Жiгiт сонда иман айтпай, фаған қылды, Сейiт сонда оның басын кесiп алды. Және Сейiт хазiретi жол жүрiп келер ердi, Бiр адам қатты жүрiп арттан келдi. Сейiт келiп, ол адамнан сөз сұрады: – Неге асығып барарсың, қайда?– дедi. Ол адам қалжырақтап ердi, Сейiт сонда: – Шын сөйле,– деп оны ұрды. Ендi қорқып ол адам шын сөйледi: – Мен – Ғақбаның жансызы,– деп сөйледi. Өзiмнiң атымды сұрасаңыз – Шама,– дедi, Қайсарға хат апарам сонан,– дедi. Ол хатын Сейiтке қорқып алып бердi, Ол хаттың Сейiт оқып сөзiн бiлдi. «Иә, қайсар, Сейiтбаттал мұнан кеттi, Қырық күнде келермiн,– деп уағда еттi. Қырық күнде келтiрмесем Һамаиун қызды, Басымды кес,– деп халифаға уағда еттi. Әй, қайсар, ол қызға зинһар сақ бол,–дептi, Сiздi алдап, алмасын қызды,–дептi. Бiлерсiз, Сейiтбаттал – аяр кiсi, Ұятқа қалдырмасын Баттал бiздi». Алты аят Iнжiлден сөз жазыпты, «Қыз мойнына байласын мұны» дептi. Шаһ әулие бұ хатты оқып бiлдi, Ғақбаның малғұнлығын кәмил бiлдi. Құданың құдiретiн көрдiңiз бе, Залым құлға құдайым нешiк қылды. Хақ дiнге Хақ Тағала жәрдем бердi, Екi бiрдей жансызды жолықтырды. Сейiт ендi ол жiгiтке әмiр қылды, «Тез иман келтiргiл!» деп қаһар қылды. Малғұн сонда иман айтпай, инкар қылды, Сейiт оның басын кесiп алды. Шамалдың киiмдерiн киiп алды, Шамалдың суретiне кiрiп алды. Шаһ әулие бiрнеше күн жүрiп келдi, Қайсардың сарайына туғры келдi. Қостантинға Сейiт келiп сәлем бердi, Ғақбаның жазған хатын және бердi. Қайсар оқып, ол хаттың сөзiн бiлдi, «Баттал түгiл, құс таппас,– дейдi,– қызды». Бiр адамға Қостантин бұйрық қылды, – Бұ жiгiттi тез қызға апар,– дедi. Ол аралдың берiклiгiн көзi көрсiн, Қайтып Ғақба ғазыға хабар берсiн. Бұ хатты қыздың дахи көзi көрсiн, Өз қолымен бұ тұмарды қызға тақсын. Әлқисса, жұмыскерлер Сейiттi алып жүрдi, Бiр қайыққа екiлiсi мiнiп алды. Қыздың тұрған аралға жетiп келдi, Құданы Шаһ әулие зiкiр қылды. Ол аралға шаншыпты төрт ағашты, Төртеуiнiң басына үй салыпты. Темiр салып, қапуын бекiтiптi, Былғарыдан бiр басқышын һәм салыпты. Басқыш илән екiсi қапу қақты, Қызметшiлер қапу ашты, үйге кiрдi. Бұнлар кiрiп, қарады жан-жағына, Сарайдың iшi толған қыздарына. Қыз Һамаиун отырған алтын тақта, Уа және алтын, жауһар тәж басында. Он қыз қызмет қылып тұр қарсысында, Он қыз қолын қусырып тұр һәм алдында. Сейiт ендi ол хатты бердi қызға, – Ғақба ғазы жiбердi, жаным, сiзге. Хатты оқып, қарады қыз дұғаларға, – Жақсы хабар келтiрдiң,– деп,– аға бiзге. Ол Iнжiлдiң аятларын сүйдi өзi, Көтерiп, бас үстiне қойды оны. Ғақбаның және халiн қыз сұрады, Сейiт: – Ғақба аман,– деп жауап бердi. Қыз ендi кесесiне қолын салды, Мың алтын ол Сейiтке санап бердi. Ендi Сейiт төңiрекке көзiн салды, «Көп адам жоқ екен» деп пiкiр қылды. Сейiт ендi қолына қылыш алды, Ол қызметшiнiң басын кестi. Уа және ол қыздардың бәрiн қырды, Оны көрiп, даясы мүмiн болды. Сейiт ендi Һамаиунның қолын буды, Сарайдағы асыл заттың бәрiн алды. Қайыққа мiнiп алып бұнлар жүрдi, Өзiнiң атын қойған жерге келдi. Сол жерден екi атты тауып алды, Бiрiне қыз, бiрiне мүмiн болған дая мiндi. «Иә, Алла» деп Малатияға бұнлар жүрдi, Он екi күн болғанда жетiп келдi. Малатияның халқы көрiп, қайран қалды, Сейiт хазiретi жұмла сырды шарх айлады: – Ғақба малғұн салыпты көп һәлакты, Халифа илән жаранларға у берген және,– дедi. Жаранлар үшбу сөздi естiп бiлдi, Құдайға мың-мың шүкiр жұмла қылды. Сейiт хазiретi: – Сiзлер дұғада болғыл,– дедi, Не қылармын ол малғұнға тоқта,– дедi. Терiсiн оның тiрi соям,– дедi, Сөйленсiн қияметкеше һәркiм,– дедi. Әзiн жаныб Ендi Бағдат тарапының сөзi келсiн, Малғұн Ғақбаның қылғаны баян болсын. Сейiт хазiретi Ыстамболға кеткен берлi, Отыз жетi күн арада өткен ердi. Малғұн халифаға сол күн барды, – Қашып кеткен Сейiтбаттал келмес,– дедi. Мен бiлермiн, бұ iстi өзi қылды, Не себеплi ол мұнда келсiн,– дедi. Ендi Абдулуаһаптың қолын байла,– дедi, Ескеншемен қысып, оны қина,– дедi. Сонда шынын Абдулуаһап айтар,– дедi, Шын айтпаса, дарға асқыл оны,– дедi. Халифа малғұн Ғақбаның тiлiн алды, Майданға Абдулуаһапты алып шықты. Сиясат майдан қылып отырғызды, «Шыныңды айт!» деп сахабадан сөз сұрады. Тыңлаңыз Абдулуаһаптың халдерiнi, Қинаған бейшараның жандарыны. Ағаш бiрлән қыстылар жақтарыны, Көп жарақат қылдылар тәндерiнi. Ағызды шариф тәннен қанларыны, Тек шықпаған қалдырды жандарыны. «Дарға ас!» деп халифа һәм бұйырды, Дар түбiне сүйретiп алып жүрдi. Табариктың ақ сақалы, нұрлы жүзi, Қан бiрлән топыраққа ол толған-ды. Пайғамбардың құрметлi жар сахабасы, Қанға қарық болдылар үстi-басы. Малғұн Ғақба аздырды халифаны, Дарға асарға бұйырды сахабаны. Сол халде Абдулуаһап сахаба зар жылады, – Әй, Бағдаттың қауымдары, сөзiмдi тыңла,– дедi. Малғұн Ғақба бұ жаланы маған жапты, Бұ залым халифаны бек азғырды. Ыстамболдың шаһарына Сейiт кеттi, «Келермiн» деп қырық күндi уағда еттi. Әуелi қырық күн тамам болсын,– дедi, Андан соң не қылса өзi бiлсiн,– дедi. Бұ сөздi айтып, сахаба зар қылды, Гауһар кебi көзiнен жары қылды. Жұмла халайықтар бұ сөздi мақұл көрдi, – Сабыр қыл, халифа,– деп жұмла сұрды. Сонда Ғақба малғұн: – Бұ сөзiңiз болмас,– дедi, Қашып кеткен ол Баттал келмес,– дедi. Қызды ұрлаған Абдулуаһап – осы кiсi, «Дарға аспа, сабыр қыл» дегенi несi? Мен бiлермiн, Батталдың қылған iсi! Келер ме қашып, хайла қылған кiсi?! Әзiн жаныб Бұнлар бұ сөз үстiнде тұра тұрсын, Шаһ әулие Сейiттiң сөзi келсiн. Шаһ әулие жол жүрiп келер ердi, Ұйқысы ғалиб болып, ұйықтап ердi. Түсiнде Расул Алла хабар бердi: «Тез тұрып, Бағдатқа барғыл,– дейдi. Ол маңнан ту көтерген қадiрлi сахабамды, Һәлак қылып қоймасын малғұн» дейдi. Мұны естiп Шаһ әулие тұра келдi, Хикмет Алла, тал түсте жетiп келдi. Халайықтардың жиылғанын Сейiт көрдi, Майданда дар құрғанын және көрдi. Абдулуаһаптың байлапты қолдарыны, Мойныға және салған арқанларыны. Оны көрiп Шаһ әулие нағра салды, Аспан жерге түскендей мисли болды. Оны естiп халайықтар есiн танды, «Бұ не ғажап сағиқа?» деп қайран қалды. Ғақба малғұн Сейiттiң дауысын бiлдi, Жүгiрiп халифаға жетiп барды. – Әй, халифа, бiлдiң бе Батталыңды? Алып кеткен келтiрдi қатыныңды. Абдулуаһаптың ұрлағаны мағлұм болды, Жалладтар қинағасын алып келдi. Ол Баттал һәрбiр жерге барып келдi, Iшiне түрлi хайла салып келдi. Хайла мен қиянатты сiзге қылды, Уа және алдайын деп алып келдi. Өзiң қыл үшбулерге хүкiмiңiздi, Өлтiргiл дарға асып екiсiнi. Сипаттап отыр ердi ол Сейiттi, Шаһ әулие дар түбiне жетiп келдi. Дар түбiне келiп, ол аттан түстi, Абдулуаһаптың байлауын жұмла кестi. Абдулуаһап Сейiттi көрiп «Аһи» қылды, Құшақтап ол Сейiттi зар жылады. – Менiм халiмдi көрдiң бе, жаным,– дедi, Көп жапа Ғақба малғұн маған қылды. Бұ iстi өзi қылған шығар,– дедi, Оның үшiн залымдықты маған қылды. Сейiт айтты: – Мен бiлдiм үшбу iстi, Ыстамболға жiберген бiлдiм қызды. Халифаға ағу берген малғұн Ғақба,– дедi, Белiне зинар таққан кәпiр,– дедi. Не қылармын о малғұнға қазiр,– дедi, Терiсiн тiрi оның соям,– дедi. Сөйленсiн қияметкеше аты,– дедi, Һәркiм лағынет оқысын оған,– дедi. Ендi Абдулуаһапты жетелеп алып жүрдi, Келiп ол халифаға сәлем бердi. – Әй, халифа Руизамин, сен зор,– дедi, Сендiрдi ме Ғақба малғұн сенi?– дедi. Менi сен келмес деп ойладың ба? Қырық күнге сен сабырлық қылмадың ба? Пайғамбардың жүзiн көрген сахабаны, Қинадың не себеплi бұ ғазизды? Орнына Пайғамбардың отырыпсың, Немең үшiн бұ ғазизды сен қинапсың? Бұйырарсың халайықтарға әдiлдiктi, Не үшiн бердiң бұған көп азапты? Сұраса Хақ Тағала бұ қылығыңды, Берерсiң сол уақытта не жауапты? Мен көрдiм дiн жолында машақатты, Кеше-күндiз қинадың ғарiп жанды. Алыпсың бiр малғұн сөзлернi, Қор қылыпсың қадiрлi жолдасымды. Мен бардым Ыстамболдан арман,– дедi, Күн-түн жүрiп қалмады дәрмен,– дедi. Алып келдiм ол қызды мұнда,– дедi, Ендi менде қалмады арман,– дедi. Сейiт бұлай жұмла сөзiн айтып салды, Естiген халайықтар қайран қалды. Халифаның қызарды сонда жүзi, Ұялғаннан төмен қылды һәм басыны. Сейiт айтты Ғақба қылған үшбу iстi, Жiберген Ыстамболға үшбу қызды. – Бұ Ғақба – өзi дiнсiз, кәпiр,– дедi, Атаңа ағу берiп, бұ өлтiрдi. Мүмлан илән жаранларға һәм берiптi, Уа ғайр фитналарды көп-көп қылыпты. Бiлерсiз, сабыр қыңыз, тоқта әлi, Кәпiрлiкпен шыға-дүр мұның жаны. Сол уақытта Ғақба малғұн фариад қылды: – Әй, жамағаттар, көрдiңiз Батталыңды. Өзi алған қызды өзi алып келдi, Қайта келiп, бұ маған жала қылды. Абдулуаһап қиындық көрген ердi, Қайтадан алып келiп бердi қызды. Хайламенен малғұн Ғақба бiр сөз айтты, Халифаға «ғұзырлық қыл» деп айтты. – Күнәңiзге сен тәубе қыл,– деп айтты, Жығылып аяғына сұр,– деп айтты. Бiз дахи сенiң бiрлән зар қылайық, Ұлық-кiшiмiз жиылып, бiз сұралық. Сейiт сонда: – Ей, малғұн, залым,– дедi, Жасырынып, дiн тұтқан, кәпiр,– дедi. Малғұндықтың iшiнде ғұмырың өттi, Қияметте не дерсiң, малғұн,– дедi. Сен жасырын табынарсың пұтқа,– дедi, Мен әшкере қылармын, тоқта,– дедi. Бұ iстердi Құдайым бiлер, Қадiр өзi, Ел iшiнде қор қылармын, қазiр сенi. Құда маған бiлдiрдi үшбу iстi, Қорлық бiрлән өлтiрермiн, тоқта сенi. Ғақба мұны естiп, фаһана қылды, – Бұ Баттал ұлық жаланы маған қылды. Әй, жамағаттар, естiдiңiз бе мұның сөзiн? Менiң үшiн көп сөйледi мүнкәр сөздi. Сол уақытта Сейiтбаттал тұра келдi, – Әй, жамағаттар, естiңiз,– деп айғай салды. Бұ Ғақба – тахқиқ малғұн, залым,– дедi, Белiне зинар таққан кәпiр,– дедi. Бұ бiр бiзге фитна салған малғұн,– дедi, Ұрысып, өзi һәлак болсын,– дедi. Сол уақытта Ғақба малғұн тұра келдi, Жүзiне перде жауып, сөз сөйледi: – Әй, мұсылманлар, естiңiз бе Баттал сөзiн? «Кәпiр» деп, не үшiн айтты Баттал мұны? Хақ жолына мен жүрдiм тағат қылып, Аллаға иман айтып, намаз оқып. Жетi мәртебе қажыны қылдым, Мекке барып, Дiн жолында көп жүрдiм, ашып-арып. Мен қашан кәпiр болдым, бiлдiңiз бе? Менiң кәпiр болғанымды көрдiңiз бе?! «Кәпiр» деп, не үшiн айтар Баттал бiздi? Жiбердi Ыстамболға өзi қызды. Әй, халифа Руизамин, көрдiң мұны, Батталың «кәпiр» дедi естiңiз мұны. Алып бергiл бұ кiсiден хақымызды, Қияметте дұғашы қылмаң ендi менi. Баршалары естiдiлер Ғақба сөзiн, Жұмлалары Сейiтке тiктi көздi. – Әй, палуан, бұ сөзiңiз жарамады, Ғақбаны кәпiр дедiң жалғыз,– дедi. Бұ Ғақба – өзi ғалым, қазы ердi, Бағдаттың шаһарына имам ердi. Екi мың шәкiрттерге сабақ бердi, Iсiнде хилаф болса айтшы,– дейдi. Бұ мысалы көрмедiк һеш ғалымды, «Кәпiр» деген сөзiңiз жарамады. Сейiт айтты: – Сөзiңiз сөзге келмес, Имансызға ғалымдық пайда қылмас. Бұған жайған намазыңыз намаз емес, Дiн жасырған бұ кәпiр, мүмiн болмас. Ақд неках қылғаны хұтба болмас, Қайта оқымай намаз, хұтба дұрыс болмас. Сейiт және қойнына қолын салды, Бiр хатты халифаға алып бердi. Халифа ол хатты оқып, сөзiн бiлдi, Ғақбаның жазған хатын танып бiлдi: «Әй, қайсар, сақ бола көр қызға,– дептi, Баттал алып келмесiн мұнда» дептi. Әлқисса, жоғарғы сөздi баян қылды, Халифа Ғақбаның сөзiн тамам бiлдi. Халифаның жүзi сонда бек қызарды, – Сенiң сөзiң емес пе, малғұн!– дедi. Ғақба сонда ойбайлап, фариад қылды, – Иә, халифа, инанба,– деп жылады. Бiлерсiз, бұ Батталың аяр,– дедi, Кiмнiң сөзiн жазса да бiлер-дi. Және Сейiт қайсардың хатын бердi, Халифа оны дахи оқып көрдi. Ол хатқа қайсар жазған үшбу сөздi, «Сен маған жiберiпсiң қардашымды. Қарындасым саламат мұнда келдi, Апарып бiр аралға қойдым,– дептi. Ол аралға дахи зат жетпес,– дептi, Баттал жетпес, құс болып ұшса» дептi. Халифа оқып, хаттың сөзiн бiлдi, Халайықтарға ол сөздi һәм бiлдiрдi: – Мұсылман деп бiз мұны жүрдiк ердi, Кәпiр, дiнсiз екен ғой,– деп сөйледi. Халайықтар бұ сөздi естiп бiлдi, Айрылып ақылынан қайран қалды. Уа және Ғақба малғұн сөз сөйледi: – Қыздан дахи сұраңыз,– деп сөйледi. Алып келдi ол қызды пердесiнде, Халифа және сұрды қыздан сонда: – Кiм жiбердi Ыстамболға, туғры сөйле! Бұ iстiң арты жаман, бiлiп ойла. Қыз сонда өтiрiк сөз айтып ердi, Сейiт сонда Iнжiлден аят айтты. – Бiлермiсiң бұ аят кiмге ендi? Исаны Тәңiрi деген кiмдер ердi? Өтiрiк айтсаң, бұ аят сенi ұрсын, Шын сөйле, дiнiм менiң кәпiр десеңiз ендi. Қыз сонда тұра келiп сөз сөйледi: – Ыстамболға жiберген Ғақба,– дедi. Абдулуаһап сахаба, Сейiт илән һеш бiлмедi, Ғақбаның жансызлары алып барды. Бiр аралға апарып бiздi қойды, Ғақбаның хатын алып, Сейiт барды. Қасымдағы қыздарды жұмла қырды, Бiр даямды мүмiн қылып, мұнда келдi. Уа және Ғақба малғұн сөз сөйледi: – Қорқытты қызды Баттал,– деп сөйледi. Халайықтар үшбу сөзге қайран қалды, Не сөз айтарын бiлмей, қарап жүрдi. Сейiт және халифаға сөз сөйледi: – Изин бергiл, мен қырайын жұртын,– дедi. Кәпiрлiктiң, нышандары болар,– дедi, Иншалла, табармын оны,– дедi. Халифа изин бердi, анлар барды, Ғалым, ғұлама, уәзiрлерi бiрге барды. Ғақбаның сарайларын жұмла ашты, Ол сарайда һеш ғаламат табылмады. Сейiт сонда Хаққа мiнәжат, дұға қылды, Әнбия, әулиелерден жәрдем сұрды: «Бiлерсiң, Қадiр Алла, өзiң,– дедi, Бұл Ғақба–малғұн залым өзi,– дедi. Бұ сырды әшкере қыл, қазiр,– дедi, Жұмланың халiн бiлген, Алла» дедi. Сол уақытта Сейiт көрдi бiр қапуды, Кiлтi темiр, қапуы берiк ердi. Сындырып кiлтiн, қапу ашты, Сабан илән толтырған iштерiнi. Iшi сасық, келе-дүр күкiрт исi, Шығарды ол сабанның жұмласыны. Iшiнде һеш нәрсе көрiнбедi, Мәгәр Сейiт бiр мәрмәр тасты көрдi. Көтерiп үшбу тасты тастап ердi, Бақпа басқыш салған һәм көрiндi. Қылыш алып, басқышпен төмен жүрдi, Iшiнде екi кәшиш попты көрдi. Iшiне қанадил асып, шам қойыпты, Уа және шоқынатын пұт қойыпты. Ғалымдар, уәзiрлер бiрлән жұмла көрдi, Айрылып ақылынан, қайран қалды. Екi попты сүйретiп алып келдi, Халифа илән халайықтар қайран қалды. Ғақбаның ендi жүзi қара болды, Сөйлерге тiлi тұтылып, қалтырады. Ендi халифа жалладтарға әмiр қылды: – Бұ кәшишлердiң басыны кескiл,– дедi. Жалладтар кәшишлердiң басын кестi, Ғақбаның малғұнлығын жұмла бiлдi. Халифа Сейiт хазiретiне ғұзыр қылды, Аяғына басын қойып, һәм жылады. Жетелеп, тағына отырғызды, Абдулуаһапты құшақтап һәм жылады. – Басымнан көп бiлместiк өттi,– дедi, Көп жапа мен сiзлерге қылдым,– дедi. Әгар ғапу қылмасаңыз, иә, екi уәли,– дедi, Қаным халал, өлтiрсеңiз менi,– дедi. Не қылсын, Абдулуаһап разы болды, – Ғақба малғұн алдады сiздi,– дедi. Сейiт ендi халифадан изин сұрды: – Ғақбадан өшiмдi алам қазiр,– дедi. Халифа Сейiт хазiретiне изин бердi: – Неше түрлi азап берсең еркiң,– дедi. Сейiт сонда орнынан тұра келдi, Ғақбаның құлақ, мұрнын кесiп алды. Уа және шаш-сақалын жұлып алды, Үстiнен жұмла киiмiн шешiп алды. Мойнына шынжыр, арқан тағып алды, Бiр адамға «жетеле!» деп ол бұйырды. Бағдаттың шаһарын айландырды, Жүзiне қара сүрттi, һәм түкiрттi. Ғақбаның жұмла жиған мал-мүлкiн, Пақыр, мүскiн адамларға үлестiрдi. Абдулуаһапқа халифа көп халғат бердi, Сейiтке ауыр бағалы тондар бердi. Осы күнi Сейiт сонда қонақ болды, Ғақбаға лағынет қылып, шаһар кездiрдi. Сейiт хазiретi үш күннен соң жолға жүрдi, Ғақбаны ит мысалы жетелеп жүрдi. Әмiр Омар Сейiт хазiретiне қарсы келдi, Жұмла жаранлар шат болып, көрiс қылды. Ұлық-кiшiк Сейiт хазiретiне тағзым қылды, Дұға қылып, Шаһ әулиеге тахсин қылды. Ғақбаның жұмла халiн баян қылды, Жұмла өткен iстерiн аян қылды. Жүзiне ендi Ғақбаның қара сүрттi, Жүзiне және түкiрiп, шаһар кездiрдi. Сейiт ендi Ғақба малғұнға сөз сөйледi: – Бейшара, ендi мұсылман болғыл,– дедi. Ғақба Малғұн Сейiтке бiр сөз айтты: – Қайсарға мен хатты жазам,– дедi. Менi сатып ол қайсар алсын,– дедi, Менiм бағамды алыңыз сiзлер,– дедi. Менiм қаным не болар сiзлерге ендi, Мұсылман болу қолымнан келмес,– дедi. Сейiт хазiретi ол малғұнға изин бердi, Қолына қалам алып, хатты жазды. Нар-нұрдың атын жазып, хатты жазды: «Баттал менi қор қылды,– деп бiлдiрдi. Мен сiзлерге көп жақсылық қылдым,– дейдi, Мәсихтың құлы болсаңыз, бiлгiл,– дейдi. Сатып ала көрiңiз сiзлер,– дептi, Мен разы болайын сiзге» дептi. Қайсарға жазған хатын жiбердi, Қыз илән Ғақбаның халiн ол бiлдiрдi. Шаһар әһлi жиылып, сөз сөйледi: – Нешiк халас қыламыз?– деп сөйледi. Он мың алтын ол қайсар шығарыпты, Жүз ат бiрлән жүз алмас қылыш бердi. Екi жүз қып қызметшi һәм шығарды, Уа ғайр уәзiр, беклер һәм шығарды. Бес руһбан, уәзiр илән алып жүрдi, Көп адамлар үшбулердi алып жүрдi. Бiр күнлерi әмiр Омарға алып келдi, Тағзым қылып, Ғақбаны анлар сұрды. Сейiт хазiретi әмiр Омарға «рұқсат» дедi, – Сiз алыңыз анлардың малын,– дедi. Ғақба малғұн бара тұрсын қазiр,– дедi, Қоймаспын қайда апарса да оны,– дедi. Әмiр Омар олардың малын алып қалды, Ғақбаны мүшiрiклер алып жүрдi. Сейiт хазiретi және атына мiнiп алды, Аналардың iзi бiрлән жетiп барды. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Сейiт өлтiрдi оқ илән уәзiрлердi. Ғақбаның бұғазына арқан тақты, Малатияның шаһарына алып жүрдi. Малғұн Ғақба Сейiтбатталға һәм сөйледi: – Неге алдың сатып менi қайта?– дедi. Сейiт айтты: – Иә, малғұн, бiлермiсiң пиғылыңды, Не қылдың сен бiзлерге, бiлшi оны. Саған қылар iсiм көп, тоқта әлi, Түрлi азап көрсетермiн саған әлi. Ғақбаны ұрып-соғып алып жүрдi, Шамас пiрдiң шаһарына алып келдi. Шамас пiр қапу ашты, үйге келiп кiрдi, Екiсi тағам асап, мәжiлiс қылды. Ғақба малғұнның сөзiне және келдi, Оның залым қылуын баян қылды. – Мен саған қайран қалып жүрдiм ердi, Бұ малғұнды неге сатқан?– дедiм ердi. Ендi саған разы болдым, ұғылым,– дедi, Бұ залымға көп азап қылғыл,– дедi. Бұны сатып, бермегiл һәр кез,– дедi, Соңында өкiнерсiң сатсаң,– дедi. Бiр уақытта сабах садық таң да туды, Шамас екеуi уағдаласып, Сейiт жүрдi. Сейiт хазiретi Малатияға жетiп келдi, Ғақбаға түрлi азап етiп келдi. Ғақба малғұн Сейiтке және сөз сөйледi: – Қайсарға жазайын,– деп жылады. Көңiлiңе келген малды сұра,– дедi, – Сұрағаныңды ол берсе, жiбер,– дедi. Уа және Сейiт хазiретi рұқсат бердi, – Сұрағаныңды ол берсе, жiбер,– дедi. Уа және Сейiт хазiретi рұқсат бердi, Ғақба жазып, қайсарға хат жiбердi. Хатты жазып, жiбердi бiр кiсiден, Сөздi жақсы айтарлық бiлгiшiнен. Қостантин қайсар көрдi жазған хатын, Ғақбаның зар жылаған фариадын. «Әй, қайсар, Нар-нұрдың хақы үшiн, Сатып алғыл, көзiмнiң жасы үшiн». Хатты оқып, ол қайсар бек қиналды, Бегiн жинап, жұмласы кеңес қылды. Беклер сонда сөйледi сөзлерiн, Қайсарға һәрқайсысы бiлгендерiн. – Бұ iстiң оңай болмас соңы,– дедi, Өкiнерсiң сатып алсаң оны,– дедi. Бiлмеймiсiң ол Баттал қандай кiсi! Сыныққа сылтау таппай жүрген кiсi. Әгар сатып Ғақбаны алсаң,– дедi, Бiр пәлеге қалармыз сонда,– дедi. Дүния малын берсең де оған,– дедi, Ғақбаның төкпей қоймас қанын,– дедi. Қайсар сонда беклерге ғұзыр қылды: – Бiр алалық, Нар-нұр риза болсын,– дедi. Әлқисса, он мың жүк алтын, күмiстердi, Бiр мың ат, бiр мың алмас қылыштарды. Жиырма құл, қызметшi һәм көп қыздарды, Руһбандар алып барды үшбулердi. Әмiр Омар алып қалды ол малдарды, Руһбанлар алып қайтты Ғақбасыны. Руһбанлар ол малғұнды алып жүрдi, Бiр жерде қарар қылмай, қатты жүрдi. «Сейiт келiп қалар» деп қорқып жүрдi, Тез жүрiп, қайсарына жетiп барды. Қосылып қайсар бiрлән көп жылады, – Қор қылды Сейiтбаттал,– деп жылады. Әуелi құлақ, мұрнымды кесiп алды, Уа және мал-мүлкәтiмдi талап алды. Мен қайтып күн көрермiн ендi,– дедi, Қарармын ел бетiне қайтып,– дедi. Жұбатып қайсар сонда сөз сөйледi: – Қайғырма, ғам-құсаңыз кетер,– дедi. Сен бұрын Бағдатта қазы ердiң, Мен саған Рұм елiн берем,– дедi. Рұмға тәдбирiңдi жүргiз,– дедi, Әмiрiңше жұмласы болсын,– дедi. Бұ сөзге Ғақба малғұн разы болды, Қайсардың қолын сүйiп, бас қойды. Әлқисса, Ғақба Рұмға ұлық қазы болды, Түрлi бадағат залымдықты заһир қылды. Мекемеге жинады жұмла қазыларды, Бiлдiрдi халайықтарға хүкiмлердi. Өгiзге адам дайу есiм қойды, Тауықты өгiз дайу есiм қойды. «Адам сатқан тауық» деп сатар болды, «Өгiз сатқан адам» деп айтар болды. «Әгар бiр адам өгiздi «өгiз» деп айтар болса, Яки тауықты «тауық» деп айтар болса. Жарасы шыбық болсын оның»,–дедi, Жиылып жұмла қазылар хүкүм қылды. Осылайша жарша қорытып, тәдбир қылды, «Ғақбаның хүкiмi» деп хабар бердi. Бұнан ғайр залымдықты көп қылдырды, Рұм халқын бұ малғұн һәм бүлдiрдi. Қайсар оған һеш нәрсе сөйлемей, «Бұ пақыр байып алсын» деген болды. Мақсұды ол малғұнның дүния болды, Доңызды тоя кебi құрмет қылды. Бұ пиғылы һәм ықылымларға бiлiнiп, заһир болды, Залымлығы күннен арта бердi. Әзiн жаныб Ендi Сейiт хазiретiнiң сөзi келдi, Ғақбаның өлетұғын уақыты болды. Бар ердi Ыстамболда Сейiттiң бiр достысы, Ол достысы Моһан деген адам ердi. Ол келiп, Сейiт хазiретiне хабар бердi, Рұм халқын залымдықпен бұзғаныны. – Иә, Шаһ жиһан, неге саттың ол залымды? Бұрынғыдан залымлығы артып кеттi. Бұны естiп Шаһ әулие сапар қылды, Бiр күнлерi Ыстамболға жетiп барды. Ат, құралын бiр жерге ол жасырды, Моһанның үйiне келiп, қонақ болды. Әлқисса, азайталық үшбу сөздi, Сейiттiң тыңлаңыздар қызығыны. Шаһ әулие бiр өгiздiң құйрығын алды, Ол құйрықтың бәкiменен жүнiн алды. Ол құйрыққа темiр қадақ қағып алды, Мисли жебе ара шаншылған болып қалды. Үстiне қатын киiмiн киiп алды, Мисли бiр көркем қатын болып алды. Ғақбаның мекемесiне жетiп барды, Мәжiлiс қылып отырған қазы көрдi. Бiр жүһүд мас болып жатыр ердi, – Бұ – менiм ерiм,– деп дау қылды,– Бұ менi асырамады,– деп арыз қылды,– Көп малымды арақ iшiп, жойды,– дедi. Менi мұнан айырыңыз сiзлер,– дедi, Барамын асырайтын ерге,– дедi. Мас болған жүһүд сорлы һәм сөйледi: «Үш талақ менен болсын, қатын» дедi. Ғақба сонда қатынға қарай қалды, Ол қатынның көркiне қайран қалды. Жұмла қазылар мекемеден шығып кеттi, Қатынға «тоқтай тұр» деп Ғақба айтты. – Қабыл көрсең, мен алайын сенi,– дедi, Көз, қабағың өртедi менi,– дедi. Сейiт сонда: – Хош болар сөзiң,– дедi, Жақсы көрсең, тиейiн саған,– дедi. Үшбу тұрған шынжырың не-дүр?– дедi, Ғажайып қылып тұрамын соған,– дедi. Ғақба сонда:–Шариғаттың хүкiмi,– дедi, Асармыз, кiм шариғаттан шықса,– дедi. – Қалай қылып асарсың, көргiз?– дедi, Маған дахи ғажабын бiлгiз ендi. Ғақба сорлы аяғын соған салды, Сейiт сонда шынжырды басып салды. Басы төмен Ғақбаның салбырады, Қатын сонда құйрық қамшыны қолға алды. – Әй, малғұн, шариғатыңды айтшы ендi, Қылған iсiң қай мазағың? Адамға өгiз дайу ат қойыпсың, Тауықты өгiз дайу саттырыпсың. Мен берейiн бұ қылғаныңның жазасыны, Шариғатсыз iс қылған сазасыны. Ғақба сонда Сейiтке көп жалынды, – Құдай үшiн сақтағыл менi,– дедi. Сейiт айтты: – Құдай үшiн соғам сенi, Әй, малғұн, ұмытқаның ба бұрынғыларды? Аузына дәстаналын тығып қойды, Өгiздiң құйрығымен оны ұрды. Жұмла тәнiн жарақат оның қылды, Мекеменiң iшiн қан бояды. Мекеменiң iшiнен Сейiт шықты, Дұшпаннан өшiн алып, көңiлi тынды. Қазылар мекемеге ертең келдi, Ғақбаны терiсiнен iлген көрдi. Ауызына дәстаналын тыққан көрдi, Қара қанға боялған тәнiн көрдi. Ғақбаны асқан дардан түсiрiптi, Аузынан орамалын суырыпты. Сонда Ғақба отырып зар жылады, – Бұ халге Баттал салды менi,– дедi. Тез тәуiп келтiрiңiз мұнда,– дедi, Маған дәру қылсын жұмла,– дедi. Бұ халден қайсарға барып хабар бердi, Оны естiп қайсар илән беклер қорықты. Тәбибтер және қорқып сөз сөйледi: – Бiз қайда дәру қыламыз бұған?– дедi. Жұмла уәзiрлер мәслихат сөзiн қылды, Бiр бұзылған моншаға келiп, дәру қылды. Ол моншада он күндей жатқызыпты, Ол сорлы бас көтерiп, отырыпты. Бұ күнлерi Сейiт хазiретi анда барды, Бұ күзетшi дәрiгердi ұстап алды. Ғақбаның жайын сұрап, бiлiп алды, Оны өлтiрiп, нәжiслiкке тыға салды. Ғақбаға тәбиб болып, қапу қақты, – Қапуды ашқыл, бiр дәру қылам саған,– дедi. Ғақба сорлы «тәбиб» деп қапу ашты, Сейiт сонда үстiне кiрiп келдi. Басын көтерiп отыр ердi Ғақба сорлы, «Жазылар» деп, жарасын сипар сорлы. Сейiт сонда құйрығын қолына алды, Ғақбаның жанын қинап ендi ұрды. Тәбиблер «жазылар» деп дәру қылды, Бұрынғыдан жарасын артық қылды. Бұ қызмет Сейiтке ойын болды, Ғақбаға тiрiлей берген азап болды. Шаһ әулие моншадан шығып кеттi, Таң туған соң, тәбиблер және келдi. Нәжiслiкте күзетшi жатқан көрдi, Аузына боқ ол тәбибтiң тыққан көрдi. Қапуды ашып, Ғақбаны халсiз көрдi, Жарасын бұрынғыдан артық көрдi. Ол тәбиблер қайсарға хабар бердi: – Нәшiк ылаж қылармыз?– деп жылады. Қайсар сонда:–Не ылаж-дүр бiлмен,– дедi, Басым қатты, өзiм де қорқам,– дедi. Сейiттi ол шаһардан көп қарады, Бұрында таба алмай сандалады. Ендi мәслихат сөйлестi уәзiрлерi, – Бiр сахараға шығаралық мұны,– дедi. Бiр шатырды құралық анда,– дедi, Тәбиблер дәру қылсын сонда,– дедi. Бiр мың кiсi күзетсiн оны,– дедi, Бұнан ғайр ылаж жоқ оған,– дедi. Жұмласының қаулысы осы болды. Сахараға шығарып, оны бақты. Ол арада он күндей шама болды, Сейiтке өнер бастар уақыт болды. Ол шатырға баруға жол табылмады, Шаһардың атырабына көзiн салды. Бiр жiгiт атын ойнатып келер көрдi, Сейiт оның атының халiн сұрды. Жiгiт сонда: – Менiм атым – бек жүйрiк,– дедi, Көп бас берген кiсiге сатам,– дедi. Сейiт сонда: – Мен саған нанбан,– дедi, Әуелi жүйрiктiгiн көрсет,– дедi. Үшбу өгiздiң құйрығын алғыл,–дедi, Сонан соң о жатқан әскерлерге барғыл,–дедi. Шатырда қазы Ғақба жатыр,–дедi, Бұ құйрықты сен оған көргiз,–дедi. «Танырмысың бұл құйрықты» деп таста да, Әскерден шыға және қашқыл,– дедi. Сонда сенi қуарлар анлар,– дедi, Мүлде озсаң, алармын мұны,– дедi. Жiгiт сорлы құйрықты алып кеттi, Шатырдағы Ғақбаға жетiп барды. – Бұ құйрықты танырмысың, молда,– дедi, Лақтырып Ғақбаға тастай бердi. Ғақба сорлы «Баттал» деп ойбай салды, Ол жiгiт қаша бердi, жұмла қуды. Сейiтке өнер бастар пұрсат болды, Ғақбаның ғұмырының ақыры болды. Терiсiн ол малғұнның тiрi сойды, Қасаптай тiрсегiнен iлiп қойды. Түлкiдей терiсiн сойып алды, Тек сүйегiн тастады да, кетiп қалды. Ол жiгiттi өлтiрiп, әскер келдi, «Сейiттi өлтiрдiк» деп күлiп келдi. Шатырға кiрiп келсе «Ғақба кәнi», Терiсi жоқ, ойбайлап тұрған жаны. Ойбайлап, ол малғұнның жаны шықты, Оны көрген адамлардың құты ұшты. Бұнлар барып қайсарға хабар бердi, Ғақбаның не болғанын баян қылды. Жұмла беклер, қайсар илән зар жылады, – Ендi кезек бiзлерге келер,– дедi. Әуелде айтпадық па, иә, қайсар, сiзге?– дедi, Сiз iлтипат қылмадың ғой бiзге,– дедi. Ендi қайтып сақтармыз басымызды, Қақтырмас ендi бiздiң қасымызды. Сейiтбатталға жiберелiк тез сыйлықты, Сонда аман қылар болсақ басымызды. Қайсар сорлы Сейiттен қатты қорықты, Хараж илән жiбердiлер көп сыйлықты. Сейiт хазiретi Малатияға жетiп келдi, Ғақбаның тұлыбын алып келдi Малатияның халайықтары шат қылды, Ұлық-кiшiк адамларға хабар салды. Ғақбаның сойған терiсiне сабан тықты, Апарып дарбазаға iлiп қойды. Қырық жыл оның тұлыбы анда тұрды, Келген адамлар ғажап қылып көрер ердi. Бұ iстен халифаға хаттар жазды, Хатты оқып, халифа бек шат болды. Һәр ықылымлар естiдiлер бұ хабарды, Мұсылманлар қылдылар шаттылығын. Сейiттiң ғажап қылдылар өнерiнi, Дұшпанын сатып қылған базарыны. Сейiттiң сағадатлы дәулетiнi, Пақырлар ғани болып көрдi мұны. Сейiттiң тауысып болмас өнерiнi, Бұ жерде тамам қылдым бұ қиссаны. Жад қылдым ендi Мұхаммед Мұстафаны, Дұғадан ұмыта көрмең бiз ғарiптi. Насырны назым жазған бұ ғарiптi, Дұғадан ұмыта көрмең бiз ғарiптi. Оқыңыздар салауат илән фатиханы, Рухын Шаһ жиһанның бағышлап оны, Аллаһума салли алә Мұхаммадин Алә әлиһи уа асхабиһи әжмағин. Он бесінші бап: Сейітбаттал ғазының һиндүстанға барып ақ пілді алғаны Әуелі есім Алланы жад қылалы, Сыйынып есімі бірлән сөз басталы. Уа және Мұхаммед Мұстафаны жад қылалы, Салауат айтып, шапағатын біз сұралы. “Көңілімізге хабар илһам салғыл,– делі, Тілімізге хайрул кәлам бергіл” деп сұралы. Шаһ Жиһан Сейітбатталдың сөзлеріні, Назым бірлән айталық сізлерге оны. Салла Аллаһу Аләйһи саллам Тыңлаңыз ықылас бірлән сізлер мұны, Тыңласаңыз сауабы бар деген Нәби. Тазаккүр сахилән тәнзил рахмату деген сөзні, Дәлел білсең, тыңлаңыз сізлер мұны. Сейіттің және заһир болған кереметін, Айтайын назым бірлән сізлерге оны. Құданың пікір қылсаңыз хикметтерін, Дардай сөз бола-дүр тау мысалы. Сейіттің қатынының бір айтқан сөзі, Бола-дүр ақырында, иә ғажап, тау мысалы. Сейіт хазіретінің үш ұғылы болған ерді, Бірі – Бәшір, бірі Нәзір деген ерді. Бірісінің есімі Әли деген, Үшеуі шәкірт болып оқыр ерді. Ғылымды тахсил қылумен жүрер ерді, Бір күні зиарат қыла үйге келді. Ата-анасын зиарат бұнлар қылды, “Жұмалыққа апарамыз біз” деді. Ұғландары қайдан білсін оның жайыны, Дүнияны еске алмайтын сырларыны. Сейіт сонда һеш нәрсе таба алмады, Үстінен шешіп берді шапаныны. – Қажыға сапар қылам, ұғылым,– деді, Иншалла, әкелермін көп мал,– деді. Ұстазыңа берерсің сонан,– деді, Қазір мұны бере тұрғыл, ұғылым,– деді. Сол уақытта қатыны сөз сөйледі: – Дүниялықта ісіңіз жоқ сіздің, – деді. Намаз үшін киетін шапаныңызды, Бересің ұғылыңызға не үшін мұны. Дүнияда адамлар болса қанша,– деді, Дүнияны жинайды-дүр жұмла,– деді. Не үшін оны жимайсыз, ғажап?– деді, Мәгәр сізге ақыл айту болмас,– деді. Сейіт сонда: – Әй, Кәландам,– деп сөйледі, Менім бабам Мұхаммед Мұстафа-дүр,– деп сөйледі. һәр патшалар хараждар алып келер,– деді, һәр күнлер алтын, күміс құйылар,– деді. Жұмла пақыр илән дәуріштерге берер,– деді, һәр кез өзі алмас ерді бір хаббесіні. Уа және хазірет Әли, Шаһ жиһан уәли, Оның дахи әдеті болар ерді. Дүнияға һәр кез көзін ол салмады, Көңіліне ілтипат қылып ол алмады. Мен оның нәсілінен тудым,– деді, Дүнияны сол себеплі сүймен,– деді. Сол уақытта Кәландам һәм сөйледі: – Әмір Омар оның нәсілі емес пе еді? Анлар не үшін жинай-дүр дүнияны? Түрлі алуан жинай-дүр жиһазларны. Күнде түрлі кие-дүр киімдерді, Аңа сүннет емес пе көрсең оны? Сейіт айтты: – Ол жинаса дүнияны, Мен білермін нешік жиған мақсұтыны. Дін жолына бердім ол малды, Малы түгіл, ол берер һәм қыз,– депті. Кәландам сонда: – Сен оны сұрап қара, Қызын берсе, сен оны алып қара. Малсыз қыз берер ме, ғалам ара? Бір пұлың жоқ, малсыз қыз болар ма? Сейіт айтты: – Дүния үшін сен қайғырма, Берер болса ол қызын жат қылма. Құданың хикметіне сен ғажап қылма, Иншалла, мал табармын, таңға қалма. Сейіт енді әмір Омарға жетіп барды, Екісі мәжіліс қылып сөз сөйледі. Дүнияның макирінен сөз башлады: – Әһлі Аллаға бұ дүния дұшпан,– депті. Сейіт сонда әмір Омарға сөз тастады: – Олай болса не үшін жидың көп дүнияны? Омар сонда Сейіт хазіретіне жауап берді: – Білермісің, қызым бар менің,– деді. Әгарша көп жинасам да дүнияны, Берермін қызыма оның жұмласыны. Неше жігіт табылса, келтір,– деді, Берермін жұмласыны оған,– деді. Сейіт айтты: – Мен таптым ол жігітті, Жарар ма мен мысалы болса?– деді. “Бәлі” деп, әмір Омар жауап берді: – Сенен артық болар ма жігіт?!– деді. Сонда Сейіт уа және сөз сөйледі: – Қызыңа мен тең болсам, бергіл,– деді. Сонда Омар: – Хош болар сөзің,– деді, Мәгәр қатынға мүшәура қылам,– деді. Тез тұрып әмір Омар үйге барды, Қатынға хикаятын баян қылды. Қатын сонда: – Бұ сөзіңіз болар ма? Бір төлі жоқ адамға қыз берер ме? Кәландам оның қатыны хош көре ме? Қатыны бар кісіге қыз барар ма? Сол уақытта оның қызы әзір ерді, Ол тыңлап, бір бөлмеде тұрған ерді. Қыз сонда анасына сөз сөйледі: – Мәслихат қылыңыз,– деп сөйледі. Ол Сейіт – Шаһ әулие, жаһанға палуан,– деді, һәр ағзасына бір қатын керек,– деді. Анасы сонда қыздың аузынан ұрды, Ауыз-мұрны қан болып, қыз жылады. – Араңызда бір жұмбақ болар сіздің,– деді, Не қыласың қатыны бар жарлыны?! Әмір Омар қатынға және сөз сөйледі: – Қызың да дәмелік болды ғой,– деп сөйледі. Бірін-бірі сөйлесер екілісі, – Қолымыздан келмес-дүр не қыласың? Қатын сонда: – Сейітке барғыл,– деді, һеш таба алмас малдарды сұрағыл,– деді. Мәлзам болар, тілемес сол малдарды, Құтылармыз Сейіттен сонда,– деді. Омар сонда: – Не сұраймыз андан?– деді, Сейіт таппас мал болмас һәркез,– деді. Қатын сонда: – һиндүстанға барсын,– деді, Ақ пілді һиндүстаннан алсын,– деді. Үстінде алтын шатыр болар,– деді, Аяғында алтын, күміс кісен болар,– деді. Уа және жүз нар түйе болсын,– деді, Үстіне алтын, жауһар, күміс толсын,– деді. Уа және жүз араби ат, жүз рұми ат болсын,– деді, Жұмласы бұ русғ алтын ерлі болсын,– деді. Жүзіне ұғыл, жүзіне қыз мінсін,– деді, Жұмласы қызыма қызмет қылсын,– деді. Үшбу істер қолынан келмес,– деді, Андан соң өкпе қылмас бізге,– деді. Әмір Омар Сейітбатталға қайтып келді, Бұ малдардан Сейітке хабар берді. Сейіт бұған: – Хош, болар,– деп риза болды, – Бір жыл мүһлат беріңіз бізге,– деді. Әмір Омар Сейітбатталға уағда қылды, Бұ істі шаһардың әһлі жұмла білді. Халайықтар әмір Омарға өкпе қылды, – “Қызым бермен” десеші онан дахи. – Жаным, Сейіт, бұ істі қойғыл,– деді, Бұ мал түспес қолыңа, жаным,– деді. Сейіт сонда: – Уағда тамам болды,– деді, Уағданы бұзып болмас бізге,– деді. Аллаға мен тәуекел қылам,– деді, Не бұйырса Қадір Алла көрдім,– деді. Сізлер жары дұғада болғыл,– деді, Хақ қаласа, жұмла іс асан,– деді. Уағдаласып жаранлармен Сейіт жүрді, “Алла” деп һиндүстанға сапар қылды. Бірнеше күн Сейіт хазіреті жүріп кетті, “Алла” деп һиндүстанға сапар қылды. Бір ұлық теңіздерге ұшырады. Ол теңізден өте алмады, қайран қалды, “Ғинаят, Қадір Алла, қылғыл,– деді, Қуат, құдірет жұмласы сенен” деді. Уа және Пайғамбар, шаһариарлардан жәрдем сұрды, Жұмла ғайып жаранлардан және сұрды. Дұғасын Хақ Тағала қабыл қылды, Сол халде Қызыр аләйһиссалам жетіп келді. Сейітке сәлем беріп, көріс қылды, Мейірбан, шапағат илән хал сұрасты. – Тез атыңа мінгіл, иә, ұғылым,– деді, Көзің жұм, уа және ашқыл,– деді. Қызыр сонда: – Көзіңді жұм, ұғылым,– деді, Көзін жұмса, уа және “ашқыл”,– деді. Сейіт сонда көзіні ашып ерді, Өзіні дариядан өткен көрді. Құданың хикметін көрдіңіз бе? Шаһ әулие дариядан нешік өтті? Сейіт хазіреті атынан жерге түсті, Сәждеге шүкір үшін намаз қылды. Ол жерді Сейіт хазіреті ғажап қылды, Зағыпыран, занжабілдер өскен көрді. Төрт тарапқа назар салып тұрған ерді, Ол арада һеш нәмәрсе көрінбеді. Сол уақытта бір әуез пайда болды, “Иә, ұғылым, һиндүстанның жері” дейді. Оны естіп, Сейіт хазіреті және жүрді, Бір күнлері бір ұлық бақтарға ұшырады. Ортасында бір сарайды көзі көрді, Атын жіберіп, ол сарайға кіріп келді. Оның ішінде һеш нәмәрсе көрінбеді, Уа және ғажап қылып, қайта шықты. Аты дахи ол арада көрінбеді, Жаяулап бір шаһарға Сейіт келді. Бір адам ол арада ұшырады, – Бұ шаһар – қай шаһар?– деп Сейіт сұрады. – Бұ шаһар – Танғайне,– деп жауап берді, Падишасы Меһрасып мұның,– деді. Меһрасып сол уақытта тысқа шықты, Қасына төрт жүз құлы ере шықты. Сейітке Меһрасыптың көзі түсті, Сейітке ықылас қылып, көңілі түсті. Бір құлына Меһрасып сол жерде әмір қылды: – Сол адамды ордаға апар,– деді. Ол жігіт Сейіт хазіретке жетіп келді, – Сізді патша “сарайға апар” деді. Сейіт сонда ол жігіттен сөз сұрады: – Патшаңыз қай мазһаб?– деп сұрады. Жігіт сонда: – Пұт параст патша,– деді, Қырық батпан алтын пұт тұтқан,– деді. Оныңдай Тәңірі түзбес һешкім,– деді, Біздің патшамыз сондайын ұлық,– деді. Сейіт сонда: – Не дерсің, малғұн,– деді, Қолмен жасап болар ма һеш Тәңіріні? Бір адам қолмен Тәңірі қылса,– деді, Пәре болар, бір адам балта бірлән ұрса,– деді. Ол нешік Тәңірі болар, әй, малғұн,– деді, Танымаған Тәңірі сені, әй, залым, мүртад,– деді. Тәңірі ол-дүр жұмла жаһанды бар әйлады, Бұ жаһанды ай-күн бірлән, нұр әйлады. Жұмла жоқты бір сағат табар әйлады, Жұмла жанға ризықты мол әйлады. Құры жерден ол Тәңірі бар әйлады, Адамзатқа бұ напағият ол әйлады. Оны тауып патшаңыз алған,– деді, Мен барман қапуына оның,– деді. Жігіт сонда қабахат сөз сөйледі, Сейіт сонда құлағын кесіп алды. Ол жігіттің қолына қайта берді, – Құдай десең, пұтыңа түзет,– деді. Сол уақытта ол жігіт фариад қылды, Тұрған халайықтар Сейіт илән соғыс қылды. Сейіт сонда он сегіз кісі өлтірді, Бір кісі патшасына хабар айтты. Меһрасып оны естіп шауып келді, Жаяу жүріп ұрысқан адам көрді. Күрзі кебі ұрғанын күлдей қылды, һәр адамларға Сейіт жүріп, жұмырық ұрды. һеш адамлар мұқабил бола алмады, һеш қасына бір адамлар бара алмады. Патшасы “Оқ атыңыз” деп бұйырды, Сейітке жаңбыр кебі оқ жаудырды. Табариктің тәндерін оқ жара қылды, Мүбәрак тәндерінен қандар ақты. Сол уақытта күн батып, ақшам болды, Сейіт сонда өзіні пінһан қылды. Бір жерге келіп, ол Табарик жатып қалды, Бір тасты жастық қылып, ұйықтап қалды. Мүшіріклер панар алып көп іздеді, Таба алмай, жұмлалары қайтып келді. Меһрасып уәзірі илән сөз сөйледі: – Бұ адам пері ме, я дию ма?– деп сөйледі. Көрмедік бұ мысалы һеш адамды, Өлтірген құр қолымен көп адамды. Бір уәзірінің есімі Банһам деген ерді, Кітабы астурлапқан бек маһир ерді. – Сейітке бұ кеш рамлар салып қара,– деді, Не уақиға көрінсе, білдір,– деді. Банһам уәзір үйіне қайтып барды, Жатып еді, Расул Ақ түсіне кірді. “Иә, Банһам, сен иман келтір,– дейді, Сіздің бірлән ұрысқан кім-дүр?– дейді. Ол менім Сейітбаттал ұғылым ерді, Жаһанды сайран қылар палуан,– дейді. Пәлен жерде ол жатыр қазір,– дейді, Тез барып, ұғылың илән келтір,– дейді. Сізлер жәрдем қылсаңыз оған” дейді. Банһам сонда оянып тұра келді, Мың ғинбар нұр алған үй ішіні. Ұғылы және оянып, сол хал тұрды. – Иә, ата, мен бір ғажап түс көрдім,– деді, Мұхаммед пайғамбарды түсімде көрдім,– деді, “Ол маған атаңа бар” деп әмір қылды. Атасының көрген түсін о да көрді, Екінің көрген түсі бірдей болды. Тез тұрып екілісі шаһардан шықты, Пайғамбардың айтқан жерінен оны тапты. Сейітке тағзым илән сәлем берді: – Иә, расул Алланың ұғылы, Сейіт, тұрғыл,– деді. Шаһарға біз баралық, жүргіл,– деді, Сізге қызмет қылармыз бізлер,– деді. Сейіт сонда анлардан жауап сұрды: – Мені сізге білдірген кім-дүр?– деді. Анлар сонда: – Түс көрдік бізлер,– дейді, Расул Алла Мұхаммед білдірді бізге,– дейді. Екісі ол Сейітті алып жүрді, Сарайына алып келіп, құрмет қылды. Сейіттің жарасына дәру жақты, Тағам асап, ол Сейіт ұйықтап қалды. Сабах садық таң атып, Сейіт тұрды, Сау-саламат намаз оқып, шүкір қылды. Уәзір дахи мың, мың шүкір Хаққа қылды, Сейіт илән намаз оқып, мәжіліс қылды. – Әй, сұлтан, ғалым, палуан Сейіт,– деді, Падишаға мен барсам нешік?– деді. Иләһым, Қадір Сұбхан, патша өзі, Зұлматтан құтқарғай ол патшаны. Сейіт сонда: – Хош болар сөзің,– деді, Ол сұраса, білдіргіл бізді,– деді. Уәзір Банһам патшаға жетіп келді, Патша екісі мәжіліс қылды. Патша сонда: – Иә, Банһам, не білдің?– деді, Рамл салып көрдің бе кешегіні? Банһам сонда: – Мен рамл салдым,– деді, Ол жігіттің талиғны көрдім,– деді. Ол жігіттің қуаты ғажап,– деді, Ол – Мұхаммед пайғамбардың нәсілі,– деді. Сонда Меһрасып уәзірден мұны сұрды: – Оның тұтқан дін мазһабы қайсы?– деді. Уәзір сонда ғажайып сөз сөйледі, Мұхаммед пайғамбарды көп мақтады. – Ол Мұхаммед пайғамбар табынар бір Тәңірге, Жаратқан жер мен көкті ол Тәңірге. Жұмла ғаламды жаратқан ол Тәңірге, Тағат қылып жалынар ол Мәулаға. Сонда Меһрасып падиша сөз сөйлейді: – Менім Тәңірім жаратқан жер мен көкті. Ол сөзге уәзір Банһам жауап берді: – Біздің пұтты, бір пұтты жасар ерді. Тілесе, ол пұтты бұзар,– деді, Тілесе, ол пұтты түзер,– деді. Тәңірі ол-дүр жұмла ғаламды жасар,– деді, Жан беріп және ризық берер,– деді. Бұ ғаламды бар-жоқ қылса Қадір өзі, һешкімнен ақыл сұрамас, ғалым өзі. Патша сонда: – Хош айттың мұны,– деді, Ол жігітті келтірші мұнда, – деді. Уәзір сонда жүгіріп үйге барды, Сейітті ізет қылып, алып келді. Патша илән Шаһ уәли сөз сөйлесті, Сейіт енді патшаға бір сөз айтты: – Жас күнінде асырасаң бір ұланды, Бек құп ұстарсың ол ұланды. Ғиззат қылып һәм берсең көп малдарды, Уа және патша қылып қойсаң оны. Әлхасыл, тастап кетсе бір күн сені, Ол сенен артық көрсе бір патшаны. Бір күнлері қолыңа түссе ол ұланды, Сол күнде не қылар едің ол ұланды? Ол сөзге патша сонда жауап берді: – Терісін тірі сояр едім оның,– деді. – Иә, падиша, білдің бе үшбу сөзді, Топырақтан бар еткен Алла сені. Кәмелетке жеткізіп, ол өстірді, Уа және патша қылып, ол құрметтеді. Қисапсыз нығмет беріп, құрмет қылды, Нешік пікір қылмассың сізлер мұны? Өз қолыңмен жасарсың пұттар өңкей, Нешік Тәңірі қыларсың сізлер оны? Ол пұттан пайда да жоқ, зарар да жоқ, Көңіліңізге нешік Тәңірі қыларсың тоқ? Сол уақытта Меһрасып қайран қалды, Ғажап қылып ол Сейітке қарап тұрды. – Барып біздің пұтымызды келтір,– деді, Не сөз айтар, тыңдалық оны тағы. Қызметші алып келді алтын пұтты, Үстінде алтын шатыр, жауһарларды. Келтіріп ортасына оны қойды, Бетінен бүркеншегін алып қойды. Бейшаралар көп алтынды ысырап қылған, Адам сипатты көзлерін гауһар қылған. Тамағын ол пұтының лағыл қылған, Іші қуыс, зағыпыран илә миск толған. Меһрасып: – Иә, Тәңірім,– деп жауап сұрды, Мен саған Тәңірім деп сәжде қылдым. Бір адам үшбу тұрған маған келді, Ол сені батыл деп хабар берді. Жауап бергіл Тәңірі болсаң бұған,– деді, Сөйлемесең, сәжде қылман саған,– деді. Сол уақытта пұт қозғалып, сөз сөйледі: – Рұм халқын хараб қылған, Баттал,– деді. Келдің бе бұ араға, әй, Баттал, тағы,– деді, Жаһанды хараб қылып болдың,– деді. Ол сөйлеген шайтан, лағин, залым ерді, Ол халықты аздырған малғұн ерді. Сейіт сонда мүбәрак аузын ашты, Аятул Күрсиді оқып үшкірді. Сол уақытта пұт жығылып, пәре болды, Әр пәресі “Алла” деп сәжде қылды. “Мұхаммед расул Алла – хақ-дүр дейді, Сейітбаттал – шаһ жиһан, уәли дейді. Мұхаммед расул Алла – хақ-дүр дейді, Сейітбаттал – шаһ жиһан, уәли” дейді. Бұ адам сол уақытта тұра келді, – Менім пұтым не себеплі пәре болды? Банһам сонда: – Иә, падиша,– деп сөйледі, Алланың есімін айтып бұ сөйледі. Сол уақытта бір жігіт тұра келді, Басын қойып Сейітке ол жылады. Сейіт оның құлағын кескен ерді, Сейітке оны беріп, ол жылады. – Пұтқа оқыған дұғаңды айтшы,– деді, Құлағым әуелгідей болсын,– деді, Сейіт сонда “Әл-хамду лилланы” оқып ерді, Құлағы әуелгідей бүтін болды. Меһрасып мұны көріп, ықылас қылды, Сейіттің ісіне қайран қалды. Сейіт және: – Иә, Меһрасып патша,– деді, Және сұрар жауабыңыз бар ма?– деді. Баба Мұхаммед мұғжизатын айтам,– деді, Жоқса, иман келтіргіл қазір,– деді. Меһрасып сонда Сейітке жауап берді: – Сенің дінің хақ екен, білдім,– деді. Ләкин бір мүшкілім бар менім,– деді, Айыпқа бұйырмасаң айтам,– деді. Сейіт сонда: – Хош, болар,– деп изин берді, Меһрасып сонда сөзіні баян қылды: – Менім бір махбүблі қызым болған,– деді, Диюлар алып кеткен оны,– деді. Сол қызымды келтірсең мұнда,– деді, Жұмла халқым илән мұсылман болам,– деді. Сейіт сонда: – Ол қызың қайда?– деді, Бар болса, келтірейін мұнда,– деді. Банһам сонда: – Апарайын сізді,– деді, Құдайым медет берсе сізге,– деді. Мен көрдім екі зәңгі жолда,– деді, Қырық аршын қад қаматы болар,– деді. Көтерген күрзілері таудай,– деді, Жерге ұрса, ол қылар күлдей,– деді. Сонан неғып кетерміз бізлер?– деді, Сейіт сонда: – Қауіп қылмағыл онан,– деді. Әлхасыл, екілісі жолға жүрді, Төрт күнде ол зәңгіге жетіп келді. Зәңгі сонда нағра салып, жетіп келді, – Ажалың айдап келген сені,– деді. Қолына тастан күрзі алып келді, Бұнларды ұрайын деп қаһарланды. Сейіт сонда атын тастап, жаяу жүрді, Алланы зікір қылып, туғры жүрді. Зәңгі сонда Сейітті ұрып қалды, Сейіт қарғып, бір жанға тұрып қалды. Енді Сейіт жұмырық ұрып ерді, Бұ басынан мұғаллақ ол жығылды. Оның Сейіт кеудесіне мініп алды, Қанжарын бұғазына оның қойды. Ғанжаф сонда: – Сен кімсің?– деді, Бір ұрып, мен аждаһаны жықтың,– деді. Сейіт сонда өзіні баян қылды, Иман айтып, ислам дінін аян қылды. Ғанжаф енді Сейіттен аман сұрды, Иман айтып, аяғына басын қойды. – Мен сенің құлың болдым енді,– деді, Өз құлағын өзі тіліп, белгі қылды. – Бұ жерге не қызметке келдің?– деді, Баян қыл раушан бізге, қожам,– деді. Сейіт сонда Меһрасыпты баян қылды, Оның алынған қызын аян қылды. Ғанжаф сонда: – Әй, палуан Сейіт,– деді, Ол қызды дию алған,– деді. Ол малғұн бек, бір ғажап күшті,– деді, һешбір жатқан тағат қылмас оған,– деді. Құдайым ғинаят қылса саған,– деді, Ол көрсетер мүмін болса саған,– деді. Жолыңда бір інім бар менім,– деді, Ол көрсетер мүмін болса саған,– деді. Сейіт илән Банһам уәзір және жүрді, Төрт күнде Ғазрифке жетіп келді. Мұны және Ғанжафтай мұсылман қылды, Құл болып, өз құлағын о да қылды. Сейітке жол көрсетіп, о да қалды, Жеті күнде бір қалаға бұнлар келді. Ақ мәрмәрдан салған екен ол қаланы, Там басынан қараған қызды көрді. Ол қыз және: – Садық расул Алла,– деп сөйледі, Хош келдің, Сейітбаттал ғазы,– деді. Ол қыз келіп, үшбулерге қапу ашты, Сейіттің аяғына басын қойды. Сейіт аңа: – Кім білдірді бізді?– деді, Раушан бізге баян қылшы, қызым,– деді. – Иә, Шаһ жиһан, мен – Қарун падишаның қызы,– деді, Жеті жыл жесір болдым мұнда,– деді. – Бұ кеште көп жылап жаттым,– деді, Түсімде расул Мұхаммедті көрдім,– деді. “Қызым, сен көп жыламағыл, сабыр,– дейді, Ертең Сейітбаттал ұғылым келер” дейді. Қызға “Диюдың жолыны көрсет,– дейді, Оны өлтіріп, халас қылар сені” дейді. Қыз: – Диюдың қапуы үшбу,– деді, Бұ басқышпен төмен түсіп кетер,– деді. Ол басқышпен төмен түсіп Сейіт кетті, Қыз илән Банһам жылап сонда қалды. Қырық басқыш төмен жүріп келіп ерді, Ол жерде бір сарайды және көрді. Төрт жерге тақ және құрған көрді, Әр тақтың тұсында хұжра көрді. Бір тақтың астында қапу көрді, Қапу ашып қараса, қиу көрді. Ол қиудан нардибан басқыш және көрді, Қырық аршын басқыш илән келіп тұрды. Оның түбі бек қараңғы, ғажап ерді, Шаһ әулие көзін үйретіп қарап тұрды. Назар салып қараса, бір дария көрді, Ол дариядан өтерлік жол болмады. Сейіт енді Хақ ғинаят зары қылды, Мұхаммед Мұстафадан шапағат сұрды. “Бұ жерден кері қайтсам, әгар,– деді, Қорқып кеткен болар дер адамлары. Мұсылман болам деген көп халықтарды, Ол сауаптан қалдырма және бізді” [деді]. Сол уақытта дария жош әйлады, Бір балық дариядан бас шығарды. Сейітке тағзым илән сәлем берді, – Мен Жүніс пайғамбарды жұттым,– деді. Қырық күн ол ішімде тасбих айтты, Сол себеплі менім ішім нұрға толды. Балықтардың пірі болдым сонан,– деді, Жұмла балықтар табиғ болды маған,– деді. Бұ күні Хақтан әмір болды маған,– деді, “Сейіт келді, дариядан шығар” дейді. Ол балық тауға меңзер ғажап ерді, Шығып ердім, ол балық суға батты. Бір аралға келіп, сайран қылдым,– деді, Бір жерде бір сарайды көрдім,– деді. Асылған бір нардибанды көрдім,– деді, Оны тұтып, жоғары шықтым,– деді. Оның және ішіне кірдім, ғажап,– деді, Он сегіз қыз ішінде көрдім,– деді. Жүздері зағыпыран кебі сарғайыпты, Диюдан қорқып, қаны суалыпты. Қыздар келіп, ол Сейіттен хал сұрады: – Бұ жерге нешік келдің? – деп сұрады. Сейіт сонда қыздарға жауап берді: – Қызметім кәрі диюды өлтірем,– деді. Сізлерді халас қылам мұнан,– деді, Апарам мемлекетіңізге жұмлаңызды. Қыздар сонда “аһ” деп, сөз сөйледі: – Болар ма сіздің айтқан сөзің,– деді. Ол малғұн адам жүзін көрсін,– деді, һеш адамның күші жетпіс оған,– деді. Қыздар бірлән Сейіт сөйлесіп тұрған ерді, Сол уақытта бір ғұлғұла пайда болды. Ол дауыс кәрі диюдың аяғы ерді, Жерге басқан қадамының хадасы ерді. Қыздар сонда жығылды жүздерінен, Есін танып кеттілер сөзлерінен. Сейіт сонда жасырынды тақыт астына, Диюдың назар салды шұһрасына. Хинзир басы ұқсайды оның басы, Ұқсаған мисли пілге һәм құлағы. Сұры арысланға һәм ұқсайды, Құйрығы аждаһадай ысқырады. Қолыңда екі арыслан бақырады, Біріне бірін ұрып, пәре қылды. Уа және айбат бірлән күркірейді, – Келдің бе, Сейітбаттал?– деп ақырады. Рұм халқын хараб қылған сен бе?– деді, Енді іздеп келдің бе мені?– деді. Не қылармын мен саған, тоқта,– деді, Қаның айдап келтірді сені,– деді. Бір тауды күрзі қылып ол алыпты, Оған санбур ағашын сап қылыпты. Ол күрзіні көтеріп ұрып ерді, Сейіт сонда секіріп кейін тұрды. Күрзі сонда балшыққа ұрған мисли Жерге батып, ол күрзі көрінбеді. – Баттал, саған сол керек,– деп сөйледі, “Сейітті өлтірдім” деп ол ойлады. Сол халде Шаһ әулие нағра салды, Қолына “тайығ зухаки” қылышын алды. Қаһарланып қолтығынан салып ерді, Малғұнды екі пәре қылып салды. Уа және сол лағин сөз сөйледі: – Ер болсаң және ұршы,– деп сөйледі. Сейіт оған: – Әй, лағин,– деп сөйледі, Ердің ісі екі емес, бір-дүр,– деді. Ол лағинның тыпырлап жаны шықты, Жаһаннамнан ол малғұн орын тапты. Сейіт оның бас терісін сойып алды, Қыздар сонда естерін жиып алды. Сейіттің аяғына басын қойды, Уа және көзін сүртіп, зар жылады. – Аһ, біздің көргеніміз түс пе?– дейді, Өлген тәнге, ия кірген жан ба?– дейді. Сейіт сонда қыздардан сөз сұрады: – Меһрасыптың қызы бар ма мұнда?– деді. Бір қыз сонда жылап тұра келді, – Жаным құрбан болсын,– деп ол жылады. Әлқисса, бұ қыздарды алып жүрді, Дарияның жағасына жетіп келді. Сол уақытта дария жош әйлады, Балық және Сейітке сәлем берді. Және Сейіт хазіреті ол балыққа мініп алды, Қыздар илән дариядан Сейіт шықты. Балық енді Сейітке сөз сөйледі: – Бір аманат тапсырам сізге, – деді. Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– деді, Ұмытпасын шапағатынан мен ғаріпті. Шаһ әулие “хош, болар” деп сөйледі, Балық илән уағдаласып, жолға жүрді. Банһам илән қыз жылап отыр ерді, “Иә, Алла, Сейіттің халі нешік? дерлер ерді. Аман Сейіт бұ жерге келсе ерді, Перілерден халас қылар ерді ол бізлерді. Әгар Сейіт келмесе аман мұнда,– дейді, Сонда мүшкіл халіміз болар” деп жылады. Сол уақытта Шаһ әулие бұнларға жетіп келді, Он сегіз қызды қасына ертіп келді. Банһам сонда Сейітті көріп, шүкір қылды, Аллаға шүкір үшін намаз қылды. Диюдың бас терісін және көрді, Сейіттің аяғына басын қойды. – Иә, сұлтан ғалым, келдің бе аман,– деді, Бізде бар тек шықпаған жандар,– деді. Бұ уалаятқа сен рахмат болдың,– деді, Сөйленсін қияметкеше оның,– деді. Ол сарайларды Сейіт хазіреті сайран қылды, Бір қапуды Шаһ жиһан және ашып көрді. Иә, ғажап, бір сахара, мәнзил, бау-бақша болды, Ішінде төрт жүз атты олар көрді. Иә, ғажап, бұ хикметтерді тыңлаң енді, Сейіттің жоғалған аты сонда болды. Сейітті танып, ол аты шауып келді, Сейіт қуанып, атының көзін сүйді. Ер-тұрманы, жұмла құралы тамам жүрді, Мұны көріп Банһам илән Сейіт ғажап қылды. Төрт жүз аттың жұмласын ұстап алды, Бұны көріп Банһам уәзір қайран қалды. Ол аттарды кәрі дию келтіріпті, Адамзаттың палуаны болса өлтіріпті. Сейітті өлтіруге бата алмайды, Атын ұрлап, бұ жерге келтіріпті. Сейіт енді төрт жүз атқа алтындарды артып алды, Уа және жауһар илән күмістерді. Он тоғыз қыздарды мінгізіп жүрді, Тоғыз күнде Ғазрафқа жетіп келді. Кәрі дию перінің басын көрді де, Сейіттің аяғына басын қойды. Кешмерінің қызына көзі түсті, Ғашық ерді, көңілі жош әйлады. Қыздың дахи көңілі анда ерді, Сейіт біліп, екісін некахлады. Төртінші күнде Ғанжафқа және келді, Ғанжаф дахи бұ іске қайран қалды. Қарун шаһтың қызына ғашық ерді, Қыздың дахи көңілі анда ерді. Сейіт оның екісіне неках қылды, Мұрады хасыл болып, бұнлар қалды. Енді Банһамға Сейіт: – Ілгері барғыл,– деді, Меһрасыптан сүйінші алғыл,– деді. Меһрасып падишаға Банһам барды, Сейіттің кереметін айтып барды. Әлхасыл, Меһрасып патша атқа мінді, Шаһардың жұмла халқы бірге барды. Сейіттің аяғына басын қойды, Сол жерде қойдай шулап, мүмін болды. Тағзым қылып, Сейіт сұлтанды алып жүрді, Келтіріп сарайына қонақ қылды. Кәрі диюдың басын орамға ілді, Он сегіз патшаларға хабар берді. “Ғайып болған қыздарыңыз мұнда келді, Шаһ әулие Сейітбаттал алып келді”. Есітіп, он сегіз патша жұмла келді, Жұмласы қыздарын көріп, шүкір қылды. Сейіттің аяғына басын салды, Жұмласы халқы илән мүмін болды. Он сегіз патша жерлеріне қайтып кетті, Сейітке көп-көп рахмет айтып кетті. Енді Банһам Сейітке сөз сөйледі: – Менің сізде бір мақсұдым бар,– деп сөйледі. Сейіт оған: – Мақсұдың не-дүр?– деді, Қолдан келсе мақсұдың болсын,– деді. – Сіз білерсіз Мағаз атты ұғылымды, Меһрасып қызын соған берсе,– деді. Хұтба оқып берсеңіз өзің,– деді, Мақсұдым хасыл болар ерді сонда,– деді. Меһрасыпқа Сейіт мұны баян қылды, – Қызыңызды Мағазға беріңіз,– деп аян қылды. – Хош болар,– деп, Меһрасып қызын берді, Шаһ әулие хұтба оқып, дұға қылды. Сейіттің сағадатлы дәулеті хасыл қылды, Патша илән беклердің қызметі тамам болды. Он тоғыз патша Сейіттен керемет көрді, Жұмласы соғыс қылмай, мүмін болды. Әзін жаныб һиндүстанға барып, патшасын өлтіріп, ақ пілді алып келгені Енді Сейіт Меһрасыпқа сөз сөйледі, Әуелден жүрген істеріні: – Ақ піл үшін мен келдім мұнда,– деді, Білермісің, ол қайда болар?– деді. Меһрасып патша: – Әй, сұлтан ғалым,– деді, Ол ақ піл һиндүстанда болар,– деді. Оның падишасын һайлан атар,– деді, Пұт параст, өзі – малғұн жүһүд,– деді. Бұ жерден жеті күндік болар,– деді, Сен барсаң, мен де бірге барам,– деді. Ол маған қатты дұшпан болар,– деді, Күшім жетпей мен оған жүрмін,– деді. Сізіңмен бірге барсам оған,– деді, Өшімді сізің бірлән алсам,– деді. Сейіт оған: – Мен барамын жалғыз,– деді, Сізлер аяқ бау боларсың бекер,– деді. Мақсат қылған ақ пілді алсам,– деді, Мақсатың сенің дахи болар,– деді. Бұнлармен уағдаласып, жолға жүрді, Хаққа хамд, Пайғамбарға салауат етіп жүрді. Құдаға мінәжаттарды зары қылды, Гауһарлар көзлерінен жары қылды. Хаққа сыйынып, бір күнлер бір тауға келді, Оның бір сахара сонда әскер көрді. Екі сап қарсы тұрған оны көрді, Майдан түзеп, мүбараз қылған көрді. Бір адамнан Шаһ жиһан хабар сұрды: – Бұ әскерлер кім болар?– деп онан сұрды. Бір әскері – Мысырдың сұлтаны, қайсар,– деді, Ол мұсылман – Мұхаммед-дүр пайғамбары. Оның бар сексен мыңдай ләшкерлері, Аз да болса ол ұрады дін қылышыны. Бір әскері – һайлан-дүр пұт парасты, Оның бар жүз мың әскер адамлары. Бұ хабарды есітіп Сейіт келді, Ол әскерге мүбәрак көзін салды. Майданға берәм-берәм ерлер барды, Жүһүд илән мұсылманлар хамлә қылды. Бір мүшірік он мүмінлерді шаһид қылды, Халид есімді бір мұсылман және келді. Халид келіп, ол мүшірікті қатил қылды, Жанын жаһаннамға ұластырды. Жүһүдтерден Қалұн есімді және келді, Ол малғұн Халидті шаһид қылды. Халидтің ол лағин ішін жарды, Жүрегін алып, мұсылманларға қыршып жеді. Оны көріп, Сейіттің қаһары келді, Рағд кебі сол халде нағра салды. Екі тарап әскерлері қайран қалды, Жеті қат көк жерге түскен мисли болды. Бұныңдай сағиқаны һеш есітпеді, Айрылып ақылынан, есінен танды. Сейіт сонда майданға жетіп барды, Қалұнға: – Әй, лағин,– деп сөйледі. Адам етін асар ма адам?– деді, Не себеплі жүрегін жедің?– деді. Ол малғұнның мықтысы ғажап ерді, Ат көтермей, ол пілді мінген ерді. – Сені және сондай қылам, тоқта,– деді, Сейітке күрзі алып оңтайланды. Сейіт сонда мунадилердің сүңгісін алды, Ол малғұнға үшкіріп оны салды. Хикметулла сүңгінің оты шықты, Ол малғұнды піл илән отқа жақты. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Сол майданда жетпіс жүһүдті отқа жақты. Енді мүшіріклер майданға келе алмады, Сейіт енді қаһар илән нағра салды. Көп мүшіріктің сол жерде жаны шықты, Есін танып, бағзылары атқа міне алмады. Сейіт сонда мүшіріклерге хамлә қылды, Мүшіріклердің қаны мисли наһр, селдей болды. Сол уақытта күн кеш болып, кері қонды, Сейіт туғры бір тауға жүре берді. Сейіт келіп ол тауға атын қойды, Мұсылманлардың шатырына өзі келді. Қайсар сұлтан тағында отыр ерді, Уәзір, беклер жұмласы бірге ерді. Жұмласы ол Сейітті ғажап қылды, – Бұ кісі дию ма, я пері ме?– деп сөйледі. Ол жігіт, әгар, келсе мұнда,– деді, Берер ердім тәж-тағымды оған,– деді. Белгілі, ол адам емес, періште болар,– деді, Мұсылманларға жәрдем үшін келген,– деді. Бұны естіп, Шаһ әулие және жүрді, Хайланның шатырына кіріп келді. Хайлан жәду шатырында отыр ерді, Алдына пұтын қойып табынар еді. Уа және: – Мағбұдым,– деп сөз сөйлейді, Мен саған көп табындым,– деп сөйлейді. Бір адам бүгін мұнда келді,– деді, Палуан беклерімді отқа жақты. Ол және ертең мұнда келер,– деді, Не деп жауап беремін оған?– деді. Сейітке өнер бастар уақыт келді, Мунадилдің сүңгісін қолына алды. Ол пұттың іші қуыс, панар ерді, Ішіне отты салса, жанар ерді. Сейіт оның ішіне от жіберді, Пұттың іші гүрілдеп жана берді. Хайланның шатырына от тұтасты, Хайлан сонда шатырдан шыға қашты. Және Сейіт һәр шатырға оттар салды, һәрқайсы от бірлән һәлак болды. Атқа мініп, үш мәртебе Шаһ әулие нағра салды, Халайықтар оны естіп, есін танды. Әскерлерге түн ішінде қырғын салды, Бірін-бірі танымай, қырылысты. Бір уақытта сабах садық таң да туды, Мүшіріклер өз әскеріне көзін салды. Арасында һеш мұсылман көрінбеді, “Бірін-бірі қырыпты” деп қайран қалды. Хайлан жәду бұны көріп, мәлүл болды, “Тез ақ пілді келтір!” деп айқай салды. Соғыстың жұмла құралын қолына алды, Пілге мініп, майданға тұра қалды. Мұсылманлардың адамлары шаттық тапты, Мүшіріклердің қырылғанынан хабар тапты. Сейітке бір мұсылман жетіп келді, Ол келіп, ізет илән сәлем берді. – Сөзім бар саған айтар, иә, палуан,– деді, Төрт жүз жыл өмір сүрдім тамам,– деді. Мен Әли әл-Мұртазаны көрдім,– деді, Бұ уалаятқа ол Әли келген ерді. Қырық тоғыз күн бұ ақ пілді мінген ерді, Бұны мініп, көп мүшірікті қырған ерді. Бұ қайсардың атасы Ғұнқа ерді, Оны мұсылман хазіреті Әли қылған ерді. Әли оған бұ ақ пілді берген ерді, Мүлкінде ол Ғұнқаның тұрған ерді. Бұ Хайланның атасы мүшірік ерді, Ғұнқаны ол малғұн шаһид қылды. Бұ ақ пілді қайсардан тартып алды, Бұ ақ піл хазіреті Әлиге ғашық ерді. Бұ хабарды білдірдім сізге, – деді, Соңын өзің білерсің,– деп ғайып болды. Бұ хабарды Шаһ әулие біліп алды, Пілге келіп, Шаһ жиһан сөз сөйледі: – Иә, піл, менің сөзімді тыңла,– деді, Менім атам – Хазіреті Әли Асадулла, білің,– деді. Үстіңе қырық тоғыз күн ол мініпті, Мүшіріклерді саған мініп, көп қырыпты. Ол Әлиге сен ғашық болсаң,– депті, Маған және жәрдемші болғыл,– депті. Сейіттің сөйлегенін піл біліпті, Піл сонда: – Мархабат,– деп пысқырыпты. Құданың құдіретін көргіл енді, Піл сілкініп, һайланды жерге ұрды. Хортумы илән ауаға лақтырды, Келіп жерге түскенде, һәм таптады. Және Сейіттің аяғына басын қойды, Сейітке тағзым қылып, тәсілім болды. Шаһ әулие сол халде аттан түсті, Ол ақ пілдің үстіне мініп алды. Аллаға шүкір қылып, қаһар илән нағра салды, Мүшіріклердің әскеріне келіп кірді. “Тайығ-зухаки” қылышын қолына алды, От шығатын сүңгісін және алды. Кәһи оңға, кәһи солға хамлә қылды, Мүшіріклерге өрт мысалы қырғын салды. Мұсылманлардың әскерлері және кірді, Сейіттің қайратына көзін салды. Сейіттің кереметті құрметінде, һәр мұсылманлар мисли бір аждаһадай. Мүшіріклер үркіген қойдай һәр тарапы, Мұсылманлар оған шапқан мисли арыслан. Бұ соғыста бір ғажап хикмет болды, Бір сағатта алпыс мың мүшірік өлді. Шаңның ішінде һайлан ұғылы ұшырады, Сейіт оны сол халде байлап алды. Алып келіп қайсар сұлтанға оны берді, һайланның ұғылын қайсар алып шат болды. Шаһ әулие мүшіріклерді және қырды, Тағат тұтпай, мүшіріклер шаһарға қашты. Мұсылманлар арттан қуып, оны қырды, Аман тілеп, мүшіріклер шаһарға кірді. Шаһ Жиһан әулие қайсарға қайтып келді, Қайсар сонда Сейіттің жүзін сүйді. Қайсар және: – Иә, Құдауанда,– деп сөйледі, Білмедік иә, палуан зада, кімсің?– деді. Қай зүрият боларсыз, білдір?– деді, Сенің үшін жаным құрбан болсын,– деді. Бізге рахмат болдың сен, жаным,– деді, Баян қыл раушан бізге, иә, сұлтан,– деді. Сейіт сонда өзін баян қылды: – Асылым – араб, құрайыш – затым,– деді. Зүриятым Әли әл-Мұртазадан болған,– деді, Бабам Мұхаммед – шапағатшым менің,– деді. Туған атам – Хұсайын ғазы, білсең,– деді, Өзім атым – Сейітбаттал ғазы, – деді. Қайсар сонда Сейітке басын қойды, Көрген жоқ бұрын, естіп білер ерді. Уәзір, бек басын қойып зар жылады: – Біздің әзиз сұлтанымыз сен бе?– дейді. һайланның ұғылы және Сейітті білді, Аяғына басын қойып, мүмін болды. Бұнлар енді шаһарға жұмла келді, һайланның ұғылын шаһарға патша қылды. Шаһар әһлінің жұмласы мүмін болды, Сейітке ізет илән құрмет қылды. Қайсардың қызын һайлан ұғылына бермек болды, Сейіт оған ақд неках тамам қылды. Жұмласы Сейіт илән мәжіліс қылды, Сейіт оған дін жолын тағриф қылды. Ол шаһарға мәсжид, медреселер бина қылды, Жұма оқып, Шаһ әулие уағыз қылды. Есіткен халайықтар қайран қалды, Мисли қиямет күндей зар жылады. Сейіттің кереметін заһир көрді, Жұмласы ықылас қылып, нұрға толды. Әлқисса, Сейіт хазіреті қайтпақ болды, Қайсар және Мысырға жүрмек болды. һайланның ұғылы алтын, жауһар көп шығарды, Мың жүк қылып, күміс жиһаз һәм шығарды, Ғилман ұлдан ұғыл, қыздарды һәм шығарды, Жүз атқа қыздар илән ұғлан мінді. Ақ піл илән көп малды және берді, Жұмласын Сейіт хазіретке халғат қылды. Сейітке екі патша уағдаласты, Айрылғанға патшалар көп жыласты. Бір күнлері Меһрасыпқа Сейіт келді, Меһрасып хал сұрасып, шат болды. Сейіттің кереметіне тахсин қылды, Сейітті тағзым қылып, қонақ қылды. Сегіз күн Сейіт хазіреті сонда болды, Он тоғыз патша жиылып, құрмет қылды. Алтын, жауһар, арғымақ аттар берді, Ғилман ұлдан ұқсаслы қыздар берді. Уа және жақсы кемелерді әзірледі, Ол малдардың баршасын оған салды. Маллахтар жол білетін мініп алды, Туғры жолмен жеті күнде қырға шықты. Сейіт илән уағдаласып, дұға алды, Көп адам сол арадан кері қайтты. Сейіт енді Хаққа хамд, Пайғамбарға салауат айтты, Жолдастарын ертіп, жолға шықты. Бір күнлері бір шашмаға келіп түсті, Ол жерде бір адамға ұшырады. Сейіт хазіреті ол адамнан жөн сұрады: – Малатияның тарапы қайсы?– деп сұрады. Ол адам бір тараптан жол көргізді, – Үшбу жол Малатияға барар,– деді. Бір күнлері Малатияға келіп ерді, Хараб болған шаһардың халін көрді. Ол шаһардың қорғанын бұзық көрді, Бір тасы жоқ, жұмласын сынық көрді. һәр сарайдың жығылған көрді биналары, Туғры тұрған болмады қиамдары. һеш сұрайтын болмады адамлары, Қайран болып жылады Сұлтан ғазы. Бақтың ішіне һәм барды Шаһ ғазы, Сайран қылып қарады Шаһ уәли. Ол бақта Сейіт көрді бір адамды, Ол адам – Абул Фаттах белгілі жаранлары. Сейітке жүгіріп келіп, сәлем берді, Аяғына басын қойып, зар жылады. Сейіт оның көтерді басын енді, Құшақтап, оның енді көзін сүйді. – Білгеніңнен хабар айт, жаным,– деді, Не уақиға болған-дүр бұған?– деді. – Иә, сұлтан ғалым, мен айтайын сізге,– деді, Бір һәлакат ерісті бізге,– деді. Сіз кеткенін қайсар малғұн білген,– деді, Жүз мың әскер илән ол мұнда келген,– деді. Ғапыл күнде ол малғұн мұнда кірді, Бірнеше адамларды шаһид қылды. Ұлық өзің білетін жаранлары Әмір Омардан жүз төндіріп, кетті бәрі. “Сен алдың қатынның тілін,– деді, Жібердің бізге қорған палуанды”. Сол себеплі жаранларың тарап кетті, Әмір Омар Керманның қаласында жатыр,– деді. Әлқисса, ол адамға Шаһ уәли: – Барғыл,– деді, Біздің аман келгенімізді білдір,– деді. Әмір Омарға хабар айтқыл бізден,– деді, Жаранларымен жұмласы келсін,– деді. Ол адам Керманға жетіп барды, “Шаһ әулие келді” деп хабар берді. Мұны естіп жұмлалары шат болды, Құдаға шүкір үшін намаз қылды. Әмір Омар жаранлары илән жетіп келді, Сейіттің аяғына басын қойды. – Сіз кеткен соң, қайсар малғұн мұнда келді, Бұ шаһарды хараб қылып бұзды,– деді. Әмір Омар Сейіт хазіретіне ғұзыр қылды, – Бір білместік басымыздан өтті,– деді. Не қылсаң, өзің білгіл енді,– деді, Тек шықпаған жаным бар тәнде,– деді. Фатима сізге берген қызымызды, Не пайда, мүшіріклерге жесір болды. Мәслихат не болар, иә, Сұлтан уәли? Өзің біл, не тәдбир қылсаң енді. Сейіт хазіретінің алып келген малдарыны, Уа және ғилман ұл мен қыздарыны. Арғымақ ат, алтын, жұмла заттарыны, һиндүстаннан келтірген ақ піліні. Ұлық-кішік жаранлары көрді оны, Тахсин қылып Сейітке тұрды бәрі. Шаһ жиһан әулие Омарға әмір қылды: – Бұ малдармен Малатияны түзет!– деді. Әуелгіден биік салсын қорғаныны, Уа және жақсы салғыл ғимаратыны. Мен барайын Ыстамболға жалғыз,– деді, Хақ Тағала не қылса, өзі білер,– деді. Бабам Мұхаммед шапағат қылса, әгар, өзі, Иншалла, келтірермін мұнда,– деді. Әлқисса, Сейіт хазіреті жүрмек болды, Жаранлармен уағдаласып, дұға қылды. Бұ қисса үшбу жерде қадари хал тамам болды, Мұхаммед Мұстафаға салауат, Сейітке дұға қылғыл енді. Бұ қиссаны назым жазған бұ пақыр құлды, Дұғадан тастай көрме бұ хақыр құлды. Құдайым қабыл қылсын қылған дұғамызды, Иләһым, жарылқасын жұмламызды. Сейіт хазіретінің шарапатты құрметіні, Оның сақтап тигізсін рахматыны. Тыныштық ұғылының тілеген мақсұдыны, Қабыл қылып, жеткізгей шапағатыны. Он алтыншы бап: Сұлтан Сейітбаттал хазіретінің һиндүстаннан келіп, әмір Омардың қызын іздеп, тауып алып келгені, уа және қайсардың Кетайун есімлі қызы ағу бергені, һәм Аржис тауында жаһаннам қиусына салғаны, һәм онан құтылып, мүшіріклерді қырып, Кетайунды алғаны. Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Сейіттің хикметлерін һәм башлалы. Сұлтан Сейіт жаһанда өткен уәли, Талай хикметлер көрсеткен Шаһ уәли. Оған хикмет көп берген Қадір Мәула, Және жәрдем көп берген сұлтан Нәби. Сейіттің заһир болған кереметі, Көрінген һәр орында ғаламаты. Сейітке қанша болса кереметі, Мұхаммед Мұстафаның мұғжизаты. Сол себеплі Мұхаммед Мұстафаны, Сөз башлалық салауат илән жад қылалы. Салауат сәлем сенің болсын, Сұлтан Нәби, Мақрұм шапағатыңнан қылма бізні. Сұлтан Сейітбатталдың мұнахибуны, Сеңа сиынып айталы біз бір халі. Көңіліме илһам салғай Қадір Мәула, Назым бірлән сөйлелік бізлер оны. һиндүстаннан Сейіттің келгеніні, Малатияның шаһары һәлак болғаныны. Сейіттің көзі көріп, жылағаныны, Мейірбан мұсылманларға қылғаныны. Әмір Омардың қызын және іздегеніні, Айтайын назым бірлән сізлерге оны. Риуаят рауиларның сөзі келді, Тыңлайтұғын қиссаның өзі келді. Шаһ әулие рұмша тәбдил киім киді, Ыстамболдың тарапына сапар қылды. Бір күнлері Дақи деген шаһарға келді, Ол шаһарда жиылған адам көрді. Бір адамнан Сейіт хазіреті хабар сұрды: – Бұ жиылған адамлар не-дүр?– деді. Сейітке үшбу адам жауап берді: – Қайсар барып, Малатияны хараб қылды. Сейітбатталдың бір қатынын алып келді, Бір уәзірінің ұғылына бермек болды. Соның үшін той қылып жатыр-ды, Адамлар оның үшін жиылар,– деді. Сейіт хазіреті бұ адамнан хабар білді, Көп адамның арасына бұ да кірді. Өлеңшілер шалғы тартып, ойнар ерді, Мақтасып қыз бен күйеуді сөйлер ерді. Сейіт сонда Інжілден аят айтты, Мақтауын қыз-күйеудің бұ да айтты. Сейіттің хұсни даусын ғажапласты, Күйеуге Сейіттің сөзі хош көрінді. Күйеу сорлы бір адамға әмір қылды: – Сол жігітті сарайға келтір,– деді. Біреу келіп Сейітті алып жүрді, Шаһ әулие сарайда бірге отырды. Қыздың сонда Сейітке көзі түсті, Сейітті танып, көзінің жасын төкті. Сейіт сонда ернін тістеп қойды, “Сабыр қыл” деп, ишарат һәм білдірді. Қыз енді шарасыздан сабыр қылды, Ішіне ғашық оты жош әйлады. Жиылып арақ-шарап жұмла ішті, һәрқайсы бір сөз айтып, күлкі қылды. Бұ адам бір кесе шарапты қолына алды, Өзінің сүймес ісін көңіліне алды. – Батталға қаһар үшін ішем,– деді, Бізге Нар-нұр риза болсын,– деді. Бір адам сол уақытта сөз сөйледі: – Болмас істі сөйлеме бекер,– деді. Ол адам: – Батталмысың?– деп сөйледі, Не үшін болысарсың оған?– деді. – Әй, ақымақ, мен қашан Баттал болдым,– деді, Мен – Ғақбаның ұғылы Уәлид,– деді. Мен көрдім кітаптарда ол Батталды, һәр орында жиылыс болса келер,– деді. Сізлер ғапыл болмаңызлар онан,– деді, Баттал келіп қалмасын мұнда,– деді. Ол Баттал қорқақ емес, ер-дүр,– деді, Тірі болса, өшін алмай қоймас,– деді. Мұны айтып ол Уәлид тысқа шықты, Артынан Сейіт хазіреті бірге шықты. Уәлид сонда артына қарап көрді, Келе жатқан Сейітті танып білді. Сейітке ғиззат илән сәлем берді, Сейіттің аяғына басын қойды. – Мен құлыңмын, сен – менім қожам,– деді, Не бұйырсаң, әміріңше болам, – деді. Сейіт сонда: – Олай болса жақсы,– деді, Бір жақсылық көрсетші маған,– деді. – Не жақсылық істерсің менен,– деді, Қолдан келсе, әмірің болсын,– деді. Сейіт сонда: – Уәзір ұғылы мас болып жатыр,– деді, Сен барып, ғапыл халде өлтір,– деді. Түн ішінде адам білмес сені,– деді, Мен қапуда тұрайын аңдып,– деді. – Хош болар,– деп сарайға Уәлид кірді, Мас болып жатқан күйеуді көзі көрді. Уәлид оның басын кесіп алды, Сейітке алып келіп оны берді. Сейіт енді: – Қыз қайда?– деп сұрады, – Қыз бақшадағы сарайда отыр,– деді. Екілісі ол бақшаға жетіп келді, Қыз дахи интизар болып отыр ерді. Түн ішінде Сейіттің даусын білді, Сейіттің аяғына басын қойды. Екісі амандасып, хал сұрасты, Аллаға шүкір, Пайғамбарға салауат айтты. Сарайдағы алтын, күміс, жауһарларны, Бір атқа артып алды затларыны. Түн ішінде шаһардан шығып кетті, Он бір күнде Малатияға жетіп келді, Жаранлары ұлық-кішік жұмла келді, Сейітке тағзым илән көріс қылды. Жеті күн әмір Омар тойды қылды, Сейітке неках қылып, қызын берді. Енді Сейіт хазіреті хатты жазды, Халифаға ақ піл илән мал жіберді. Халифа ақ пілді алып, тойды қылды, Хат жазып, Шаһ әулиеге халғат берді. Шаһ жиһан Фатима илән шадыман ерді, Шатлығы аз күн болды, бір қайғы тағы келді. Құдайым сүйіп оны қайғы берді, Ақырында шатлықты тағы берді. Әзін жаныб Айтайын ол қайғының себебіні, Залым Уәлидтің асылы нақу жұтқаныны. Жалған мұсылман ол Уәлид болған ерді, Бір фитна саларға жүрген ерді. Сейітке қызмет қылып жүрген болды, Бір күні Фатиманы көріп, ғашық болды. Бір күні Сейіт илән бақшаға барды, Сейіт андан: – Кілті қайда?– деп сұрады. – Аһ, үйде ұмыт қалған екен,– деді, Тез барып әпкелейін,– деп үйге кетті. Жүгіріп келіп екі атты ерттеді, – Иә, Фатима, сізні Сейіт шақырды,– деді. Не білсін Фатима байғұс атқа мінді, Уәлид малғұн бақшадан аулақ жерге келді. Фатима сонда Уәлидтен жауап сұрды: – Барарсың қай тарапқа, Уәлид?– деді. Уәлид сонда: – Мен ғашық саған,– деді, Мұрат хасыл тілеймін сенен,– деді. Әгар қабыл қылмасаң бұ сөзімні, Рұмға алып кетем енді сені,– деді. Фатима сонда: – Әй, харамзат, малғұн,– деді, Қайттың ба асылыңа тағы?– деді. Бұны айтып енді Фатима қаша берді, Уәлид малғұн артынан қуа берді. Фатиманың назары артында болды, Аты келіп бір тамға ұшырады. Аты соғылып ол тамға жығылады, Фатима жығылып, сол жерде жан береді. Оны көріп Уәлид малғұн “аһ” деді, – Құс болып қашсам да Сейіт қоймас,– деді. “Рұм халқы қайда” деп, қаша берді, Сейіт хазіреті бұ істен ғапыл ерді. Әзін жаныб Сейіт хазіреті екіндіде үйге келді, Фатиманың шаһидлығынан хабар білді. Әмір Омар қатыны илән бұнлар келді, Фатиманың өлгенін біліп, зар жылады. Әлхасыл, хүкімі лиллаһи арызы болып, дәфін қылды “Инна лиллаһи уа инна илайһи ражиғуна” деп оқыды. Сейіт хазіреті рұмша киім киді, Уәлидтің ізін көздеп, жолға жүрді. Нехасыл, үшбу сөзді азайталы, Ол малғұн қолға түспей, талай қашты. Ол малғұнның тағдыры кейін ерді, Сол себеплі құтылып жүре тұрды. Ақырында Сейіт оны һәлак қылды, Баяны өз бабында келер тағы. Сейіт хазіреті және іздеп келер ерді, Бір мың қадари ләшкерні қатар көрді. Бір адамнан Сейіт келіп хабар сұрды: – Бұ ләшкер қай тарапқа барар?– деп сұрады. Ол адам Сейіт хазіретке жауап берді: – Үшбу ләшкер – Бадрун шаһ палуан,– деді. Рұмда жеті ықылым падишаһ болды, Бірісінің есімі Хамран деген ерді. Оның бір Ғадунбану деген қызы болды, Жаһаннан қайраты асқан палуан болды. Ол қызы жеті ықылымға қағаз жазды: “Әр шаһарда палуан болса келсін,– дейді. Менің бірлән күресті салсын,– дейді, Майданда мені жықса, алсын” дейді. Мұны естіп һәр патшалардан палуан келді, Ол қызға күш жетпей һәлак болды. Бадрунша бір уәзірдің ұғылы ерді, Ол Бадрун үшбу кеше түс көріпті. Түсінде Сейітбатталға жолығыпты, Мұсылман болып, аяғына бас ұрыпты. Ол қызды Бадруншаға апарыпты, Сол себеплі Бадрунша келер,– депті. Бұ хабарды Шаһ жиһан онан білді, Құдаға шүкір қылып, жолға жүрді. Шаһ әулие жол жүріп келер ерді, Сол уақытта бір бөлек адам келді. Бір адамның қолында бар бір арысланы, Көрсеткен палуанлықтың ғаламаты. Сол адам Сейіт хазіретке туғры келді, Қолындағы арысланын қоя берді. – Бұ жерде рұқсатсыз жүрген кімсің?– деді, Сейітке қылышын алып, хамлә қылды. Сейіт сонда жұмырық илән атын ұрды, Аты сонда мұғаллақ ол жығылды. Аты жығылып, адамы сонда тұра келді, Етегін түріп алып және ұмтылды. Сейіт сонда атынан түсе қалды, Екісі құшақтасып, күрес салды. Шаһ әулие оны көтеріп, жерге ұрды, Ол адамның жығылғанда басы ашылды. Сейіт оны бір аурат әйел білді, Шаһ әулие кейін барып тұра қалды. Қыз енді тез орнынан тұра келді, Сейіттің аяғына басын қойды. – Менім атым – Ғадунбану қызбын,– деді, Атамызды Хамранша падишаһ дейді. Мен бір уәде әуелде қылдым ерді, Кім жықса, мені алсын дедім ерді. Әуелгі уәдемде тұрам,– деді, Мен саған халал болдым алсаң,– деді. Сейіт сонда: – Мен алман сені,– деді, Бадруншаға Алла қосты сені,– деді. Мұны естіп Ғадунбану атқа мінді, Өзінің шаһарына қыз жөнелді. Сейіт хазіреті жол жүріп шаһарға келді, Бөлек-бөлек ләшкерлер жатқан көрді. Бұ жерге Шаһ жиһан қонып жатты, Құдаға хамд, Пайғамбарға салауат айтып жатты. Барабан соғып, Хамранша атқа мінді, Елу мың ләшкер илән тауға келді. Шаһардан Ғадунбану және шықты, Бір жүз қызды қасына ертіп шықты. Үшбу қыздар майданда ойын қылды, Ойынына халайықтар ғажап қалды. Майданда Ғадунбану жалғыз қалды, Ғайр қызлар ләшкерге келіп тұрды. Хамран патша қызына сөз сөйледі: – Менім сөзімді алсаңшы, қызым,– деді. һешбір адам шақ болмады саған,– деді, Тыныштық һеш болмады маған,– деді. Не болар, бір бектің ұғылына тисең,– деді, Не болар, бұ ғауғаны тыйсаң,– деді. Қыз сонда: – Жаныма шам болмас,– деді, Уағда бос орынға қалмас,– деді, Әлхасыл, Ғадунбану майдан тұрды, Майданда түрлі ғажап ойын қылды. Фираңның патшасының ұғылы келді, Ғадун илән екілісі хамлә қылды. Сүңгі илән Ғадунбану жерге ұрды, Басын кесіп, ләшкерге лақтырды. Әлқисса, һәр палуанлар келіп ерді, Жұмласын сөйлетпей, һәлак қылды. Андан соң Бадрун шаһ келіп ерді, Екісі қарсы келіп, сөз сөйледі. – Менім атым Бадрун шаһ білсең,– деді, Атаңның ағасының ұғылы,– деді. Мал-мүлкәтім менің көп білсең оны, Қабыл көріп, жұмласын алсаң,– деді. Сонда Ғадун: – Мал керек емес маған,– деді, Майданда жықсаң, тием саған,– деді. Білмеймісің, қатынларға ерлер керек, Қатынлар һеш қатынға тимес керек. Ер болсаң, бұ майданда жықпақ керек, Халайықтар ерлігіңді көрмек керек. “Бәрекелді, ер екен!” демек керек, Қыз қызығып, көңілінде тұрмақ керек. Ер болсаң, қайратыңды башла,– деді, Майданға мені жығып ташла,– деді. Ер болсаң, сөйлемегіл бос сөз,– деді, Ер кісіге керек-дүр хош сөз,– деді. Мұны естіп Бадрун шаһ хамлә қылды, Қыз көтеріп Бадруншаны жерге ұрды. Басты кесейін деп оңтайланды, Сол халде Шаһ әулие нағра салды. Жұмла тұрған халайықтар есін танды, Жеті қат көк жерге түскен мисли болды. Сол уақытта Шаһ әулие жетіп келді, Көтеріп Ғадунбануды жерге ұрды. Қыз сонда бірден тұрып, қол қусырды, Сейіттің аяғына басын қойды. Сол жерде иман айтып, мүмін болды, Құдайым көңіліне нұр толтырды. Бадрун шаһ Сейітке келіп сәлем берді, Тағзым қылып: – Мардан ғалым, кімсің?– деді. Сейіт сонда Бадрунға жауап берді: – Түсіңде кімді көрсең, сол – мен,– деді. Бадрун шаһ бұ хабарды естіп білді, Сейіттің аяғына басын қойды. Сол жерде ықылас илән мүмін болды, Көңіліне иман нұры оның толды. Қыз енді: – Патша жиһан,– деп сөйледі, Сен алғыл, мен күң болам саған,– деді. Сейіт сонда: – Иә, қызым, Ғадун жаным,– деді, Құдадан әмір саған болған,– деді. Ишарат Хақтан саған келген,– деді, Тәсілім бол Бадрун шаһқа, жаным,– деді. Нәсіп жоқ мен аларға саған,– деді, Құданың әмірін бұзған жаман,– деді. Енді қыз Бадрунға риза болды, Сейіттің әмірінше тәсілім болды. Атасына қызы барып, хабар берді, – Мен риза Бадрун шаһқа болдым,– деді. Хамран патша қызының сөзін білді, Шарасыз Бадруншаға қызын берді. Сейіт хазіреті Хамранға һәм сөйледі, Дін жолын тағриф қылып көп сөйледі: – Жұмла сөзіңіз мақұл-дүр, сөзіңіз,– деді, Хамран сонда: – Иә, сұлтан ғалым,– деп сөйледі. Ләкин мен қайсардан қорқам,– деді, Аз ғана күн рұқсат бер бізге,– деді. Қайсар дахи тәсілім болар сізге,– деді, Біз мұсылман болармыз сонда,– деді. Хамраншаға Сейіт хазіреті изин берді, Хамранша Бадруншаға қызын берді. Хамран шаһ ұлық, ғиззат тойды қылды, Сейіт хазіреті ақд неках оған қылды. Бадрун шаһ Ғадун илән үйге кірді, Сейіт хазіреті бір жерде иқрар қылды. Сейіт хазіретіне Бадрунша және келді, Сейіттің жылағанын көзі көрді. Әуел келіп Ғадунбануға хабар берді: – Сейіт хазіреті не үшін жылар?– деді, Екілісі Сейіт хазіретке және келді, Жүздерін жерге қойып, ғұзыр қылды. – Иә, сұлтан ғалым, жыларсың не үшін?– деді, Көңіліңдегі құсаңды білдір,– деді. Сейіт сонда: – Бес неках менде болды, Жұмласы бұ дүниядан сапар қылды. Әмір Омардың Фатима деген қызы болды, Ол маған нәсіп болып, қосылып ерді. Мұрады хасыл болмай, аз күн тұрды, Уәлид малғұн өлтіріп, шаһид қылды. Сол түсіп көңіліме, мәлүл қылды, Шапағат үшін жыладым соған,– деді. Сол уақытта Ғадунбану һәм сөйледі: – Иә, сұлтан ғалым, сөзім бар тыңла,– деді. Әй, Шаһ жиһан, Сейітбаттал сұлтан,– деді, һеш қайғы, құса қылмағыл оған,– деді. Сіз алған Маһпруза – қайсардың қызы, Оның бар бір сіңілісі, ғажап,– деді. Жаһанда теңдесі жоқ көркем,– деді, Оның есімі – Кетайун маһи,– деді. Кауакиб теңізінде орны,– деді, Сізден қорқып ол жерге қойған,– деді. Мен сізді апарайын анда,– деді, Көрерсіз хұсни жамалын оның,– деді. Әуелі сіздің мұрадыңыз хасыл болсын,– деді, Сізден бұрын мен мұрат хасыл қылман,– деді. Ол қыз – менің махбүблі достым,– деді, һәр уақытта жолығып тұрам,– деді. Бұ сөзді айтып, үшбулер жолға жүрді, Бір теңіздің жағасына келіп түсті. Бір бұзылған ғимаратқа атын қойды, Өзлері бір қайыққа мініп алды. Сейіт енді руһбан тонын киді, Ғадунға: – Өзің жалғыз барғыл,– деді. Кетайун[ға] өзің әуелі сөйле,– деді, Келді деп бір руһбан білдір,– деді. Шат көңілі жұмсар оның,– деді, Шақырғыл сол уақытта бізді,– деді. Ғадунбану “хош болар” деп, анда барды, Ол келіп Кетайунға көріс қылды. Кетайун илән хал сұрасып, тамам болды, – Бір руһбан келтірдім жақсы сізге,– деді. Жаһанда теңдесі жоқ ғалым,– деді, Хұсни Жүсіп сәни көрсең,– деді. Қайратына һеш адам шақ болмайды, Атам сізге жіберді көрсін,– деді. Қабыл көрсең, келтірейін сізге оны, Алып келген тұхфамыз білсең оны. Кетайун сонда: – Хош болар, келтір оны, Көрелік нешік ғалым-дүр бізлер оны. Ғадунбану Сейіт хазіретін алып келді, Сейіттің Кетайунға көзі түсті. Мисли маһ табан айдай көрінді, Көрмеген бұ мысалы һешбір қызны. Кетайунның Сейітке көзі түсті, “Бар ма екен бұ мысалы һеш жан” деді. – Хош келдің, дін ұлысы, мұнда,– деді, Сөйлеші діннің жайын бізге,– деді. Сейіт сонда оқыды Інжіліні, Мисли Дәуіт оқыған Забұрыны. Қыз сонда хұсни дауысына ғажап қалды, “Бәлки Иса болар ма?” деп ойлады. Кетайун сонда Ғадунға сөз сөйледі: – Африн бұ жігітке,– деп сөйледі. Бұны туған анасы нешік?– деді, Адамзаттан туар ма бұндай?!– деді. Кетайун және Сейітке сөз сөйледі, Сейітті шикаят қылып, көп сөйледі. Сейіт хазіреті Кетайунға һәм сөйледі: – Сейітбаттал кім болар?– деп сөйледі. Кетайун сонда: – Сейітбаттал – араб,– дейді, Нәсілі Пайғамбардан болған дейді, Ғалымлықта назыры жоқ оның дейді, Палуанлықта Рүстемнен артық дейді. Сахилықта Хатымтайдан жомарт дейді, Хайлакері жаһаннан озған дейді. Кәһи руһбан, кәһи бектей болар дейді, Кәһи жерде, кәһи көкте жүрер, ұшар дейді. Бұ жаһанды хайла бірлән алған дейді, Көп адамды қайрат бірлән қырған дейді. Сол себеплі біз тұрамыз мұнда,– деді, Кеше-күндіз рахат, ұйқы көрмес,– деді. Сейіт сонда: – Иә, Кетайун,– деп сөйледі, Мақтадың Сейітбатталды, ханшам,– деді. Сол мысалы өнер және болса,– деді, Адамзат қашар ма онан?– деді. Кетайун сонда: – Ол – мұсылман адам,– деді, Мәсиханың дініне дұшпан,– деді. Бір тума апамызды өзі алды, һамайунды халифаға және берді. Ол Баттал – мұсылманның сиқыршысы, Онан қашып құтылмайды һешбір кісі. Сейіт сонда: – Ол хайлакер адам болса,– деді, Қояр ма қашқан бірлән аша сені? Сонда Кетайунның көңіліне қорқу түсті, – Сен бәлки Сейітпісің?– деп сөйледі. Сейіт сонда: – Бәлі, білдің мені,– деді, Алармын бұ орыннан сені,– деді. Кетайун сонда естіді бұ хабарды, Қайран болып Ғадунбануға һәм сөйледі: – Менім саған дұшпандығым қашан болды? Не себеплі келтірдің дұшпанымны? Ғадунбану Кетайунға жауап берді: – Сен маған айтпадың ба бұрын,– деді. “һәр орынға сайран қылып алсаң енді, Жақсы жігіт тапсаң келтір” демедің бе? Мен кездім жеті ықылым патшаларны, Сынадым жігітлердің жұмлаларны. Бұ жігіттің қайратын білдім, – деді, Жаһанда теңдесі жоқ палуанлығы. Өнері және ғажап алуан түрлі, Келтірдім мұны саған сол себеплі. Уа және Бадрун шаһ та үгіттеді: – Табылмас мұнан жақсы адам,– деді. Әлқисса, Кетайун қыз һеш болмады, Айқайлап, шақырарға оңтайланды. Сейіт сонда Кетайунға қолын салды, Бұғазына жабысып, өзін буды. Қызметшілердің жұмласын және қырды, Төрт сандыққа алтын, жауһар салыпты. Төртеуі кемесіне мініп алды, Атын қойған ғимаратқа жетіп келді. Ол жерде қарар қылып, ниғмат ішті, Кетайунға және насихат сөз сөйледі. Кетайун насихатын тыңламады, Төртеуі атқа мініп, жолға жүрді. Төртеуі атқа мініп келер ерді, Алдында не қисапсыз әскер көрді. Әуелгі ғимаратқа қайта түсті, Бадрун шаһ хабар аларға анда барды. Бадрун шаһ ол ләшкерден жауап сұрды: – Барарсыз қай тарапқа сізлер?– деді. Анлар сонда: – Уәлид келді бізге,– дейді, Сізлердің Кетайуныңнан хабар берді. Батталға бермексізлер Кетайун қызды, Соның үшін жіберді қайсар бізді. Екі жүз елу мың ләшкер бізлер,– деді, Өлтіреміз Батталды тапсақ,– деді. Бадрун шаһ бұны естіп қайтып келді, Жұмла сөзні Сейітке айтып келді. Сейіт хазіреті атына мініп алды, Майданда жетпіс екі ойран салды. – Менім атым – Сейітбаттал ғазы, білсін,– деді, һәркім өлімін сағынса, келсін,– деді. Сейіттің Кетайун, Ғадун ойынын көрді, “Не үшін тәсілім болмассың бұған?” деді. Сейіт хазіреті майданда нағра салды, һайбаттан қорқып һешкім бара алмады. Келмеген соң Сейіттің өзі барды, Ақшамға шақлы жүһүдтерді бек көп қырды. Күн батқан соң қосына қайтып келді, Бадрун шаһ Ғадун илән қарсы барды. Жүздерін жерге қойып, қолын созды, Сейіттің тонларының қанын жуды. Сейіт хазіреті таһарат алып, намаз қылды, Намаздан фариғ болып, тағам жеді. Тағам асап, Аллаға чок шүкір қылды, Кетайунға және насихат сөз сөйледі: – Жалғыз кісі көп ләшкерге не іс қылды? Құданың құдіретін көрдіңіз бе? Жұмласы – бабам Мұхаммедтің мұғжизасы, Көрдің бе, кәр қылмады кәрі, жасы? Және айтты Бадрун шаһ екілісі, Мұхаммедтің Хақ жүрер мұғжизасы. Ғадунбану көп сөйледі екілісі, Әуелде тамам болған ықыласы. Кетайун сонда Сейітті сүйді көңілі, – Ләкин мен дінімді қойман,– деді. Сейіт сонда: – Мүшірікті алман,– деді, һәр адам мүшірік болса – харам,– деді. Әлхасыл, екілісі келіспеді, Харам күнде Сейіт оған қол салмады. Андан соң сабах садық таң да туды, Әскерлері бейқисап және келді. Ол ләшкердің бастығы Алиун ерді, Сейітке ол Алиун туғры келді. Сейітке бек қабахат сөз сөйледі, Уа және сүңгісін оңтайланды. Сейіт сонда Алиунға қаһарланды, Көтеріп ат үстінен көкке атты. Кері айланып бір уақытта келіп ерді, Жерге түспей, қылыш илән екі бөлді. Әлқисса, азайталы үшбу сөзді, Жетпіс түрлі ойын илан һәлак қылды, Сол уақытта Фарун патша және келді, Жұмласы екі жүз мың ләшкер болды. Сейіт хазіреті ақшамға ше соғыс қылды, Ат жүрместей, адам қаны селдік болды. Қосына Сейіт хазіреті қайтып келді, Бадрун шаһ Ғадун илән қарсы келді. Сейітке ғиззат илән құрмет қылды, Сейіт хазіреті намаз оқып, шүкір қылды. Кетайунға Бадрун, Ғадун һәм сөйледі, Насихат оның үшін көп сөйледі. Не шара Кетайун дахи сөз алмады, Насихат қанша айтса да тыңламады. Уа және сабах садық таң да туды, Сейіт хазіреті әскерлерге және барды. Майданға Баһаман деген біреу келді, Сейітке бек қаһарланып келген болды. Сейіт хазіреті күрзі бірлән ұрып ерді, Аты илән жерге кіріп, көлдік болды. Не қисса аз етелік үшбу сөзді, Сол жерде отыз үш палуанды һәлак қылды. Андан соң жұмла әскерлер қаплап ерді, Сейіт сонда қаһар илән нағра салды. Ол нағраның дауысы ғажап болды, Жеті қат көк жерге түскен мисли болды. Бағзылар аттан ұшып жерге түсті, Бағзылардың есі кетіп, жаны шықты. Сол халде Сейіт хазіреті қылыш ұрды, Уа және сүңгі, күрзі бірдей ұрды. Шаң басып, адамның жүзі көрінбеді, Фаридун сол уақытта ұшырады. Сейітті артынан келіп ұрып ерді, Сейітке бір захмат еріштірді. Артына Сейіт сонда айланыпты, Фаридунға сүңгісін өзі салды. Фаридунға сүңгісі өтіп кетті, Фаридун жаһаннамнан орын тапты. Әлқисса, күн батқанша соғыс болды, Адамның қаны ой жерді көлдік қылды. Әскерлер кеш болған соң, кері қонды, Сейіт енді қосына қайтып келді. Бадрун шаһ Ғадун илән ғиззатлады, Сейіт хазіреті таһарат алып, намаз қылды. Кетайунға Бадрун сөз сөйледі: – Көрдің бе Сейітбаттал нешік қылды? Біз тұрдық там басынан қарап,– деді, Бұ жүрді қанша жанды қырып,– деді. Жердің жүзін бояды қанға,– деді, Өлген жанлар қалды ғой, таң ба?– деді. Сенің көзің көрмеді ме сонда?– деді, Мұхаммед пайғамбардың мұғжиза шұһрасын. Дадасы – Мұхаммед пайғамбардың мұғжизасы, Тарауыт тұрған мүшіріклерге көп салар ісі. Қырылған мүшіріклердің өз жазасы, Сейіт-дүр мұсылманлардың пәруанасы. – Сен дахи, иә, Кетайун, болма ғасы, Тәсілім болғыл Сейітке, жаным, осы. Сол уақытта Кетайун сөз сөйледі: – Ол сорыма қатын алмас па өзі?– деді. Мені тастап, қатын алмаса, әгар, осы, Мені аларға дұрыс болса ықыласы. Сейіт сонда Кетайунға жауап берді: – Мұнан [кейін] рұқсатсыз алмайын қатын,– деді. Бұны естіп, Кетайун енді иман айтты, Бадрун шаһ Ғадун илән шат болды. Бадрун шаһ Ғадун илән басқа болды, Кетайун Сейіт илән бірге болды. Ол залым жалған иман айтқан ерді, Ол сырдан бұ үшеуі ғапыл ерді. Кетайун сандықтарын аша берді, Сейітке бір түйіншек затты берді. – Үшбуді, әй, палуан, алшы,– деді, Мұрныңа бір иіскеп қойшы,– деді. Бұ бір жақсы дәру-дүр білші,– деді, Жарақатының да болған жазулары. Сусағанда сусын да болар және,– деді, һәр уақытта қажет болар сізге,– деді. Сейіт сонда мұрынға иіскеп ерді, Табариктің ақылы сонда зайұл болды. Қыз енді сол арадан тышыра шықты, Бадрунға білдірмей қашып кетті. Ғадунбану Кетайунды қашқан көрді, Келіп ол Бадрун шаһқа хабар берді. – Харами зат асылына қайтқан,– деді, Енді қайтіп жетеміз оған, – деді. Жүгіріп Сейіт хазіретке келіп ерді, Халсіз жатқан Сейіттің халін көрді. “Аһ” деп, екілісі зар жылады, “Ол залым ағу берген” деп жылады. Сейітке неше кере дауыс қылды, Сейітте тұратұғын хал болмады. Нехасыл, Кетайун Хамран шаһқа барып жетті, “Сейітбатталға у бердім,– деп хабар жетті. Жеті күнше оңалмас Баттал,– деді, Тез барып, әпкеліңіз мұнда” деді. Сабах садық таң туды, ләшкер жүрді, Бадрун Ғадун илән қарсы жүрді. Екілісі әскер илән соғыс қылды, Үш күн-кеш мүшіріклерді жібермеді. Хамран патша Ғадунға хабар жазды: “Батталға ағу берген Кетайун,– дейді. Ол Баттал бұ ағудан өлер,– дейді. Кім үшін әуре боларсыз бұнда?– дейді, Айырман Бадрун шаһтан сені,– дейді. һешкіммен ұрыс қылмай, жай тұр” дейді. Ғадунбану естіді бұ хабарды, Келген адамның кесіпті құлақ, мұрнын. – Сейітбаттал көп көрген мұндай істі, Құдайым асан қылған талай істі. Бір күні халас қылар Қадір мұны, Сол уақытта һәлак қылар жұмлаңызды. Енді Хамран жіберді көп ләшкерді, Бадрунша Ғадун илән көп өлтірді. Екісі Сейіт хазіретке және келді, Басын құшақтап, екісі зар жылады. Нехасыл, Сейіт хазіреті тұра алмады, Көзін ашып, жауапты бере алмады. Екісі Хаққа мінәжат, зар қылды, Гауһарлар көздерінен жары қылды. “Тапсырдық Хақ Тағалаға сізні,– деді, Нәжат берсін Құдайым сізге” деп жүре берді. Төртінші күн әскерлерге және кірді, Тәртіп жойып, ортасынан жүре берді. “Алла” деп Малатияға жетіп барды, Есітіп шаһар әһлі зар жылады. Әмір Омар бұ хабарды халифаға һәм білдірді, Халифа оның үшін көп жылады. Әзін жаныб Ғадун илән Бадрун кетіп ерді, Мүшіріклер ессіз жатқан Сейітке жетіп келді. Халсіз жатқан Сейітті байлап алды, Көтеріп тақта илән алып кетті. Бұ хабарды қайсарға Хамран білдіреді, Бұ хабарды қайсар естіп шат болды. “Батталды өлтірейін өзім,– деді, Мен барғанша өлтірмей тұрсын” деді. Әлқисса, жеті күнде Сейіт тұрды, Бір тақтаға байланған өзін көрді. Сейіт енді “Аһ” деп ой ойлады, “Кәпір естен тұтқан екен” деп ойлады. Аллаға мінәжат қылып, сөз сөйледі: “Не келсе, жұмла сенен келер,– деді. Ғинаят, қуат, құдірет сенен,– деді, Сенен ғайр іс болмас зор” деді. Бір адам Кетайунға барып айтты: – Есін жиып, Сейітбаттал тұрды,– деді. Кетайун енді Сейітке жүріп келді, Жүзінен пердесін ашып келді. – Баттал, сен көп біліпсің ғалымдықты, Білмегенсің қатындардың макирін. Сен алдың әуелі менің екі апамды, Уа және сен өлтірдің ата бірлән ағамызды. Қостантин қайсар келер қазір,– деді, Жұмласының өшін алар өлтіріп. Сейіт оған һеш жауап сөйлемеді, Сөзіне һеш ілтипат қылып қарамады. “Сиқыршы Баттал” деп көп замлады, Сейіт сонда ашуланып тебіренді. Сол уақытта бір малғұн сөз сөйледі: “Әй, сиқыршы Баттал” деп көп замлады. Сейіт сонда ашуланып тебіренді, Ау-шынжыры үзіліп, қолын босандырды. Сонда малғұн жүгіріп қаша берді, Артынан Сейіт жетіп, жұмырық ұрды. Мұғаллақ төбесінен жығылып, жанын берді, Сейіттің қайратына қайран қалды. Нехасыл, көптігімен байлап алды, Сейіттің қайратына қайран қалды. – Қорқумен адамларды мұндай қырды, Қаруын алса, қырар еді-ау жұмламызды. Хамран сонда: – Қайсарсыз болмас,– деді, Ақыратис сонда: – Кел, өлтірелік мұны,– деді. Не қылса, өзі қылсын мұны,– деді, Көшелік бұ арадан қазір,– деді. Сұлу қия деген бір қалаға бұнлар келді, Қасындағы бір тауға келіп түсті. Бір терекке Сейітті байлап қойды, Кетайун шатырын оған қарсы тікті. Кетайун енді бек һәйбәтлі зиннәтләнді, Сейітке және келіп сөз сөйледі: – Иә, Баттал, көзім қимас сені,– деді, Сейітке және келіп сөз сөйледі: – Мен саған қатын ұқсаслы һешкім,– деді, Біздің дінге кірсеңші енді,– деді. Сейіт оған һеш жауап бермеді, Көңілін бір Алладан айырмады. Әскерлері арақты ішіп жатты, Қазандағы астары пісіп жатты. Жұмлалары масты болып ұйықтап қалды, Сейіт отыр ағашта қылып зарды: “Иә, Алла! Жаратушы өзің, Мәула, Өзіңе мағлұм-дүр пенде халі. Менім жаным құрбан-дүр саған паймалы, Мәула, Ләкин мұсылмандардың не-дүр халі. Дұшпанлардың аты аяғында қылмағыл суығыны, Иллі балшық паймалы. Сиынам соның үшін, иә, Қадір Мәула”, Сол уақытта бір нәрсе суылдады. Ағаштың басынан бір жылан түсе қалды, Қазан асқан ошақларды аралады. Уа және һәр қазанға басын сұқты, Андан соңыра ол жылан қайтып кетті. Сол уақытта Қарун патшаның ұғылы тұра келді, Құлдарына қышқырып, “Тұрғыл” деді. Ниғматлар піскен-дүр, келтірді, Қасындағы беклері, жұмла беклері. Жұмласы асын асап, тамам болды, Сол уақытта Баһрам Қарун ұғылы тітіреді, Тыпырлап, жаһаннамға ол жөнелді. Әлқисса, үшбу сөзні тамамлалы. Сол жерде жетпіс палуан өліп қалды, Кетайун қыз сол уақытта ой ойлады. Баһрамды оның көңілі сүйер ерді, Сейіттің қасына келіп, сөз сөйледі: – Әй, сиқыршы, сен қылдың мұны,– деді, Сейіт сонда: – Әй, ақымақ Кетайун,– деді, Не келер менім қолымнан, білші?– деді. Кетайун Сейіттің сөзін тыңламады, Сейітті қылыш илән салып қалды. Құданың ғинаяты Сейітке болды, Сейітке тимей, байлаған жіпке тиді. Сейіттің қолы босатылып, нағра салды, Кетайун сол уақытта қаша берді. – Әгар қуатым болған болса менім,– деді, Құтылып кетер ердім сенен,– деді. Тарун, Талқан екі палуан жетіп келді, Сейітті байлайын деп оңтайланды. Сейіт сонда Тарунға жұмырық ұрды, Төбесінен мұғаллақ ол жығылды. Тарунның бір аяғын Сейіт тұтып алды, Уа және бір аяғын басып, тартты. Шіріген бөз мысалы оны жыртты, Жауырынын шоқпар қылып, қолына алды. Оның бірлән дұшпанларын ұрып ерді, Күрзі бірлән ұрғандай қырылады. Сол халде Ақыратис палуан ұшырады, Оның және бір ұрғанда белі сынды. Сол уақытта жұмла ләшкерлер қамалады, Нехасыл, көптігімен байлап алды. Сол уақытта қайсар да жетіп келді, Уәзірлер Сейіттің күшін баян қылды: – Иә, ғажап, Сейітбаттал нешік адам!– дейді, Құр қолымен бізлерні бек көп қырды. Мұны естіп қайсардың мәңзі солды, Айырылып ақылынан, есін танды. Әлқисса, үшбу сөзні азайталы, Қайсардың не қылғанын шарх айталы. Сейітті өлтіруге сөз сөйледі, Мәслихат һәрбіреуі көп сөйледі. Жәмлиха дейміш бір уәзірі болар дейді, – Бір мәслихат айтайын сізге,– деді. Батталды өлтірмеңіз сізлер,– деді, Бір мәслихат айтайын сізге,– деді. Тарион отқа жақты, бұ өлмеді, Ғақба ғазы ағу берді және өлмеді. Әгар мұны өлтірсеңізлер сізлер,– деді, Қаны жерге шашылар мұның,– деді. Топыраққа қатар шур болса қаны,– деді, Он жерден доқлар өсер және,– деді. Ол шөпті бүбілер асар, шықса,– деді, Қойларды адамлар асаса, әгар,– деді. Шаһуат хасыл болар онан,– деді, Сейіт болып туарлар жұмла,– деді. Қайсар сонда: – Не қылармыз еш мұны, Құтылатын себебін сөйле,– деді. Жәмлиха және қайсарға сөз сөйледі: – Мен бұрын бір сиқыршыны көрдім. Неше кере өлтірді ол сиқыршыны, Сонда да ол сиқыршы һеш өлмеді. Аржистың тауында бір қиу болар ерді, Атын: “Шаһ Жаһаннам” деп айтар ерді. Апарып соған оны салып ерді, Сонда халас болдылар онан,– деді. Соған апарып салалық мұны,– деді, Сонда халас болмасақ бізлер,– деді. Патша, беклер бұ сөзді мақұл көрді, Аржистың қиусына алып барды. Бір тақтаның үстіне отырғызды, Бір жалладқа “Сен сал!” деп әмір қылды. Жаллад сонда салурға жұмла қылып ерді, Тақтай ойып, екісі бірге кетті. Мүшіріклер шат болып енді күлді, Сейітті қиуға тастап, көңілі тынды. Әзін жаныб Дұшпанлар шат болып күле тұрсын, Құдайым Сейіт хазіретке нәжат берсін. Ғадунның Бадрун илән сөзі келсін, Малатияға жетіскен хабар келсін. Екісі Малатияға келіп ерді, Сейіттің мажырасын айтып ерді. Малатияның халайықтары зар жылады, Уа және халифаға хабарын айтып ерді. Халифа ибн Мансұрға: – Барғыл,– деді, Не уақиға болғанын білгіл,– деді. Яхия ибн Мансұр тез барып жетті, Сейітке не қылғанын ол көріпті. Аржистың қиусына салғанын Қайтып келіп, Малатияға ол білдірді. Естіп Малатия әһлі зар жылады, Уа және халифаға хабар жазып білдіреді. Халифа Сейіт үшін көп жылады, Естіген мұсылманлар зар жылады. Яхия және: – Мен бір хабарды білдім,– деді, Фағфоршин екі жүз мың ләшкер жүрді. Қайсар илән екісі қаулы қылды, Мағрибтан Қарун патшаны тез алдырды. Жұмласы мұнда келмек оның қас-ты, Жоқ қылмақ мұсылманлардың жұмласын. Қарунға Кетайун қызды бермек болды, Мұсылманлардан өшін алмақ болды. Кетайун сонда естіпті бұ сөзіні, Өзіне қайғы қылып, сөз сөйледі: – Қарун патша үш жүз жасқа келген ерді, Қара жүзлі, өзі сасық шіркін ерді. Тек шықпаған таңда жаны жүрген ерді, “Алармын” деп ойлай ма екен ол да мені. Менім теңім ол болар ма, ғажап,– деді, Жүзі қара, нешік лайық көрді екен мені!– деді. Менім теңім Сейітбаттал сұлтан ерді, Толған айдай балқыр ерді оның жүзі. Дүр, маржан жаралған оның көзі, Бал-шекерден тәтілі ерді оның сөзі, Уа қайраты Рүстемнен артық ерді. Нәсілі Пайғамбардың асыл заты ерді. Жаһанды сайран қылған қаршыға ерді, Ол қаршыға қолыма қонып ерді. Не пайда, мен ұшырдым қаршығамды Қиуға бекер салдым оны,– деді. Аһ, дариға, ол сұлтан қайда?!– деді, Болар ма қайта қонар күнлер енді?! Кетайун мұны айтып, көп жылады, Өкініп, Сейіт үшін зар жылады. Есін танып өзінен кете жазды, “Алла” деп, аузынан от шығады. Кәһи хал, кәһи халсіз отырады, Басын көтерсе “Сейіт” деп ол сөйледі. Әзін жаныб Кетайун Сейіт үшін жылай тұрсын, Басына қылған ісі келе тұрсын. Мүшіріклердің ләшкері көше тұрсын, Жақындап Малатияға бара тұрсын. Енді әмір Омардың сөзі келсін. Халифаға хат жазып, хабар берсін, “Қайсар малғұн харакат қылған мұнда,– дейді. Қисапсыз ләшкер илән жүрген,– дейді. Бұ күнде пәлен жерге келген,– дейді, Сіз де әскер жібергін жылдам,– дейді. Жоқса, хараб қыла-дүр ол бізлерні, Білерсіз, мұнда ләшкерлер аз-дүр” дейді. Әзін жаныб Халифа хатты көріп, келе тұрсын, Әмір Омар патшаның сөзі келсін. Яхия ибн Мансұр жансыз келіп, хабар берді: “Пәлен жерге Фағфоршин келді” деді. Бұны естіп әмір Омар ләшкер жиды, Қырық мың ләшкер илән қарсы барды. Фағфоршин екі мың ләшкер ерді, Мұсылманлар аз да болса қарсы тұрды. Екі сап майдан түзеп тұрып ерді, Майданға Ғұнқас деген жүһүд келді. Мүмінлерден Ғадунбану жетіп барды, Ғұнқас сонда Ғадунға: – Кімсің?– деді. Ғадунбану кендүсін баян қылды, Мұсылман болғанлығын аян қылды. Андан соңыра екілісі мүбараз, хамлә қылды, Ғұнқасты Ғадунбану пәре қылды. Әмір Омар Бадрун шаһқа:– Бұ кім?