Арқалық батыр (Ержан Ахметов нұсқасы)

Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында, Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Ол күнде түк білмейтін қазақ надан, Жау болып жылқы алыпты ұраңқайдан. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп, Төре сұрап алыпты Абылайдан. Керейге төре бопты Әжі төре, Әмірші төре...

Kazakh
Арқалық батыр (Ержан Ахметов нұсқасы)
Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында, Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Ол күнде түк білмейтін қазақ надан, Жау болып жылқы алыпты ұраңқайдан. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп, Төре сұрап алыпты Абылайдан. Керейге төре бопты Әжі төре, Әмірші төре бопты ол кезінде. Әжінің Көгедай, Көң аталары, Қазақты құлдық алған ол күнінде. Қарақас, ботақара, керей табы, Әжі төре төлеңгіт қой оның мәні. Қарақас, ботақара екі тап ел, Өзінің төлеңгіті керей табы. Арқалық батыр шыққан қарақастан, Әкесі Бөрібай шал қоңсы болған. Арқалық баласы екен Бөрібайдың, Әркімнің кедейлікпен малын баққан. Жаушылық қазақ, қалмақ мал қуысып, Бітім жоқ шабыс бопты кісі өлісіп. Арқалық сол кезінде он сегізде, Шығыпты барымтаға жауға аттанып. Сол күнде жан жолдасы Жұбай деген, Ботақара, төлеңгіт солай екен. Жұбайдың шыққан табы – ботақара, Арқалық Жұбайменен құрдас екен. Екеуі барымтаға сонда жүрген, Шатай, Тұяқ, Сейтенді жолдасқа алып, Бесеуі барып сонда жылқы әкелген. Сол малда-ау көкшұбар ат сұлу жорға, Әжі төре жау болған ұраңқайға. Керейдің Бейсембі атты би кез болып, Сауға деп Көкшұбар атты апты жолда. Төреге жеткен екен осы хабар, Шақыртып Арқалықты алдына алар. «Жорға сұлу ол атты неге бердің?» – Деп сонда күнәлі ғып дүре соғар. Өспедім малды болып былапынша, Кедейлік ар, ұятқа қарата ма? «Арқалық, ұрлығыңды қоясың!» – деп, Қорғасын құйды сонда алақанға. Төренің кім шыдайды зардабына, Басқанда жер қайысқан салмағына. Төренің зардабына шыдай алмай, Келдім де егін салдым Шарықтыға. Шал еді әкем Бөрібай жасы келген, Шешеміз ерте күнде жасымда өлген. Қатын менен бес жасар бір бала бар, Туыс жоқ онан басқа өсіп-өңген. Сармаса ала жаздай егін салдым, Бір сиыр, бір байтал бар барлық малым. Тары пісіп, келі түйіп ішкеннен соң, Тоғайып соныменен көрік алдым. Жатыр ем, түн ішінде біреу келді, Жүрегім аттай тулап тұра келді. Атының дем алысы ақыр заман, «Арқалық, үйдемісің, шықшы бері». Қарбаңдап әлгі жерде түрекелдім, Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім. Шошынған сұм төреден сорлы басым: – Кеп жүрген түн ішінде кімсің? – дедім. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме, Байматай менің атым, ағаң, – дейді. Қарақас, ботақара, төлеңгітпіз, Күн бар ма, сені «шапшаң әкел» деді. Әкем Бөрібай шал естіп күңіренді: – Келін-ау, отжарық қыл үйге, – деді – Байматай, жарықтығым, не деп тұрсың? Сөзіңді үйге кіріп ұқтыр! – деді. Байматай сонда келіп үйге кірді: – Бөріге ұқтырайын сөз, – деседі. Төреден алпыс жылқы дүрбіт алып, «Батырды Арқалықтай әкел», – деді. – Байматай, мына сөзің түрі жаман, Жүрекке қайғы екен зақым салған. Үйден шықпай жатасың демеп пе еді, Барады деп айталмаймын, жаным саған. – Арқалық жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп. Таңдайда алпыс жылқым ап дүрілдетті, Қуғыншыға Арқалықты жіберем деп. – Бәймеке, сенің ауылың Қызылқұмда, Бәймеке, мен сөйлейін, сөзім тыңла. Бір ұлым үйде өлтірсең, бере алмаймын, Бәймеке, бекер кепсіз маған мұнда! – Арқалық, жүрек басым құмғандай ғой, Жақсылық көзді ашып-жұмғандай ғой. Қарақас, ботақара, төлеңгітпен, Шырағым, бір кісіден туғандай ғой. Бармасаң, көпке төре жұмыс салар, Қарақас, ботақараны жиып алар. Қалайша қуғыншыға бармады деп, Арқалықты ұстап бер деп әлек салар! Күн бар ма төлеңгітте төре білет, Қай керей бізді айырып ара түсет. Бармасаң малын қуып жау дүрбітке, Бір сорлы төлеңгітке жұмыс берет. Қарағым, онан да сен барып келсең, Қайрат қып, малына мал алып келсең. Бұл жұмыс өзінікі сенікі емес, Өзі көріп жетпей ме кісі өлтірсең. Байматай басшы адамы екі таптың: – Бармаймын деп, шырағым, неғыласың? Өзің үшін туыпсың, жұртың үшін, Бізге залал салады, бар, шырағым. Сонан соң барайын деп тілін алдым, Жадағай жаман шекпен киіп алдым. Бар еді жемге баққан бір байталым, Байталға өзі жауыр желқом салдым. Байталға шұбар шолақ желқом салдым, Найзамды, бар қаруым қолыма алдым. Аяққа киіз байпақ, тері шақай, Ілесіп Байматаймен бірге салдым. Шалшықай, Тұмандыға тура қонған, Түн қатып, күн шыққанда келдік сонан. Кермеге атымызды байлап тастап, «Алдияр!» деп біз кірдік тура сомпаң. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп, Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті, Жібердім Байматайды алып кел деп. Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқы алып таңдай тал түс дүбірлетті. Жылқыдан отардағы Саршоқыдан, Өзімнен алпыс жылқы алып кетті. Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп. Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті, Сен барып осы кегімді алып кел, – деп. – Алдияр, ақ сұңқарым, келдім саған, Отырған төре, қара бәрің тамам. Тірі болсам, бұл кегіңді әперейін, Тауып бер бір жүйрік ат, төрем, маған. – Арқалық, атың шықты өнерменен, Бейшара сен келіп ең кедергіден. Бар еді өз басымда бес жүз жылқы, Ішінде ат бар ма еді сен білмеген. – Сөйлейді шешен адам тіл мен жағы, Біз келсек аман-есен, елдің бағы. Алдына үш жүз аттан жан салмаған, Көкжалы Сейілханның, менің дағы. – Жігітке жауға мінер ат ыңғайлы, Қара жер, қатты басса, бұрқырайды. Жылқыдан отардағы атты апкел, – деп, Жұмсады қаршыға көз Кеңгірбайды. Жылқыға отардағы Кегім кетті, Мініп ап, бір жүйрікпен зар еңіретті. Ертең шалқар тұсында отырғанда, Көкжалды бұлықсытып алып жетті. Көкжалға, желіп кетсе, жел жетпейді, Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді. Көкжалды таң асырып байлап көрсем, Қара жерді оңды-солды тепкілейді. Тұр екен кермесінде қабырғалап, Қызарып екі көзі отша даулап. Селкілдеп жер ошақтай жерді қазып, Қара тер жаясынан тұр сауылдап. Боларын енді жолым сонда білдім, Төреге «алдияр» деп қайта кірдім. – Не деген әміріңнен шығамыз ба, Ал енді жолдас ертіп жүргенде деп. – Батырым, жолдасыңды ал қасыңа ерген, Өзіңмен бірге барып, бірге келген. Бәрін де дайын қылып жүргізейін, Кім еді жан жолдасың алып жүрген? – Жұбай еді жан жолдасым, ақыл серік, Тар жерде талмаушы еді ақыл беріп. ұялас ит сықылды қор боп еді, Басқаны қосыңыздар өзің біліп. Байматай ел ағасы ботақара, Шақырды Бәймекемді сол арада. «Тез барып Жұбайды әкел шапшаң тауып, Батырдың жолдасы екен құрбыжаны». Жұбайға жарлық қатты, кетті шауып, Жарлықтан бұрылмапты ауып. Екеуміз он сегіз кезде бір шығып ек, Қандай ерлік қылсақ та, бірге барып. Әкелді әлгі жерде Жұбай ерді, Байлаулы бала құстай біз бір шерлі. «Жұбай, сен Арқалыққа ересің!» – деп, Әжі төрем сол жерде әмір берді. Жұбай айтты: «Ақсұңқарым, келдім саған, Отырған төре-қара бәрің тамам. Бар десеңіз барайын жолдас болып, Бір жүйрік ат беріңіз, тақсыр, маған». – Сен де мін Көкшегірді кермеге ілген, Көкжалдан кейінгі сол келіп жүрген. Кешікпей енді шапшаң жүресіңдер, Неше кісі аласың тағы? – деген. Жұбай айтты: «Жүз кісі бер жау бол десең, Қопарып, ел шабайық қан төк десең. Малға мал әкел десең, тақсыр, барымта, Баралық төрт-бес кісі ұры жолмен». Әжі төрем сөйледі: «Барып кел, – деп, Малыма екі есе мал алып кел, – деп. Дүрбіттің күнде шапқан қорлығы өтті, Өлсең де осы жолы көріп кел», – деп. – Ендеше біз баралық, жүргін, төрем, «Құдай салса, құл жылап көнер» деген. Шатай, Тұяқ, Сейтенді алдырыңыз, Солар еді жол жүрісті көріп жүрген. Жұмсады Кеңгірбайды: «Барып кел, – деп, Үшеуін шапшаң барып алып кел, – деп. Үшеуін лезімде алып келді, Қаратпай алды-артына жүрің», – деп. Әжі төрем сөйледі: «Тез бар, – деді, Жылқыма екі есе ғып жылқы ал, – деді. Ат, айғыр, жорға, жүйрік бәрі кетті, Арқалық, осы жолы аянба енді». Ертеңінде төрем жұртын алды жиып, Бес бала жүрмек болдық жанды қиып. Әлгі келген үшеуіне және ат беріп, Жүргізді ақ сарыбас қой айтып сойып. Аттанған төлеңгіттен біз бес бала, Жолымды бере көр деп Хақ Тағала. Жөнелдік таңдай тал түс біз бесеуміз, Алдымда көлденең тау Нарынқара. Тауынан Нарынқара аса жүрдім, Белінен Күйгенқора баса жүрдім. Көксінен көктей өтіп Шірікшиге, Келдік те, кешке жақын ерулендік. Шай іштік, кателды асып, жайланысып, Білікті өңшең жүйрік таң асырып. Жұбай айтты: «Ақымақ, ей, Арқалық, Жүрем деп жанталастың асып-сасып. Біз кеттік елден шығып – қалың нудан, Ат салып біз отырмыз Ертіс судан. Қуғын-сүргін, кісі өлсе, не болат деп, Бейшара, қайырмадың төрең сұмнан. Арқалық, ақымақсың арындаған, Аңғал жігіт қақпанға арандалған. Күтінген жау қолына мал бере ме? Осы сөз кетті сенен қайырмаған». – Ей, Жұбай, неге айтпадың кеше маған, Қайырып алмас па едім кеше сонан. Бұл сөзің енді бізге қайғы болды, Баралық, жүр түн қатып енді соған. Арқалық Жұбайменен атқа мінді, «Үшеуің жата бер» деп, түнде жүрді. Көкжал мен Көкшегір ат жер қабады, Күн шыға ордасына бұлар келді. Кермеге екі жүйрікті іле келдік, Көңілді әр нәрсеге бөле келдік. Шай ішіп ханымменен отыр екен, Төреге «алдияр» деп кіріп келдік. – Арқалық, неге келдің асып-сасып, Қалайша, неге келдің қайта басып? Аттың бетін бұрғаның жаман болды, Қиыншылық болды ма, түнде қашып? – Әй, тақсыр, бір сөзім қалған екен айтылмаған, Көңіліме келген сөзім қайтмаған. Қуғын-сүргін, кісі өлсе не болад деп, Бұл сөзім қалған екен қайырмаған. – Арқалық, жастан шыққан сен бір қыран, Жақсының ақылы мол, ойы терең. Ап келсең осы жолы бұл кегімді, Берсем де Сейілханды, сені бермен. Ханым айтты: «Екі батыр, сөзді тыңла, Түп нағашым сендерсің, ойлап қара. Малға мал алсаңыздар ақылменен, Әркімнің бас аманы өзіне олжа». Әжі төрем сол жерде ашуланды, Қолына сар таяқты жұлып алды. – «Қатын дұшпан» дейтұғын осы екен, – деп, Ханымды сар таяқпен салып қалды. – Өзімнің малым еді дүрбіт алған, Дәлдеп кеп атқан оқтай тиді маған. Келсең де кісі өлтіріп, өзім көрем, Жұбай ғой жүрегіңе зақым салған. Билеген керей елді төрең едім, Малыма мал әкеп бер толық десіп, Басқа елдің жұмысы емес кесе тимейтін, Мен өзім не болса да көрем! – дедім. Сонан соң қымыз ішіп сусындадық, «Төрем серт сөйледі» деп қутыңдадық. Не болса да тәуекел, көрелік деп, Атқа мініп қуанып «шүуге» салдық. Жөнелдік жау қарасын көргендейін, Қолымнан ұраңқайға бергендейін. Немене айтып-айтпай, ойбай, Тәңір-ай, Оққа ұшып әкем Бөрібай өлгендейін. Біз келдік Шатай, Тұяқ, Сейтендерге, Тұр екен олар күтіп қарауылда. Үшеуі бірден ұғып сөз мәнісін, «Тәуекел, жүрелік», – деді сол арада. Мойнынан Күйгенқора баса жүрдік, Белінен Нарынқара аса жүрдік. Бет алып Ертісті өрлеп Қыранға кеп, Сол жерде түнде жатып ерулендік. Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп, Түн салқын, күзгі уақыт, қатты жүріп. Жеткенше ұраңқайға асық болып, Бойына қара Ертістің келдік жетіп. Жұбай айтты: «Арқалық, сен бір ер, – деп, Дүбірлі жау алатын найзакер, – деп. Топадай жел жоқ екен, толқын да жоқ, Ат салып енді Ертістен өтелік», – деп. Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық, Қамыстан бір-бір салды буып алдық. Ер тоқым мен киімнің бәрін буып, Қамыстан буған салға теңлеп алдық. Сол жерде «кәрі әруақ» деп ұран салдық, Әруағын Жәнібектің ауызға алдық. Жайдақтап көйлек, дамбал түріп, Суына Қара Ертістің түсе қалдық. Шыпылдап атақты Ертіс ағып жатыр, Көкжал ат суды дүзіп келе жатыр. Жұбайдың өзі сушыл, малтушы еді, Артымда Көкшегірмен келе жатыр. Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді, Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді. Сырылдап суды сүзіп келе жатыр, Жануар шоқтығынан бір кетпейді. Алдымен арқан бойы бұрын өттім, Шатай, Тұяқ, Сейтендер кейін қапты. Бос айдап Көкшегірді өзі малтып, Артымнан Жұбай таяу одан өтті. Сол Жұбай атын тастап қайта кетті, Кейінгі үшеуіне барып жетті. Қырқарлап қой өткендей, әлгі үшеуін Бір-бірлеп әлгі жерден тартып өтті. Аттанған төре үшін біз бес бала, Киімді, ер тоқымды жайдық сонда. Білікті өңшең құр ат байлап тастап, Тынығып еру болдық сол арада. Таң атқан соң жайланып атқа міндік, Бет қойып енді Ертісті өрлей салдық. Өрмегі Үргеті мен Тасқия асу, Ақбұлақ суы күшті соған келдік. Алтайдың айыр кезең асуы бар, Қобдаға сонан асып басуы бар. Ақбұлақ құздан құлап су ағады, Күн жауса өткел бермес тасуы бар. Ақбұршақ көбіктеніп жатыр ағып, Шошыдық суды көріп жүрек қорқып. Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр, Бурадай көбік шашып күрілдетіп. Жұбай айтты: – Арқалық, мына судың түрі жаман, Қайтеміз, түсеміз бе енді бұған? – Судан қорқып қайтқаннан, өлген артық, Тәуекел, өтем, – дейді батыр бұған. Жұбай айтты: «Өтемісің, батыр, енді? Өлсек бірге өлелік ақыр енді. Арқанды белге байлап ұстасып ап, Өтелік тәуекел деп түгел», – деді. Қайыс арқан белімізден байлап алдық, Жәнекем көк перісін ауызға алдық. Судан қорқып барғанмен төре өлтірер, Матасып умақ-шумақ түсе қалдық. Найзасын қанжығаға тіреп алып. Арқалық Көкжалменен түсті батыр, Ақбұршақ ат-серіктен кіреді асып, Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр. Арқалық су ішінде ұран салды, Көкжал ат бұл айқайға қуаттанды. Бесеуі сол матасқан арқанменен, Ар жаққа аман-есен жетіп алды. Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп, Аяғым, жазым болса, кетер тайып. Айыркиік Алтайдан асып алып, Құмкеріш, Төлентіге түстік барып. Жұбай айтты: «Біз келдік жау шетіне, Сөйлейік жылқы алудың іретіне. Саржон мен Тасқияға барып кірсек, Ел тұрмай жылқы аламыз ертеңіңде. Бөктерлеп, тау кенері жолмен жүрсек, Барамыз екі қонып, тура жүрсек. Қай жағымен баруға лайықты, Жүресің қай жолменен, батыр, біл», – деп. Арқалық сөз сөйлейді сонда тұрып: – Әй, Жұбай, сөзім тыңла мойын бұрып. Жан қинамай бізге мал табыла ма, Сұм төрең жіберген соң құрбан қылып. Не өлмей, не жылқы алмай барамыз ба, Біз өлсек, тышқан құрлы боламыз ба. Жылқы алмай, босқа келсең, күнәлісің, Өкпе кіріп жүрмесін арамызға. Тәуекел, Сарыжонмен баралық та, Тасқия дараға еніп алалық та. Қолынан дүрбіт бізге малын бермес, Басынан жылқы қуып алалық та. Мақұлдап барлығы да, Жұбай қостап, Ақылшы сөзі тәтті Жұбай жұмсақ. Сол жерде апыр-топыр атқа мініп, Жөнелдік біз бесеуміз умақ-шумақ. Жондата «шүуге» салдық Тасқияға, Таң ата жетіп келдік Сұраншыға. Басынан Тасқия асу жетіп келсек, Дараны тас бекітіпті, амал бар ма? Жұбай айтты: «Арқалық, сорлап едің, Тау жағын жөндеймін деп зорлап едің. Ал енді Тасқияны бекітіпті, Мұнан басқа асу жоқ, болмап еді». – Тәуекел, енді түсіп қарайық та, Қайыңнан бір-бір көстік алайық та. Зор келер ең жаманы екі қолға, Шұбама бір жол салып алайық та. Асу жоқ осы тауда мұнан басқа, Көз жетпес екі жағы Сұраншыңнан. Сол жерден Тасқиямен көпір салып, Жол салдық кешке жақын бір шұбама. Ішінде жалғыз суат Қарабастау, Түсе қап байладық ат Тасжарғанға. От жағып, шай қайнатып, тамақ ішіп, Тынығып, ұйықтайық деп таң атқанша. Сол жерде ұйқы қанып түрегелдік, Қалай жылқы аламыз деп кеңес қылдық. Жұбай айтты: «Үшеуің осында қал, Тәуекел, енді екеуміз жүр, баралық». Жұбайменен екеуміз атқа міндік, Шатай, Тұяқ, Сейтенді салық қылдық. Жер қиын, бір түн қатып, таң атқанда, Басына Саршоқының шыға келдік. Мал аман, басы түгел еліреді, Жылқы алсақ, біздің көңіл семіреді. Отыр ек қарауылдап Саршоқыда, Бір қылаң бізге үшеу болып көрінеді. Мұнарлап соғып тұрған жел екен ғой, Құзар шың екі жағы сай екен ғой. Қараң-құраң көш пе деп отыр едік, Суға кеп шұбап түскен жылқы екен ғой. Сол жерде атқа міндік жүрек қайнап, Отыр ек жасырынып атты байлап. Атқа мініп, жүгіртіп жетіп келсек, Мойнақта бос жылқышы жатыр жайрап. Ойда жоқ жау келет деп қайғы ойлаған, Біз келіп шыға келдік сол Мойнақтан. Жайрасып бес жылқышы ұйықтап жатыр, Басына жалғыз жайдақ тай байлаған. Бір мыңдай жылқы жатыр әлгі сайда, ыңғайлап жылқы бөлдік енді айдауға. Алпысты екі есе ғып алайық деп, Біз бөлдік енді іріктеп жүз жиырма. Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие, ұялы жал-құйрығы судыраған. Жылқының келесі деп қосып бөлдік, Үйірі шегір атпен елу екі. Ішінде көкмойын ат сұлулығы, ырғақтап жүре алмайды семіздігі. Аман барсақ, жорыққа мінсем-ау деп, Көрген соң қызығамын мен бір сорлы. Жануардың екі көзі жұдырықтай, Алды-арты бірдей келген тым ұнамды-ай. Жаясы жануардың жыртылып тұр, Жас бала жата қалып ұйықтағандай. Иен жатқан жылқыдан бөліп алдық, Бет түзеп айдайтұғын жолға бардық. Екпінді Ақбұршақ су жолы қиын, Көкжалмен көлбеңдетіп сойыл салдық. Әлгі ат қашқалы жүр жылқы бастап, Кісінеп, жарқ-жұрқ етіп шығып сойқап. Қайта қашып бір жерде жөнелгенде, Жібермей қуып келдім мен сойылдап. Жұбай айтты: «Ей, батыр, сақтанатын, Аман барсақ, абырой мақтанатын. Қуғыншы бізді біліп қуар болса, Жер қиын тырп еткізбей ап қалатын». Қалжыңбас Жұбай келді әлгі жерде: – Қатты айдап біз келеміз Қараөзенге, Ит құйрығына ілінген қайран жылқы, Күшпен алдым дейсің бе сен төреңе? – Жұбай, сен қалжыңдайсың кекесінмен, Ендеше, соғысып-ақ көрейін мен. Барғанда тағы айтарсың осыныңды, Оятып жылқышыны келейін мен. Ыза боп қасқырдай мен алақтадым, Көкжалмен қайта шауып салақтадым. Жайрасып бес жылқышы әлі жатыр, Қасына жетіп келіп арқырадым. Шошынып бес жылқышы жаман састы, Төртеуі бейітке қарай тасқа қашты. Біреуі жүген алып жүгіріп кеп, Мінуге жайдақ тайға кеп жармасты. Сойылмен сол жерде мен салып қалдым, Білмеймін, сол ұрғанда талып қалды. Қуғыншы келсе кейін, тәуекел ғой, Айырып, күші жетсе, алып қалсын. Оятып жылқышыны, келдім шауып, Қандай заман болады деп қылам қауіп. Осы жерім өзіме мін сықылды, Айдап жүр Жұбай жалғыз сойыл салып. – Арқалық, ақымақсың арындаған, Орны арам күштің табылмаған. Қуғыншы алдымызға және кетіп, Бір бөлек таң атқанда келер саған. Айда енді малды айырып алғанынша, Зор келіп қашан бізден қалғанынша, Бұл жылқы енді бізге қайғы болды, Төреге аман-есен барғанынша. Ұялып, мен де қудым Көкжалменен, Біз келдік Тасқияға сол өзенмен. «Сауға!» – деп Шатай, Тұяқ, Сейтен келді, Тұр екен қарауылда, көріп көзбен. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға, Жылқы алдық иен жатқан барып малға. Қалжыңдап ем жай жатқан жылқышыға, Қайта барып хабар қылды, амал бар ма. Оттатпай, бұл жылқыны иіріңдер, Бара ма аман, бармай ма, Құдай білер. Жылқышы барып хабар бергеннен соң, Қуғыншы алды-артыңнан бізге келер». Жылқының енді ішіне Жұбай барды, Жанынан қайыс арқан шешіп алды. «Әруағы ер Жәнібек қолдай көр!» – деп, ұстап ап көк қасқа тай айтып шалды. – Ағалар, сойыңыздар мына тайды, Жолда жеуге етінен азық алшы. Сүйегін тасқа шығар садақа ғой, Жем қылсын қарға, құзғын олар дағы. Тынығып, біз ұйықтайық біраз ғана, Тамақ асып қойыңдар бізге жана. Таң шолпаны туғаннан оятыңдар, Шұбатып шығарайық Тасқияға. Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп, Табаным, жазым болса, кетер тайып. Тынығып, ұйықтайық деп жата қалдық, Шаршап кеп, сусындадық малта шайып. Оятты, таң таянды Шолпан туып, Түрегелдік киініп, белді буып. Көкжал мен Көкшегірді отқа қойдық, Ет жедік, тамақ іштік, майға тойып. Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие, Жал-құйрығы ұялы сүйретіле. Ноқталап бұл екеуін ұстап алды, Жұбай ер шалма салып әлгі жерде. Бірінің құйрығынан бірін байлап, Жетекке, тақымға сап мұны жайлап. – Шұбатып Тасқиядан шығарайық, Үйірін көп жылқының қосып айдап. Жетектеп екеуін ап шықтым жоңға, Бір-бірлеп шұбап шықты жалғыз, дара. Аман-есен тар жолдан шығарып ап, Айдатып қоя бердік аналарға. Жұбайменен екеуміз кейін қалдық, Қайыңнан тағы көстік қиып алдық. Қуғыншылар қамалап шықпасын деп, Жүктей-жүктей тастарды үйіп салдық. Бекіттік Тасқияны тасын жиып, Тас жыртып білектерді, қанды ұйытып. Күн бата Жұбайменен атқа міндік, Жылқының ізіменен желіп, жортып. Біз келдік Шеңгелді өзен түн болғанда, Еру боп жатыр екен сол арада. Тамақ асып қойыпты, шай қайнатып, Тамақ ішіп және айдадық таң атқанда. Жұбай айтты: «Тасқиядан шыға алмайды, Олар қуып бұл жерге келе алмайды. Қуғыншы екі бөлек болып қуса, Алдымыз Айыркезең, соны орайды. Ағалар, қатты айдайық асып-сасып, Аман кетсек Айыркезең сонан асып». Үш күн айдап Айыркезең соған келдік, Жұбай кетті алдымен жолды шалып. Қуанып Жұбай келді: «Жол таза, – деп, Асайық Айыркезең тура айда, – деп. Бір қауіп Айыркезең аман астық, Келсе егер ортамыздан тәуекел, – деп. Алтайдың Айыркезең асуы бар, Бет алып Ертіске жол басуы бар. Бір қауіп енді Ақбұлақ, соған келдік, Көп жауса, өткізбейтін тасуы бар. Қуанып бұл кезеңнен астық аман, Ақбұлақ құздан ағып көбік шашқан. Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр, Қалайша өтеміз деп састық сонан. Тәуекел деп жылқыны салдық суға, Өтпеске енді шара жоқ, амал бар ма. Бұл жылқыны апармасақ, Әжі өлтірет, Умақ-шумақ өте шықтық ар жағына. Бір түнеп Қара Ертіске, міне, келдік, Шып-шып боп ағып жатыр, көз жібердік. Келіп ек шалқар түсте үлкен суға, Жұбай айтты: «Жатпайық, тағы өтелік». Бесеуміз елден шыққан біз бір ғаріп, Табаным, жазым болса, кетер тайып. Төреге сауымыздан бес мал артық, Малына мал қосылса аман барып. Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық, Сүзбе шайып, азық жеп сусындадық. «Кәрі әруақ сұм төреге мерт қылма!» деп, Бір жылап «Жәнібек» деп ұран салдық. Қайыс арқан Жұбай сонда қолына алды, Аралап әлгі жерде малға барды. «Әруағы атам қазақ қолдай көр» деп, Ішінде жирен тайға шалма салды. – Ей, батыр, сен бері кел, арқан ұста, Атаңның ескі үлгісі осылайша. Сол жерде жирен тайды айтып шалды, Жандыларға жем болсын иен жерде. Бөрте айғыр, бөрте биені ұстап алды, Бірінің құйрығынан бірін шалды. Ертістен аман-есен енді өткенше, Қинайық кеудедегі шыбын жанды. – Ей, батыр, Көкжалменен суды жалда, Ноқтасын бөрте айғырдың қолыңа ұста. Артынан топ жылқыны мен айдайын, Үшеуің судан өтіп, жаның сақта! Бұрынғы буған салды тауып алдық, Киімді, ер тоқымды салға салдық. Шып-шып боп қара Ертіс ағып жатыр, Өтуге тәуекел ғып суға бардық. Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді, Дүниеден арманда боп кім кетпейді. Сүйретіп екі жылқы суды жүзіп, Қайықтай шоқтығынан бір кетпейді. Ертістің өте шықтым ар жағына, Бөрте айғыр, бөрте бие жар басына. Сілкініп есін жиып кісінеп ет, Дауысын естіп, бетін түзеп жылқы сонда. Шуылдап, бетін түзеп жылқы дүзді, Буылдап Қара Ертісті қаптай есті. Жылқы өтті, жар басында санап тұрмын, Шуылдап сегіз құлын суға кетті. Жылқыны аман өткіздік Қара Ертістен, Жұбай жалғыз суға сап жылқы өткізген. Шатай, Тұяқ, Сейтендер басын сақтап, Салды сүйреп, ер тоқыммен әрең өткен. Сол жерде «Еру болып жаталық» деп, Мен айтып: «Таң атқан соң кетелік», – деп, Жұбай айтты: «Ей, батыр, қой, жатпалық, Түніменен Қиялыға жетелік», – деп. Мен айттым: «Жүре алмаймын, жетпейміз, – деп, Жаман ұйқым кеп қалды қайтемін, – деп. Жылқыны сендер айдап жөнеле бер, Қиялыдан ертең түсте табамын», – деп. Ұйқыдан жан болмайды шатылмайтын, Қайғы көрсе, ішкен ас батырмайтын. Жұбай айтты: «Қауіпті жер, жатпа, Арқалық, Жылғадағы жылында қосылмайтын». Тіл алмай, атымнан мен түсе қалдым, Көкжалдың ер тоқымын жұлып алдым. «Қиялыдан ертең түсте табамын» деп, Ауырлап өне бойым, жатып қалдым. Көкжалдың шоқтығынан қаңтардым да, Желқомды жастық қылдым бас жағыма. – Арқалық, қуғыншыға ұшырарсың, Айрылып қалдың енді, амал қанша? Жөнелді Жұбай сөйтіп, аңша жосып, Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып. Түс көріп, түнде шошып ояныппын, Дүрбітпен жатыр екем жағаласып. Көрген түсім – жайғаппын оңды-солды, Жан болмас дүниеде біздей сорлы. Шошынып оянғанда көрген түсім, Төменгім белуардан отқа күйді. Аттанған сейсенбі күн жаман жолым, Маңдайдан арылмаған қалың сорым. Асып-сасып мен қорқып түрегелдім, Қан екен шынтағымнан екі қолым. Көкжал тұр жерді қазып алас атып, Дүбір көрген секілді жанталасып. Мініп ала жөнелдім желқомды ерттеп, Жылқының сүртегімен тызылдатып. Төртеуі де жатыпты көп ұзамай, Өзен еді Құмдыбұлақ орман, тоғай. Мен барсам, төртеуі де жатыр жайрап, ұялас ит сықылды құрбым қимай. Ояттым Жұбайды мен: «Түрегел, – деп, Неге жаттың бұл жерге ұзамай? – деп. Әй, Жұбай, мен түс көріп шошып келдім, Түсімді мен айтайын жорып бер, – деп. Жайғаппын ақ жаныша оңды-солды, Әруағы ер Жанекем берген жолды. Сондағы көрген түсім мынау екен, Төменгім белуардан отқа күйді. Аттанған сейсенбі күн жаман жолым, Маңдайдан арылмаған қалың сорым. Таң шолпаны туғанда ояныппын, Қан екен шынтағымнан екі қолым». Жұбай айтты: «Осы түс жаман түс пе, Қауіп қып мұны шошып, жүргенің не! «Түсінде қорыққан өңінде қуанатын», Бұрынғы қазақ атаң ескі сөзде. Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар, Басыңнан талай бейнет өткен шығар. Төменің белуардан отқа күйсе, Өртеніп пәле-жалаң кеткен шығар. Сейсенбің бейсенбіге ауған шығар, Сәрсенбіде сәт болып тұрған шығар. Қан болса шынтағыңнан екі қолың, Әжі төрең айтқанына бие сояр. Ат ерттеп, мен мінейін, жылқыны айда, Ана үшеуін тез оят, келтір мұнда. Қауіп қып ол үшеуі шошып кетер, Оларға мұнандай деп түгіңді айтпа». Жұбай сол сасқалақтап атқа мінді, Ана үшеуін оятып ем, о да келді. Бәріміз жылқыны айдап жөнеліп ек, Кейін қап, Жұбай маған бері келді. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме, Кейін қап, қарауылда биік жерге. Үркітіп қара Ертіске көзіңді сал, Ешнәрсе қараң-құраң көріне ме? Жұбай білді бір сұмдық болатынын, Шауып кеп Құмдыбұлақ соған шықтым. Өзіме көрген түсіме қауіптеніп, Өрлете қара Ертіске көз жібердім. Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында, Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған. Ол күнде түк білмейтін қазақ надан, Жау болып жылқы алыпты ұраңқайдан. «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп, Төре сұрап алыпты Абылайдан. Керейге төре бопты Әжі төре, Әмірші төре бопты ол кезінде. Әжінің Көгедай, Көң аталары, Қазақты құлдық алған ол күнінде. Қарақас, ботақара, керей табы, Әжі төре төлеңгіт қой оның мәні. Қарақас, ботақара екі тап ел, Өзінің төлеңгіті керей табы. Арқалық батыр шыққан қарақастан, Әкесі Бөрібай шал қоңсы болған. Арқалық баласы екен Бөрібайдың, Әркімнің кедейлікпен малын баққан. Жаушылық қазақ, қалмақ мал қуысып, Бітім жоқ шабыс бопты кісі өлісіп. Арқалық сол кезінде он сегізде, Шығыпты барымтаға жауға аттанып. Сол күнде жан жолдасы Жұбай деген, Ботақара, төлеңгіт солай екен. Жұбайдың шыққан табы – ботақара, Арқалық Жұбайменен құрдас екен. Екеуі барымтаға сонда жүрген, Шатай, Тұяқ, Сейтенді жолдасқа алып, Бесеуі барып сонда жылқы әкелген. Сол малда-ау көкшұбар ат сұлу жорға, Әжі төре жау болған ұраңқайға. Керейдің Бейсембі атты би кез болып, Сауға деп Көкшұбар атты апты жолда. Төреге жеткен екен осы хабар, Шақыртып Арқалықты алдына алар. «Жорға сұлу ол атты неге бердің?» – Деп сонда күнәлі ғып дүре соғар. Өспедім малды болып былапынша, Кедейлік ар, ұятқа қарата ма? «Арқалық, ұрлығыңды қоясың!» – деп, Қорғасын құйды сонда алақанға. Төренің кім шыдайды зардабына, Басқанда жер қайысқан салмағына. Төренің зардабына шыдай алмай, Келдім де егін салдым Шарықтыға. Шал еді әкем Бөрібай жасы келген, Шешеміз ерте күнде жасымда өлген. Қатын менен бес жасар бір бала бар, Туыс жоқ онан басқа өсіп-өңген. Сармаса ала жаздай егін салдым, Бір сиыр, бір байтал бар барлық малым. Тары пісіп, келі түйіп ішкеннен соң, Тоғайып соныменен көрік алдым. Жатыр ем, түн ішінде біреу келді, Жүрегім аттай тулап тұра келді. Атының дем алысы ақыр заман, «Арқалық, үйдемісің, шықшы бері». Қарбаңдап әлгі жерде түрекелдім, Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім. Шошынған сұм төреден сорлы басым: – Кеп жүрген түн ішінде кімсің? – дедім. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме, Байматай менің атым, ағаң, – дейді. Қарақас, ботақара, төлеңгітпіз, Күн бар ма, сені «шапшаң әкел» деді. Әкем Бөрібай шал естіп күңіренді: – Келін-ау, отжарық қыл үйге, – деді – Байматай, жарықтығым, не деп тұрсың? Сөзіңді үйге кіріп ұқтыр! – деді. Байматай сонда келіп үйге кірді: – Бөріге ұқтырайын сөз, – деседі. Төреден алпыс жылқы дүрбіт алып, «Батырды Арқалықтай әкел», – деді. – Байматай, мына сөзің түрі жаман, Жүрекке қайғы екен зақым салған. Үйден шықпай жатасың демеп пе еді, Барады деп айталмаймын, жаным саған. – Арқалық жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп. Таңдайда алпыс жылқым ап дүрілдетті, Қуғыншыға Арқалықты жіберем деп. – Бәймеке, сенің ауылың Қызылқұмда, Бәймеке, мен сөйлейін, сөзім тыңла. Бір ұлым үйде өлтірсең, бере алмаймын, Бәймеке, бекер кепсіз маған мұнда! – Арқалық, жүрек басым құмғандай ғой, Жақсылық көзді ашып-жұмғандай ғой. Қарақас, ботақара, төлеңгітпен, Шырағым, бір кісіден туғандай ғой. Бармасаң, көпке төре жұмыс салар, Қарақас, ботақараны жиып алар. Қалайша қуғыншыға бармады деп, Арқалықты ұстап бер деп әлек салар! Күн бар ма төлеңгітте төре білет, Қай керей бізді айырып ара түсет. Бармасаң малын қуып жау дүрбітке, Бір сорлы төлеңгітке жұмыс берет. Қарағым, онан да сен барып келсең, Қайрат қып, малына мал алып келсең. Бұл жұмыс өзінікі сенікі емес, Өзі көріп жетпей ме кісі өлтірсең. Байматай басшы адамы екі таптың: – Бармаймын деп, шырағым, неғыласың? Өзің үшін туыпсың, жұртың үшін, Бізге залал салады, бар, шырағым. Сонан соң барайын деп тілін алдым, Жадағай жаман шекпен киіп алдым. Бар еді жемге баққан бір байталым, Байталға өзі жауыр желқом салдым. Байталға шұбар шолақ желқом салдым, Найзамды, бар қаруым қолыма алдым. Аяққа киіз байпақ, тері шақай, Ілесіп Байматаймен бірге салдым. Шалшықай, Тұмандыға тура қонған, Түн қатып, күн шыққанда келдік сонан. Кермеге атымызды байлап тастап, «Алдияр!» деп біз кірдік тура сомпаң. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп, Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті, Жібердім Байматайды алып кел деп. Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқы алып таңдай тал түс дүбірлетті. Жылқыдан отардағы Саршоқыдан, Өзімнен алпыс жылқы алып кетті. Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп, Дүбірлі жауды қырған найзакер деп. Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті, Сен барып осы кегімді алып кел, – деп. – Алдияр, ақ сұңқарым, келдім саған, Отырған төре, қара бәрің тамам. Тірі болсам, бұл кегіңді әперейін, Тауып бер бір жүйрік ат, төрем, маған. – Арқалық, атың шықты өнерменен, Бейшара сен келіп ең кедергіден. Бар еді өз басымда бес жүз жылқы, Ішінде ат бар ма еді сен білмеген. – Сөйлейді шешен адам тіл мен жағы, Біз келсек аман-есен, елдің бағы. Алдына үш жүз аттан жан салмаған, Көкжалы Сейілханның, менің дағы. – Жігітке жауға мінер ат ыңғайлы, Қара жер, қатты басса, бұрқырайды. Жылқыдан отардағы атты апкел, – деп, Жұмсады қаршыға көз Кеңгірбайды. Жылқыға отардағы Кегім кетті, Мініп ап, бір жүйрікпен зар еңіретті. Ертең шалқар тұсында отырғанда, Көкжалды бұлықсытып алып жетті. Көкжалға, желіп кетсе, жел жетпейді, Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді. Көкжалды таң асырып байлап көрсем, Қара жерді оңды-солды тепкілейді. Тұр екен кермесінде қабырғалап, Қызарып екі көзі отша даулап. Селкілдеп жер ошақтай жерді қазып, Қара тер жаясынан тұр сауылдап. Боларын енді жолым сонда білдім, Төреге «алдияр» деп қайта кірдім. – Не деген әміріңнен шығамыз ба, Ал енді жолдас ертіп жүргенде деп. – Батырым, жолдасыңды ал қасыңа ерген, Өзіңмен бірге барып, бірге келген. Бәрін де дайын қылып жүргізейін, Кім еді жан жолдасың алып жүрген? – Жұбай еді жан жолдасым, ақыл серік, Тар жерде талмаушы еді ақыл беріп. ұялас ит сықылды қор боп еді, Басқаны қосыңыздар өзің біліп. Байматай ел ағасы ботақара, Шақырды Бәймекемді сол арада. «Тез барып Жұбайды әкел шапшаң тауып, Батырдың жолдасы екен құрбыжаны». Жұбайға жарлық қатты, кетті шауып, Жарлықтан бұрылмапты ауып. Екеуміз он сегіз кезде бір шығып ек, Қандай ерлік қылсақ та, бірге барып. Әкелді әлгі жерде Жұбай ерді, Байлаулы бала құстай біз бір шерлі. «Жұбай, сен Арқалыққа ересің!» – деп, Әжі төрем сол жерде әмір берді. Жұбай айтты: «Ақсұңқарым, келдім саған, Отырған төре-қара бәрің тамам. Бар десеңіз барайын жолдас болып, Бір жүйрік ат беріңіз, тақсыр, маған». – Сен де мін Көкшегірді кермеге ілген, Көкжалдан кейінгі сол келіп жүрген. Кешікпей енді шапшаң жүресіңдер, Неше кісі аласың тағы? – деген. Жұбай айтты: «Жүз кісі бер жау бол десең, Қопарып, ел шабайық қан төк десең. Малға мал әкел десең, тақсыр, барымта, Баралық төрт-бес кісі ұры жолмен». Әжі төрем сөйледі: «Барып кел, – деп, Малыма екі есе мал алып кел, – деп. Дүрбіттің күнде шапқан қорлығы өтті, Өлсең де осы жолы көріп кел», – деп. – Ендеше біз баралық, жүргін, төрем, «Құдай салса, құл жылап көнер» деген. Шатай, Тұяқ, Сейтенді алдырыңыз, Солар еді жол жүрісті көріп жүрген. Жұмсады Кеңгірбайды: «Барып кел, – деп, Үшеуін шапшаң барып алып кел, – деп. Үшеуін лезімде алып келді, Қаратпай алды-артына жүрің», – деп. Әжі төрем сөйледі: «Тез бар, – деді, Жылқыма екі есе ғып жылқы ал, – деді. Ат, айғыр, жорға, жүйрік бәрі кетті, Арқалық, осы жолы аянба енді». Ертеңінде төрем жұртын алды жиып, Бес бала жүрмек болдық жанды қиып. Әлгі келген үшеуіне және ат беріп, Жүргізді ақ сарыбас қой айтып сойып. Аттанған төлеңгіттен біз бес бала, Жолымды бере көр деп Хақ Тағала. Жөнелдік таңдай тал түс біз бесеуміз, Алдымда көлденең тау Нарынқара. Тауынан Нарынқара аса жүрдім, Белінен Күйгенқора баса жүрдім. Көксінен көктей өтіп Шірікшиге, Келдік те, кешке жақын ерулендік. Шай іштік, кателды асып, жайланысып, Білікті өңшең жүйрік таң асырып. Жұбай айтты: «Ақымақ, ей, Арқалық, Жүрем деп жанталастың асып-сасып. Біз кеттік елден шығып – қалың нудан, Ат салып біз отырмыз Ертіс судан. Қуғын-сүргін, кісі өлсе, не болат деп, Бейшара, қайырмадың төрең сұмнан. Арқалық, ақымақсың арындаған, Аңғал жігіт қақпанға арандалған. Күтінген жау қолына мал бере ме? Осы сөз кетті сенен қайырмаған». – Ей, Жұбай, неге айтпадың кеше маған, Қайырып алмас па едім кеше сонан. Бұл сөзің енді бізге қайғы болды, Баралық, жүр түн қатып енді соған. Арқалық Жұбайменен атқа мінді, «Үшеуің жата бер» деп, түнде жүрді. Көкжал мен Көкшегір ат жер қабады, Күн шыға ордасына бұлар келді. Кермеге екі жүйрікті іле келдік, Көңілді әр нәрсеге бөле келдік. Шай ішіп ханымменен отыр екен, Төреге «алдияр» деп кіріп келдік. – Арқалық, неге келдің асып-сасып, Қалайша, неге келдің қайта басып? Аттың бетін бұрғаның жаман болды, Қиыншылық болды ма, түнде қашып? – Әй, тақсыр, бір сөзім қалған екен айтылмаған, Көңіліме келген сөзім қайтмаған. Қуғын-сүргін, кісі өлсе не болад деп, Бұл сөзім қалған екен қайырмаған. – Арқалық, жастан шыққан сен бір қыран, Жақсының ақылы мол, ойы терең. Ап келсең осы жолы бұл кегімді, Берсем де Сейілханды, сені бермен. Ханым айтты: «Екі батыр, сөзді тыңла, Түп нағашым сендерсің, ойлап қара. Малға мал алсаңыздар ақылменен, Әркімнің бас аманы өзіне олжа». Әжі төрем сол жерде ашуланды, Қолына сар таяқты жұлып алды. – «Қатын дұшпан» дейтұғын осы екен, – деп, Ханымды сар таяқпен салып қалды. – Өзімнің малым еді дүрбіт алған, Дәлдеп кеп атқан оқтай тиді маған. Келсең де кісі өлтіріп, өзім көрем, Жұбай ғой жүрегіңе зақым салған. Билеген керей елді төрең едім, Малыма мал әкеп бер толық десіп, Басқа елдің жұмысы емес кесе тимейтін, Мен өзім не болса да көрем! – дедім. Сонан соң қымыз ішіп сусындадық, «Төрем серт сөйледі» деп қутыңдадық. Не болса да тәуекел, көрелік деп, Атқа мініп қуанып «шүуге» салдық. Жөнелдік жау қарасын көргендейін, Қолымнан ұраңқайға бергендейін. Немене айтып-айтпай, ойбай, Тәңір-ай, Оққа ұшып әкем Бөрібай өлгендейін. Біз келдік Шатай, Тұяқ, Сейтендерге, Тұр екен олар күтіп қарауылда. Үшеуі бірден ұғып сөз мәнісін, «Тәуекел, жүрелік», – деді сол арада. Мойнынан Күйгенқора баса жүрдік, Белінен Нарынқара аса жүрдік. Бет алып Ертісті өрлеп Қыранға кеп, Сол жерде түнде жатып ерулендік. Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп, Түн салқын, күзгі уақыт, қатты жүріп. Жеткенше ұраңқайға асық болып, Бойына қара Ертістің келдік жетіп. Жұбай айтты: «Арқалық, сен бір ер, – деп, Дүбірлі жау алатын найзакер, – деп. Топадай жел жоқ екен, толқын да жоқ, Ат салып енді Ертістен өтелік», – деп. Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық, Қамыстан бір-бір салды буып алдық. Ер тоқым мен киімнің бәрін буып, Қамыстан буған салға теңлеп алдық. Сол жерде «кәрі әруақ» деп ұран салдық, Әруағын Жәнібектің ауызға алдық. Жайдақтап көйлек, дамбал түріп, Суына Қара Ертістің түсе қалдық. Шыпылдап атақты Ертіс ағып жатыр, Көкжал ат суды дүзіп келе жатыр. Жұбайдың өзі сушыл, малтушы еді, Артымда Көкшегірмен келе жатыр. Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді, Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді. Сырылдап суды сүзіп келе жатыр, Жануар шоқтығынан бір кетпейді. Алдымен арқан бойы бұрын өттім, Шатай, Тұяқ, Сейтендер кейін қапты. Бос айдап Көкшегірді өзі малтып, Артымнан Жұбай таяу одан өтті. Сол Жұбай атын тастап қайта кетті, Кейінгі үшеуіне барып жетті. Қырқарлап қой өткендей, әлгі үшеуін Бір-бірлеп әлгі жерден тартып өтті. Аттанған төре үшін біз бес бала, Киімді, ер тоқымды жайдық сонда. Білікті өңшең құр ат байлап тастап, Тынығып еру болдық сол арада. Таң атқан соң жайланып атқа міндік, Бет қойып енді Ертісті өрлей салдық. Өрмегі Үргеті мен Тасқия асу, Ақбұлақ суы күшті соған келдік. Алтайдың айыр кезең асуы бар, Қобдаға сонан асып басуы бар. Ақбұлақ құздан құлап су ағады, Күн жауса өткел бермес тасуы бар. Ақбұршақ көбіктеніп жатыр ағып, Шошыдық суды көріп жүрек қорқып. Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр, Бурадай көбік шашып күрілдетіп. Жұбай айтты: – Арқалық, мына судың түрі жаман, Қайтеміз, түсеміз бе енді бұған? – Судан қорқып қайтқаннан, өлген артық, Тәуекел, өтем, – дейді батыр бұған. Жұбай айтты: «Өтемісің, батыр, енді? Өлсек бірге өлелік ақыр енді. Арқанды белге байлап ұстасып ап, Өтелік тәуекел деп түгел», – деді. Қайыс арқан белімізден байлап алдық, Жәнекем көк перісін ауызға алдық. Судан қорқып барғанмен төре өлтірер, Матасып умақ-шумақ түсе қалдық. Найзасын қанжығаға тіреп алып. Арқалық Көкжалменен түсті батыр, Ақбұршақ ат-серіктен кіреді асып, Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр. Арқалық су ішінде ұран салды, Көкжал ат бұл айқайға қуаттанды. Бесеуі сол матасқан арқанменен, Ар жаққа аман-есен жетіп алды. Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп, Аяғым, жазым болса, кетер тайып. Айыркиік Алтайдан асып алып, Құмкеріш, Төлентіге түстік барып. Жұбай айтты: «Біз келдік жау шетіне, Сөйлейік жылқы алудың іретіне. Саржон мен Тасқияға барып кірсек, Ел тұрмай жылқы аламыз ертеңіңде. Бөктерлеп, тау кенері жолмен жүрсек, Барамыз екі қонып, тура жүрсек. Қай жағымен баруға лайықты, Жүресің қай жолменен, батыр, біл», – деп. Арқалық сөз сөйлейді сонда тұрып: – Әй, Жұбай, сөзім тыңла мойын бұрып. Жан қинамай бізге мал табыла ма, Сұм төрең жіберген соң құрбан қылып. Не өлмей, не жылқы алмай барамыз ба, Біз өлсек, тышқан құрлы боламыз ба. Жылқы алмай, босқа келсең, күнәлісің, Өкпе кіріп жүрмесін арамызға. Тәуекел, Сарыжонмен баралық та, Тасқия дараға еніп алалық та. Қолынан дүрбіт бізге малын бермес, Басынан жылқы қуып алалық та. Мақұлдап барлығы да, Жұбай қостап, Ақылшы сөзі тәтті Жұбай жұмсақ. Сол жерде апыр-топыр атқа мініп, Жөнелдік біз бесеуміз умақ-шумақ. Жондата «шүуге» салдық Тасқияға, Таң ата жетіп келдік Сұраншыға. Басынан Тасқия асу жетіп келсек, Дараны тас бекітіпті, амал бар ма? Жұбай айтты: «Арқалық, сорлап едің, Тау жағын жөндеймін деп зорлап едің. Ал енді Тасқияны бекітіпті, Мұнан басқа асу жоқ, болмап еді». – Тәуекел, енді түсіп қарайық та, Қайыңнан бір-бір көстік алайық та. Зор келер ең жаманы екі қолға, Шұбама бір жол салып алайық та. Асу жоқ осы тауда мұнан басқа, Көз жетпес екі жағы Сұраншыңнан. Сол жерден Тасқиямен көпір салып, Жол салдық кешке жақын бір шұбама. Ішінде жалғыз суат Қарабастау, Түсе қап байладық ат Тасжарғанға. От жағып, шай қайнатып, тамақ ішіп, Тынығып, ұйықтайық деп таң атқанша. Сол жерде ұйқы қанып түрегелдік, Қалай жылқы аламыз деп кеңес қылдық. Жұбай айтты: «Үшеуің осында қал, Тәуекел, енді екеуміз жүр, баралық». Жұбайменен екеуміз атқа міндік, Шатай, Тұяқ, Сейтенді салық қылдық. Жер қиын, бір түн қатып, таң атқанда, Басына Саршоқының шыға келдік. Мал аман, басы түгел еліреді, Жылқы алсақ, біздің көңіл семіреді. Отыр ек қарауылдап Саршоқыда, Бір қылаң бізге үшеу болып көрінеді. Мұнарлап соғып тұрған жел екен ғой, Құзар шың екі жағы сай екен ғой. Қараң-құраң көш пе деп отыр едік, Суға кеп шұбап түскен жылқы екен ғой. Сол жерде атқа міндік жүрек қайнап, Отыр ек жасырынып атты байлап. Атқа мініп, жүгіртіп жетіп келсек, Мойнақта бос жылқышы жатыр жайрап. Ойда жоқ жау келет деп қайғы ойлаған, Біз келіп шыға келдік сол Мойнақтан. Жайрасып бес жылқышы ұйықтап жатыр, Басына жалғыз жайдақ тай байлаған. Бір мыңдай жылқы жатыр әлгі сайда, ыңғайлап жылқы бөлдік енді айдауға. Алпысты екі есе ғып алайық деп, Біз бөлдік енді іріктеп жүз жиырма. Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие, ұялы жал-құйрығы судыраған. Жылқының келесі деп қосып бөлдік, Үйірі шегір атпен елу екі. Ішінде көкмойын ат сұлулығы, ырғақтап жүре алмайды семіздігі. Аман барсақ, жорыққа мінсем-ау деп, Көрген соң қызығамын мен бір сорлы. Жануардың екі көзі жұдырықтай, Алды-арты бірдей келген тым ұнамды-ай. Жаясы жануардың жыртылып тұр, Жас бала жата қалып ұйықтағандай. Иен жатқан жылқыдан бөліп алдық, Бет түзеп айдайтұғын жолға бардық. Екпінді Ақбұршақ су жолы қиын, Көкжалмен көлбеңдетіп сойыл салдық. Әлгі ат қашқалы жүр жылқы бастап, Кісінеп, жарқ-жұрқ етіп шығып сойқап. Қайта қашып бір жерде жөнелгенде, Жібермей қуып келдім мен сойылдап. Жұбай айтты: «Ей, батыр, сақтанатын, Аман барсақ, абырой мақтанатын. Қуғыншы бізді біліп қуар болса, Жер қиын тырп еткізбей ап қалатын». Қалжыңбас Жұбай келді әлгі жерде: – Қатты айдап біз келеміз Қараөзенге, Ит құйрығына ілінген қайран жылқы, Күшпен алдым дейсің бе сен төреңе? – Жұбай, сен қалжыңдайсың кекесінмен, Ендеше, соғысып-ақ көрейін мен. Барғанда тағы айтарсың осыныңды, Оятып жылқышыны келейін мен. ыза боп қасқырдай мен алақтадым, Көкжалмен қайта шауып салақтадым. Жайрасып бес жылқышы әлі жатыр, Қасына жетіп келіп арқырадым. Шошынып бес жылқышы жаман састы, Төртеуі бейітке қарай тасқа қашты. Біреуі жүген алып жүгіріп кеп, Мінуге жайдақ тайға кеп жармасты. Сойылмен сол жерде мен салып қалдым, Білмеймін, сол ұрғанда талып қалды. Қуғыншы келсе кейін, тәуекел ғой, Айырып, күші жетсе, алып қалсын. Оятып жылқышыны, келдім шауып, Қандай заман болады деп қылам қауіп. Осы жерім өзіме мін сықылды, Айдап жүр Жұбай жалғыз сойыл салып. – Арқалық, ақымақсың арындаған, Орны арам күштің табылмаған. Қуғыншы алдымызға және кетіп, Бір бөлек таң атқанда келер саған. Айда енді малды айырып алғанынша, Зор келіп қашан бізден қалғанынша, Бұл жылқы енді бізге қайғы болды, Төреге аман-есен барғанынша. ұялып, мен де қудым Көкжалменен, Біз келдік Тасқияға сол өзенмен. «Сауға!» – деп Шатай, Тұяқ, Сейтен келді, Тұр екен қарауылда, көріп көзбен. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға, Жылқы алдық иен жатқан барып малға. Қалжыңдап ем жай жатқан жылқышыға, Қайта барып хабар қылды, амал бар ма. Оттатпай, бұл жылқыны иіріңдер, Бара ма аман, бармай ма, Құдай білер. Жылқышы барып хабар бергеннен соң, Қуғыншы алды-артыңнан бізге келер». Жылқының енді ішіне Жұбай барды, Жанынан қайыс арқан шешіп алды. «Әруағы ер Жәнібек қолдай көр!» – деп, ұстап ап көк қасқа тай айтып шалды. – Ағалар, сойыңыздар мына тайды, Жолда жеуге етінен азық алшы. Сүйегін тасқа шығар садақа ғой, Жем қылсын қарға, құзғын олар дағы. Тынығып, біз ұйықтайық біраз ғана, Тамақ асып қойыңдар бізге жана. Таң шолпаны туғаннан оятыңдар, Шұбатып шығарайық Тасқияға. Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп, Табаным, жазым болса, кетер тайып. Тынығып, ұйықтайық деп жата қалдық, Шаршап кеп, сусындадық малта шайып. Оятты, таң таянды Шолпан туып, Түрегелдік киініп, белді буып. Көкжал мен Көкшегірді отқа қойдық, Ет жедік, тамақ іштік, майға тойып. Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие, Жал-құйрығы ұялы сүйретіле. Ноқталап бұл екеуін ұстап алды, Жұбай ер шалма салып әлгі жерде. Бірінің құйрығынан бірін байлап, Жетекке, тақымға сап мұны жайлап. – Шұбатып Тасқиядан шығарайық, Үйірін көп жылқының қосып айдап. Жетектеп екеуін ап шықтым жоңға, Бір-бірлеп шұбап шықты жалғыз, дара. Аман-есен тар жолдан шығарып ап, Айдатып қоя бердік аналарға. Жұбайменен екеуміз кейін қалдық, Қайыңнан тағы көстік қиып алдық. Қуғыншылар қамалап шықпасын деп, Жүктей-жүктей тастарды үйіп салдық. Бекіттік Тасқияны тасын жиып, Тас жыртып білектерді, қанды ұйытып. Күн бата Жұбайменен атқа міндік, Жылқының ізіменен желіп, жортып. Біз келдік Шеңгелді өзен түн болғанда, Еру боп жатыр екен сол арада. Тамақ асып қойыпты, шай қайнатып, Тамақ ішіп және айдадық таң атқанда. Жұбай айтты: «Тасқиядан шыға алмайды, Олар қуып бұл жерге келе алмайды. Қуғыншы екі бөлек болып қуса, Алдымыз Айыркезең, соны орайды. Ағалар, қатты айдайық асып-сасып, Аман кетсек Айыркезең сонан асып». Үш күн айдап Айыркезең соған келдік, Жұбай кетті алдымен жолды шалып. Қуанып Жұбай келді: «Жол таза, – деп, Асайық Айыркезең тура айда, – деп. Бір қауіп Айыркезең аман астық, Келсе егер ортамыздан тәуекел, – деп. Алтайдың Айыркезең асуы бар, Бет алып Ертіске жол басуы бар. Бір қауіп енді Ақбұлақ, соған келдік, Көп жауса, өткізбейтін тасуы бар. Қуанып бұл кезеңнен астық аман, Ақбұлақ құздан ағып көбік шашқан. Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр, Қалайша өтеміз деп састық сонан. Тәуекел деп жылқыны салдық суға, Өтпеске енді шара жоқ, амал бар ма. Бұл жылқыны апармасақ, Әжі өлтірет, Умақ-шумақ өте шықтық ар жағына. Бір түнеп Қара Ертіске, міне, келдік, Шып-шып боп ағып жатыр, көз жібердік. Келіп ек шалқар түсте үлкен суға, Жұбай айтты: «Жатпайық, тағы өтелік». Бесеуміз елден шыққан біз бір ғаріп, Табаным, жазым болса, кетер тайып. Төреге сауымыздан бес мал артық, Малына мал қосылса аман барып. Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық, Сүзбе шайып, азық жеп сусындадық. «Кәрі әруақ сұм төреге мерт қылма!» деп, Бір жылап «Жәнібек» деп ұран салдық. Қайыс арқан Жұбай сонда қолына алды, Аралап әлгі жерде малға барды. «Әруағы атам қазақ қолдай көр» деп, Ішінде жирен тайға шалма салды. – Ей, батыр, сен бері кел, арқан ұста, Атаңның ескі үлгісі осылайша. Сол жерде жирен тайды айтып шалды, Жандыларға жем болсын иен жерде. Бөрте айғыр, бөрте биені ұстап алды, Бірінің құйрығынан бірін шалды. Ертістен аман-есен енді өткенше, Қинайық кеудедегі шыбын жанды. – Ей, батыр, Көкжалменен суды жалда, Ноқтасын бөрте айғырдың қолыңа ұста. Артынан топ жылқыны мен айдайын, Үшеуің судан өтіп, жаның сақта! Бұрынғы буған салды тауып алдық, Киімді, ер тоқымды салға салдық. Шып-шып боп қара Ертіс ағып жатыр, Өтуге тәуекел ғып суға бардық. Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді, Дүниеден арманда боп кім кетпейді. Сүйретіп екі жылқы суды жүзіп, Қайықтай шоқтығынан бір кетпейді. Ертістің өте шықтым ар жағына, Бөрте айғыр, бөрте бие жар басына. Сілкініп есін жиып кісінеп ет, Дауысын естіп, бетін түзеп жылқы сонда. Шуылдап, бетін түзеп жылқы дүзді, Буылдап Қара Ертісті қаптай есті. Жылқы өтті, жар басында санап тұрмын, Шуылдап сегіз құлын суға кетті. Жылқыны аман өткіздік Қара Ертістен, Жұбай жалғыз суға сап жылқы өткізген. Шатай, Тұяқ, Сейтендер басын сақтап, Салды сүйреп, ер тоқыммен әрең өткен. Сол жерде «Еру болып жаталық» деп, Мен айтып: «Таң атқан соң кетелік», – деп, Жұбай айтты: «Ей, батыр, қой, жатпалық, Түніменен Қиялыға жетелік», – деп. Мен айттым: «Жүре алмаймын, жетпейміз, – деп, Жаман ұйқым кеп қалды қайтемін, – деп. Жылқыны сендер айдап жөнеле бер, Қиялыдан ертең түсте табамын», – деп. ұйқыдан жан болмайды шатылмайтын, Қайғы көрсе, ішкен ас батырмайтын. Жұбай айтты: «Қауіпті жер, жатпа, Арқалық, Жылғадағы жылында қосылмайтын». Тіл алмай, атымнан мен түсе қалдым, Көкжалдың ер тоқымын жұлып алдым. «Қиялыдан ертең түсте табамын» деп, Ауырлап өне бойым, жатып қалдым. Көкжалдың шоқтығынан қаңтардым да, Желқомды жастық қылдым бас жағыма. – Арқалық, қуғыншыға ұшырарсың, Айрылып қалдың енді, амал қанша? Жөнелді Жұбай сөйтіп, аңша жосып, Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып. Түс көріп, түнде шошып ояныппын, Дүрбітпен жатыр екем жағаласып. Көрген түсім – жайғаппын оңды-солды, Жан болмас дүниеде біздей сорлы. Шошынып оянғанда көрген түсім, Төменгім белуардан отқа күйді. Аттанған сейсенбі күн жаман жолым, Маңдайдан арылмаған қалың сорым. Асып-сасып мен қорқып түрегелдім, Қан екен шынтағымнан екі қолым. Көкжал тұр жерді қазып алас атып, Дүбір көрген секілді жанталасып. Мініп ала жөнелдім желқомды ерттеп, Жылқының сүртегімен тызылдатып. Төртеуі де жатыпты көп ұзамай, Өзен еді Құмдыбұлақ орман, тоғай. Мен барсам, төртеуі де жатыр жайрап, ұялас ит сықылды құрбым қимай. Ояттым Жұбайды мен: «Түрегел, – деп, Неге жаттың бұл жерге ұзамай? – деп. Әй, Жұбай, мен түс көріп шошып келдім, Түсімді мен айтайын жорып бер, – деп. Жайғаппын ақ жаныша оңды-солды, Әруағы ер Жанекем берген жолды. Сондағы көрген түсім мынау екен, Төменгім белуардан отқа күйді. Аттанған сейсенбі күн жаман жолым, Маңдайдан арылмаған қалың сорым. Таң шолпаны туғанда ояныппын, Қан екен шынтағымнан екі қолым». Жұбай айтты: «Осы түс жаман түс пе, Қауіп қып мұны шошып, жүргенің не! «Түсінде қорыққан өңінде қуанатын», Бұрынғы қазақ атаң ескі сөзде. Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар, Басыңнан талай бейнет өткен шығар. Төменің белуардан отқа күйсе, Өртеніп пәле-жалаң кеткен шығар. Сейсенбің бейсенбіге ауған шығар, Сәрсенбіде сәт болып тұрған шығар. Қан болса шынтағыңнан екі қолың, Әжі төрең айтқанына бие сояр. Ат ерттеп, мен мінейін, жылқыны айда, Ана үшеуін тез оят, келтір мұнда. Қауіп қып ол үшеуі шошып кетер, Оларға мұнандай деп түгіңді айтпа». Жұбай сол сасқалақтап атқа мінді, Ана үшеуін оятып ем, о да келді. Бәріміз жылқыны айдап жөнеліп ек, Кейін қап, Жұбай маған бері келді. – Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме, Кейін қап, қарауылда биік жерге. Үркітіп қара Ертіске көзіңді сал, Ешнәрсе қараң-құраң көріне ме? Жұбай білді бір сұмдық болатынын, Шауып кеп Құмдыбұлақ соған шықтым. Өзіме көрген түсіме қауіптеніп, Өрлете қара Ертіске көз жібердім. Мал аман, басы түгел не біледі, Көңіліміз, аман барсақ, жарар еді. Өрлете қара Ертіске көзім салсам, Бір тозаң үш бүтін боп көрінеді. Атымды арқандадым қарауылдап, Және тозаң көрінді ұзағырақ. Әрі-бері қарауылдап отыр едім, Мойнақтан шыға келді умақ-шумақ. Ағаны іні көріп тәлім алмақ, Бойына, ер қартайса, түсер салмақ. Қос-қос ат, қызыл-жасыл күбір келең, Суға кеп түсе қалды алпыс қалмақ. Түсе ғап аттарының ерін алды, Тамақ ішіп жүруге түтін салды. Шұбап шықса, соғысам деп отыр ед, Сол жерде Жұбай дағы келіп қалды. – Шошығандай отырсың, батыр, неге? Жылқыны қоя бердім салып жөнге. Қорғалап, қорыққандай түрің қалай, Бір нәрсе ар жағыңда көріне ме? – Әй, Жұбай, тілеуіңді бердім дейім, Жылқының бетін түзеп қоя бердің. Бері кел, қарауылдап көзіңді сал, Күбір келең алпыс дүрбіт келді дейім. – Соғыссақ, бұл[ар] малды айырады, Еркін жетіп, көп батыр қайырады. Мал айыртып, тырдай боп қайтып барсақ, Және өлім, төре қинар шыбын жанды. Тәуекел әл келгенше соғысалық, Қайрат қып малды бермей, қарысалық. «Батыр құны бір оқтық» бұрынғы айтқан, Аянбай алпысымен салысалық. Әй, батыр, атыңа мін, қаруыңды ал, Көрінбей жылғаменен ар жаққа бар. Жылқыны бұл өзеннен шығарайық, Көрініп, жау мұнда деп, бір айғай сал. Сонан соң апыр-топыр сасып қалар, Жүгіріп жүген ала-ақ атқа барар. Ерттесіп, тұл аттарды мініп алып, Жабыла бірден шығып сені қуар. Шақырып «бері кел» деп қасына алды, Жанынан қайыс арқан шешіп алды. «Садақ қауысқа төтеп болады», – деп, Екі арқан мықынынан орап шалды. Жөнелдім бір жылғамен ар жағына, Қасына жақын бардым Сұраншыңға. Көрініп, ту көтеріп, жау мұндалап, Жақын кеп айғай салдым сол арада. Мені көріп, айғайға сасып қалды, Жабыла жүген ала-ақ атқа барды. Аттарды апыр-топыр ерттеп мініп, Қайқайып маған қарай бәрі салды. Таянған соң жөнелдім қорыққандай боп, Жылқы ізінен шықсын деп қашыртқы ғып. Бір мойнаққа шықтым да тұра қалдым, Соғысып көрейін деп тәуекел деп. ұйлығып олар дағы тұра қалды, Тобынан бір қара атты шығып алды. Қолында көкала жақ кезеп келді: «Жеке-жеке, қазақ!» – деп айғай салды. Мен тұрдым бір мойнақтан қарсы қарап, Кезеді көкала жақ қалақ оқ сап. «Тапжылма батыр болсаң, күшімді көр!» – Деп тартты дәл кіндіктен мені қадап. Көзбенен көздеген оқ келіп жетті, Тайдырып қайыс арқан төмендетті. Сүбемнен тайып тиіп, талқан қылып, Байпағым жылы қанға толып кетті. Мен қаштым қорыққан боп ар жағына, Тигенін о да білді сол арада. ұзамай сексеуілге кіріп тұрдым, Қуып тағы айқасты сол арада. Найзаны о да салды, мен де салдым, Менен бұрын бұғанамнан көсіп алды. Екеумізге бір өлім болды ғой деп, Қанжарыммен милықтан періп қалдым. Домалап аттан түсті жерге барып, Жөнелдім ат шылбырын іліп алып. Біреуі әлгі жерде шауып келіп, Жөнелді өңгеріп ап қайта қайтып. Бір жерге кеп тұрып ем, Жұбай келді, «Сауға» деп қара атты кеп қолына алды. Бір жерге ат апарып байлап келдім, Тағы тос бәрі түгел қаптап келді. Қуып келіп бір жерге шыға қалды, Бір жалғыз қара ала атты тура салды. Сар жарғақ, сары шалбар, алтын түйме, Зәңгі екен қызылтасты отағалы. – Кезек бер тағы, қазақ, жатқызамын, Кірісін сары жақтың тартқызамын. Кісі өлтірдің, кетсең де әзір аман, Ежен ханның дәмін мен татқызамын. Қашқанмен қояр емес, тағы тұрдым, Өзіне қарсы қарап бетім бұрдым. Мойнынан шаңырақтай жағын алып, Шіреніп дәл жүректен тартып қалдым. Садағы дәлдеп тартқан келді жетіп, Қала жаздым аударылып қазам бітіп. Ажал жоқ, Құдайымның сақтағаны, Кетіпті қалмақ ерім қасын бөліп. Шошыған соң тағы да қырқаны астым, Мен кіріп сексеуілге тізгін тарттым. Қоймады, қуып келді және артымнан, Амал не, қоян-қолтық жағаластым. Қанжарын шабайын деп алды қолға, Екеуміз жағаластық аударыста. Қанжарын қолындағы жұлып алдым, Шапқалы қол көтеріп ұмтылғанда. Көкжал ат қандай шапшаң сырт айналды, Екеуміз тартысқанда найза сынды. Өзінің қанжарымен шаптым басқа, Қан шапшып, тітіректеп құсып қалды. Ат ойнап, жарқ етіп сол шыға берді, ұмтылып ем ұстатпай қайта салды. Сары жарғақ, сары шалбар, көкала жақ, Қайта кеп тонап алдым, маған қалды. Тонап ап және қашып дөңге шықтым, Шулап кеп, тасын үйіп арша жақтың. Қара атты байлап салып Жұбай келді, «Түбі қалай бола», – деп мұңым шақтым. Жұбай айтты: «Күн бар ма төлеңгітте, Жолықтық не болса да біз бейнетке. «Құдай жазса, құл жылап көнер» деген, Кісі өлімін айтпалық төрең итке». Сол жерде отыр едік, тағы келді, Зәңгі екен, өңгертіп ап қоя берді. Біз сорлы аттан түсіп отыр едік, Қамады тұс-тұс жақтан тағы да енді. Жұбай айтты: «Қолға түссек, өлтіреді, Өлгенше басқа бейнет келтіреді. Ақыр өлдік соғысып, жан қармайық, Қолынан жалаңбұттың не келеді?» Деді де, енді орнынан түрегелді, – Босқа өлмейік, тәуекел енді, – деді. Соғысып жаудың бетін қайтармасақ, Жалпылдап қуа берер енді бізді. Түйіп ап ат-құйрығын, міндік атқа, Белсендік белді буып, қанжар қолда. Екеуміз екі жақтан кірелік деп, Соғыстық оңды-солды сол арада. Жүргенде біз соғысып, екеу өлді, Өзіме жеті жерден найза тиді. Жау қашты шыдай алмай әр-беріден соң, Отырдық бір жотаға түсіп енді. Қансырап Жұбай отыр, түрі жаман, Құйқасы, бір жақ шеке салбыраған. Жаным ашып құйқасы мен шекесіне, Топырақ сап, тартып қойдым сол арадан. Жау – дүрбіт жиылып ап тұрды сонда, Өлгенін ап жіберді ар жағына. Ішінен көкала атты жалғыз шығып, Тағы келді жекелеп біз байғұсқа. Мен шаптым сыр білгізбей Көкжалменен, Шыдамай қайта қашты жақын кеп ем. Бір жетіп найза салдым жаясынан, Көкжалға жеткізбеді, жүйрік екен. Тастарға тоқтамайды, тым тамаша, Қояндай арты биік, алды аласа. Қызығып қуып бара жатқанымда, Артымнан Жұбай шапты айғай сала. Таяп ем жетем бе деп қайқайыста, «Арқалық, бері кел! – деп, – енді қума». Ерінің қасын қырып жазып апты, Тілмаш екен ол дүрбіт, амал қанша. – Арқалық, атың шыққан сен екенсің, Жылқы алып біраз күндей елірерсің. Қызылтасты зәңгі мен бесті өлтірдің, Есігін Ежен ханның бір көрерсің. Деді де, олар кетті осыменен, Біз қалдық, жүре алмадық жараменен. Жетелеп қара атты алып суға келдік, Жараны су соғат деп түніменен. Түнімен суда жатып есті жидық, Қоржыннан алып келіп азық жедік. Кісі өлгенін төреге айтпалық деп, Қара атты жетелел ап, атқа міндік. Жылқының ізіменен енді салдық, Айналып қуғыншыға үш күн қалдық. Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп, Қыран мен Шеміршекке жетіп бардық. Жылқыны жатыр екен олар бағып: – Батырлар, айналдыңдар мұнша нағып? – Қуғыншымен соғысып бір ат алдық, Олар да, біздер дағы аман қалып. Бәріміз ел ішіне енді келдік, Бір-бір ат мінейік деп көңіл бөлдік. – ұстап бер Көкмойынды, Жұбай, маған, Жолдыққа жануарды біз мінейік. Жұбай айтты: «Бедеу мін, мінбе мұны, Қоя ма мұны саған төре көрсе. Ат үшін қорғасын мен дүре жедік, Әй, батыр, тілімді алсаң, мұны мінбе». – ұстап бер жануарды, бір мінейін, Қолымнан әл кеткенше жібермейін. Ант етіп сол арада айтып едім, Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін. Сол жерде ұстап берді Жұбай маған, Басқалар бие мінді тілін алған. Басады үш аяқтап Көкмойын ат, Мініп көріп сол жерде желқом салсам. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға, Қара ат ап біз барайық енді ауылға. Сендер жай келіңдер», – деп жүріп кеттік, Бір жалғыз келе жатыр тұмандыда. Туралап келді бізге сол арада, Тұйғын сап қаз бен үйрек сол арада. «Сауға деп келдің бе аман, батырлар», – деп, Тұр екен Әжі інісі Тәти бала. «Сауға» деп сұраған соң көңіл бөлдім, Атымнан сол арада түсе қалдым. «Ер болсаң, тартуымды ұмытпассың» деп, Жақ пен шалбар, жарғақты соған бердім. – Арқалық, дос болайын, қолыңды бер, Жалғанда туа қалмас өзіңдей ер. Іші тар көре алмастың біреуі еді, Төреге бұл тартуды айтпаңыз сер. ұмытпаспын, өлсем – өлдім, аман жүрсем, Түбінде өкпелеймін төре десең! Қол алып, қол берістік уағда қып, Қош айтып біз де кеттік жөнімізбен. Аулына Әжі төре келдік жетіп, Қара атты жетелеп ап дөңгелетіп. Төре, қара бәрі түгел тысқа шықты, Батырлар кеп қалды деп дуылдасып. Бәрімен амандасып, елді көрдік, Қандай заман болад деп көңіл бөлдік. Қара атты босағаға жақын байлап, Төреге «алдияр» деп сәлем бердік. Төре айтты: «Келдің бе аман, батырларым, Бұрынғыдай Жұбайда жоқ қой арын. Малға мал алдыңдар ма аман-есен, Айтыңдар, әй, батырлар, малдың санын?». – Мал алдық жүз жиырма екі есе ғып, Екі тай жолда сойдық нәзір етіп. Ертісте сегіз құлын суға кетті, Жүз онын аман-есен келдік алып. Ертіс өтіп қуғыншы келді біраз, Біз тостық қарауылдап Құмдыбұлақ. Түсіріп ер тоқымды бір ат алдық, Жылқыға жібермедік алдын орап. – Жақсы ғой келгендерің есен-аман, Келген соң теріс айтпан мен де саған. Сүмірейіп Жұбай неге сөйлемейді, Келген бе кісі өлтіріп, түрі жаман? – Алдияр төрем, сөзің кекесін бе, Уағдаңа өзің айтқан жетесің бе? «Берсем де Сейілханды, бермен», – деп ең. Кісі өлсе, тақсыр, бізбен бітесің бе? Жайқадым ақ жайынша оңды-солды, Әруағы ер Жәнібек берді жолды. Кекесең бізді бүйтіп, төрем, әлден, Қызылтасты зәңгіменен бесеу өлді. Ханым айтты: «Батырлар, өкпелеме, Сусын іш, бері келіп, мына жерге. Өзі қылған түбінде өкіне ме?» Төре айтты: «Атымды ертте, малын көрем, Малға малды қосқызбай санын білем». Қара аттың ер тоқымы аппақ күміс, Төре көріп қуанып күлімдеген. Жөнелді төреге еріп бәрі аттана, Біз де ердік, қаламыз ба ол арада. Көкмойын ат басады үш аяқтап, Көбіменен жүрген соң көбік шаша. Түрегеліп қасыма жетіп келді, Көрген соң Көкмойынға көңіл бөлді. – Әсеммен топқа мінер бір ат екен, Барған соң басқа ат мініп, қоя берші. – Ант қылып алып едім, сертім қиын, Мінуге жарайды деп жауға бейім. Бір тайды, төрем, сұрап не қыласың, Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін? Төреміз түсі суық, тілден қалды, Шұбатып келген малды санап алды. Үйірін бөрте айғырдың бөліп алып, Құлынды жиырма екі байлап алды. Ат, айғыр, бие санап жүйеледі, Мал оңды, қуанып жұрт көңілді. «Барған соң аттарыңды әкеп бер», – деп, Төртеуіне бір қотыр бие берді. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен ағам, Төреге бой жете ме, амал бар ма? Үшеуін сойып жеңдер, семіз екен, Жаным аман келгені өзіме олжа». Жөнелдік тоқтай алмай үйді ойлап, Қандай заман болад деп түбін ойлап. Сары бөрте биені айтып сойдық, Қазысын төрем жатыр қарш-қарш шайнап. Мен жүріп Шарықтыда үйге келдім, Егінші Шарықтыда жалғыз үймін. Жотада әкем Бөрібай отыр екен, Құшақтап, жылап келіп мені сүйді. Сөйледім мен әкеме бастан-аяқ, Бір сөз бөтен қалған жоқ бөліп-саяқ. – Айтуыңда бір мінің ұнамады, Қандай заман туғызар тағы айдап! – Әй, ата, төренің кім шыдайды зардабына, Басқанда жер қайысқан салмағына. Төреден тағдырымды жазған болса, Қайтейін, ілінермін қармағына. Шыдамасқа амал жоқ, қолдан келмес, Бар керей бағынып тұр бәрі тегіс. Қытайдан бізді сұрап шерік келсе, Ат тұр ғой, алтын берсек, алдық демес. Сонымен екі ай жүрдік есен-аман, Шошимын түн ұйқыда, түсім жаман. Дүрбітпен жағаласып оянамын, Болад деп біз сорлыға қандай заман. Бір күні жатыр едім, біреу келді, Жүрегім аттай тулап түрегелді. – Ей, Арқалық, үйдемісің, бері шық, – деп, Шақырып ат үстінен хабар берді. – Сен кімсің түнде жүрген, жаным, – дедім, Шақырған себебіңді айт мәнін, – дедім. – «Бар болса тірі үйінде, алып кел» деп, Қатты жарлық берген соң соған келдім. Шақырған татар төре алып кел деп, Тез бар да кешікпей кел шапшаң жүр, деп. Білмеймін қандай жарлық өзі білет, Барған соң не болса да көресің, – деп. Әкем Бөрібай шал айтты: «Балам, – деді, Бір сұмдық болған екен саған, деді. Жөніңді қайтып келіп білдіріп қайт, Тағы да болды-ау қиын заман», – деді. Шал жылап мазаны алды қара түнде, Қатты қайрат істеді мына жөнде. Үйде туып, түзде өлген талай ерлер, Қайтейік, Құдай жазса, көндік депті. Жөнелдім Көкмойынмен сол арада, Ілесіп түнде келдім Татанжанға. Тамақ асып ханыммен мені тосып, Екеуі отыр екен сол арада. – Әй, батыр, мен шақырдым түнде сені, Достықтың қол алысқан жоқ қой міні. Үш қытай, отыз шерік маңғұлдан кеп, Төреңе ұлықлы хат бүгін келді. «Арқалық деген батыр дүрбіт кепті, Жылқы алып қуғыншымен соғыс қылып, Қызылтасты зәңгі мен кісі өлтіріп, Осында неше келіп бүлдіріпті. ұстап бер Арқалықты жолдасымен, Көп сөз жазып үкім хат жібердім мен. Арқалықты жолдасымен жібермесең, Алдыма өзің ертіп тез келесің!» Бұл бұйрықты көрген соң, кетті шошып, Сендерді ұстап бергенше, зәрем ұшып. Шақырттым соныменен түнде сені, Өтіп кет орыс елі соған қашып. Артыңды тапсыр маған қандай жайға, Жұбайды да жіберейін арт жағыңа. Ол жерден қолы жетіп алалмайды, Өтіп кет орыс елі қаратайға. Деді де тамақ беріп, еріп жүрді: «Ел шетіне шығарайын осы түнде. Бозайғырдың құмына алып келіп, Ертістен ат жалдап өт өзің», – деді. – ұмытпайын өлгенімше, досым, – деді, Қол алып, қол берістік қошым, – деді. Жұбайды да артыңнан жіберем деп, Айрылдық Татанменен осы күні. Сол жерде аласұрдым әкемді ойлап, Соғады әр тарапқа жүрек қайнап. «Жөніңді білдіріп кет!» деп жылап ет, Сорлы шал өледі ғой соры қайнап. Қайтадан қара түнде үйге келдім, Айтқандай жатпай отыр түсіп уайым. «Осында қытай іздеп келіпті», – деп, Айтып ем зар жылады болып күйіп. – Татанның мына сөзі ақыл екен, Деген сөз орыс елі мақұл екен. Таң атпай Ертіс түсіп өтіп кетіп, Жөнелдім улап-шулап соныменен. Жөнелдім атқа мініп сол арада, Таң таяп қалған екен, шықсам сыртқа. Ертістен өте алмайтын болғаннан соң, Бекіндім Сауырға кеп Аюлыға. Көкмойын ер тоқымын жұлып алдым, Оттасын деп аяғына шідер салдым. Жантайып желқомымды, ұйықтай қалсам, Дүрбітпен жағаласа-ақ айғай салдым. Таң атып қалған екен, түрегелдім, Атымды мінейін деп көңіл бөлдім. Қарасам бір мойнақты асқан екен, Сүрдектеп түсіп кеткен ізін көрдім. Асты ұзын бұлақ екен ізі, Жүгіріп мен де келдім шошып тіпті. Алдымнан алты қасқыр шыға келді, Өзенге қуып барып қасқыр жепті. Атымды жегізіп ап, жаяу қалдым, Құшақтап төрт сирағын зар жыладым. «Ит сүрінсе – үшке шейін» дегенге ұқсап, Отырмын бармақ шайнап, бар ма лажым. Отырдым кешке шейін тау басында, Жұбай жоқ ақылдасар жолдасым да. Буып ап ер тоқымды көтеріп ап, Қайтып келдім Татанға, амал бар ма. Ояттым тұсынан кеп дыбыс беріп, Есік ашты әйелі түрегеліп. «Көкмойынды жегізіп, жаяу келдім, ұзамай қырық тұсақ шерме толып». – Әй, батыр, ренжіме қасқыр жесе, Ауырлықты көтерер атың өлсе. Жұбайды ұстап берді, қытай алды, Түн қатып тағы да қаш орыс елге. Ей, қатын, жүк артына төсек салшы, Тынығып, батыр, бүгін деміңді алшы. Бәйге күрең Көбік атты байлатайын, Ертіс өтіп тағы да жүріп көрші. Мен жатып жүк артына бекініп ап, Ел жата жөнелдім «а құдайлап». Татан досым қасыма еріп жүрді, Қош айтты ел шетіне шығарып сап. Ертіске таңға таяу келіп жеттім, Таба алмай аяқ өткел тентіреппін. Әр жерге тал бойлатып, ат болдырып, Ертістен таң атқанда әрең өттім. Бір адам көрді ме деп жаман састым, Болдырған Көбік атқа қамшы бастым. Нағашым өгіз қара жаман еді, Бекініп жатайын деп соған қаштым. Нағашым жылап-еңіреп қарсы алды, Атымды үйге енгізіп, ерін алды. – Жиенім, түнге жастап кетесің, – деп, Үйіне бекітіп ап, тығып салды. Түске таяу дәретке шығып едім, Бір жайдақ өгіз мінген мені көрді. Танығандай болды да жүзін бұрып, Жарқ етіп өз жөніне жүре берді. Жүгіріп үйге кірдім нағашыма: – Осындай біреу көріп кетті мұнда. Жүрегім өгіздіден тым шошып тұр, ұстап ап, бекітейін соны мұнда. – Қас емес, о да ағайын, – дейді, – бізге, Ақтады айтпады деп әлгі жерде. Төренің тыңшысы екен, хабар қыпты, Қытай, қазақ жүз кісі келді түсте. Ауылды шыр айнала қамап алды, «Арқалық қашқын бар» деп хабар салды. Нағашым ағайынды – екі жаман, Шақырып екеуін де ұстап алды. Шошыған соң келді деп мойындапты, «Қашқынды ұстап бер» деп ақырыпты. «Арқалықты шығарып бер» деген соң, «Жиен-ау, қайтесің?» – деп маған кепті. – Күйме, – дедім, – мен үшін, – нағашыма, – Іліндім амал қанша, құрған торға. Қаныма қан алайын, ақыр өлдім, «Қашқының мінеки, – деп, – бер қолына». Жетелеп екі жаман алып жүрді, «Қашқының мінекей», – деп айғай салды. Қораның ортасына алып келіп, «Өздерің алыңдар», – деп қоя берді. Қамалап, ұстауына батпай тұрды, Қашпаған[ды], заңы жоқ, атпай тұрды. – Тас қылып қол-аяғын байлап бер, – деп, – Өзіңді ап кетеміз, – деп қорқытты. Сол жерде екі жаман жылап келді, Көл қылып көздің жасын бұлап келді. – Байламасаң өзімді ап кетем, – деп, – Қайтеміз? – деп ақылды сұрап келді. Байлаттым қол-аяғымды, амал бар ма, Қораның домалатты ортасында. Үш қытай, отыз шерік, көбі қазақ, Жемтікті жеп өлді ғой құзғын-қарға. Мінгізіп бір түйеге жайғап алды, Астынан екі аяғым байлап алды. Есіріп, ұстадық деп саусылдасып, Әжі төрең алдына алып барды. – Әй, тақсыр, жібергенде не дедіңіз, Мен тұр ғой малдың қамын жеп едіңіз. Малыма мал әкепсің, не берейін, Сейілханды берсем бе деп едіңіз. Төренің түсі суық көрінеді, Кәдірі өткен күннің білінбепті. Бас ұрып қандай жылап бас ұрсам да, Мелшиіп төмен қарап, үндемеді. – Жарқырар ай астында жарық жұлдыз, Жағалар жарда жүріп суда құндыз. «Сейілханды берсем де, бермен» деп ең, Дәл енеңді ұрайын, Әжі қырғыз. Деп едім, әлгі жерде күйіп-жанды: – Мына залым не дейді? – деп ашуланды. Кім кіргізді мынаны, тез шығар! – деп, Тұрып кеп, сар таяқпен салып қалды. Татан дос көріп отыр мына мәнді, Жүгіріп ағасына жетіп барды. «Мұны ұрғанша, жерді ұр», – деп әлгі жерде, Қолындағы таяғын жұлып алды. Сүйрелеп алып шықты әлгі жерде, Құдайым кез келтірді мұндай күйге. Астында шегелеулі Жұбай отыр, Шегелетті мені де әкеп бірге. – Кетіп ең мені тастап, батырым-ай, Тілеп ем кетсе екен деп бір табылмай. Сен қалсаң, мені әкетсе, орта жолда Қалмас деп ойлап едім бір соғыспай. Бармадық әділдіктің жүйесіне, Жолықтық қандай жанның киесіне? ұр дегенге келмейді ұрғанға күш, Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне. Сол жерде екеумізді шегеледі, Қолынан түк келмейді керей елі. Бір түйеге екеумізді теңдеп тастап, Бізді беріп құтылып қала берді. Жетпедім әділдіктің жүйесіне, Жолықтым қандай жанның киесіне. Жұбаймен екеумізді ұстап берді, Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне. Жөнелді отыз шерік байлап алып, Шегелеп қол-аяқты жайғап алып. Аз таппыз ботақара – қарақаспен, Қош айтып, бәрі жылап шулап халық. Жөнелді бізді теңдеп Алтайды өрлеп, Түйе үстінде кеттік біз [жылап]-еңіреп. Сөтке сайын түйеден түсіреді, Көтеріп сирағымнан «Тамақ іш» деп. Екі аяқ шылдырлатып кісендеулі, Екі қол білезіктен шегелеулі. Қара шай, сөткесіне бір тілім нан, Әйтеуір, өлмесін деп дәм берулі. Алтайдың Айыркезең асуы бар, Қобдаға одан асып басуы бар. Түйемен он күн жүріп Қобда келдік, Сол жерге келіп шерік еру болар. Қалмақ бір досым бар-ды Қарамерген, Бізді алып келет дегенді естіді екен. – Қайран ер, сен де мұндай болдың ба, – деп, Ол қалмақ жылап-еңіреп бізге келген. Бізге кеп әлгі жерде амандасты, Шерікке бізді әкелген соған кетті. «Бір күнге Арқалықты кепілге бер,» – Деп мені әлгі жерде сұрап апты. Босатып, мені үйіне алып келді, Жақсылап төрге төсек салып берді. – Тынығып, қайран батыр, бір түн ұйықта, – Деп бір семіз қойды әкеп сойып берді. Мен жаттым қой етін жеп, майға тойып, ұйықтадым, қол-аяқты керіп созып. Таңертең қалған етті тағы жылытып, – Ішіп-жеп, тынық, – деді алған қойып. Бүгін жат, еру болса, тағы тынық, Келейін мен шеріктен жөнін біліп. Қуанып қайтып келді «Еру болад» деп, Әкелді бір еркек кой тағы сойып. Түгел асып, турады қуырдақ қып, Тұздықтап қарынға түгел тығып. – Түйенің өркешіне таңып берем, Екеуің күндіз жеп жүр азық қылып. Апарып ертең берем, тағы тынық, Арқалық, ер едің ғой, бұған шынық. Ойладым бүгін қашып кетейін деп, Батырдың байлаудағы атын мініп. Жаттым да, мен киіндім, қайта тұрып, Тыңдадым ояу ма деп жөнін біліп. Қатыны байына айтты, тыңдап жатсам, Мені «қалай болады» деп қауіп қылып. – Досым деп қайғырасың сөзін қостап, Әкеліп салып қойдың үйге бостап. Арқалық қашып кетсе, қайтер едің, Қазақтың қалмайсың ба шоғын ұстап? – Ер қайда Арқалықтай ұрынуға, Шіркіннің жан жете ме порымына?! Арқалық қашып кетсе, жолы болсын, Досымның өзім барам орынына! Ойладым жүрегімнен жұлмайын деп, Көңілімді жамандыққа бұрмайын деп. Мұны естіп, шешіндім де қайта жаттым, Әйелге ерді таба қылмайын деп. Таңертең түрегелдім ұйқым қанып, Шай іштім, бетім жуып сыртқа барып. Қарамерген сөйлейді: – Ей, Арқалық, Беремін шерікке енді сені апарып. Осыдан екеуіңді ханға апарар, Дүре соғып, сендерден сұрақ алар. Өзінің қалмағына нанып отыр, Барлық шыныңды айтпасаң, қинау қылар. Шыныңды айтсаң, сөзіңе бәрі нанар, Ол күні өлмейсіңдер, жаның қалар. Ақбұрғылап мойныңа кісен салып, Апарып темір үйге бөлек бағар. Бір асыл кездігім бар мен соқтырған, Қырық ошақтан қорытып құрыш қылған. Темірді жайынша турап талқандайды, Берейін кездігімді, досым, саған! «Әкел!» деп қатынына әмір қылды, Қатыны кебежеден алып келді. Сар пышақ жарқырайды асыл құрыш, Мойнын саптан суырып алып қойды. – Табанының шұқырына мен салайын, Желімдеп жарғақпенен жапсырайын. Қолың бір босайтұғын күнің туса, Сонда ал табаныңнан айттым жайын. Тесесің темір үйді соныменен, Қашасың, аман болсаң, сол тесіктен. Жаныңа сая болар бұл асылым, Арқалық, аяспаған досым ең сен. Желімдеп табаныма тығып берді, Екі қондым, шерікке алып келді. Қош айтып Жұбайменен екеумізге, Өркешке қуырдақты таңып берді. Ай жүріп алып келді Ежен ханға, Жеті күн қамап қойды қараңғыға. Аяқ[та] кісен, шынжырмен жетелесіп, Жамбылға алып кірді хан алдына. Отырған сұрақшы мен ханы қытай, Бас ұрдық Ежен ханға заңы солай. «Арқалық қайсың?» – деп түрегелді, Алдына сұрақ қылып тік тұрғызды-ай. – Дүрбіттен неше айдадың, неше келдің, Өттің бе, шыныңды айт, түгел бәрің? Шыныңды айтсаң, сұрақ аз болады! – деп, Көрсетті осындай деп хан жарлығын. – Жау болды кісі өлтірген қазақ, қалмақ, Кедей ем, мен де аттандым олжаланбақ. Екі кеп қырық-елуден жылқы айдадым, Екі соғыста өлтірдім екі қалмақ. «Бір атты бермедің» деп Әжі төре, «Енді сен бармайсың» деп соқты дүре. Төренің зардабына шыдай алмай, Жай жаттым екі күн айналып күнім көре. Бір сиыр, бір жылқым бар, үйім жамау, Жан сақтап жата бердім амал бар ма-ау? Бір күні қараңғыда біреу келіп, «Арқалық, бері шық!» – деп айғай салды-ау. Шошынып қараңғыда түрегелдім, Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім. «Әжі төре шақырды, шапшаң жүр», – деп, Түн қатып мені төреге алып келген. «Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқыны таңдай тал түсте дүрілдетті. Арқалық, осыған сен барасың, – деп, Малыма мал әкел», – деп әмір етті. Аттандық, жарлық қақты мұныменен, Сегіз күн ұдай жүрдік күн-түнімен. Дүрбіттен жүз жылқы алдық иен жатқан, Айдадық күн-түн қатып соныменен. Неше күн ұдай айдап Ертіс бардық, Суына Қара Ертістің жылқы салдық. Суынан өтіп тынығып жатқан кезде, Қуғыншы алпыс кісі келді қалып. Соғыстық біз екеуміз оңды-солды, Әруағы ер Жәнібек берді жолды. «Кісі өлсе, өзім көрем» деген төре, Зәңгімен қызылтасты бесеу өлді. Жылқыны Әжі төре санап алды, Үйірден бөрте айғырды айдап барды. Мен бермедім атымды, басқасын ап, Құлынды отыз екі байлап алды. Жылқы әкел деп жіберген төрем еді, «Сендерді мен көрем» дейді. Сізден жарлық барған соң шыдай алмай, Мінеки, екеумізді байлап берді. Отырған өңшең қытай басты-тасты, Қытайша әзіл білем, сөз қатысты. «Қор болған қазағында батыр екен, Әзір біз өлтірмейік!» – деп қайысты. Әкел деп әлгі жерде мені басты, Құйрықты жалаңаштап түріп сапты. Мініп ап бас-аяққа сонда шерік, Аямай алпыс қамшы дүре соқты. Қылтаны құрықпенен тілімдеді, Құйрықтан қызыл қандар ызылдады. Киіндім түрегеліп амал бар ма, Екі аяқ басуыма келмей қапты. Жұбайға отыз қамшы дүре соқты, Шырылдап көз жасы оның көлбіп ақты. Соққанда отыз қамшы сорлы Жұбай, Тұра алмай, әлгі жерде бұраң қақты. Ақырдым, түрегелді, немене ұнар, Бұл жерде жұмыс бар ма қолдан келер. Жұлып ап Жұбайды мен киіндірдім, – Бұл жерде әкең бар ма еркелетер! Сөйлесті бәрі сонда: «Ер екен, – деп, Қор болып қазағында жүр екен, – деп. Тағы сұрақ қылармыз бұл екеуін, Барып темір үйге кіргіздір», – деп. Ақбұрғы мойнымызға сонда салды, Шеріктер темір үйге алып барды. Кіргізіп, екеуімізді айдап келіп, Есікке тас қып мықтап құлып салды. Қор болды біз сорлының ғаріп басы, Бір адам табылмады арашашы. Сөткесінде бір әкеп берген тамақ, Күріш, нан, құр қара шай берген асы. Кесе күріш, бір тілім нан жүрген кәсіп, Темір үй жамбасымнан тақтай тесіп. Аяқ кісен, қол шеге, мойныңда ағаш, Осымен алты ай жаттық біздің нәсіп. Тән тозып, сүйек қалды саудыраған, Біз күйдік төре үшін, бар ма шарам. Жаз шығып, біз өлімге айналғанда, Дүбірлеп терезеден айғайлаған. Қарасам, қытай қызы жаудыраған, Кигені өңшең торғын жалбыраған. Бір қыз кеп терезеден күле сөйлеп, «Арқалық қайсың?» – деп айғайлаған. Дедім де: «Мен – Арқалық, – түрегелдім, – Сен бала кім едің?» – деп сөйлес қылдым. – Мен едім Ежен ханның кенже қызы, Сауық қып көрейін деп келіп едім. – Сен болсаң Ежен ханның кенже қызы, Батты ғой жамбасымнан жердің сызы. «Хан соқса, қайраны бар» деген еді, Шегеден атаңа айтып шығар бізді. – Келмейді шығаруға әлім, деді, Сауық құрып шығып ем, көрдім, деді. Басқа қайран сұрасаң қолдан келер, Сөйлесең кемшіліктің жөнін, – деді. Ендеше нашар болды азық бізден, Арманда кетемін ғой аштан өлсем, Хан баласы екенсің қайратың мол, Жалғанда ұмытпас ем азық берсең. – Сөзіңе, олай болса, көңіл бөлдім, Екі күнге бір сиыр азық берем. Шегеден аман-есен шыға қалсаң, Жамбыл бұзып, сен маған келер ме едің? – Азық бер, шыбын жаным аман тұрсын, Қуатым кірер ме екен азық жесем. Темір үйден құтылар күнім туса, Жамбыл бұзып бармасам, атым құрсын! – Ендеше, орнымды айтам, батыр, саған, Өзіңді әкеп жамбылда дүре соққан. Оң жағында қызыл перде шымылдық бар, Соған кірсең, мен жалғыз сонда жатам. Қош айтып ханның қызы кетті жүріп, Біз қалдық шыққандай боп аласұрып. Жұбай айтты: «Әй, Арқалық, мұнша шаршап, Нең бар ед, кеткен жоқ па мазақ қылып. Арқалық, қайда саған азық бермек, Еріккен хан баласы сейіл жүрмек. Қазақтың батыры деп естіген соң, Сайқы қып көрейік деп саған келмек». Сонымен жата бердік бұрынғыдай, Шегелеп ұстап берген төре сұмырай. Азық жоқ, аласұрып жатыр едік, Бір қалмақ қатын келді күн шыққандай. Терезеден «Арқалық» деп айғай салды: «Хан баласы ол саған азық берді. Екі күнге жеткізіп жеп тұрсын», – деп, Терезенің тесігінен тастай берді. «Сиырдың етін түгел асып келдім, Пісіріп, мына қапқа басып келдім. Екі күнге бір сиыр беріп тұр деп, Ханшаның жарлығын мен алып келдім...» Қуандық а құдайлап әлгі жерде, Жас ағып әл келеді екі көзге. Жұбай айтты: «Арқалық өлі балық, Өлмейтінге дейтұғын келді бізге». – Әй, Жұбай, кеше сөзің кекесін бе, Шартыңа маған айтқан жетесің бе? Шикі жеймін демеп пе ең азық берсе, Сертті бұзып, жалтақ боп өтесің бе! Жыласып, үміт қылып, ойға қалдық, Аппақ май алдымызға үйіп алдық. Пышақ жоқ, қол шегеде, кесіп жейтін, Қасқырдай қой жолыққан басып жедік. Екі күнде сиыр еті келіп тұрды, Тамақ жем алдымызға кіріп тұрды. Тұлымшағы салбыраған бір қара көк, Пісіріп екі күнде