– деді, Бадрун шаһ: – Ол – менің қатыным,– деді. Естіген мұсылманлар қайран қалды, “Әйел мұндай болар ма!” деп ғажап қалды. “Адам сөзі бас жарар” деген сөзі, Ғадунбануға ол сөзлер зарар болды. Ғұнқастың бір ұғылы болар ерді, Майданда ол Ғадунды шаһид қылды. Бадрун шаһ оны көріп, жетіп барды, Келубан ол малғұнды екі бөлді. Уа және аттан түсіп, бір іс қылды, Қанжарын бағырына туғры қылды. Сабын Ғадунбануға сүйеп қойды, Жығылып ол қанжарға шаһид болды. Екі ғашық қосылып шаһид болды, Мұсылманлар оның үшін көп жылады. Намазын оқып, екілісін дәфін қылды, Сол күні соғыс қылмай, қайта қонды. Қайсар малғұн әскер илән о да келді, Фағфоршинға қосылып, мәжіліс қылды. Ғұнқас илән ұғылына бек қайғырды, “Оның үшін алармыз тоқта әлі” деді. Әзін жаныб Сейіттің қиудан шыққаны баяны Мақтанып бұнлар мұнда тұра тұрсын, Енді Сейіт хазіреттің сөзі келсін. Тыңлаңыз, ықылас бірлән бұ ғажапты, Шаһ әулиенің Хақтан тапқан мінәжатын. Сейіт хазіреті: “Қиуға түсіп кеттім,– деді, Үш жүз “Құл хуа Алланы” оқыдым сонда,– деді. Түбіне сол уақытта жеттім,– деді, Балшыққа белуарымнан баттым,– деді. Қырық қадам және шетке жүрдім,– деді, Сол уақытта диуарына жеттім,– деді. Қарадым назар салып сонда,– деді, Зұлматтан һешбір нәрсе көрінбей. Сол уақытта күркілдеген дауыс шықты, Ол келген жоғарыдан тастар ерді. Мүшіріклер ұлығ тасты қопарыпты, Астында мені қалсын деп ойлапты. Иләһым, ол тастардан аман қылды, Банағы жаллад сорлыны басып қалды. Отыр ердім назар салып һәрбір жерді, һәр тараптан шұғылалар пайда болды. Уа және шырылдаған дауыс шықты, Мисли құстың даусы ол ұқсайды. Назар салып қарасам ол шұғыланы, һәрқайсы бір аждаһаның көзі ерді. Ысқырып, ол аждаһа жүріп ерді, Алдымды “Аятул Күрси” оқып сездім,– деді Аждаһа сол уақытта кейін тұрды, Уа және екі ұлығ аждаһа жетіп келді. Сол уақытта қиудың іші жарық болды, Бір жасыл жыланды келтіріп, анда қойды. Ол жылан ғиззат илән сәлем берді, – Хош келдің, салла Аллаһ расул Сейіт,– деді. Мұхаммед Мұстафаның ұғылы – Сейітбаттал,– деді, Мархабан, хош келіпсің мұнда,– деді. Түстім деп бұ қиуға қайғырма, жаным,– деді Көрерсің Құданың хикметін талай,– деді. Көрмеген сенің ісің көп-дүр,– деді, Көрерсің көп ғажапты мұнда,– деді. Жіберген көрмек үшін сізге бізді, Уа және білмек үшін сізге бізді. Лақап есімім – Шаһмаран менің,– деді, Жәмлиха – әуел қойған есім,– деді. Үшбу тұрған аждаһалар – құлым,– деді, һешбір зиян тигізбес сізге,– деді. Сүлеймен пайғамбарды көрдім,– деді, Ол патша қылған ерді мені,– деді. Бір күнлері Ғафан деген адам қонды, Қырық күн алып жүріп, жер кездірді. Көтеріп тау-тастарды ол кездірді, Шөптерден дәру сұрап, хабар білді. Ол адамнан Хақ Тағала нәжат берді, Андан соң бұ қиуға кірдім,– деді. Бір заманда бұ қиудан шықтым,– деді, Зиарат Мұхаммед Мұстафаға қылдым,– деді. Уа және бұ қиуға келіп тұрдым,– деді, Бұны “Шаһ жаһаннам” деп айтар,– деді. Бір қиусы Қап тауында мұның,– деді, Кәһи анда, кәһи мұнда тұрам,– деді. Енді ол бір жыланға әмір қылды: – Бір гауһар нығметті келтір,– деді. Ол жылан алып келді бір гауһарды, Нұры бар шам мысалы ол гауһардың. – Иә, Шаһ жиһан, қонақ болдың бізге,– деді, Бұ гауһар ниғмат болар сізге,– деді. һәр уақытта қарның ашса сенің,– деді, Бұ гауһарды аузыңа сал сонда,– деді. Қараңғыда дәм болар сізге,– деді, Жәдігер бізден болсын сізге,– деді. Ол гауһарды қолыма алдым,– деді, “Бисмиллаһи” деп аузыма салдым,– деді. Иә, ғажап, ол гауһардың ләззат дахи, Бұ дүнияның ниғматынан артық болды. Қарным тойып, мен Аллаға шүкір қылдым,– деді, Ол тас және әуелгідей тұрды,– деді. Уа және Шаһмаран Сейітке сөз сөйледі: Қайғы қылма, иә, сұлтан,– деп сөйледі. Құдайым саған назар қылған,– деді, Шығарсың бұ қиуадан қазір,– деді. Әлқисса, Шаһмаран көп сөз айтты, Сол уақытта менім ұйқым келді,– деді. Сол жерде жатып, ұйықтап қалдым,– деді, Бір уақытта ұйқым қанып тұрдым,– деді. һәр тарапқа мен назар салдым,– деді, һешнәрсе ол арада көрінбеді. Әлқисса, көп көрдім мен ғажайыпты, Айтарға тілмен сөйлеп таусылмайды. Андан соң мінәжат қылдым бір Аллаға, Жаратқан барша ғаламды Мәуласыға. “Иә, Иләһым, Қадір Сұбхан, Пәруардигар, Жұмла құлдың ісі саған әшкере. Әгар күнә қылдым Ер Сәмин сеңа, Тәубе қылдым, пұшайман болдым, иә, Алла, Бұ қиуда қалдым ерсе, иә, Мәула. Лутфуң илән иман бергіл, иә, Алла, Сәруар ғалам, иә, Мұхаммед Мұстафа, Және сахаба, расул Алланың, Әбубәкір халифа. Және Омар, Осман, Әли Әл-Мұртаза, Шаһид болған Хасен, Хұсайын, Кербала. Және жұмла Пайғамбар, Хақ нәби, Мұрсал асфия, Және дәруішлер, жұмла өткен әулие. Және мұзлим шаһид өлген ғұлама, һәм мудәррис, тәлиб, әлғылым һәм талаба. Және хауар фариадта зар жылаған ғұлама, Мүмінлерге шапағат үшін қылған аһ. Және жомартлық қылған жаранларымның Хақына, Халас қылғыл бұ қиудан, иә, Алла”. Мінәжат қылып отыр ердім мен сонда, Бір аждаһа жетіп келді сол халде. Ол қиудан тышыра шықты аждаһа. Басы шықты, құйрығы тұрды ішінде Оның тұттым құйрығын мен сонда, Көз жұмғанша болдым қиудың тысында. Назар салып көрдім сонда бір шашма, Таһарат алып, намаз қылдым мен сонда. Таң туғанша ғибадат қылдым мен сонда, Мінәжат қылып, сәна айттым Құдаға. Сабах садық және соқты бәд сабах, Назар салдым, есім жиып далаға. Шошқа баққан шопан көрдім мен сонда, Тас көтеріп келе жатыр қиуға. Қабахатлап замлап келер Сейітті, Қиуға атты алып келген тасыны. Сол уақытта жетіп келдім шопанға, – Атың кім? – деп, онан сұрдым мен сонда. – Атым менім – Лаулан, – деді ол сонда, Қожам есімі – Кетайун қыз-дүр падишаһ. Ол Лауланның басын кестім мен сонда, Тонын алып, оны салдым қиуға. Лауланның тонларыны киіп алды, Кеш болғанда шошқаны айдап келді. Кетайунның шаһарына шошқа кірді, Лауланның орнын танып Сейіт кірді. – Аһ!– деп Кетайун сонда кіріп келді, Иә, шопан, не білдің?– деп сөз сұрады. Сен қиуға бардың ба бүгін?– деді, Білдің бе Сейітбатталдан хабар?– деді. Сейіт енді шопан болып сөз сөйледі: – Мен білдім, Сейітбаттал тірі,– деді. Қиудан еңіз-еңіз дауыс келді, Естіп құлағым илән келдім,– деді. Сол уақытта қыз Кетайун “Аһ” деді, “Өзіме-өзім қылдым” деп жылады. Сейіт сонда: – Әй, Кетайун қожам,– деді, Не себеплі жылайсың оған?– деді. Ол Сейіт керек болса саған,– деді, Бір мәслихат айтайын мен сізге,– деді. Бір жіпті байлап, қиуға ендір мені, Сейітті шығарайық сонан,– деді. Кетайун сонда: – Әй, Лаулан,– деп сөйледі, Бұны қылсаң, саған риза болармын сонда,– деді. Әгар саламат шығарсаң ол Сейітті, Көп мал беріп, азат қылам сонда сені. Шопанға түрлі ниғмат ол келтірді, Туғалы һеш қылмаған құрмет қылды. Кетайун енді сарайына барып кірді, Түн бойынша ұйықтамай, қиам тұрды. Таң туған соң, Кетайун арқан алды, Лауланға тағзым қылып, һәм сөйледі: – Түндегі уағдаңда тұрсаң,– деді, Баралық тез қиуға, жүргіл,– деді. “Хош, болар” деп Сейітбаттал тұра келді, Қиуға шынжыр алып бұнлар жүрді. Қыздың ықылас қылғанын Сейіт білді, Құданың хикметіне ғажап қалды. Тастан қатты көңіліні жұмсар білді, Кәмил ықылас қылғанын анық білді. Сейіт енді оны: – Кетайун,– деп сөйледі, Туғры маған қарашы,– деп сөйледі. Кетайун сонда Сейітті қарап көрді, Кәмил Сейіт екенін танып білді. Кетайун сонда есінен танып кетті, Бір уақытта көзін ашып, сөз сөйледі: – Жүргенім түсім бе, иә, қиял ма, ғажап!– деді, Жоқса, мәжнүн болдым ба, әй-һу!– деді. Сейіт сонда: – Ақылыңды жиғыл,– деді, Заһир, аян Сейіт-дүр білгіл мені. Бабам Мұхаммед Мұстафаның мұғжизасын біліңіз,– деді, Хақ біліп, сен ықылас қылдың,– деді. Ғақба малғұн ағу берді, кәр қылмады, Тарион отқа жақты һәм болмады. Жаһаннамның құдығына салдыңыздар тағы, Құдайым нәжат берді маған тағы. Бабамның мұғжизасын білсең енді, Ықылас мүмін болғыл қазір,– деді. Кетайун сол уақытта мүмін болды, Сейітті сарайына алып жүрді. Кетайунның жұмла хадимлары мүмін болды, Сейітке жұмлалары құрмет қылды. Сейіт енді Кетайуннан сөз сұрады: – Бұ күнде қайсар қайда?– деп сұрады. Кетайун сонда: – Қайсар кеткен бұнан,– деді, Жеткен-дүр Малатияға анлар,– деді. Сейіт сонда: – Мен дайу жүрем онда,– деді, Мұсылманлар болмасын мәлзам,– деді. Сейіттің алып келді ат илән құралдарын, Шаһ әулие киіп алды жұмласыны. Кетайун және көп алды асыл заттарыны, Уа және алтын күміс-жауһар тастарыны. Аттарға артып алды жұмласыны, Қыз тапты бір жаратқан Мәуласыны. Қырық қыз, қырық қараушы құлдар алды, “Иә, Алла” деп Малатияға бұнлар жүрді. Әзін жаныб Енді Сейітбаттал жолымен жүре тұрсын, Қасында Кетайун қыз ойнап, күлсін. Малатияның тарапының сөзі келсін, Тыңлаған мүмінлердің көңілі тынсын. Малатияда екі әскерлер жатар ерді, Сабах садық таң туды, нағра шалды. Жаң жеріне екі тарабы әзір келді Майданға Абдулуаһап ғазы келді. – Менім атым – Абдулуаһап сахаба, білің,– деді, Бұ күнде үш жүз он беске келдім,– деді. Мұхаммед Мұстафа, Хақ пайғамбарды көрдім,– деді, Өлсем шаһид, қалсам ғазы, келің,– деді. Сол уақытта Талот деген малғұн келді, – Әй, қарт кісі, мұнда неге келдің?– деді. Сенен басқа ләшкерлерде жоқ па ерді? Келдің бе өлмек үшін мұнда?– деді – Ей, бейдін, сөйлемегіл бос сөз,– деді, Мен сендей өлтіргенмін талай ерді. Әлқисса, екілісі мүбараз, хамлә қылды, Абдулуаһап Талотқа сүңгі салды. Талоттың жүрегінен сыртқа шықты, Найзамен ол Талотты лақтырды. Андан соң Шамғұн деген келіп ерді Абдулуаһап оны дахи һәлак қылды. Қайсар илән Фағфоршин ғажап қылды, “Қарт та болса бәрекелді бұған” деді. Андан соң Ораң деген біреу келді, Келіп ол Абдулуаһапқа бір оқ атты. Абдулуаһаптың қалқанын оқ сындырды, Етінен бір қарыстай барып өтті. Андан соң Ахмет Тұран ғазы шықты, Абдулуаһап сахаба кейін шықты. Ораң және Ахмет Тұранға күрзі ұрды, Қалқанын Ахмет Тұранның һәм сындырды. Уа және Ахмет Тұранның аты жығылды, Мүмінлерден Әли бин һашым келді. Ораң дахи Әлидің атын жықты, Қалқанын пәре қылып, мәлзам қылды. Не қисса азайталық үшбу сөзді, Сол жерде он мұсылманды мәлзам қылды. Әмір Омарың бұ халді көзі көрді, Тарсус, Мәлік, Хұсайынға әмір қылды. Қырық мың ләшкер мұсылманлар хамлә қылды, Екі ләшкер қосылып, соғыс қылды. Бір күн, бір түн үшбулер соғыс қылды, Мұсылманлар бөгеліп, бек қиналды. Әзін жаныб Халифаның келгені Хақ Тағалаға мінәжат зарлық қылды, Пайғамбар илән әулиелерден жәрдем сұрды. Сол уақытта Бағдаттың тарапынан тозаң шықты, Екі жүз мың әскер илән халифа келді. Ақ пілдің үстіне тағын құрған ерді. Уа және бір алтын шатыр жапқан ерді, Көтергені пайғамбардың туы ерді. Уа және төрт шаһариарлардың туы ерді, Қасында төрт жүз хафиз хатым Құран ғалымлары, Құп әуез илән “Әл фатиха” сүресін оқыр ерді. Бір жүз мүмін ертіп келер бәрі, Көкке шығар салауат айтқан садалары. Уа және он мың мүбараз оқшылары, Көріне кезлеп келер саржалары. Уа және он мың баһадүр қылыш тұтқанлары, Ысқыртып аждаһадай келер бәрі. Уа және он мың күрзі көтерген палуанлары, Күңіренген жолбарыстай садалары. Уа және бір жүз зәңгі пілді тұтқан шынжыр аулы, Келе-дүр күркіресіп күн мысалы. Уа және бір жүз бедеу, арғымақ ат алтын ерлі, Бос жетелеп келе-дүр жігітлері. Уа және шиғыр айтып келе-дүр жыршылары, Дін қуатлап, сайрашүр жұмлалары. Бұ азиматты қайсардың көзі көрді, Айрылып ақылынан есін танды. Соғысқан дұшпанларын халифа көрді, “Оқ ат!” деп, оқшыларға әмір қылды. Оқшылар жаңбыр кебі о, Алла, жаудырды, Ол оқтар көп дұшпанды һәлак қылды. Қайсарға ләшкері қашып барды, Ұрысуға жарамай, сасып барды. Екі ләшкерлер айырылып, кері қонды, Әмір Омар халифа илән бірге қонды. Сейітті жоқтап, үшбулер көп жылады, “Құдайым, ғинаят берсін” деп жылады. Таң туып, екі әскерлер және тұрды, Майданға ибн Мазраб Әли барып тұрды. Ол Әли елу мүшірікні һәлак қылды, Мүмінлер шат, мүшіріклер мәлзам болды. Ораң деген мүшіріклерден біреу келді, Әлиге Ораң келіп, күрзі ұрды. Әли оның күрзісін маниғ қылды, Бірін-бірі ала алмай көп жүрісті. Әлқисса, ол Ораңды күрзімен һәлак қылды, Жанын жаһаннамға ұластырды. Фираң деген бір малғұн және келді, Әли мен екілісі көп алысты. Бұрын шаршап ол Әли қалған ерді, Фираң да бір ұлығ малғұн ерді. Фираң сонда қолына қылышын алды, Әли сонда басына қалқан тұтты. Фираң сонда қылыш илән ұрып ерді, Қалқаны сынып, Әлиді шаһид қылды. Мұсылманлар Әли үшін қылды зар, Рухына “Фатиха” оқып бағышлады. Андан соң Абдулуаһап ғазы келді, “Әли үшін өлейін” деп сөйледі. Талот пілің Абдулуаһаптың атын жықты, Майданнан мұсылманлар алып кетті. Андан соң Ахмет Тұран ғазы келді, Талотпен екілісі көп ұрысты. Уа және Ахмет Тұранның атын жықты, Қайсардың туы түбіне байлап қойды. Әлхасыл, Талот, Фираң қайрат қылды, Қырық палуанды мұсылманлардан байлап алды. Мұны көріп, мұсылманлар мәлүл болды, Дұшпанлар шат болып, нағра шалды. Халифа сонда құдаға мінәжат қылды, Топыраққа жүзін қойып, зар қылды, “Мұхаммед Мұстафа” деп, налар қылды. Жұмла пайғамбар, әулиелерден жәрдем сұрды, Сәждеден жүзін және көтермеді, Сол халде Хақтан ғинаят, жәрдем келді. Ыстамболдың тарапынан тозаң шықты, Тозаң ішінде сары аләм ту көрінді. Мұсылманлар назар салып, оны көрді, “Шаһ әулие, сұлтанымыз Сейіт!” дейді. Қасында екі жүздей адамлары, Астында мәрд мәжаз сары аты. Екі жанында самсырар күрзілері, Бәд сабах жел кебі келер өзі. Әмір Омар халифаға шауып барды, – Иә, халифа, басың көтер, сүйінші!– деді. Сұлтанымыз, Шаһ әулие келді,– деді, Хақ Тағала ғинаят берді бізге,– деді. Халифа көріп, Аллаға шүкір қылды, Шүкір үшін намаз оқып, дұға қылды. “Әмин” деп, мұсылманлар жұмла тұрды, Башарат нағра салып, салауат, сайха қылды. Дауысы мүмінлердің көкке шықты, Мүшіріклер бұны естіп, аң-таң қалды. Шаһ әулие жолдастарын кейін қойды, Майданға өзі келіп тұра қалды. Үш мәрте қаһарланып нағра салды, Жеті қат көк жерге түскен мисли болды. Мінген аттар жығылып, қалтырады, Аңлары сахараның үркіп қашты. Мүшіріклер мұны естіп, қайран қалды, Айрылып ақылынан, есін танды. Халифа сонда Сейітке келіп ерді, Сейіт сонда: “Уақытым жоқ қазір” деді. Сейіт және дұшпанларға сөз сөйледі: – Арысландық қылдың ба сізлер?– деді. Мені сізлер өлді деп білдің еді? Хақ Тағала нәжат берді, көргіл енді. Малғұн қайсар, келдің бе мұнда,– деді, Не қылармын сені әлі, тоқта,– деді. Сол уақытта Жалут малғұн жетіп келді, Қолындағы сүңгісін салып қалды. Сейіт сонда күрзі илән ұрып ерді, Аты илән жерге кіріп, жексен болды. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Шаһ әулие келгенін һәлак қылды. Фағфоршин сонда қайсарға һәм сөйледі: – Өлтірдім деп өтірік неге айттың?!– деді. Қайсар сонда қылған ісін баян қылды, Фағфордан қатты ұялып, аян қылды. – Бұ келген Сейіт болмас, бәлки,– деді, Ғайр адам нәсілінен болған,– деді. Майданға енді адамлар келе алмады, Сейіт енді өзі кірмей тұра алмады. Шаһ әулие нағра салып, келіп кірді, Дұшпанларын шөп мысалы шауып қырды. Қан кеудені көтеріп, селдік болды, Әскерлері келіп, қайсарға қорғалады. Сол уақытта күн кеш болды, барабан соқты, Екі әскерлер айрылып, кері қонды. Сейіт хазіреті мұсылманларға енді келді. Жаранлары Сейітті көріп, қарсы жүрді, Халифа енді аттан түсе көріс қылды. Құшақтап ол Сейітті қатты сүйді, Жұмла жаранлары жыласып, көріс қылды, – Нешік халас қиудан болдың?– десті. Шаһ әулие көргенін баян қылды, Құданың құдіретін аян қылды. – Әй, халифа, үшбу сөз ұзақ,– деді, Қазір халде тауысып болмас,– деді. Иншалла, айтармыз бір күн,– деді, Тар уақытта таусылып һеш болмайды. Шаһ жиһан жаранларға көзін салды, Бірнеше жаранлары көрінбеді. “Қайда?” деп мағлұмларын сұрап ерді, – Дұшпанлар бүгін тұтқын қылды,– деді. Бадрун илән Ғадунды және сұрды, Оның шаһид болғанын хабар берді. Сейіт мұны естіп көп жылады, Ғадұб илән сол халде иман қылды. Бір луқма аузына ас салмады, – Жаранларымды алмай, һеш тағам жемен,– деді. Ғадун мен Бадрунның өшін алмай, Қайсардың және басын кесіп алмай. Дұшпанның су орнына қанын төкпей, Рахат харам болсын маған,– деді. Түн жарымы болғанда, Сейіт атқа мінді, Үстіне тәбдил жаман киім киді. Сол халде күн күркіреп, жаңбыр жауды, Мисли топан селдей сулар ақты. Қайсардың әскерлері зар жылады, “Сейітбаттал сиқырлық қылды,– деді. Бізлер һәлак болармыз енді” деді. һәрқайсы басын сақтап, қорғалады Сейіт сонда аралап жүрген ерді, Бір жерде жаранларға ұшырады. Кімі өлміш, кімлері жылап отыр ерді, Сейітке басын қойып, ол жылады. Шаһ әулие бауырына басып сүйді, – Тез сізлер әскеріңізге барғыл,– деді. Бұнларға ат әкеліп Сейіт берді, Шат болып, ләшкеріне бұнлар келді. Енді Сейіт мүшіріклерді аралады, Бір адамнан: – Қайсар қайда?– деп сұрады. – Не қыласың ол қайсарды сұрап?– деді, – Жаһаннамға ол қайсар кетсін,– деді. Ол жатқан Қарун патшаның ләшкері ерді, Қарунға Сейіт келіп, сөз сөйледі: – Сені қайсар шақырды, жүргіл,– деді, Су алмайтын бір жерге қоям,– деді. Қарун сорлы Сейітке еріп жүрді, Жұмырық илән еңсеге оны ұрды. Әкеліп бір ағашқа байлап қойды, Қарун сонда: – Байлайсың неге?– деді. Сейіт оған: – Сел алмасын сені,– деді, Танимысың, танытармын тоқта,– деді. Шамғұнның шатырына және келді, Алдап алып қайсарды және келді. Қарунның қасына әкеліп, байлап қойды, Уа және Фағфоршинға жетіп келді. Оны және хайламен алып шықты, Оны және келтіріп, байлап қойды. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Қайсар илән қырық палуанның басын кесті. Майданға дар ағашын және тікті, Қырықын алып келіп, іліп қойды. Түн ішінде Шаһ әулие қырғын салды, Таң туғанда екі тарабы көрді. Әзін жаныб Соғыстың бек қызған баяны Екі тарабы бұ іске қайран қалды, Мүшіріклер есін танып сандалады. Мұсылманлар шат болып, сайха қылды, Аллаға хамд, Мұхаммед Мұстафаға салауат қылды. Сейіттің хайласына ғажап қалды, “Адамзат қыла алмас мұндай!” деді. “Алла, Алла” деділер мүмінлері, “Жауыз көзден сақтасын Алла” деді. Майданға екі әскерлер келіп тұрды, Мүшіріклер патшаларын көзі көрді. Айрылып ақылынан, есін танды, Патшасы жоқ, не қыларын біле алмады. Шаһ әулие уа және бір боләнд дауыслады, – Әні, малғұн, көрдіңіз бе патшаларыңны! Бар болса палуанларыңыз келсін енді, Жоқ болса, кезек келді сізге енді. Ол майданға һешбір адамлар келе алмады, Патшасыз һешкім тәдбир қыла алмады. Шаһ әулие енді қарап тұра алмады, Дұшпанларға нағра салып, қылыш салды. Исламның ләшкерлері бірге кірді, Екі дария қосылып, соғыс қылды. Сейіттің шарапатлы кереметі, Болыпты һәр мұсылманлар мисли бір арыслан Қылыш тиіп қылышқа оттар шықты, Күрзі тиіп күрзіге күркүл шықты. Желдерім найзағайдай дауыс шықты, Мисли қиямет күннің даусы шықты. Сейіт хазіреті ақырар арысландай, Қылышы ысқырады аждаһадай. Нағра салса, зілзала жер қозғалады, Дүния болып кетті бұзылғандай. Тозаңнан күннің жүзі көрінбеді, Ат аяғын өліктен баса алмады. Қан кеудені көтеріп, селдік болды, Ой жерлерге құйылып, көлдік болды. Мүшіріклерге соғыс қайда, бас сақтады, Табарға жөнін таппай үрке берді. Әлхасыл, Сейіт хазіреті туды жықты, Мұсылманлар дұшпанларын жерге тықты. Үш күн, үш түн қашқандарын және қырды, Уа және көп адамды жесір қылып, алып қайтты. Жеті күн шашылған малды жинап алды, Тақсым қылды халифаға бестің бірін. Қалғанын әскерлерге бахшиш қылды, Бір хаббесін Шаһ әулие һеш алмады. Жұмла адамлар Шаһ әулиеге дұға қылды, “Әмин” деп жұмлалары шуылдады. Халифа Кетайун қызға тойды қылды, Ғалымдар хұтба оқып, неках қылды. Екісінің мұраты хасыл болды, Құданың әмірі илән уасыл болды. Андан соңыра халифа ағзам жүрмек болды, һәр ықылымның патшаларына рұқсат берді. Уағдаласып, жұмлалары сапар қылды, һәрқайсысы шаһарларына барып тұрды. Бір күнлері Ыстамболдан елші келді, Шамғұнның ұғылы Астурдан хабар келді. “Менім атам білместік қылған,– дейді, Көп адамды қырдырып, ғасы болды. Мені қайсар халифа қойсын,– дейді, Хараж беріп тұралық сізге,– дейді. һеш қиянат қылмайын сізге,– дейді, Изин берсе халифа бізге” дейді. Сейіт илән халифа кеңес қылды: – Оны дахи сыналық бізлер,– дейді. Атасы да қиянат қылған ерді, Бұ да қарап тұра алмас жайға,– дейді. Тұрмаса уағдасында о да,– дейді, Топырағын ұшырармыз көкке,– дейді. Терісін тірі соям сонда,– дейді, Мисли Ғақба малғұндай қылам,– дейді. Әлқисса, халифа ағзам хатты жазды, Астурды қайсар қойып, мөһір басты. Хатты алып, елшілері анда барды, Сейіттің айтқан сөзін айта барды. Әлқисса, қайсар болып, харажды беріп тұрды, Сейітке артық сыйлық қылып тұрды. Сейіттің сағдатлы дәулетіні, Әһлі исламлар һәр жерде көріп тұрды. Мұның бірлән бір неше заман өтті, Бұ қисса үшбу жерде тамам бітті. Мұхаммед Мұстафаға салауат қылың енді, Сейіт хазіретке және дұға қылың енді. Насырды назым жазған бұ ғасы құлды, Дұға қылсаңыз сізлерге сөз жетіпті. Тыныштық ұғылының мақсұты енді, Дұғадан ұмытпасын деп, көп жалынды. Аллаһума, салли алә Мұхаммедин уа алә әлиһи, уа Асхабиһи әжмағин алхамду лиллаһи раббил аламин. Он жетінші бап: Сұлтан Сейіт хазіреттің Ыстамболға барғаны. Астур қайсардың сиқыршыларын өлтіріп, Астурды мәлзам қылып, Ыстамболды алғаны Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Мұхаммед Мұстафаны салауат илән һәм башлалы. Уа және Сейітбаттал Шаһ жиһан әулиені, Мұнахиб кереметін һәм ашалы. Уа және риуаят рауиларның сөзлеріні, Сізлерге назым бірлән біз ашалы. Халифа ол заманда Мүсілім деген ерді, Бір күнлері аң аулауға ол шығыпты. Бір адамды зар жылап отыр көрді, Ол адамның құлақ, мұрны кесік көрді. Халифа ол адамнан сөз сұрады: – Кім саған жәбір, жапа берген?– деді. Ол адам тағзым бірлән сөз сөйледі: – Келемін Ыстамболдан,– деп сөйледі. Сауда қыла ол шаһарға бардым ерді, Астур қайсар көп затымды алып ерді. Бір күні хақын сұрап барып ердім, – Кет, мұнан саған берер мал жоқ,– деді. Мен оған: – Халифа мүлкі дедім,– ерді, Ол менің бұ сөзіме ашуланды. – Халифамен қорқытармысың мені,– деді, Барып айт халифаға,– деп, кесіп алды. Сол себеплі мен келдім сізге,– деді, Күшің жетсе, алып бергіл қысасымды. Бұны естіп халифаның ашуы келді, һәр шаһарларға хат жазып, ләшкер жиды. Тоғыз жүз мың әскерлері бірге жүрді, “Ғайр әскерлер артымнан келсін” деді. Малатияның шаһарына бұнлар жүрді, Әмір Омар, Сейіт илән қарсы келді. Хал сұрасып, сырын халифа баян қылды, Астур қайсардың қиянатын аян қылды. Сейіт хазіреті халифаға сөз сөйледі: – Сіз машақат шекпеңіз босқа,– деді. Біз-ақ сапар қылалық оған,– деді, Сіз дұғада болыңыз маған,– деді. Халифа сонда Сейітке жауап берді: – Ғазилық талап қыла-дүр көңілім,– деді. – Алай болса хош болар, жүргіл,– деді, Отыз мың әскер илән Сейіт жүрді. Тоғыз жүз мың әскер илән халифа жүрді, Ғайр ләшкерлер жұмласы сапар қылды. Ыстамболға жақын жерде бір тау болды, Ол тауға жұмлалары келіп қонды. Бұ хабарды Астур қайсар естіп білді, Барабан, нағра шалып, әскер жиды. Әзін жаныб Қайсар және тоғыз жүз мың әскер алды, Ол тауға қарсы келіп, о да қонды. Қолына қалам алып, қағаз жазды, Тәкаппарлық өзінің пиғылын жазды. Даниял атты бір уәзірі алып келді, Сейіт хазіреті ол хатты оқып көрді. “Батталды маған тұтып берсін,– депті, Мойнына хараж алсын халифа,– депті. Жоқ десе, не қылармын білсін,– депті, Қырармын халифа илән жұмласыны”. Сейіт хазіреті ол хатты пәре қылды, Даниялдың құлақ-мұрнын кесіп алды. – Астурға жылдам барып айтқыл,– деді, Атасынан бас артық алсын,– деді. Уәзір сорлы тоналып, қайтып барды, Астурдың мұны көріп, қаны солды. Сабах садық таң туды, әскер жүрді, Екі тарапы сап болып, майдан тұрды. Мүшіріклерден қарт Фираң жетіп келді, Мұсылманлардан Саһил ғазы қарсы барды. Қарт лағин оқ илән атып ерді, Саһилді ол лағин шаһид қылды. Мұсылманлардан және біреу барып ерді, Оны дахи ол лағин шаһид қылды. Ол малғұнды тек тұрмай, сор айдады, Екі мәрте “Сейіт келсін” деп сөйледі. Сол уақытта Шаһ әулие жетіп барды, Сүңгі бірлән көтеріп, жерге ұрды. Андан соң бір малғұн келіп ерді, Оны дахи жаһаннамға жөнелдірді. Андан соң Астур қайсар әмір қылды, “Аталарымның қанын ал,– деп,– қапта” деді. Андан соң жұмла әскерлер қаптап ерді, Халифа және мұсылманларға “қапта” деп әмір қылды. Екі дария мисли қосылып, соғыс қылды, Қылыш тиіп қылышқа от шашылды. Сол халде Шаһ жиһан нағра салды, Аспан жерге түскендей болып кетті. Мүшіріклер сол уақытта есін танды, Бірін-бірі танымай, қырылыс қылды. Мұсылманлар тараптан қырғын салды, Қан кеудені көтеріп, селдік болды. Шаһ әулие мүшіріклердің туын жықты, Астур қайсар мұны көріп, кері қайтты. Мұсылманлар арттан қуып, қыра берді, Бағзысын жесір қылып, тұтып алды. Мұсылманлар дұшпанлардың малын жиды, Белгілі тақсым қылар жерге келді. Сейіт хазіреті малдарны тақсым қылды, Бестің бірін халифаға халғат қылды. Қалғанын ләшкерлерге бахшиш қылды, Бір хаббесін Шаһ жиһан һеш алмады. Әзін жаныб Екінші соғыстың баяны-дүр Халифа және Сейіт хазіретке сөз сөйледі: – Иә, Шаһ жиһан, қатарың нешік?– деді. Сөзім бар, сізге мәслихат болса,– деді, Кері қайтпалық, Ыстамболға бір тәдбир қылмай,– деді. Сейіт сонда: – Хош илә болсын,– деді, Сен үшін пәрмен жеріне келсін,– деді. Жұмла әскерлер аттанып және жүрді, Ыстамболдың қасына жақын түсті. Сейіт хазіреті Астурға қағаз жазды: “Иә, Астур, менім сөзімді алғыл,– дейді. Дін исламның жолына көнгіл,– дейді, Көнбесең қор боларсың, білгіл,– дейді. Рұм халқын қырармын, білгіл,– дейді, Құдайым медет берсе бізге”,– дейді. Хатты көріп Астур қайсар тітіреді, Жұмла уәзір, беклерін жинап алды. – Батталға не деп жауап берем енді? Оған қарсы тұрарлық қал жоқ,– деді. һарут деген бір уәзір жауап берді: – Бұған мұқабил бір сиқыршы бар-дүр,– деді. “Қалан” деген бір жазира болар,– деді, Сонда бір һарус деген жәду,– деді. Ол мұнда келер болса, әгар,– деді. Жұмла мұхаммедилерні қалдырмай қырар ерді. Мұны естіп Астур қайсар қағаз жазды, Көңіліндегі мұрадын айтып жазды. һарусқа ол хаттарын алып барды, Хатты көріп, һарус енді жұмла жүрді. Астур оның алдынан қарсы жүрді, Әуе жүзін қамалаған әскер көрді. Бағзысы аждаһаны мінер көрді, Қолынан жылан қамшы алар көрді. Бағзысы доңыз суретті шіркін көрді, Қоқысы нәжістен сасық көрді. Шарасыз Астур сорлы қонақ қылды, Сейіттің хикаятын баян қылды. һарус малғұн Сейітті білер ерді, – Ол Батталға біздің халіміз келмес,– деді. Ол білер төрт кітапты жатқа,– деді, һәм білер жұмла жанның тілін,– деді. Мәгәр бар бір сиқыршы палуан,– деді, Мақамы Зұлқарнайында болар,– деді. Оның есімі Көзанда жәду деген,– деді, Қад қаматы қырық аршын болар,– деді. Әгар ол келер болса мұнда,– деді, Дүния толған Баттал болса да қырар,– деді. Оны естіп, қайсар және қағаз жазды, “Әгар келсең, құл болам саған” дейді. – Бұ хатты кім апарар оған енді?– деді, һарус сонда: – Мен апарам қазір,– деді. Ол хатты һарус жәду алып кетті, Әуеге құс мысалы ұшып кетті. Әзін жаныб Халифа және әскер илән аттаныпты, Үшбулер Ыстамболға жақындады. Астурға үшбулерден хабар келді, Бірнеше әскерлері көріп келді. Алдында сұлтан Сейіт ғазылары, Келе-дүр фауж-фауж оның ләшкерлері. Мүсілім жас жігіт ерді халифасы, Көрінді салтанатпен шұһрасы. Ақ пілдің үстінде бар алтын тағы, Еріскен аспан ара шұғыласы. Алдында азан айтқан жігітлері, Ершүр көк жүзіне тәкбирлері. Оң, солында келе-дүр ғалымлары, Құран оқып келе-дүр хафизлары. Көтергені Мұхаммед Мұстафаның алтын туы, Жазылған Құран аят нақышлары. Сонда жазған аяты үшбу ерді, Көрсеңіз ғаир илән сөзлеріні. Насыр мин Аллаһи уа фатихун қарибун уа бәшир ил-муминин “Иә, Мұхаммед, саған насыр берілді” деген сөзні. Бұ азиматыны қайсардың көзі көрді, Айрылып ақылынан, есін танды. Халифа келіп, Ыстамболға жақын түсті, Сияпат, салтанатпен шатыр тікті. Астурға Сейіт хазіреті хатты жазды, “Бейшара, мұсылман бол,– деп бұ білдірді. Жүһүдлікпен дүниядан кетпе,– дейді, Халқыңды зұламаттан сақта,– дейді. Бұ сөзімді алмасаң, әгар,– дейді, һәлак болған халқыңның обалы саған,– дейді. Рұм халқы хараб болар жұмла,– дейді, Көнсе, мұсылман қылармын оны,– дейді. Мұнда келген мақсұдымыз үшбу,– дейді, Түсінбей, һәлакатқа қалмаң” дейді. Бұ хатты Маусыл қазы алып барды, Астур қайсар хатты көріп, есін танды. Сиқыршыға ол жіберіп қойған ерді, Ол келгенше Сейіттен изин сұрды. Сиқыршыға жібергенін білдірмеді, Сейітке изин берер сылтау айтты. “Он күнгеше изин бергіл бізге,– деді, Бізде бар һәр ықылымларда молда,– деді. Жиылсын ол кеше жұмла анлар,– деді, Ол қазылармен мінажат қылсын,– деді. Хақ дін қайсы сөйлесін жұмла, – деді, Хақ болғанға кірелік сонда” деді. Бұ сөзіне әһлі исламлар изин берді, Сол жерде рахат қылып жатпақ болды. Әлқисса, Астур қайсар көп жылады, Сол жерде уәзір, беклер әзір ерді. – Бұ Баттал аярлықпен жаһанды алды, Ата-бабамның жұмласын һәлак қылды. Енді бізге кезек келер қазір,– деді, Не тәдбир қыларсызлар, беклер?– деді. Уәзір, беклер: – Сабыр қылғыл қазір,– деді, Көзанда жәду келсін мұнда,– деді. Бір мәслихат қылармыз сонда,– деді, Жинай тұрғыл жетпіс екі ықылымларды. Сол жерде Ғақбаның ұғылы әзір ерді, Сол уақытта қолын қусырып тұра келді. – Иә, қайсар, қайғы қылмағыл мұны,– деді, Мен бір тәдбир ойладым қазір,– деді. Мен бір әуре қылайын ол Батталды, Алдап алып кетейін мен бір оны. Әгар алдап кете алсам ол Батталды, Қырарсыз сонда барып қалғаныны. Астур сонда бұ сөзге шат болды, – Бұ іс сенің қолыңнан келсе,– деді. Қыз-қарындасымды беремін саған,– деді, Жұмла беклер, куә болғыл бұған,– деді. Малғұн Уәлид бұ сөзге бек қуанды, Қызын қазір алғандай болып күлді. Сол жерде шаш-сақалын бояп алды, Сопы тонын үстіне киіп алды. Мұсылманлардың ғаламатын қылып алды, Мойнына ол тасбихын салып алды. Уағдаласып, ол жерден Уәлид кетіп қалды, Мұсылманлардың шатырын ол аралады. Таң намазының уақытында жетіп келді, Халифа илән намазын бірге оқыды. Намаздан фариғ болып, қойнынан хатын алды, Ол хатты халифаға ұсынып берді. Халифа ошал хатты оқып көрді, Әуелі Алланың есімін жад қылыпты. Уа және Мұхаммед Мұстафаны жад қылыпты, Уа және салауат оқып, паш қылыпты. Уа және халифа илән Сейітке жалыныпты, Сәлем жазған халдерін білдіріпті. “Біз Мағрибтың патшасы келген,– депті, Менім атым – Әбділмүмін патша,– деп білдіріпті. Сіздің Ыстамболға келгеніңді білдік,– депті, Жолымызда бір шаһарға келдік,– депті. Ол шаһардың халқы бізлерді жібермеді, Жетпіс мың ләшкермізді қамап алды. Уа және көп жәбір, жапа бізге қылды, Бізлерге жәрдем бергіл сізлер,– депті. Жоқса, һәлак қылатын бізді,– депті, Жалғыз Сейіт келсе де болар ерді. Бұ шаһардың әскерлері аз-дүр” депті, Халифа сонда сұрады ол шаһарны. – Бұ жерден қанша күнлік болар?– деді, Ол малғұн халифаға жауап берді: – Бұ жерден бес күн шамалы болар,– деді. Не қисса азайталық үшбу сөзді Сейіт хазіреті оның бірлән жүріп кетті, Бір теңіздің кенеріне бұнлар келді. Екілісі бір қайыққа мініп жүрді, Бір аралға екілісі зоурақпен жетіп келді. Зоурақны шетке қойып, қыр шықты, Сейіт хазіреті таһарат алып, намаз қылды. Малғұн Уәлид зоурақ мініп, жүре берді, Намаздан фариғ болып, Сейіт сұрды: – Әй, малғұн, барасың қайда?– деді. Сонда ол қарап: – Мен – Ғақба ұғылы,– деді Алдап сені келтірдім мұнда,– деді, Ғұмырың бұ аралда өтер енді. Мақсұдым хасыл болды менім,– деді. Малғұн мұны айтып жүре берді. Сейіт хазіреті ол аралды көп аралады, Сол уақытта бір қаршық жетіп келді. Қысылса һәр уақытта келер ерді. Хал сұрасып, Сейітке тағам берді Тағам ішіп, Шаһ әулие шүкір қылды, – Иә, ұғылым, мәлүл болмағыл,– деді. Бұ істе хикмет Алла болар,– деді, Сені Қызырға жөнелтейін қазір,– деді, Боларсың бұ дариядан халас,– деді. Сейітті Қызыр аләйһиссаламға алып келді, Қызыр илән хал сұрасып бұнлар болды. Енді Қызыр Сейітке үш оқ берді, – Жәдулерге атарсың мұны,– деді. Сейітке: – Көзіңді жұм, ұғылым,– деді, Жұмып ерді, уа және “Ашқыл” деді. Көзін ашса, өзіні жерде көрді, Уа және ол дариядан өткен көрді. Сейіт енді сәжде шүкір қылды, Құдаға намаз оқып, мінәжат, зікір қылды. Құдаға сәна айтып, шаһарға Сейіт жүрді, Енді малғұн Уәлидтің сөзі келді. Әзін жаныб Сейітті малғұн Уәлид алдап кетті, Қайсарға келіп, малғұн хабар айтты: – Сейітті бір аралға қойдым,– деді, Ғұмыры сонда өтер оның,– деді. Астур мұны естіп шат болды, һарус жәдуге уа және ол білдірді. һарус жәду шат болып: – Жүргіл,– деді, Сейіт қалса, һәлак қылармын қазір,– деді. Астур жұмла әскерін алып, тышыра шықты, Сап болып мұсылманларға тұра қалды. Мүмінлерден бір адам келіп ерді, Майданға һарус жәдудің бірі келді. Афсүн оқып, ол мүміннің қолын буды, Қылышпен басын кесіп, шаһид қылды. Уа және бір мұсылман келіп ерді, Оның және қолын буып, шаһид қылды. Андан соң Абдулуаһап ғазы келді, Оған және афсүн оқып, су жіберді. Айналасын Абдулуаһаптың сулар алды, Абдулуаһап ғарық боларға жақындады. Пайғамбардың дұғасын оқып ерді, Сол уақытта Абдулуаһап халас болды. Абдулуаһап тәкбир айтып, хамлә қылды, Жәдуны қылыш илән төртке бөлді. Андан соң Қаратис деген жәду келді, Оны және Абдулуаһап екі пәре һәлак қылды. Мұсылманлар тәкбир айтып, қылыш ұрды, Мүшіріклердің қандары селдік ақты. Қалған дұшпанлар шаһарға қашты, Артынан мұсылманлар қуып қырды. Сол уақытта һарус жәду жетіп келді, Афсүн оқып, мұсылманларға топырақ шашты. Мұсылманлардың әр үстіні зұлмат басты, Қолы байланып, мұсылманлар мәлзам болды. Дұшпанлар сол уақытта қылыш ұрды, Мұсылманлар халифаға қашып барды. Халифа сол уақытта пілден түсті, Топыраққа жүзін қойып, мінәжат қылды. “Құдай-а, Қадір Ханнан Мәннан,– деді, Жұмланың халі өзіңе мағлұм,– деді. Иә, Мұхаммед Мұстафа, Нәби Алла,– деп жылады, Хақ дінге жәрдем бергіл жұмла” деді. Сол уақытта бір нағра пайда болды, Мұсалманлар оны естіп шат болды. Шаһ әулие мұсылманларға көзін салды, Мұсылманлардың бұзылғанын Сейіт білді. “Аһ” деп, бір нағра және салды, Аспан жерге түскендей ғажап болды. Мүшіріклер со халде есін танды, “Қиямет болды ма екен” деп ойлады. Сейітке мұсылманлар ат келтірді, Шаһ әулие атына мініп алды. Дұшпанларға қаһарланып қылыш ұрды, Сол халде һарус жәдуге ұшырады. Ол малғұн афсүн оқып, топырақ шашты, Топырағы ол Сейітке кәр қылмады. Шаһ әулие қылыш илән салып ерді, Алмадай оның басы ұшып түсті. Сол халде зұлмат кетіп, нұр ашылды, Мұсылманлар енді мүшіріклерге қылыш ұрды. Мүшіріклер шаһарына қайта қашты, Мұсылманлар арттан қуып, қыра берді. Қалғаны шаһарына келіп кірді, Қапуын шаһарының берік қылды. Мұсылманлар атырабын қамап алды, һешбір адам сыртына шыға алмады. Халифа келіп, Сейіттің көзін сүйді, Уа және хайыр дұға халифа тілеу қылды. Сейіт енді сапарынан хабар берді, Білдірді Уәлид малғұнның алдағанын. – Бұ әскерде көрінсе ол малғұн,– деді, Аман бермей, өлтіріңіз ол залымды. Әзін жаныб Отырсын мәжіліс қылып бұнлар енді, Қайсардың сөзі келді, тыңла енді. Астурға Көзандадан хабар келді, Алдынан Көзанданың қайсар барды. Ол лағинның шұһрасы жаман ерді, Қоқысы адам бармас, сасық ерді. Шарасыз Астур сорлы алып жүрді, Арақ-шарап ішкізіп, қонақ қылды. Сейітті шикаят қылып, көп сөйледі: – Біздің Рұм халқыны хараб қылды. Сонда қайсарға: – Мәлүл болма,– деп сөйледі, Өшіңді әперермін онан,– деді. Қап тауының жұмла жері, заттары, Әмірімнен шыға алмас баршалары. Рубуғ мәскүнттің жұмла адамлары, Қайратыма шақ болмас жұмлалары. Мұны естіп қайсардың іші күйді, “Өз аяғымды өзім кескен болдым,– деді Сейітбатталға, бәлки, шара болар ерді, Бұған нешік шара болар” деп жылады. Әлқисса, сабах садық таң да туды, Сейіт хазіреті шаһарға назар салды. Сол уақытта бір оқ бірлән қағаз түсті, Сейіт алып, ол хатты оқып көрді. Ол хатта Хаққа хамд, Пайғамбарға салауат көрді, Уа және Сейітке дұға қылған көрді. “Досты садық, Шамас пірмін-дүр,– депті, Астур мені зынданға салды,– депті. Уәлид малғұн білдірген бізді,– депті, Үш мың мұсылман жатырмыз сонда,– депті. Иншалла, аларсың бұ шаһарды, Көрерсің Пайғамбардың мұғжизасын. Қатарыңнан тастама мұнда бізді, халас Қылып, құтқарғыл сонда бізді. Сізің үшін дұғада бізлер,– депті, Құдайым жәрдем берсін сізге” депті. Бұ хатты оқып, Сейіт хазіреті көп жылады, Халифа илән жаранларға һәм және баян қылды. Шамас үшін жұмла жаранлар һәм жылады, “Қолымызға түсер ме Уәлид” деп жылады. Әлқисса, хауарзамин қырық сап болды, Ғайр мұсылманлар және бір сап болды. Мүшіріклер саптарын түзеп тұрды, Ғифрит арыслан кебі қарғыды. Қолында аждаһадай жылан қамшы, Аузынан жаңбыр кебі от шығады. Мұсылманлар оны көріп қалтырады, “Иләһым, медет бер” деп зар жылады. Халифа Сейіт үшін дұға қылды, Фил хал жұмла Пайғамбарлардан медет сұрды. Шаһ әулие майданға жетіп барды, – Әй, лағин, кел мұнда,– деп нағра салды. Сол уақытта Көзанда жәду һәм сөйледі: – Рұм халқын хараб қылған сен бе?– деді. Сейіт хазіреті: – Бәлі,– деп жауап берді, – Сені де һәлак қылармын тоқта,– деді. Сонда малғұн қойнынан бір тас алды, Афсүн оқып, Сейітке лақтырды. Сейіттің айналасын оттар алды, һәрқайсысы бір аждаһа жылан болды. Ысқырып, атыраптан аузын ашты, Оны көрген адамлардың қуаты өшті. Сейіт сонда Қызырдың дұғасын оқып ерді, Ол сиқырлары сол халде батыл болды. Сол уақытта мағлұм қаршық жетіп келді, – Иә, ұғылым, Қызырдың оғы қайда?– деді. – Ол оқтар жанымда-дүр, анам,– деді, – Алай болса атың,– деді,– оғыңызды. Сейіт сонда бір оқты атып ерді, Жәдуннің оң көзінен өтіп шықты. Ол малғұн Сейітке және ұмтылды, Көтеріп алып кетерге оңтайланды. Шаһ әулие және бір оқты атып ерді, Уа және сол көзінен өтіп шықты. “Аһ” деп, қайта ұрысарға оңтайланды, Сейіт сонда қылыш илән басын кесті. Жаһаннамға жанын ұластырды, Майдан жерге қанын бұластырды. Оны көріп ғайр жәдулер қаша берді, Кеудесін алып, аспанға ұша берді. Мұсылманлар оны көріп, шат болды, “Аләйк ғаун Алла” деп дұға қылды. Енді мұсылманлар дұшпанларға қылыш ұрды, Мүшірклер шаһарына қайта қашты. Хауарзаминнің жігітлері алдын алды, Жібермей шаһарына бек көп қырды. Астурға Абдулаһап ұшырады, Бір ұрып, ол қайсарды байлап алды. Мұсылманлар мүшіріклерді және қырды, Жесір қылып, көп адамларын байлап алды. Мұсылманлар шат болып, қайтып келді, Руйзамин халифасына сәлем берді. Халифа Сейіт хазіретке [Астурды] алып келді, Бағ-бұғауын мойныға салып келді. Сейіт енді Астурға сөз сөйледі: – Әй, залым, нешік жалғаншы болдың?– деді. Енді иман келтіргіл қазір,– деді, Жоқ десең, өлтіремін сені,– деді. Астур сонда Сейітке ғұзыр қылды: – Қабыл көрсең, бір сөз айтам сізге,– деді. – Не сөзің бар, иә, малғұн, айтқыл,– деді, Мақұл болса, сөзіңді алам,– деді Астур: – Алпыс шаһар бар бізде, – деді, Екі мың қалалар бар және,– деді. Әгар мұсылман мен болсам мұнда,– деді, һұжым қылып өлтірер мені бәрі,– деді. Бұ сапар амандық бергіл бізге, – деді, Жұмламыз хараж берелік сізге, – деді. һеш мұсылманларға қиянат қылман, – деді, Қабыл көрсеңіз сөзіміз үшбу-дүр, – деді. Халифа Сейіт илән кеңес қылды, Мәшурат уәзірлер жұмла қылды. “Әгар мұны өлтірсек қазір,– деді, Мұның бірлән іс бітпес қазір,– деді. Қазір уақыт табылар біреулерді, Уа және тұтып алар мұсылманларды”. Әлқисса, жұмла айтпақ зорлар қылды, Астурны және қайсар қоймақ болды. Сейіт енді Астурға сөз сөйледі: – Бір өгіздің терісіндей жер бер,– деді. Астур сонда: – Хош болар, алың,– деді, Сейіт енді бір өгізді сойып алды. Терісін таспа қылып тіліп ерді, Ұзындығы төрт мың аршын жерге жетті. Ыстамболдың жартысына жетіп ерді, Жеткен жердің биналарын жұмла жықты. Ол жерге мәсжид, медресе бина салды, Ыстамболдың алынғанына нышан қылды. Астурға: – Шамас пірді келтір,– деді, Қасындағы жұмла мұсылманларды бірге,– деді. Жұмласыны Астур барып алып келді, Сейіт хазіреті Шамас пірге құрмет қылды. Халифа илән жұмла мұсылманлар ғиззат қылды, Көрісіп, Шамас пірні тағзым қылды. Бір ұлық мәсжид салып, мұнара салды, Басында мұсылманлар азан айтты. Әһлі ислам ол мәсжидте жұма оқыды, Мінбарда Сейіт тұрып, уағыз айтты. Оны естіп халайықтар жұмла зар жылады, Мисли бір қияметтің күні болған болды. Намаздан фариғ болған соң Шамас өлді, Халайықтар жаназа оқып, дәфін қылды. Ол жерде шаһидлердің мазарлары, Мәшһүр-дүр бүгін-кеші зиаратлары. Халифаның енді Ыстамболды алып, көңілі бітті, Астурдың қайсар болып, көңілі тынды. Сол жерде жеті жылғы хараж алды, Халифа енді Малатияға сапар қылды. Бір күнлері Малатияға ләшкер илән халифа келді, Әмір Омар халифаны тағзым илән қонақ қылды. Жеті күн Малатияда халифа тұрды, Андан соң уағдаласып, жұмла қайтты. Көп алып, Бағдатқа халифа келді, Естіп әһлі исламлар шат болды. Сейіт хазіретке әһлі исламлар дұға қылды, “Әмин” деп, жұмла мүміндер сада қылды. Сұлтан Шаһ жиһанның дәулетіні, Әһлі исламның пақырлары көріп тұрды. Құдаға сәна, Пайғамбарға салауат айтып тұрды, Сейітке дұға қылып, жұмла тұрды. Бір заман мұның бірлән шатлық болды, Екі тарап жай тұрып, тыныш болды. Мүшіріклер һәр уақытта жай тұрмады, Жай тұрса, уағдасында кім тұрмайды. Сейіттің манақиб кереметі таусылмайды, Таусылса, орынсыз сөз кім сөйлейді. Бұ қисса үшбу жерде баян, тамам болды, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылың енді. Насырды назым жазған Тыныштық ұғылыны, Дұғадан ұмыта көрмең ғасы құлны. Әлхамдулиллаһи раби-аләмин уа салауат Уассалам алә хаир халқиһи Мұхаммадин уа әлиһи Уа асхабиһи әжмағин. Он сегізінші бап: Сейіт хазіреттің екі ұғылының ғайып болғаны. Оны Абдулуаһап іздеп, Рұмда тұтқын болғаны. Сейіт іздеп, диюларды өлтіріп, хабар тапқаны Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Көңілімізден Алланың жадын ташламалы. Мұхаммед Мұстафаны ықылас илән жад қылды, Есімін айтып, салауатты бағышлалы. Бейшара залым болған көңілімізді, “Түзет” деп, шапағаттан біз тілелі. Шапағат қылса, түзетер көңілімізді, Көрсетер ақыры жол мен туғры жолды. Айқара түзеткен көңілдерні, Иғтиқат иман айтып көнгендерді. Және баян қылалы Шаһ жиһан әулиені, Паш болған жаһан ара Сейітбатталды. Риуаят рауиларның сөзі келді, Тыңлаңыз, ықылас бірлән сізлер мұны. Бір күнлері Мүсілім халифа дүния салды, Ұғылы Әбділмүмін халифа болған ерді. Бұ хабарды Малатияның әһлі естіп ерді, Әмір Омар Сейіт илән жүрмек болды. Малатияға Абдулуаһапты әмір қойды, – Біз келгенше сақ болып тұрғыл,– деді. Сейіттің үш ұғылы болар ерді, Бірі – Әли, Бәшір, бірісі Нәзір деген ерді. Әли атқа мінерлік болған ерді, Бәшір, Нәзір өспегендер үйде қалды. Екілісін Абдулуаһапқа тапсырды, сапарлады, “Аманат, үшбулерге сақ бол” деді. Әмір Омар Сейіт илән сапар қылды, Бағдаттың шаһарына келіп түсті. Халифа илән шаһарының әһлі құрмет қылды, Қырық күн ол шаһарда қонақ болды. Әзін жаныб Енді Малатия тарапының сөзі келді, Бір күнлері Бәшір, Нәзір ғайып болды. һәр тараптан қарадылар, таба алмады, Абдулуаһап сахаба енді мәлүл болды. Сейітке енді не деп жауап береді, Шыдамай Рұм жұртына сапар қылды. Рұм халқының естіді сөзлеріні, “Қайсардың ұғылы Такфур деген ғайып бопты”. Уәзір, беклер және алдырған қызларыны, Көре-дүр Сейітбатталдан жұмласыны. һәр жерде қанша болсалар руһбанлары, Сейіттен қорқып жылар жұмлалары. Бір руһбанның жоғалған және қызы, Қайсарға келіп бір күн қылған зары. – Бір қарақшы бүлдірді елімізді, Онан қорқып, берерсің көп харажны. Сенің бар қанша ықылым халқың,– деді, Жинап сен қайрат қылмассың неге?– деді. Қорқармын не болар саған,– деді, Бір күні қорықсаң да алар басыңды. Бұ руһбанның естіді қайсар сөзні, Жинады һәр ықылым ләшкерлерні. Үш жүз мың әскер алып бұнлар жүрді, Бір күнлері Мағмұрияға келіп қонды. Әзін жаныб Абдулуаһаптың түс көргені Ол сахаба бір жерде таһарат алып, намаз қылды, Уа және ұйқысы ғалиб болып, ұйықтап қалды. Ұйықтап жатып, сахаба түсті көрді, Бір жамандық болатын істі көрді. Қара балшық бір торды киер көрді, Уа және пұтқа сәжде қылар көрді. Аузынан ақ құс ұшып, қара кірді, Саф көңілдің ішіне жара кірді. Бір күнлері Сейіт хазіреті келген көрді, Үстінен қара тонын алған көрді. Ақ тон кигізіп, жүрегін жарған көрді, Саф қылып, қайта оны жуған көрді. Сол уақытта оянып тұра келді, “Аһ” деп, Абдулуаһап көп жылады. – Бұ түсім маған қайыр болмас,– деді, Ақырын қайырлы қылғыл, Алла,– деді. Уа және намазға сахаба отыр ерді, Үстіне Астур қайсар жетіп келді. Намаздан фариғ болып, сахаба тұрды, Қолына қылышын алып, хамлә қылды. Сол уақытта Нақтай фираң жетіп келді, “Баттал” деп, сахабаға көп сөйледі: – Әй, Баттал, кәне қылған уағдаң,– деді, Неге ұрладың бізлерден ұғылы, қызны? “Өлтірем” деп сахабаға хамлә қылды, Ол малғұнды Абдулуаһап екі бөлді. Астур сонда әскерлерге: “Қаптаң!” деді, Қаптап ерді, Абдулуаһап көп өлтірді. Әлқисса, үшбу сөзді азайталық, Көптігімен Абдулуаһапты байлап, Астурдың хозурына алып келді. Қарасалар, бір қарт кісі оны көрді. – Кімсің? – деп Астур сонда сұрап ерді, Абдулуаһап кімдігін баян қылды. – Мен Мұхаммед пайғамбарды көрдім,– деді, Бұ күнде үш жүз он жасқа келдім,– деді. Қағбаға жетпіс кез тәуаб қылдым,– деді, Мыңнан артық қажылық қылдым,– деді. Мұрадыма жеттім, тамам,– деді, Иә, өлтір, иә, қоя бергіл, мейлің,– деді. Бұны естіп, Астур сонда пікір қылды, Уәзір илән беклерге кеңес қылды. Уәзір, беклер Абдулуаһаптан жауап сұрды, Бұ тарапта не үшін жүрген қызметін. Абдулуаһап бұнларға жауап берді: – Халифа өліп, Сейіт оған кетіп ерді. Оның екі ұғылы ғайып болып ерді, Соны іздеп келермін мұнда,– деді. Қылмаңыз сізлер Сейітке күмән,– деді, Ұғыл, қызыңызды сізлердің ол алмады. Бұны естіп әскерлері кері жүрді, Абдулуаһапты өлтірмей, алып жүрді. – Бұған махбүб, сүйікті қыз берелі, Дінімізге хайламен кіргізелі. Әуелден Сейіт мұның жар жолдасы, Сейітті ұстап беруге болар басы. Әлқисса, Абдулуаһапты алып келді, Бір халуат сарайға құрмет қылды. Астурдың бір көркем қызы болар ерді, Қараңғыны мұнаууар ол қылар ерді. Ол қызға жұмлалары ақыл айтты: – Атаң Астур жіберді бізді,– деді. Біздің дінге көндірсін мұны,– деді, Сейітті тұтып берер бізге,– деді. Қыз сонда: – Хош болар,– деп зиннәтләнді, Үстіне түрлі һәйбат тонлар киді. Әдеппен Абдулуаһапқа кіріп келді, Уа және әдеп бірлән сәлем берді. Әдеп бірлән сөз сөйледі, Бұ дүнияның ләззатын енді баян қылды. Ер мен әйел қосылған зауқы ерді, Махаббатлы қосылған шауқы ерді. – Мен – бір махбүб патшаның қызы,– деді, Көрелік бұ жалғанның қызығыны. Біздің дінге кірсеңіз, әгар,– деді, Мен саған болам қазір,– деді. Абдулуаһап оның сөзін тыңламады, Ілтипат илән оның жүзіне қарамады. Қыз енді уәзір, беклерге хабар берді, Қайсар естіп, Абдулуаһаптың істерін. Қыз және енді ғажап сөз сөйледі: – Рахатты машақатқа сатпаң,– деді. Әй, шер Құдажан, бір махбүб қызбын,– деді, Мені алсаң не болар сізге,– деді. Өз мойныңа қылышты салма,– деді, Өзіңді өлтіріп, обалға қалма,– деді. Көрмеймісің көп кісі, болмас,– деді, Жалғыздың күші көп кісіге жетпес,– деді. Неше түрлі қыз ғажап сөз сөйледі, Бірінен-бірін артық көп сөйледі. Әлхасыл, Абдулуаһап пікір қылды, Ықтиярсыз өлмекті зікір қылды. “Иқрар тәсілім илән қылсам,– деді, Иғтиқад көңілімді Хаққа салсам,– деді. Ғинаят бір күні Алла Кәрім қылса ерді,– деді, Шаһ жиһан Сейіт мұнда келсе,– деді. Тәждид иман келтірсем сонда,– деді, Құдайым, жәрдем қылғай сонда” деді, Шарасыз қыздың сөзін қабыл қылды. Рауқ сафа шарабын бірге ішті. Қыз енді атасы қайсарға хабар берді, Оны естіп, Абдулуаһапты қонақ қылды. Үстіне түрлі алуан тон кигізді, Ақд қылып, Астур оған қызын берді. Абдулуаһапқа мүнкәр сөзді ол білдірді, Күпір сөзге Абдулуаһаптың көңілі “Бәнім халімді білер” деп, биһуш болды, Көзін жұмып, сол халде ұйықтап қалды. Қыз құшақтап, басын тізесіне салды, Хұсни жамалына қарап, тахсин қылды. Сол халде бір ақ құс оның аузынан ұшты, Бір қара құс аузына келіп кірді. Бұны көріп сонда қайран қалды, Абдулуаһап тұрғанда сөйледі. Абдулуаһап естіп: – һай-һу,– деді, Ақ құс – менім иманым,– деп жылады. Қара құс кәпірлік-дүр, әй, қыз,– деді, Ессіз ғұмырым зайығ болды,– деп жылады. Сол уақытта бір ғауға пайда болды, Пәнжарадан кесілген бастар түсті. Қыз сонда “аһ” деп шошып тұрды, Абдулуаһап қылыш алып, тышыра шықты. Ол арада һеш нәрсе көрінбеді, Үйге кірсе, уа және басты көрді. Уа және Абдулуаһап тышыра шықты, һеш ғаламат уа және көрінбеді. Енді кірсе, [қыз] үйде һәм болмады, Ғажап қылып, қайсарға жүгіріп барды. Қайсар келіп, ол бастарды көріп ерді, “Бұ істі Сейіт қылған болар” деді. Әзін жаныб Қайран қалып, үшбулер тұрсын енді, Енді Сейіт хазіреттің сөзі келді. Қырық күнде Бағдаттан Сейіт келді, – Абдулуаһап қайда?– деп елден сұрды. Жаранлары Сейіт хазіретке жауап берді: – Сіздің екі ұғылыңыз ғайып болды. һәр тараптан қарадық, таба алмады, Сол себептен Абдулуаһап іздеп кетті. Сейіт хазірет бұны естіп киініпті, Тәбдил сурет киіп жүре берді. Рұмның шаһарын аралап, сөз тыңлады, Ол халықтың сөйлеген сөзін білді. “Абдулуаһап сахаба келген,– деді, Қайсардың қызы алдаған оны,– деді. Өз дінін қиып, ол қызды алған,– деді, Мақсұды хасыл болмай қалған,– деді. Ол қызды Сейіт алып қашқан,– деді, Сөйтіп, рәсуа, бейшара болған” деді. Сейіт хазіреті естіп аһ әйлады, “Есіл ерге не қаза болған?” деді. Бір күнлері қайсардың үстіне Сейіт кірді, Қайсарды тақ үстінде отыр көрді. Жұмла беклер қасында бірге ерді, Алтын, күмісте Абдулуаһапты отыр көрді. Жұмласы арақ-шарап ішер ерді, Сейітті шикаят қылып сөз сөйледі. Сейіт сонда Абдулуаһапқа жұмырық ұрды, Тісі сынып, күрсиден ұшып түсті. Патша, беклер бұ іске қайран қалды, Сейіттен: “Кімсің?” дайу жауап сұрды. Сейіт сонда: – Мен – Фағфоршиннен елші,– деді, Астур қызын ғайрға берген, білші,– деді. Фағфорға бермек ердің сен қызыңды, Не себеплі ғайрға бердің сізлер оны? Онан артық көрдің бе қарт кісіні? Соның үшін мен бердім жазасыны. Мұны айтып ол Сейіт шығып кетті, Андан соң Абдулуаһап тұра келді. Астур сонда сұрады ол адамды, – Танырмысың, ол саған не іс қылды?. Сонда Абдулуаһап: – Білмедің бе сізлер оны? Ол адам – Сейітбаттал ғазы, аяр,– деді. Бұ істі ол маған қылып кеткен,– деді, Құдай аман сақтаған сізні,– деді. Бұны естіп қайсар сонда фариад қылды, “Жұмлаңыз һәр тараптан қара” деп әмір қылды. Нехасыл, жұмла қарап, Сейітті таба алмады, Енді қорқып өздері сандалады. Әзін жаныб Фалқарат деген мүшіріктің хикаяты Әлқисса, үшбу сөзді азайталы, Сейіттің хайла қылған сөз айталы. Үшбу сөз ұзақ ерді қысқарталы, Сөзіміздің мақсұдына біз келелі. Бір жерде Сейіт ұйықтап жатыр ерді, Үстіне Фалқарат деген жүһүд келді. Сол жерде көп мүшіріклер байлап алды, Апарып, бір зынданға салып қойды. Қайсарға қағаз жазып, хат жіберді, Өзі келіп, Сейітке сөз сөйледі: – Тез айтқыл, қыз-қардашым қайда?– деді, Уа және көп ұрлаған мал, мүлкатім қайда?– деді. Мен жібердім қайсарға кісілерді, Ол келсе, аман бермей өлтірер сені. Онан бұрын қойған жеріңді айтқыл,– деді, Уа және біздің дінге кіргіл,– деді. Сол уақытта Сейіт хазіреті жауап берді: – Тез бір дәуіт, қалам, қағазды келтір,– деді. Тұрған жерін айтайын саған,– деді, Бұ үйде һешбір адам қоймағыл және,– деді. Ол сорлы үйдің ішін аулақ қылды, Қолына қағаз, қаламды алып келді. Сейіт сонда: – Оң қолымды босат,– деді, Жақсы қылып жазайын бұ қағазды. Сейіттің ол босатты оң қолыны, “Ғиззат қылып жазайын бұ қағазды”. Сонда Сейіт махкам тұтты бұ қағазды, Үндетпей ұрып жығып, есін алды. Үстіндегі тонларын шешіп алды, Фалқараттың тонларын киіп алды. Өзіні мисли Фалқарат қылып алды, Өз тонын Фалқаратқа киігізіп, Баттал қылды. Уа және Фалқаратқа жұмырық ұрып, тәбдил қылды, Аузы-мұрнын қан қылып білгізбеді. һешбір адам танымайтын оны қылды, Бір темірмен тасқа шынжырлап оны қойды. Қапу ашып, Фалқараттың құлдарын һәм шақырды: – Бұ Батталды сөйлетпей, ұрғыл, – деді. Сөз сөйлесе, бұл қылар бір хайланы, Талай алдап кеткен-дүр һәркімлерді. Сол уақытта Фалқарат сөйлеп ерді, “Сөйлеме” деп, өз құлы оны ұрды. Фалқарат сонда ойбайлап, сөз сөйледі: – Анау тұрған хайлакер Баттал,– деді. Ол мені хайла бірлән байлап қойды, Аузы-мұрнымды қан қылып, білдірмеді. Сонда Сейіт хазіреті: – Ай-һай,– деді, Бұ Батталдың хайласын қара,– деді. Сізлерге бұ сенсін деп, хайла қылды, Сөйлетпей, бұ залымды ұрғыл,– деді. Сол уақытта құлдары көп сабады, “Шығарма даусыңды” деп бек қинады. Ұра-ұра сорлының көзі шықты, “Мен – Фалқарат” дегенін тыңламады. Сол күні қайсар және жетіп келді, Сейіт хазіреті Фалқарат болып қарсы барды. Қайсар илән Фалқарат болып хал сұрасты, Батталдың және жәйін ол сұрасты. – Дәулетіңіз жары қылды, Астур,– деді, Нар-нұр айдап, Батталды берді,– деді. Үш күннен бері қинадым ол Батталды, Сонда да шынын һәр кез ол айтпады. Бұ сөзні Астур естіп, шат болды, “Көрелік,– деп,– Батталды” жұмла жүрді. Бір темірмен таста тұр шынжырлаулы, Үсті-басы қан болып, зар жылаулы. “Қайсар келді” дегенін ол естіпті, Ойбайлап: – Астур қайда?– деп жылады. Баттал мені бұ халге салды,– деді, Рақым қыла көргіл бізге,– деді. Иә, Астур, мен – Фалқарат,– деп жылады, Қасыңдағы Баттал-дүр, сақ бол,– деді. Мен Фалқарат болмасам, әгар,– деді, Нар-нұр менім басымды жақсын,– деді. Хайламенен байлады Баттал мені, Көрер көзім болар ма, ойбай, сені. Қайсар сонда: – Әй Баттал, аяр!– деді, һануз хайла сөйлерсің маған,– деді. Хайла бірлән өлтірдің бабаларымызды, Және алдың бізлерден ұғыл-қызды. Қисапсыз және алдың малымызды, Қисапсыз және қырдың адамларды. Хараб қылып бүлдірдің жаһанды, Нар-нұр айдап, қолымызға берді сені. Мың жаннан қалдырман бір жаныңды, Алармын жұмласының өшлеріні. Және малғұн Фалқарат сөйлеп ерді, Сейіт сонда: “Сөйлеме” деп жұмырық ұрды. – Жылдам айт шыныңды,– деп ұрып ерді, Ол сорлы: – Мен – Баттал,– деп иқрар қылды. Сейіт сонда Астурға сөз сөйледі: – Не азаппен өлтірейін мұны?– деді. Қайсар сонда: – Өзің білгіл, палуан,– деді, Қай азаппен өлтірсең мейлің,– деді. Сонда Сейіт Фалқаратты қатты ұрды, Есін танып Фалқарат ол жығылды. Фалқараттың құлдарына Сейіт әмір қылды: – Бұ Батталды сахараға алып жүргіл,– деді. Сахарада отқа жағам мұны,– деді, Естісін һәр ықылымлар жұмла,– деді. Құлдары сахараға алып жүрді, Уа және көп жинады отынларды. Жиылды шаһар әһлінің жұмлалары, “Батталды көреміз” деп һәр жанлары. Оттың ішіне салдылар Фалқаратты, Ойбайлап Фалқараттың шықты жаны. Енді қайсардың “Баттал өлді” деп, көңілі тынды, Сейітке Фалқарат деп, көп халғат берді. Уа және һәр ықылымларға хат жазып, хабар берді, “Сейітбатталды Фалқарат отқа жақты” дейді. Сейіт енді қайсардан изин сұрды: – Бұ Батталдың жолдастары болар,– деді. һәр орыннан іздейін мен анларды, Тапсам оның қырайын жұмласыны. “Хош, болар” деп, қайсар бұған изин берді, Қасына екі жүз палуанды қосып берді. – Мен де әскер жинаймын, қазір,– деді, Барамыз Малатияға бізлер жұмла,– деді. Сол жерде қосылармыз бізлер,– деді, Қылайық астын-үстін Малатияны. Сейіт енді қайсардан айырылып, шүкір қылды, Хаққа хамд, Пайғамбарға салауат қылды. Сейіт хазіреті екі жүз палуанға изин берді, Жолдасын қойған қырық руһбанға жетіп келді. Әлқисса, үшбу сөзді қысқарталы, Қырық руһбанды өлтіріп, жолдасын алып кетті. Әзін жаныб Екілісі бір дәреге жақын жетіп келді, Сол жерде шошқа баққан шопан көрді. Сейіт енді ол шопаннан сөз сұрады: – Қай дінлік боларсың?– деп сұрады. Ол сонда: – Әһлі ислам мен-дүр,– деді, Бағдаттың шаһарында елім,– деді. Ибн Масғұт Ыбраһым-дүр атым,– деді, Қырық кісі базаршы ердік бізлер,– деді. Бұ жерге жолымыз түсіп келдік ерді, Бұ жерде бір сиқыршы дию ұшырады. Ол бізді афсүн оқып, байлап алды, Ол малғұн жолдасымның бәрін қырды. Мен пақырды бұл халге салып, шопан қылды, Қырық жыл шопан қылып, әуре қылды. Сейіт деген бір мұсылман палуан болар ерді, Ол келсе, бұ залымнан алұр ерді. Үміт қылып жүр ердім соны,– деді, Бұ күнде үмітім кесілді, аһ! Фалқарат деген бір жүһүд залым болар ерді, “Сейітті отқа жаққан” деп естілді. Үшбу жер – Көзанданың жері,– деді, Бізді тұтқан Көзанданың қатыны,– деді. Көзанданы Сейіт хазіреті өлтіріп ерді, Оның және екі ұғылы болар екен,– деді. Бірі мұнда, бірі оның қасында болар,– деді, Кәһи онда, кәһи мұнда жүрер,– деді. Ол залымның бір әдеті болар екен,– деді, һәр тараптан ұғыл-қызны көзлер,– деді. Кімнің сұлу ұғыл-қызы болса,– деді, Оны алып, жеріне ұшып кетер,– деді. Кімін бір жан жылатып асар,– деді, Кімін жесір жылатып тұтар,– деді. Кете көргіл бұ арадан сізлер,– деді, Залымның келер уақыты жақын болды. Сол уақытта бір ғұлғұла дауыс келді, Сол халде “Аһ, залым келді ғой!” деп жылады. Сол халде бір жалаңаш ғифрит жетіп келді, Ол лағин Сейітті көріп, қаһ-қаһ күлді. – Сені іздеп жүр ердім һәр күн,– деді, Ажалың айдап келген сені,– деді. Көзанда жәду ол менің ерім ерді, Өлтірген Көзанданы сен бе?– деді. Сол халде афсүн оқып, топырақ шашты, Сол уақытта Сейіттің үстін зұлмат басты. Сейіт сонда Қызырдың дұғасын оқып ерді, Лағинның афсүні батыл болды. Ол лағин тау мысалы тасты көтеріп алды, Сейіттің үстіне ол тасты тастап ерді. Сейіт сонда шоршып кейін тұрды, Жәду және бір тасқа қолын созды. Сейіт сонда жәдуді атып ерді, Көзден кіріп, желкесінен оның шықты. Уа және қылыш илән жәдуны шауып ерді, Малғұнды екі пәре қылып, отқа салды. Сол уақытта Ыбраһым илән Мұса келді, Сейіттің аяғына басын қойды. Сол уақытта бір ғұлғұла дауыс шықты, Тау жақтан “Сейітбаттал” деген естілді. – Ата-анамды өлтірдің, иә, Баттал,– деді, Мен сенің екі ұғылыңды алдым,– деді. Мен сені өлтіремін қазір,– деді, Ажалың айдап келген сені,– деді. Ол тауға Шаһ әулие келіп шықты, Ол таудың төбесінде бір көл көрді. Ол көлдің ортасында бір тас көрді, Ол тастан будақтаған түтін көрді. Шаһ әулие енді тұрып пікір қылды, “Не болса да сол таста болар” деді. Тауды жарып, ол суды ағызыпты, Су кеткен соң, ол тауға жетіп барды. Ол тасты қаһарланып лақтырды, Тас үстінде бір ғажап құдық көрді. Назар салып о құдыққа қарап ерді, Қатты зұлмат һеш нәрсе көрінбеді. Қойнынан гауһар тасты алып көрді, Асылған нардибан қылып басқыш көрді. Нардибан илән қырық қадам жүріп ерді, Қиудың түбіне келіп біраз тұрды. Мың қадам және жүріп бір қапу көрді, Қапуды ашып, Шаһ әулие ішке кірді. Назар салып һәр тарапқа қарап ерді, Құданың хикметі бір ұлық шаһар болды. Уа және бір сарайға Шаһ әулие кіріп ерді, Құрылған шаршауларды және көрді. Ол перделерді көтеріп қарап ерді, Төрт қапулы қарсы тұрған хұжра көрді. Ортасында мисли тақыт Сүлеймен және көрді, һәр хұжрада алтын, күміс, күрзі көрді. Ол хұжраның ішлері ғажап нұрланады, Ләкин һешбір адам ол арада көрінбейді. Бір қапуны Сейіт және ашып ерді, Көреді алтын, күміс үш тақтаны. һәрбірінде бір қыздар жатыр көрді, Үй толы жан нәпасы білінбейді. Ортасында бір мәрмәр тақта көрді, Ол тақтада жазылған жазу көрді. Әуелі Алланың есімін жад етіпті, Андан соң “Ескендір патша мен-дүр,– депті. Машриқ, мағрибты тамам кездім,– депті, Жүмла халқын масхар еттім,– депті. Бұ мақамны салдырған мен-дүр,– депті, Үшбу жатқан үш қыздар менім,– депті. Бұнларды тапқан анасы Аян махбүб ерді, Өзі салих Хаққа жақын, ғабид ерді. Оның және бір сіңілісі болар ерді, Ол маған ғашық болып, сүйер ерді. Ол менім үш қызымды аздырыпты, “Анаң сенің ерге бермес, білдім,– депті. Бұ дүнияның ләззаты әйелге ер-дүр,– депті, Қосып ұғлан сүймек және,– депті. Сен анаңды ағу беріп өлтір,– депті, Мен сізлерге ана болып, ерге қосам сонда” депті. Бейақыл ол қыздарды ол алдапты, Анасына ағу беріп өлтіріпті. Бұ істен бір күн хабар алдым,– депті, Андан соң бұ мақамды дүздім,– депті. һәрбіріне бір қызметші бердім,– депті, Елу жылдық напақа қойдым және,– депті. Тылсым илән кезледім бұ мақамларды, Бекітіп, адам көрмес қылдым мұны. Бір уәзірім Әли кәмил ақылы ерді, Кітабы Астурлабқа маһир ерді. Есімі Уарсат талыс деген ерді, “Бұ жерге адамзат келер ме?” дедім ерді. Ол сонда Астурлабқа назар салды, “Бұл жерге бір палуан адамзат келер,– дейді. Асылы ақыр Пайғамбардың нәсілі болар,– дейді, Есімі Сейітбаттал Шаһ жиһан болар,– дейді. Екі ұғылы ғайып болар оның,– дейді, Соны іздеп, бұ жерге келер,– дейді. Бұ мақамны бірде дию, пері алұр,– дейді, Оны келіп, Сейітбаттал өлтірер” дейді. “Хош келерсің, иә, Сейітбаттал ғазы,– дейді, Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– депті. Салауат айтып, мен үмбет болдым,– деді, Шапағатынан ұмытпасын жарын мені. Иә, Сейітбаттал Шаһ жиһан, палуан,– деді, Бұ дүнияға мағрұр болма һәр кез,– деді. Бұ дүнияны мен тамам кездім,– деді, һеш опасын таппадым мұның,– деді. Палуанлыққа мағрұр болма, жаным,– деді, Саған да опа қылмас һешбір” деді. Уа және көп насихат сөз айтыпты, Оны естіп Шаһ әулие көп жылады. Андан соңыра бір сарайға Сейіт кірді, Туған айдай қырық қызды андан көрді. Сейіттің мүбәраклы жүзін көрді, – Садақа расул Алла Мұхаммед,– деп сөйледі. Хош келдің, Саллалаһу Расул мұнда,– деді, Падишаһ жиһан, Сейітбаттал ғазы,– деді. Сейіт сонда ол қыздардан жауап сұрды: – Сізлерге кім білдірді бізді?– деді. Қыздар сонда Сейітке жауап берді: – Бұ кеште Мұхаммед Расул түсімізге кірді,– деді. “Иә, қыздарым, жыламаңыз сізлер,– дейді, Сейіт ұғылым халас қылар ертең” дейді. Ол лағин һәр күнлерде келер,– деді, Екеумізді бір жан қылып ол жейді,– деді. Сейіт сонда: – Астурдың қызы бар ма?– деді, “Мархабан” деп қыз сонда тұра келді. Сонда: – Дию қайда?– деп сұрады, Қыздарды сонда үшбу қапудан кетірді. Ол қапуды Сейіт ашып, ішке кірді, Алпыс аршын диюды отыр көрді. Алдында үлкен қылып от жағыпты, Екі темір жебесін әзірлепті. Екі махбүб қыздарды ол байлапты, Темір іскек шаншырға әзірлепті Сейіт сонда нағра салып, сөз сөйлепті: – Әй, малғұн, мұның не?– деп сөйлепті. Талай мұндай қылғансың көп істерді, Алайын жұмласының өшлеріні. Ол малғұн сонда Сейітке сөз сөйледі: – Ажалың айдап келген сені,– деді. Қолына бір ұлығ күрзіні көтеріп алды, Сейітті ол малғұн салып қалды. Сейіт сонда секіріп, кейін тұрды, Шоқпары малғұнның жерге кірді. Және қайта ұрарға ол оңтайланды, Сейіт сонда қылыш илән екі бөлді. Басын ол малғұнның кесіп алды, Жанын жаһаннамға малғұнның жөнелдірді. Жұмла қыздар Сейітке келіп, басын қойды, Зар жылап, бұнлар Сейітке дұға қылды. Сейіт және сарайларды сайран қылды, Ол арадан төрт жүз атты тауып алды. Жұмласына алтын, жауһарды артып алды, Қыздар илән Ыбраһым Мұсаға жетіп келді. Анлар келіп Сейіт хазіретке басын қойды, Бұнларды ертіп алып, жолға жүрді. Ыстамболдың тарабына жақын келді, Бір адам ол арада ұшырады. Сейіт хазіретке назар салып, қарай қалды, Сейіт оған: – Қарайсың неге?– деді. – Сейітке ұқсатармын сені,– деді, Мәгәр оны Фалқарат отқа жақты. Ол адам және Сейттен жауап сұрды: – Уа, Алла, ағлам, сен – Сейіт,– деп сөйледі. – Бәлі, білдің, мен – Сейіт,– деп сөйледі, Енді иман келтіргіл, білсең,– деді. Ол жігіт иман айтып, мүмін болды, Сейіттің аяғына басын қойды. Сейіт енді қайсардан хабар сұрды, Уа және: – Абдулуаһап қайда?– деді. О жігіт: – Шаһ жиһан,– деп сөйледі, Малатияға ләшкер жиып кеткен,– деді. Абдулуаһап сахаба мұнда,– деді, һәр күнде бұ орынға келер,– деді. Сізді отқа жаққан жерге келер,– деді, “Аһ, Сейітбаттал” деп жылап кетер,– деді. Сол уақытта бір адамларды келер көрді, – Үшбу Абдулуаһап сахаба болар,– деді. Сол халде Абдулуаһап сахаба жетіп келді, Танымай Сейітке келіп, сөз сөйледі. Сейіт сонда “Ар-рахман” сүресін оқып ерді, Абдулуаһап аттан түсіп, есін танды. Сейіт оның басын тізесіне салды, Бір уақытта есін жиып, тұра келді. Абдулуаһап: – Әй, Шер Құда,– деп сөйледі, Түсім бе, иә, қиял ма?– деп сөйледі. Сейіт сонда: – Иә, Абдулуаһап ғазы,– деді, Досты садық, жолдасың мен-дүр,– деді. Сол уақытта Абдулуаһап басын қойды, Тәждид иман келтіріп, иқрар қылды. Қайсардың қызы Абдулуаһапты және көрді, Шат болып ғашығына ол көрісті. Ол қыздар Абдулуаһапқа сөз сөйледі, Сейіттің хикметлерін көп сөйледі. Әлқисса, Ыстамболға бұнлар келді, Сейіт хазіреті: – Қайсар қайда?– деп сұрады. Абдулуаһап Сейіт хазіретке жауап берді: – Төрт жүз мың ләшкер илән кетті,– деді. Бұ күнде Малатияда болар,– деді, Не оқиға болғанын білмен,– деді. Сейіт сонда: – Екі ұғылымды білдім,– деді, Қап тауында, Көзанданың ұғылы алған,– деді. Иншалла, оған сапар қылам,– деді, Хақ Тағала не бұйырса көрем,– деді. Қазір Малатияға жүрелік бізлер,– деді, Қалмасын мұсылманлар зарда,– деді. Қайсардың қызы атасының затын алды, Алтын, күміс, қисапсыз жауһар алды. Әлқисса, көп заттарын артып алды, Қасына бір қыз, ұғлан ертіп алды. Жұмласы Малатияға сапар қылды, “Алла” деп, күн-түн асығып бұнлар жүрді. Әзін жаныб Үшбулер жолы бірлән келе тұрсын, Енді Малатия тарабының сөзі келсін. Әмір Омар халифаға хат жазып, хабар берді, “Сейітті отқа жақты” деген сөзні. Уа және қайсардың әрекет қылғаныны, Төрт жүз мың әскер илән жүргеніні. Халифа бұ хабарны естіп білді, Сейіт үшін халифа көп жылады. Халифада екі палуан болар ерді, Бір жүз мың әскер илән қоя берді. “Өзім және артыңыздан барам,– деді, Сізлер жылдам жетіңіздер анда” деді. Әзін жаныб Әлқисса, бұнлар жолымен жүре тұрсын, Уа және Малатияның сөзі келсін. Әмір Омар отыз мың әскер алды, Дұшпанлардың алдынан қарсы барды. Мүшіріклердің ләшкері де жетіп келді, Екі тарап сап-сап болып қалды. Сол уақытта Рұм жақтан тозаң шықты, Сұлтан Сейіттің сары аләм туын көрді. Назар қылса, Шаһ әулиені келер көрді, Мәрд мәжаз ұшқыр атын мінер көрді. Самсырар екі жанында күрзі көрді, Қасында Абдулуаһапты келер көрді. Жаранлары Сейітті көріп шат болды, һәрбіреуі сүйінші сұрап, сайха қылды. Башарат нағра шалып, ойын қылды, Сұлтан Сейіт хазіретке қарсы барды. Баршасы қойдай шулап, көріс қылды, Қолы жеткенлері иығына басын қойды. Астур қайсар мұны көріп, зар жылады, “Батталдан құтылар күн жоқ” деді. Қайсарға бір адам келіп хабар берді: – Қызың илән Абдулаһап та келді,– деді. Қызыңызды дию, пері алған,– деді, Оны өлтіріп, Сейітбаттал келген,– деді. Және Ыстамболға ол қызың барған,– деді, Жұмла асыл заттарыңды ол алған,– деді. Әлқисса, ол күн соғыс болмады, Қайсар келіп шатырында зар жылады. – Тарион отқа жақты, ол өлмеді, Ғақба ғазы ағу берді, және өлмеді. Аржистың құдығында және өлмеді, Фалқарат отқа салды және өлмеді. Бізге Иса һеш жәрдем неге қылмады? Нар-нұр бізден жүз төндірген болар,– деді. Сонда екі палуан қайсарға сөз сөйледі: – Сіз әлі мәлүл болмай тұрғыл,– деді. Мен тұтып келтірермін оны,– деді, Шат болып сен күлерсің сонда,– деді. Бұ екінің хайлакері мәшһүр ерді, Қарауылға бас қылып қоя берді. Екеуі қарауылға шығып кетіп ерді, Бірісі Сейіт хазіретке ұшырады. Сейіт оны майдан жеріне алып келді, Бір ағашқа тірсегінен іліп қойды. Бірісі және һашым палуанға ұшырады, һашымды екі бөліп, дарға іліп қойды. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Сейіт хазіреті дұшпанларға хайла қылды. Мүшіріклердің қарауылын әуре қылды, “Мұсылманлар келді” деп, хабар қылды. Дұшпанлар түн ішінде атқа мінді, “Мұсылман” деп, бірін-бірі қыра берді. Шаһ әулие әр тарапқа шауып барды, Мұсылманлардың палуаны болып, сайха қылды. Мүшіріклер бұны танымады, Сол түні жиырма мың адам өлді. Сабах садық таң атып, жұмла тұрды, Өлген жанда һеш мұсылман көрінбеді. Айрылып ақылынан, есін танды, Сандалып майдан жеріне келіп тұрды. Мақтанып түнде кеткен екі сорлы, Ілініп тірсегінен тұрған көрді. Қайсар бұған таң қалып тұрған ерді, Қызының жазған хатын алып келді. Көргенін тафриқа қызы баян қылды, Сейіттің кереметін аян қылды. Пайғамбардың мүғжизасын һәм білдірді, “Ғапыл болып, атам, сен қалмаң” деді. Атасы қызының сөзін тамам білді, Оның ықылас қылғанын және білді. Бейшара көңілі қара, һеш тіл алмады, Қызының жазған хатын пәре қылды. Екі әскерлер сап болып тұрған ерді, Майданға Жәмілиха деген біреу келді. Мұсылманлардан Махсин ғазы келді, Жәмілиханы Махсин ғазы һәлак қылды. Уа және бір малғұн келіп ерді, Оны дахи сөйлетпей, һәлак қылды. Мүмінлер Махсинға қайран қалды, Сол кезде Настур деген біреу келді. Махсинға ол келіп күрзі ұрды, Махсинның сол халде аты жығылды. Сол халде Сейіт хазіреті нағра салды, Естіген халайықтар есін танды. Настурды көтеріп алып, жерге ұрды, Тірсегінен оны дарға іліп қойды. Андан соң екі лағин келіп ерді, Терісін сойып алып, сабан тықты. Оны дахи дар ағашына іліп қойды, Мұны көріп, майданға һешкім келе алмады. Қайсар сонда: – Жұмлаңыз қапта,– деді, Сейітті ортаға алып, ұста,– деді. Мүшіріклер сол уақытта қаптап ерді, Шаһ әулие сол халде нағра салды. Аспан жерге түскендей болып кетті, Дұшпанлардың соғыспастан есі кетті. Екі тарапы соғысқа араласты, Қылыш тиіп қылышқа шақырласты. Мисли қияметтің күні болған болды, Тозаңнан күннің көзі көрінбеді. Сол уақытта күн кеш болып, нағра салды, Екі әскерлер айрылып, кері қонды. Мүшіріклерді мәлүл болып, қайғы басты, Мұсылманлар шат болып, тағат қылды. Сабах садық таң туып, әскер жүрді, Екі әскерлер сап болып, қарсы тұрды. Сол уақытта Бағдат жақтан тозаң шықты, Ол келген жүз мың ләшкер халифа ерді. Шаһ әулие майданда нағра салды, Жер мен көк тоғысқандай болып кетті. Мүшіріклерге Шаһ әулие қылыш ұрды, Мұсылманлар Сейіт илән бірге кірді. Халифаның ләшкерлері және кірді, Дұшпанлардан сел мысалы қан ағызды. Сейіт енді қайсардың жолын жақты, Туын тастап, ол қайсар міне қашты. Мүшіріклер енді сабыр қыла алмады, “Ыстамбол қайда” дайу, қаша берді. Мұсылманлар үш күн, үш түн оны қуды, Аттан түспей, анларды қыра берді. Қисабын пенде білмес, Алла білді, Уа және көп адамын жесір қылды. Халифаның хозурына алып келді, Ол арада Сейітбаттал көрінбеді. Сейіт хазіреті қайсарды қуған ерді, Халифа “Аһи аман болса екен” деп жылады. Сейіт хазіреті қайсарды қуған ерді, Бір бұлақта қайсарды тұтып алды. Желкесіне қолын байлап алды, Шаһ әулие халифаға жетіп келді. Сейітті көріп, халифа шат болды, Аттан түсіп, Сейітке көріс қылды. Халифа енді Сейіт хазіретке дұға қылды, Халайықтар жұмла тұрған “әмин” дейді. Енді жұмла әскерлер жерге түсті, Халифа Сейіт илән бірге түсті. Астурды халифаның хозурына алып келді, Сейіт оған Пайғамбардың мұғжизасын баян айтты. – Не істесем бабамның мұғжизасы, Иман келтір, Аллаға болма ғасы. Астур сонда Сейітке жауап берді: – Мақұл көрсең, бір сөз айтам сізге,– деді. Сейіт сонда: – Не сөзің бар, айтқын,– деді, Мақұл болса, тыңлайын оны,– деді. Астур сонда: – Иә, Шаһ жиһан,– деп сөйледі, Жұмла сөзің дұрыс-дүр сенің,– деді. Менің көп қарап тұрған халқым,– деді, Сен кетсең, һұжым қылар маған,– деді. Сіз әуелі Қап тауынан келгіл,– деді, Бар болса, ұғылымны әпкел,– деді. Хозурыңда мұсылман болам сонда,– деді, Өзің жәрдем берерсің маған,– деді. Сейіт сонда: – Бұ сөзің болсын,– деді, Қолыңнан куәлік хат бергіл,– деді. Астур сонда бұ сөзге риза болды, Астурды мемлекетіне қайсар қойды, Сейіт илән уағдаласып, қайтып кетті. Қолымен хатын жазып, Сейітке берді. Сейіт хазіреті Астурға рұқсат берді, Он мың жесір адамларды азат қылды. Уа және әһлі исламның әскерлері рұқсат алды, һәрқайсы шаһарларына қайтып кетті. Халифа және Бағдатқа қайтпақ болды, Сейт илән уағдаласып, о да кетті. Енді Омар Сейіт илән шаһарға келді, Жолдастары Малатияға жұмла келді. Әһлі исламлар шат болып, қарар қылды, Зауқы сафа асап ішіп, рахат қылды. Сейітке хайыр дұға әһлі ислам базы қылды, “Әмин” деп, жұмлалары шуылдады. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылғыл енді. Насырны назым жазған Тыныштық ұғылын, Дұғада ұмыта көрме, иә әһлі жар. Әлхамдулиллаһи раби-аләмин уасалауат уас-сәләм алә хайыр халқиһи Мұхаммадин әлиһи уа асхабиһи әжмағин. Он тоғызыншы бап: Сейіт хазіретінің Қап тауына сапар қылып, адамзаттан басқа он екі патшаны өлтіріп, жетпіс екі ықылымнан ләшкер алып, перілерден ұғылын алып келгенінің баяны Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Иә, Мұхаммед Мұстафа деп һәм башлалы. Сұлтан Сейіт хазіреттің ғазисыны, Қадари хал назым бірлән біз башлалы. Риуаят рауиларның сөзлеріні, Раушан білгенімше біз ашалы. Бір күнлері Сейіт хазіреті сөз сөйледі: – Әй, жаранлар, мен Қап тауына жүрем,– деді. Іздеймін екі қорған ұғылдарымды, Сізлер жары дұғада болың,– деді. Жаранлар Сейіт илән уағдаласты, “Иләһым сақтасын” деп, зар жыласты. Қап тауына Сейіт хазіреті жүріп кетті, Адам көрмес хикметтерді талай көрді. Айтармын, иншалла, тоқта оны, Жолдағы заһир болған хикметтерді. Сейіттің алып кеткен ұғылдарын, Айтайын алып кеткен себебіні. Жоғарыда баян қылдым Көзанданы, Сейіт ерді өлтірген ол періні. Көзанданың бар ерміш екі ұғылы, Бірін және өлтірген Сейіт ерді. Анасын һәм өлтірген Шаһ уәли, Жоғарғы бапта айтылған оның сөзі. Бір ұғылының есімі һилак ерді, Ол малғұн сиқырлыққа маһир ерді. Атасының өлгенін білген ерді, “Қайтып өшін алам” деп жүрген ерді. Сейіт жоқта Малатияға келген ерді, Оның үшін Қап тауына жүрген ерді. Қантар деген бір адам болар ерді, Кимияның ғылымын білерге кәмил ерді. Оны ертіп Сейіт хазіреті сапар қылды, Екі айлық азық алып бұнлар жүрді. Дария бірлән үшбулер көп қыдырды, Арал, қала көрсе ұғылын сұрды. Әлқисса, алты ай жүріп, бір тауға келді, Жолдастарын анда қойып, Сейіт аралады. Күн батқанда бір шұғыла отты көрді, Ол отқа Шаһ әулие жетіп келді. Бір үңгірде қырық ғифрит періні көрді, Доңыз етін пісіріп, асар көрді. Мұнарадай залымлардың қад қаматы, Күлкісі күн мысалы күркірер еді. һәрқайсысы бір түрлі сөз сөйледі, Бірісі сонда: – Менім сөзімді тыңла,– деді. Үшбу таудың артында шаһар бар,– деді, Ол шаһардың есімі – Сайлан,– деді. Ғасажад – патшасының есімі,– деді, Оның бар бір махбүблі сұлу қызы. Мен соны келтірейін қазір,– деді, Сізлер рахат қыла тұрғыл мұнда,– деді. Бұны айтып ол ғифрит ұшып кетті, Тез заманда ол қызды алып келді. Қуанып жұмлалары арақ ішті, Ол қызға: – Сен де іш,– деп әуре қылды. Қыз пақыр ол арақты ішпеп ерді, Аузынан ұрып, ол қызды байлап қойды. Шаһ әулие қолына қанжар алды, Жұмласының басыны кесіп салды. Қыздың және қолын шешіп алды, Қыз енді Сейіт хазіретке басын қойды. – Иә, сұлтан ғалым, кімсің?– деп және сұрды, Сейіт сонда өзін баян қылды. Түн ішінде ол қызды алып жүрді, Ол қызды сарайына һәм кіргізді. Өзі келіп, бір бұлақтан таһарат алды, Намаз оқып, ол жерде ұйықтап қалды. Бір уақытта бір сөйлескен дауыс шықты, Көзін ашса, дәруіш отыр көрді. Сейітке ғиззат илән сәлем берді, – Хош келдің, иә, сұлтан ғалым Сейіт,– деді, Сейіт сонда бұнлардан жауап сұрды: – Мені сізге білдірген кім-дүр?– деді. Анлар сонда Сейітке жауап берді: – Мұхаммед расул Алла түсімізге кірді. “Тез тұрып, бұ орынға барғыл,– дейді, Шүкір күші Сейіт жатыр, көргіл,– дейді. Ғиззат, құрмет сізлер оған қылғыл,– дейді, Не бұйырса, әмірінше болғыл” дейді. Сіз енді бізің илән жүргіл,– деді, Сізге құрмет қылармыз, көргіл,– деді. Сейіт енді бұнлармен жүріп келді, Дәруішлер Шаһ әулиеге құрмет қылды. Бұнларды және қыз шақырып қонақ қылды, Қырығына қырық қаз пісіріп және берді. Сейітке мың кесе алтын және берді, Сейіт оны алмап ерді, ажиз қылды. Шарасыз оның ғұзырын қабыл қылды, Ол алтынды дәруішлерге бағышлады. Қыз илән уағдаласты, анлар кетті, Өздерінің сарайына келді, түсті. Банағы қыздың берген қазларыны, һәрқайсысы алды да ішін жарды. һәрқайсысының ішінен бір гауһар көрді, Оны көріп дәруішлер қайран қалды. Сейіт енді жолдастарын баян қылды: – Мен енді жолдастарыма кетем,– деді. Сол уақытта дәруішлер сөз сөйледі: – Бабаң Расул Алла қырық күн мұнда тұрсын деді. Енді базарға дәруішлерден біреу барды, Саррафқа бір гауһарды сатпақ болды. Саррафтар ол гауһарды танып білді, “Үйден ақша әкелем” деп, алып кетті. Дәруіш пақыр дүкенде тұрып қалды, Сарраф енді патшаға туғры келді. Патша ол гауһарды танып білді, – Сен мұны қайдан алдың?– деп сұрады. Сарраф сонда дәруішті баян қылды, Патша сонда: – Ол дәруішті келтір,– деді. Дәруішті патшаға алып келді, Дәруіштен: – Қайдан алдың?– деп сұрады. Ол дәруіш: – Қожамыз бар біздің,– деді, Қайдан алса ол білер бұ гауһарды. Әлқисса, Сейіт хазіретті алып келді, – Сен мұны қайдан ұрладың?– деп сұрады. Сейіт сонда патшаға жауап берді: – Мен – Мұхаммед пайғамбардың нәсілі,– деді. Зүриятым һеш ұрлық қылмады, Дүния, малын һеш және сүймеді. Сен берсең дүния, малың жұмла,– деді, Бір пұлдай қажеті жоқ бізге,– деді. Ғасажад патша бұ сөзге ашуланды, Шаһардың жұмла халқын ол жинады. – Бұны сізлер танимысыз, білдір,– деді, Танымасаңыз өлтіремін қазір,– деді. Сол уақытта Ситаха деген бір адам тұра келді, Ол адам Ғақбаның бірге туған ерді. – Менім ағам Ғақабаны бұл өлтірді, Менім қанды дұшпаным осы,– деді. Дәулетің бәрі қалып келген,– деді, Аман бермей, өлтіре көр қазір,– деді. Сол уақытта жалладтарға әмір қылды: – Қолын байлап, дарға асқыл мұны!– деді. Бір жаллад қолын байларға келіп ерді, Сейіт оның кеудесіне жұмырық ұрды. Мұғаллақ төбесінен ол жығылды, Қарбыздай жерге ұрған жаны шықты. Патша сонда көп жалладқа әмір қылды: – Жабылыңыз, өлтіріңіз,– деп,– бұ Батталды! Жұмласы сол уақытта қаптап ерді, Сейіт сонда сегізіні һәм өлтірді. Сейіт және нағра салып, сайха қылды, Ол тұрған халайықтар есін танды. Қыз һамайун нағраны естіп білді, Жүгіріп сол уақытта жетіп келді. Келубан Сейіт хазіретке басын бүкті, Аяғына басын қойып, көзін сүртті. Патша сонда қызына ғажап қалды, – Әй, қызым, саған не іс болған?– деді. Не үшін тағзым қылдың, бұ ұғылыны? Не себеплі сүйерсің аяғыны? Қыз сонда баян қылды баяғыны, Перілердің халас қылған себебіні. – Бұ жігіттің мен көрдім кереметіні, Заһир, аян мен көрдім қайратыны. Оның үшін мен бердім бұ гауһарларды, Садақа жаным үшін жауһарларды. Жеті күн мен көргелі үшбу істі, Сізге айтпадым намыс деп бұ ісімді. Иә, ата, мен айтайын ғажап істі, Бұ түнде пері алып, аспанға ұшты. Пәлен тауда бір ғарға алып барды, Ішінде қырық ғифрит отыр ерді. Оны көріп, жүрегім бек пәре болды, Тәнімнен жан шығарға жақындады. Сол уақытта бұ жігіт жетіп келді, Сол жерде перілердің басын кесті. Нанбасаңыз, пәлен ғарға барғыл,– деді, Өлімтігі жатқан-дүр әлі,– деді. Патша мұны естіп, қайран қалды, “Көріп кел” деп жіберді көп адамды. Әлқисса, мұғтабарлы адамлар анда барды, Қырық ғифриттың өлімтігін көріп келді. Патшаға оның зорлығын баян қылды, Өздерінің қорыққандығын аян қылды. Енді патшаның көңіліне қорқу түсті, Сейіттің аяғына жүзін сүртті. Сейіт илән дәруішлерді алып жүрді, Сарайына алып келіп, құрмет қылды. Патша енді Сейіттен сөз сұрады, Не себеплі бұ халге келгендігін. Сейіт сонда жүргенлігін баян қылды, Екі ұғылы жоғалғанын аян қылды. Сейіт енді: – Қап тауына барамын мұнан,– деді, Иншалла, ұғылымды алып келем,– деді. Мұны естіп Ғасажад патша қайран қалды, – Иә, Шаһ жиһан, қызымды сен алғыл,– деді. Сейіт оған: – Қыз аларға уақытым жоқ қазір,– деді, Он мың ләшкер ол кемеге мініп алды. Сейіт илән Ғасажад патша бірге мінді, Қап тауына сапар қылып бұнлар жүрді. Бір айда қатты желге ұшырады, Кемелер талқан болып, бұнлар тозды. Бір қарт илән қайыққа Сейіт мініп алды, Бір тауға екісі келіп ұшырады. Қарт сонда Сейітке: – Сен мұнда отыр,– деді, Тауға шығып келейін мен бір,– деді. Малғұн шайтанның хайласы Сейіт енді кемеде тұрып қалды, Сізлер қарттың сөзіні тыңла енді. Ол ерген қарт малғұн шайтан ерді, “Сейітке бір зарар қылсам” деп ерген. Ол тауда ғифрит, перілер болар ерді, Жоғарғы қызды келтірген патша ерді. Малғұн соған алып келген ерді, “Сейітті өлтірмес пе екен” деген ерді. Малғұн барып шаһар халқына хабар берді: – Мен – Сейітбаттал жолдасы,– деген ерді. Анлар айтты: – Баттал кім-дүр білмен?– десті, Бұ жерге адамзат келмес,– десті. Қарт сонда: – Сіз білмейсіз оны, Ол Баттал – бек хайлакер адам,– деді. Бұ жаһанды хайламен алған,– деді, һәм Сайланның шаһарына келген,– деді. Патшасының қызын алған,– деді, Енді сізлерді қырарға келген,– деді. Ол қарттан зәңгілер енді сөз сұрады: – Біздің бір патшамыз болар,– деді, Ғасажад патшаның қызына ғашық ерді. Ол қызды алу үшін кетіп ерді, Онан хабар білдің бе, айтшы?– деді. Қарт сонда: – Білдім,– деді,– сұлтаныңды, Қызды алып, қырық диюға келіп ерді, Жұмласының Сейітбаттал басын кесті. Ол қызды атасына алып барды, Атасы риза болып, қызын берді. – Ол Баттал менің дахи қанлұм ерді, Өлтіруге күшім жетпей жүрмін,– деді. Қасына мен барайын оның,– деді, Жұмламыздың өшіміз бітсін,– деді. Сонда сізлер өлтіріңіз оны,– деді, Ұйықтағанда хабар берем сізге,– деді. Сонда сізлер өлтіріңіз оны,– деді, Жұмламыздың өшіміз бітсін,– деді. Мұны айтып малғұн қайтып кетті, Сейітке: – Бір шаһар көрдім,– деп айтып келді. Шаһарға бара алмадым, қорықтым,– деді, Хабар айтамын деп сізге келдім,– деді. Сонда Сейіт: – Сен мұнда отыр,– деді, Мен барып көрейінші оны,– деді. Сейіт барып ол тауға назар салды, һеш нәрсе ол арада көрінбеді. Біраз жүріп Табарик ұйықтап қалды, Малғұн барып зәңгілерге хабар берді. – Пәлен жерде ол Баттал жатыр,– деді, Тез барып сізлер оны өлтір,– деді. Үш ғифрит пері сол уақытта жүріп ерді, Сейіт хазіреті ұйықтап жатып, түсті көрді. Түсінде хазірет Әли хабар берді, “Тез тұрғыл, шүкір күшам, ұғылым,– дейді. Дұшпанлар үстіңе қазір келер,– дейді, Не үшін ғапыл жатырсың мұнда” дейді. Сол уақытта Шаһ әулие тұра келді, Зәңгілерді Сейіт көріп, нағра салды. Зәңгілер сол уақытта есін танды, Қылыштары қолынан түсіп кетті. Сол халде Шаһ әулие жетіп барды, Үшеуінің басын кесіп алды. Оны көріп шайтан малғұн қаша берді, Сейіт оның шайтанлығын сонда білді. Әзін жаныб Екінші бір патшаның әйелін мұсылман қылғаны-дүр. Сейіттің хикметі, хазірет Расулдың мұғжизасы Дарияның жағасына Сейіт келді, Сол уақытта бір сандық ағып келді. Сандықты Сейіт хазіреті ашып ерді, Ішінде құп суретті жігіт көрді. һошсыз болып ол жігіт жатыр ерді, Сейіт оның жүзіне су бүрікті. Сол уақытта ол жігіт тұра келді, Ақылын жиып, Сейітке сәлем берді. Сейіт хазіреті сұрады оның халін, – Қай зүрият боласың, білдір?– деді. Жігіт сонда: – Лә иллаһа илла Алла,– деп баян қылды, – Мұхаммед расул Алла,– деп аян қылды. Атам есімі Сазжаш деген патша ерді, Әуелде дін білмеген пасық ерді. Жоқ екен атам-анамның һеш ұғыл-қызы, Бұ күнлері хамл болып анам туды. Ләкин хикмет Алла ғажап болған,– дейді, Мес сипатты бір нәрсе туған,– дейді. Жарып аларға һеш лажын таба алмады, Табиблар оны дахи біле алмапты. Мұның бірлән бір ай тамам өткен,– дейді, Атам бір күн сахараға шыққан,– дейді. Төрт дәруішлерге тап болған сонда,– дейді, Бірісі – дәруіштің қауымы, бірісі Мұсаның қауымы ерді. Бірісі – Исаның қауымы, бірісі Мұхаммедтің қауымы ерді, Бұнларды атам алып үйге келген,– дейді. Мұнларға азим құрмет қылған,– деді, Бұнлардан дін асылын сұраған-ды. һәрқайсысы өз дінін қуаттапты, Атам сонда анларға сөз айтыпты: – Менім бар мүшкілім мұнда,– депті, Сізлер дұға қылыңыз соған,– депті. Сол мүшкілім ашылса менім,– депті, Соның діні Хақ ерүр көрсек,– депті. Әлқисса, төртеуі де дұға қылыпты, Мұхаммедтің үмбетінің дұғасы қабыл болыпты. Сол уақытта мес қозғалып, жарылыпты, Ішінен шыққан ұғлан мен болыпты. Сол уақытта ата-анам шат болыпты, “Мұхаммедтің діні Хақ” деп, ол кіріпті. Жұмла халқы сол жерде мүмін болыпты, Менім атымды сол жерде Мағин қойыпты. Әлқисса, бір күнлерде атам опат болды, Атамның орнына мен пақырды патша қойды. Атамның бір інісінің ұғылы болды, Діні – батыл, ол малғұн жүһүд ерді. Атамның опатлығын ол біліпті, Ғапыл күнде ол мені тұтып алды. Ол мені өлтіруге қастық қылды, Сол уақытта анам біліп, фариад қылды. Андан соң мені бұ сандыққа салды,– деді, Онан ғайр білмеймін һеш нәрсені. Халім бұ,– деп Сейітке ғұзыр қылды, Сейітке басын қойып ол жылады. Ол жігітке Сейіт хазіреті рақым қылды, Ғансурдың шаһарын іздеуге бұнлар жүрді. Бір күн, бір түн болғанда шаһарға келді, Кемеге Мағинды қойып, Сейіт түсті. Сейіт келіп бір бұлақтан таһарат алды, Ол жерде хұсни даусымен азан айтты. Ол шаһарда төрт жүз мұсылманлар болар ерді, Сейіттің құп әуезін танып білді. Жұмласы ол Сейітке жетіп келді, Сейіт илән намаз оқып, дұға қылды. Андан соң үшбулермен хал сұрасты, Сейіт енді Мағинды баян қылды. Анлар сонда бұ сөзге қайран қалды, – Патшамыз Мағин деп жүрміз,– деді. Әлқисса, Сейіт хазреті шаһарға келді, Патшаның сарайына туғры кірді. Ол патша Сейіттен сөз сұрады: – Қай жерлік боларсың? – деп сұрады. Сейіт айтты: – Халуат қылғыл үй ішіні. Бір құпия хабарым бар, айтам,– деді. Ол сорлы сарайды халуат қылды, Сейітке өнер бастар уақыт келді. Кеудесіне шаһин кебі мініп алды, Мағинға қылған ісін баян қылды. – Ініңді не үшін салдың суға?– деді, Баян қыл жазасыны маған,– деді. Иман айтсаң, құтыларсың менен,– деді, Сейітбаттал дұшпанларға заһир қаталмын-дүр,– деді. Иман айтпай, дауыстарға оңтайланды, Сейіт сонда қолымен махкам тұтты. Аузын басып, малғұнды тұншықтырды, Көтенінен шығарды оның жанын. Уа және Шаһ әулие тысқа шығып айтты, Бір уәзірге: – Патша шақырды сізді,– деді. Уәзір сорлы жүгіріп келіп ерді, Сейіт оған: – Иман айт,– деп әмір қылды. Қабылы жоқ ол сорлы инкар қылды, Сейіт және оның басын кесіп алды. Әлқисса, азайталық үшбу сөзні, Найып пен әйелінің басын кесті. Патшаның сарайына қан толтырды, Жұмласының басын алып, тысқа шықты. Енді өзін білдіріп, нағра салды, Сол уақытта төрт жүз мұсылманлар қылыш ұрды. Шаһардың халқы қорқып, аман сұрды, Жұмласы иман айтып, мүмін болды. Сол уақытта Ғасажад патша жетіп келді, Қасына он ләшкер ертіп келді. Сейіттің бұ қайратын көзі көрді, Шат болып, Сейіт хазіреттің қолын сүйді. Шаһ әулие Мағинды патша қойды, Ол ықылымлар мұсылман болып, нұрға толды. Мұсылманлар жол тауып, нұрға толсын, Шат болып шаһарында тұра тұрсын. Әзін жаныб Енді Сейіттің Қап тауына жүргені Енді Сейіт хазіреті кемеге мініп алды, Қасына Ғасажад патша бірге мінді. Жеті күн кеме илән бұнлар жүрді, Сол күнде Ғасажад патша сөз сөйледі: – Иә, Шаһ жиһан, бұдан ары адамзат болмас,– деді, Енді ғайр мақұлықтың жеріне келдік,– деді. Бір әлам ершүр,– деп қауіп қылды, Бір қауіпті жерге біз келдік енді. Сонда Сейіт: – Сіз қауіп қылсаң қуатты, Мен Аллаға сиынып жүрем,– деді. Әлқисса, бір ақ тауға бұнлар келді, Шатыр құрып, ол тауда рахат қылды. Сейіт енді ол тауды көп аралады, Шаршап келіп, бір жерге ұйықтап қалды. Түсінде хазіреті Әли келіп хабар берді: “Көрерсің бұ сапарда көп ғажап,– дейді. Таң туғанда суға назар салғыл,– дейді, Бір алма ағып келер сонда,– дейді. Сол алманы асағыл, ұғылым,– дейді, Білерсің жұмла мақлұқ, Алланың тілін” дейді. Түсті көріп, Шаһ әулие тұра келді, Уа және судың бетіне назар салды. Бір алма сол уақытта ағып келді, Шаһ әулие ол алманы асап алды. Ол алма Хақ Тағаланың һибасы ерді, Оны асап, жұмла мақлұқтың тілін білді. Аллаға шүкір қылып, Сейіт жүрді, Ғасажад патшаға жетіп келді. Ғасажад Сейітті көріп, зар жылады, Қазан соққан жайрафтай қалтырады. – Аждаһаның аузына түстік,– деді, Құтылатын күн болар ма онан?– деді. Біраз хайуанлар ұлысып келді,– деді, Ит мысалы ұлысып жүрер,– деді. Тау-тасты тұтарлар дауыстары, Бұ келген ләшкерінің жаушылары. һәр қапуының ұлықлығы бір қаплады, Көп келселер қояр ма біздің жанды? Енді нешік қылармыз?– деп жылады, һәрқайсы өз қамын жеп жылады. Сейіт сонда бұнларға тасила жауап берді: – Сізлер сабыр қылыңыз, мен білейін оны,– деді. Шаһ әулие анларға жүріп барды, Өз тілінше бұнлар сөз сөйледі. Шаһ жиһан ақырып, һайбат қылды, – Не сұрайсың бізлерге келіп?– деді. Анлар сонда Сейітке жауап берді: – Адамзат бұл жерге келмес ерді. Не себеплі келдіңіз мұнда?– деді, Патшамыз жіберді сізге,– деді. – Алай болса жүріңіз сізлер,– деді, Бір құпия хабарым бар, айтам,– деді. Падишаһының есімі Харасан ерді, Сейіт хазіретті патшаға алып барды. Харасан Сейіттен жауап сұрды: – Әй, адамзат, не үшін келдің мұнда?– деді. Бізім тілді сен қайдан білдің?– деді, Сейіт сонда Харасанға жауап берді: – Әуелде мен сізлерден болған,– деді, Адамзат ұрлап алған,– деді. Кішік ердім, мен анда өстім,– деді, Еркіне анлардың көндім,– деді. Харасан сонда: – Ғасажад патша неге келді? Білдің бе қызметі не-дүр?– деді. Сейіт сонда: – Оның ұғылы ғайып,– деді, Қилбарақлар ұрлағанлар оны,– деді. Оның үшін Ғасажад мұнда келді,– деді, Бір махбүблі сұлу қызын алып келді. Алып берсең оның екі ұғылын,– деді, Сол қызды сізге бере келді,– деді. Оны естіп Харасан патша шат болды, Сексарларға: – Көріп келші оны,– деді. Сейіт хазіреті Ғасажадқа қайтып келді, Көргенін берәм-берәм айтып келді. Шаһ әулие бір махбүблі сурет түзді, Толған айға ұқсаған бір қыз қылды. Сексарларға ол суретті көргізіпті, Сексарлар Харасанға мақтап барды. Харасан сонда терісіне сыя алмады, һайбаттанып Ғасажадқа жетіп келді. Сейіт оның алдынан қарсы барды, Әкеліп бір шатырға қонақ қылды. Сейіт хазіреті сексарларға изин берді, – Патшаңыз қыздың қасында болар,– деді. Сексарлар кері қайтып кетіп ерді, Сейіт келіп, Харасанның басын кесті. Сол түні бас терісін илеп алды, Сексарларға Харасан болып, Сейіт келді. Сексарлар жүзін жерге қойып тұрды, “Рұмның патшасы” деп құрмет қылды. Сейіт енді сексарларға әмір қылды: – Он мың ләшкер кемеге мінсін қазір,– деді. Қилбарақларға жүремін қазір,– деді, Ғасажадтың ұғылын әперем онан,– деді. Әлқисса, қилбарақларға бұнлар жүрді, Бір күнде қилбарақларға жетіп келді. Патшасының есімі Ғонқа болар ерді, Харасанды ол Ғонқа білер ерді. Хал сұрасып, екісі көріс қылды, – Бұ жерге не үшін келдің?– деп сұрасты. Харасан болып, Ғонқаға жауап берді: – Саиланның патшасы Ғасажад бізге келді. Оның екі ұғылы ғайып болған,– деді, Кәлим күштер алған екен оны,– деді. Оның екі сұлу қызы болған,– деді, Оның бірін ол маған берді,– деді. Бірісін саған алып келді,– деді, Жәрдем қылсаң, бере-дүр саған,– деді. Бұл сөзді Ғонқа патша естіп білді, Шат болып Ғасажадқа бұ да келді. “Қыз алам” деп ол сорлы келіп ерді, Оның дахи Сейіт басын кесіп алды. Оның және бас терісін илеп алды, Ғонқа болып, ләшкеріне жетіп келді. Ләшкерлері “өз патшам” деп құрмет қылды, – Не тәдбир қыласыз?– деп қол қусырды. Патша сонда: – Он кемені әзірле,– деді, Он мың ләшкер мінесіңдер оған,– деді. Кәлим күштің халқына жүрем,– деді, Ғасажадтың ұғылын алып берем,– деді. Әлқисса, он мың ләшкер болып жүрді, Бір күнлерде кәлим күштерге жетіп келді. Әлхасыл, азайталық үшбу сөзді, Әуелгі патшалардай және қылды. Жетпіс екі тайпалардан ләшкер алды, Жұмласының суретіне кіріп алды. һәрқайсысынан отыз мыңнан ләшкер алды, Жұмласы адамзаттан басқа ерді. Шаһ әулие бұ сипатпен сапар қылды, Бір күнлер дариядан қырға шықты. Ол жері жәннат мысалы ғажап ерді, Жеміс бар һәрбір жерде түрлі-түрлі. Жұмла ләшкерлер ол арада рахат қылды, Шаһ әулие сайран қылып аралады. Бір жерде бір ұлық ағаш көрді, Түбінде үш ғажайып қубба көрді. Бірісі – алтын, бірісі оның зу таза күміс ерді, Бірісі – ғажап ақ маржан, жауһар ерді. Ол жерде һешбір мақлұқ көрінбейді, Сол жерде ағып жатқан бұлақ көрді. Ол бұлақтан Шаһ әулие таһарат алды, Құп әуезбен құран оқып, намаз қылды. Сол уақытта хикмет Құда қубба ашылды, Нұры балқып, үшбу адам шыға келді. Сейітке ғиззат илән сәлем берді, Сейіт оның сәлемін жақсы алды. Ол адам Сейіт хазіретке сөз сөйледі: – Хош келдің, иә, Мұхаммед пайғамбардың нәсілі,– деді. Сол уақытта ауадан бір сада келді, Дастархан илән бұнларға тағам келді. Ол тағамнан үшбулер асап тойды, Хикмет Алла ол дастархан қайта ұшты. Енді Сейіт бұнлардан жауап сұрды: – Бұ мақам қай орын?– деп сұрады. Сейтке ол шайхлар жауап берді: – Харамабад деп айтар үшбу жерді. Зұлқарнайынның мақамы үшбу,– деді, Қап тауының етегі осы,– деді. Зұлқарнайынның жаранлары бізлер,– деді, Біз тұрғалы бес мың жыл болды,– деді. Бұ кеш түсте көрдік Мұхаммед Мұстафаны, “Шүкір күшам Сейіт келер ертең,– дейді. Не бұйырған әмірінше болғыл,– дейді, Екі ұғылын қарап келер мұнда,– дейді. Бұ мақамны диюлардан алұр,– дейді, Ұғылын алып бұ жерден қайтар,– дейді. Сейітке бек, көп сәлем айтқыл,– дейді, Бұ жерде бек ықтият болсын,– дейді. Бұ жерде кәпір, перілер көп-дүр,– дейді, Мұсылманларға бек дұшпан малғұн” дейді. Сейіт енді бұнлардың есімін сұрды, Үшбулер есімлерін баян қылды. – Біріміз – һабил, біріміз – Майл,– деді, Біріміз – Камил есімлі,– деп жауап берді. Үшбулерден Шаһ уәли ұғылын сұрды, Үшбулер ұғылын һеш білмеді. – Бұ жерде отыра тұрғыл сізлер,– деді, Мен барып ләшкерлеріме келем,– деді. Сейіт хазіреті ләшкерлеріне жетіп келді, Жетпіс екі тайпа ләшкерлерге хабар берді. һәрқайсылар “өз патшам” деп құрмет қылды, Бұйырған әмірінше тәсілім болды. – Ертең мұнда дұшпанлар келер,– деді, Бек мұқият сақ болғыл сізлер,– деді. һеш рақым қылмаңызлар оған,– деді, Күшің жетселер, аман бермей өлтір,– деді. Әлқисса, сабах садықтың таңы туды, Алдындағы тауларға назар салды. Сейіт хазіреті үш шайхқа жетіп келді, Анларға тағзым илән сәлем берді. Ол шайхлар Сейіттің ләшкерлеріне көзін салды, Шайхлар ол әскерлерге қайран қалды. Сол уақытта тау жақтан тозаң шықты, Уа және оттар жанып, түтін шықты. Шайхлар сонда: – Шаһ жиһан,– деп сөйледі, һалал жәдуның ләшкері келді, сақ бол,– дейді. Сейіт сонда: – Мен білермін ол жәдуны, Мәгәр біріңіз ол жәдуге барғыл,– деді. Менің екі ұғылымды берсін қазір,– деді, Екі ләшкерлер қырылмай босқа,– деді. Ол шайхлар Сейіт хазіретке жауап берді: – Ол малғұн һеш тыңламас сөзіңізді. Мәгәр сізің әміріңіз болсын,– деді, һабил шайх: – Мен барайын оған,– деді. Жолдастарымен уағдаласып, ол жылады, Гауһар кебі көзден жасы төгіледі. Сейіттің қолын сүйіп, һәм сөйледі: – Аманат сөзім бар,– деп ол жылады. Жаным құрбан сізің үшін болсын,– деді, Нұр иман әһлі исламға толсын,– деді. Мен жәдулерге барғанда қарағыл,– деді, Басым ұшып, хозурыңа келер,– деді. Оқығыл жаназамды өзің,– деді, Мүбәрак қолыңыз илән көмгіл,– деді. Уа және Мәдине мұнаууарға барсаң аман,– деді, Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– деді. Ұмытпасын шапағатынан жарын,– деді, Иман айтып, мен үмбет болдым енді. Өсиет айтып, қоштасып жүре берді, – Шаһидлікті нәсіп қылсын бізге,– деді. Ол шайх һалал жәдуге барып ерді, Алмадай басы сонда ұшып келді. Сейіт сонда ол шайхтың басын тұтып алды, Басын сонда иман айтып, иқрар қылды. Ол басқа Сейіт хазіреті намаз қылды, Мүбәрак өз қолымен дәфін қылды. Андан соң әскерлерге өзі жүрді, Жетпіс екі ықылымларға әмір қылды. – һалал жәдуның ләшкерлері келер,– деді, Аман бермей, келгенін өлтір,– деді. Қырық мың ғифрид жәдулер келер көрді, һәрқайсысы сиқырлыққа маһир ерді. Жұмласы афсүн оқып, келер көрді, Аузынан оты шашылып шығар көрді. Оны көріп, Ғасажад патша бек қорықты, Қорқып, аяқтары оның қалтырады. – Аждаһаның аузына бізлер түстік,– деді, Нешік халас болармыз? – деп жылады. Сейіт сонда: – Қауіп қылмағыл һешбір,– деді, Бір жерде басыңды сақтап отыр,– деді. Хақ Тағаланың ғинаяты, жәрдемі болар бізге,– деді, һәм бабам Мұхаммед Мұстафаның мұғжизасы болар,– деді. Шаһ әулие һалал жәдуге туғры барды, Тақ үстінде отырған оны көрді. Ол жәду Сейітті көріп, қаһ-қаһ күлді, – Ажалың айдап келді жаныма менім,– деді. Рұмның халқын хараб қылған, Баттал,– деді, Енді іздеп келдің бе мені?– деді. Сейіт өлтірдің ата-анам, илә һәм інімді, Қаны айдап келтірген-дүр мұнда сені. Бұ сапарда сені іздеп шыққан ердім, Дәулетім жары қылып, айдап келді. Әуелі мен өлтірсем, әгар, Баттал сені, Жер жүзінде қоймаспын һеш мұхаммедилерді. Ол залым афсүн оқып, отты шашты, Сейіттің әскерлерін түтін басты. Сейіт сонда Қызырдың дұғасын оқып ерді, Жәдулернің сиқырын сонда Баттал білді. Оның шашқан оттары кәр қылмады, Шаһ әулиенің ләшкерлері қыра берді. Әлқисса, жеті күн-түн соғыс болды, Сиқыршылардың қанлары сел болып ақты. Тағы илән һалал жәду көкке шықты, Уа және афсүн оқып, отты шашты. Шаһ әулие дұға оқып, шашып ерді, Ол малғұнның сиқырларын батыл қылды. Уа және саржасын қолына Сейіт алды, Қызыр берген оқ илән атып қалды. һалалдың тақтысынан оғы өтті, һалалдың бір-екісін жарып өтті. Малғұн сонда жерге қарап, һәм ұмтылды, Сейітті алып ұшарға оңтайланды. Сейіт сонда қылыш илән шалып ерді, Бір қолын жәдунің кесіп түсті. һалал сонда кесілген қолын алып ұшты, “Болмас-болмас” деді де, нағра салды. Ол малғұнның дауысы бек ғажап болды, Күн мысалы күркіреп, жерді жарды. Оны естіп, ғифрит жәдулер қаша берді, Енді Сейіттің әскерлері қыра берді. Сол күні кеш болғанша оны қырды, Ақшам болғанда Сейіттің ләшкері кері қонды. Сейіттің жалғыз өзі шаһарға келіп көрді, Аспан илән таласқан қорған көрді. Кірерге ол шаһарға жол таппады, Ақылы қайран болып, сәждеге басын қойды. “Иә, Иләһым, Қадір Сұбхан, медет қыл өзің бізге,– деді, Бұ мүшкілді асан қылғыл енді” деді. Сол уақытта Қызыр аләйһиссалам жетіп келді, Сейітке сәлем беріп: – Тұрғыл,– деді. Мәлүл болмағыл, иә, Жағыпар ұғылым,– деді, Бұ уалаятты ашарсың қазір,– деді. Атыңа, ұғылым, қазір мінгіл,– деді, Атыңның басын туғры қыл шаһарға,– деді. Қолына жасыл қамшыны және берді, – Бұ қамшымен атыңды ұрғыл,– деді. Қызыр аләйһиссаламның әмірін қылып ерді, Аты ұшып шаһарға келіп кірді. Атын қойып, шаһарды Сейіт кезді, Жадуның сарайын танып кірді. Ішінде жеті жабулы перде көрді, Анларды және ашып, ішке кірді. Төрт сафа һәм құрылған тақыт көрді, Ортасында тақыт Сүлеймен мисли көрді. Үстінде һалал малғұн жатыр көрді, Афсүн оқып, кесік қолына үшкірер көрді. Шаһ әулие оны көріп, құстай ұшты, Кеудесіне шаһин кебі мініп алды. һалалдың бұғазыдан махкам тұтты, Желкесіне оның қолын байлап салды. Ол малғұн афсүн оқып бағып ерді, Афсүн кәр қылмады, мәлзам болды. Малғұн сонда Сейітке сөз сөйледі: – Аман бер, – деп Сейітке көп жалынды. Өлтірдің атам, анам илән қардашымны, Менім қаным не болар, жібергіл мені? Сейіт сонда: – Екі ұғылым қайда?