беріп тұрды. Екі айға отыз сиыр азық жедік, «Кәрі әруақ қайдасың?» деп еңіредік. Жәнібек көк перісі бір шолмай ма, Қор қылып қойдың ба?! – деп айғай салдық. Бір қасқыр сонда үйге кіріп келді, Қып-қызыл екі көзі жанып келді. Салақтап тілі түсіп тізесіне, Шап етіп мойнымнан кеп ала түсті. Үйірді қасқыр талап олай-бұлай, Шошынып, түсім екен, салдым ойбай. Шошынып, а құдайлап Арқалық деп, «Болды, – деп, – бір жақсылық, сорлы Жұбай!» Жаәнекем көк перісі келген екен, Зарыққанда қақ бізді білген екен. Арқалық қасқырменен алысқанда, Үзіліп қолда бұғау кескен екен. Қуанып, ақбұрғы ағаш былай салдым, Кездікті табандағы жұлып алдым. Жұбай қолын босатып бұғауын ап, Кісенді аяқтағы қиып алдым. Шерік келсе, кісенді бос саламыз, Үйді тесіп қашсақ деп ойға аламыз. Кездікпен темір үйді тесіп алып, Жылы жел, ай көргенге қуанамыз. Қуандық түнде шығып, а құдайлап, Етке дейін азық алдық түбін ойлап. Ақбұрғы Жұбай ердің мойнын қиған, «Арқалық, ал қашалық енді аяңдап». Мен айттым: «Қызға айтқан сертім қайда, Қыз болмаса, өліп ек әлдеқайда! Алпыс күн отыз сиыр азық беріп, Өлтірмей асырады бізді мұнда. Мен соған неғылсам да барам, дедім, Қош айтысып, рұқсатын алам, дедім. Кездікпен мен жамбылды тесіп түсем, Ажал болса жамбылда қалам», – дедім. – Әй, батыр, екі қабат темір есік, Түсесің, асыл бар ғой, оған тесіп! Күзетші неше жерден ханды баққан, Барасың қызға, сорлы, барып несін?! «Өлсем де барайын» деп түрегелдім, Жұбай жылап сол жерде былай деді: – Ей, сорлы, бір өрлесең болмаушы едің, Болмаса мен айтайын мына жөнді. Болмасаң, жүр, жамбылға бір барайық, Көріп пе ең үлкен көпір аңғаралық. Ішіне кіріп, қуысына бекінелік, Ертең бізді іздейді хабар салып. Жер-көктің бәрін тінтіп таба алмайды, Көпірде бекінет деп ойға алмайды. Әп-сәбі басылған соң соған бар, – деп, Сөйледі мына сөзді Жұбай болмай. Екеуі түнде қашып көпір барды, Бекініп қуысына жатып алды. «Темір үйді тесіп, қашып кетіпті», – деп, Күзетші білдіруге ханға барды. Хан жарлығы: «Қала-дала бәрін қара, Астасқан адамдар бар ма – сұрақ сұра». Жамбылдан қалың әскер қаптап шықты, Арқалық сығалайды жатып қана. Сол қоста көк аттыны ала алмады, Қуғанда көкжал атқа шалдырығады. Жаяда тотығы бар найза тиген, Қалмақтар білген үшін апарыпты. Жамбылдан шықты шерік батыр мықты, Бір шерік көк ала атты мініп шықты. Көпірден сығалаған ер Арқалық, Көк ала ат тыртығы бар танып қапты. Таба алмай шерік қарап, жамбыл келді, Арқалық жамбыл бұзып бармақ бопты. «Мен өлсем, сені дағы өлтірем» деп, Көпірге сонда Арқалық байлап сапты. Кездікті алмас құрыш қолыма апты, Жамбыл тесіп, құлыбын жұлып апты. Ішіне сонда батыр кіріп барса, Күзетші екі шерік ұйықтап қапты. Әуелі Көкала атты алайын деп, Кермеде тұрған атты табайын деп. Тауып ап, қақпаға әкеп байлап қойды, «Тәуекел, енді қызға барайын» деп. Апарып сұрақ қылған жерге келдім, Күзетші жатыр шерік, соны көрдім. Апиын жеп, бәрі мас қирап жатыр, Басып өтіп хан жатқан жерге келдім. Есіктен ептеп келіп көзім салдым, Мас болып хан да жатыр, бақыладым. Ақ панар жарқырап тұр хан алдында, Қанжарын бас жақтағы қолыма алдым. Хан оянып: «Бұл кім?» – деп ашу етті, «Мен – Арқалық», – деп едім, ұғып кетті. «Тырп етсең, өлтірем», – деп тап бергенде, Торғын көрпе ішіне бұғып кетті. Қылышты жарқыраған алдым қолға, Қарадым қызды іздеп, жан-жағыма. Қарасам қызыл торғын шымылдық тұр, Кіріп келдім сол жерде қыз қасына. Ояттым: «Мен келдім», – деп ханшаны, Оянып қыз да күліп қолымды алды. – Жамбыл бұзып, қасыма қалай келдің? Әй, батыр, сөйле, – деді осы мәзі. – Хан тұсында ілулі қанжарды алдым, Өлімге жаным қиып дайындалдым. Алпыс күн азық берген қақыңызға, Сөзімді жұтпайын деп, саған келдім. – Мен сені шақырғам жоқ тиейін деп, Дінімді бұзып, сені сүйейін деп. Атам сені алыптай ер деп еді, Сынадым айтқан сөзін білейін деп. Арқалық, бәрекелді ер екенсің, Көргейсің ерлігіңнің берекесін. Азық менен деп едім азық берем, Қор болып қазағыңда жүр екенсің! Сегіз кез жолың бол, – деп торғын берді, Ас үйдегі азығың сенің, – деді. Майға илетіп пісірген бір тұлып нан, Соны алып, аман-есен жөнел, – деді. Қош айтып ханшамен жылай бастым, Ас үйге кіріп келіп, есік аштым. Нан алдым, қазанда тұр ыстық күріш, Салып ап бір кателмен шыға қаштым. Қақпада Көкала ат тұр байлап қойған, Жөнелдім жетелеп ап мен қақпадан. Жұбайды көпірдегі жетелеп ап, Жөнелдім мінгізіп ап сол арадан. Көшеден біз де шықтық – жың атылды, Барабан қағып, жамбыл шуылдасты. Жөнелдік Көкала атқа мінгесіп ап, Жануар, алып ұшат қандай мықты. Таң ата шәр шетіне біз де шықтық, Түсе ғап кателдегі күріш жестік. Тоқтай алмай мінгесіп шәрден ұзап, Күн бата а құдайлап тауға жеттік. Бір шатқа кеп бекіндік түнде жатып, Сарғайып қалған екен таң да атып. Жұбайдың ажырғыдан мойны жара, Келмейді қатты жүріс ірің атып. Бекініп, күндіз жатып, түнде жүрдік, Он күн жүріп, құла дүз иенге ендік. Бой кеңіп күндіз жүрдік, жара жаман, Бір үлкен түс уақытта тауға жеттік. Отыр ек қарауылдап тау басында, Бөктерлеп біреу келет жалғыз қара. – Жалғыздың атын алып мен келейін, Жұбай, сен отыра тұр осы арада. Мініп ап, Көкала атпен жетіп бардым, Айдарлы жалғыз қалмақ батырсындың. «Қап, бәлем, жатқызармын аттан түсіп!» – Қолға алып алмас қылыш салып қалдым. Атының басын сонда іркіп алды, Адам деп мені сонда санамады. Шап беріп жауырынымнан жұлып алып, Көлденең ер қасына басып алды. Шылбырын Көкала аттың қолына алды, Алдына басып алып жүре барды. «Ердің ері тақымға басад» деуші ед, Басыма келді ғой деп күлдім енді. Күлгенде сонда қалмақ тұра қалды, Басын шайқап, жымиып ойға қалды. «Өлімге келген адам күле ме?» – деп, Алдынан алып жерге қоя салды. Кәперсіз әлгі жерде аттан түсті, Елемеді, секілді тым-ақ күшті. – Атың жайдақ, ерің жоқ, есірмелі, Сен қандай қазақсың? – деп сұрақ қылды. – Мен – қазақ, Арқалық ет атым, – дедім, Төренің төлеңгіт ет затым, – дедім. Әжі төре дүрбіттен жылқы алғызып, Ежен ханға ұстап берген тартуы едім. – Арқалық, естуші едім мен де сені, Кісі өлтіріп алдыртты хан да сені. Атым – Қоңқа, қалмақтың батыры едім, Арқалық, сөйлесейін мен де шынды. Өлтіріп не қылайын ер екенсің, Ханнан қашып жаныңды ап жүр екенсің. Қызығып атыңды алсам, екі адамсың, Елге жетпей, екеуің жолда өлерсің. – Әй, Қоңқа, батыр болсаң, затың қалмақ, Жан келді, арып-шаршап, түсіп салмақ. Жолдасым далада отыр жаяу қалып, Сені көріп келіп ем атыңды алмақ. Елім керей, әлі алыс айшылық жер, Көрген адам өлтірмей, неге есіркер. Тірі барсам, батыр, мен ұмытпайын, Ер болсаң, жаяу қалып, атыңды бер! – Арқалық, бәрекелді, ер екенсің, Ер сарыны осы еді қайдан білдің? Ой, шіркін, тауып айттың ер сарынын, Басқа адам жаяу қал деп сұрар ма едің? «Жақсылыққа жақсылық әр кісіден, Жамандыққа жақсылық ер кісіден». Әй, шіркін, жеңіп айтсаң, ер екенсің, Берейін, жаяу түсіп, атымды мен. Бұл атым тұлпар еді жастан мінген, Он жетіге келіп еді бел шіріген. Еліңе аман барсаң, әй, Арқалық, Тірі болсаң, әкеп бер осы күзден. Мен саған жаяу қалып атым берем, Атпен кетсем үйіме қазір жетем. Ерлігіңді білдім де, атым бердім, Жаяу жүріп үш күнде үйді көрем. Азығын қоржынымен бәрін берді, «От жақ» деп шақпағын да қоса берді. Үш күндік дайын тамақ азық алып, Дос болып құшақтасып, жүріп кетті. Қоңқаның тұлпарына мініп алдым, Жетелеп өз атымды қосарға алдым. Бейшара тауда отырған Жұбайыма, Қуанып, әлгі жерде жетіп бардым. Қуанды, а құдайлап, Жұбай жылап: – Барғанда қалмап па едің аттан құлап? Қалайша атын алдың, ол кім екен? ұқтыршы айтшы жөнін, – деді сұрап. – Мен барып ұрып өтіп тұра қалдым, ұмтылып мені аттан жұлып алды. Алдына мені өңгеріп басып алып, Шылбырын атымның да іліп алды. Әлімнің жоқ екенін сонда білдім, Қалмақ өлтірер деп көңліме алдым. «Ердің ерін көрсеңдер тақымында», Дегенді ойлап алдында сақ-сақ күлдім. Сол жерде тізгін тартып тұра қалды, Көтеріп сонда алдынан қолына алды. Мені алдына қоя сап адам демей, Атынан сонда жерге түсе қалды. «Келе сап қанжар салдың өзің, деді, Аман жоқ, кімсің үлкен өзің, деді. «ұрысқанды айтпа, күлгенді сұра» деген, Сен өзің қай қазақсың, жөнің?» деді. Сонан соң жөнімді айттым бастан-аяқ, Жаны ашып қамықты басын шайқап. «Өзің кім?» – деп мен дағы жөн сұрап ем, «Қоңқа батыр мен, – деді, – затым қалмақ». «Батыр болсаң жаяу қап атыңды бер, Әй, Қоңқа, батыр болсаң сен кемеңгер. Екеу ара бір жалғыз атымыз бар, Елге жетпей өлеміз ғой айшылық жер». Сонан соң жаяу қалып атын берді, Қоржынын, бақыр, шақпақ, отын берді. Үш күнде жаяу үйге жетемін деп, Дос болып мені өлтірмей қоя берді. Бәрін естіп жылады Жұбай сонда: – Әй, шіркін, ер екен ғой толған сынға. Жарам жаман, жетем бе, жетпеймін бе, Қоңқаны өле өлгенше тіпті ұмытпа. Қаракерге мінгіздім Жұбай ерді, Кілем сап, міндім жайдақ Көкала атты. Бізбен жау дүрбіт қалмақ жер шегіне, Ай жүріп азар жеттік біз бір шерлі. Бір жерде бір боз ат тұр еріменен, Жұбайға айттым: «Жүре бер жөніңменен. Салақтап екі аяғым жүре алмадым, Ана атты әкеп мінейін қазір», – дедім. Жүгіртіп Көкала атпен жетіп келдім, Иесі бар шығар деп көңіл бөлдім. Үзеңгіге келген атты атайын деп, Сығалап жатыр екен, көрді көзім. Түсе қап, айдарынан ұстай алдым, Мен ғой деп дәл басына қанжар салдым. Өлтіріп, дүрбіт екен аңға келген, Боз атқа ер тоқымды мініп алдым. Боз атқа мініп ала жөнелгенде, Мерген екен әр жерден түрегелді. Қалмақшылап дүрбіт айғайлап ед, Тарлан ат тіл біледі жүрмеді енді. ыза болып сонда үстінен түсе қалдым, Орайға қанжарменен бір-ақ салдым. Өлтіріп қу тарланды тастадым да, Қайтадан Көкала атқа мініп алдым. Мергендер тұс-тұсынан мылтық атты, Оқтары қашсам-дағы келіп жатты. Атыма астымдағы оғы жетіп, Көлденең қос өкпеден өтіп кетті. Жығылды оқ тиген соң омақасып, Жан тәтті, жаяу қаштым түсе қалып. Жапсарлап бір жартасты паналадым, Жұбай ер сонда жылап келді салып. – Арқалық, мына атқа мін, мен қалайын, Мінгесіп құтылмаймыз ұзамайтын. Мені қимай жүремін деп шатыласың, Халым аз, жарам жаман баралмайтын. Сен құтыл, мен қалайын осы жерде, Менің кегім аларсың, барсаң елге. Қаныма қан аларсың мына жаудан, Бәрі кеп мені өлтіріп жатқан кезде. – Атыңменен жүре бер, қылма қауіп, Жаяулап құтылармын ебін тауып. ұялас ит секілді, құрбым Жұбай, Тастамаспын, алмаса ажал тауып. – Қимағаның болмайды, қор боп жаным, Жүрерге болар емес тіпті халім. Жалғыз едім, жайрадым төре үшін, Сәлем айт ел-жұртыма түгел бәрін. Қатыным екіқабат қалып еді, ұл туса, Жәдігер қой атын, – деді. Қыз туса, біреуменен күнін көрсін, Өшкен соң ақыр менің атым, – деді. Жау келіп, сонда үстінен тау құлатты, Жұбай жылап Арқалықты аттандырды. Құлаған тас соқпадан тұра қашты, Арқалық қашқаннан соң жабырласты. Біреуін ұрды Жұбай таспен басқа, Домалап кеп жығылды сонда қасқа. Төбелеп бәрі келіп түсіп жатыр, Қаза боп қайран Жұбай, амал қанша. Арқалық мұны көріп шыдамады, Тұлпарға әлгі жерде қамшы басты. Жұбайды итше керіп жатқанында, Қанжарлап жауға келіп араласты. Жау қашты быт-шыт болып тауға қарай, Өлтірді қанжарменен бір-екеуді-ай. Жау кетті, түсе қалды ер Арқалық, Өкіріп кеп Жұбайды құшақтады-ай. Құшақтап жылап отыр қаныменен, Сереңдеп үшеу жатыр қоңыр керден. – Қайран дос, жан жолдасым, айрылдым, – деп, Зар жылап, бірге жатты түніменен. Қанжармен таң атқан соң қабір қаздым, Айрылдым жолдасымнан, бар ма лажым? Өзімнің білгенімше жаназа оқып, Қопарып жүктей-жүктей таспен қойдым. Жөнелдім, айрылдым да, жылап-жылап, Сиынып бір Құдайдан жәрдем сұрап. Белгі етіп бір шоқыға тасты жидым, Тұлпардың жүрісіне жүрдім шыдап. Ай жүріп аман келдім керей елге, Алтай, Сауыр, Ертіспен қайран жерге. Шарықты деген жерде тасты Тоспа, Сол жерде салықшыға келдім түнде. Дәл тұсқа Тоспадағы елге келдім, Кір жуып, кіндік кескен жерге келдім. Оңаша бір қара үй тігулі тұр, Үңіліп есігінен көз жібердім. Туырлық қара құрым тұрған едім, Есігі бір жапырақ қойған түріп. Үңіліп көзім, салсам, шал Бөрібай – Өз әкем отыр екен отты сырып. Көрген соң, шыдай алмай, қарғып түстім, Зар жылап, даусым шықпай, сәлем бердім. – Жалғызым, досың ба еді, құрдас па еді, Төреден қорықпай келіп сәлем бердің. – Әй, ата, жалғызыңды танымадың, Мен Арқалық балаңмын, аман келдім. Бас салып сонда әкем жылағанда, Бақырған шалдың даусы жерді жарды. Түскі мал сауып жүрген жалғыз бала, Шуылдап келе жатыр бәрі сонда. Өз әйелім, жалғыз балам шулап келді, Өз әлім кейде кетіп, кейде шала. Аздан соң есім жиып отырғанда, Қара үйге халық келіп толтырғанда. Жұбайдың әйелі кеп: «Құрдасым-ау, Жолдасың қайда қалды?» – деп бақырғанда. Сол сөзді естіп қайғырып, әлім кетті, ұялып түк айта алмай халім кетті. Бас салып біраз жылап көріскенде, Тұра алмай, ұялғаннан сәнім кетті. Жұбайдың әйелінің жылағаны «Құрдас-ау, қайда құрдасың, Жасыңнан құрбы сырласың? Жарты құрт болса, бөліп жеп, Бір өлем деген мұңдасың?! Қалды ма қаздай адасып, Жүруші едің жарасып. Қалың жаудан қайтпаушы ең, Тізе қосып ұнасып. Жолда өлсе, қолдан қойдың ба, Маңғұлдың жауы сойды ма? Далада қалып көмілмей, Көздерін қарға ойды ма?! Өлімнен адам құтылмас, Ажал жетпей тұтылмас, Құрдасыңның қайғысы Өлгенше бізден ұмытылмас. Басымнан көрдім жетімдік, Жоқ болды ғой ол кемдік. Ол ісім менің қата екен, Бармақ шайнап өкіндік. Құрдас-ау, сенен сұрадым, Шыдай алмай жыладым. Құрдасың жоқ, жалғыз кеп, Құдірет саған неғылған». Құшақтап сөйтіп жылап көріскенде, Жүрісті бастан-аяқ тіркескенде. Қарақас, ботақара, салықтылар, Жұбайдың өлген жайын біліскенде. Қайғырды ботақара бәрі жылап, Қуанды ерлігіне бәрі ұнап. Жұбайдың қанына қан алам дейді, Төреге басымды бәй тіктім шыдап. Байматай Салқыда үлкен ақыл қылды, Жиылып ботақара кеңес қылды. Сол сөзді бейсенбі күн біліп алып, Не дейді сол екі ебін біліп дейді. – Білгізбей, Арқалықты жасыралық, Күндіз тығып, түнде әкеп асыралық. Байматай: «Мен барайын, біреуің ер, Екі биден ақылды біз сұралық». Байматай осылай деп биге кетті, Көрінбей ер Арқалық жата берді. Жұбайдың әйелі кеп ақыл сұрап: – Жұбай маған не айтты? – деп кеңес етті. – Жолдасың Жұбай саған сәлем айтты, Жалғыз ем, сүйген жарым әйел еді. Сені айтты екіқабат қалып ед деп, ұл туса, өле-өлгенше күтсін деді. Қыз туса, ерге тисін күнін көріп, ұнасар сүйгеніне өзі біліп. ұл туса, Жәдігер қой атын деді, Асырар, сені тастамас мені қиып. ұл екен, атын қойды Жәдігер деп, Әйелі асырады тәуекел деп. Жұбайдың айтқан сөзін бұлжытпастан, Күн көрді Арқалыққа иық сүйеп. Байматай екі биге барып келді, Ақыл сұрап, ақылын алып келді. «Төреге амандаса біз баралық, Біз барғанда Арқалық келсін, – депті. Ауылға шауып келіп ұран салсын, Есігін найзаменен турап салсын. Жұбай өлді, қолыңда өлемін деп, Қанжармен босағасын бірер шапсын! Бір өлім, ақыр мен де өлемін деп, Қанға – қан, Сейілханды өлтірем деп. Қытайға тағы барып өлтірерсің, Қанымды оған шейін аламын деп!» Астыртын бұл ақылды Бежең берді, Төренің ауылына олар келді. Қоңқаның Қарагерін мініп алып, Ту алып, ер Арқалық жалғыз жүрді. Төреге керей келді басын құрап, Бәрі кеп төресінен ақыл сұрап, Төре мен қызылтасты тағы да отыр, Қауіпсіз бұрынғыдай басын бұлдап. Тал түсте айқайлаған дауыс шықты, Бір жігіт асып-сасып үйге кепті. «Қолында ту, ұран сап ер Арқалық, Жәнібек деп қораға келді!» – депті. Бежең айтты: «Арқалық қайдан келсін, Өлтірмей қытай қайдан қоя берсін. Аққу тиген дуадақ айғайлағыш, Сол шығар», – деп сөйледі Бежең шіркін. Шын екен ер Арқалық шауып кепті, Есікті найзаменен түріп сапты. «Төре қайда, қан қылып өлтірем», – деп, Босағасын төренің шапқылапты. Керейден төре көңілі суып кетті, ұран