– деді, Әуелі тауып берші сен соларды. Сонда һалал: – Алып келдім ұғылыңды, Ғайр дию, перілер тартып алып кетті оны. Ұғылыңды не қылған-дүр білмен оны, Қайсардың ұғылы Такфур мұнда,– деді. Сейіт хазіреті назар салып көрді оны, Тағының аяғына байлап қойған бейшараны. Шаһ әулие шештіріп алды ол Такфурды, Такфур сонда Сейітке басын қойды. Шаһ жиһан Ысқақтың шынжырын қолына алды, Ол һалалдың бұғазына байлап алды. Такфурге жетелетіп алып жүрді, Шаһардың қапуына алып келді. Қызырдың қамшысымен ұрып ерді, Қапу ашылып, үшбулер тысқа шықты. Ғасажад патшаның қасына алып келді, Жұмласы Сейіт хазіретке қайран қалды. һалал малғұннан Сейіт және ұғылын сұрды, “Ұғылыңды білмеймін” деп жауап берді. Шаһ әулие қылышын қолына алып тұрды, Қаһарланып лағинға қылыш ұрып, пәре қылды. Лағин жан шығардан нағра салып, Жәдулер мұны естіп, жұмла қашты. Сейіт илән Ғасажад патша шаһарға келді, Ол жәдулердің мүлкатләрін жұмла ашты. Мақамы Зұлқарнайынның хикметтерінің баяны-дүр Сейіт хазіреті шаһарның ішні сайран қылды, Бір ұлы қубба сарайға һәм ұшырады. Қасында бір шайх адамны отыр көрді, Шаһ әулие ол шайхқа сәлем берді. Ол шайх ғиззат илән сәлем алды, – Хош келдің, Сейітбаттал ұғылым,– деді. Бұ ықылымларға сен дәулет болдың,– деді, Жәдулерден сен халас қылдың,– деді. Сейіт хазіреті ол шайхқа сөз сөйледі: – Бұ қуббаның қапуын ашқыл,– деді. Шайх сонда: – Иә, салла лаһу Расул Алла,– деді, Мен келгелі үш мың жыл болды,– деді. һеш ашпадым бұ қуббаның қапуыны, Кім ашар бұ қуббаны білмен,– деді. Сол уақытта Қызыр аләйһиссалам жетіп келді, Сейіт сәлем беріп, көріс қылды. – Иә, шүкір күшам, ғазаң мақбұл болсын,– деді, Жәдулерден халас қылдың бұ ықылымларды. Ол қуббаның қапуын Қызыр ашты, – Зиарат қылғыл бұ орынға, ұғылым,– деді. Зұлқарнайынның зиараты осы,– деді, Зиарат қылсаң, көрерсің көп ғажапты. Сейіт хазіреті ішкері кіріп ерді, Жәннат мысалы бір ұлы бақша көрді. Түрлі ғажап жемістері пісіп тұрды, һәм райхан гүлдерінің иісі шығып тұрды. Ортасында бір ұлық қуббаны және көрді, Ақ маржан, қапуы лағыл, маржан сарай ерді. Оның және ішіне кіріп, назар салып көрді, Үш мың қадим айна бар, бір ұлық тақты көрді. Үстіне төрт түрлі төсек салған көрді, Төрт тарапында алтын күрси және көрді. Ортасында бір ғажап тақыт көрді, Тілмен тағриф қыларға ол болмайды. Осында Ескендір шаһ отыр көрді, Қасында Арыс, Талыс уәзірін бірге көрді. Бек қарадым назар салып сонда: “Әне,– деді, Гуя сұхбат, мәжіліс қылып отыр,– деді. Өзімнен кете жаздым сонда,– деді, Есім жиып, қарадым сонда” деді. Алдында бір жазылған лаухы болды, Оқыдым ол лаухының жазуларыны. “Хош келерсің, иә, Сейітбаттал ғазы,– дейді, Сен – Мұхаммед пайғамбардың нәсілі,– дейді. Мен – Ескендір патшамын, білің,– дейді, Тамамын жердің жүзін үш мәртебе кездім,– дейді. Бұл масхар жұмла ықылымларны қылдым,– дейді, Дию, перілернің жұмласын алдым,– дейді. Бұ менім ғади суретім, білің,– дейді, Артымдағы сарайға кіргіл,– дейді, Білерсің менім халімні сонда” дейді. Бұны көріп, ол сарайға кірдім,– деді, Қызыл алтын табытты көрдім,– деді. Бір қол шығып ол табыттан тұрған,– деді, Ол қол тұтып тұрыпты бір тақтаны, Алтын илән жазыпты көп сөзлерні. Ол жазудың оқыдым сөзлеріні, Әуелі Алланың жад қылған есімін. Андан соңыра: “Иә, Сейітбаттал,– депті, Бұ жерге сен келерсің хош хал,– депті. Менен ғибрат алғайсың, ұғылым,– депті, Бұ дүнияның опасы жоқ, жалған,– депті. Екі асылы бұ дүнияның болса ерді, Бұ дүния маған опа тілесе, қылар ерді. Жердің жүзін сайран қылып кездім,– дейді, Иәжүжі уа мәжүжіні мен әскер қылдым,– дейді. Дарияларды мен садду қылдым,– дейді, Қап тауында беркіттім Иәжүжләрні. Бұ дүнияның төрт тарапын кездім,– дейді, Жұмла махлұқтарын масхар қылдым,– дейді. Тылсым илән мақам түздім мұнда,– дейді, Беркіттім тылсым илән жұмла,– дейді. Таппадым ақыры әмір ажалға һеш шараны, Бұ дүниядан бос кеткен көргіл мені. Бұ дүнияға мағрұр болма сен де,– дейді, Жігіттік, палуанлыққа сенбе,– дейді. Бұ дүнияға көңіл бермегіл, ұғылым,– дейді, Бұ дүнияға бергенлер мағибун,– дейді. Менен саған аманат сөз бар,– депті, Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– депті. Ұмытпасын шапағатынан бізні,– дейді, Салауат айтып, мен үмбет болдым,– дейді. Иә, Шаһ жиһан, сен қарағыл бас, үстімді, Қойғанмын сенің үшін бір гауһарды. Қолыңа баз уа бәнд қыл сол гауһарды, Жәдігер біздің үшін қыл дұғаны. Ұмытпағыл дұғаңыздан біз ғаріпті, Құдайым қабыл қылсын ғазаңызды. Әлхасыл, көп жазыпты насихатты, Шаһ әулие көп жылап, төкті жасты. Көз жасын сүртіп алып, тысқа шықты, Қапулары хикмет Алла өзі жабылды. Шаһ әулие әскерлеріне қайтып келді, Хабар таппай ұғылдарынан мәлүл болды. Ұғылының хабарын тапқаны-дүр Такфурден Шаһ әулие және сұрды: – Білмедің бе, жаным, екі ұғылымды? Әуелден баян қылшы білгеніңді, Бұ жерге не рәуіш илән келгеніңді? Сонда Такфур баян қылды білгенін, Диюлардың бұнларға не қылғанын. – Бір ғарға алып келді ол бізлерді, Мисли тандыр қылып отты жақты. Бізлердің махкам буды қолдарымызды, Ол тандырға асарға оңтайланды. Сол уақытта аспан ара ғауға шықты, Мисли рағд кебі күркіл шықты. Сол халде үшеуімізді алып ұшты, Мені тұтқан бірін бұл өлтірді. һалал жәду алып келіп, байлап қойды, Андан соңыра мен білмедім һеш хабарды. Сейіт оған: – Сол ғарды көрсет,– деді, Такфур сонда сол ғарға алып келді. Ол ғарға Шаһ әулие назар салды, Ішінде бір бұлақ суды ағар көрді. Шаһ әулие ол бұлақтан таһарат алды, Сол жерде намаз оқып, мінәжат қылды. Құдаға зар жылап, дұға қылды, Әулие, әнбиелерге ол сиынды. Сол уақытта бір қарт қатын жетіп келді, Сейітке ғиззат илән сәлем берді. Хұсни толған айға меңзер ерді, Үстінде түрлі алуан тоны болды. Әдеп бірлән Сейітке сөз сөйледі: – Ұғылың үшін мәлүл болма, ұғылым,– деді. Ұғылдарыңыз саламат тұр қазір,– деді, Екілісі – екі ықылымларға патша,– деді. Тамус сұлтанның қызын алды,– деді, Екісі – Тамус сұлтанға күйеу,– деді. Ол Тамус – жұмла перінің падишасы, Өзі – мұсылман, Ыбраһым Халил Алланы көрген осы. Бұ мақамны Тамус сұлтан білер ерді, һалал жәду Ғасаб илән алған мұны. Иләһым саған жәрдем берген, ұғылым,– деді, Ол малғұнды өлтіріпсің, ұғылым,– деді. Ғазаңыз мақбұл болсын, ұғылым,– деді, Бұ ықылымларға нұр болыпсың жақсы,– деді. Тамустың қызларының мен даясы, Күзетке кеше-күндіз пәруанасы. Екі ұғылыңа жұпты боған екілісі Перілерге сұлтан болған екілісі. Күйеу болды сұлтанға екілісі, Болған-дүр бұ ықылымларның дүр данасы. Болып-дүр жүз мың пері оның сақшы, Және көп хозурында қызметші. Сіз мұнда рахат қылып отыр,– деді, Мен барып келтірейін ол Тамусты. Мұны айтып, ол қатын ұшып кетті, Аллаға Сейіт хазіреті шүкір етті. Сейіт хазіреті сәна айтып отыр ерді, Сол халде аспан ара ғауға толды. Барабан, нағра тартып, сайха толды, Гүрілдер күн мысалы оның даусы. Жер жүзіне құйылды құс мысалы, Әскерлер аспан ара шөп мысалы. Жердің жүзіне тіктілер шатырларны, Тілмен тағриф қылмаслық ғажап болды. Уа және қисапсыз әскер келді, Патшасы Тамус сұлтан бірге келді. Ұзын бойлы, ақ сақалды, сұлу жүзді, Үстінде жасыл, атлас тоны болды. Мұнаууар түрленеді оның нұры, Күн мысалы жалтырар оның жүзі. Ғиззатлап ол Сейітке сәлем берді, Сәлем алып екілісі көріс қылды. Қолын жайып, екілісі дұға қылды, Аллаға хамд, Пайғамбарға салауат қылды. Андан соң хал сұрасып, сөз сөйледі: – Сапарыңыз құтты болсын!– деп сөйледі. Сол уақытта мағлұм қатын жетіп келді, Сейітке: – Тамус сұлтан – осы,– деді. Сейіт сонда Тамустың қолын тұтты, – Не үшін жасырып, ұғылдарымды тұттың?– деді. Көп захмат шектірдің маған,– деді, Бұ іс саған лайық па, сұлтан?– деді. Тамус сонда: – Мен алмадым ұғылыңды, һалал жәду келтірген мұнда оны. Ол малғұн майдан түзеп, отты жақты, Өлтіруге ұғылыңды қасты етті. Мархамат ұғылыңызға қылдым,– деді, Сол малғұндардан ұғылыңды алдым,– деді. Сейіт сонда: – Хош, алыпсың оны,– деді, Не себеплі білдірмедің маған?– деді. Тамус сонда: – Мен күйеу қылдым оны, Айтарға қия алмадым мен ұғылыңды. Жұмла әһлі ұлтымыз сүйді оны, Хабар айтсақ, алып кетер дедік оны. Ғиззатлап патша қылдым ұғылыңды, Қия алмай, хабар айтпай, тұрдық оны. Сейіт сонда ашуланып, нағра салды, – Көп сөйлемей ұғылымды келтір!– деді. Әгар қазір келтірмесең ұғылымды, Не қылармын мен саған тоқта әлі. Бұ сөзбен келіспеді екілісі, Сол халде жетіп келді Қызыр Нәби. Тамус сұлтан Қызырды көріп тұрды, Қолын қусырып, аяғына басын қойды. Қызырға баян қылды сөзлеріні, Түзетіп екілісі өзлеріні. – һалал жәдуден құтқардым ұғылыны, Құрметлеп және бердім сұлу қызды. Енді менім жазығым не-дүр?– деді, Қате қылсам, білдіргіл жазығымды. Екісінің арасында көп сөз болды, Сейіттің екі ұғылыны һеш қия алмады. Сейіттің ашуланар орны келді, Қызыр аләйһиссалам үгіттеп: – Сабыр,– деді. Адамзатты бүйтіп болмас, Тамус,– деді, Сейіттің екі ұғылын келтір,– деді. Тамус сұлтан не қылсын бұған енді, Шарасыз екі ұғылын алып келді. Екі ұғылы атасыны құшақтады, Бірін-бірі сүйісіп, көп жылады. Бұнлардың жылағаныны жұмла көрді, Жұмла тұрған перілер зар жылады. Сол уақытта Қызыр аләйһиссалам сөз сөйледі: – Сабыр қыл, жаным ұғылым,– деп сөйледі. Бұл уақыт тар уақыт-дүр, жаным,– деді, Мұсылманлар интизар-дүр саған,– деді. Сен кеткен соң, бір малғұн пайда болды, Мұсылманларның бірәзін мәлзам қылды. Мұсылманлар интизар-дүр саған,– деді, Сенсіз шарата болмас оған,– деді. Қасыңдағы әскерлерні қайтар,– деді, һәркімлернің дұшпаны бар, аңдыр,– деді. Қызыр аләйһиссаламның сөзіні қабыл көрді, Ғасажад илән жетпіс ықылымларға изин берді. Тамус сұлтан Сейітті қонақ қылды, Жеті күн-түн зауқы сафа рақат қылды. Сейіт хазіретке түрлі, алуан халғат берді, Асыл жауһар, қымбатлы заттар берді. Сейіттің екі ұғылына тонларды және берді, Ол тонлар алтын кебі жалтырайды. Сегізінші күн Сейіт хазіретке рұқсат берді, Дарияның жағасына алып келді. Ол жерде құшақтасып, досты болды, Сейіттің ұғылын сүйіп, һәм жылады. Тамус сұлтан: – Падишаһ, Жиһан палуан,– деді, Сөзім бар саған айтар менім,– деді. һәрқашан сәлем жазсалар менен,– деді, Кешікпей, сол уақытта келгіл,– деді. Саған дахи дұшпанлар һұжымлық қылса,– деді, Шақырсаң, мен барармын бұнан,– деді. Дариядай әскерлерім бар менім,– деді, Бір сағатта айлық жерді алар,– деді. Апарар қалаған жеріңе сені,– деді, Ұмытпаңыз дұғаңыздан мені,– деді. Әлқисса, көп сөз айтып уағдаласты, Екісі досты болып айырылысты. Дариядан ұғылы илән Сейіт өтті, Құдадан жәрдем болып тез-ақ өтті. Сол уақытта бір адам жетіп келді, Өзінің Бәшір деген құлы ерді. Сейіттің аяғына басын қойды, – Жаным, қайдан келесің?– деп Сейіт сұрды. Бәшір айтты: – Сауда қылып жүрдім ерді, Жол байланып, бұ шаһарда тұрмын,– деді. Сейіт сонда: – Не оқиға болған?– деді, Малатияның халқы аман ба анда?– деді. Бәшір сонда: – Бір малғұн шықты,– деді, Бұ күнде мұсылманлар мәлзам,– деді. Естірсің мажырасын оның,– деді, Құдайым аман қылсын сізні,– деді. Сейіт сонда: – Сен қайсарға барғыл,– деді, Сүйінші ол қайсардан алғыл,– деді. Алып келдім Такфур деген ұғылыны, Бізден бұрын қайсарға бер хабарны. Бәшір барып, қайсарға хабар берді, Оны естіп шат болды. Беклеріне ол қайсар: – Сейітке барғыл,– деді, Құрметілеп, мұнда алып келгіл,– деді. Алдынан өзім бармақ керек ерді, Бұ күнде халім зағип, марид,– деді. Әлқисса, үшбу сөзні азайталы, Беклері көп кісімен қарсы барды. Сейіт хазіретіне ғиззат илән сәлем берді, Ғиззатлап Ыстамболға алып келді. Астур қайсар Сейітке тағзым қылды, Жәду алған ұғылыны көзі көрді. Құшақтап, ұғылының жүзін сүйді, Сейітке ықылас қылып, мүмін болды. Ұғылы жұмла көргеніні баян қылды, Сейіттің кереметін аян қылды. Ыстамбол халқы естіп, қайран қалды, Сейітке ықылас қылып, жұмласы мүмін болды. Сол күнде Астур қайсар марид болды, Құдадан тақдыр болып, опат болды. Сейіт оған намаз оқып, дәфін қылды, Астурдың ұғылы Такфурды патша қойды. Бұрынғы уәзір, беклерні уәзір қылды, Такфур сонда уәзір, беклерге халғат берді. Сейіт хазіреті ислам дінін баян қылды, Мұхаммед Мұстафаның мұғжизасын аян қылды. – Енді мен Малатияға жүрем,– деді, Дініңізді махкам тұт,– деп уағдаласты. Такфур сонда Сейітке ғұзыр қылды: – Бір ұғылыңды қасымда қойғыл,– деді. Сіз кеткен соң, мен мұнда қорқам,– деді, Ұғылыңыз жәрдем қылсын сонда,– деді. Такфурдың Сейіт ғұзырын қабыл қылды, Бәшір деген ұғылыны ол қалдырды. Нәзірін ертіп алып Сейіт жүрді, Малатияның шаһарына Шаһ әулие сапар қылды. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылғыл енді. Естітсеңіз Мұхаммед Мұстафаның есіміні, Иләһым салла алә Мұхаммед демек уәжип болды. Сейіттің баян қылдық ғазасыны, Иләһым, нәсіп қылсын шапағатыны. “Әмин” деп бағышласа дұғасыны, Құдайым қылсын жұмласыны. Айыпқа бұйырмаңыз Тыныштық ұғылыны, Насырны назым жазған мен ғасыны. Тамам қылдым оқыған, тыңлағанларның дұғасыны, Дұғадан ұмытпасын деп бұ ғасыны. Жиырмасыншы бап: Сұлтан Сейіт хазіреті Қап тауына кеткенде, Бабек дейміш бір малғұн адам шығып “Мен – Пайғамбар” деп, көп адамларны өлтіріп, уа және көп адамларның дінін бұзғаны, ол залымды Сейіттің өлтіргені Бисмиллаһи деп және сөз башлалы, Алланың есімін айтып сиыналы. Салауат Мұхаммед Мұстафаға біз айтып бағышлалы, Мұғжизат шапағатынан жұмламыз һәм сұралы. “Көңілімізге хайыр илһам салғыл” делі, “Тілімізге туғры кәлам салғыл” делі. Сұлтан Сейіт хазіреттің хикметлерні, Айталық назым бірлән сөзлеріні. Тыңлаңыз ықылас бірлән сізлер оны, Қиссаларның жауһары-дүр білсең мұны. Шаһ әулие Қап тауына барып келді, Сиқыршы, перілерні ол қырып келді. Ғайып болған екі ұғылын алып келді, Мұсылман Ыстамболды қылып келді. Шат болып Ыстамболдан қайтып ерді, Қасында ұғылы Нәзір бірге ерді. Жол жүріп биләдуға келер ерді, Алдынан бір керуен қарсы келді. Шаһ әулие ол керуенлерден хабар сұрды: – Не естіп, білгеніңді білдір?– деді. Ұлықлары Сейіт хазіретке жауап берді: – Келерміз Бағдаттан бізлер,– дейді. Бұ күнде Мүслім халифа опат,– дейді, Оның ұғылы Мағатғасым халифа болды,– дейді. Бұ күнде бір малғұн адам пайда болды, “Мен Пайғамбар болдым” деп хабар қылды. Адамлар онан мұғжизат сұрап ерді, Ол малғұн мұғжизат деп көп көргізді. Қылыш кеспес, сүңгі өтпес, оқ батпайды, Адамларның ата-анасын айтпай білді. Қабір астынан қақпасын ашып, мәр шығарды, Пақырларды бай қылып, алтын, күміс және берді. Бірге туған қыз қарындасларды халал етті, Атасы өз қызын алса, дұрыс,– деді. Арақ ішпек, доңыз еті һәм халал,– деді, Куллу шайда һеш харамлық жоқ-дүр,– деді. – Менім атым – харам кәшиш, пайғамбар,– деп сөйледі, Иланбаса ол маған, кәпір,– деді. Сіз кеткен соң ол залым пайда болды, һешкім ерселер аңа мұқабил бола алмады. Әлқисса, Сейіт хазіреті асылын сұрды: – Білермісіз қай шаһардан пайда болды? – Аңларсың, иә сұлтан, білдік оны, Бағдатта бір ұры болған ерді. Оны ұрып, халифа қуған ерді, Тауға барып, біреудің сиырын бақты. Бір күңмен ол зина қылған ерді, Екі ай [да] бір ұғлан онан туды. Оның есімін Бабек деп қойған ерді, Сол оның күң ата-анасы өлген ерді. Ол Бабек тез заманда өсіп жетті, Ол Бабекке бір қарт адам келген,– дейді. Ол қарт оған: – Мен – Жәбірейіл,– деп айтыпты, Пайғамбарлық келтірдім саған,– депті. Бабек сонда: – Пайғамбарлық нешік болар?– депті, – Пайғамбарға мұғжизат керек, сұрса,– депті. – Мен сонда не айтармын соған?– депті, Сұрасалар мұғжизат менен,– депті. Қарт сонда: – Мен білдірем саған,– депті, От жақпас, қылыш кеспес сені,– депті. Адамлар жиылып саған келсе,– депті, Сұрамай, ата-анасын білдір,– депті. Мен сенің қасыңда болам сонда,– депті, Айтармын жұмласының есімін,– депті. Уа және пақырларны шақырғыл жұмла,– депті, Тау астынан алтын, күміс бергіл,– депті. Андан соңыра тәсілім болар саған,– депті, Жаһанға мәшһүр болар есімің,– депті. Бұ сөзні Бабек малғұн мақұл көрді, һәр жерден көп сорлыны шақырып салды. Он мың пақыр адамларны бай қылыпты, һәр жерден көп жарлыны жинап алды. Халифа бұ істерден хабар білді, Әсет деген бір елшіні ол жіберді. Әсет барып Бабек малғұнға тәсілім болды, Қайтып келіп, халифаға хабар берді. Халифа Нақтай уәзірін һәм жіберді, Жиырма мың әскер илән анда барды. Бабекке Нақтай сонда туғры барды, Бабектен: – Кімсің?– деп жауап сұрды. Нақтайға Бабек малғұн жауап берді: – Харам кәшиш, пайғамбар мен-дүр,– деді. Сонда Нақтай: – Нағұзу биллаһи пайғамбар болмас,– деді, Мәгәр болса пайғамбарда мұғжизат болар,– деді. Бабек сонда: – Қылыш илән шалғыл мені, Кеспесе, тәсілім болғыл маған,– депті. Нақтай сонда алмас илән шалып ерді, Бабектің һешбір қылын кесе алмады. Сонда Нақтай атынан түсе қалды, Қолын сүйіп, Бабекке тәсілім болды. Жиырма мың әскерлері жұмла тәсілім болды, Әскер бастығы Нақтайды қылып қойды. Ғақбаның ұғылы Уәлид малғұнды хажип қылды, Ғақбаның інісі Сатханы найып қойды. Бұ күнде жүз мың ләшкер болып алды, Бұ күнде Бағдатты ол малғұн қамап алды. Халифа бұ күнде Шам шарифке барды,– дейді, һәр тараптан ләшкер жиып жатыр,– дейді. Сейіттің қырық кісі жаранларны, Сейіттің ұғылы Әлиді һәм зынданға салып қойды. Сейіт хазіреті мұны естіп, мәлүл болды, Мүмінлерге қайғырып көп жылады. Қасындағы Нәзір ұғылына әмір қылды: – Сен енді Малатияға барғыл,– деді. Анаң һамайун Дәлфрузды келтір, – деді, Сізлерді Бағдаттан күтем, – деді. Екісі айырлысып жолға кірді, Сейіттің алдынан бір адам қарсы келді. Ол келген ибн Фаллах Мұхаммед ерді, Сейіттің досты садық, бір жолдасы. Ол Сейітті құшақтап, зар жылады, Бабектің хикаятын шарх айлады. Керуенлердің айтқанларын бұ да айтты, Халифа: “Әмір Омарға бар” деп айтты. – Шамнан жүріп келер ердім бүгін,– деді, Бір бұлақтан су ішіп, таһарат алып жаттым,– деді, Түсімде Хазіреті Расул Алланы көрдім,– деді. “Иә, Мұхаммед, мәлүл болмағыл, ұғылым,– дейді, Сейітбаттал Қап тауынан келді,– дейді, Мұсылман Ыстамболды қылды,– дейді. Оянсаң, сен көрерсің оны, – дейді, Бабекті өлтірер ұғылым Сейіт”,– дейді. Оянып, намаз оқып жүрдім ерді, Шүкір-ақ қазір сізді көрдім,– деді. Сейіт оған: – Халифаға барғыл,– деді, Менің аман келгенімді білдір,– деді. Әскер илән Бағдатқа келсін,– деді, Мен барайын Бабекке тура,– деді. Сейіт хазіреті жолымен жүре тұрсын, Енді Бабек малғұнның сөзі келсін. Әзін жаныб Бабек малғұн Бағдатта отыр ерді, Оң-солында төрт жүз мың ләшкер ерді. Күліп сонда малғұн сөз сөйледі: – Сейітбаттал ертең келер мұнда,– деді. Ол мені қайсар қылып келер,– деді, Ол маған тәсілім болмас һәр кез,– деді. Әгар тәсілім ол болса маған,– деді, Жаһанның палуанлығын берем,– деді. Сонда Бабектің жолдастары сөз сөйледі: – Сейітбаттал Қап тауына кеткен ерді. Жәдулер ол Сейітті өлтіріпті, Естідік бұ хабарны бізлер,– дейді. Бабек сонда: – Өлген жоқ әлі,– деді, Ұғылын алып, ол мұнда келді,– деді. Жетпіс екі ықылым патшалардан ләшкер алды, һалал жәдуні өлтіріп, мүлкін алды, һәлак қылды. Әлқисса, ол Сейітті көп мақтады, – Адамзаттан өнері асқан,– деді. Хош болар маған тәсілім болса,– деді, Сабах садық таң атып, тауға шықты. Әзін жаныб Енді Сейіт хазіреттің сөзі келді, – Тез, қарсы ол Батталға барғыл,– деді. Бабекке шайтан малғұн хабар берді: – Тез, қарсы ол Батталға барғыл,– деді. Ол Бабек әскері илән қарсы барды, Қисапсыз әскерлерге Сейіт келді. Айғай салып, Шаһ әулие сөз сөйледі: – Әй, ақылсыз, халайықтар,– деп сөйледі. Мұхаммедтің дінін қойдыңыз ба? Малғұн шайтанның сөзіне ердіңіз бе? Әй, халайықтар, Құдадан қорықпадың ба? Не деп жауап берерсіз, білдіңіз бе? Әй, халайықтар, біліңіздер сізлер мені, Сейітбаттал ғазы-дүрмін, көргіл мені. Қап тауына мен барып келдім,– деді, Көп ғажайыпты көрдім,– деді. һалал илән көп жәдуні қырдым,– деді, Ұғылдарымды мен алып келдім,– деді. Малғұн Бабек алдапты бүгін сізді, Иншалла, өлтірермін бір күн оны. Қанатос сонда Сейітке жетіп келді, – Пайғамбарды не үшін малғұн дейсің?– деді. Оның сөзін естіп, қаһары келді, Қанатосты қылыш илән төртке бөлді. Андан соң һаблан малғұн келіп ерді, Оны және ескі бөздей пәре қылды. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Сол уақытта жүз кәпірді һәлақ қылды. Андан соң Бабек малғұнның өзі келді, Сейітке түрлі алуан сөз сөйледі: – Мен – Пайғамбар, мұтиғ болғыл маған,– деді, Мен мұғжизат көрсетем саған,– деді. Сейіт сонда: – Әй, лағин,– деп сөйледі, Жүз мәрте көрсетсең де нанбан,– деді. Сен – бір залым ұрының ұғылы,– деді, Шайтан малғұн алдаған-дүр, білгіл сені. Бабек сонда: – Мен – бір жетім ұғлан,– деді, Ғинаят маған берген Алла,– деді. Мұхаммед Әмин, мысалы, жетім ұғлан ерді, Қадір Алла Пайғамбар қылған оны,– деді. Сен де бір жетім қалған ұғлан ерді, Ғинаят саған да Алла қылған,– деді. Жаһанға атың мәшһүр болған,– деді, Дию, перілерді саған мұтиғ қылған,– деді. Мені дахи тасауир қыл соған,– деді, Бұ мүнәсипті Алла маған берген,– деді. Ғайрдай көрмегіл енді мені, Харам кәшиш, пайғамбар, білгіл енді мені. Әгар мұтиғ болсаң маған, палуан,– деді, Мұхаммедтің Әлиіндей қылам сені. Сейіт сонда: – Әй, малғұн, залым,– деді, Мұхаммедке Құран азим назил болды. Сен көрсетші назил болған аятты, Жоқ ерсе, шайтан һәлак қылды сені. Бабек сонда: – Ол Мұхаммед зерек ерді, һәр не сөзні өзі біліп, сөйлер ерді. Сейіт сонда ол Бабекке сүңгі қылды, Бабек сонда сүңгісін маниғ қылды. Сейіт және қылыш илән шалып ерді, Қылышы және ол малғұнға кәр қылмады. Және “Самсуар” күрзісін қолына алды, Қаһар бірлән ол малғұнға және ұрды. Сол ұрғанда ол малғұн жығылып ерді, Ол малғұн зиян көрмей, тұра келді. Ол күрзіні Қап тауына ұрса ерді, Қап тауы талқан болып сынар ерді. Сейіт сонда ол малғұнға қайран қалды, “Бұ істе не хикмет бар?” деп қарап тұрды. Малғұн енді Сейітті ұрып ерді, Сейітке о да және кәр қылмады. Бұ іске бар халайықтар қайран қалды, Кеш болып, екілісі қайта қонды. Бабек келіп әскерлеріне сөз сөйледі: – Сейіттің қайраты көп,– деп сөйледі. Сейіт келіп бір шайымнан таһарат алды, Құдаға сәна айтып, намазын оқып алды. Әзін жаныб Намазын Хақ Тағала қабыл қылсын енді, Мұхаммед ибн Фаллахтың сөзі келді. Дамашыққа ибн Фаллах жетіп келді, Халифаға “Сейіт келді” деп баян қылды. Халифа оны естіп бек шат болды, Бес жүз мың әскер илән халифа жүрді. Үшбулер жолы бірлән жүре тұрсын, Сейіт илән Бабектің сөзі келсін. Әзін жаныб Сабах садық таң атып, Сейіт тұрды, Намазын оқып, Шаһ жиһан атқа мінді. Майданға Сейіт келіп, нағра салды, “Малғұн Бабек майданға келсін” деді. Сонда малғұн майданға қайтып келді, Екісі түс болғанша соғыс қылды. Екісіне де қылыш, оқ һеш кәр қылмады, Халайықтар мұны көріп, қайран қалды. Сол уақытта Шам шарифтан халифа келді, Бес жүз мың ләшкер илән келіп тұрды. Майданда жалғыз тұрған Сейітті көрді, – Бұ кім?– деп, уәзірлерден халифа сұрды. – Көп әскердің ішінде жалғыз өзі, Неғып тұрған адам?– деп ғажап қалды. Уәзірлер сонда: – Сіз білмейсіз ол Сейітті, Көрген жоқсыз Сейіттің қайратыны. Талай мұндай көп көрген ләшкерлерні, Шөп мысалы қырар ерді кәпірлерні. Иләһым жәрдем берсе Сейітке және,– деді, Бұ малғұнды өлтірер бір күн,– деді. Халифа аттан түсіп, жаяу келді, Сейітке тағзым қылып, көріс қылды. Ол күні екі әскерлер кері қонды, Сейіт илән халифа келіп бірге қонды. Шатырын тігіп, халифа таққа отырды, Сейіт келіп топыраққа қарсы отырды. Халифа сонда Сейітке орын берді, – Неге отырдың топыраққа, Шаһым?– деді. Сейіт сонда: – Мен жоғары шықпан,– деді, Маған лайық үшбу жер болар,– деді. Бейдін малғұн келіп тұр мұнда,– деді, Ислам дінін кемітіп, залал қылды. Көп мұсылман адамларды кәпір қылды, Бабамның дінін “қойғыл” деп бұйырады. Дін қылышын һәр уақытта ұрар ердім, Бабамның құрметінде залымларды қырар ердім. Дін қылышын һәр уақытта ұрар ердім, Бабамның құрметіне залымларды қырар ердім. Тау мисли дию, перілерді қырып ердім, Бұ малғұнға қылышым өтпей, залил болдым. Ол малғұнды мен һәлак қылмай,– деді, Мен рахат қылмаспын һәркез,– деді. Әлқисса, сабах садық таң да туды, Екі әскерлер даяр болып және тұрды. Сол уақытта Бабек малғұн жетіп келді, Үстіне жалғыз гөмлек киіп келді. – Палуан болсаң, Сейітбаттал, келің,– деді, Сен де үстіңе жалғыз гөмлек кигіл,– деді. Халифаның оқшылары оны көрді, Бабекке жаңбыр кебі оқ жаудырды. Оқшылардың қуатын білсең енді, Тас қорғанларды талқан қылып бұзар ерді. Атқан оқтар ол малғұнға кәр қылмады, Болат оқтар қайрылып, жерге түсті. Сейіт сонда киімдерін шеше берді, Халифа сонда: “Шешінбе” деп жылады. Тілін алмай, бір гөмлекпен атқа мінді, Қолына “тайғ зухаки” қылышын алды. Сейіт енді дін Хақын бек сөйледі, “Алла бір, Мұхаммед Хақ, хатым Нәби” деп сөйледі. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Екісі нәубет бірлән қылыш ұрды. Екісінің қылыштары кесе алмады, Екілісін ғажап қылып, халайық жұмла тұрды. Сейітке малғұн және сөз сөйледі: – Мұтиғ маған болғыл,– деп сөйледі. Көрмей, кесерге қимадым сені,– деді, Қуат қылсаң һәм күшің жете алмай. Мен кесерге қимадым сені,– деді, Тәсілім болып көнер ме деп, бір күн сені. Әгар тәсілім бола қалсаң маған,– деді, Жаһанға патша қоям сені,– деді. Сейіт сонда: – Әй, малғұн,– деп сөйледі, Білмессің Хақтың сырын, залым,– деді. Мен сендей талай көрдім сиқыршыны, Ақырында өлтірдім жұмласыны. Уақытың қазір болмай-дүр сенің,– деді, Иншалла, өлтірермін бір күн сені. Халайықтар екісіні көріп тұрды, “Бұ сырда не хикмет бар?” деп сөйледі. Пайғамбардың пенде қылған саш құрметі, Сейітті сол себеплі кесе алмады. Кеш болып, екі әскерлер кері қайтты, Сейіт келіп атына мініп, жалғыз кетті. Бір бұлақтан таһарат алып, намаз қылды, Аллаға мінәжат қылып, зар жылады. Бұ існің пәнде білмес хикметтеріні, “Бұ мүшкілді асан қыл,– деп жылады. Бір малғұн Хақ дінді бұзып болды, Бабам Мұхаммедтің дінін ол қорлады. Мұсылманлардың көңілін һәм құр қылды, Хақ дінге өзің жәрдем бергіл” деді. Зар жылап, Шаһ әулие ұйықтап қалды, Ұйқысында хақ Мұхаммед хабар берді: “Қайғы қылмағыл, шүкір күшам, ұғылым,– дейді, Жұмла ісің бір Аллаға мағлұм дейді. Пендесінің ықыласын Алла білді, Ләкин құлдарын сынап, залымды берді. һәркімлернің ықыласын сынап білді, Иғтиқатсыз адамлар оған ерді. Ол Бабектің өлімі сенен,– дейді, Бір күнлер қор қыларсың оны,– дейді. Ол Бабекке шайтан малғұн келтірді, Оқ атса, қылыш шапса, тұтар,– дейді. Сол себеплі қылыш кеспес әлі,– дейді, Сен аңламай ғапылсың онан,– дейді. һәр қаруларыңа Алланың есімін жазғыл,– дейді, “Лә хаула уа лә қууата илла биллаһи әл-али-азим”,– деген сөзні. Оқығыл үшбу сөзді сонда,– дейді, Сонда сенен ол шайтан қашар” дейді. Мұны естіп, Шаһ әулие тұра келді, “Алла” деп, һәр қаруларға сөзді жазды. Әзін жаныб Атқа мініп, майданға Сейіт жетіп келді, “Малғұн Бабек келсін!” деп, нағра салды. Ол нағраны екі ләшкерлер естіп білді, Қуанып халифа және атқа мініп жүрді. Түн бойынша халифа мәлүл ерді, Шатланып нағра соғып, жұмла жүрді. Саплар тартып, әскерлер келіп ерді, Күндей балқып Сейітті тұрған көрді. Сол уақытта Сейіт және нағра салды, Аспан жерге түскендей ғажап болды. Сол уақытта көп халайықтар есін танды, Бұрын даусын естімегендер “Бұ не?” дейді. Бұрын естіген екі тараптың адамлары, “Сейіттің қаһарланған дауысы,– десті. Бұ мысалы қаһармен тиылса, әгар,– десті, Дұшпанын һәлак қылмай қоймас” дейді. Башарат, халифа ағзам нағра шалды, Ләшкерлер шиғыр айтып, ойын қылды. Сейіт және: – Иә, Бабек!– деп һәм шақырды, Әй, малғұн, тез майданға келгіл!– деді. Енді шайтан майданға келе алмады, Шарасыз Бабек малғұн өзі келді Өткен күндей жалаңаш келе алмады, Жұмла қару, киімін киіп келді. Сейіт сонда: – Әй, лағин Бабек,– деді, Үстіңе не үшін кидің киім?– деді. Бабек айтты: – Бұ күн Жәбірейіл келе алмады, Қару алмай, киім кимей, һеш болмайды. Сейіт сонда: – Әй, малғұн Бабек!– деді, Ол келген Жәбірейіл емес, шайтан,– деді. Сені ұры қылып жүр, лағин,– деді, Иман айтып, тез мұсылман болғыл,– деді. Ол иман айтпай, қарсы болды, Сейіт сонда жұмырықпен салып қалды. Ат артынан жеті құлаш ұшып түсті, Мұсылманлар оны көріп, шат боды. Әскері Бабеклердің жұмла шапты, Көптігімен Бабекті алып қашты. Мұсылманлардың ләшкерлері және шапты, Бабектің әскерлерін қырып шапты. Мұсылманлар Бабеклерді бек көп қырды, Туын жығып, Бабеклердің мүлкін алды. Ол арада Бабек малғұн көрінбеді, Қарасып, һәрбір жерден таба алмады. Сейіт енді әскерлерге қайтып келді, Халифа Сейітті көріп, көзін сүйді. Сейіт енді халифаға: – Қайтқыл,– деді, Аз әскермен іздейін ол Бабекті. Қаласы ол малғұнның тауда ерді, Қорғаны қаласының биік ерді. Үш күн ол қаланы Сейіт қамалады, Бір түні шынжыр тастап, ішке кірді. Жиырма палуанлар Сейітпен бірге кірді, Қапудағы күзетшіні жұмла қырды. Қапуды Сейіт хазіреті ашып ерді, Мұсылманлар ішке кіріп, Бабеклерді түнде қырды. Бабектің ұғыл-қызын Матха залым алып қашты, Мұсылманлар қырып жүріп, білмей қалды. Таң туғанда Бабеклерді және қырды, Ол орында һеш аман, рахым қабыл алмады. Сейіт хазіреті зынданға келіп кірді, Ұғылы илән қырық төрт кісіні жатқан көрді. Сейітті көріп, таныды жұмлалары, Аяғына басын қойып, қылды зары. Бабекті шикаят қылып көп сөйледі: – Көрмедік ол мысалы һеш малғұнды. Шүкір Алла, сақтады Алла бізді, Қоймадық қанша айтса Хақ дінімізді. Сейіт айтты: – Қауіп қылмаңыздар енді, Әлхамдулилла лағинның тылсымын бұздым,– деді. Бабек малғұн Заңкинәға барған ерді, Заңкинәнің патшасы Асқат ерді. Асқат бин Сағиттың ұғылы ерді, Бабекті ол шаһарға кіргізбепті. Ләшкерлері ол малғұнға қарсы тұрды, – Бұ шаһарға кірерге жол жоқ,– деді. Әсәд кофи лағин жетіп барды, – Пайғамбарға не үшін қылыш тұттың?– деді. Асқат сонда: – Бұ Бабек – малғұн,– депті, Малғұнды Пайғамбар десе, кәпір болар,– депті. Асқат әскерлеріне: – Қаптаң,– депті, Бұ малғұнның жұмласын қырғыл,– депті. Әлқисса, жеті күндей соғыс болды, Асқаттың әскерлері мәлзам болды. Сол уақытта мұсылманлардан ләшкер келді, Асқаттың ләшкерлеріне үшбу жәрдем. Уа және қырық мың әскер әйла Миғад келді, Ол және Бабеклерге қылыш ұрды. Малғұнлардан Лағун деген біреу келді, Ішінде малғұнлардың мықтысы ерді. Сейіт сонда ол малғұнға туғры келді, Төрт бөліп, жаһаннамға жөнелдірді. Лағунның ләшкерлерін мәлзам қылды, Қашып барып, Бабек малғұнға хабар берді: – Миғад патша бізлерді һәлак қылды, Сейітті танымай, Миғад деп айтып барды. Бабек сонда: – Өзім барам ертең,– деді, Ол малғұнға білдірмеңіз бізді,– деді. Сейіт барып бір тауға жасырынды, Суретін перілердей өзге қылды. Сабах садық таң атып, әскерлер жүрді, Екі тараптың әскерлері сап болып тұрды. Сейіт хазіреті сол уақытта таудан келді, Адамзаттан ғайр сурет болып келді. Майданға келіп, Шаһ әулие нағра салды, – Қап тауынан мен келген мақлұқ,– деді. Адамзаттан бір пайғамбар шыққан,– деді, Оны естіп, жүз мың ләшкер келдік,– деді. Әгар мұғжизат көрсетсе ол бізге,– деді, Бас қойып, біз ереміз оған,– деді. Досына дос болармыз бізлер,– деді, Дұшпанларын қырамыз жұмла,– деді. Оны естіп, Бабек малғұн жетіп келді, Сейіт сонда: – Пайғамбарсың ба?– деді. Бабек малғұн: – Мен – Пайғамбар,– деп сөйледі, Сейіт сонда: – Мұғжизаңды көрсет,– деді. Малғұн сонда: – Қылыш кеспес мені,– деді, Оқ өтпес, от та жақпас және,– деді. Адамлардың ата-анасын білем және,– деді, һешкімнен сұрамаспын оны,– деді. Сейіт сонда: – Сен білші мені,– деді, Кімнің ұғылы, есімім кім менім?– деді. Малғұн сонда төрт тарапқа назар салды, Ол жерде шайтан малғұн көрінбеді. Сол уақытта ол малғұн ажиз қылды: – Ертең айтам бұ істі саған,– деді. Сейіт сонда: – Әй, малғұн, кәпір, залым,– деді, Сиқырыңды Сейіт бұзған сенің,– деді. Мен – Сейіттің жаранлары, білгіл енді, Қор қылып, малғұн, сені өлтірер,– деді. Бабектің бір жолдасы сөз сөйледі: – Пайғамбарға не үшін айттың жаман сөзні? Сейітті ұрайын деп оңтайланды, Сейіт сонда қылыш илән екі бөлді. Сейітке куфи Мүртад һәм ұмтылды, Оны дахи қылыш илән пәре қылды. Бабек сонда: – Әй, палуан, сабыр,– деді, Ертең саған жолығайын мен бір,– деді. Сонда Бабек әскерлеріне жүре берді, Сейіт сонда ат үстінен жерге ұрды. Кеудесіне шаһин кебі мініп алды, Сақалынан махкам тұтып, бүріп алды. Сол уақытта Бабек малғұн хайла қылды, – Өлтірмегіл, мен мұсылман болам,– деді. Алып жүргіл халифаға енді мені, Сол жерде қарар қылам сені,– деді. Сейіт сонда Бабектің қолын буды, Қолына Миғад патшаның оны берді. Енді өзі кәпірлерге қылыш ұрды, Қисапсыз кәпірлерні өзі қырды. Бір уақытта Сейіт хазіреті қайтып келді, Миғадқа ол: – Бабекті келтір,– деді. Миғад сонда күзетшіге жетіп келді. Күзетшінің басын кесіп, қашқан көрді ерді, Сейітке Миғад келіп хабар берді, “Аһ” деп Сейіт хазіреті және қуды. Әскер илән Миғад және жұмла жүрді, Бабектің келген шаһарына бұнлар келді. Сейіт және ол шаһарға келіп, нағра салды, – Әй, малғұн, құтылмассың менен,– деді. Түн ішінде кәпірлерге сайха салды, Кәпірлер есін танып соғылысты. Бабеклер өздерін есі кетіп танымады, Түн ішінде өздерін бек көп қырды. Таң туғанда Миғад шаһ және келді, Мұсылманлар Бабеклерге қылыш ұрды. Бабеклер тағат тұтпай шаһарға кірді, Шаһардың қапуын берік қылды. Жеті күн, түн ол шаһарды қамалады, Сегіз күнде Сейіт хазіреті бұзып кірді. Ішке кіріп, шаһар әһлін және қырды, Шаһар әһлі аман тілеп, мүмін болды. Сейіт сонда: – Бабек малғұн қайда?– деді, Анлар сонда: – Ол малғұн қашты,– дейді. Қашқан жағын Сейіт сұрап және қуды, Бір шашмада ол малғұнға және келді. Әзін жаныб Шайтан және Бабекке келіп хабар берді: – Тез тұрғыл, Сейітбаттал келді,– деді. Бабек тұрып, қаруларын жұмла алды, Бабектің ләшкерлері атқа мініп, хамлә қылды. Сейіт сонда қаһарланып, нағра салды, Аспан жерге түскендей болып кетті. Адам түгіл хайуанлар есін танды, Бірнеше жубун адамлар өліп қалды. Бұ нағрасы форсақ жерге барды, Оны естіп Миғад патша жетіп келді. Бабеклердің әскерлеріне қылыш ұрды, Қырық мың әскер илән Абдулуаһап және келді. Бұ нағрасы көп форсақ жерге барды, Оны естіп Бабек патша жетіп келді. Шаһ әулие ол малғұнға қылыш ұрды, Атының мойнын кесіп, жерге түсті. Сейіт сонда атынан түсе қалды, Ол малғұн бір ағашқа атын қойды. Сейіттен аман тілеп, ол жалынды, – Енді атқа мінбейін һәркез,– деді. Сейіт сонда: – Амандық болмас,– деді, Әгар иман келтірсең, болар,– деді. Сол халде бір жылаған дауыс шықты, Сейіт сонда артына қарап көрді. Қараса, бір қарт адам жылап отыр,– дейді, “Аман бермей, бұ малғұнды өлтір,– дейді. Хасен, Хұсайынды өлтірген бұның нәсілі, Аман бермей өлтіргіл сол себеплі”. Оны естіп, Хұсайын үшін көңілі бұзылды, Көзіне анлар үшін жас толтырды. Көзін сүртіп, уа және қарап ерді, Қарт та жоқ, Бабек те жоқ, қайран қалды. “Аһ” деп, Шаһ жиһан өкініш қылды, Ол алдаған шайтан малғұн екенін білді. Енді Сейіт Абдулуаһапқа: – Қайтқыл,– деді, Бабектің ұғыл-қызын алып,– деді. Мен іздеп ол малғұнды кетем,– деді, Енді тапсам, һәлак етем,– деді. Ол малғұн ләшкерсіз, жалғыз қашты, Қатын илән баласын тастап қашты. Сейіт хазіреті Бабекті іздеп кетті, Бір күнлері бұлақтан таһарат алып, намаз қылды. Сол уақытта бір адам жетіп келді, Ол келген Мүмланның ұғылы Нұғман ерді. Сейітті көріп, аяғына басын қойды, Екісі хал сұрасып, көп жылады. Бабекті шикаят қылып, көп сөйледі: – Ол малғұн көп халықты бұзды,– деді. Сейіт сонда: – Қорықпағыл онан,– деді, Іздегіл һәр тараптан ол малғұнды. Әлқисса, Нұғман іздеп, хабар тапты, Бір таудағы руһбанларға барған ерді. Әзін жаныб Ол малғұн қашып анда барған ерді, Көп руһбанларды аздырып, бұзған ерді. – Мен – Бабек, харам кәшиш пайғамбар,– деді, Жұмла жарлы малсыз болса, келсін,– деді. Бұ сөзді руһбанлар жұмла білді, Жұмла малсыз жарлылар ол жиылды. Жетпіс, сексен малсыздар бай болыпты, Ол малғұнға “Пайғамбар” деп иланыпты. Әлқисса, әскер болып көп жиылыпты, Бір күнлері сахараға ол шығыпты. Сол сахарада Сейіт хазіреті ұшырады, – Бабек малғұн қайда?– деп шақырады. Бабек малғұн ләшкеріне: – Қапта,– деді, Батталды ортаға алып, өлтір,– деді. Жалғыз Сейітті сол уақытта ортаға алды, Сейіт хазіреті күн батқанша соғыс қылды. Сол уақытта Мүмлан ғазы жетіп келді, Он мың ләшкер қасына ертіп келді. Анлар және малғұнларға қырғын салды, Малғұнлардың қанлары селдік болды. Сол уақытта Бабек малғұн және қашты, Көп іздеп, ол малғұнды таба алмады. Сейіт хазіреті Мүмланға изин берді, – Табриздың шаһарына сен барғыл,– деді. Жалғыз өзім іздейін ол малғұнды, Құдайым қолға бергей ол малғұнды. Ол арада бір теңіз жақын ерді, Жағасында кемелерді тұрған көрді. Бабек малғұн ол кемеге келген ерді, Кім екенін білдірмей мінген ерді. Мәгәр Сатха ол кемеде болар ерді, Сейітті көріп, Бабекті ол жасырды. Сейіт келіп кемеге және кіріп алды, – Бабекті көрдіңіз бе?– деп сұрады. Сатха сонда танымай ол сөйлейді: – Сонау кеткен кемеге мінді,– деді. – Ол кеме қай шаһарға барар?– деп сұрады, Анлар сонда: – Шын шаһарына барар,– дейді. Сатха өзін білдірмей, қызмет қылды, Дәру салып, Сейітке тағам берді. Сейіт оның тағамын ішіп ерді, Есі кетіп, ол Сейіт жатып қалды. Енді Бабек малғұн Сейітті қылыштады, Сейіттің бір қылыны кесе алмады. Қайран қалып, Сейіттің қолын буды, Мойнына ләнгар байлап, суға салды. Күші жоқ, Сейіт хазіреті суда қалды, Ләнгар басып, су түбіне жүре берді. Құдайым халас қылды ол Сейітті, Өздерін топан соғып, һәлак қылды. Кемесі сынып, тақтайлары таратылды, Бір тақтайға Бабек илән Сатха мінді. Екі малғұнды толқын айдап, шетке шықты, Таудағы миуалардан теріп жеді. Тауға шықса, бір шаһарды анлар көрді, Қасында көп әскерлер һәм көрінді. Әскерлерден айырылған екі сорлы, Барарға ол шаһарға бата алмады. Сол уақытта шайтан малғұн жетіп келді, Бабек көріп шайтанды зар жылады. – Сен әуре қылдың ғой мені,– деді, Сейіт маған көп жапа берді,– деді. Шайтан сонда: – Қайғырмағыл енді,– деді, Сейіт енді көре алмас сені,– деді. Бұ шаһардың патшасына барғыл,– деді, Мұғжизат сұрасалар, көргіз,– деді. Мен сенің қасыңда болам сонда,– деді, һеш нәрседен қауіп қылмай тұрғыл,– деді. Бабек малғұн бұл сөзге шат болды, Шын шаһарының қапуына жетіп келді. Бір адамға: – Сен патшаға барғыл,– деді, Пайғамбар сізден сұрды дегіл енді. Ол адам патшаға барып хабар берді, Патша оған: – Пайғамбар болса келсін,– деді. Бабек малғұн Сатхамен тура барды, Патшаның ата-анасын баян қылды. Түндегі көрген түсті һәм сөйледі, Оған лайық тәдбирді һәм сөйледі: – Сізлерде қанша болса жарлы,– деді, Пәлен жерде алтындар бар, алсын,– деді. Бабектің айтқан сөзін мақұл көрді, “Қаз” деген таудан барып алтын алды. Патша, беклер жұмласы ықылас қылды, Бейшарлардың жұмласы кәпір болды. Пақырлары бай болып, шаттық тапты, Жұмласы харам істерді “халал” депті. Әзін жаныб Сейіт хазіреттің “Тақыт әлсарадан” мажырасы Шат болып ол хассылар тұра тұрсын, Шаһ әулие Сейіттің сөзі келсін. Шаһ әулие су ішінде есін жиды, Ғажайып ғарионды көзі көрді. “Дарияның түбіне кеттім ерді, Есім жиып, көзімді аштым, – деді. һәр тарапқа назар салып, бақтым ерді, Судың беті көктен алыс ол көрінді. Сол уақытта бір адам басым тұтты, Мойнымдағы ләнгар темірді шешіп алды. Ол адамға назар салып бақтым ерді, Көркем жүзді, ұзын бойлы көрдім,– деді. Белінде қылышы бар, бек һайбатты, Шұһрасы арабстан сияпатлы. Мойнында тасбиғы бар, маржан түсті, Басында сәлдесі бар, жауһар түсті. Құшақтап, мені төмен алып жүрді, Жүзімнен оңды-солды және сүйді. Бір уақытта шым түбіне жеттік ерді, Қарар қылып, жер басып жүрдім ерді. Сол уақытта ол маған сөз сөйледі: – Ұғылым, қайғырмағыл,– деп сөйледі. Жаранлар көрер болар мұндай істі, Көрмеген адамзатлар ғажап істі. Құданың көп жаратқан хикметтерін, Көрерсің үшбу жайда көп ғажапты. Әлқисса, көп сөз айтып келер ерді, Алдымыздан бір ғажайып шаһар көрінді. Жақындап ол шаһарға келдік ерді, Алдымыздан ол шаһардан жанлар шықты. Ол жанларға қасымдағы адам сөз сөйледі: – Зиарат қылыңыз, Сейітбаттал осы,– деді. Сол уақытта баршалары сәлем берді, Ғиззатлап баршалары тәуап қылды. Ғиззатлап шаһарына алып жүрді, Ол жолда бейқисапсыз жанлар болды. Ол шаһардың ұлықлығы ғажап ерді, Жеті бұрышы бар ерді тау ұқсаслы. Ортасы көз жетпейтін майдан ерді, Үйілген тау мысалы бидай ерді. Халайықтар шуал-шуал алып кетті, Бірі кетсе, бірі келер, һеш таусылмайды. Құмырсқадай шұбырған жұмлалары, Онда да ол бидай таусылмайды. Әлқисса, анлар мені бір сарайға алып келді, Бір ғажайып патшаны көзім көрді. Тақтысы алтын, лағыл, гауһар ерді, Басында тәжі шам мысалы жауһар ерді. Оң, солында уәзірлер отыр ерді, Қызметшілері сап-сап болған әзір ерді. Жұмлалары тағзым қылып, тақтан түсті, Ұлық-кішік баршалары көріс қылды. – Хош келдің, Сейітбаттал ғазы,– дейді, Құданың хабибісің, ұғылы сұлтан,– дейді. Көрерге интизар болдық сізні,– дейді, Чоқ шүкір, сізді көргізді Алла,– дейді. Бұ жерді “Тақыт әлсара” деп атар ерді, Бұ жерді адамзатлар һеш көрмейді. Аспаны жеті қабат Хақ жар етті, Жерді және жеті қабат ол жар етті. Әуелінде адамзатлар болар,– дейді, Екіншіде перілер илән жынлар,– дейді. Үшіншіде һешбір нәрсе болмас,– дейді, Анда Хақтың хикметлері болар,– дейді. Төртіншіде дию, перілер болар,– дейді, Бесіншіде ғифрит, перілер толған,– дейді. Алтыншысы бек зұлмат, ғажап,– дейді, Жетіншісі жерді көтерген теңіз,– дейді. Жұмласының сырын білмес һешкім,– дейді, Жұмласы бір Аллаға мағлұм,– дейді. Әлқисса, азайталық үшбу сөзні, Бек ғажайып көрмеген істі көрдік. Сегіз күн қонақ болдық анда,– дейді, Тоғызыншы күн рұқсат берді бізге,– дейді. Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– дейді, Ұмытпасын шапағатынан жарын,– дейді. Айрылдық уағдаласып онан,– дейді, Жолдасым: “Көзіңді жұм, ұғылым” дейді. Көзімді жұмып ердім: “Ашқыл” дейді, Ашып ердім ол адам көрінбеді. Тұрған жерім дарияның жағасы ерді, Мені көріп, атым ойнап, шауып келді. Атым келіп, иіскеп келіп тұрды, Үстінде жұмла қаруларым тамам тұрды. Құданың құдіретін көзім көрді, Дарияға кеткен заттар да түгел келді. Киім киіп, атқа мініп жүрдім,– дейді, Бір дарға бина қылған келдім,– дейді. Ол дардан бір руһбан шыға келді, Ол маған тағзым илән сәлем берді. – Хош келдің, Сейітбаттал ғазы,– деді, Сейіт сонда: – Неден білдің мені?– деді. Руһбан сонда: – Түс көрдім бүгін,– деді, Мұхаммед расул Алла хабар берді: “Бүгін саған шүкір күшам, Сейіт келер,– дейді, Сен оны тағзым қылып сыйла,– дейді. Шапағат мен қылармын саған,– дейді, Ұмытпаспын махшар күнде және” дейді. Уа және иман айтып, иқрар қылды, Сейітті тағзым илән қонақ қылды. – Бұ шаһар, қай шаһар?– деп Сейіт сұрады, Бабек малғұнды білдің бе және?– деді. – Иә, Шаһ жиһан, Шын шаһары үшбу,– дейді, Патшасының есімі – Оқас,– дейді. Бабек малғұн ол мұнда келді,– дейді, Бұ шаһардың жұмласын кәпір қылып, бұзды,– дейді. Сейіт сонда мүмінлерге қайғы қылды, Құдайдан ғинаят тілеп, һәм жылады. Қолына қалам алып, ол Сейіт қағаз жазды, “Иә Алла, иә Мұхаммед” деп салауат жазды. Өзінің Сейіт атын және жазды, Оқасқа айтып баяндады. “Бабек малғұн, мына қашқан залым,– дейді, Ол сізлерді алдаған малғұн,– дейді. Бұ сөзімні тыңласаң хош-хал,– дейді, Тыңламасаң не қылармын тоқта” дейді. Ол хатты руһбан алып, анда барды, Оқас илән Бабек малғұн оқып көрді. Бабектің мұны көріп, мәңзі солды, Шарасыз ішкі сырын білдірмеді. Оқас сонда қаһарланып, сөз сөйледі: “Пайғамбарға еңіз қылған кім-дүр?” деді. Әлқисса, әскер илән Оқас жүрді, Бабек малғұн әскер илән бірге жүрді. Сейіт сонда қаһарланып нағра салды, Аспан жерге түскендей мисли болды. Көп адамлар есін танып, аттан түсті, Оқас сонда: – Бұ не ғажап сайха?– деді. Бабек айтты: – Бұ – Сейіттің нағрасы, Соғысқа келсе, қылатын бір әдеті. Палуанлықта һеш назары болмас,– деді, Ләкин тәсілім болмас маған,– деді. Оқас сонда Сейітке назар салды, “Жүсіп сәни болар ма!” деп ғажап қылды. Уа және жетпіс екі ойын қылып келді, “Періште болар ма!” деп ғажап қалды. Ақырған даусына жер қозғалды, “Рағд періште” деп һәм ойлады. Оқастың есімін айтып, сайха қылды, – Иман айтқыл, Сейітбаттал мен-дүр,– деді. Жоқ десеңіз, һәлак қылам жұмлаңызды, Көрерсізлер жаһаннамда жаныңызды. Оны естіп, бір мүшірік келіп ерді, Шаһ әулие көтеріп алып, ауаға атты. Қара құстай айналып келіп ерді, Жерге түспей, қылышпен екі бөлді. Әлқисса, азайталы үшбу сөзні, Жетпіс екі ойын илән көп өлтірді. Сол уақытта Бабек малғұн әмір қылды: – Жекпе-жекке ол болмас, жұмлаң қапта,– деді. Сол уақытта жүз мың жүһүдлер ортаға алды, Сонда Шаһ уәли қаһар илә нағра салды. Сейіттің нағрасы бек ғажап болды, Аспан жерге түскендей жер жарылды. Көп адамлар сол уақытта есін танды, Шаһ әулие сол халде қырғын салды. Жалғыз үш күн, үш түн соғыс қылды, Табарик сол уақытта бір шаршапты. Бір жерінен жарақат болып ерді, Табариктің жарасынан қаны ақты. Бір жерге сәжде қылып, зар қылыпты, Шапағат Пайғамбардан ол сұрапты. Әзін жаныб Сейіт хазіреті шаршағанда, Тамус сұлтан келгені-дүр Сол уақытта ауадан сада келді, Перілердің патшасы Тамус келді. Жүз мың пері қасында әскерлері, Келіп ол мүшіріклерге қырғын салды. Мүшіріклердің бастары алма кебі Кім кескенін білмеді, ұша берді. Бір сағатта төрт жүз мың кәпір өлді, Шайтан малғұн Бабекті алып қашты. Сейіт сонда бір жерде отыр ерді, Сүйеніп найзасына “Алла” деді. Сол уақытта Тамус сұлтан жетіп келді, Сейітті тағзым қылып, көзін сүйді. Тамусты көріп, Шаһ әулие шат болды, Екісі хал сұрасып, сөз сөйледі. Сейітті шатырына алып келді, Түрлі ниғмат келтіріп, құрмет қылды. Бабек малғұнның істерін һәм сөйледі: – Ол малғұн қайда болар?– деп сөйледі. Тамус айтты: – Рұмға қашып кетті, Шайтан малғұн көтеріп ұшты,– деді. Андан соң екісі шаһарға жүрді, Сияпат, азимат илән бұнлар келді. Бұ азиматты Оқастың көзі көрді, Айырылып ақылынан, есін танды. Уа және Сейіт хазіреті сайха, нағра салды, – Иә, Оқас, тез мұсылман болғыл,– деді. Жоқ десең, һәлак қылармын жұмлаңызды, Астын-үстін қылармын шаһарыңызды. Оқас сонда естіді бұ хабарны, Қапуын ашып, кіргізді үшбулерні. Сейітке тағзым қылып, қойды басты, Иман айтып, тамам қылды ықыласты. Жетпіс пәре шаһардың жұмла қауымдары, Жұмласы ықылас илән мүмін болды. Ол шаһарда Сейіт хазіреті бір ай тұрды, Мәсжид салып, дін ғылымын тағриф қылды. Андан соңыра Тамус періге изин берді, Тамус сұлтан уағдаласып, қайтып кетті. Шаһ әулие Оқас патшаға әмір қылды: – Әзір қыл жақсы кеме бізлерге, жүрем,– деді. Мен енді Рұм шаһарына барам,– деді, Барған-дүр Бабек малғұн анда,– деді. Оқас патша жақсы кемені әзірледі, Қырық палуан Сейіт илән жолдас болды. Оқас илән уағдаласып бұнлар жүрді, “Алла” деп дін жолына сапар қылды. Әзін жаныб Үшбулер “Алла” деп жүре тұрсын, Қаслаған Ыстамболға келе тұрсын. Енді Бабек малғұнның сөзі келсін, Алланың лағнеті оған болсын. Малғұн Бабек Сейіттен қашып ерді, Бір теңіздің жағасына келіп ерді. Сол уақытта шайтан малғұн жетіп келді, Халін сұрап Бабекті жұбатыпты. Бабекті шайтан малғұн алып ұшты, Дарияны өтіп, Ыстамболға жақын түсті. – Сен енді Ыстамболға барғыл,– дейді, Такфур илән Сейіттің ұғылы бірге,– дейді. Оны өлтіріп, өшіңді алғыл,– дейді, Сейіт естіп харратта қалсын,– дейді. Алдыңнан қырық кәшиш келер,– дейді, Ол саған тәсілім болып ерер,– дейді. Суыт жүріп, пәлен тауға барғыл,– дейді, Келгенде қырық руһбанға сөйле,– дейді. Бабек малғұн ол жүріп келер ерді, Алдынан қырық руһбанды келер көрді. – Кімсің?– деп анлар Бабектен жауап сұрады, Бабек сонда: – Сізлер білдіргіл әуел,– деді. Және қайда барасыз жүріп?– деді, Сізлер бізге білдірші жөніңізді? Анлар сонда: – Рұм халқы бізлер,– дейді, Жөніміз Ыстамболдан келем,– дейді. Бабек сонда: – Патшаңыз кім, білдір?– деді, Анлар сонда: – Патшамыз Такфур,– дейді. Сейітбаттал мейман қылды ол Такфурды, Қасында Сейіттің ұғылы, Бәшір,– дейді. Бабек және сұрады жөнлеріні, – Енді қайда барасыздар сізлер?– деді. Анлар сонда Бабек малғұнға жауап берді: – Патшамыздың найыбы Қастур ерді. Жасырынып, дін тұтып тұрар ерді, Ол Қастурға пұттарымыз хабар берді: “Бабек пайғамбар жол жүріп келер, – дейді, Иә болса, сізлер барып келтір,– дейді. Ол Бабек келер болса мұнда,– дейді, Такфурды Бәшір илән өлтірер” дейді. Бұны естіп Бабек малғұн бек шат болды, – Сол іздеген Пайғамбарыңыз мен-дүр,– деді. Кәшишлер оны естіп шат болды, Бабектің аяғына басын қойды. Бір боқша тонлар алып келер ерді, Малғұнға оны беріп, киіндірді. Құрметлеп Ыстамболға алып жүрді, Алдынан Қастур лағин қарсы келді. Қолын сүйіп, құрметлеп алып келді, Бір орынға жасырып оны қойды. Әзін жаныб Бір күні Такфур патша аңға шықты, Қасына Сейіттің ұғылы ере шықты. Хабары жоқ, бұ екісі ғапыл ерді, Ғапыл күнде екісін шаһид қылды. Андан соңыра Бабек малғұн заһир болды, Дауыстап халайықтарға хабар берді: – Харам кәшиш, пайғамбар мен-дүр,– деді, Шын шаһарында өлтірдім Сейітбатталды. Сонан мен бұл шаһарға келдім,– деді, Өлтірдім Такфур илән һәм Бәшірді. Сізлер мұтиғ болыңыздар бізге,– деді, Мен мұғжизат көрсетем сізлерге енді. Әлқисса, азайталық үшбу сөзні, Өзіне мұтиғ қылды халайықтарны. Такфурға табиғ болған адамдарды Өлтіріп, шаһид қылды жұмлаларны. Ол малғұн таққа мініп, тәдбир қылды, Төрт тарапқа қағаз жазып, хабар қылды. Оны естіп төрт жүз мың адам келді, Малғұнға мұтиғ болып, кәпір болды. Бабек малғұн ол шаһардан әскер алды, Малатияның шаһарына сапар қылды. Ол уақытта Малатияның халқы ғапыл ерді, Ғапыл халде қырық төртнің палуанын шаһид қылды. Әли, Нәзір – Сейіт хазіреттің екі ұғылы, Бірнеше жаранлар илән соғыс қылды. Нехасыл, көп әскерлерге күш жетпеді, Жұмласы Райхан шаһарына барып тұрды. Бабек малғұн әскеріне бұйрық қылды: – Малатияны хараб қылып, бүлдір,– деді. Бір күні Бабек малғұн пікір қылды, Сейіттің қайратын паш қылды. Ол Сейіт ізлер,– деді,– енді мені, Өгіздің мүйізіне кірсем де табар,– деді. “Қабты” дейміш бір шаһарлар болар ерді, Көп ерді ол шаһарда көргенлері. Малатияда тұра алмай малғұн қашты, Ыстамболдың ләшкерлері қайтып кетті. Бабек малғұн Қабтыларға барып жетті, Өзінің қылған ісін баян етті. Әзін жаныб Бабек малғұн мақтанып тұра тұрсын, Шаһ жиһан Сейіттен сөз бітілсін. Бабекке Хақтан лағнет дайым болсын, Енді Шаһ әулиенің сөзі келсін. Бір күнлері Сейіт хазіреті Тарсусқа жетіп келді, Патшасы, беклер илән қарсы келді. Ғиззатлап Шаһ әулиені алып жүрді, Ұлық-кішік адамлары Сейітке құрмет қылды. Асап ішіп, мәжіліс қылып отыр ерді, Бір жігіт сәлем беріп, кіріп келді. Сейіттің хозурына бір хат қойды, Хатты оқып, көзіне жас толды. Үшбу хат әмір Омардан келген ерді, Бабектің не қылған ісін айтқан ерді. “Бабек малғұн Ыстамболға барған,– дейді, Такфур илән Бәшір ұғылың шаһид,– дейді. Ыстамбол әһілін жұмла кәпір қылған,– дейді, Уа және Малатияға ол малғұн келген,– дейді. Көп жаранларды ол шаһид қылған,– дейді, Малатияны хараб қылып, бұзған,– дейді. Райханның шаһарындамыз бізлер,– дейді, Екі ұғылыңыз бізлер илән бірге” дейді. Жазған хаттың сөзін жұмла білді, Отырған ұлық-кішік көп жылады. Әлқисса, Сейіт хазіреті атқа мінді, Райханның шаһарына бұнлар жүрді. Абдулуаһап сахаба қарсы келді, Сейіттің екі ұғылымен көріс қылды. Бабекті шикаят қып, көп сөйледі: “Көрмедім ондай малғұнды һәркез” деді. Сейіт хазіреті қалам алып, қағаз жазды, Жіберді халифаға Абдулуаһап сахабаны. Абдулуаһап халифаға алып барды, – Бұ күнде Сейіт хазіреті қайда?– деді. – Сейіт хазіреті Қабтыларға жүріп кетті, Малғұн Бабек сонда деп біліп кетті. Халифа қырық мың әскерлерді әзірледі, Миғад илән Абдулуаһапты басшы қылды. – Тез сізлер Сейіт хазіретке барғыл,– деді, Жәрдемші Шаһ әулиеге болғыл,– деді. Күн-түн жүріп, Сейітке бұнлар келді, Екі күнде жеті күнлік жерге келді. Әлқисса, Бабектің қауымы бұнлардан хабар білді, Бес жүз мың әскер илән Бабек шықты. Мұзубан деген бір малғұн келіп ерді, Абдулуаһап сахаба һәлак қылды. Сол жерде Абдулуаһапты ортаға алды, Сол халде Сейіт хазіреті нағра салды. – Бабеклерге һеш амандық бермен,– деді, Сол жерде қаһар илән иамин қылды. Уа және қаһарланып анларға қылыш ұрды, Бір күн, бір түн анларды бек көп қырды. Ол шаһарда Абдулсалып патша ерді, Сол халде хазіретке туғры келді. “Аман жоқ” деп, Абдулсалыпты ұрып жықты, Басын кесіп, әскеріне лақтырды. Оны көріп әскерлері фариад қылды, Сейіт хазіреті “Иә, Алла” деп нағра салды. Қырық нағра естіп, есін танды, Аспан жерге түскендей болып кетті. Тау гүрілдеп, зілзала болып кетті, Дария шалқып, сулары толқып кетті. Мұсылманлар сол уақытта қуат тапты, һәрқайсысы арысландай болып кетті. Мұсылманлар сонда қылыш ұрып ерді, Қазан соққан жапырақтай бас төгілді. Ой жер илән қыр жерлер білінбеді, Өлімтіктен аттар басып жүре алмады. Мұсылманлар оған рақым һеш қылмады, Тек Бабеклер көрінсе, қыра берді. Оны көріп Бабектің құты ұшты, Айырылып ақылынан, үш күн қашты. Қандыабат аталған шаһар бар ерді, Саһил деген патшасы һәм ерді. Бабек барып Саһилге хабар берді: – Қорғалатын жер мұнда,– деді. Саһил оған: – Біздің шаһар тар-дүр,– деді, Жалғыз өзің келерге болар,– деді. Бабек, Сатха, Уәлид илән үшеу ерді, Саһилдің сарайында қонақ болды. Бұнлардан Саһил патша хабар берді, Естіп Сейіт илән Абдулуаһап қаулы қылды. Абдулуаһапқа: – Сен әскермен тұрғыл,– деді, Мен түнде ол шаһарға барам,– деді. Жақын жерде құлақ салып тұрғыл,– деді, Даусым шықса, әскер илән келгіл,– деді. Шаһ әулие ол шаһарға түнде барды, Бір жерден шынжыр тастап, ішке кірді. Саһилдің сарайына Сейіт келді, Бір бөлмеде жасырынып, сөз тыңлады. Арақ ішіп малғұнлар сөз сөйледі, Бабек малғұн мақтанып көп сөйледі: – Ертең мен ол Батталды өлтірем,– деді, Жұмла шаһарыны үлестірем сізге,– деді. Ғақбаның ұғылы Уәлид малғұн һәм сөйледі: – Маған Бағдаттың шаһарын бергіл,– деді. Бабек сонда: – Хош, болсын сөзің,– деді, Сатха саған найып болсын,– деп сөйледі. Сол жерде сегіз кісі отыр ерді, һәрқайсына бір шаһарды үлестірді. Сол уақытта Шаһ әулие кіріп келді, – Маған қай шаһарды бересің, малғұн?– деді. Кеудесіне қаршығадай мініп алды, Аузы-мұрнын қан қылып, байлап салды. Оны көріп Сатха, Уәлид қаша берді, Қуып жетіп, екісін төртке бөлді. Сейіт хазіреттің көптен жүрген ашуы ерді, Жаһаннамға жіберіп, көңілі тынды. Сол жерде бар адамның бәрін қырды, Мәгәр Саһил патша Сейітке басын қойды. Аяғына басын қойып, иман айтты, Шаһ әулие Саһилге рұқсат берді. – Тез барып шаһардың қапуын ашқыл енді, Жүгіріп барып қапуны Саһил ашқан. Сол халде Сейіт хазіреті нағра салған, Даусын естіп мұсылманлар шауып келген. Келубан Бабеклерге қылыш ұрған, Таң туғанша Бабеклерді бек көп қырған. Бабеклерге мұсылманлар һеш рақым қылмады, Үш күн-кеш Бабеклерді қырды. Үш күн, үш түн аттарынан һеш түспеді, Бабеклерден һешбір адамды қоймай қырды. Енді Шаһ жиһан әулиенің көңілі тынды, Бабек малғұнның мойнына шынжыр салды. Саһилге жетелетіп алып жүрді, Бағдатқа барғанша азап берді. – Әгар мені босатып жіберсең, Саһил,– деді, Қияметте шапағат қылар ердім саған,– деді. Бұ сөзні Саһил патша айтты, Сейіт сонда Бабекке: – Иман айтқыл! Бабек сонда: – Мен – Пайғамбар,– деп сөйледі, Мұхаммедтің дәурені өткен,– деді. Оны естіп Шаһ уәлидің қаһары келді, Малғұнның аузына қармақ салды. Тілін қармақ илән тартып алды, Түбінен тілін кесіп, хурр әйлады. Уа және екі көзін ойып алды, Уа және құлақ-мұрнын кесіп алды. Жол жүріп Бағдатқа келер ерді, Бабек және Саһилге мұны білдірді. “Жібер” деген ишараттың мазмұнын білді, Сейітке Саһил мұны һәм білдірді. Сейіт және “Иман айт!” деп һәм бұйырды, Қолы бірлән ол боқтап, сөз білдірді. Сейіт сонда екі қолын кесіп алды, Бұ сипатпен ол малғұнды жетеледі. Оны көрген мұсылманлар шат болды, Сейітке ұлық-кішік жұмласы дұға қылды. Бұ хабары халифаға естіліп шат болды, Шаһар әһлі естіп, бек қуанды. Халифа Сейіт хазіретке ғиззатлап қарсы барды, Аттан түсіп, Шаһ уәли құшақтады. Сейіттің жүзін сүйіп ғиззатлады, Қолын тағзым қылып, көзге сүртті. Шаһарға тағзым илән алып келді, Той қылып, шаһар әһлін қонақ қылды. Сейіт хазіреті жаранларға әмір қылды: – Бұ шаһардың сахарасына от жақ,– деді. Жаранлары отын жинап, отты жақты, Бабекті алып барып, отқа салды. Бабек малғұн ойбайлап, отқа жанды, Дүния ақыреттің азаптарын бірдей алды. Бұ хабар һәр ықылымларға естілді, Әһлі исламлар шат болып, дұға қылды. Жаранлар, ғибрат алсаңыз үшбу сөзден, Сақтаныңыздар, білдім залымлардан. Бабек деген, халайықтар, бәле болған, Көп халайықтардың дінін бұзып, кәпір қылған. Бабек ерді қалмақты алдап, кәпір қылған, Сол себеплі харамлардан ол қашпаған. Бұ заманғаше тауарис онан қалған, Бабекке шайтан илән ықылас қылған. Ол заманда Шаһ жиһан Бабекті көп іздеген, Дінін бұзған адамларды мүмін қылған. Нехасыл, ықылассызлар кері қайтқан, Мұсылманлардың ықыласы тамам болған. Сол себеплі бұ заманғаше бұзылмаған, Құдайым ғинаят бергенлер жолын тапқан. Дін үшін һәр милләтләр талас қылған, Құдайым қалаған құлды жолға салған. Сейіт хазіреттің сағадатлы дәулетінен, Талай жанлар мүмін болып, жолын тапқан. Енді тамам қылалық біз, иә, әһлі жаран, Көп сөйлесек те болар бірден нұқсан. Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылған. Тыныштықтың ұғылы деп білгіл, әй, жан, Дұғаны тамағ қылды, бұл пақыр енді сізден. Айып қылмаңыз сөзімде болса нұқсан, Ас салауат уас салам аләйк, иә хабиба ар-Рахман Бағдад махлұқаты халқы жаһан. Жиырма бірінші бап: Сұлтан Сейіт хазіреті Рағид жәдуді өлтіріп, қырық патшалардың қыздарын халас қылып, мұсылман қылғаны Бисмиллаһи деп уа және сөз башлалы, Аллаға хамд айтып сиыналы. Жұмла ғаламды бар қылған, иә Зүлжалалы, Сиындым фазылыңа мен бір сыналы. Иә, Мұхаммед Мұстафа, – Алланың хақ хабибі, Қыла көр мен ғасы құлыңа шапағатыңды. Сұлтан Сейітбатталдың мұнахибыны, Айтайын ықылас бірлән сүйіп оны. Шаһ жиһан аталған ол сұлтанды, Сөйлепті бұрынғы өткен жұмла уәли. Риуаят рауиларның сөзі келді, Жоғалған халифаның бір күн қызы. София бану аталған – оның есімі, Ұқсаған Зылихаға оның жисмі. Халифа ханым илән көп жылады, Үш күнше тышыра шығып, көрісе алмады. Халифа тақытқа шығып отырмады, Уәзір илән беклерге сөз салмады. Қатынының есімі Сағида бану ерді, Бір күні бақ-бақшада көп жылады. Бір ағаштың түбінде жылап отыр ерді, Ол ағаштың басына екі құс келіп қонды. Хикмет Құда екілісі сөз сөйледі, Екісі бір-біріне құп жауап берді: – Бұ қатын не үшін жылар, ғажап?– деді, Мұңы жоқ халифаның қатыны ерді. Бірісі айтты: – Қызы жоғалған мұның,– деді, Бірісі айтты: – Кім алған мұның қызын? Бірісі сонда: – Рағид жәду алған оны,– деді, Қасында саламат тұрар қазір,– деді. Бірісі сонда: – Ол қыз қайда болар?– деді, Бірісі сонда: – Айн әл-Құтырдан әрман,– деді. Бірісі сонда: – Айн әл-Құтыр қайда?– деді, Бірісі сонда: – Жеті дариядан әрман,– деді. Ол малғұн қырық патшаның қызын алған, Сейіт барса, жұмласын халас қылар ерді. Бұ сөзді айтып, екі құс ұшып кетті, Ханым естіп, халифаға хабар айтты. Халифа ғажап қылып, бұ сөзді Сейітке айтты: – Білерсіз бе бұ не ғажап хикмет?– деді. Сейіт сонда: – Хақ Тағала Қадір ерді, Жаратқан сондай іске мені,– деді. Нешік әмірін қылмайын оның,– деді, Машақатқа бұйырса сұлтан өзі. Маған тағы бір қызмет болған,– деді, Бұ қызметті асан қылғай Алла өзі. Сізлер жары дұғада болғыл енді, Аллаға мен тәуекел қылам енді. Шаһ әулие “Алла” деп, сапар қылды, Бір күнлері Амман деген шаһарға келді. Бір уәсәні пұт көтеріп келер көрді, Базарға алып келіп, әуәз қылды. – Бұның кебі пұт істемес һешкім,– дейді, Мен Құдайды істейтін санағ,– дейді. Бұ Құдайды, әгар, һәркімлер алса,– дейді, Жұмла пәлелерден ол аман болар,– дейді. Шаһ жиһан естіді бұ хабарны, Ашуланып, ол кәпірді шілтеледі: – Әй, малғұн, сөйлеме мұндай сөзні, Сендей пұт жасай білмес бір Тәңірні. Қолмен жасап, Тәңірі дейсің бұ нәрсені, Көрмеймісің, әй малғұн, һәр нәрсені. Көзіңді ашып қарашы һәр нәрсені, Тәңірі ол-дүр жаратқан жұмла барды. Күллі жанға ризық берген Қадір өзі, Маридларға шипа берген және өзі. Енді мұндай сөйлеме һешбір сөзді, Сөйлесең, жіберермін жаһаннамға қазір сені. Сол уақытта ол малғұн ашуланды, Қабахатлаб Сейітке ол сөйледі. Сейіт сонда жұмырық илән ұрып ерді, Жаһаннамнан малғұн барып орын алды. Мұны көріп базар халқы шуылдады, Жұмласы ол Сейітті ортаға алды. Сейіт сонда хамлә қылып, нағра салды, Бір демде көп адамларны қырып салды. Біреуі барып патшасына хабар берді, Патшасы атқа мініп шауып келді. Ол патшаның есімі Тағанош ерді, Ол Сейітті бұрын естіп, білер ерді. Сейітті көріп, аттан түсе қалды, Сәлем беріп, аяғына басын қойды. Ғиззатлап сарайына алып келді, Астына алтын тақытын қоя берді. – Әй, Шаһ жиһан, палуан Сейіт,– деді, Хош келдің, не қызметке жүрсің?– деді. Сейіт сонда жүргенін баян қылды, Халифаның ғайып қызын аян қылды. “Рағид жәду алған” деп естілді, Оның үшін барармын сонда,– деді. Мұны естіп патша һәм жылады, – Менің де бір қызым ғайып болған,– деді. Бар болса, алып келгіл мұнда,– деді, Әгәр мұнда келтірсең оны, жаным,– деді. Пұт парасттан безермін өзім,– деді, Жұмла халқыммен мұсылман болам сізге,– деді. “Хош болар” деп, Шаһ әулие сапар қылды, Кеме илән қырық палуанлар бірге жүрді. Бір күнлері топан соғып, кеме сынды, Ішіндегі халайықтары һәлак болды. Дарияда атын жалдап, Сейіт жүрді, Сол уақытта бір зор кеме жетіп келді. Ол кемеге аты илән Сейіт мінді, Ішіндегі адамлар Сейіттен жауап сұрды: – Не себептен бұ дарияға түстің?– дейді, Не қылып аман жүрсің, ғажап?– дейді. Сейіт айтты: – Бір дұшпаным болар ерді, Әскер илән кемеге мініп қудық ерді. Жел соғып, кемемізді һәлак қылды, Қасымдағы ләшкерлерім суда қалды. Бұ атты жалдап, суда жүрдім,– деді, Құдайым сізлерді айдап кез келтірді. Әлқисса, ол дариядан бұнлар шықты, Бір таудағы мәрғазадқа ұшыратты. Ол жерде шатыр құрып, рахат қылды, Сол уақытта бір мақұлық пайда болды. Көрінді қырық аршындай оның бойы, Мисли аждаһадай оның құйрығы. Аузынан түтін шығып бұрқырайды, Құйрығынан от шығып шашырайды. Уа және айғай салып, сөз сөйлейді: – Менім мүлкіме келіп жатқан кімсің?– деді. Білмесеңдер, мен – Рағид жәду,– дейді, Қырармын жұмлаңызды қазір,– дейді. Ол кеменің бастығы Қантур ерді, Ол Қантур қайсар қыздан туған ерді. Жәду келіп Қантурдың қолын тұтты, Шіріген бөздей екі пәре қылып жыртты. Әлқисса, афсүн оқып, үшкіріп ерді, Сол уақытта төрт жүз кісіні отқа жақты. Уа және Сейіт хазіретке келіп ерді, Шаһ әулие бір оқ илән атып қалды. Малғұнның сонда оқ көзінен өтіп кетті, Сонда малғұн сайха қылып, қашып кетті. Ол кемеден жүз кісі қалып ерді, Сейіт сонда білдірді кендүсіні. Анлар сонда Сейіт хазіретке басын қойды, Аяғына жығылып, мүмін болды. Бұнлар және кемесіне мініп алды, Бір ай тамам болғанда, бір шаһарға келді. Сейіт сонда: – Бұ қай шаһар?– деп сұрды, Анлар сонда: – Барынның шаһары,– дейді. Құмар шаһ – патшасының есімі,– дейді, Сол уақытта бір адам жауап сұрды. Ол адам: – Қай милләттан сізлер?– деді, Бұнлар сонда: – Бізлер – халифадан елші,– дейді. Анлар барып Құмар шаһқа хабар берді: – Халифадан елші болса, келсін,– деді. Құмар шаһ жетпіс екі кісіні һәм жіберді, Анлар барып Сейіт хазіретті алып келді. Құмар шаһ тағзым илән қонақ қылды, Не себеплі жүргенін ол сұрады. Сейіт сонда халифаның қызын баян қылды, “Рағид жәду алған” деп аян қылды. Құмар шаһ: – Сенің есімің кім-дүр?– деді, Сейіт оған есімін һәм білдірді. Сонда Құмар шаһ тақыттан түсіп, тағзым қылды, Сұлтан Сейіт хазіретке басын қойды. Сейіттің қайратын естір ерді, Көрерге ол Сейітке ғашық ерді. Тақыт үстіне Сейітті ол шығарды, Қолын қусырып Сейітке ол сөйледі. Сейітке: – Иә, сұлтан ғалым, палуан, – деді, Рағид жәду менім бір қызымды және алған, – деді. Мұны жұмлалар кітап ашып қарап ерді, “Ол жәдуны Сейітбаттал өлтірер” деді. Бихамдилла, мүбәрак дидарыңды көрдім,– деді, Иләһым құтты қылсын жолыңызды. Әгар менім келтірсеңіз ол қызымды, Халқым илән тәсілім болам сізге,– деді. Әлқисса, азайталық үшбу сөзді, Бір күн Құмар шаһпен аңға шықты. Алдынан бір манқыш киік қашты, Жұмласы ортаға алып, бұғау салды. Сонда киік сілкініп ерді, бұғау түсті, Және қашты, һеш адамлар жете алмады. Сонда Сейіт қуып жетіп, бұғау салды, Қанша салса, ол киік құтыла берді. Әлқисса, ол киікті Сейіт тұта алмады. Шаршап келіп, бір суға ғұсыл қылды, Судан шықса, ат, тоны көрінбеді. Ғажап қалып һәр тарапқа қарап тұрды, Бір хикметтің болғанын Сейіт білді, Енді Аллаға мінәжат қылып, зары қылды: “Иә, Алла, Қадір ханнан өзің,– деді, Пендеге не бұйырсаң, хүкімің болар,– деді. Айрылдым атым илән жұмла құралымнан, Таба алмай, ақылым болды менің қайран. һәр уақытта жәрдем берген, өзің Ханнан, Уа және жәрдем бергіл, өзің Мәннан. Иә, Мұхаммед Мұстафа, Сәруар жиһан, Шапағат өзің қылғыл енді маған. Иә, шаһариарлар: Әбубәкір, Омар, Осман, Әли Арыслан, Мен болдым бұл уақытта сәргардани. Медет, жар енді сұрадым мен сізлерден”, Бұны айтып, сәждеге басын қойған. Сол уақытта Қызыр аләйһиссалам жетіп келген, – Басыңды көтер, ұғылым!– деп сәлем берген. Шаһ әулие сол халде сәлем алып тұра келді, Ғиззатлап екілісі көріс қылды. – Иә, ұғылым, не үшін ғапыл болдың?– деді, Ол киік Рағид жәдунің қызы ерді. Ол саған зиян қыларға келіп ерді, Қорқытты Мұхаммед Мұстафаның саш құрметі. Мұхаммед Мұстафаның мәзкүр саш құрметі, Қолында баз уа бәнд қылып алған ерді. Сол себеплі ол саған келе алмады, Ол саған зарар қыларға бата алмады. Ол сенің алып кеткен ат, затыңды, Апарып Рағид жәдуге берген,– деді. Иншалла, аларсың оның жұмласыны, Сен оны қайғы қылма қазір,– деді. Сарандибта ісің бар, мәлім,– деді, Жұм көзіңді, жеткізейін соған,– деді. Көзім жұмдым, сол халде тұтты мені, Сарандибта мен көрдім кендүсті. – Үшбу жер – атамыз софы Алланың зираты, Әуел уақытта салынған ғимараты. Зиарат қылып тұра тұр, мұнда,– деді, Келтірейін Тамус сұлтанды саған,– деді. Бұны айтып Қызыр аләйһиссалам ғайып болды, Саф адамға зиарат қылып тұрдым,– дейді. “Үш күн анда тафарраж қылып жүрдім,– деді, Оның бір күн қадамладым мазарыны. Ұзынлығы жүз жиырма қадам болды, Ғажайып Хақ сәнатын білдім” деді. Әзін жаныб Енді Тамус сұлтанның сөзі келді, Қызыр аләйһиссалам Тамусты: – Жаным,– дейді. Сейітке жәрдем бергіл қазір,– дейді, Бұйырған әмірінше болғыл,– дейді. Тамус сұлтан Сейітке жетіп келді, Екі сұлтан сәлемдесіп көріс қылды. Екісі бір-бірінен хал сұрасты, Шаһ әулие жүрген жұмысын баян қылды: – Рағид жәдунің мақамына жеткіз,– деді, Мен барарға ол жерге қиын,– деді. Тамус сонда: – Малғұнның жері қиын,– деді, Жеті дариядан машақат илән өтер,– деді. Ол малғұн әккі сиқыршы, жауыз ерді, Ол бізге ілестірмес пе зарар?– деді. Сейіт оған: – Аяр қыл сен бізні,– деді, Иншалла, өлтіремін ол малғұнны. Тамустың оған келген әскері бек көп ерді, Мың періні анлардан таңдап алды. Өзгесіне Шаһ сұлтан изин берді, Мың перілер Сейітті алып жүрді. Сейіт илән Тамусты алып ұшты, Сейіт сонда ғажайыптарны көп көріпті. Бір күнлері бір сахараға келіп түсті, Ол жерді мисли жәннат ұқсас көрді. Сейіт сонда бір мұғаззам шаһарды көрді, Бинәсін ақ мәрмәрдан салған көрді. Тамус сонда: – Айн әл-Құтыр үшбу,– деді, Ол жәду келгенімізді біздің білді. Иә, Шаһ жиһан, сен енді сақ бол,– деді, Ол малғұн қазір мұнда келер,– деді. Сейіт сонда қылыш илән саржа алды, Оқтарына дұға илән сөзлер жазды. Сол уақытта Рағид жәду жетіп келді, Қолына алмас қылыш алып келді. Ол малғұн ақырып, нағра салды, – Дұшпанымды келтірдің бе, Тамус!– деді. Әуелі өлтірермін Сейітбаттал палуанды, Андан соң өлтірермін тоқта сені. Ол малғұн афсүн оқып, от шығарды, Сейіт хазіретке қаһарланып ол ұмтылды. Сейіт сонда оғы илән атып ерді, Малғұнның жүрегінен өтіп шықты. Лағин сонда ат үстінен ұшып түсті, Сейіт сонда оның басын кесіп алды. Тыңлаңыз лағинның зорлығын, Жүз түйені бауыздағандай қаны болды. Тамус сонда Сейітке тахсин қылды, Сейіттің аяғына басын қойды. Сәжде шүкір үшін, намаз қылды, – Сұлтаным, ғазаң мақбұл болсын,– деді. Енді бұнлар шаһарларына келіп кірді, һәр сарайларның қапуын ашып көрді. Бір сарайда тұтқын болған қыздарды көрді, Қыздар сонда қолын қусырып тұра келді. Қыздар және ол Сейітке сөз сөйледі: – Бұ жерге адамзатлар келмес ерді, кімсіз?– дейді. Сейіт сонда өз есімін баян қылды, Қыздар сонда: – Садақа Расул,– деп жылады. Бізлер түнде көп жылап жаттық,– дейді, Түсімізде Мұхаммед хабиб Алла хабар берді. Ол бізлерге: “Көп жыламағыл, қызым,– дейді, Ертең мұнда ұғылым Сейіт келер,– дейді. Ол келіп Рағид жәдуні өлтірер,– дейді, Сізлерді алып кетер мұнан” дейді. Мүбәрак дидарыңызды көрдік,– дейді, Бихамдул лиллаһи чоқ шүкір,– деп жылады. Сонда Шаһ әулие: – Жыламаңыз сізлер,– деді, Иншалла, көрсетермін ата-анаңды. Бұнлар сонда шат болып тұра келді, Сейітке басын қойып, дұға қылды. Шаһ әулие перілердің ләшкерлеріне әмір қылды: – Бұ шаһарды талқан қылып бұзғыл,– деді. һеш ғимарат қалмасын онда,– деді, Уа және қазыналарын алғыл,– деді. Перілер Сейіт хазіреттің әмірін қылды, Шаһардың жыға қырып, өзін бұзды. Сонда Сейіттің ат, тонын тауып алды, Құдаға шүкір үшін, намаз қылды. Сейіт және перілерге әмір, тәдбир қылды: – Бұ қыздарды көтеретін бір зор тақта жаса,– деді. Перілер сонда бір зор тақтаны жасап алды, Үстіне ол қыздарды мінгізіп алды. Сейіт илән Тамус сұлтан бірге мінді, Перілер аспан ара алып ұшты. Баршасы тамашаларды көре келді, Сандабардың шаһарына жақын келді. Біреу барып, Құмар шаһқа хабар берді: – Сүйінші, Сейіт хазіреті қызыңды алып келді! Құмар шаһ оны естіп, бек шат болды, Ол адамға ауыр ауқат, халғат берді. Құмар шаһ шаһардан тышыра шығып ерді, Азимат илән перізат әскер көрді. Құмар шаһ, беклер илән қайран қалды, – Бұ не ғажайып халайық?!– деп есін танды, – Әуелде жалғыз кеткен Сейіт ерді, Иә, ғажап, бұ ләшкерді қайдан алған?!– деп сөйледі. Әлқисса, Тамус сұлтан періні көрді, Жаратқан Хақ сұңғатын ғажаплады. Сейіт хазіреттің аяғына басын қойды, Сол жерде ықылас илән мүмін болды. Уа және рағиятыны жұмлаларыны, Сол жерде жинап алып, мүмін қылды. Сейіт хазіреті дін жолын тағриф қылды, Құмар шаһпен уағдаласып, сапар қылды. Уа және Тағанош патшаға бұнлар келді, Қызын алып, жұмла халқы мүмін болды. Ол дахи амандасып қала берді, Сейіттің хикметіне жұмла қайран қалды. Андан соңыра Мысыр шаһарына бұнлар келді, Қарун шаһ қызын алып шат болды. Ол дахи Хақтың құдіретіне қайран қалды, Сейіт хазіретіне ғажап қылып, дұға қылды. Әлқисса, қырық патшалардың қызын Сейіт берді, Жұмласы қызын алып, Сейітке ықылас қылды. Енді Меккеге Тамус илән Сейіт келді, Пақырларға бес жүз мың алтын үлестірді. Тамус илән Мәдинеге Сейіт келді, Уа және мың алтын пақырларға үлестірді. Енді келіп, Расул Аллаға зиарат қылды, Жүзін жерге қойып, зар жылады. “Иә, Мұхаммед Мұстафа” деп салауат қылды, Құдадан истағанат енді талап қылды. “Дін үшін көп қызмет қылдың,– депті, Сөйленер қияметкеше атың” депті. Сейіттің көзлерінен ол сүйіпті, “Жаса, күшам, ризамын саған” депті. Бір уақытта ұйқысы келіп, жатып ерді, Мұхаммед Мұстафаны түсінде көрді. Әзін жаныб “Тез тұрғыл, бұ мақамнан, ұғылым,– депті, Бағдаттың шаһарына тез барғыл,– депті. Хауарижлар һұжымлық қылды анда,– дейді, Мүмінлер сені іздеп зар жылайды”. Сейіт сонда оянып тұра келді, Тамус періге түсінен хабар берді. Тамус илән Сейіт хазіреті әзірленді, Перілерге көтертіп, аспанға ұшты. Бір сағатта Бағдатқа жетіп келді, Бағдатты қамаған әскерлерді Сейіт көрді. Пайғамбар мұғжизасын заһир бұнлар көрді, Салауат айтып, Мұхаммедке сада қылды. Әуелгі қисса үшбу жерде баяны тамам болды, Мұхаммедке, Сейітке дұға қылмақ келді. Оттан нәжат тілесеңіз жауыңызны, Жан тілімен салауат қылғыл сізлер енді. Насырды назым жазған мен ғасы құлды, Кінәсін ғапу қыл деп сұра бізді. Соғыстың бір қызығы ғажап тағы келді, Айтармын, иншалла, ол соғысты. Әлхамдулиллаһи рабби-аләмин уас салауат уас сәләму алә хайри халқиһи Мұхаммадин әлиһи әжмағина. Жиырма екінші бап. Сұлтан Сейіт хазіретінің хауарижларды қырғаны “Бисмиллаһи” деп уа және сөз башлалы, “Алла бір, Мұхаммед – Хақ пайғамбар” деп башлалы. Уа және Сейіт шаһ жиһаннан сөз ашалы, Ықылас бірлән тыңлағанға сөз башлалы. Сейітке хикмет берген Қадір Мәула, Қысылса және жәрдем берген Нәби Уәли. Сұлтан Әл-әнбия миғраж Нәби, Көрсеткен һәр орында мұғжизатыны. Риуаят рауиларның сөзі келді, Айталық назым бірлән сізлерге оны. Абамүслім аталмыш бір палуан өткен ерді, Хорасанда көп қырған хауарижларды. Хүкім деп қойған ерді есімін, Мәгәр анда қалып ерді иезидтің бір нәсілі. Ол малғұн һәр жерге көп қыдырды, Қылыпты харамлық, айла, көп ұрлықты. Көп харами жиналып көбейіпті, Отыз мың әскер болып ол жүріпті. һеш қылмай әмір, шарғыны бұл шиырыпты, Хауариж сол себеплі аталыпты. Бір күнлері Хайбар шаһарына ол келіпті, Алдынан Антур лағин жолығыпты. Антур малғұн Хүкімге сөз айтады: – Менде бар жиырма мың ләшкер,– деді. Елу мың ләшкер илән біз жүрелі, Бағдаттың шаһарыны бүлдірелі. Оның біз халифасын өлтірелі, Сен – халифа, мен уәзір бір болалы. Әлқисса, екілісі қаулы қылып жүрді, Бір түнде Бағдатқа бұнлар қырғын салды. Исламның ләшкерлері шаһарға кірді, Келіп ол халифаға хабар берді. Халифа төрт тарапқа хабар салды, Ол келгенше хауарижлар һұжым қылды. Бағдаттың аз ләшкерін мәлзам қылды, Шаһарға қашып кіріп қорғалады. Жеті күн Бағдаттың шаһарын қамалады, Сегізінші күн оларға жақындады. Сол уақытта халифа ағзам тамға шықты, Басын ашып, топыраққа жүзін қойды. Аллаға сәна айтып, ғинаят сұрды, Мұхаммед Мұстафадан шапағат сұрды. Сол уақытта Сейіт хазіреті жетіп келді, Шаһарды қамалаған әскер көрді. Шаһ жиһан оны көріп, нағра салды, “Иә, перілер, қырғыл!” деп әмір қылды. Перілер хауарижларға қылыш ұрды, Қаһар илән Сейіт және қылыш ұрды. Қазан соққан жапырақтай бастар төгілді, Қан кеудені көтеріп, наһр болды. Хауарижларға һеш рақым қылмай қырды, Аман сұраса, оның сөзлерін тыңламады. Бір уақытта Сейіт хазіреті Хүкім малғұнға ұшырады, Бір адам Сейітбатталға хабар берді: – Бұ шаһарға келтірген Хүкім осы,– деді, Иә, Шаһ жиһан, танымассыз мұны,– деді. Сейіт сонда: – Әй, малғұн, білмедің бе? Халің нешік екенін аңладың ба? Сен халифа болар ма едің, әй, қарақшы? Саған лайық болар ма еді алтын тақты? Білермісің Пайғамбардың тақтысын? Бір қарақшы алар ма еді тәж, тақтысын? Хүкім сонда: – Әй, Баттал,– деп сөйледі, Қасад қылсам, өз мүлкіме келдім,– деді. Абамүслім азап илән тартып алды, Мұсылман болсаң, алып бергіл тақтысын. Сейіт сонда жиды иезидлерді, Ол бір малғұн, қиянатшы, залым ерді. Пайғамбардың нәсіліне қылыш ұрды, Қылған ісі басына оның келді. Құданың құдіретін аңласаңшы, Пайғамбардың нәсілінен ерлер шықты. Әһлі өлдінің өшлерін онан алды, Тақтысын нәсіліне алып берді. Аннан соң Хүкім малғұн күрзі алды, Сейітті ұрайын деп оңтайланды. Сейіт сонда көтеріп, жерге ұрды, Қолын байлап, Қафадарға оны берді. Антұр малғұн Сейітке һәм ұшырады, Қафадарға оны дахи байлап берді. Нағра салып, хауарижларға және кірді, Қаһарланып, анларға және қылыш ұрды. Уа және перілерге Сейіт: – Сақ бол!– деп әмір қылды, – Қашып кетіп жүрмесін, сақ бол!– деді. Әлқисса, жәрдем қылмай, хауариждың бәрін қырды, Елу мыңнан һешбірін жібермеді Хауарижлардың бәрін қырып, Сейіт келді, Халифа Сейітті көріп жаяу жүрді. Сейітке тағзым илән сәлем берді, Құшақтасып, Шаһ әулиенің көзін сүйді. Тамус сұлтан сахараға шатыр құрды, Отырып шатырында рахат қылды. Халифа илән Сейіт хазіреті және келді, Ғиззатлап Тамус сұлтанға көріс қылды. Тамус сұлтанға халифа көзін салды, Ғажаплап шұһрасына қайран қалды. Перізаты көрмеген жұмлалары, Сияпат шұһрасына тахсин қылды. Әлқисса, асап ішіп, жұмла рахат қылды, Сейіт енді: – Хүкім илән Антұрды келтір,– деді. Хилаф қылған жазасын көрсін,– деді, Бұнлардың терісін тірі сойғыл,– деді. Перілер тірсегінен ағашқа оның ілді, Терісін тірі сойып, азап берді. Тұлыбын сабан тығып, іліп қойды, Мүмінлердің ашуланған көңілі тынды. Енді Сейіт Тамус сұлтанға изин берді, Уағдаласып, аспанға Тамус ұшып кетті. Халифа Сейіт илән шаһарға келді, Қызын сүйіп, халифаның көңілі тынды. Әлқисса, нағра шалып, шаттық қылды, Пақыр илән дәруішлерге мал сарп қылды. Ол қыздың келгеніне халық қуанды, Сейіттің кереметіне бек қуанды. Әзін жаныб Тағзым илә сәлем беріп, жерді сүйді, Уа және халифаның алдына бір хат қойды. Ол хатты Сейіт хазіреті оқып көрді, Хатқа жазған сөзін жұмла білді. “Малатиядағы әмір Омар опат,– депті, Уа және Сейіттің һамайун қатыны опат” депті. Бұ сөзні естіп, беклер кеңес қылды: – Халифа қызын Сейітке берсе нешік,– депті. Әлқисса, халифа, беклер мақұл көрді, Сейітке неках қылып, қызын берді. Сейіттің бір ұғылын Малатияға әмір қойды, Абдулуаһапты сарғаскер және қойды. Малатияны екі ұғылына бағышлады, “Дұғашысы Абдулуаһап болсын,– деді. Мен баратын іс жоқ-дүр анда,– деді, Бұ күнде дұшпанлар мәлзам болды” деді. Әзін жаныб Енді Ыстамбол тарапы сөзі келді, Мәлзам болған дұшпанлардың бірі келді. Астур қайсардың екі ұғылы ерді, Бірінің есімі Такфур деген ерді. Қап тауынан Сейіт алып келген ерді, Ыстамболға падишаһ қылып қойған ерді. Бабек малғұн оны шаһид қылған ерді, Баян Бабектің бабында қылған ерді. Астурдың бір ұғылы Қанатус деген ерді, Қанатус сол мәжілісте жетіп келді. Ол Қанатус Сейітке келіп, басын қойды, Сейіттен ғұзыр қылып, тілек сұрды: – Иә, Шаһ жиһан, Сейітбаттал палуан,– деді, Рұмға қайсар қойғыл мені,– деді. Хараж салғыл мойнымызға біздің,– деді, Қанша салсаң өзіңіз білің,– деді. Жыл сайын келтірейін жанға,– деді, һеш қиянат қылмайын жанға,– деді. Сейіт сонда: – Мұсылман болғыл, бейшара,– деді, Қалмағыл жаһаннамның ішінде,– деді. Қанатус сонда: – Иә, Шаһ жиһан,– деп сөйледі, Жалғыз мұсылман болудан қорқам,– деді. Білерсіз Рұм халқы көп-дүр,– деді, Тәсілім болсам жалғыз, мені өлтірер,– деді. Әлқисса, Қанатустың ғұзырын алды, Рұмға Қанатусты қайсар қойды. – Енді мұсылманларға һеш қиянат қылмаң,– деді, Қиянат қылсаң, мен кім-дүр аңла,– деді. Қанатусты қайсар қойып, хатты берді, Қайсар болып Қанатус Рұмға кетті. Қанатустың қайсар болып көңілі тынды, Жыл сайын хараж беріп тұра берді. Әһлі ашқиялар қиянат мұсылманға қыла алмады, Сейіттен қорқып, мойынын бұра алмады. Жұмла әһлі исламлар енді шат болды, Хараж бірлән пақыр-пұқырлар ғани болды. Сейіттің сағадатлы дәулетіні, һәр жердегі әһлі исламлар көріп тұрды. Бұ қисса үшбу жерде тамам болды, Бір қаза Шаһ жиһанға тағы келді. Айтармын, иншалла, тағы оны, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылың енді. Оттан мінәжатласаңыз жаныңызды, Иләһым Салла алә Мұхаммед демек енді. Насырды назым жазған біз ғасы құлды, Дұғадан ұмыта көрмеңізлер сізлер бізді. Тыныштық ұғылының жазған сөзі, Дұға деп, назар қылған сізге көзі. Дүнияға келген жанлардың кетер өзі, Біліп айтсалар, артында қалар сөзі. Талай қалған бұрынғылардан нақыл сөзі, Ғалымдар өлсе, хаты қалар деген сөзі. Жиырма үшінші бап. Сұлтан Сейіт хазіретіні Тамус сұлтанның сиқыршы перілерден қорқып шақырғаны. Сейіт хазіреті ол сиқыршыларды өлтіріп келгені Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, “Пиғылымызды түзе” деп зарласалы. “Мұхаммед Мұстафа” деп сөз ашалы, “Салауат сәлем оған болсын” деп ашалы. Сұлтан Сейіт әулиенің хикметіні, Естімей жүргендерге білдірелі. Риуаят рауиларның сөзлеріні, Назым бірлән баян қылам сізлерге оны. Иләһым, дүзегей ерді көңілімізді, Айтарға туғры қылып сөзімізді. Сейіт хазіреті әһлі исламлардың ғимараты, Құйылған ғаріплердің мінәжаты. Шаһ жиһан бір бақшаны кезер ерді, Сол бақшада таң намазын оқып отыр ерді. Мұсылман жерлерінің патшалары, Анлар да Сейіт хазіреттен жәрдем сұрды. Уа және жерді сүйіп, тағзым қылды, Бір хатты Шаһ әулиеге ұсынып берді. Ол хатты Шаһ жиһан оқып көрді, Тамус сұлтан жазыпты оны білді. “Жүз мың сиқыршы дию бәрі келді,– дейді, Тоғыз ай болды, ол бізлерді қамалады. Оның бастығы Шамама Акфал деген,– дейді, Ол бізлерді хараб қыларға жақындады. Алла үшін келе гөр мұнда,– дейді, Жоқса, һәлак қылатын бізді” дейді. Мұны естіп Сейіт хазіреті пікір қылды, Перілерден: “Қанша жерлік?” деп сұрады. Перілер сонда Сейітке жауап берді: – Адам жүрсе, үш жылдық болар,– дейді. Бізлер қырық күнде барармыз мұнан,– дейді, Рақым қылып жүрсеңіз анда,– дейді. Көтерерміз біріміз сізді,– дейді, Біріміз көтерерміз қаруларыңызды. Біріміз көтерерміз азықтарыңызды, Көрерсіз жолда түрлі ғажаптарды. Әлқисса, үшбулермен Сейіт кетті, һеш адамларға білдірмей ұшып кетті. Бір күнлерде бір ғажап жерге келді, Мәскунаға бариз Ғафранның есі шықты. Ол жерді ғажап қылып, бұнлар түсті, Ол жерде рахат қылып, ниғмат ішті. Сейіттің үшбу жерге көңілі түсті, – Жаталық үшбу жерге бүгін,– депті. Перілер сонда: – Әй, Шаһ жиһан,– деп сөйледі, Үшбу жер жатарға болмас,– депті. Бұ жерді Тамус сұлтан білер ерді, Арзақ жәду Тамусты мұнан қуды. Үшбу жер бек қатерлі жер-дүр,– деді, Кетелік үшбу жерден тез біз,– деді. һәрқашан үшбу жерден жүрсек,– деді, Түнде жүріп кетер ердік бізлер,– деді. Сейіт сонда ант етіп, сөз сөйледі: – Бұ жерді сайран қылмай кетпен,– деді. Перілер көп жалынды, һеш болмады, Киік аулап, ол жерде рахат қылды. Бір күні Сейіт хазіреті ұйықтап ерді, Перілер қасындағы қорқып тұрды. Сол уақытта ауадан бір дию келді, Ол диюдың төрт басын бұнлар көрді. Оны көріп перілердің құты ұшты, Сейітті оята алмай жасырынды. Дию сонда: – Әй, Сейітбаттал, аяр,– деді, Жақсы пұрсат табылдың маған,– деді. Сейітті кемерінен тұтып алды, Көтеріп, аспан ара алып ұшты. Перілердің көзінен ғайып болды, Сейіттен үміт үзіп, көп жылады. Әлқисса, ол перілер ұшып кетті, Барып сұлтан Тамусқа хабар айтты. Тамус мұны естіп, зар жылады, “Аһ, Сейіт палуан,– деп көп жылады. Біздің үміт қылғанымыз Сейіт ерді, Енді нешік қылармыз?” деп жылады. Әзін жаныб Каһланды өлтіргені Енді Сейіт хазіреттің сөзі келді, Дию малғұн көкке шығып, нағра салды. “Сейітбаттал, талай қырдың диюларны, Оның қанын алармын сенен,– деді. Талай өліп, тірілдің бұрын,– деді, Оттың ішіне салайын сені,– деді. Сонда тіріліп көрмессің бұ дүнияны, Жақсы десең, барып көр ол дүнияны”. Сол уақытта Сейіт хазіреті көзін ашты, Өзіне пікір қылып, ақылын шашты. Құданы зікір қылып, зары қылды, “Иә, Мұхаммед Мұстафа,– деп тіленіп, жар қылды. Құдай-а, құдірет бер күш, Алла,– деді, Бұ лағинға ғалиб қылғыл мені” деді. Ол малғұнның төрт басында мүйіз болды, Сейіт оның мүйізінен махкам тұтты. Бір мүйізін жұлып алып, жерге атты, “Әй, лағин, жерге түс!” деп, нағра салды. Әлхасыл, төрт басында сегіз мүйіз, Сейіт жұлса, сырқырады оның басы. Сейіт оның мүйізінен айрылмады, Сейітті түсіре алмай, жерге түсті. Екісі үш күн күресіп, Сейіт жықты, Лағинның басын Сейіт кесіп алды. Ол малғұн сол уақытта нағра салды, Сайхасы жер мен көкті тітіретті. Сол уақытта Абрақ жәду жетіп келді, – Каһланды өлтірдің, Баттал,– деді. Рүстем қаһарман да ажиз ерді, Анлар да өлтіре алмай кеткен ерді. Сен келіп өлтіріпсің мұны,– деді, Мұның қанын сенен алмай қойман,– деді. Ол малғұн сиқыр оқып, топырақ шашты, Жаһанды қараңғылық қатты басты. Сейіт сонда Қызырдың дұғасын оқып ерді, Ол жәдудің сиқырлары батыл болды. Ол жәдуге қылышты ұрып ерді, Жәдуның бір қолын кесіп түсті. Сол уақытта ол қолын алып ұшты, Енді хамлә қыла алмай, қашып кетті. Сейіт енді Аллаға шүкір қылды, Аллаға сәна айтып, зар жылап, намаз қылды. Шаһ әулие ол жерден жүріп кетті, Жеті күнде бір шаһарға келіп жетті. Қабырғасының биіктігі ғажап ерді, Биіктігі аспанға таласар ерді. Қапуында екі арыслан тұрған көрді, Сейітке аузын ашып, хамлә қылды. Сейіт оның бір басын һәлак қылды, Бірісі ол Сейіттен қашып кетті. Сейіт хазіреті қапуға келіп ерді, Ол қапуда жазылған жазу көрді. “Әй, Шаһ жиһан, палуан Сейіт,– депті, Бұ мақамға келесің хош-хал,– депті. Бұ мәнзил – Таһмус патшасының қабірі,– дейді, Бұ қапудан сен ішке кіргіл,– дейді. Алдыңнан бір аждаһа келер,– дейді, Оны һәм өлтірерсің, палуан, өзің,– дейді. Уа және бір қапу бар алдыңда, жүргіл,– дейді, Сонда жазған жазуды көргіл,– дейді. Не сөз айтса, ол жазуды қылғыл, – дейді, Көрерсің ғажайыпты талай, палуан” дейді. Бұны оқып, Шаһ әулие ішке кірді, Алдынан бір аждаһа қарсы келді. Шаһ жиһан “тайығ зухаки” қылышын алды, Аждаһарды екі пәре қылып салды. Сол уақытта залымлары зайұл болды, Бір сарайды қарсысында және көрді. Оның және қапуында тақтаны көрді, Ол тақтада жазылған сөзді көрді. “Әй, Сейітбаттал, хош келесің мұнда,– дейді, Бұ мәнзил – Таһмус патшасының жері,– дейді. Бұ қапудан ішкері кіргіл,– дейді, Анда бар ғажайыпты көргіл” дейді. Сейіт сонда: – Ол қапудан кірдім, – деді, Төрт тарапқа назар салып көрдім, – деді. Ортасында тақыт Сүлеймен мисли,– деді, Үстінде бір табытты көрдім,– деді. Екі жағында екі табыт және болды, Ортасында қызыл алтын тақта болды. Ол тақтаға жазуды көп жазыпты, Ол жазудың оқыдым жұмласыны. “Иә, Шаһ жиһан, Сейітбаттал ғазы,– депті, Бұ мәнзилге келерсің хош-хал,– депті. Менім есімім – Таһмус патша,– депті, Жүз мың диюлар құл болды маған,– депті. Масхар көп перілерді қылдым,– депті, Патшалық көп дәурен сүрдім,– депті. Екі табыт ол менің уәзірлерім ерді, Астурлап кітабына маһир ғалым ерді. Мен сұрадым анлардан бір күн,– дейді, – һешкім мұнда келер ме?– деген ерді. Бұнлар сонда кітаптарын қарап ерді, – Сейітбаттал палуан келер мұнда,– дейді. Ақырзаманның Пайғамбары Мұхаммед болар,– дейді, Оның нәсілінен ол палуан туар,– дейді. Ол жүрмеген жер болмас һәркез,– дейді, Бізден соңыра ол мұнда келер,– дейді. Мен сонда: – Не үшін келер?– дедім ерді, – Тамус сұлтанға жәрдем үшін келер,– дейді. Каһлан дию аспанға алып ұшар,– дейді, Жерге алып, Сейіт ақыр түсер,– дейді. Сейіт ақыры өлтірер ол Каһланды, Уа және Абрақ жәду келер сонда,– дейді. Оның және бір қолын Сейіт кесер,– дейді, Қолын алып, ол Абрақ қашар,– дейді. Әлқисса, бұ сөзлерді жұмла естідім,– дейді, Сенің үшін бір қанжарды қойдым,– дейді. Ол қанжарда екі гауһар болар,– депті, Қараңғыны мұнаууар қылар,– дейді. Бас астында ол қанжарды алың,– депті, Жәдігер, сіз дұғада болғыл,– дейді. Сен мағрұр палуандыққа болма,– дейді, Бұ дүнияның опасы жоқ, жалған,– дейді. Бұ дүния талай жаннан қалған,– дейді, Соңында бір күн қалар ақыры,– дейді. Бір аманат сөзім бар саған,– дейді, Ұмыта көрмессің оны, жаным,– дейді. Аман-есен Мәдинеге барсаң,– дейді, Сәлем айтқыл Мұхаммед Мұстафаға бізден,– дейді. Шапағатынан ұмытпасын бізді,– дейді, Махшар күні болғанда, аһи” депті. Әлқисса, көп насихат ол айтыпты, Ол сөзді Сейіт естіп, көп жылапты. Шаһ әулие ол жерден тұрып кетті, Бұл қиуға жетіп келді. Ысқақтың шынжырын тұтып, төмен түсті, Ол қиудың түбіне барып жетті. Ол қиуыны сайран кезіп ерді, Қараңғыдан һеш нәрсе көре алмады. Мағлұм қанжар, гауһарды қолына алды, Қараңғыны мұнаууар қылып көрді. Жеті перілер шынжырлаулы отыр көрді, Сейітті көріп, аяғына басын қойды. – Садақа расул Алла,– деп сөйледі, Хош келдің, Сейітбаттал ғазы,– деді. Сейіт сонда: – Кім білдірді саған?– деді, Өздеріңді білдірші маған,– деді. Сонда бұнлар зар жылап, сөз сөйледі: – Бізлер – Тамус сұлтанның уәзірі,– деді. Абрақ малғұн бізлерді тұтып алды, Жүз жыл болды, бұ зынданға салып қойды, Бүгін түнде көп жылап жаттық ерді, Түсімізде Расул Мұхаммед хабар берді: “Сорлы, зарлық қылмаңыз енді,– дейді, Ертең мұнда Сейіт ұғылым келер,– дейді. Сізлерді халас қылар мұнан,– дейді, Уа және Тамус сұлтанға апарар” дейді. Шаһ әулие мұны естіп, пікір қылды. Аллаға сәна айтып, шүкір қылды. Анлардың бағ-бұғауын жұмла шешті, –Ол малғұнның жері қайда, көргіз?– деді. – Ол малғұнның білмейміз жерін,– деді, Бұ жерге келіп-кетіп жүрер,– деді. Сейіт сонда пікір қылып отыр ерді, Біріне-бірін соғып, һәлак қылды. – Әй, ғайыр, келдің бе мұнда?– деді, Абрақ жәду іздеткен сені,– деді. Бір қолын кесіпсің оның,– деді, Каһланды өлтіріпсің сен және,– деді. Оның үшін алайын,– деп хамлә қылды, Сейіт сонда жұмырық илән ұрып жықты. Уа және кеудесіне Сейіт шығып алды, – Тез мұсылман болғыл!– деп нағра салды. Сонда Сейіттің сөзін қабыл қылды, Уа және иман айтып, иқрар қылды. – Біз әуелде мұсылман перілер ерді, Онымызды Абрақ жәду қапуға салды. Үшеуімізді бұ залым хурр әйлады, Жетеумізді қорқытып, дінін бұзды. Ол алтаусын келтірейін сізге,– деді, Анлар һәм мұсылман болып ерер,– деді. Изин берді, ол анда ұшып кетті, Бір сағатта алтысын алып келді. Арасында біреуін Сейіт ғажап көрді, Жүзі раушан, толған айдай балқыр көрді. Сейіт оның ғажап қылып, атын сұрды: – Бұның аты – Каһрабан палуан,– деді, Атасы – дию, анасы жын мұның,– деді. Біздің сәруар сұлтанымыз осы,– деді, Тәдбирінде болармызлар мұның,– деді. Сейіт енді Каһрабаннан сөз сұрады: – Ол малғұндардың мәнзилдері қайда?– деді. Сол уақытта Каһрабан сөз сөйледі, Ғажайып көргендерін көп сөйледі: – Каһлан бек лағин, малғұн ерді, Абрақ жәду сиқырлыққа маһир ерді. Бұ жерге Рүстем илән Қаһарман келіп ерді, Ажиз қылып, өлтірмей кетіп ерді. Уа және хазіреті Әли келіп ерді, Сонда қорқып, ол залым ерді. Бір күнлері хазіреті Әли дүния салды, Оны естіп, ол және қайтып келді. Каһланды өлтіріпсің, сен, жақсы,– деді, Кесіп Абрақтың қолын,– деді. Ол малғұн афсүн оқып, қолын жазды, Оның бар Сағида атты қызы,– деді. Әгар оны мұсылман қылсаң, Шаһ уәли, Көп диюлар мұсылман болар сізге,– деді. Сейіт сонда: – Сұра,– деді,– ол малғұнды, Бұ күнде қайда болар малғұн?– деді. – Бұ күнде аңға кетті малғұн,– деді, Иншалла, тез келер мұнда,– деді. Сол уақытта бір нағра пайда болды, Жер-көкті тітіретіп, жетіп келді. – Әй, Сейітбаттал, ғайыр, ғажап, келдің бе?! Ажалың, ажалың айдап мұнда,– деді. Бір шынардың терегін суырып алды, Сейітті қаһарланып салып қалды. Сейіттің жолдастары үміт үзді, “Есіл ер һәлак болып қалды-ау!” десті. Сонда Сейіт кейін секіріп, кейін тұрып ерді, Шынар сонда балшыққа батқандай көрінбеді. Малғұн сонда мақтанып, сөз сөйледі: – Батталға сол керек,– деп сөйледі. Сейіт сонда қолтығынан шалып ерді, Қиярдай таза піскен екі бөлді. Малғұнның сиқырлығын тыңла енді, Кесілген жарты тәнін жұтып, сағы болды. Әлқисса, Сейіт хазіреті жетпіс екі бөліп ерді, һәр кесігін жұтып алып, сағы болды. Сол уақытта Абрақ жәду сөз сөйледі: – Әй, Баттал, бүгін ғазаңды қойғыл,– деді. Күн кеш болып,батты ғой қазір,– деді, Ертең саған келейін өзім,– деді. “Хош, болар” деп Сейіт оны қоя берді, Ол малғұн ләшкерлеріне қайтып кетті. Сейіт және жолдастарына келіп ерді, Перілер Сейіттің аяғын құшақтады. Бір шашмадан таһарат алып, намаз қылды, Уа және тағам асап, рахат қылды. Уа және сабах садық таң да туды, Самшылар ләшкер илән және келді. Бір дию мұнарадай көрініп келді, Мүйізі қарағайдай көрінеді. Сейітке нағра салып, сайха қылды: – Атамды өлтірдің бе, Баттал,– деді. Рүстем, Қаһарман да ажиз қылып ерді, Өлтірдің менім атамды нағып?– деді. Каһраба шаһ Сейітке һәм сөйледі: – Бұ келген – Каһланның ұғылы,– деді. Қолында тау мысалы оның күрзі, Ат қойған “дәлшәмшад” деп оны пері. Сейіт енді дәлшәмшадын тартып алды, Басынан айналдырып, қойып қалды. Сол халде ол малғұн көрдік болды, Жаһаннамның ішінен орын алды. Сейіт енді дәлшәмшадын қолына алды, Келіп ол диюларды ұра берді. Каһрабаның алты перісі һәм хамлә қылды, Әлқисса, төрт мың диюды хараб қылды. Сейітке және құп суретлі дию келді, Сол уақытта Каһраба шауып келді: – Иә, Шаһ жиһан, сақ бол, қабыл қыл бұған,– деді, Бұ келген – Абрақтың қызы,– деді. Аңсыз қалып, қаһар илән өлтірме,– деді, Мұсылман болса, пайдасы тиер мұның,– деді. Сонда ол қыз Сейітке келіп ерді, Жұмырық илән бір ұрып, оны жықты. Қолына қанжарын алып, һәм ұмтылды, – Тез мұсылман болғыл!– деп һәм ақырды. Қыз сонда ол Сейітке һәм сөйледі: – Каһрабанға берсең, мұсылман болам,– деді. Сейіт сонда ол қызға һәм сөйледі: – Хош болар, қалағаның болсын,– деді. Қыз сонда Сейіт хазіретке басын қойды, Сол жерде иқрар қылып, мүмін болды. Сейіт енді бұ іске бек шат болды, Құдаға шүкір қылып, дұға қылды. Сол уақытта диюлар қаптап ерді, Сейіт сонда дәлшәмшадпен ұра берді. Каһраба алты дию илән және қырды, Сейіт және нағра салып қаһарланды. Сол уақытта үш мың дию қырылыпты, Диюлардың ләшкерлері енді қорықты. Бір мың дию сол уақытта мүмін болды, Оны көріп, Абрақ жәду нағра салды. – Әй, саш гөмлек сенің ісің осы ма?– деді, Не үшін қылыш ұрдың бізге?– деді. Сол уақытта Каһрабаға Абрақ ұшырады, Көтеріп алып аспанға ұшып қашты. Каһраба сонда Сейітке сайха қылды: – Мені ұмытып кете көрме, палуан,– деді. Сейіт сонда диюларға әмір қылды: – Күшіңіз жетсе, жүріп алғыл,– деді. Мұсылман перілердің жұмласы қуып ерді, Құтқара алмай, жұмласы қайтып келді. Оның үшін Шаһ әулие бек қайғырды, Қыз сонда: – Қайғы қылма,– деп үгіт берді. Абрақ жәду ол менен қорқар,– деді, Каһрабаны өлтірмей сақтар,– деді. Сейіт хазіреті ол қыздан һәм сұрады: – Ол малғұнды табармыз қайдан?– деді. – Оның бар Саһил деген бір інісі, Мақамы Қап тауынан әрмен,– деді. Мұхиттың дариясында, жазирасында, Берік қылып салынған қабырғасы. Абрақ жәду сол жерге барған,– деді, Тұра алмас онан ғайр жерге,– деді. Сейіт енді такаффара қылып, ойға қалды, “Бармасам, хараб қылар оны,– деді. Каһрабаға бармасам мен мұнан,– деді, Оның көңілі қала-дүр менен” деді. Қыз сонда ол Сейітке сөз сөйледі: – Барған бірлән ол малғұн болмас,– деді. Оның бар мұхиттың дариясында бір сандығы, Болады-дүр оның ішінде оның жаны. Жер-көкке көгершін фатра құс мисли оның жаны, Қарасалар, оны таппас һешкім,– деді. һешкімнің қолы жетпес оған,– деді, Мәгәр Сүлейменнің жүзігі алұр,– деді. Сейіт сонда бұл іске қайран қалды, – Ол жүзікті табармыз қайдан?– деді. Қыз сонда: – Ол жүзікті мен білем,– деді, Ол жүзік сол патшаның қолында,– деді. Мен қызмет қылармын сізге,– деді, Апарармын Саһилге сізні бір күн,– деді. Әуелі Тамус сұлтанға біз баралық, Жәдулерден Тамусты құтқаралық. Андан соң тәдбирді біз қылалық, Алла қосса, әуелі біз баралық. Мұны естіп Шаһ әулие шат болды, Диюларға көтертіп, бұнлар ұшты. Әзін жаныб Диюлар аспан ара алып ұшты, Бір күнлері Зер шаһарына жетіп келді. Сейіт келіп, ол шаһарға көзін салды, Атырабында шатыр құрған ләшкер көрді. Шаһ уәли қасындағы диюларға әмір қылды, – Сізлер ауа жүзінде тұрғыл,– деді. һешбірісін жібермеңіз сізлер,– деді, Мен мүбараз қылайын жерде,– деді. Сейіт келіп бір биік тауға шықты, Қаһарланып бір нағраны салып қойды. Ол нағраның даусы ғажап болды, Жер мен көкті тітіретіп, тауды жарды. Акфәл илән Шамама есін танды, Тақтысынан жығылып, қайта тұрды. – Иә, ғажап, бұ сағиқа не-дүр?!– деді, Біздің кебі диюларды жықты,– деді. Акфәл сонда: – Бұл Сейітбаттал болар,– деді, Тамусқа жәрдем үшін келген,– деді. Тамус сонда естіді бұ дауысты, – Иә, ғажап, бұл – Сейіттің даусы!– деді. Сонда Тамусқа бір пері жауап берді: – Сейітті Каһлан жәду алып кетті. Алтауымен бірге болған,– деді, Не оқиға болған-дүр білмен,– деді. Тамус сонда: – О, Алла,– деп сөйледі, Сейіттен ғайрға бұ нағра болмас,– деді. Сол уақытта үш пері жетіп келді, Тамусқа тағзым илән сәлем берді. Тамустың аяғына басын қойды, Тамус сонда: – Мархабан, хош келдің,– деді. Сіз кеткелі бір жүз жыл болып ерді, Жаным, сізлер қай тараптан келдің?– деді. Анлар сонда: – Сұлтанымыз, тыңла,– дейді, Бізді Абрақ жәду ұрлап ерді. Апарып бір қапасқа салып ерді, Сұлтан Сейіт келіп, ол халас қылды. Каһлан илән ұғылын ол өлтірді, Абрақтың қызын мұсылман және қылды. Қырық мың мүмін қылып, мұнда келді, Қазір келіп, нағра салған Сейіт,– деді. Бұны естіп Тамус сұлтан шат болды, Тезлік илән ләшкер алып, тышыра шықты. Әзін жаныб Акфәл дию һайбат илән нағра салды, – Әй, Баттал, ажалың айдап келді,– деді. Төрт жүз батпан күрзісін қолына алды, Ләшкерлеріне “Қапта” деп әмір қылды. Диюлар сол уақытта қаптап ерді, Шаһ әулие қаһарланып нағра салды. Диюлардың көплері есін танып сандалады, Сейіт сонда қылыш илән қыра берді. Бір сағатта төрт мың дию қалды, Шаһ жиһанның бір қылын кесе алмады. Және Сейіт хазіреті Акфәлға ұшырады, Сейітке малғұн сөз сөйледі: – Әй, Баттал, аярлықты қылдың,– деді, Жаһанды хараб қылып болдың,– деді. Қаһланды өлтіріпсің анда,– деді, Оның қанын алармын сенен,– деді. Сейіт сонда қаһарланып қылыш ұрды, Екі бөліп, жаһаннамға Акфәлды жөнелдірді. Енді перілердің кәпір, мұсылманлары соғыс қылды, Сейіт сонда тамаша қылып тұрды. Аспаннан бұршақ кебі бас төгілді, Жаңбыр кебі уа және қан төгілді. Шамама сол уақытта Сейітке келді, – Акфәлды өлтірдің бе, Баттал,– деді. Мың жаныңнан қалдырман бір жаныңды, Ғайрлардай оңай көрме мені. Сейіт сонда: – Мұсылман бол, бейшара,– деді, Жаһаннамның ішінде қалмасын жаның,– деді. Ол малғұн үшбу сөзді тыңламады, Сейіт сонда қылыш илән салып қалды. Сол уақытта бір қолын кесіп түсті, Қолын алып, ол Шамама қаша берді. Ол малғұн аспанға ұшып қашып ерді, Артынан Рағид қойып кетті. Қыздың кеткенін Сейіт білмеді, “Ол қыз қайда кетті?” деп қайғы келді. Бір уақытта Рағид қыз жетіп келді, Шамама жәдуні қолын байлап, алып келді. Сейіт сонда Рағид қызға қайран қалды, Шамаманы келтіргенге бек шат болды. Шамамаға Сейіт: – Иман келтір,– деді, “Алла – хақ, Мұхаммед – хабиб Алла” дегіл енді. Шамама сонда: – Мың жыл ғұмыр сүрдім,– деді, Ғұмырымда есітпедім мұндай сөзді. Сейіт сонда перілерге: “От жақ” деді, Перілер отты жағып, оны салды. Малғұн от ішінде шыңғырады, Жаны шығып, жаһаннамға жөнелді. Бұдан соң Тамус, Сейіт көріседі, Бір-бірінен хал сұрасып шаттанады. Әлқисса, патша, беклер шаһарға келді, Тамусқа дұшпан болғандар және келді. Тамустың аяғына басын қойды, Мұтиғ болып, жұмлалары ықлас қылды. һәр жердегі басын тартқан залымлары Жұмласы Сейіттен қорқып, мұтиғ болды. Әзін жаныб Каһрабаны іздегені һәм Абрақты өлтіргені Әлқисса, ол шаһарда үш ай тұрды, Сейіт енді Рағид қызға сөз сөйледі: – Қаһрабаны ізделік енді,– деді, Нешік халас қылармыз оны?– деді. Рағид сонда: – Сіз захмат шекпе,– деді, Жүзікті келтірейін сізге,– деді. Сейіт оған: – Бұл ісің болмас,– деді, Өзім көрем жолда түрлі захматларды. Сонда Рағид жиырма мың ләшкер алды, Тамус сұлтан он мың ләшкер және алды. Диюларға азық, құралын ол көтертті, Жұмласы аспанға ұшып, сапар қылды. Бір күнлерде Қап тауына келіп түсті, Ол жерде түрлі ғажап жерді көрді. Топырағы күміс илән зағыпыран ерді, Шөптері миск ғинбар ислі ерді. Сол жерде рахат қылып бұнлар қонды, Рағид қыз Сейітке құп сөз айтады. Бір күнлерде Қаһлан, Абрақ келіп қонды, Мақсұдлары Саһил падишаға бармақ ерді. Түн ішінде үшбу таудан ләшкер келді, Анлар келіп, көп диюларды хараб қылды. Сейіт сонда: – Алла – кәрім өзі,– деді, Не бұйырса, қалағаны оның болар,– деді. Екіміз күзетелік бұ әскерлерді, Көрерміз не келген сонда,– деді. Әлқисса, күзетіп ол ләшкерді жүрген ерді, Рағид қыз бір уақытта ұйықтап қалды. Күзетіп Сейіт өзі жүрген ерді, Алыстан екі шұғыла шам көрінді. Алдынан Шаһ әулие барып ерді, Үш жүз аршын, қад қаматы дию келді. Көрінген екі шұғыла көзі ерді, Жарқырап, от мысалы жанар ерді. Басы бар мисли тамның төбесіндей, Қолы бар мисли шынардың ағашындай. Аяғы бар мисли пілдің аяғындай, Көрмеген һеш диюды Сейіт мұндай. Зәңгі сонда Сейіттен сөз сұрады: – Не мақлұқсың бұ жерге келген?– деді. Сейіт сонда: – Мен адамзат болам,– деді, Мен – Мұхаммед пайғамбардың үмбеті,– деді. Сейітті қаһарланып ұрып ерді, Күрзісі жерге барып, жатып тұрды. Сейіт сонда секіріп кейін тұрды, Уа және нағра салып, ұрып жықты. Ол зәңгінің кеудесіне мініп алды, – Тез мұсылман болғыл,– деп, нағра салды. Зәңгі сонда Сейітке сөз сөйледі: – Бір жұмырықпен мені жыққан кімсің?– деді. Кім боласың, асыл затыңды білдір?– деді, Менім кебі аждаһаны жықтың,– деді. Сейіт сонда кендүсті баян қылды, һәр ықылымларға жүргенін аян қылды. Зәңгі сонда: – Естір ердік сені,– деді, Ғашық болып жүр едім саған,– деді. Мұсылманлықты білдіргіл маған,– деді, Шын ықлас қыламын саған,– деді. Сейіт сонда ислам дінін баян қылды, Зәңгі сонда иман айтып, иқрар қылды. – Әлхамдулилла дидарыңды көрдім,– деді, Мұратыма еріштім,– деп шүкір қылды. Әй, палуан, сен сабыр қылып тұрғыл,– деді, Мен барып ләшкерлеріме келем,– деді. Жүз мың зәңгі хүкімімде менім,– деді, Жұмласын тәсілім қылам сізге,– деді. Шаһ жиһан Сейіт ләшкерлеріне қайтып келді, Рағид қыз Сейітке жүріп келді. – Ғафлат ұйқы келіпті маған,– деді, Дауысыңды естіп, мен келдім саған,– деді. Не іс көрдің, иә, сұлтан ғалым?– деді, Не себеплі нағра салдың, Шаһ жиһан?– деді. Сейіт сонда көргенін баян қылды, – Хонхар падишаны мұсылман қылдым,– деді. Ертең мұнда келе-дүр жұмла,– деді, Сол уақытта сабах садық таң да туды. Қырық мың ләшкер Хонхарша жетіп келді, һәр қиудан бір табақ жауһар берді. Сейіттің хозурына тағзым қылды, Жұмласы тәсілім болып, мүмін болды. Сейіт енді Саһилге жүрмек болды, Хонхарша: – Менде бірге жүремін,– депті. Сейіт аңа: – Хош болар, жүрерсің,– деді, Не қызметке барарсың анда?– деді. Хонхар сонда Сейітке жауап берді: – Саһилдің мен қызына ғашық,– деді. Ол қызының есімі Жаһил ерді, О дахи мені жақсы көрер ерді. Сізде хикметтің дәулеті болар,– деді, Сол қызды алып бергіл маған,– деді. Сізлер ілгері жүре тұрғыл,– деді, Барармын бір жағынан мен де,– деді. Әлқисса, пері илән диюлардың ләшкерлері Сейітті көтеріп алып, аспанға ұшты. Тастары лағыл, жауһар, маржан ерді, Шоқылары зағыпыран миск ислі ерді. Сейіт сонда сұрады үшбу жерді, Перілер сонда: – Қап тауынан өттік,– деді. Бұ жерді Харамабад дейді,– деп сөйледі, Падишасының есімін Саһил дейді. Сол көрінген тау артында шаһары,– деді, Бұ сөзді Рағид қыз айтып тұрды: – Сізлер енді бұ арада тұрғыл,– деді, Саһилге мен барайын енді,– деді. Саһил көнер сөзіме менім,– деді, Көнбесе, сіз келерсіз сонда,– деді. Әзін жаныб Бірнеше диюлар илән Рағид кетті, Саһилге бұнан бұрын хабар келді. Саһил мұны естіп, тышыра шықты, Рағидты көріп, ол сәлемдесті. Рағидты құшақтап, жүзін сүйді, Ғиззатлап сарайына алып келді. Алдына түрлі ниғмат, ас келтірді, Арап-шарап ішерге һәм келтірді. Қыз сонда ол ниғматтардан асады, Неше таклиф жалынсалар тыңламады. Саһил сонда Рағид қызға сөз сөйледі: – Сенің халің мағлұм болды,– деді. “Сейіт мұсылман қылған” деп естілді, Үшбу сөз рас екен, білдік енді. Баттал жолдан аздырған сені,– деді, Зынданға тез апарып салғыл,– деді. Рағидті зынданға салып қойды, Қасына ерген диюлары қайтып кетті. Сейітке бұнлар барып, хабар берді, Тамус илән Сейіт хазіреті бұны білді. Таң туғанша екілісі мәжіліс қылды, Сабах садық таң туғаннан соң, шаһарға жүрді. Саһилге “Баттал келді” деп хабар берді, Саһил сонда жүз мың ләшкер алып шықты. Майданға Саһил келіп, нағра салды, – Әй, Баттал, не үшін келдің мұнда?– деді. Ғайрлардан жеңіл көрме мені,– деді, Ажалың айдап келген-дүр сені,– деді. Ол енді афсүн оқып, топырақ шашты, Сейіттің ләшкерін зұлмат басты. Уа және ләшкерлерінің қолы байланды, Анларда дауыс қылар хал болмады. Сонда Сейіт Қызырдың дұғасын оқып ерді, Ол зұлмат ашылып, жарық болды. Уа және сиқыр оқып, оттар шашты, Сол уақытта көп диюлар отқа жанды. Сейіт және дұғасын оқып ерді, Оты сөніп, сиқырлары мәлзам болды. Саһил сонда Сейітке жетіп келді, Сейітті ұрайын деп күрзі алды. Сейіт оның күрзісін тартып алды, Күрзісін ләшкеріне лақтырды. Саһилге Сейіт бір жұмырық ұрып ерді, Мұғаллақ төбесінен ол жығылды. Кеудесіне шаһин кебі мініп алды, – Жоқ десең, басыңды кесем қазір,– деді. Сейіттің екі қыла алмай әмірін, Жатқан жерде иман айтып, мүмін болды. Тұра келіп, Сейітке басын қойды, – Сұлтаным, шаһарға жүр,– деп тағзым қылды. Сейіт сонда: – Хош әуел,– деп шаһарға келді, Уа және сарайларға көзін салды. Сарайлардың бинасын ғажап көрді, Кірпіштері алтын илән күміс ерді. Ортасында төрт тақтын және көрді, Аяқтары лағыл илән маржан ерді. Төрт гауһарны және көрді, Шұғыласы шамнан жарық көрінеді. Сейіт хазіретін ол тақытқа отырғызды, Алдына түрлі ниғматларды һәм келтірді. Сейіт сонда: – Бұ ниғматларды жемен,– деді, Мәгәр Рағид қызды келтірсең жермін. “Мархабан” деп, Рағид қызды алып келді, Уа және ол тақтыға отырғызды. Жұмласы асап ішіп, рахат қылды, Уа және мәжіліс қылып, хош сырласты. Бір уақытта Саһилдің ләшкерінен хабар келді. “Хонхар зәңгінің ләшкерлері келді” дейді. Саһилдің ләшкерлері қорқып келді, Саһилдің және қорқып, қаны солды. Сейіт сонда: – Бұ не хал?– деп сұрады, Сейітке Саһил патша жауап берді: – Біздің бір дұшпанларымыз болар,– деді, Зәңгілердің падишасы Хонхар,– деді. Өзі мықты, бір залым малғұн,– деді, Бақшамызға ләшкер илән келген,– деді. Сейіт сонда: – Қауіп қылмаңыз онан,– деді, Мен мұсылман қылғанмын оны,– деді. Бұны естіп, Саһил патша шат болды, Ол кеш ғайш-ғишратқа мәшғұл болды. Уа және сабах садық таң да туды, Хонхар зәңгі, қырық мың ләшкері жетіп келді. Сейітке ғиззат илән сәлем берді, Сейіттің аяғына басын қойды. Саһил және Тамус сұлтанды қонақ қылды, Ғажайып бақшаларын сайран қылып. Ол бақтың ішінде сарай көрді, Дийары алтын илән күміс ерді. Төбесін зүбәржадтан жапқан көрді, Ішінде түрлі ғажап хикмет көрді. Ішіне кіріп һәр адамлар қарап ерді, Машриқ, мағрибты заһир көрді. Сейіт илән Тамус сұлтан оны көрді, Хонхар зәңгі ғажайыпты бірге көрді. Сейіт енді Саһилден мұны сұрды: – Бұ сарайды кім салған, ғажап?!– деді. Саһил сонда бұнларға жауап берді: – Таһмус патша тылсым илән салған,– деді. Және Сейіт Саһилге сөз сөйледі: – Сізде екі қызметіміз болар,– деді. Саһил сонда: – Мархабан, хош сөйле,– деді, Бар болса қызметіңіз не алғыл,– деді. Сейіт онан Сүлейменнің жүзігін сұрды, – Бірісі, Хонхарға қызыңды бергіл,– деді. Саһил мұны естіп, көп пікір қылды, – Абрақ жәдуді өлтірермісің? – деп сұрады. Сейіт сонда: – Мұсылман болмаса, өлтірем,– деді, – Хош болар,– деп, жүзікті алып берді. Менім қызым саған қарындас болды,– деді, Кімге берсең, ықтияр сенде,– деді. Жеті күн Саһил падиша тойды қылды, Некелеп, Хонхар падишаға қызын берді. Жоғарғы төрт гауһар шамшырақ тасты Сейітке: “Жәдігер болсын” деп және берді. Әлқисса, Саһил падиша көп сыйлық берді, Енді патшалар шат болып, қайтпақ болды. Саһилмен уағдаласып, бұнлар жүрді, Аспанға ұшып, Хонхардың жеріне келді. Ол жерге бұнлар түсіп, рахат қылды, Хонхармен уағдаласып және жүрді. Жұмласы аспанға ұшып, сайран қылды, Ғажайып, түрлі алуан, бек көп көрді. Мұхиттан, алты дарияны өтіп ұшты, Бір күнлері Аутарының қаласына жетіп келді. Аутар деген бек сиқыршы патша ерді, Бұнлардан хабар естіп, ләшкерін алып шықты. Сейітке қарсы келіп тұра қалды, Қад қаматы жетпіс аршын болар ерді. Сейітке сайха қылып, сөз сөйледі: – Бұ жерге не үшін келдің?– деп сұрады. Сейіт сонда: – Мен – Сейіт,– деп сөйледі, Атаң жазған хат бар менде,– деді. Әуелі хатын оқып көргіл,– деді, Жұмла жазған сөзіні білгін,– деді. Жазған хатқа тәсілім болсаң,– деді, Маған да тәсілім болып, ергіл,– деді. Әгар тәсілім болмасаң маған,– деді, Сонда соғыс қыларсың маған,– деді. Бұны айтып, Саһилдің хатын берді, Ол хаттың сөзін оқып, Аутар білді. “Ұғылым, сен тәсілім болғыл Сейітке,– депті, һешкімнің халі жетпес оған,– депті. Қылыш тұта көрмеңіз оған,– депті, һеш мақлұқ шақ болмас оған” депті. Аутар хаттың сөзін жұмла білді, Сол арада көп пікір қылып тұрды. Сейіт сонда: – Неге тұрасың босқа?– деді, Иә, тәсілім, иә мүбараз қыл, қазір,– деді. Аутар енді мүбараз қыла алмады, Сейітке тәсілім болып, мүмін болды. Сейіт енді Аутарға разы болды, – Абрақ жәду қайда? – деп және сұрды. – Абрақ жәду аңға кетіп қалған,– деді, Ол дахи қазір мұнда келер,– деді. Шаһ әулие Каһрабаны және сұрды: – Ол қайда қазір, мұнда келтір,– деді. – Ол Каһраба қапуста жатыр,– деді, Сиқыр илән байлап қойған оны,– деді. Оны келтіруге болмай-дүр һешбір,– деді, Мәгәр оны Абрақтың қаны халас қылар,– деді. Әгар Абрақты өлтірселер һәркім,– деді, Қолын кесіп, қанына суартса,– деді. Сонда Каһраба халас болар онан,– деді, Падишаһ жиһан, біз білсек солай,– деді. Қыз илән Сейіт хазіреті жүрді,– деді, Дарияға келіп, жүзікті ұрды,– деді. Дейді Сейіт хазіреті: – Әй, теңіздің Тәңірісі! Сеңа мағлұм-дүр жұмла құлдың нидасы. Бізге бергіл жәду малғұнның жаныны, Кетірелік бұ әлемнен шарыны. Сонда дария құдіреті Алла жош әйлады, Бұнлардың қарсысына сандық келді. Сандықты Сейіт сонда алып көрді, Ішінде жатқан көгершінді ұстап алды. Сол уақытта Абрақ жәду жетіп келді, Жер-көкті тітіретіп, нағра салды. – Әй, Баттал, нешік келдің мұнда?– деді, Қалдырман мың жаныңнан бір жаныңды. Сейіт сонда: – Әй, малғұн, залым,– деді, Әуре болмай, тез мұсылман болғыл,– деді. Сендей малғұнды өлтіргенмін талай,– деді, Жаһаннамға жібергенмін көп малғұнды. Ол малғұн ол сөзні тыңламады, Сейітті ұрайын деп хамлә қылды. Сейіт сонда көгершіннің басын үзді, Абрақ сонда көктен жерге кеп түсті. Сейіт оның қолын кесіп алды, Каһрабаның қолына оны жағып ерді. Сонда Каһраба: “Иә, Алла” деп тұра келді, Сейіттің аяғына басын қойды. Сол жерде Каһраба көп жылады, Сейіт оған: “Жылама” деп көзін сүйді. Аутардың шаһарына келіп түсті, Бірнеше күн ол шаһарда қонақ болды. Аутармен уағдаласып бұнлар жүрді, Рағид қыздың шаһарына келіп түсті. Той қылып, Каһрабаға қызды берді, Мақсұдын екісінің хасыл қылды. Сейіт енді Тамус сұлтанға изин берді, – Мен баратын қызмет жоқ анда,– деді. Құдайым аман қылсын жұмламызды, Көңілімізден тастамай Мәуламызды. Ұмытпаңыздар һәм Мұхаммед Мұстафаны, Жұмла қуат бабамның мұғжизасы. Уа және Каһрабаға Шаһ әулие һәм сөйледі: – Мен енді өз жұртыма қайтам,– деді. Әлхамдулилләһи, дін дұшпаны тамам болды, Сізлер енді өз жұртыма жеткіз,– деді. Сонда бұнлар Сейітке көп жылады, “Енді қашан көреміз?” деп жылады. – Бізлер зұлматтың қапусында болар ерді, Шығардың ол зұлматтан нұрға бізді. Падишаһ жиһан, дұғадан ұмытпа бізді, Иқрар қылдық Хақ Мұхаммед Мұстафаны. Сәлем айтқыл, көрсең сәруар Мұхаммедті, Ұмытпасын шапағатынан біз ғаріпті. Енді Шаһ жиһан жұбатты үшбулерді, – Шапағат сұрасаңыз, махкам тұтыңызлар діндеріңізді. Құдайым аман қылсын сізді, бізді, Саламат ақырғы демде иманымызды. Әлқисса, уағдаласып сөзі бітті, Үш мықты диюларды әзірлетті. Бірісіне асайтұғын азық берді, Бірісіне қару илән жауһар берді. Бірісіне Шаһ әулиені көтертеді, “Хош бол” деп, аспанға ұшып кетті. Ғажайып-ғарайыпты көріп жүрді, Бір күнлерде Малатияға келіп түсті. Сейіт хазіреті диюларға рұқсат берді, Диюлар уағдаласып, қайтып кетті. Шаһ жиһан “иә, Алла” деп сада қылды, Жаранлары дауысын танып, қапу ашты. Ол шаһардан Сейіт кеткелі үш жыл ерді, Сейіттің қайда кеткенін білмес ерді. Абдулуаһап илән жаранлары жұмла келді, Сейіттің екі ұғылы және келді. Жұмласы Шаһ әулиеге көріс қылды, Хал сұрасып, жұмла істен хабар білді. Халифаға хат жазып, һәм жіберді, “Шаһ жиһан Сейіт аман келді” дейді. Халифа мұны естіп, шат болды, “Мен де сағындым, тез мұнда келсін” дейді. Халифаның жазған хаты келіп ерді, Шаһ жиһан оның сөзін оқып білді. Бағдатқа Шаһ әулие жүрмек болды, Малатияның халайықларымен уағдаласты. Шамшырақ төрт гауһарның небірсіні, Абдулуаһап сахабаға һиба қылды. Қалғанын халифаға алып жүрді, Халифа тағзым қып қарсы келді. Шаһ жиһан Сейітке халифа сәлем берді, Құшақтап, ғиззат илән және сүйді. Ғиззатлап сарайына алып келді, Түрлі ниғмат, ас ішіп, рахат қылды. Көргенін берәм-берәм халифа сұрды, Шаһ әулие көргендерін баян қылды. София бану халифаның қызы ерді, Ол – Сейіттің қатыны, көрерге мөштақ ерді. Сейіт келіп Софияға амандасты, Сау-саламат қосылып, шадлық тапты. Ләкин София жылап сөз сөйледі: – Ескендір ұғылың ғайып болды,– деп сөйледі. Халифаның қызы бір ұғлан туған ерді, Есімін Ескендір деп қойған ерді. Өзі жоқта ол ұғылы ғайып болған ерді, Оның үшін көп қайғы қылған ерді. Әлхасыл, ол ұғылыны таба алмайды, Бұ күнлері София дахи опат болды. Сейіт енді хаж қыларға сапар қылды, Хаж қылып, Мәдинеге келіп тұрды. Пайғамбарға зиарат қылып тұрды, Ләкин Ескендірді ойлар ерді. Бір күнлер Малатияға ләшкер келді, Ол келген диюлардан ләшкер,– дейді. Сейітке халифадан хабар болды: “Сіз келмесеңіз, Малатияны хараб қылар” дейді. Шаһ әулие хабар естіп тұра тұрсын, Ләшкерлерін ол жинап келе тұрсын. Бұ қисса үшбу жерде тамам болсын, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылсын. Ғасы құл мұны жазған сөзін қойсын, Сізлерден зары жылап, дұға сұрды. Дұғаңызды Хақ Тағала қабыл қылсын, “Әлхамдулиллаһи раббил аләмин” деп, тамам қылсын. Жиырма төртінші бап. Сейіт хазіретінің Ескендір есімлі ұғылы бес жасында ғайып болған, он беске келгенде табылғаны Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Салауат Мұхаммед Мұстафаға һәм башлалы. Ықылас илән тыңлаңыз сөзлерімні, Сейіттің қайғы қылған мұңларыны. Құла ағайында болғанның болар мұңы, Тафаккүр һәр пендесі қылса мұны. Қайғы жоқ, бір Алла деп білсең мұны, Көрсеңіз “Аллаһус Самад” деген аятты. Риуаят рауиларның сөзлеріні, Айтайын тағзым бірлән сізлерге оны. Сейіттің Ескендір деген ұғылы болды, Ол ұғылы бес жасында ғайып болды. Оның үшін Сейіт хазіреті бек қайғырды, Көп қарап, һәр ықылымлардан таба алмады. Ұрлаған Ескендірді перілер ерді, Онымен өшігіп кеп алған ерді. Сиқырлап, өз баласы қылып алды, Он жасында соғыстың ғылымын тамам білді. Он бес жасқа келгенде ғажап болды, Көргендер “Жүсіп сәни” деп қайран қалды. Бір күнлері Далфруз сиқыршы мәжіліс қылды, Көп перілер арақ ішіп, бірге отырды. Бірісі сонда Далфрузға сөз сөйледі: – Білермісің Сейітбаттал деген адамзатты? Ол сенің зүриятыңды жұмла қырды, Табынған пұттарыңды ол сындырды. Оған һешкімнің қуаты жете алмады, Жаһанды хараб қылды, – деп ол жылады, – Сенің халің нешік-дүр, патша?– дейді, Өш алатын күн болар ма, аһи?– дейді. Малғұн Далфруз бұнларға жауап берді: – Сізлер қайғы қылмаңызлар оны,– деді. Әскер жиып барармын оған,– деді, Қырамын мұхаммедилерді жұмла,– деді. Әлқисса, қырық мың ләшкер перілер жүрді, Келіп ол Малатияға жақын түсті. Ескендір қалам алып, қағаз жазды, Әуелі Нар-нұрдың есімін жазды. “Менім атым Ескендір – Далфруз ұғылы, Білмесеңіздер біліңіздер келіп бізді. Тұтып бергіл Сейітбаттал палуаныңды, Жоқ десеңіз, хараб қылармын жұмлаңызды”. Бұ хатты Оқас деген алып барды, Келіп, Абдулуаһапқа хатты берді. Абдулуаһап ол хатты оқып көрді, Ол хаттың жазған сөзін жұмла білді. Оқастың құлақ-мұрнын кесіп алды, – Ескендір деген кім болар, білмен,– деді. Қолынан не іс келсе, қылсын,– деді, Мен – Абдулуаһап сахаба, білсін,– деді. Оқас сорлы тоналып, қайтып барды, Есіткен, білген сөзін айтып барды. Оны естіп Ескендір ашуланды, Қаһарланып атына мініп, шаһарға келді. Сейіттің екі ұғылы атына мініп алды, Қырық мың әскер илән қарсы барды. Майданда Ескендір ер тұрып ойын қылды, Екі ләшкерлер Ескендірге қайран қалды. Уа және нағра салып, сайха қылды: – Мен Ескендір – Далфруздың ұғылы,– деді. Оның даусы жерді тітіретті, Мұсылманлар “Сейіт пе?” деп сөз сөйледі. Сейіттің бір ұғылы Әли майданға жетіп барды, Екісі жетпіс түрлі соғыс қылды. Ескендір сонда Әлиден сөз сұрады: – Кімнің ұғылы боларсың, білдір?– деді. – Менім есімімді сұрасаң Әли,– деді, Атам менім – Сейітбаттал ғазы,– деді. – Алай болса, әй, Әли палуан,– деді, Екіміз қарындас болалы қазір,– деді. Сені көрсем, махаббатым артар,– деді, Қимаймын өлтіруге сені,– деді. Біздің дінге кірсеңші, палуан,– деді, Жүрегім қайнар, сені көрсем,– деді. Сейіт илән өлтірсем халифаны, Хақ дін қайсы, кірелік соған,– деді. Әли сонда оның сөзіне ашуланды, Ескендірге қылыш алып, хамлә қылды. Ескендір сонда Әлиге қолын салды, Көтеріп ат үстінен-ақ алды. Апарып тау түбіне байлап қойды, Уа және майданға келіп, нағра салды. Сонда Сейіттің Нәзір атты ұғылы келді, Келіп ол Ескендірге сөз сөйледі: – Шыныңды айтқыл, әй, палуан, кімсің?– деді, Ұқсай-дүр мұсылманларға шұһраң,– деді. Хата болып жүрмесін жолың,– деді, Кім болар асыл нәсілің, білдір?– деді. Байларсың Сейіттің ұғылын неге?– деді, Сейіт есітсе, ол мұнда келер,– деді. Мың жаныңнан қалдырмас бір жаныңды, Көкке шығып қашсаң да онан,– деді. Ескендір сонда Нәзірден сөз сұрады: – Сен де Сейіттің ұғылымысың?– деп сұрады. “Бәлі” деп, Нәзір оған жауап берді, Асыл фасылын білдіріп қарап тұрды. Ескендір мұның сөзін туғры білді, Ықылас ол Нәзірге және қылды. – Сен менім дініме кірсең, әгар,– деді, Адамзатларға падиша қылам сені. Нәзір сонда: – Әй, Ескендір,– деп сөйледі, Менім бабам – ақыретке падиша,– деді. Бұ дүнияның патшалығын ол сүймейді, Атам Сейіт патшалықты һәм сүймейді. Жердің жүзін сайран қылып кезген ерді, Көп дұшпанлардың малын қырып алған ерді. Сонда да патшалықты ол алмады, Мұсылман қылып, өз жұртына падиша қойды. Әлқисса, екілісі көп сөйлесті, Екілісі дін хақында келіспеді. Екісі қылыш, күрзі бірдей алды, Екі нәубет болар соғыс қылды. Бір-бірінің қылын кесе алмады, Аттан түсіп, екісі күрес салды. Ертеңнен түске шақлы күрес болды, Екісі бірін-бірі жыға алмай, хамлә қылды. Сол уақытта бір тозаң пайда болды, Ол тозаң халифаның ләшкері ерді. Үш жүз мың ләшкер илән халифа келді, Шат болып мұсылманлар қарсы барды. Халифаның майданға көзі түсті, – Күрескен ол майданда кім-дүр?– деді. Мұсылманлар анларды баян қылды, Ескендірдің шұһрасын аян қылды. Ескендірдің әскерлерге көзі түсті, Қозғалып қуаттары жош айлады. Нәзірді сол уақытта байлап алды, Апарып тау түбіне оны қойды. Қайтып келіп, адамларға қылыш ұрды, һәркім ұшырасалар, қиярдай бөле берді. Ескендір және Абдулуаһапқа ұшырады, Оны һәм тау түбіне байлап берді. Әлқисса, жетпіс адамларды байлап алды, һеш адамлар Ескендірге шақ болмады. Уа және халифаға Ескендір ұшырады, Оны һәм байлайын деп оңтайланды. Сол уақытта бір сайха пайда болды, Келіп ол халифаны халас қылды. Халифа сонда жаранлардан сөз сұрады: – Бұ халде халас қылған кім-дүр?– деді. Жаранлар, білдіңіз бе сіздер оны? Сейіттің нағрасындай даусы,– деді. Сонда бұнлар халифаға жауап берді: – Ол келген – Хауарзамин палуан,– дейді. Сейіттің қарындасының ұғылы,– дейді, Есімі Мұхаммед палуан оның,– дейді. Халифа оның үшін дұға қылды, Халайықтар, әһлі ислам “әмин” дейді. Сонда Ескендір Мұхаммедке сөз сөйледі: – Әй, бейәдеп, сен кімсің?– деп сөйледі. Қолыма менім түскен аңым ерді, Айырдың не себеплі оны?– деді. Қолына күрзі алып, қаһар қылды, – Жер илән жексен қылам сені,– деді. Мұхаммедті ол сонда ұрып ерді, Мұхаммедтің күрзісін маниғ қылды. Әзін жаныб Уа және қылышын қолына алып ерді, Сол уақытта қырық мың ту көрінді. Жұмласы темір киген әскер ерді, һешкім оның ерлігін білмеді. Далфруз малғұн оны білер ерді, “Ол келсін” деп, хабарды берген ерді. Ол келген Ғауан фараң деген жүһүд ерді, Далфрузға жәрдем үшін келген ерді. Ол келіп мұсылманларға қылыш ұрды, Мұсылманлар екі тарапқа алаң болды. Сол уақытта Мұхаммед сөз сөйледі: – Иә, Ескендір, сенің ісің қалай?– деді. Өзің мұнда майданда тұрсың,– деді, Әскерің соғыс қылар анда,– деді. Ерлердің істері солай ма?– деді, Бұ істер қатынларда болар,– деді. Ескендір сол уақытта қатты ұялды, Ағзалары тітіреп ашуланды. – Әй, Мұхаммед, мен білмеймін Тәңірі Хақы, Бейәдеп кім екен-дүр келген тағы. Баралық сол әскерге бізлер тағы, Қыралық екіліміз ол ләшкерді Алла Хақы. Ескендір келіп, ол ләшкерге нағра салды, – Кімсізлер әдепсіздік қылған?– деді. Ғауан фараң Ескендірге жауап берді: – Далфрузге жәрдем үшін келдік,– деді. Сол уақытта Далфруз жетіп келді, – Жаным, мұны келтірген мен-дүр,– деді. Жәрдем бер деп шақырдым сізге,– деді, Бұнларға ашуланбағыл, ұғылым,– деді. Сонда Ескендір Далфрузға ашуланды, – Сен енді һеш сөйлемей жай тұр,– деді. Мен қашан жәрдем сұрадым сенен?– деді, Не себеплі сұрамадың менен?– деді. Әуелде шыққан ісің нешік ерді? Қайсарды халифа өлтірмек ерді. Уа және Сейітбатталды өлтірмек ерді, Андан соңыра, рубуғ мәскүнтке падиша болмақ ерді. Қайсардан не үшін жәрдем сұрдың?– деді, һеш сөйлемей, жай тұрғыл енді,– деді. Әлқисса, Ескендір Мұхаммед илән қылыш алды, Жүһүдлерге аш арысландай қырғын салды. Бір сағатта отыз мыңы өліп қалды, Ескендір Ғауан фараңды һәм өлтірді. Мұхаммед келіп жүһүдлердің туын жықты, Сел болып жүһүдлердің қаны ақты. Жүһүдлердің қалғандары кері қашты, Мұсылманлар оны қырып, малын жиды. Енді Ескендір Мұхаммедке изин берді, – Сен енді халифаңа барғыл,– деді. Үш күнкеше мүбараз қылман,– деді, Төртінші күн майданға келгіл,– деді. Мұхаммед өз әскеріне қайтып келді, Халифа Мұхаммедті құшақтап сүйді. Жұмласы отырысып, рахат қылды, Сейіттің ұғландарына және бек қайғырды. Әлхасыл, төртінші күн болып ерді, Екі әскер сап болып, қарсы тұрды. Майданға Ескендір илән Мұхаммед барды, Мұхаммедке Ескендір көп сөз айтты: – Иә, Мұхаммед, біздің дінге кіргіл,– деді, Адамзатқа падиша қоям сені, – деді. Мұхаммед сонда: – Иә, Ескендір палуан,– деді, Білерсің біздің діннің хақтығын. Өзің кір, біздің дінге, палуан,– деді, Болайын қызметінде мәңгі,– деді. Ескендір сонда Мұхаммедке жауап берді: – Кірер ердім, сенің дінің хақ-дүр,– деді. Жәдулер: “Мықты қорықты деп айтар” дейді, Тауқымет қылар халайықтар,– деп айтады. Мұсылманлардың абзалын көп айтады, – Көңілім сізді сүйер,– деп айтады. Иә, Мұхаммед, сабыр қылғыл қазір,– деп айтады, Жай тұралық, Сейіт келгенше,– деп айтады. Әуелі мен өлтірсем Сейітбатталды, Халас қылам Сейіттің ұғылыларын. һәр ықылымларға падиша қоям мен анларды, Андан соңыра, қабыл қылам ислам дінін. Әлқисса, Мұхаммедке көп сөз айтады, Шатырына Мұхаммедті алып барды. Енді Далфруз Ескендірге күмән қылды, “Мұсылман болмады ма?” деп ол қорықты. – Әй, ұғылым, саған не іс болды?– деді, Не үшін құрмет қылдың дұшпаныңды? Өлтірген ата бірлән қардашларыңды, Не себеплі құрметлеп сүйдің мұны? Ескендір сонда: – Иә, ана,– деп жауап берді, Бұнлардың жазығын білдір,– деді. Сейітбаттал өлтірді дерсің жұмласыны, Жазасыз өлтірмелік ғайрларды. Ертең мұнда Сейітбаттал келер,– деді, Хозурыңа әкелермін соны,– деді. Сейітті өлтірген соң, үшбулерді Қарындас қылам, дінге кірсе мұны,– деді. Далфруз сонда: – Бұ сөзіңіз болмас,– деді, Бұнлар һәркез өз дінін қоймас,– деді. Ескендір сонда бұнларға: – Жай тұр,– деді, Сөзің, ісіңіз болмасын мұнда,– деді. Енді Далфруз қорқып сөйлемейді, Ескендір: – Шарап келтір!– деп ақырады. Мұхаммед сонда: – Шарап ішіп болмас,– деді, Ол – біздің дінімізде харам,– деді. – Алай болса, тағам келтіргіл,– деді, Мұхаммед және: – Ол тағамнан жемен,– деді. Ескендір сонда: – Не үшін жемедің мұны?– деді, Ол сөзіне Мұхаммед ғазы жауап берді: – Қарындастарымыз тұтқында жатыр,– деді, Мен нешік тағам жеп, рахат қылам?– деді. Ескендір сонда: – Алып кел оны,– деді, Абдулуаһапты, Сейіттің екі ұғылымен алып келді. Әли мен Нәзір сонда сәлем берді, – Сәлеміміз әһлі исламға болсын,– деді. Күліп сонда Ескендір тұра келді, – Мархабан, қош келдіңіз, отыр,– деді. Жұмласы тағам асап, рахат қылды, Хош мәжіліс сөйлесіп, көп отырды. Мұны көріп Далфрузға қорқу түсті, “Сырымыз әшкере болар ма” деп қорықты. Үшбулер ақшам аса мәжіліс қылды, Мұхаммед уағдаласып, қайтып келді. Әзін жаныб Сейіт хазіреті Мәдинеден келер,– дейді, Халифа құрмет қылып қарсы барды. Көрісіп бір-бірімен хал сұрады, Ол жерде Әли, Нәзір көрінбеді. Сейіт хазіреті сұрады үшбулерді, Жаранлары баян қылды Ескендірді. – Күндіз сұхбат қыла-дүр бірге,– дейді, Түнде байлап қоя-дүр һәм анларды. Уа және баян қылды Ғауан фараңды, Мадақтап Ескендірдің қырғанын. – Ескендірдің біз көрдік қад қаматын, Ұқсаттық сіз мысалы шұһрасын. Сол уақытта Сейіт хазіреті пікір қылды: – Далфруз малғұн ұрлаған-дүр Ескендірді. Бұл пікірді көп ойлап, көп жылады, Аллаға мінәжат қылып ол жылады. “Жаратқан Қадір Мәулам өзің,– деді, Бұ сырды әшкере қылғыл бізге,– деді. Қартайып хал-қуатым кетті,– деді, Қуат-құдірет бір күш өзің,– деді. Өзіңнің хақтығыңды білдір,– деді, Бабамның дінін дағиф қылма” деді. Уа және Мұхаммедке салауат айтып, көп жылады, “Бұ ұғланды әшкере қылғыл” деп жылады. Бұны айтып Шаһ әулие ұйықтап қалды, Түсінде хақ Пайғамбар, Мұхаммед хабар берді: “Шүкір күшам сен, қайғы қылма,– дейді, Ол Ескендір – сенен туған ұғлан,– дейді. Харамзада Далфруз оны алған,– дейді, Сиқырлап, оны ұғлан қылған,– дейді. Сен оған хайла бірлән барғыл,– дейді, Хайласыз ол Ескендір болмас,– дейді. Қолына екі гауһарды бәнд қылып тақтың ерді, Ішіне дұға және жаздың ерді. Шаһид қылып, ол гауһарды көргіз,– дейді, Сонда нанар ісіңде саған” дейді. Мұны естіп, Сейіт хазіреті тұра келді, Тәбдил жаман киім киіп, жетіп келді. Ескендір шатырында отыр көрді, Әли, Нәзір екі жанында бірге көрді. Үшбу мәжіліс қылып отыр ерді, Оны көріп Сейіт хазіреті есін танды. Уа және есін жиып, тұрып ерді, Есітті Ескендірдің және сөзін. – Мен бір ғажап түс көрдім бүгін,– деді, Мұхаммед илән Әли Мұртазаны бірге,– деді. Ол маған: “Шүкір күшам, ұғылым,– дейді, Сен біздің нәсілімізде тудың,– дейді. Біздің ислам дінін қойдың,– дейді, Жәдулердің дініне ердің,– дейді. Сен – Сейітбатталдың ұғылы, білің,– дейді, Ағаларыңа нешік жапа бердің?– дейді. Сен енді батыл дінді қойғыл,– дейді, Атаңның аяғына жығыл” дейді. Ескендір Мұхаммед палуаннан бұны сұрды: – Мен мұсылман болдым,– деп иқрар қылды, – Бар ма еді Сейітбатталдың ұғылы?– деді, Есімін Ескендір деп қойған,– деді. – Бәлі, – деп Мұхаммед сонда жауап берді, – Халифа қызынан туған,– деді. Оның есімін Ескендір қойған ерді, Не пайда, ол Ескендір ғайып болды. Бес жасында ол Ескендір ғайып ерді, Оның үшін Сейіт хазіреті көп қайғырды. Мұны естіп, Далфруздан жауап сұрды: – Шын сөйлегіл, мен кімнің ұғылы?– деді. Далфруз мұны естіп қаны солды, Тітіреп ағзалары жауап берді: – Жаным, саған не нәрсе болған?– деді, Сенен ғайр ұғылым жоқ менің,– деді. Жағасынан: – Шын сөйле,– деп және алды, – Шын айтпасаң, басыңды кесем,– деді. Далфруз және жылап сөз сөйледі: – Сен менің жаным ұғылым,– деп сөйледі, – Сейітбаттал өлтірді ата-ағаларыңды, Сенен басқа қалдырмады һешбірін. Мұхаммедилер алдамасын сені,– деді, Рәсуа қылмасын мені,– деді. Сол уақытта Сейіт хазіреті кіріп келді, Ескендірді көрген соң, есін танды. Сол халде Далфруз сөз сөйледі: – Бұ жатқан – Сейітбаттал ғайыр,– деді. Жақсы пұрсат табылды, ұғылым,– деді, Бұ Батталды тез, ұғылым, өлтір,– деді. Зинһар аман бермегіл бұған,– деді, Мұның сорынан құтылсын әлем,– деді. Ескендір сонда Мұхаммедке қарап айтты: – Сен не жауап айтарсың бұған?– деді. Мұхаммед сонда Ескендірге жауап берді: – Бір адам аяғынан жүріп келсе,– деді, Хозурыңа ол келіп жатса,– деді. Бір палуан келіп, оны шапса,– деді, Жаранларға ол іс нұқсан,– деді. Екісі мұны естіп тұрған ерді, Сол уақытта Сейіт хазіреті тұра келді. Сейіт тұрып Ескендірге сөз сөйледі: – Иә, Ескендір, сен – менім ұғылым,– деді. Харамзада Далфруз сені ұрлапты, Сиқырлап, ол малғұн ұғыл қылыпты. Нанбасаң, екі қолыңды көргіз,– депті, Екі гауһар қолыңда болар,– депті. Өз қолыммен жазған мен дұға,– депті, Жоқ болса, майданға жүріп ұрыс,– депті. Сол уақытта Ескендір қолын созды, Екі білегінде екі гауһарды заһир көрді. Сейіттің өз қолымен жазған оқасыны Ескендір оны көріп, қайран қалды. Сол уақытта Сейітке басын қойды, Аяғын құшақтап және сүйді. Сейіт енді Ескендірді құшақтады, Уа және жүзін сүйіп, көп жылады. Әлхасыл, көңілін баса алмай, көп жылады, Есін танып, екілісі құлап қалды. Бұ сырлар халайықтарға әшкере, заһир болды, Бұны көріп, мұсылманлар есін танды. Сол уақытта Далфруз пұрсат тапты, Халайықтарға сиқыр оқып, топырақ шашты. Сол халде халайықтарды зұлмат басты, Адасып, халайықтар қатты састы. Сол уақытта Ескендірді алып ұшты, Аспанға жұмла сиқыршылар ұшып кетті. Бір уақытта Сейіт хазіреті ақылын жиды, Ескендір хозурында көрінбеді. Мұхаммед ғазы Сейіт хазіретке жетіп келді, Сейітке басын қойып, зар жылады. – Сізлер күшсіз талғанда, ол малғұн сиқыр шашты, Сонда зұлмат халайықтарды қатты басты. Сонда менім қуатым һеш болмады, Ол малғұн Ескендірді алып қашты. Мұны естіп, Сейіт және есін танды, “Аһ, дариға, ессіз-ау, ұғылым” деп жылады. Бұны естіп, жұмла мұсылманлар зар жылады, “Аһ, есіл Ескендір!” деп жылады. Хусусан, Мұхаммед хауарзамин бек жылады, “Аһ, бауырым Ескендір!” деп жылады. – Сізлер аман болыңыздар енді,– деді, Іздеймін Ескендірді жалғыз,– деді. Бұ дүнияның ләззаты харам болсын маған,– деді, Табуында Ескендірдің өлем,– деді. Құдайым, Қадір Сұбхан, сұлтан өзі, Не бұйырса, көрермін Мәулам өзі. Жұмла тұрған халайықтар үгіттеді, Халайықтардың сөзіне ол болмады. Халайықтармен уағдаласып, жүре берді, Жұмла тұрған халайықтар Мұхаммедке дұға қылды. Сейіт және: “Іздейін” деп сөйлеп ерді, Халифа илән халайықтар көп жылады. “Бұ күнде қарилық жасқа жеттің,– дейді, Сабыр қылғыл, тағдыр хада еткен,– дейді. Иләһым Қадір хада өзі,– дейді, Пендеге не бұйырса болар” дейді. Әлхасыл, Сейіт хазіреті сабыр қылды, Мәдинеге барып тұрарға сапар қылды. Шаһ жиһан Мәдинеге барып тұрды, һәр патшалардан халғаттар келіп тұрды. Мәдиненің халқына дәулет толды, Гуя пайғамбардың заманындай рахат толды. Енді тамам қылалы біз бұ қиссаны, Шығаралық көңілімізден көп құсаны. Иншалла, айтармын және Ескендірді, Құтылған Далфруздан себебіні. Сейіттің жақындаған өміріні, Айталық ақырғы қылған соғысыны. Айталық Мұхаммед Мұстафаға салауатты, Және Сейіт шаһ әулиеге айталық дұғамызды. Насырды назым жазған мен ғасы құлды, Дұғадан ұмыта көрме Тынышлық ұғылыны. Ассалату уассәләму иә рахмату лил аләмин, Ассалату уассәләму аләйка иә сайдал әууалина уал ахирин. Жиырма бесінші бап: Сейіт хазіретінің ақырғы өмірінде қылған соғысы, һәм жұмла жаранлары илән уағдаласқан баяны-дүр Бисмиллаһи хамд илән сөз башлалы, Салауат айтып, Мұхаммед Мұстафаға бағышталы. Салауат сәлем сенге болсын, иә, Сұлтан Нәби, Ұмытпағыл шапағатыңнан мен ғасыны. Шаһ жиһан Сейіт хазіретінің соғысыны, Хал жетпес енді мұны тамамлалы. Риуаят, нақыл илән айтылар тың сөзлеріні, Қадари хал назым бірлән баяндалы. Сейіт хазіреті Мәдинеде отыр ерді, Жаранлармен хош мәжіліс қылар ерді. Бір жігіт сәлем беріп, кіріп келді, Сейіттің қолын сүйіп, құрмет қылды. Ол жігіттің есімі Осман деген ерді, Малатияның шаһарынан келген ерді. Сейіт хазіреті халін сұрап, баянлады: – Әһлі исламлар аман ба?– деп аянлады. Осман сонда: – Иә, Шаһ жиһан палуан,– деді, Бұ күнде Қанатус қайсар бағи,– деді. Ғауаж фараңмен екісі қаулы қылды, һәр тарапқа хат жазып, әскер жиды. Малатияға елу, жүз мың ләшкер жүрді, Не уақиға болған-дүр білмен,– деді. Мұны естіп Сейіт хазіреті мәлүл болды, Мұсылманлардың халіне бек қайғырды. Шаһ әулие қайғы қылып, жатып ерді, Түсінде расул Алла Мұхаммед хабар берді: “Иә, шүкір күшам,сен мұнан тұрғыл,– дейді, Сен жылдам Малатияға барғыл,– дейді. Мұсылманлар бек зарлық қылды,– дейді, Сенің үшін бек интизар болды,– дейді. Сен барып жәрдем бергіл оған,– дейді, Сенсіз шара табылмас соған” дейді. Сейіт сонда: “Иә, көзім нұры, дадам,– дейді, Жасым тоқсан тоғызға келген,– дейді. Ғұмырымның ақыры жақын болды, Үмбетім топырағыңда қалмақ ерді. Дін үшін талай қайрат қылдым ерді, Алланың ризалығы үшін жүрдім ерді. Көп жапа кеше, күндіз көрдім ерді, Құрметіңді иә, Расул Алла, сақтап,– дейді. Қуарсың топырағыңнан мені,– дейді, Иә, Расул Алла, жазығым не-дүр” дейді. Бұны айтып Шаһ әулие оянады, Сәждеге басын қойып зарлады, жылады. “Иә, Иләһым, Қадір Сұбхан өзің,– деді, Жұмла халім өзіңе мағлұм,– деді. Перілік халім бұ күнде болып ерді, Кімге жетер хал-қуатым менім,– деді. Менім ардуым достыңның топырағы ерді, Қалуға жаным міскін арду ерді. Бұ жерден нешік қуды достың мені? Енді кімге айтармын арызымны?”. Сол уақытта әуеден әуез келді, Естіліп құлағына сада келді: “Иә, Сейіт, жүрек күшам, ұғылым,– дейді, Мені мажрух қылды ғой сөзің,– дейді. Мен саған ризамын, ұғылым,– дейді, Дін үшін қайрат қылдың талай,– дейді. Сенің топырағың Рұмда болар,– дейді, Мен сенің қасыңда болам бірге,– дейді. һәркімлер зиарат қылса саған,– дейді, Ол маған зиарат қылған болар,– дейді. Көп мұсылманлар жыладылар бұ түн,– дейді, Жұмла пайғамбар, әулиелер қылды зары. Жұмласы сенің үшін мұнтазары, Жұмласы хабар айта келді бәрі. Жаным, ұғылым, жәрдем бергіл соған енді, Сенсіз шара табылмас һешбір” дейді. Мұны естіп Шаһ әулие тұра келді, Аллаға шүкір үшін намаз қылды. Мәдиненің халайықтарына хабар берді, Жұмласымен бахилдасып, уағдаласты. Мәдиненің халайықтары зар жыласты, “Енді қашан көрерміз” деп көп жыласты. Әлқисса, мүбәрак сары атын ерлеп алды, Отыз алты қаруларын жұмла алды. Көзін сүйіп, ол атқа мініп алды, “Иә, Алла” деп Хақ жолына сапар қылды. Аллаға сәна айтып, зары қылды, “Иә, Мұхммед Мұстафа” деп һәм жылады. “Иә, ақ пір халімде бұ қалай сапар болды, Жұмла дәрменлердің дәсткері өзіңіз” деді. Аллаға мінәжат қылып, Шаһ уәли зары қылды, Көз жасын жайхун кебі жары қылды. Аллаға мінәжат қылып, Шаһ жиһан келе тұрсын, Енді Малатияның тарапының сөзі келсін. Әзін жаныб Малатияда Абдулуаһап сахаба отыр ерді, Мәжілісінде Сейіттің ұғылы бірге ерді. Сол уақытта бір адам сәлем беріп, кіріп келді, Есіткен, көргенінен хабар берді. Қанатус илән Ғауаж фараңнан хабар берді: “Сізлер мұнда отырсызлар ғапыл,– дейді, Тез ләшкеріңізді жинаңыз сізлер” дейді. Мұны есітіп, мұсылманлар әскер жиды, Сол шаһарда қырық мың әскер әзір ерді. Бағдадтағы халифатқа һәм хат жіберді, “Тез мұнда ләшкер илән келсін” дейді. Бахтияр халифа мұны естіп, ләшкер жиды, Дұшпанлар халифадан бұрын келді. Сейіт хазіретінің Әли, Нәзір екі ұғылы Төрт бөліп, қырық мың ләшкер құрды. Түн ішінде дұшпанларға хамлә қылды, Ғинаят Хақ Тағала қылып, көбін қырды. Уа және Абдулуаһап сахаба нағра салды, Түн ішінде бір тараптан қырғын салды. Ғауаж фараң Абдулуаһапқа артынан келді, Қараңғыда білдірмей, соғып кетті. Есіл ерге захмат еріш тұрды, Әскеріне қайтып келіп, шаһид болды. Мұсылманлар Абдулуаһапқа көп жылады, “Аһ, біздің дұғашымыз кетті!” десті. Әлхасыл, намазын оқып, дәфін қылды, “Инна лиллаһи уа инна иләйһи ражиғун” деп жылады. Андан соң сабах садық таң да туды, Дұшпанлардың көп ләшкері және келді. Көп ләшкер мұсылманларға келіп кірді, Сол уақытта мұсылманларды бұ да қырды. Әлқисса, мұсылманлар мәлзам болды, Түн болғанда тауға барып қорғалады. Дұшпанлар Малатияның шаһарына кірді, Шаһарды талқан қылып, көп бүлдірді. Дұшпанлар нағра салып, шат болды, Күн батып, һәрбір жерге қонып жатты. Әзін жаныб Мүшіріклер шат болып қона тұрсын, Енді Шаһ әулиенің сөзі келсін. Түн ішінде Шаһ жиһан шаһарға келді, Хараб болған шаһарды көзі көрді. Бір шашмадан Шаһ әулие таһарат алды, Намаз оқып, атына мініп алды. Құдаға сәна айтып, мінәжат қылды, “Иә, Иләһым, Қадір Сұбхан өзің,– деді. Мен бір дағиф болған пендең, – деді, Қуат берсең Қадірсің өзің” деді. “Иә, Алла” деп, Шаһ әулие нағра салды, Үш мәртебе қаһарланып, сайха салды. Иә, ғажап, бұ сайханың дауысыны, Көк түсіп, жер жарылған мисли болды. Бұ дауыс неше форсақ жерге жетті, Сахараның аңлары үркіп қашты. Хайуанлар қалтырап тұра алмады, Адамлары аяқ басып жүре алмады. Және Сейіт: – Қанатус, Ғауаж фараң қайда?– деді, Сізлер мені өлді деп білдің бе?– деді. Бұзыпсың уағдаңды сендер,– деді, Берейін сазайыңды сіздің,– деді. Қолына “тайығ зухаки” қылышын алды, Дұшпанларға шапқан шөптей қырғын салды. Мунадилдің сүңгісін және алды, Үшкіріп, дұшпанларды отқа жақты. Мұсылманлар Сейіттің даусын білді, Әли, Назір дұшпанларға қырғын салды. Таң атып, күн шыққанша соғыс болды, Халифа үш жүз мың ләшкер илән жетіп келді. Түске дейін екі ләшкер соғыс қылды, Күннің жүзі шаң басып көрінбеді. Сейіт сонда Ғауаж фараңға ұшырады, Ол малғұнды аты бірлән төртке бөлді. Сол уақытта аспан ара ғауға шықты, Қарасалар, Тамус сұлтан пері ерді. Жүз мың ләшкер перілер келген ерді, Анлар және дұшпанларға қылыш ұрды. Алма кебі жүһүдлердің бастары ұша берді, Дұшпанлар енді һәр тарапқа қаша берді. Ол соғыста һеш рахым бола алмады, Ұшырған жүһүдлерді қыра берді. Қанатус сонда көрінбей, қашып кетті, Алты жүз мыңнан бір мың шақ құтылды. Шаһ жиһан дұшпанлардың туын жықты, Жұмла ләшкерлер Малатияға кіріп келді. Сейітті көріп, халифа аттан түсті, Ғиззатлап ол Сейіттің қолын сүйді. Тамус сұлтан сахараға шатырын тікті, Келіп ол шатырында рахат қылды. Тамус сұлтанға Сейіт илән халифа келді, Ғиззатлап ол сұлтанға көріс қылды. Мұсылманлар дұшпанларының малын жиды, Бұзылған Малатияны ғимарат қылды. Енді Абдулуаһап сахабаны қайғы қылды, Хатым Құран оқытып, мал сарп қылды. Сейіт хазіретінің Қауым Қабилса илән уағдаласқанының баяны-дүр Бір ұлық мәсжидті һәм салдырды, Жұма оқырға мінбарға Сейіт шықты. Халайықтарға Шаһ жиһан уағыз айтты, Уағызын есіткендер есін танды. Шаһ жиһан намаздан фариғ болды, Мінбарға қайта шығып, уағыз айтты. Сейіт енді бір ғажайып сөз сөйледі: – Ғұмырымның ақыры болды,– деп сөйледі. Әй, халайықтар, тыңлаңыздар сөзлерімді, Нұрларыңа мен тіктім көзлерімді. Енді көрер күн болмас мен сізлерді, Қауым, қошым көрмессіз енді бізді. Сізлерден көп татқанмын тұз-ау, дәмді, Сізлер халал қылдыңызлар үшбулерді. Жаһан кезіп, мұқаттым дұшпанларды, Сарп қылдым дін жолына қуатымды. Алла үшін сарп қылдым мал-мүлкатты, Сізлер үшін көп көрдім машақатты. Алла үшін мен қойдым рахатты, Алла үшін мен көрдім машақатты. Енді ғұмырымның ақыры жақын болды, Әлфирақ әлфирақы сапарының уақты болды. Әлуадағ әлуадасы әлфирақ иә, әһлі жары, Истаудағ дінім әлуадиғ иә, әһлі жары. Иә, әһлі ислам, махкам тұтқыл дініңізді, Дұғаңыздан ұмыта көрмегіл және бізді. Ұлық-кішік адамлары мұны білді, Мисли қиямет күн болғандай зар жылады. Халифаға тапсырды екі ұғылыны, – Назарыңнан тастай көрмең сізлер мұны. Уа және Тамус сұлтанға сөз сөйледі: – Сіз һәм халал қылыңыз қызметіңді. Көп ізгілік көрсеттің маған,– деді, Көп дұшпанымды қорқыттың және,– деді. Жеті дариядан өткіздің мені,– деді, Сол себеблі өлтірдім дию, сиқыршыларды. Дүния ақыретте халал қылғыл жұмла сені, Иләһым, қабыл қылсын қызметіңді. Уа және бір аманат алғыл, менім сөзімді, Ескендірге хабардар сал көзіңді. Іздеткіл Далфруз сиқыршыны, Иншалла, сен көрерсің Ескендірді. һәм Мұхаммед, шүкір күшам ұғланымды, Қалдырмағыл қатарыңнан және оны. Тамус сұлтан бұ сөзге зары қылды, Гауһар кебі көзінен жары қылды. – Иә, Шаһ жиһан, Сейіт сұлтан, ғазы,– деді, Саған жәрдем бергіш Сұбхан Ғани,– деді. Менен жәрдем болған жоқ саған,– деді, Сенен жәрдем көп болды маған,– деді. һалал жәдуны өлтірген өзің,– деді, Мал-мүлкатын алып бердің маған,– деді. Рағид жәдуны өлтірдің және,– деді, Және өлтірдің Акфал илән Шамама сиқыршыны. Арзақ илән Абрақ қайыршыларды, Уа және төрт басы бар Каһлан малғұнды. Уа және бек қисапсыз малғұнларды, Жұмласын халал қылған өзің, – деді. Мен сенің талай көрдім қайратыңды, Құданың саған берген ғинаятын. Дүния ақыретінің сұлтаны иә, шаһым,– деді, Жаным құрбан сенің үшін болсын,– деді. Менің үшін бір дұға қылғыл енді, Сенің дұғаң – хақ, қашанда мақбұл,– деді. Шаһ жиһан Тамус үшін дұға қылды, Көп сөз айтып, екілісі уағдаласты. Уа және халифаға Шаһ әулие рұқсат берді, “Сен дахи отаныңа барғыл,– деді. Иләһым Қадір Сұбхан, Мәулам өзі,– деді, Әһлі исламлар қуат, құдірет берсін” деді. Ұғылына раһбаны Уа және ұғландарына насихаттар және айтты: – Әй, қурратул айни, көздерімнің нұры,– деді. Сізлер енді тыңлаңыз сөзлерімді, Жыламақтан тыйыңыз көздеріңді. Сізлер менен алыңыздар ғибратты, Нақыс қылып жүрмеңіз ғибадатты. Досты қылып сенбеңіз бұ дүнияны, Сізлер дахи көрерсіз ол дүнияны. Білсеңіз бабаларының жолдарыны, Сүймеді бұ дүнияның малдарыны. Сарп қылды дін жолына халдеріні, Аямай Хақ жолына жандарыны. Атаң сенің не қылды, білдің бе оны, Дін жолына сарп қылған қайратыны. Күн-түн жүріп, көп көрді машақатты, һеш нәпсіге қылмадым рахатты. Сізлер және сүймеңізлер бұ дүнияны, Сүйіңіз бір жаратқан Аллаңызды. Сейіттің жұмла есітті сөзлеріні, Халайықтарының жас алды көздеріні. Сейіттің тыңлау қайда сөзлеріні, Болмадылар жиылғаннан кендүсіні. Мисли қияметтің күні болған болды, Халайықтар сайха қылып, көп жылады. “Аһ дариға, Шаһ жиһан!” деп жылады, Әһлі исламлар шуылдап, көп жылады. Сейіттің һешкім сөзін тыңламады, Халайықтардың басы төмен, жылай берді. Мұны көріп мінбардан Сейіт түсті, Ұлық-кішік жаранлармен көріс етті. Әзін жаныб Сейіт енді Қанатусты: – Қайда?– деді, Білген бар ма, ол малғұн қайда барды? Анлар сонда: – Біз хабарын білдік,– дейді, Ол малғұн мәсиханың шаһарына барған,– дейді. Ішке кіріп, қапуды жапқан,– дейді, Мың кісі күзетші қойған,– дейді. Оны естіп, Сейіт хазіреті уағдаласты, Мәсиханың шаһарына жалғыз кетті. Көп халайықтар артынан жылап қалды, “Енді қашан көрерміз” деп зарлық қылды. Мың кісі күзетшіні көзі көрді, Сейіт хазіреті мәсиха шаһарына жетіп келді. Сейіт сонда анларға нағра салды, – Қайсар малғұн Қанатус қайда?– деді. Уағдасын не үшін һәлак қылды? Мұсылманларға жәбір, жапа не үшін берді? Мен келдім жалғыз өзім мұнда,– деді, Палуан болса, ол маған шықсын,– деді. Тек шықпаған тәнінде жаны тұрды, Не жүз бірлән ол малғұн шықсын енді. “Не қазаға ұшырадым?– деп жылады, Баттал маған қиямет болды” деп жылады. Қайсар сорлы зар қылып жылап ерді, Шыдамай бір мың ләшкер ұрыс қылды. Сейіт хазіреті ол ләшкерді үш күн қырды, Қалғаны шаһарына қорқып кірді. Уа және Сейіт хазіреті ол ләшкерді үш күн қырды, “Әй, малғұнлар, ләшкерің болса шығар!” деді. Дұшпанлар ол шаһардан шыға алмады, Қапуын шаһарының берік қылды. Сейіт енді ол шаһарға кіре алмады, Таулардан тастар теріп лақтырды. Ол тас тисе, адамларды һәлак қылды, Адамлар өрген қойдай қаша берді. Тас кебіттің ішіне кіріп алды, Қорқып, ас-суларын іше алмады. Және Сейіт үлкен тасты қолына алды, Ысқақтың шынжырына байлап алды. Бұның бірлән лақтырып және қырды, Есігін сарайлардың һәм құлатты. Уа және кері тартып алып ерді, Қорғанның бұрыштарын һәм құлатты. Бұны көріп дұшпанлары бек қорықты, Хат жазып, Ыстамболға хабар кетті. Мажыра көргенлерін жұмыла баян етті, “Бізні хараб қыларға жақынлады”. Ыстамболдан он мың ләшкер жиналыпты, Келерге ол Сейіттен сақтаныпты. Сейіт хазіреті үш күн, үш түн хамлә қылды, Қорғанның іштеріне тас толтырды. Табарик сол уақытта бек шаршады, Түс уақтында бір тасқа басын қойды. “Бір рахат ұйықтайын мұнда,– деді, Аман тұрсам, бір әрекет қылайын бұған,– деді. Күнде жұмыс қылғанша бұған,– деді, Бұ қорғанның бұзайын бір жеріні”. Бұны айтып Шаһ жиһан ұйықтап қалды, Құдадан тағдыр болар уақты келді. Құданың тағдыр қылған себебіні, Айтайын әй, жаранлар, тыңла мұны. Әзін жаныб Сейіт хазіретінің опат баяны Қанатус қайсардың бір қызы болар ерді, Сейіттің хақ дініне ғашық ерді. Сейітті там басынан көзі көрді, Көңіліне ғашық оты жош әйлады. һәр тарапқа назар салып қарап ерді, Көп ләшкерні түнделетіп келер көрді. Қыз сонда оны көріп “аһ” деді, “Шаһ сұлтан ғапыл жолда жатыр,– деді. Үстіне үшбу әскерлер келсе,– деді, Аман бермей, өлтірер аһ,– деп жылады. Аһ, дариға, қайтіп білдірем мұны,– деді, Сайха қылсам, рәсуа қылар дұшпан мені”. Әлқисса, бір ақ тасқа хатты жазды, “Үстіңе дұшпан келер, тұрғыл,– дейді. Мен сенің хақ дініңе ғашық,– дейді, Бұ сөзім жалған емес, садық” дейді. Бұны жазған тасты тастап ерді, Сейіттің жүрегіне келіп түсті. Құданың құдіретін көргіл енді, Ол тастан себеп болып, шаһид болды. Алланың құдіретін көрдіңіз бе? Ғибрат ол Сейіттен алдыңыз ба? Сейітке Ғақба малғұн ағу берді, Аржистің қиусына қайсар салды. Ішіне көп аждаһаның келіп түсті, Тас байлап, дарияға Бабек салды. Жеті қат жер астына барып түсті, Мақұлықларды адамлар көрмес көрді. Перілер аспанға алып оны ұшты, Аспанда соғыс қылып, жерге түсті. Жәдулер сиқыр оқып, отты шашты, Зұлмат қараңғылық талай басты. Жұмласына Хақтан жәрдем болып ерді, Сейіттің бір қылына кәр қылмады. Құдадан тағдыр тамам болып ерді, Тобықтай тас Сейітке қаза болды. Білсеңіз ғибрат сөз қанша болды, Көңіліне тауфиқлының сәна толды. Жоғарғы ғашық қызының сөзі келіп, Тыңлаңыз ғашық қызының қазасын. Қыз пақыр тасын тастап тұрып ерді, Сейіттің тәсілім болған халін білді. – Әй, ата, рұқсат бергіл маған,– деді, Келтірейін басын кесіп саған,– деді. Қанатус сонда: – Ол Баттал – аяр,– деді, Хайла қылып жатпасын, сақ бол,– деді. Қыз сонда: – Нар-нұр дәулет қылар,– деді, Мен білдім кәміл ұйықтап жатыр,– деді. Мен барып келтірейін басын,– деді, Сіз рұқсат берсеңіз қазір,– деді. Изин берді, қыз барып қапу ашты, Тышыра шығып, Сейітке жетіп барды. Қыз келіп, ол Сейітке көзін салды, Қараса, тағдыр Алла болған көрді. Қыз енді аһ ұрып, зар жылады, “Маған нәсіп қылмаған Алла” деді. Қыз тұрып, сол уақытта пікір қылды, “Өзімді өлтірейін, – деп ойлады. Бұ дүнияда мақсұдым болмады, Хақ қосса, қосылармын сонда” деді. Қанжарының сабын Сейітке қойды, Өзінің жүрегіне ұшын қойды. Үстіне қайрат илән құлап ерді, Ішіне қанжар кіріп, о да өлді. Құдадан тағдыр болса, сондай болды, Сол жерде екілісі шаһид болды. Жан ғазизі Сейітке уасыл болды, Мұны көріп бір мүмін риуаят қылды. Сейіттің ат-құралы сол жерде ғайып болды, Ол да ғайып жерден алған ерді. Сол уақытта желдәрім бұлт шықты, һайбат бірлән жел есіп, жаңбыр жауды. Топан кебі жаңбыр жауып, сулар ақты, Бұнлардың тәндерін мастур етті. Сол уақытта Ыстамболға қайсар қашты, Сейіттің өлі-тірісін білмей қашты. Ол шаһарда бір адамлар қалмай қашты, Қисабсыз мал-мүлкатын тастап қашты. Әзін жаныб Сейіттің ұғылының іздеп келгені Банағы қызының көрген әскерлері, Сейіттің Әли, Нәзір ұғылы ерді. Ол екісі мың ләшкермен келген ерді, Мақсұды атасының дидары ерді. Бұнлар келіп шаһарларны аралап ерді, Иесіз қалған шаһарды бұнлар көрді. Не қыларын біле алмай, қайран қалды, Сол жерде зары жылап бұнлар тұрды. Сол уақта бір адам жетіп келді, – Иә,шаһзадалар, жыламаңыз сізлер,– деді. Атаңыздың мен айтайын жайын,– деді, Құлақ салып тыңлаңыз, сізлер енді. Банағы жоғарғы сөзні бұнларға баян қылды, Атасының мажырасын бұнларға аян қылды. Оны естіп, шаһзадалар зар жылады, Шын сөз деп, үшбу сөзге нана алмады. Әлқисса, зар жыласып, ұйықтап қалды, Түсінде Сейіт хазіреті хабар берді. Шаһ әулиені ақ жорғаға мінген көрді, Басында тәж, ұжмақ ішін кезер көрді. “Әй, шүкір күшам, көзімнің нұры,– дейді, Дүниядан іздемеңіз сізлер мені. Ол дүниядан мен сапар қылдым,– дейді, Құданың дидарына бардым,– дейді. Құдайым риза болды маған,– дейді, Ұжмақтан жақсы орын алдым,– дейді. Мен сізлерге жәрдемші мұнда,– дейді, Сізлер саламат болыңыз анда,– дейді. Ғазилық парызы Алла қылың,– дейді, Нәпсінің мұратына ермен,– дейді. Мағрур палуандыққа болмаң,– дейді, Дүнияны досты біліп сүймең,– дейді. Алланың ризалығынан ғапыл болма, Ғапыл болып, нәпсі шайтанға сізлер ұйыма. Пақырларға хақарат илән көзің салма, һешбір мүмінлерді ренжітіп, хақын алма. Ғалым илән дәруішлерден ғапыл болма, Дұға алмай, анлардан мақрұм жүрме. Жетім илән тұлдардан дұға алғыл, Қай орында мұқтаж көрсең, көңілін алғыл. Анларға хайыр-ихсан беріп жүргіл, Халің жетсе, Мекке, Мәдинеге барып жүргіл. һәр жақсыларға мүшәура қылып жүргіл, Мүшәурада өкініш болмас мұны білгіл. Менім айтқан сөзімні қылып жүрсең, Ғұмырыңызға берекет болар, мұны білсең. Ғалым, ғұлама көргенде құрмет қылсаң, Құрметлеп ол ғалымлардан дұға алсаң. Жүзлеріңіз ақ болар мұны білсең, Екі дүнияда мұқтаж қылмас, бұны білсең. Әлқисса, көп насихат бұнларға айтты, “Хош бол” деп ұғылына ғайып болды. Сол уақытта үшбулер тұра келді, Көрген түсін берәм-берәм баян қылды. Оянады ұйқысынан екілісі, Төгілді су мисалы көзде жасы. Түсін айтып жыласты екілісі, Екісінің бірдей болды көрген түсі. Көп жылап отыр ерді екілісі, Сол уақытта насихат айтты екілісі. “Жыламақтан іс бітпес, жаным,– десті, Алланың қалағаны болар” десті. Әлқисса, жұмлалары шаһарға келді, Иесіз қалған мал-мүлкатты жұмла алды. Шаһ әулиенің дүниядан көшкен сиясаты, Көп пақырларды бай қылды кереметі. Бір күнлері Малатияға бұнлар келді, Сейіттің сапарынан хабар берді. Естіп, Малатия әһлі зар жылады, Хатым Құран оқысып шуылдады. Уа және халифа хазіретіне хат жазып, хабар берді, Халифа естіп үш күн һәм жылады. Енді халифа Сейіт үшін мал сарп қылды, Хатым Құран оқытып, пақырларға ас жегізді. һәр шаһардан әһлі исламларға хабар берді, Есітіп әһлі исламлар көп жылады. Әһлі ислам һәр шаһардағы қаза қылды, Оқысып хатым Құран, мал сарп қылды. Пақыр илән дәруішлер дұға қылды, Қолында бір пұлы болса, садақа қылды. Сейіттің талай көрген дәулетіні, Ижтиқад мұқтарынша мал сарп қылды. Ғалым-ғұлама, тәлиб-тулабалар көп жылады, Жұмласы ықылас илән дұға қылды. Аллаға сәна, Мұхаммедке салауат айтты, Сейіт хазіретке дұға қылып “әмин” десті. Біз дахи салауат оқып, Мұстафаны жад қылалы, Шаһ әулиеге дұға оқып бағышлалы. Сұлтан Сейіт хазіретінің ғазасыны, Қадари хал назым қылдым баяныны. Кім тауысар ол сұлтанның ғазасыны, Қысқарттым асан тілмен аяныны. Сейіттің жеті жылда ғаза кітабыны, Білдірдік қазақ тілмен сізге мұны. Бұ жерде тамам қылдым Сейіттің кітабыны, Иншалла, енді баян қылам Ескендірді. Ескендір Шаһ Сейіттің ұғылы ерді, Арманда шала көріп қалған ерді. Қиссасы жоғарыда баян болған ерді, Тамамы кітаптың ақырына қалған ерді. Енді баян қылайын сол сөзіні, Бұ жерде салауат айтып, қыл дұғаны. Оттан нәжат тілесеңіз жаныңызны, Салауат жаны тілмен жад қыл оны. Салауат сәлем сенге болсын иә, Хабибі, Күнәһкарлардың дертіне сен Тәбибі. Бұ кітапті оқыған, тыңлаған иә, әһлі жары, Тынышлық ұғылы деп қылғыл фатиханы. Жиырма алтыншы бап: Сұлтан Сейіт хазіреті Ескендір есімлі ұғылының Далфрузды өлтіргені, Айн әл-Құтырға падиша болғаны Әуелі бисмиллаһи деп сөз башлалы, Құдаға хамд айтып зарласалы. Құдаға сәна айтып, қылсын зары, Ашылар көңілілерінің сонда баһиры. Салауат айтып, Хақ Мұхаммедке қылсын зары, Шапағат, шиад қылар келіп маһиры. Таусылмас шапағаты мисли бахры, Тоқтамай күн-түн аққан мисли наһры. Жердің жүзін айналғай жұмла мажыра, Қойдыр ол мажыраға жұмла наһры. Әгар тамассала қылсаңыз сізлер оны, Шапағаты сол мысалы білсең оны. Жұмла халайықты Хақ жаратқан білсін оны, Жұмласында Хақ Мұстафаның шапағаты. Шапағаты тең тиіп тұр сияпаты, Сол себеплі болған-дүр саламаты. Білсең бұрынғы өткен пайғамбарларны, Жоқ қылған қаһары келсе қауымларны. Бағзыларының тәбдил қылған суретіні, Көрсеткен үмбетлеріне суретіні. Білсеңіз Нұх нәби Алла қаһар илән дұға қылды, Жер жүзін топан алып, һәлак қылды. Білсеңіз Мұхаммед Мұстафаның шапағатыны, һешбір жанға қаһарды ол қылмады. Оның үшін Сәруар ғалам дейміш оны, Өз нұрынан жаратып, сүйді оны. Таусылмас баян қылсам шапағаты, Мұхаммед Мұстафаның мұғжизаты. Енді баян қылайын шаһзада Ескендірді, Ғайып болған Сейіт хазіретінің ұғылыны. Арманда атасы үшін болған ерді, Дидарын шала көріп қалған ерді. Жоғарыда көрдіңіз ғой баяныны, Таусылмай оның қалған тамамыны. Риуаят рауиларның сөзлеріні, Назым бірлән білдірейін сізлерге оны. Иләһым, түзегей ерді сөзің, тілімізді, Уа және риясыз ықылас илән көңілімізді. Жаранлар, сіз дұғада болғыл енді, Жазайын назым бірлән Ескендірді. Сейіт илән Ескендір талып ерді, Сол уақытта Далфруз алып қашып ерді. Айн әл-Құтыр шаһарға келіп түсті, Ол малғұн таққа шығып һәм отырды. Ескендірдің ақылы сонда кірді, Афсүн оқып, қолыны байлап қойды. Малғұн сонда: “Иә, ұғылым” деп сөйледі, Ескендір оған жауап һеш бермеді. Малғұн және Ескендірге сөз сөйледі: – Не себеплі сөйлемейсің маған?– деді. Мұхаммедилер аздырды ма жолдан сені? Сол себеплі сөйлемейсің маған,– деді. Ескендір сонда: – Әй, харамзада, залым,– деді, Сенің ісің Аллаға мағлұм,– деді. Халайықтың алдында пиғлың мағлұм болды, Мені ұрлап ұғлан қылған, малғұн,– деді. Қашан тақтың қолыма сен гауһарны? Жұмла халайық көрділер мәшһүр оны. Малғұн сонда: – Әй, Ескендір,– деп сөйледі, – Сейітбаттал – хайлакер, аяр адам,– деді. Гауһарны хайла бірлән ол байлады, Сиқырлап, хайла бірлән сені алдады. Ескендір сонда: “Алла бір, Хақ” деп сөйледі, – Мұхаммед пайғамбар түсіме кірген Хақ-дүр,– деді. Ол маған: “Cен – Сейіттің ұғылы” дейді, Ол жалған сөйлемейді һәркез,– деді. Мен сенің батыл дініңнен бездім,– деді, Бабам Мұхаммедтің дініне кірдім,– деді. Сол уақытта Далфруз ашуланды, Ескендірді сиқыр оқып, байлап қойды. Торға салып, жоғары байлап қойды, “Маған тәсілім болмасаң, ғұмырың мұнда өтер” деді. Әзін жаныб Ескендірдің халас болғаны Риуаят рауиларның сөзі келді, Ескендірдің халас болар кезі келді. Шаһрұх деген перілерге падишаһ болды, Перілердің халифасы, мысалы сұлтаны ерді. Өзі әділ, сұлтанат падиша ерді, Оған мұңсыз перілер кәпір ерді. Ол Шаһрұхтың бір қызы болар ерді, Есімі Маһперуза деген ерді. Ол қыздың хұсни жамалы ғажап ерді, Көркі Зылихадай он бар ерді. Жаранлардың асбабын киер ерді, Қыз, ер екенін білдірмей жүрген ерді. Бір күнлері аң аулауға шыққан ерді, Ескендір және аң аулап жүрген ерді. Маһперуза Ескендірді көрген ерді, Ғашық болып, ішінен күйген ерді. Ескендір қыз екенін білмеді, Айрылып екілісі кеткен ерді. Бір күнлері Маһперуза аһ әйлапты, Бір қызға һамай атты сөз сөйлепті: – Бір күнлер аңға шығып жүрдім,– депті, Далфруздың ұғылы Ескендірді көрдім,– депті. Ғашықтың оты тұтасты маған,– депті, Нешік хайла табылар оған?– депті. һамай сонда Маһперузаға жауап берді: – Ол Ескендір – адамзада Сейіттің ұғылы,– депті. Бесінде ұрлаған Далфруз оны, Сиқырлап ұғыл қылған Ескендірді. Он бес жасқа келгенде Ескендірді, Апарған Сейітбатталдың шаһарына оны. Ол шаһарда көп қылған соғыстарды, Паш болған ақырында оның сыры. Әлқисса, алып қашқан Ескендірді, Ап келіп, салып қойған қапасқа оны. Оны естіп және Маһперуза аһ қылды, “Нешік шара қылармыз оған?” деп жылады. һамай сонда бір ақыл оған айтты: – Ағаңның қызы Сарафаразға айтқыл,– деді. Ол барып Шаһрұхқа айтар,– деді, Атаң сонда бір тәдбир қылар,– деді. Бұ сөзні Маһперуза мақұл көрді, Келіп ол Сарафараз бануға баян қылды: – Иә, апа, бір сөз айтам саған,– деді, Таппай айтсам, айып қылма оған,– деді. Өртеді ғашықтық оты мені,– деді, Ұят, намыс қалдырмай менен,– деді. Бір күнлері аң аулауға шықтым ерді, Далфруздың ұғылы Ескендірді көрдім. Мен сонда ғашық болдым оған,– деді, Ол менің қыз екенімді аңламады. Соған шара сұраймын сізден,– деді, Мархамат қылып, хал сұрасаң менен,– деді. Сарафараз сонда бұ сөзге жауап берді: – Ол Далфруз малғұн, кәпір ерді. Тіл алып, біздің дінге кірмес,– деді, Ол Ескендірге нешік тәдбир болар?– деді, Уа және Маһперуза сөз сөйледі: – Ол Ескендір – адамзада, мүмін,– деді. Сахипқыран Сейітбатталдың ұғылы,– деді, Бес жасында ұрлапты Далфруз оны. Сиқырлап, Ескендірді ұғыл қылыпты, Кәмелет он бесінде ер болыпты. Сейітбатталды өлтірерге алып барды, Өлтіре алмай, ол сырлар паш болыпты. Ол арадан алып қашқан Ескендірді, Қапасқа салып қойған және оны. Мұсылманлар мұсылманға жәрдемші ерді, Жәрдем бермей, торға намаз нешік?– деді. Сарафараз бану ол қызға сөз сөйледі: – Далфруз лағин, сиқыршы малғұн ерді. Айн әл-Құтыр атаңның тақты ерді, Сиқырлап ол малғұн алған ерді. Нешік халас қылармыз Ескендірді? һешкімнің амалы жетпес малғұн,– деді. Маһперуза Сарафаразға жауап берді: – Иншалла, құтқарармын оны,– деді. Мен дахи оқығанмын ғылымдықты, Бұзармын, иншалла, тылсымыны. Мәгәр рұқсат атам берсе маған,– деді, Өзі һәм ләшкер алып жүрсе,– деді. Сарафараз бану Шаһрұхқа келіп кірді, Ғиззатлап сәлем беріп, көріс қылды. Екісі хал сұрасып отырысты, Білмегендей Маһперузаның халін сұрды. Сонда Шаһрұх қарындасына жауап берді, – Ол қыздың мен білмеймін халін,– деді. Бір күнлері барып көрдім ерді, Қисабы бұрынғыдай көрінбеді. Мен сонда оның халін сұрдым ерді, Ол маған әдеп сақлап үндемеді. Менім һәм халім мәлүл сонан болды, Білмеймін неден қайғы болған?– деді. Сол уақытта Сарафараз бану сөз сөйледі: – Мен білдім ол қыздың халін,– деді. Мақұл көрсеңіз, айтайын мен бір соны, “Бәлі” деп, Сарафараз сөз сөйледі: – Маһперуза бір күн аңға шықмыш,– деді, Сол күнде Далфруз ұғылын көрген,– деді. Ескендір оның ұғылы ғажап ерді, Көрген жан ғашық болар ерді. Оның ғашығы Маһперузаға кәр әйлады, Сол себеплі оның ақылын зайұл қылды. Әгар сіз себеп болмасаңыз оған,– деді, Лажсыз һәлак болып өлер,– деді. Шаһрұх сол уақытта пікір қылды: –Далфруз – сиқыршы малғұн,– деді. Ескендір оның ұғылы болса,– деді, Ол бізің дінімізге кірмес,– деді. Сарафараз бану уа және сөз сөйледі, Ескендірдің мажырасын шарх айлады: – Ескендір – кәміл мұсылман, мүмін,– деді, Шаһ жиһан Сейіт палуанның ұғылы,– деді. Бес жасында ұрлаған малғұн оны, Сиқырлап, ұғыл қылған Ескендірді. Он бес жасқа келгенде Ескендірі, Жаһаннан қайраты асқан палуан болды. Бір күнлері ләшкер ертіп жүрген,– деді, Малатияның шаһарына барған,– деді. Қастысы Сейітбатталды өлтірмек ерді, Өлтіре алмай, сырлары мәшһүр болды. Андан соңыра Ескендірді алып қашты, Қапасқа салып, Ескендірді байлап қойды. Бұ сырды Маһперуза білген,– деді, Бұны естіп, білдірерге келдім,– деді. Атамыз рұқсат берсе бізге,– деді, Иншалла, құтқарармын оны,– деді. Шаһрұх мұны естіп, шат болды, – Әскер жиып, баралық бізде,– деді. Бізден бұрын Маһперуза жүрсін,– деді, Хайласын малғұнға қылсын,– деді. Ғапыл болып қалмасын анда,– деді, Ескендірдей қалмасын торда,– деді. Әлқисса, Маһперузаға хабар берді, Шат болып жүз мың ләшкерді алып жүрді. Бір күнлері Айн әл-Құтырға жетіп келді, Далфруз сиқыршы хабар білді. Келіп ол Маһперузаға сөз сөйледі: – Жаным, сен нешік келдің сонда?– деді. Маһперуза Далфрузға жауап берді, Бұрынғы өткен ісін баян қылды: – Мен бір күні аң аулауға жүрдім ерді, Мен сонда Ескендірді көрдім,– деді. Көңіліме ғашық оты түсті,– деді, Ұят, намыс пердесін ашты,– деді. Ғұзыр қыламын, келдім саған,– деді, Мұның тәдбирін өзің біл енді,– деді. Далфруз сонда: – Әй, жаным, қызым,– деді, Баттал жолдан азғырды оны,– деді. Бұ күнде мен қапасқа салдым оны, Ол маған инкар қылып, бағи болды. Маһперуза: – Ғажап қылам сізге,– деп сөйледі, – Өзінің ұғылын қапасқа салар ма кісі,– деді. Рұқсат берсеңіз, мен Ескендірге барам,– деді, Тіл алса, үгіттеп жолға салам,– деді. Әгар менім сөзімді алса, Ескендірді,– деді, Хозурыңа келтірем сенің,– деді. Адамзатқа баралық бізлер жұмла,– деді, Халифаны Баттал илән өлтірелі. Бұ сөзі Далфрузға хош келеді, Маһперузаны Ескендірге ап келеді. – Бұ сарайдың ішінде, торда,– деді, Қапаслап қойдым сонда,– деді. Ол болса үгітіңе сенің,– деді, Сол уақытта шақырғыл мені,– деді. Маһперуза бір сарайға кіріп келді, Торда тұрған Ескендірді көзі көрді. Шаһзада Ескендірді зағип көрді, Әрекет қылар халі жоқ оның білді. Маһперуза “Аһ” деп сөз сөйледі, Көрген соң ғашығын талып кетті. Бір уақытта есін жиып, уа және аһ қылды, – Көргенімше, көрмегенім жақсы ерді. Не қылармын бұл уақытта, аһ,– деді, Халсіз болып қалыпты шаһым,– деді. Сол уақытта Ескендір сөз сөйледі: –Менім үшін қайғырған кімсің?– деді. Нешік келдің бұ жерге, жаным?– деді, Далфруздан қорықпай мұнда,– деді. Сол уақытта Маһперуза сөз сөйледі: – Мен – Шаһрұх падишаның қызы,– деді. Пәлен күнде аң аулап жүрдім ерді, Сізді мен сол уақытта көрдім ерді, Сен мені ұғлан біліп кеттің ерді. Мен сонда білдірмедім саған,– деді, Мен сонда ғашық болдым саған,– деді. һешбір сабыр қалмады менде,– деді, Сол себеплі мен келдім саған,– деді, Сен Сейіт сұлтанның ұғылысың, білдім,– деді. Ескендір сонда: – Мен білмедім,– деді, Ұғлан санап, ғашық ердім саған,– деді. “Қай падишаның баласы?” дедім ерді, Сұрамай, ғапыл болып қалдым ерді. Маһперуза енді раушан сөз сөйледі: – Әй, шахзада Ескендір,– деп сөйледі. Сен – Сейітбаттал палуанның ұғылы,– деді, Мұнан істі көрмелік мирас,– деді. Бұ қапастан құтқарсам, әгар, сені, Ол малғұнға қуатың жетер ме?– деді. Ескендір сонда “Аһ” деп сөз сөйледі: – Бұ сиқырдан халас болса басым,– деді, Бір Алла жәрдем берсе маған,– деді, Мен талқан қылар ердім ол залымды. Маһперуза уа және сөз сөйледі: – Бұ сиқырдан халас қылсам сені,– деді. Сен қабыл қылып алармысың мені?– деді, Уа және алмаспысың адамзатты? Ескендір сонда ант илән сөз сөйледі: – Сенен рұқсатсыз алмаспын адамзатты. Қыз сонда Сүлейменнің дұғасын оқып ерді, Сол уақытта Ескендірге қуат кірді. Қаһарланып, әрекет қылып ерді, Шіріген бөздей темір торды пәре қылды. Қыз сонда: – Әй, шаһзада,– деп сөйледі, Сабыр қыл, қару келтірелік саған,– деді. Қасына жолдас болған ләшкерлері, Бірісінің қаруын алып берді. Сол уақытта малғұн Далфрузға хабар барды, Сонда малғұн: – Әй, шашы кесілгір,– деп сөйледі, – Мұнда келген жұмысың осы ма?– деді, Жетпіс жара қылайын,– деп нағра салды. Оны естіп жүз мың сиқыршы әзірленді, Сол уақытта Ескендір де нағра салды. Жеті қат көк жерге түскен мисли болды, Таулар тітіреп, сиқыршылар есін танды. Сонда Ескендір “Аллаһу Акбар” деп, нағра салды. Тау мен тасты тітіретіп, қаһары келді, “Әй, малғұн Далфруз қайда?– деп ақырды. Көкке шығып қашсаң да қойман” деді, Қолына қылышын алып, Ескендір қыра берді, Бір сағатта он мың сиқыршы һәлак қылды. Әзін жаныб Ескендір сиқыршыларды қыра тұрсын, Енді Шаһрұхтың сөзі келсін. Екі жүз мың перілер илән ерді, Қап тауындағы Рағидқа хатты жазған ерді. “Сейіттің ұғылын Далфруз қапасқа салған,– дейді, Тез келсін әскер илән” деген ерді. Бұ хаты Рағид падишаға барған ерді, Жүз мың перілер ол жерден жүрген ерді. Жол жүріп, жүз мың перілер келер ерді, Бір бұлақта ұйықтап жатқан адам көрді. Әзін жаныб Ол жатқан хауарзамин Мұхаммед ерді, Ескендірді төрт жыл іздеп жүрген ерді. Көп іздеп Ескендірді дал болды, Бұ жерге шаршап келіп жатқан ерді. Перілер оны сайха қылып оятыпты, – Не қылып жатқан адамсың мұнда?– депті. Бұ жерге Рағид келер қазір, тұрғыл,– депті, Аман бермей, өлтірер сені,– депті. Мұхаммед сонда перілерге сөз сөйледі: – Рағид кім-дүр, ол мұнда келсін,– депті. Қарныңызға тығайын басын,– депті, Сенің басыңды тығайын оған,– депті. Сол уақытта бір дию пері жетіп келді, Қаһарланып, отыны шашып келді. Мұхаммед сонда жұмырық илән ұрып ерді, Диюдың басы алмадай ұшып түсті. Сол уақытта көп перілер нағра салды, Оны естіп Рағид жетіп келді. Киімі тозған бір адамды көзі көрді, Рағидтың көңіліне қорқу түсті. – Алланың хақы туғыры сөйлегіл, адам,– деді, Бұ жерге неге келдің, білдір?– деді. Аты-жөніңді білдірші маған?– деді, Қай жерден келерсің мұнда?– деді. Мұхаммед сонда Рағидқа жауап берді: – Асыл затым – адамзат, араб,– деді, Бабам – Мұхаммед пайғамбардың хатымы,– деді. Туған нәсілім – Шаһ жиһан Сейітбаттал,– деді. Мен оның бір қызынан тудым,– деді, Тұрағым – Хауарзаминнің шаһары,– деді. Сейітбатталдың бір ұғылы болар ерді, Далфруз малғұн ұрлапты оны,– деді. Оның үшін мен кездім бұ жиһанды, Төрт жыл болды, мен болдым сәргардани. Мұны естіп Рағидтың мейірі келді, Атынан түсіп, тағзым илән қолын сүйді. – Қайғы қылмағыл, палуан, оған,– деді, Мен де іздеп келемін ол шаһзаданы. Шаһрұх жіберіпті бізге хатты, Сол себеплі барармыз оған,– деді. Мұны естіп Мұхаммед шат болды, Ол Мұхаммедті Рағид падиша алып жүрді. Әзін жаныб Үшбулер жолы бірлән жүре тұрсын, Енді Маһперузаның сөзі келді. Жүз мың жәду Маһперузаны қамар ерді, Ескендір қылыш илән шабар ерді. Тау келсе де бүгін пәре қылар ерді, Сол уақытта Шаһрұх жетіп келді. Қисапсыз ләшкер илән келген ерді, Жұмласы жәдулерге қылыш ұрды. Жәдулерден екі жүз мың ләшкер келді, Оны көріп Далфруз шат болды. Сол уақытта Ескендірдің қаһары келді, Аспан жерге түскендей нағра салды. Көп жәдулер сол халде есін танды, Қырық мыңы жаһаннамға жөнеледі. Бір малғұн Фитнә деген болар ерді, Өзі жуан, басына көз жетпейді. Ескендір оған бір қылыш ұрып ерді, Ол малғұнды екі пәре қылып салды. Оны көріп сиқыршылардың құты ұшты, Соғысарға халі келмей, қалтырады. Сол уақытта Рағид илән Мұхаммед келді, Бұнлар және сиқыршыларға қылыш ұрды. Шаһрұх көп перілерге падиша ерді, Хабар етіп көп перілер келіп ерді. Сиқыршы дию, перілердің падишалары, Анлар да әскер жиып келіп ерді. Жұмласы қосылып, соғысты қылып ерді. Дария тасқан мисли қан төгілді, Сол халде Далфруз малғұн қатты састы. Сол халде Мұхаммедке ұшырасты. Далфруз малғұн Мұхаммедке сайха қылды: – Ұғылымды жолдан азғырған сендер,– деді. Бұ жерге нешік келдің және?– деді, Қылармын жетпіс пәре сені,– деді. Сол халде Мұхаммед оған сайха қылды: – Алланың жәрдемі илән келдім,– деді. Құдайым кез келтірді сен малғұнды, Қылайын екі пәре қазір сені. Далфруз сонда алмас қылышын қолына алды, Мұхаммедті шабайын деп оңтайланды. Мұхаммед сонда қаһарланып ұмтылып ерді, Қорқып Далфруздың қылышы түсті. Сол уақытта Мұхаммед оны пәре қылды, Сиқыршылардың жүзіні қара қылды. Сол уақытта Ескендір жетіп келді, Мұхаммедтің қайратын көзі көрді, Атынан түсіп, Мұхаммедті құшақтады, Екісі зар жыласып, көріс қылды. Әскерлер бұнларды көріп, қайран қалды, “Адамзатлар мұндай болар екен” десті. Ескендір мен Мұхаммедке ықылас қылды, Сол жерде үш жүз мың сиқыршы мүмін болды. Сол уақытта көп сиқыршы қашып ерді, Шаһрұхтың ләшкерлері қуып қырды. Сиқыршы жауларды жұмла қырды, Енді Шаһрұхтың көңілі тынды. Әзін жаныб Енді Шаһрұхтың сөзі келді, Қайғы кетіп, шатлықтың өзі келді. Сарафараз бану, Маһперуза енді келді, Ескендір Мұхаммед илән және келді. Шаһрұх үшбулердің көзін сүйді, Ескендірді көп сүйіп, рахат қылды. – Шырағым, ғазаң мақбұл болсын,– деді, Екі дүнияның дәулеті толсын,– деді. Бұ малғұн көптен маған дұшпан ерді, Бұ малғұнға қолым жетпей жүрген ерді. Әлхамдулилла, қолымыз жетті бұған,– деді, Малғұнлардың сиқыры батыл болды. Енді жұмласы Айн әл-Құтырдың шаһарына кірді, Отырып, жұмлалары мәжіліс қылды. Маһперузаны Ескендірге некахлады, Мұхаммедке Сарафараз бануды және берді. Той қылып, әскер әһлін қонақ қылды, “Әмин” деп жұмлалары дұға қылды. Ескендірді Айн әл-Құтырға падиша қойды, Сүлейменнен қалған мирасты және берді. Андан соң Шаһрұх кері қайтты, Рағид падишаһ ләшкер илән және қайтты. Өзінің шаһарларына барып тұрды, Қараған рағиятлары шатлық тапты. Айн әл-Құтырда, шаһарларда рахат тапты, Машақаттың соңында қанша тапты. Тынышлық ұғылы насыр сөзді назым айтты, Қанша сөзді қате жазып, жолдан қайтты. “Уа, Алла, ағлам бис-сауаб” деп назым айтты, Оқыған тәлибларға сәлем айтты. Қате болса сөзімні көзлең енді, Уәли Алланың қиссасын түзеп енді. Бұ қисса үшбу жерде тамам енді, Мұхаммедке салауат, Сейітке дұға қылғыл енді. Бұ қиссаны назым жазған ғасы құлды, Дұғадан ұмыта көрмең сонда бізні. Әлхамдулилла ал тамам, хабиб Алла сенге сәлем, Ақыр демде сәлеміңізге болғай-дүр сәлем. Шапағат қыл иә, Хайрул анам, жазушының көңілі манам, Ғасылықтан болды ма ләм көңілі манам, тілі қиам. Жиырма жетінші бап: Шаһзада Ескендір илән Мұхаммедтің падишалығын тастап, адамзатқа келіп, атасының өшін алғаны Бисмиллаһи деп бұ қиссаны және ашалы, Аллаға сәна айтып, зарласалы. Мұхаммед Мұстафаға салауат сөз ашалы, Естімей, көрмегенге сөз шашалы. Иләһым, жаратушы Сұбхан, Қадір Мәула, Түзеген фазылы бірлән көңілімізді. Жазайын Аллаға сыйынып бұ назымды, Ескендірдің керемет қайратын. Риуаят рауиларның сөзі келді, Ол сөзді назым бірлән айтқым келді. Айн әл-Құтырда Мұхаммед илән Ескендір падишада ерді, Тақыт үстінде мәжіліс қылып отыр ерді. Оң-солында палуан, беклері бірге ерді, Аллаға сәна айтып отыр ерді. Сол уақытта екі пері күткен келді, Ескендірге дұға оқып, сәлемлер берді. Бір хатты Ескендірдің алдына қойды, Уа және әдеп бірлән кейін тұрды. Ол хатты Мұхаммед алып оқып көрді, Аллаға хамд, Мұхаммедке салауат сөзні. Тамус сұлтан жазыпты, оны білді, “Иә, Ескендір, менен саған сәлем,– депті. Атаң сенің Сейітбаттал палуан ерді, Сенің үшін көп қасірет қылған ерді. Сенің қасіретің көңілі нехасыл болды, Алланың рахматына ол сұлтан уасыл болды. Себебі, Қанатус қайсар бағи болды, Оның үшін мәсих шаһарында дүния салды. Қияметке қалмасын дағы,– депті, Келіп алғыл ол малғұннан өшін” депті. Мұны естіп Ескендір есін танды, Мұхаммед илән екілісі көп жылады. Перізаданың палуанлары һәм жылады, Мисли қиямет қылғандай зар жылады. Әлқисса, қырық күн анда қаза қылды, Хатым Құран оқытып, мал сарп қылды. Енді Ескендір перілерден ләшкер жиды, Ұлық палуандардан таңдап жиды. Бір күнлері адамзатларға жетіп келді, Ол жерде шатыр құрып, рахат қылды. Сүлеймен пайғамбардың шатырыны, Ескендірге салтанат үшін оны құрды. Ескендір қалам алып, қағаз жазды, Аллаға хамд, Мұхаммедке салауат айтып жазды. Уа және: “Мен – Ескендір Сейітбатталдың ұғылы,– дейді, Иә, Ғауаж фараң, тәсілім болып келгіл,– дейді. Сен келіп, маған қарындас болсаң,– дейді, Қанатусты өлтірсем, тәж-тақтысын берем” дейді. Бұны жазып, ол хатқа мөһір басты, Ол хатты Мұхаммед палуан алып кетті. Ғауаж фараңның шаһарына келіп ерді, Қапуны бақылап, ішкері жібермеді. Сол уақытта Мұхаммед палуанның қаһары келді, Қапуға қаһар илән күрзі ұрды, Қапуны талқан қылып, ішке кірді. Ғауаж фараң хабар естіп “Келтір” деді, Қорқып Мұхаммедті ғиззатлап алып жүрді, Падишаның сарайына алып келді. Мұхаммед сонда үшбулерге сәлем берді: – Алланы бір білгенге болсын,– деді. Сәнан деген бір палуаны болар ерді, Мұхаммедке ашуланып тұра келді. – Бейәдеп сәлем берген кімсің?– деді, Падишаны хақарат қылып сөйлеп,– деді. Қолына күрзі алып оңтайланды, Мұхаммед сонда қолынан тұтып алды. Жұмырық бірлән басынан ұрып ерді, Алмадай басы оның ұшып түсті. Сол жерде палуанлар тұра келді, Мұхаммедті “Өлтіреміз” деп шуылдады. Ғауаж фараңның ұғылы сайха қылды: – Сізлер әзір сабыр қылып, жәй тұр,– деді. Мұхаммед сонда ашуын басып, сабыр қылды, Қойнынан хатын алып, Ғауажға берді. Ғауаж фараң қорыққанынан хатты сүйді, Ғиззатлап тұра келіп және оқыды. Бұ хаттың мазмұнын Ғауаж білді, Бір хайла қылайын деп ойына алды. – Әй, Мұхаммед, сен қонақ болғыл бұ түн,– деді, Ертең жауап берейін сізге,– деді. Мұхаммед “Хош, болар” деп тұрсын енді, Ғауаж фараңның хайласын тыңла енді. “Тар зынданға Мұхаммедті біз салалы, Уа және қол-аяғын бәнд қылалы. Ескендір жалғыз өзі қалса,– деді, Келсе де күші жетпес бізге” деді. Малғұнлар сөз сөйлесіп тұрсын енді, Шаһзада Ескендірден сөз тыңла енді. Әзін жаныб Ескендір Мұхаммед кеткен соң, пікір қылды, Мұхаммедтің кеткеніне қауіп қылды. “Мұхаммед һеш хайласыз палуан ерді, Жалғызбын деп дұшпанлардан қорықпас. Бір зиян еріш тұрса оған,– деді, Қатты қасірет хал болар маған” деді. Енді Ескендір кәшиш мисли киім киді, Ол шаһарға руһбан болып жетіп келді. Ескендірдің жамалы бек ғажап ерді, Жүзін көрген есінен танар ерді. Ол заматта жиырмада жасы ерді, Оның нұры толған айдай балқыр ерді. һәркім көрсе, оған ғашық болар ерді, һешкім оған сөз айтып болмас ерді. Әлқисса, Ғауаж падишаға алып келді, Ескендір Інжілді оқып, дауысын созды. Есіткен халайықтар ғажап қылды, “Айни Иса болар ма” деп қайран қалды. Ғауаж падиша Ескендірге басын қойды, – Әй, дін ұлығсы, арызым бар сізге,– деді. Арабтан Сейітбаттал палуан шықты, Ол біздің Рұм халқын хараб қылды. Нар-нұрдан жәрдем болып, Баттал өлді, Бір ұғылы Ескендір атты оның болды. Бес жасында Далфруз сиқыршы алған,– деді, Он бес жаста келтірген мұнда,– деді. Далфруздың ашылған сонда сыры, Уа және алып қашып кеткен оны. Әлқисса, Далфрузды өлтіріп, мұнда келді, Енді бізлерге “мұсылман бол” деп, тәдбир қылды. Мұхаммед есімді ағасы, ұғылы мұнда келді, Ол келіп қапуымызды талқан қылды. Менің бір палуаным һайбатлы болар ерді, Ұрыста мың кісіге бара-бар ерді. Мұхаммед келіп, бір жұмырық ұрып ерді, Оның басы алмадай ұшып түсті. Мен хайла ол Мұхаммедке қылдым,– деді, Бұ түні бізге қонақ бол деп қойдым,– деді. Оны білмей біреуі отыр,– деді, Кеш болса, байлатармын оны,– деді. Қайсарға хат жібердім мұнан,– деді, Білдіріп мажыраны жұмла,– деді. Енді сіз тәдбирін қыл мұның,– деді, Ескендірге болар ма хайла?– деді. Сонда Ескендір фараңға жауап берді: – Бұ сөзіңнің айтайын жөнін,– деді. Сен айтарсың палуан деп Ескендірді, Сейіттен артық дерсің қуатыны. Сен байласаң жіберген елшісіні, Ол мұнда соғыс қыла келер,– деді. Қайсар илән Фағфур келгенше мұнда,– деді, Жұмлаңызды хараб қылар келіп,– деді. Сен менім мәслихатымды алсаң,– деді, Халғат кигізіп, Мұхаммедті жібер,– деді. Уа және мүһлат сұрағыл онан,– деді, Мұсылман болармын деп алдап,– деді. Бұ сөзі Ғауаж фараңға мақұл келді, Мұхаммедті сол мәжіліске алып келді. Мұхаммед сонда бұнларға сәлем берді, “Алланы бір білгендерге болсын” деді. Ғауаж фараң бұ сөзді естіп ашуланды, – Арабтарда бейәдеп адамлар көп-дүр,– деді. Хозурында падишаның мен мысалы, Мұндай сөзді сөйлер ме һешкім,– деді. Сонда: – Ескендірдің нөкері мұнда,– деді, Оның нешік екен-дүр Ескендірді? Ғауаж фараң мұны естіп, қорықты жаны, Мұхаммедке ол берді халғат тонды. Мұхаммед сонда халғатын илән қайтарды, – Мен сенен қашан сұрдым тонды?– деді. Бір палуан сол халде тұра келді, – Нешік қабыл қылмассың бұ тондарды? Мұхаммед сонда: – Сенің падишаң ит ұрды, Иттің тоны – бізлерге харам,– деді. Мұны естіп бір малғұн қылыш ұрды, Мұхаммедті шабайын деп оңтайлады. Мұхаммед сонда қылышты тартып алды, Бір ұрып, жаһаннамға жөнелдірді. Сол уақытта жүһүдлер фариад қылды, Мұхаммедті өлтіруге ортаға алды. Мұхаммед мұны көріп нағра салды, Тау-тасты тітіретіп, қаһарланды. Ескендір және қаһарланып, сайха қылды, Жүһүдлердің шаһарына ол қозғады. Мұны естіп дию, перілер жетіп келді, Жұмласы мүшіріклерге қылыш ұрды. Қан кеудені көтеріп, селдеп ақты, Ғауаж фараңның шаһары қанға толды. Ол шаһарда бек аз ғана адам қалды, Қалғаны басын қойып, мүмін болды. Енді Ескендір жұмла малды тақсым қылды, Пақыр, міскін, жетім, тұлдарға үлестірді. Әзін жаныб Енді Ыстамболға жүргені Риуаят рауиларның сөзі келді, Ескендір Қостантинға және жүрді. Ғауаж фараңның қайсарға хаты келген ерді, Жәрдем үшін жүз мың ләшкер жүрген ерді. Ескендірдің не қылғанын білген ерді, Шаһарға жақын келіп, шатыр құрды. Сол уақытта Ескендір жетіп келді, Шаһарға жақын келіп, шатыр құрды. Сүлейменнің шатырын құрып алды, Ол түні қонып жатып, рахат қылды. Таң туып, екі ләшкер қарсы тұрды, Қайсардан Арсағып деген палуан жүрді. Тоғыз жүз батпан күрзісі болар ерді, Қаһарланып майданға келіп тұрды. Ескендірден бір палуан оған барды, Есімі Кәрсашаб деп атар ерді. Кәрсашаб Шын падишасының ұғылы ерді, Қад қаматы жетпіс аршын болар ерді. Арсағыптың көңіліне қорқу түсті, – Ескендір деген палуан сен бе?– деді. Кәрсашаб оған: – Мен – Ескендірдің құлы,– деді, Қай тарапқа жұмсаса, мен барам,– деді. Арсағып сонда: – Сен қайсарға жүргіл,– деді, Қайсар сені падиша қояр елге,– деді. Кәрсашаб сонда: – Әй, малғұн, бейдін,– деді, Не жоқ сөзді сөйлейсің босқа,– деді. Мұхаммедтің дініне кіргіл қазір,– деді, Жаһаннамның отында қалмай,– деді. Сонда малғұн қолына күрзі алды, Ашуланып соғарға оңтайланды. Кәрсашаб сонда ол малғұнға қылыш ұрды, Ол барып жаһаннамнан орын алды. Жүһүдлер сол уақытта сайха қылды, Қайсар сонда “Қаптаңыз” деп әмір қылды. Ескендір мен Мұхаммед сонда нағра салды, Сол уақытта перілер қырғын салды. Мисли қияметтің күні болған болды, Қан сонда су мысалы болып ақты. Ескендір сонда Фағфұршынға ұшырады, Екі бөліп, жаһаннамға жөнелдірді. Сол уақытта дұшпанларға қорқу түсті, Барабан соғып, ләшкерлері кері түсті. Ескендір шатырына келіп түсіп ерді, Мұхаммед, Кәрсашаб илән бұнлар түсті. Ескендір таққа отырып, мәжіліс қылды, Жұмлалары тағам асап, рахат қылды. Әзін жаныб Енді қайсар малғұнның сөзі келді, Тыңлаңыз, ол малғұнның сөзін енді. Мың кәшишпен пұттарына сәжде қылды, “Бізге жәрдем қылғыл” деп көп жылады. – Біз Батталдан құтылып тұрдық ерді, Бірнеше күн рахат қылдық ерді. Оның ұғылы Ескендір және келді, Ол Батталдан он есе артық болды, Мұхаммед деген бір жиені және келді, Жұмырығы күрзіден мықты болды. Оның қылышы кесе-дүр тау мен тасты, Ақырса, тітіретер жер мен көкті. Және бар Кәрсашаб деген палуаны, Келтірген жын-перілерден ләшкерлерді. Нешік хайла қылармыз оған енді? Әгар жәрдем бермесең, Нар-нұр,– дейді. Әлқисса, жұмла жанлары зар жылады, Сол уақытта сабах садық таң да туды. Қорғанның қапуыны берік қылды, Соғысқа һешбір ләшкер шыға алмады. Ескендір енді шаһарға келіп, сайха қылды: – Нешік тышыра шықпайсың, малғұн?– деді. Атамның қанын алам сізден,– деді, Не себеплі өлтірдің?– деп сөйледі. Қанатус қайсар там басына шығып тұрды, – Атаңды мен өлтірмедім сенің,– деді. Сенің атаң өлтірді жұмла анам илән бабаларды, Уа және жұмла туысқан қарындастарымды. Уа және көп ұрлады ұғыл илән қызларымды, Қисапсыз және қырды ол бізлерді. Қылған ісі басына бір күн келді, Оны барып өлтірді қызым,– деді. Оның дахи кеспеті қызға әсер қылды, Сол жерде қызым және опат болды. Оны естіп, Ескендір һәм сөйледі: – Жұмласы сенен болған сұмдық,– деді. Уа және қаһарланып, иамин илән сөз сөйледі: – Атамның қанын алмай қойман!– деді. Қаһарланып қапуға күрзі ұрды, Қапуны талқан қылып, ішке кірді. Қаһарланып Ескендір нағра салып ерді, Жер, көк сонда тітіреп күңіренді. Мұны естіп, дию,перілер көкке ұшты, Шаһарына жұмла келіп және ішіне кірді. Жұмла жүһүдлерні көп қырып ерді, Қан кеудені көтеріп, судай ақты. Қанатус мұны көріп, қашып кетті, Зәңгібардың шаһарына ол жөнелді. Қалғаны Ескендірге тәсілім болды, Аяғына басын қойып, мүмін болды. Ескендір Қанатусты көп қарады, Ол залымды таба алмай, мәлүл болды. Перілерден сұрады: – Көрмедің бе, Ауада ұшып жүріп сіздер оны? Перілер: – Көрмедік,– деп антын ішті, – Соғыс қылып жүргенде ғапыл,– дейді. Әзін жаныб Енді Қанатустың тыңлаңыз сөзін енді, Ол малғұнның істеген хайласыны. Сейіт хазіреті көшкен күні рамл салды, “Бұ шаһарға енді келер ме һешкім?”– десті. Кітабында көрділер ғажап істі, “Сейіттің бір ұғланы болар,– десті. Он артық ол Сейіттен болар,– десті, Ол келіп, хараб қылар бізді” десті. Бұ сырды халайықтардан пінһан қылды, Отыз форсақ бір жерден жолды қазды. Бетін жауып, ол жердің қойған ерді, Сол жерден бес жүз кісі қашып кетті. Сол уақытта Тамус сұлтан ұшырады, Ескендірге жәрдем үшін келер ерді. Үш жүз мың қасындағы пері ерді, Екі жүз жүһүдлерді бұнлар қырды. Тамусты сонда қайсар көріп қаша берді, Ортаға төрт жүз ләшкері алып жүрді. Сол жерде жұмласыны Тамус қырар ерді, Төрт жүз мың ләшкер Қанатурды келер көрді. Бұны көріп, жөніне жүре берді, Мақсұды Ескендірдің талабы ерді. Қанатур малғұн қайсарға жолығады, Шілтелеп ол қайсарды көп сөйледі. – Әй, қайсар, ұят-намысың қайда?– деді, Тәж-тақтыңды не үшін тастап қаштың?– деді. Бұ жерде өлтірер ердім сені,– деді, Нар-нұрдың құрметі үшін қойдым,– деді. Қанатур Фағфұршынның ағасы ерді, Ескендірдің өлтіргенін біліп келер ерді. Ол малғұн есіп сөз сөйледі: – Ескендірді өлтірмей, рахат қылман,– деді. Қайсар сонда Қанатурға сөз сөйледі: – Ескендірге һешкімнің қуаты жетпес,– деді. Сейітбаттал көп қырып ерді нәсілімізні, Ол өліп, жан көңіліміз тынып ерді. Ол Батталдан бұ Ескендір туған,– деді, Бес жасында Далфруз оны алған,– деді. Сиқырлап, өзіне ұғлан қылған,– деді, Он бес жасында келтірген мұнда,– деді. Батталды өлтіртуге келген ерді, Өлтірте алмай, оның сыры заһир болды. Далфруз алып қашқан және оны, Апарып, салып қойған қапасқа оны. Әлқисса, жоғарғы сөзді баян қылды, Далфруздың өлгенін аян қылды. – Ескендір бек қайратлы болған,– деді, Он артық атасынан туған,– деді. Дию, перілерді көп қырған және,– деді, Айн әл-Құтырға ол падиша болған,– деді. Көп ләшкер перілерден алған,– деді, Оны алып ол Ескендір мұнда келген,– деді. һеш мақлұқ оған қарсы тұра алмайды, Сенде оған пар болмассың, аңла,– деді. Сонда Қанатур малғұн қаһ-қаһ күлді, – Қарындасларымның қанын алмай қойман,– деді. Менің бар тоқсан батпан күрзім,– деді, Бір ұрсам, күл қылармын оны,– деді. Әлқисса, ол мақтанып, сөз сөйледі: – Менім асылым – перизат,– деп сөйледі, – Менің анамды перілер ұрлап ерді, Мен сонда пайда болып, тудым,– деді. Оның маған қуаты жетпес,– деді, Сен мені ғайрлардай көрме,– деді. Әзін жаныб Мақтанып сөйлей тұрсын бұнлар енді, Тамус илән Ескендірдің сөзі келді. Ескендір қайсарды біле алмай, мәлүл ерді, Қай тарапқа кеткенін білмес ерді. Мұхаммед тұрып һәр тарапларға қарап ерді, Аспанда келе жатқан ләшкер көрді. Ол келетін Тамус сұлтан пері ерді, Сұлтан Сейітбатталдың досты ерді. Әуелде оған Сейіт айтып ерді, Оның үшін Ескендірге келер ерді. Жұмлалары “Сәлем” деп, көріс қылды, Бірін-бірі хал сұрасып, таныс қылды. Сейіттің жайын айтып, көп жыласты, Рухына Құран оқып, бағышласты. Тағам асап, рахат ол қылысты, Енді қайсар малғұнның сөзін айтты. Тамус сонда: – Мен көрдім оны,– деді, Анлардың екі жүзін қырдым,– деді. Қырар ердім аналардың жұмласыны, Ол арада көп әскерді көрдім,– деді. Төрт жүз мың ләшкер Қанатур келер ерді, Оны тастап, мен сізге келдім,– деді. Оны естіп Ескендір шат болды, Жұмласы әскер илән анда жүрді. Тамус сұлтан халифаға хатты жазған ерді, Білдіріп Ескендірдің келгеніні. Халифа хатты оқып, хабарын білген ерді, Ол хабарды Сейіттің ұғылыларына берген ерді. Мұсылманлар хатты оқып, шат болды, Әли, Нәзір қырық мың ләшкер алып жүрді. Халифа жүз мың ләшкермен жүріп ерді, Сейіттің ұғландары қарсы келді. Бірін-бірі ғиззатлап, көріс қылды, Тамус сұлтанның жазған хатын бұған берді. Әли оқып, ол хаттың сөзін білді, “Мұхаммед илән Ескендір бірге,– дейді. Далфрузды өлтіріпті анлар,– дейді, Ғауаж фараңды өлтіріпті және,– дейді. Уа және Ыстамболға барған,– дейді, Ол шаһардан қайсар қашып кеткен” дейді. Әлхасыл, жұмла сөзді бұнлар білді, Әскер илән Ескендірге бұнлар жүрді. Енді Ескендір хабар біліп, жүрмек болды, Ләшкерлерін көрші шепке тапсырады. Халифаға Тамус илән Ескендір жүрді, Бес күнлік жерден халифаға бұнлар келді. Тағзым қылып, жұмлалары атынан түсті, Жұмласы құшақтасып, көріс қылды. Сейіттің Әли, Нәзір екі ұғылы, Мұхаммед илән Ескендірді құшақтап, көп жылады. Жұмласы Сейіт үшін көп жыласты, “Аһ, арманда қалдық” деп зар жыласты. Тамус сұлтан бұнларға үгіт берді, “Әй, жаранларым, сабыр қыл” деп сөйледі. Әлқисса, жылағанын бұнлар қойды, Халифа Ескендірге көзін салды. Сияпат, шұһрасына ғажап қалды, Жер мен көктегі ләшкерлерге тахсин қылды. “Бұның кебі адамзатларда болмас,– десті, Мәгәр артық болмаса Сүлеймен” десті. Әлқисса, жұмлалары мәжіліс қылды, Сейіттің шариф тәнін жұмла іздеді. Алладан үшбулерге жәрдем болды, Сейіттің шариф тәнін тауып алды. Оның атасы Хұсайын хажыны және тапты, Бұнларды тауып алып, қайран қалды. Анларға бек зор қылып ғимарат салды, Көрген жанлар таң қалып, есін танды. Ескендір енді мың құл алып азат қылды, Уа және мың пақырларға ат, тон берді. Уа және ғалым-ғұламаларға мал сарп қылды, Хатым Құран оқытып, құрмет қылды. Әлқисса үшбу сөзді қысқарталы, “Уа, Алла ағлам бисауаб” деп сөз ашалы. Әзін жаныб Риуаят рауиларның сөзі келді, Жоғарғы Кәрсашабтан хабар келді. Қанатурға қайсар илән хабар келді, “Ескендір халифаға кеткен” десті. Қанатур лағин бейқисап әскер алды, Келіп ол Кәрсашабқа жақын түсті. Қанатур малғұн Кәрсашабқа қағаз жазды, “Басың қойып, біздің дінге кіргіл,– дейді. Ескендір мен халифаны өлтірем,– дейді, Тәж-тақтын саған алып берем,– дейді. Бұ сөзімні алмасаң, әгар,– депті, Бір жұмада өлтірермін жұмлаңызды”. Шатран деген бір малғұн алып барды, Кәрсашаб оқып ол хаттың сөзін білді. Шатранның құлақ-мұрнын кесіп алды, “Қолынан келген ісін қылсын” деді. Ол келіп Қанатурға хабар берді, Қанатур қаһарланып жетіп келді. Екі ләшкер сап болып тұрып ерді, Бір палуан зәңгілерден жетіп келді. Ол зәңгі жүз кісіге бара-бар ерді, Мұсылманлардан елуді ол өлтірді. Ол малғұн мақтанып нағра салды, – Кәрсашаб нешік өзі келмес?– деді. Кәрсашабта бір палуан болар ерді, Аты – Лақме, Рағид падишаның ұғылы ерді. Майданға Керкуданын мініп келді, – Әй, харамзада, не дерсің, сөйле?– деді. Ескендір бір күн мұнда келер,– деді, Көкке шығып қашсаң да қоймас,– деді. Лақменің алпыс аршын бойын көрді, Тоғыз жүз батпан күрзісінен қауіп қылды. Ол қорқып Лақмеге сөз сөйледі: – Сенің атаң Қап тауында падиша ерді. Сен келдің не себеплі мұнда?– деді, Адамзатқа қызмет қылып босқа,– деді. Сен енді біздің дінге кіргіл,– деді, Айн әл-Құтырға падиша қоям сені,– деді. Лақме сонда: – Әй, малғұн,– деп сөйледі, Діннің асылын айтайын саған,– деді. Хақ Мұхаммед – пайғамбар-дүр, білгіл,– деді, Оның діні Хақ ерер кіргіл,– деді. Әлқисса, екілісі дін хақында келісе алмады, Екілісі нәубет бірлән хамлә қылды. Екісінің де Керкуданы жығылып ерді, Ағзалары қан болып, тұра келді. Екісіне Керкудан алып келді, Күн кеш болып, екісі қайтып кетті. Кәрсашаб келіп, Лақменің көзін өпті, “Аһ, Ескендір болмады-ау бұ күн!– деді. Сенің ол қайратыңды көрер ерді, Сенің үшін хайыр дұға қылар ерді”. Бұнлар мәжіліс, рахат қыла тұрсын, Енді малғұн Қанатурдың сөзі келді. Әзін жаныб Жамһур деген бір малғұн падиша болар ерді, Сол күнде төрт жүз жастан озған ерді. Ол малғұн сиқырлыққа маһир ерді, Қанатурдан оған хабар барған ерді. Ол лағин Қанатурға келген ерді, Оның аяғын Қанатур сүйген ерді. Шатырына келіп оны қонақ қылған ерді, Ескендірді ол шикаят қылып ерді. Сонда Жамһур Қанатурға һәм сөйледі: – Сізлерде һешбір қайрат жоқ-дүр,– деді. Әгар менім жас күнім болса ерді, “һай” дегенше, өлтірер ердім Ескендірді. Қанатур сонда: – Ескендір жоқ мұнда,– деді, Лақме деген Рағид ұғылы бар, мұнда,– деді. Екіміз бүгін көп мүбараз қылдық,– деді, Күшім жетпей, мен шаршап тұрдым,– деді. Кәрсашаб деген ләшкер басшының,– деді, Қуаты Лақмеден артық оның,– деді. Ескендірді есіттік және,– деді, Оның қуаты жүз артық онан,– деді. Қайсар илән Қанатур мұны айтты, Жамһурға басын қойып, зар жыласты. Жамһур малғұн бұнларды жұбатыпты, – Қайғырма мұның үшін сізлер,– депті. Бір шөлмекті пешатлы алып берді, – Бұ шөлмектің іші толған құм-дүр,– деді. Әгар қуатыңыз келмесе сізің,– деді, Бұ шишадан құм алып, шашқыл,– деді. Байланар анлардың қолы сонда,– деді, Кесіп сонда басын алғыл,– деді. Әлқисса, сиқырлық ол үйретті, Сабах садық таң атып, Лақме келді. Қанатур сонда Лақмеге сөз сөйледі: – Кел, менім аяғымды сүйгіл,– деді. Уа және біздің дінге кіргіл,– деді, Қимаймын өлтірерге сені,– деді. Лақме сонда: – Әй, малғұн,– деп сөйледі, Жаным сахи, хақ діннен безбен,– деді. Қанатурды күрзі бірлән салып ерді, Керкуданның белі сынып, ол жығылды. Аузы-мұрны қан болып, тұра келді, Уа және бір керікке мініп алды. Қолына шиша алып, топырақ шашты, Лақме сол уақытта көзсіз болды. Сол халде Қанатус малғұн қылыш ұрды, Сол жерде Лақмені шаһид қылды. Оны көріп, Кәрсашаб жетіп келді, – Әй, лағин, не қылдың тоқта?– деді. Ескендір мұнда қазір келер,– деді, Зүриятыңнан қалдырмас һешбірін. Қанатур сонда бұ сөзге қаһ-қаһ күлді, – Ескендір бір ұрғанда өлер,– деді. Кәрсашабтың оны естіп, қаһары келді, Қанатур малғұнға күрзі ұрды ерді. Күрзісін Кәрсашабтың маниғ қылды, Өзі және қылыш илән хамлә қылды. Әлқисса, жарты күнше соғыс қылды, Малғұнның күші жетпей, шаршап тұрды. Топырақ салған шишаны ол қарады, Соғыста түсіп қалып, таба алмады. Сол уақытта бір тозаңды келер көрді, Ол көрінген Ескендірдің ләшкері ерді. Ол көріп дұшпанларды, нағра салды, Аспан жерге түскендей тау қозғалды. Жер мен көк, тау-тастар ыңыранды, Сол халде көп халайық есін танды. Кәрсашаб көзін салып қарап ерді, Есін танып Қанатурды жатқан көрді. Сол жерде Қанатурды қылыш илән пәре қылды, Малғұнды жаһаннамға жөнелдірді. Ескендір мен Мұхаммед жетіп келді, Сейіт хазіретінің Әли, Нәзір ұғылы келді. Аспан илән нағра тартып, ләшкер келді, Ол келген Тамус сұлтан пері ерді. Жұмласы жүһүдлерге қылыш ұрды, Бір сағатта жұмласын қырып салды. Иә, ғажап қырылған жанларының қандары, Мисли сел наһрдай ағар көрді. Енді перілер қайсар илән Фағфурның ұғылын, Ескендірдің хозурына алып келді. Ескендір “Иман айтқыл!” деп әмір қылды, Әмірін қылмай “Хараж сал” деп сандалады. Сонда Ескендір перілерге әмір қылды: “Қостантинның ортасына от жақ” деді. Фағфурдың ұғылын қайсар илән отқа жақты, Малғұндар азаптың дәмін тапты. Енді Шаһ Ескендірдің көңілі тынды, Мұсылманлар дұшпанлардың малын жиды. Шаһ Ескендір ол малдарны тақсым қылды, Халифаға шығарды бестің бірін. Қалғанын ләшкерлерге бахшиш қылды, Ол малдан хаббесін һеш алмады. Ескендір Тамус сұлтанға рұқсат берді, Кәрсашабты Айн әл-Құтырға падиша қойды. “Әлуадағ, аман болғыл сізлер,– деді, Мен енді ол шаһарға барман” деді. Уағдаласып перизаттар қайтып кетті, Ескендір Ыстамболда тұрып қалды. Ол шаһардың кәнисаларын жұмла жықты, Орнына мәсжид-медресені бина қылды. Атасы Сейіт хазіретінен қалған жерді, Түзетіп Дәрул-ислам тамам қылды. Төрт тарапқа хат жазып, тәдбир қылды, Ықылас қылған халайықтар мүмін болды. Бағзы атыраптағы мүнкәрларға хараж салды, Әлқисса, көп халайықтар тыныш болды. Ыстамболдың падишасының лақап есімі, һәр уақытта “Қайсар” деп атар ерді. Ескендір ол есімді қойдырыпты, Андан соңыра һеш “Қайсар” деп аталмады. Ол шаһарда Осман деген бір пақыр болар ерді, Өзі заһид, жасырынып жүрер ерді. Ескендір ол Османды падиша қойды, “Мұның тәдбирінен шықпаңыз һешбір” деді. “Османия мемлекеті” есім қойды, Ол есім бұдан кейін жоғалмады. Енді Ескендір ол шаһардан сапар қылды, Малатияның шаһарына жұмла келді. Ол шаһардың ұлық-кішік жұмлалары, Ескендірге тағзым қылып, көріс қылды. Бірнеше күн қонақ болып онан көшті, Ол келіп Қыршында үш жыл тұрды. Ол шаһарда атасының ғимарат-зияраты, Машһүр-дүр көп шаһидтың ғимараты. Ол шаһарда зиарат қылып жатыр ерді, Мұхаммед хауарзамин түсті көрді. Түсінде Сейіт хазіретін шат көріпті, Жәннаттың тақтысында паш көріпті. Қасында көп шаһидлер отырыпты, Мұхаммедке Сейіт хазіреті сөз айтыпты: “Ескендірге бізден сәлем айтқыл,– депті, Біз риза Ескендірге болдық,– депті. Оған һәм риза болсын Алла,– депті, Өзің мүхман бізге бол, ертең” депті. Әлқисса, Мұхаммед ұйқысынан ояныпты, Ескендірге түсін ол айтыпты. Бұны естіп Ескендір шаһ тұра келді, Екі ракағат намаз зар жылады. “Мен білдім, бұ Мұхаммед дүниядан көшер,– деді, Жалғыздық менің басыма түсер,– деді. Иә, Алла, сенен тілек қылдым енді, Бағышлағыл Мұхаммедті маған енді. Барайын Ыстамболға мен енді, Атырабында көп ерді лаңкерлері. Мұсылманларға бір қылар бір күн,– деді, Анларға жәрдем берсек барып,– деді. Иә, Алла, мұнаууар қылғыл ислам дінін, Залымдықтан сақтағыл һәр адамларды. Иә, Алла, бұ тілегімді берсең,– деді, Андан соң қалағаның болсын” деді. Мұны айтып зар жылап жатып ерді, Түсінде Расул Алла хабар берді: “Иә, шүкір күшам, қам жемегіл, тұрғыл,– дейді, Құдайым тілегіңді берді,– дейді. Тез, жаным, бұ орыннан тұрғыл,– дейді, Уағдасын бұзған фараңларға барғыл”. Мұны естіп Ескендір тұра келді, Аллаға шүкір қылып, сол жерде намаз қылды. Мұхаммедке түсін айтып шат болды, Ыстамболға ләшкер алып, сапар қылды. Малатияға хабар айта Мұхаммед кетті, Әли, Нәзір, Абдулсамад бұны білді. “Ескендір Ыстамболға жүрді,– дейді, Сізлер де ләшкер илән жүргіл” дейді. Әлқисса, қырық мың ләшкер бұнлар жүрді, Келіп анлар Ескендірмен бірге жүрді. Және Ескендір қалам алып, қағаз жазды, “Айн әл-Құтырдан Кәрсашаб келсін,– дейді. Ғауаж фараң бағи болған, білсін,– дейді, Ләшкер илән тез мұнда келсін” дейді. Бір пері хатты алып ұшып барды, Кәрсашаб падишаға хатты берді. Кәрсашаб хатты оқып сөзін білді, Тезлік илән әскер жиып, бұ да жүрді. Әзін жаныб Жолымен бұнлар енді келе тұрсын, Енді Осман сұлтанның сөзі келсін. Осман сұлтан бек әділ падиша болды, Қараған рағиятлары бек шат болды. һәр шаһардан мал, харажлар келер ерді, Мұстаһиқ пақырларға берер ерді. Өзі бір әдет кәсібі болар ерді, һәр уақытта ол кәсібін істер ерді. Бір күнлері соқа жүргізіп келер ерді, Оның темірі бір тасқа ұшырады, Ол тасты алып, Осман тастап ерді. Астында нардибан салған үй көрінді, Ол басқышпен төмен жүріп келіп ерді, Оның ішінде қырық шелек алтын көрді. Ол алтынды қырық түйеге артып алды, Әкеліп қазыналарға оны қосты. Қисапсыз ол шаһарда ғани болды, Ұрлық, мақтаншақтық һеш келмеді. Зәрредей дүния бұзса көңіліні, “Өлім бар” деп, қорқытар ерді күнде өзіні. Күн-түн қисап қылар ерді ол өз-өзіні, Ақыретке сарп қылар ерді мал-мүләкатіні. Падишалық мал дәулетке мақтанбады, Бұ дүнияның пәнилығын білген өзі. Бұ заманның ғажап болған адамлары, Ақыретті пікір қылмас көп жанлары. Зәрредей дәулет бітсе, көтермейді, Мас болып, дәулетіне әуре болды. Бұ сөзді біз қоялық, тыңлаң енді, Османның Ескендірмен сөзі келді. Әзін жаныб Ескендір келіп, бір жерге қонып ерді, Бір адам қағаз алып жетіп келді. Ескендірге тағзым қылып, сәлем берді, Жерді сүйіп, алдына хатты қойды. Хатты оқып Ескендір сөзін білді, Ол хаты Осман падишадан келген ерді. “Ғауаж фараң бағи болды бізге,– депті, Ол және тұхфат қылды сізге,– депті. Ләшкер жиып келіп тұр мұнда,– депті, Мақсұды хараб қылмақ бізді” депті. Түсінде Мұхаммед Мұстафаның айтқан сөзі, Ескендір Мұхаммед илән білді өзі. Енді бұнлар ләшкер илән атқа мінді, Күн-түн жүріп, Ыстамболға жақын келді. Ыстамболды қамаған әскер көрді, Сап болып екі ләшкер тұрған көрді. Ғауаж фараңнан бір малғұн жетіп келді, Өзі кербез, бек реңклі малғұн ерді. Оның күрзісі тоғыз жүз батпан ерді, Тауды ұрса да ол талқан қылар ерді. Мұсылманлардан бір дию барып ерді, Бір ұрып ол диюды күлдей қылды. Оны көріп Мұхаммедтің қаһары келді, “Әй, малғұн, не қылдың?!” деп жетіп барды. Келіп оны көтеріп жерге ұрды, Күл болып, жаһаннамға жаны барды. Оны көріп Ғауаж фараң жетіп келді, Мұхаммед илән ол малғұн хамлә қылды. Ол малғұн әлгіден мықты ерді, Мұхаммедті ұрайын деп оңтайланды. Оны көріп Ескендір шаһ нағра салды, Жеті қат көк жерге түскен мисли болды. Иә, ғажап нағраның сайхасыны! Есіткен халайықтар есін танды. Жер жарылып, тау-тастар тітіреді, Мисли болат күркіреп от шашылды. Мұхаммед сол уақытта қайтып келді, Ескендір, Ғауаж фараң да қарсы тұрды. Малғұнды жағасынан ұстап алды, Алмадай айландырып, жерге ұрды. Жерге ұрған жұмыртқадай ол жарылды, Жаһаннамның ішінен орын алды. Сол уақытта аспан ара ғауға шықты, Қарасалар, Кәрсашаб перінің ләшкері ерді. Ескендірдің нағрасын естіп ерді, Асығып, сол себеплі келген ерді. Келіп ол жүһүдлерге қылыш ұрды, Алмадай адамлардың басы ұша берді. Уа және мұсылманлар да қылыш ұрды, Ескендір сайха қылып және қырды. Қырылғанның қисабын Алла білді, Ой жерлерге қан толып, көлдей болды. Ғауаж фараң ұғылы Ғалажды перілер алып келді, Ескендірге он мың жесірді айдап келді. Шаһ Ескендір Ғалажға сөз сөйледі: – Бейшара, мұсылман болғыл енді,– деді. Ғалаж сонда тағзым илән сөз сөйледі: – Сұлтаным, қабыл көрсең айтам,– деді. Ғалаж сонда көп жылап, сөз сөйледі: – Менім атам білместік қылды,– деді. Білместік басына оның жетті,– деді, Көп адамларын қырдырды босқа,– деді. Изин берсең, хараж салғыл бізге,– деді, һешбір қылық қылмайын сізге,– деді. Достыңызға дос болам сіздің,– деді, Дұшпаныңа дұшпан болам және,– деді. Әлқисса, көп жалынып, ол сөйледі, Ескендір оның ғұзырын қабыл қылды. һәр жылда мың қыз, мың ұғлан бергіл,– деді, Уа және мың жүк алтын, күміс бергіл,– деді. Уа және мың жүк май, балды бергіл,– деді, “Жоқ” десең, мұсылман болғыл қазір,– деді. Ғалаж сонда: – Мархаба, хош болсын,– деді, Әміріңше болайын сенің,– деді. Рұқсат алып, ол Ғалаж патша болды, Қолын қойып, хат беріп, қайтып кетті. Ескендір Ыстамболда он жыл тұрды, Түзеліп, әһлі ислам нұрға толды. Ол тарапта дұшпанлар һеш қалмады, Ықылассыз халайықтар таратылды. Ислам әһлі мүмін болып тапсырылды, Дәрул-ислам аталып, мәшһүр болды. Ыстамболды Осман сұлтанға бағышлады, Мұхаммед илән Қаз шаһарына сапар қылды. Келіп анлар, Сейіт хазіретке зиарат қылды, Сол түні Мұхаммед ғазы түсті көрді. Түсінде хазірет Расулды кәміл көрді, Асхабы риза анларды жұмла көрді. Сейітбаттал хазіретін және көрді, Қасында көп шаһидларды бірге көрді. Жұмласы мәжіліс қылып отыр көрді, “Хош келдің, шүкір күшам, ұғылым,– дейді. Ескендірге бағышладым әуел сені, Бұ дәмге шейін сен болдың,– дейді. Алла риза, Расул риза сізге,– дейді, Ертең мүхман болыңыз бізге,– дейді. Ескендірге сәлем айтқыл бізден,– дейді, Мақсұды көңіліндегі болды,– дейді. Мұны естіп Мұхаммед ғазы тұра келді, Ескендірмен таң намазын бірге қылды. Енді көрген түсін баян қылды, Енді екілісі уағдаласып, көп жылады. Сол күні Мұхаммедке тағдыр келді, “Инна лиллаһи уа инна иләйһи ражиғун” деп, дәфін қылды. Атасының қасына оны қойды, Бір ұлық ғимаратты оған салды. Жеті күн хатым Құран және оқытты, Көп малын садақа қылып, тасриф қылды. Енді Ескендір ол шаһардан сапар қылды, Меккенің шаһарына келіп түсті. Ол шаһарда Алла үшін мал сарп қылды, Пақыр, міскін, жетім, тұлдардың көңілін алды. Хаж қылып, Қағба, Аллаға тәуап қылды, Алланың әмірі үшін сауап қылды. Андан соң Мәдине мұнаууараға келіп тұрды, Сұлтан Әл-Әнбияға шаһзада зиарат қылды. Рауза у-шарифа мұжауир болды, Қалған ғұмырын шарифа сонда кешті. Мәдиненің халайықтары зар жылады, Хатым Құран оқысып бағышласты. Сұлтан Сейіт хазіретінің сағадаты, Шаһзада Ескендірдің һәм шарапаты. Мәдиненің анлар болды ғимараты, Тимеді һеш залымларының кесапаты. Мұхаммед Мұстафаның мұғжиза кереметі, Білінген жаранларға харақ әдеті. Енді тамам қылалы бұ ғаза қиссаны, Жазған бірлән таусылмас баянаты. Сұлтан Сейіт хазіретінің кереметі, Сөйленді жоғарыда баянаты. Кім тауысар ол сұлтанның ғазасыны, Қадари хал тамам қылдым кітабыны. Бұ кітаптың баяны жеті жыл-ды, Қысқарттым асан тілмен баяныны. Жетісінің лафыз сөзі Ыстамболы, Білерге қазақ пақыр насырны ағыр болды. Сол себеплі назым қылып жаздым мұны, Білмеймін қанша болған қатесіні. Қате болса, айып қылмаң сөзлерімні, Қатесіз пенде болмас, білсең мұны. Жаранлар, оқысаңызлар бұ қиссаның назымыны, Түзеңізлер, қате болса жазуымны. Түзесеңіз, ағыр қылсын жазаңызны, Иман бірлән көрсін жаныңызны. Жаранлар, оқысаңыз бұ ғаза кітабыны, Бек жақсы, тілесең сүйіп мұны, Рухы шаһидлардың сүйер сізді. Дұғада жад әйласаңыз сүйіп оны. Әулие шаһидлардың баянаты, Ішінде Құран азимнің келді аяты. “Уа ла тақулу лиман йуқтал фи сабили Аллаһи әмуат, Бәл ахиа уа ләкин ла ташғурун”. Білсеңізлер бұ аяттың мағынасын, Түзеңіз сол себеплі ықыласыңызды. Әгар ықылас қылсаңызлар сүйіп оны, Дұға оқып, жад қылыңызлар уәлилерді. Паш қылып оқысаңызлар дұғаңызны. Дұғадан тастай көрмеңіз бұ пақырны, Насырды назым жазған ғасы құлды Иләһым, ғафу қылғай кінәсыны. Бұ кітапты оқыған, тыңлаған, жазғаныны, Рахматың илән жарылқағыл иә, Ғани. Тынышлық ұғылының қылған дұғасыны, Кінәһым шомлығыдан қылман аһи. Бұ ғасы бейшараның мінәжаты, “Иә, Алла, иә Мұхаммед” деп қылды аһи.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.