сап, керей үйден шығып кетті. Төре шошып, Арқалық өлтіред деп, Астына жүкаяқтың кіріп кетті. Ел ұстап Арқалықты жібермеді, «ұста!» – деп Бежең үйден ақырыпты. «Үйлерін шауып жатыр» дегенді естіп, Дос еді Арқалықтың Татан кепті. Өзі дос, бұл жұмысын ағайынды, Жеңгесіне сөйледі мына сөзді: – Бір түйеңді алдырып, бір кілем жап, Жүр, екеуміз баралық батырға енді. Қара нарға кілемді жауып алды, Сусын алып, жеңгесін ертіп алды. Дос еді Татан төре құшақтасқан, Аттан түсіп, Арқалық жүгірді енді. Арқалық Татанменен құшақтасты, Жас ағып көздерінен бұршақтасты. Сусын беріп, батырдан ашу басып, Достықпен Татан төре жөн сұрасты. Сөйледі батыр келіп көргендерін, Қор болып, жолда Жұбай өлгендерін. – Жұбайдың қанын алмай тоқтамаймын, Сейілхан біздерді ұстап киіндірген. – Әй, батыр, қанды қанмен жумайтұғын, Бежеңмен мен ақылға бұлдайтұғын. Берейін, Бежең айтсын мұның жөнін, Билігін ешкім сынап бұзбайтұғын. – Арқалық, ондай болса бердім, деді, Белгі алмай мен кірмеймін үйге, депті. Татан келіп Бежеңе бергеннен соң, «Он екі белгісін бер ердің!» – деді. Төреден үй тігілді, керей түсіп, Он екі белгі берді батырға ұйып. – Ердің құны екі жүз жылқы еді, – деп, Билігін айтты сонда Бежең кесіп. – Елу бесті төреге жолға кешсін, Елуін басқа керей тілім етсін. Қарақас, ботақара иесі ғой, Жұбайдың құнын алып, о да бітсін. Бұл жұмыс екі күнде тынсын, дейді, Өшікпей, батырың кеп сүйтсін, дейді. Қытай іздеп алам деп тағы келер, Арқалық жанын сақтап кетсін, – дейді. Төремен осылайша бітім болды, Жұбайды ойлап, жүрекке қайғы шерлі. Найын тартып қыздырып отырды да, Санына Сейілханның басып алды. ұстап ап, Сейілханға салды таңба, Жұбайдың қаны бітті дейді ойында. Бұны естіп Бейсембі шақырып ап: – Арқалық, Қоңқаға кет, тұрма мұнда. Тұлпарын апарып бер, сөзің жұтпа, Қытай келсе, іздетер жалпақ ұлтқа. Ер екен шіркін Қоңқа атын беріп, Бұл жұмыс не болат деп ақыл сұра. Қосарға таңдап тауып бір ат алды, Қоңқаның Қаракерін мініп алды. Жұбайдың басына кеп бір күн түнеп, Айрылған Қоңқаменен жерге барды. Сонан соң Қарадоңғал тауға келді, Далаға таудан түскен түйе көрді. Бір бала көп түйені жайып жатыр, Арқалық балаға кеп: «Сен кім?» – деді. Бала айтты: «Мен қалмақпын түйе жайған, Қоңқа батыр түйесі осы жатқан. Атын танып, сұрауға батпай тұрмын, Жөніңізді айтыңыз сіз де маған». – Жөнімді айтсам, батырдың досы едім, Таныдың, атын дос боп мініп едім. Батырдың осы күнде өзі қайда? Кәнеки, бастан-аяқ ұқтыр, жаным. – Батырың осы күнде өз үйінде, Той қылып дулап жатыр күндіз-түнде. Жүз үйді көшіріп кеп ханнан бұзып, Сауық-сайран салғаны есімізде. – Ендеше мен тұрайын түйе бағып, Мен қазақ батыры едім ер Арқалық. Басқаға айтпа, батырдың өзіне айт, Арқалық деген досың келді қалып. Түйеші жөнеледі қайта шауып, Батырға кеп білдірді ебін тауып: – Арқалық деген қазақ түйеге кеп, Сізге барып кел деді хабар салып. Жөнелді батыр естіп атқа міне, Сайлауыт саулап шапты қалмай бірге. Түйе жайып Арқалық отыр еді, Қоңқа келіп көрісті әлгі жерде. Атының құшақтады мойынынан, Тұлпары кеп кіре кетті қойынына. – Арқалық, разымын, үйге жүр, – деп, Тілеулі тамақ іш, – деп, – біздің тойдан. Аулына сауылдасып ертіп келді, Бәрі де түгел қалмақ жөнін білді. – Ханменен қарсы едім ел көшіріп, Әкелдім жүз үй қалмақ жақынымды. Атымды әкеп бердің, ер екенсің, Арқалық, бастан-аяқ бәрін білдім. Жолдасың жолда өлсе, қаза шығар, Төреңнен құн алыпсың тауып жөнін. Мен ақылымды айтайын, батыр, саған, Төренің бас өкпесі бір ат болған. Қытай сені тағы іздейт, әй Арқалық, Төременен татулас тілімді алсаң. Халқымен қарсы болған хан ақымақ, Ханымен қарсы болған ер ақымақ. Жорға жүйрік таңдамалы ат беріп, Еліңе жүргізейін жолыңды тап. Бір жорға ат төреңе тарт өкпелеген, Сен жалғыз құтылмайсың түбі көптен. Тату болып төремен жан сақтап тұр, Қытай іздеп қайтқанша сүйтіп еппен. Құлақ түріп жатайын Қытай жаққа, Шықса іздеуші барайын Сауыр тауға. Тағы да ұстап берсе, жолын тосып, Соғысып, айырайын ап қайтқанда. Сауыр менен Сайқан тау бәрін білем, Сайқанда он кісілік үңгір көргем. Бекініп сол үңгірге мен жатайын, Күйің келсе, сен тілдес сол үңгірден. Бір атты ақыл айтқан биге берсең, Өз тұлпарым берейін өзің мінсең. Жұбайдың бейітіне соған шейін Бала батыр жеткізер сені есен. Он күндей қонақ болдым досымменен, Қоштасып, ақыл айтып осыменен. Жұбайдың бейітіне соған шейін, Айдасып бала батыр бірге келген. Қош айтып бала батыр кетті сонда, Қоңқаның атын беріп келдім мұнда. Биге айтып ат тартып кемшілікпен, Табыстым жаным үшін төре сұмға. Үш айдан соң Қытайдан шерік келді, Байлаулы бала құстай мен бір шерлі. Қоңқаны іздеп Сауырға келсем жетіп, Қайран уағда ғып о да кепті. Ел болып, төре болып сөйлес қыпты, «Жұбай, – деп көрсетіпті, – жолда өлді. Арқалық арықтап кеп, мұнда өлді», – деп, Бұрын өлген бір адамның басын берді. Басты алып Арқалық деп кетті шерік, Көрсетіп жолдан Жұбай нандырыпты. Арқалық Қоңқаменен Сауыр тауда, Үңгірде түйе сойып той қылыпты. Қытай қайтып, Арқалық аман қалды, Қоңқа батыр Арқалықты қасына алды. Екі батыр бас қосып Алтай, Сауыр, Жер шарын батырлықпен аралапты. Аяғы осыменен болды тамам, Тапсырған соң мен жаздым алып қалам. Жерлерін келіспеген түзеттіріп, Алматы ақындардан үміт қылам. Көп созбай аяқ жағын жаздым қысқа, Жүк болып кәрілікте амал қанша. Арқалық тез басылса алдыма кеп, Мырзашты да жырлаймын осылайша. Мал аман, басы түгел не біледі, Көңіліміз, аман барсақ, жарар еді. Өрлете қара Ертіске көзім салсам, Бір тозаң үш бүтін боп көрінеді. Атымды арқандадым қарауылдап, Және тозаң көрінді ұзағырақ. Әрі-бері қарауылдап отыр едім, Мойнақтан шыға келді умақ-шумақ. Ағаны іні көріп тәлім алмақ, Бойына, ер қартайса, түсер салмақ. Қос-қос ат, қызыл-жасыл күбір келең, Суға кеп түсе қалды алпыс қалмақ. Түсе ғап аттарының ерін алды, Тамақ ішіп жүруге түтін салды. Шұбап шықса, соғысам деп отыр ед, Сол жерде Жұбай дағы келіп қалды. – Шошығандай отырсың, батыр, неге? Жылқыны қоя бердім салып жөнге. Қорғалап, қорыққандай түрің қалай, Бір нәрсе ар жағыңда көріне ме? – Әй, Жұбай, тілеуіңді бердім дейім, Жылқының бетін түзеп қоя бердің. Бері кел, қарауылдап көзіңді сал, Күбір келең алпыс дүрбіт келді дейім. – Соғыссақ, бұл[ар] малды айырады, Еркін жетіп, көп батыр қайырады. Мал айыртып, тырдай боп қайтып барсақ, Және өлім, төре қинар шыбын жанды. Тәуекел әл келгенше соғысалық, Қайрат қып малды бермей, қарысалық. «Батыр құны бір оқтық» бұрынғы айтқан, Аянбай алпысымен салысалық. Әй, батыр, атыңа мін, қаруыңды ал, Көрінбей жылғаменен ар жаққа бар. Жылқыны бұл өзеннен шығарайық, Көрініп, жау мұнда деп, бір айғай сал. Сонан соң апыр-топыр сасып қалар, Жүгіріп жүген ала-ақ атқа барар. Ерттесіп, тұл аттарды мініп алып, Жабыла бірден шығып сені қуар. Шақырып «бері кел» деп қасына алды, Жанынан қайыс арқан шешіп алды. «Садақ қауысқа төтеп болады», – деп, Екі арқан мықынынан орап шалды. Жөнелдім бір жылғамен ар жағына, Қасына жақын бардым Сұраншыңға. Көрініп, ту көтеріп, жау мұндалап, Жақын кеп айғай салдым сол арада. Мені көріп, айғайға сасып қалды, Жабыла жүген ала-ақ атқа барды. Аттарды апыр-топыр ерттеп мініп, Қайқайып маған қарай бәрі салды. Таянған соң жөнелдім қорыққандай боп, Жылқы ізінен шықсын деп қашыртқы ғып. Бір мойнаққа шықтым да тұра қалдым, Соғысып көрейін деп тәуекел деп. Ұйлығып олар дағы тұра қалды, Тобынан бір қара атты шығып алды. Қолында көкала жақ кезеп келді: «Жеке-жеке, қазақ!» – деп айғай салды. Мен тұрдым бір мойнақтан қарсы қарап, Кезеді көкала жақ қалақ оқ сап. «Тапжылма батыр болсаң, күшімді көр!» – Деп тартты дәл кіндіктен мені қадап. Көзбенен көздеген оқ келіп жетті, Тайдырып қайыс арқан төмендетті. Сүбемнен тайып тиіп, талқан қылып, Байпағым жылы қанға толып кетті. Мен қаштым қорыққан боп ар жағына, Тигенін о да білді сол арада. ұзамай сексеуілге кіріп тұрдым, Қуып тағы айқасты сол арада. Найзаны о да салды, мен де салдым, Менен бұрын бұғанамнан көсіп алды. Екеумізге бір өлім болды ғой деп, Қанжарыммен милықтан періп қалдым. Домалап аттан түсті жерге барып, Жөнелдім ат шылбырын іліп алып. Біреуі әлгі жерде шауып келіп, Жөнелді өңгеріп ап қайта қайтып. Бір жерге кеп тұрып ем, Жұбай келді, «Сауға» деп қара атты кеп қолына алды. Бір жерге ат апарып байлап келдім, Тағы тос бәрі түгел қаптап келді. Қуып келіп бір жерге шыға қалды, Бір жалғыз қара ала атты тура салды. Сар жарғақ, сары шалбар, алтын түйме, Зәңгі екен қызылтасты отағалы. Кезек бер тағы, қазақ, жатқызамын, Кірісін сары жақтың тартқызамын. Кісі өлтірдің, кетсең де әзір аман, Ежен ханның дәмін мен татқызамын. Қашқанмен қояр емес, тағы тұрдым, Өзіне қарсы қарап бетім бұрдым. Мойнынан шаңырақтай жағын алып, Шіреніп дәл жүректен тартып қалдым. Садағы дәлдеп тартқан келді жетіп, Қала жаздым аударылып қазам бітіп. Ажал жоқ, Құдайымның сақтағаны, Кетіпті қалмақ ерім қасын бөліп. Шошыған соң тағы да қырқаны астым, Мен кіріп сексеуілге тізгін тарттым. Қоймады, қуып келді және артымнан, Амал не, қоян-қолтық жағаластым. Қанжарын шабайын деп алды қолға, Екеуміз жағаластық аударыста. Қанжарын қолындағы жұлып алдым, Шапқалы қол көтеріп ұмтылғанда. Көкжал ат қандай шапшаң сырт айналды, Екеуміз тартысқанда найза сынды. Өзінің қанжарымен шаптым басқа, Қан шапшып, тітіректеп құсып қалды. Ат ойнап, жарқ етіп сол шыға берді, ұмтылып ем ұстатпай қайта салды. Сары жарғақ, сары шалбар, көкала жақ, Қайта кеп тонап алдым, маған қалды. Тонап ап және қашып дөңге шықтым, Шулап кеп, тасын үйіп арша жақтың. Қара атты байлап салып Жұбай келді, «Түбі қалай бола», – деп мұңым шақтым. Жұбай айтты: «Күн бар ма төлеңгітте, Жолықтық не болса да біз бейнетке. «Құдай жазса, құл жылап көнер» деген, Кісі өлімін айтпалық төрең итке». Сол жерде отыр едік, тағы келді, Зәңгі екен, өңгертіп ап қоя берді. Біз сорлы аттан түсіп отыр едік, Қамады тұс-тұс жақтан тағы да енді. Жұбай айтты: «Қолға түссек, өлтіреді, Өлгенше басқа бейнет келтіреді. Ақыр өлдік соғысып, жан қармайық, Қолынан жалаңбұттың не келеді?» Деді де, енді орнынан түрегелді, – Босқа өлмейік, тәуекел енді, – деді. Соғысып жаудың бетін қайтармасақ, Жалпылдап қуа берер енді бізді. Түйіп ап ат-құйрығын, міндік атқа, Белсендік белді буып, қанжар қолда. Екеуміз екі жақтан кірелік деп, Соғыстық оңды-солды сол арада. Жүргенде біз соғысып, екеу өлді, Өзіме жеті жерден найза тиді. Жау қашты шыдай алмай әр-беріден соң, Отырдық бір жотаға түсіп енді. Қансырап Жұбай отыр, түрі жаман, Құйқасы, бір жақ шеке салбыраған. Жаным ашып құйқасы мен шекесіне, Топырақ сап, тартып қойдым сол арадан. Жау – дүрбіт жиылып ап тұрды сонда, Өлгенін ап жіберді ар жағына. Ішінен көкала атты жалғыз шығып, Тағы келді жекелеп біз байғұсқа. Мен шаптым сыр білгізбей Көкжалменен, Шыдамай қайта қашты жақын кеп ем. Бір жетіп найза салдым жаясынан, Көкжалға жеткізбеді, жүйрік екен. Тастарға тоқтамайды, тым тамаша, Қояндай арты биік, алды аласа. Қызығып қуып бара жатқанымда, Артымнан Жұбай шапты айғай сала. Таяп ем жетем бе деп қайқайыста, «Арқалық, бері кел! – деп, – енді қума». Ерінің қасын қырып жазып апты, Тілмаш екен ол дүрбіт, амал қанша. – Арқалық, атың шыққан сен екенсің, Жылқы алып біраз күндей елірерсің. Қызылтасты зәңгі мен бесті өлтірдің, Есігін Ежен ханның бір көрерсің. Деді де, олар кетті осыменен, Біз қалдық, жүре алмадық жараменен. Жетелеп қара атты алып суға келдік, Жараны су соғат деп түніменен. Түнімен суда жатып есті жидық, Қоржыннан алып келіп азық жедік. Кісі өлгенін төреге айтпалық деп, Қара атты жетелел ап, атқа міндік. Жылқының ізіменен енді салдық, Айналып қуғыншыға үш күн қалдық. Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп, Қыран мен Шеміршекке жетіп бардық. Жылқыны жатыр екен олар бағып: – Батырлар, айналдыңдар мұнша нағып? – Қуғыншымен соғысып бір ат алдық, Олар да, біздер дағы аман қалып. Бәріміз ел ішіне енді келдік, Бір-бір ат мінейік деп көңіл бөлдік. – Ұстап бер Көкмойынды, Жұбай, маған, Жолдыққа жануарды біз мінейік. Жұбай айтты: «Бедеу мін, мінбе мұны, Қоя ма мұны саған төре көрсе. Ат үшін қорғасын мен дүре жедік, Әй, батыр, тілімді алсаң, мұны мінбе». – Ұстап бер жануарды, бір мінейін, Қолымнан әл кеткенше жібермейін. Ант етіп сол арада айтып едім, Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін. Сол жерде ұстап берді Жұбай маған, Басқалар бие мінді тілін алған. Басады үш аяқтап Көкмойын ат, Мініп көріп сол жерде желқом салсам. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға, Қара ат ап біз барайық енді ауылға. Сендер жай келіңдер», – деп жүріп кеттік, Бір жалғыз келе жатыр тұмандыда. Туралап келді бізге сол арада, Тұйғын сап қаз бен үйрек сол арада. «Сауға деп келдің бе аман, батырлар», – деп, Тұр екен Әжі інісі Тәти бала. «Сауға» деп сұраған соң көңіл бөлдім, Атымнан сол арада түсе қалдым. «Ер болсаң, тартуымды ұмытпассың» деп, Жақ пен шалбар, жарғақты соған бердім. – Арқалық, дос болайын, қолыңды бер, Жалғанда туа қалмас өзіңдей ер. Іші тар көре алмастың біреуі еді, Төреге бұл тартуды айтпаңыз сер. Ұмытпаспын, өлсем – өлдім, аман жүрсем, Түбінде өкпелеймін төре десең! Қол алып, қол берістік уағда қып, Қош айтып біз де кеттік жөнімізбен. Аулына Әжі төре келдік жетіп, Қара атты жетелеп ап дөңгелетіп. Төре, қара бәрі түгел тысқа шықты, Батырлар кеп қалды деп дуылдасып. Бәрімен амандасып, елді көрдік, Қандай заман болад деп көңіл бөлдік. Қара атты босағаға жақын байлап, Төреге «алдияр» деп сәлем бердік. Төре айтты: «Келдің бе аман, батырларым, Бұрынғыдай Жұбайда жоқ қой арын. Малға мал алдыңдар ма аман-есен, Айтыңдар, әй, батырлар, малдың санын?». – Мал алдық жүз жиырма екі есе ғып, Екі тай жолда сойдық нәзір етіп. Ертісте сегіз құлын суға кетті, Жүз онын аман-есен келдік алып. Ертіс өтіп қуғыншы келді біраз, Біз тостық қарауылдап Құмдыбұлақ. Түсіріп ер тоқымды бір ат алдық, Жылқыға жібермедік алдын орап. – Жақсы ғой келгендерің есен-аман, Келген соң теріс айтпан мен де саған. Сүмірейіп Жұбай неге сөйлемейді, Келген бе кісі өлтіріп, түрі жаман? – Алдияр төрем, сөзің кекесін бе, Уағдаңа өзің айтқан жетесің бе? «Берсем де Сейілханды, бермен», – деп ең. Кісі өлсе, тақсыр, бізбен бітесің бе? Жайқадым ақ жайынша оңды-солды, Әруағы ер Жәнібек берді жолды. Кекесең бізді бүйтіп, төрем, әлден, Қызылтасты зәңгіменен бесеу өлді. Ханым айтты: «Батырлар, өкпелеме, Сусын іш, бері келіп, мына жерге. Өзі қылған түбінде өкіне ме?» Төре айтты: «Атымды ертте, малын көрем, Малға малды қосқызбай санын білем». Қара аттың ер тоқымы аппақ күміс, Төре көріп қуанып күлімдеген. Жөнелді төреге еріп бәрі аттана, Біз де ердік, қаламыз ба ол арада. Көкмойын ат басады үш аяқтап, Көбіменен жүрген соң көбік шаша. Түрегеліп қасыма жетіп келді, Көрген соң Көкмойынға көңіл бөлді. – Әсеммен топқа мінер бір ат екен, Барған соң басқа ат мініп, қоя берші. – Ант қылып алып едім, сертім қиын, Мінуге жарайды деп жауға бейім. Бір тайды, төрем, сұрап не қыласың, Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін? Төреміз түсі суық, тілден қалды, Шұбатып келген малды санап алды. Үйірін бөрте айғырдың бөліп алып, Құлынды жиырма екі байлап алды. Ат, айғыр, бие санап жүйеледі, Мал оңды, қуанып жұрт көңілді. «Барған соң аттарыңды әкеп бер», – деп, Төртеуіне бір қотыр бие берді. Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен ағам, Төреге бой жете ме, амал бар ма? Үшеуін сойып жеңдер, семіз екен, Жаным аман келгені өзіме олжа». Жөнелдік тоқтай алмай үйді ойлап, Қандай заман болад деп түбін ойлап. Сары бөрте биені айтып сойдық, Қазысын төрем жатыр қарш-қарш шайнап. Мен жүріп Шарықтыда үйге келдім, Егінші Шарықтыда жалғыз үймін. Жотада әкем Бөрібай отыр екен, Құшақтап, жылап келіп мені сүйді. Сөйледім мен әкеме бастан-аяқ, Бір сөз бөтен қалған жоқ бөліп-саяқ. – Айтуыңда бір мінің ұнамады, Қандай заман туғызар тағы айдап! – Әй, ата, төренің кім шыдайды зардабына, Басқанда жер қайысқан салмағына. Төреден тағдырымды жазған болса, Қайтейін, ілінермін қармағына. Шыдамасқа амал жоқ, қолдан келмес, Бар керей бағынып тұр бәрі тегіс. Қытайдан бізді сұрап шерік келсе, Ат тұр ғой, алтын берсек, алдық демес. Сонымен екі ай жүрдік есен-аман, Шошимын түн ұйқыда, түсім жаман. Дүрбітпен жағаласып оянамын, Болад деп біз сорлыға қандай заман. Бір күні жатыр едім, біреу келді, Жүрегім аттай тулап түрегелді. – Ей, Арқалық, үйдемісің, бері шық, – деп, Шақырып ат үстінен хабар берді. – Сен кімсің түнде жүрген, жаным, – дедім, Шақырған себебіңді айт мәнін, – дедім. – «Бар болса тірі үйінде, алып кел» деп, Қатты жарлық берген соң соған келдім. Шақырған татар төре алып кел деп, Тез бар да кешікпей кел шапшаң жүр, деп. Білмеймін қандай жарлық өзі білет, Барған соң не болса да көресің, – деп. Әкем Бөрібай шал айтты: «Балам, – деді, Бір сұмдық болған екен саған, деді. Жөніңді қайтып келіп білдіріп қайт, Тағы да болды-ау қиын заман», – деді. Шал жылап мазаны алды қара түнде, Қатты қайрат істеді мына жөнде. Үйде туып, түзде өлген талай ерлер, Қайтейік, Құдай жазса, көндік депті. Жөнелдім Көкмойынмен сол арада, Ілесіп түнде келдім Татанжанға. Тамақ асып ханыммен мені тосып, Екеуі отыр екен сол арада. – Әй, батыр, мен шақырдым түнде сені, Достықтың қол алысқан жоқ қой міні. Үш қытай, отыз шерік маңғұлдан кеп, Төреңе ұлықлы хат бүгін келді. «Арқалық деген батыр дүрбіт кепті, Жылқы алып қуғыншымен соғыс қылып, Қызылтасты зәңгі мен кісі өлтіріп, Осында неше келіп бүлдіріпті. Ұстап бер Арқалықты жолдасымен, Көп сөз жазып үкім хат жібердім мен. Арқалықты жолдасымен жібермесең, Алдыма өзің ертіп тез келесің!» Бұл бұйрықты көрген соң, кетті шошып, Сендерді ұстап бергенше, зәрем ұшып. Шақырттым соныменен түнде сені, Өтіп кет орыс елі соған қашып. Артыңды тапсыр маған қандай жайға, Жұбайды да жіберейін арт жағыңа. Ол жерден қолы жетіп алалмайды, Өтіп кет орыс елі қаратайға. Деді де тамақ беріп, еріп жүрді: «Ел шетіне шығарайын осы түнде. Бозайғырдың құмына алып келіп, Ертістен ат жалдап өт өзің», – деді. – Ұмытпайын өлгенімше, досым, – деді, Қол алып, қол берістік қошым, – деді. Жұбайды да артыңнан жіберем деп, Айрылдық Татанменен осы күні. Сол жерде аласұрдым әкемді ойлап, Соғады әр тарапқа жүрек қайнап. «Жөніңді білдіріп кет!» деп жылап ет, Сорлы шал өледі ғой соры қайнап. Қайтадан қара түнде үйге келдім, Айтқандай жатпай отыр түсіп уайым. «Осында қытай іздеп келіпті», – деп, Айтып ем зар жылады болып күйіп. – Татанның мына сөзі ақыл екен, Деген сөз орыс елі мақұл екен. Таң атпай Ертіс түсіп өтіп кетіп, Жөнелдім улап-шулап соныменен. Жөнелдім атқа мініп сол арада, Таң таяп қалған екен, шықсам сыртқа. Ертістен өте алмайтын болғаннан соң, Бекіндім Сауырға кеп Аюлыға. Көкмойын ер тоқымын жұлып алдым, Оттасын деп аяғына шідер салдым. Жантайып желқомымды, ұйықтай қалсам, Дүрбітпен жағаласа-ақ айғай салдым. Таң атып қалған екен, түрегелдім, Атымды мінейін деп көңіл бөлдім. Қарасам бір мойнақты асқан екен, Сүрдектеп түсіп кеткен ізін көрдім. Асты ұзын бұлақ екен ізі, Жүгіріп мен де келдім шошып тіпті. Алдымнан алты қасқыр шыға келді, Өзенге қуып барып қасқыр жепті. Атымды жегізіп ап, жаяу қалдым, Құшақтап төрт сирағын зар жыладым. «Ит сүрінсе – үшке шейін» дегенге ұқсап, Отырмын бармақ шайнап, бар ма лажым. Отырдым кешке шейін тау басында, Жұбай жоқ ақылдасар жолдасым да. Буып ап ер тоқымды көтеріп ап, Қайтып келдім Татанға, амал бар ма. Ояттым тұсынан кеп дыбыс беріп, Есік ашты әйелі түрегеліп. «Көкмойынды жегізіп, жаяу келдім, ұзамай қырық тұсақ шерме толып». – Әй, батыр, ренжіме қасқыр жесе, Ауырлықты көтерер атың өлсе. Жұбайды ұстап берді, қытай алды, Түн қатып тағы да қаш орыс елге. Ей, қатын, жүк артына төсек салшы, Тынығып, батыр, бүгін деміңді алшы. Бәйге күрең Көбік атты байлатайын, Ертіс өтіп тағы да жүріп көрші. Мен жатып жүк артына бекініп ап, Ел жата жөнелдім «а құдайлап». Татан досым қасыма еріп жүрді, Қош айтты ел шетіне шығарып сап. Ертіске таңға таяу келіп жеттім, Таба алмай аяқ өткел тентіреппін. Әр жерге тал бойлатып, ат болдырып, Ертістен таң атқанда әрең өттім. Бір адам көрді ме деп жаман састым, Болдырған Көбік атқа қамшы бастым. Нағашым өгіз қара жаман еді, Бекініп жатайын деп соған қаштым. Нағашым жылап-еңіреп қарсы алды, Атымды үйге енгізіп, ерін алды. – Жиенім, түнге жастап кетесің, – деп, Үйіне бекітіп ап, тығып салды. Түске таяу дәретке шығып едім, Бір жайдақ өгіз мінген мені көрді. Танығандай болды да жүзін бұрып, Жарқ етіп өз жөніне жүре берді. Жүгіріп үйге кірдім нағашыма: – Осындай біреу көріп кетті мұнда. Жүрегім өгіздіден тым шошып тұр, ұстап ап, бекітейін соны мұнда. – Қас емес, о да ағайын, – дейді, – бізге, Ақтады айтпады деп әлгі жерде. Төренің тыңшысы екен, хабар қыпты, Қытай, қазақ жүз кісі келді түсте. Ауылды шыр айнала қамап алды, «Арқалық қашқын бар» деп хабар салды. Нағашым ағайынды – екі жаман, Шақырып екеуін де ұстап алды. Шошыған соң келді деп мойындапты, «Қашқынды ұстап бер» деп ақырыпты. «Арқалықты шығарып бер» деген соң, «Жиен-ау, қайтесің?» – деп маған кепті. – Күйме, – дедім, – мен үшін, – нағашыма, – Іліндім амал қанша, құрған торға. Қаныма қан алайын, ақыр өлдім, «Қашқының мінеки, – деп, – бер қолына». Жетелеп екі жаман алып жүрді, «Қашқының мінекей», – деп айғай салды. Қораның ортасына алып келіп, «Өздерің алыңдар», – деп қоя берді. Қамалап, ұстауына батпай тұрды, Қашпаған[ды], заңы жоқ, атпай тұрды. – Тас қылып қол-аяғын байлап бер, – деп, – Өзіңді ап кетеміз, – деп қорқытты. Сол жерде екі жаман жылап келді, Көл қылып көздің жасын бұлап келді. – Байламасаң өзімді ап кетем, – деп, – Қайтеміз? – деп ақылды сұрап келді. Байлаттым қол-аяғымды, амал бар ма, Қораның домалатты ортасында. Үш қытай, отыз шерік, көбі қазақ, Жемтікті жеп өлді ғой құзғын-қарға. Мінгізіп бір түйеге жайғап алды, Астынан екі аяғым байлап алды. Есіріп, ұстадық деп саусылдасып, Әжі төрең алдына алып барды. – Әй, тақсыр, жібергенде не дедіңіз, Мен тұр ғой малдың қамын жеп едіңіз. Малыма мал әкепсің, не берейін, Сейілханды берсем бе деп едіңіз. Төренің түсі суық көрінеді, Кәдірі өткен күннің білінбепті. Бас ұрып қандай жылап бас ұрсам да, Мелшиіп төмен қарап, үндемеді. – Жарқырар ай астында жарық жұлдыз, Жағалар жарда жүріп суда құндыз. «Сейілханды берсем де, бермен» деп ең, Дәл енеңді ұрайын, Әжі қырғыз. Деп едім, әлгі жерде күйіп-жанды: – Мына залым не дейді? – деп ашуланды. Кім кіргізді мынаны, тез шығар! – деп, Тұрып кеп, сар таяқпен салып қалды. Татан дос көріп отыр мына мәнді, Жүгіріп ағасына жетіп барды. «Мұны ұрғанша, жерді ұр», – деп әлгі жерде, Қолындағы таяғын жұлып алды. Сүйрелеп алып шықты әлгі жерде, Құдайым кез келтірді мұндай күйге. Астында шегелеулі Жұбай отыр, Шегелетті мені де әкеп бірге. – Кетіп ең мені тастап, батырым-ай, Тілеп ем кетсе екен деп бір табылмай. Сен қалсаң, мені әкетсе, орта жолда Қалмас деп ойлап едім бір соғыспай. Бармадық әділдіктің жүйесіне, Жолықтық қандай жанның киесіне? ұр дегенге келмейді ұрғанға күш, Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне. Сол жерде екеумізді шегеледі, Қолынан түк келмейді керей елі. Бір түйеге екеумізді теңдеп тастап, Бізді беріп құтылып қала берді. Жетпедім әділдіктің жүйесіне, Жолықтым қандай жанның киесіне. Жұбаймен екеумізді ұстап берді, Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне. Жөнелді отыз шерік байлап алып, Шегелеп қол-аяқты жайғап алып. Аз таппыз ботақара – қарақаспен, Қош айтып, бәрі жылап шулап халық. Жөнелді бізді теңдеп Алтайды өрлеп, Түйе үстінде кеттік біз [жылап]-еңіреп. Сөтке сайын түйеден түсіреді, Көтеріп сирағымнан «Тамақ іш» деп. Екі аяқ шылдырлатып кісендеулі, Екі қол білезіктен шегелеулі. Қара шай, сөткесіне бір тілім нан, Әйтеуір, өлмесін деп дәм берулі. Алтайдың Айыркезең асуы бар, Қобдаға одан асып басуы бар. Түйемен он күн жүріп Қобда келдік, Сол жерге келіп шерік еру болар. Қалмақ бір досым бар-ды Қарамерген, Бізді алып келет дегенді естіді екен. – Қайран ер, сен де мұндай болдың ба, – деп, Ол қалмақ жылап-еңіреп бізге келген. Бізге кеп әлгі жерде амандасты, Шерікке бізді әкелген соған кетті. «Бір күнге Арқалықты кепілге бер,» – Деп мені әлгі жерде сұрап апты. Босатып, мені үйіне алып келді, Жақсылап төрге төсек салып берді. – Тынығып, қайран батыр, бір түн ұйықта, – Деп бір семіз қойды әкеп сойып берді. Мен жаттым қой етін жеп, майға тойып, ұйықтадым, қол-аяқты керіп созып. Таңертең қалған етті тағы жылытып, – Ішіп-жеп, тынық, – деді алған қойып. Бүгін жат, еру болса, тағы тынық, Келейін мен шеріктен жөнін біліп. Қуанып қайтып келді «Еру болад» деп, Әкелді бір еркек қой тағы сойып. Түгел асып, турады қуырдақ қып, Тұздықтап қарынға түгел тығып. – Түйенің өркешіне таңып берем, Екеуің күндіз жеп жүр азық қылып. Апарып ертең берем, тағы тынық, Арқалық, ер едің ғой, бұған шынық. Ойладым бүгін қашып кетейін деп, Батырдың байлаудағы атын мініп. Жаттым да, мен киіндім, қайта тұрып, Тыңдадым ояу ма деп жөнін біліп. Қатыны байына айтты, тыңдап жатсам, Мені «қалай болады» деп қауіп қылып. – Досым деп қайғырасың сөзін қостап, Әкеліп салып қойдың үйге бостап. Арқалық қашып кетсе, қайтер едің, Қазақтың қалмайсың ба шоғын ұстап? – Ер қайда Арқалықтай ұрынуға, Шіркіннің жан жете ме порымына?! Арқалық қашып кетсе, жолы болсын, Досымның өзім барам орынына! Ойладым жүрегімнен жұлмайын деп, Көңілімді жамандыққа бұрмайын деп. Мұны естіп, шешіндім де қайта жаттым, Әйелге ерді таба қылмайын деп. Таңертең түрегелдім ұйқым қанып, Шай іштім, бетім жуып сыртқа барып. Қарамерген сөйлейді: – Ей, Арқалық, Беремін шерікке енді сені апарып. Осыдан екеуіңді ханға апарар, Дүре соғып, сендерден сұрақ алар. Өзінің қалмағына нанып отыр, Барлық шыныңды айтпасаң, қинау қылар. Шыныңды айтсаң, сөзіңе бәрі нанар, Ол күні өлмейсіңдер, жаның қалар. Ақбұрғылап мойныңа кісен салып, Апарып темір үйге бөлек бағар. Бір асыл кездігім бар мен соқтырған, Қырық ошақтан қорытып құрыш қылған. Темірді жайынша турап талқандайды, Берейін кездігімді, досым, саған! «Әкел!» деп қатынына әмір қылды, Қатыны кебежеден алып келді. Сар пышақ жарқырайды асыл құрыш, Мойнын саптан суырып алып қойды. – Табанының шұқырына мен салайын, Желімдеп жарғақпенен жапсырайын. Қолың бір босайтұғын күнің туса, Сонда ал табаныңнан айттым жайын. Тесесің темір үйді соныменен, Қашасың, аман болсаң, сол тесіктен. Жаныңа сая болар бұл асылым, Арқалық, аяспаған досым ең сен. Желімдеп табаныма тығып берді, Екі қондым, шерікке алып келді. Қош айтып Жұбайменен екеумізге, Өркешке қуырдақты таңып берді. Ай жүріп алып келді Ежен ханға, Жеті күн қамап қойды қараңғыға. Аяқ[та] кісен, шынжырмен жетелесіп, Жамбылға алып кірді хан алдына. Отырған сұрақшы мен ханы қытай, Бас ұрдық Ежен ханға заңы солай. «Арқалық қайсың?» – деп түрегелді, Алдына сұрақ қылып тік тұрғызды-ай. – Дүрбіттен неше айдадың, неше келдің, Өттің бе, шыныңды айт, түгел бәрің? Шыныңды айтсаң, сұрақ аз болады! – деп, Көрсетті осындай деп хан жарлығын. – Жау болды кісі өлтірген қазақ, қалмақ, Кедей ем, мен де аттандым олжаланбақ. Екі кеп қырық-елуден жылқы айдадым, Екі соғыста өлтірдім екі қалмақ. «Бір атты бермедің» деп Әжі төре, «Енді сен бармайсың» деп соқты дүре. Төренің зардабына шыдай алмай, Жай жаттым екі күн айналып күнім көре. Бір сиыр, бір жылқым бар, үйім жамау, Жан сақтап жата бердім амал бар ма-ау? Бір күні қараңғыда біреу келіп, «Арқалық, бері шық!» – деп айғай салды-ау. Шошынып қараңғыда түрегелдім, Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім. «Әжі төре шақырды, шапшаң жүр», – деп, Түн қатып мені төреге алып келген. «Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті, Жылқыны таңдай тал түсте дүрілдетті. Арқалық, осыған сен барасың, – деп, Малыма мал әкел», – деп әмір етті. Аттандық, жарлық қақты мұныменен, Сегіз күн ұдай жүрдік күн-түнімен. Дүрбіттен жүз жылқы алдық иен жатқан, Айдадық күн-түн қатып соныменен. Неше күн ұдай айдап Ертіс бардық, Суына Қара Ертістің жылқы салдық. Суынан өтіп тынығып жатқан кезде, Қуғыншы алпыс кісі келді қалып. Соғыстық біз екеуміз оңды-солды, Әруағы ер Жәнібек берді жолды. «Кісі өлсе, өзім көрем» деген төре, Зәңгімен қызылтасты бесеу өлді. Жылқыны Әжі төре санап алды, Үйірден бөрте айғырды айдап барды. Мен бермедім атымды, басқасын ап, Құлынды отыз екі байлап алды. Жылқы әкел деп жіберген төрем еді, «Сендерді мен көрем» дейді. Сізден жарлық барған соң шыдай алмай, Мінеки, екеумізді байлап берді. Отырған өңшең қытай басты-тасты, Қытайша әзіл білем, сөз қатысты. «Қор болған қазағында батыр екен, Әзір біз өлтірмейік!» – деп қайысты. Әкел деп әлгі жерде мені басты, Құйрықты жалаңаштап түріп сапты. Мініп ап бас-аяққа сонда шерік, Аямай алпыс қамшы дүре соқты. Қылтаны құрықпенен тілімдеді, Құйрықтан қызыл қандар ызылдады. Киіндім түрегеліп амал бар ма, Екі аяқ басуыма келмей қапты. Жұбайға отыз қамшы дүре соқты, Шырылдап көз жасы оның көлбіп ақты. Соққанда отыз қамшы сорлы Жұбай, Тұра алмай, әлгі жерде бұраң қақты. Ақырдым, түрегелді, немене ұнар, Бұл жерде жұмыс бар ма қолдан келер. Жұлып ап Жұбайды мен киіндірдім, – Бұл жерде әкең бар ма еркелетер! Сөйлесті бәрі сонда: «Ер екен, – деп, Қор болып қазағында жүр екен, – деп. Тағы сұрақ қылармыз бұл екеуін, Барып темір үйге кіргіздір», – деп. Ақбұрғы мойнымызға сонда салды, Шеріктер темір үйге алып барды. Кіргізіп, екеуімізді айдап келіп, Есікке тас қып мықтап құлып салды. Қор болды біз сорлының ғаріп басы, Бір адам табылмады арашашы. Сөткесінде бір әкеп берген тамақ, Күріш, нан, құр қара шай берген асы. Кесе күріш, бір тілім нан жүрген кәсіп, Темір үй жамбасымнан тақтай тесіп. Аяқ кісен, қол шеге, мойныңда ағаш, Осымен алты ай жаттық біздің нәсіп. Тән тозып, сүйек қалды саудыраған, Біз күйдік төре үшін, бар ма шарам. Жаз шығып, біз өлімге айналғанда, Дүбірлеп терезеден айғайлаған. Қарасам, қытай қызы жаудыраған, Кигені өңшең торғын жалбыраған. Бір қыз кеп терезеден күле сөйлеп, «Арқалық қайсың?» – деп айғайлаған. Дедім де: «Мен – Арқалық, – түрегелдім, – Сен бала кім едің?» – деп сөйлес қылдым. – Мен едім Ежен ханның кенже қызы, Сауық қып көрейін деп келіп едім. – Сен болсаң Ежен ханның кенже қызы, Батты ғой жамбасымнан жердің сызы. «Хан соқса, қайраны бар» деген еді, Шегеден атаңа айтып шығар бізді. – Келмейді шығаруға әлім, деді, Сауық құрып шығып ем, көрдім, деді. Басқа қайран сұрасаң қолдан келер, Сөйлесең кемшіліктің жөнін, – деді. Ендеше нашар болды азық бізден, Арманда кетемін ғой аштан өлсем, Хан баласы екенсің қайратың мол, Жалғанда ұмытпас ем азық берсең. – Сөзіңе, олай болса, көңіл бөлдім, Екі күнге бір сиыр азық берем. Шегеден аман-есен шыға қалсаң, Жамбыл бұзып, сен маған келер ме едің? – Азық бер, шыбын жаным аман тұрсын, Қуатым кірер ме екен азық жесем. Темір үйден құтылар күнім туса, Жамбыл бұзып бармасам, атым құрсын! – Ендеше, орнымды айтам, батыр, саған, Өзіңді әкеп жамбылда дүре соққан. Оң жағында қызыл перде шымылдық бар, Соған кірсең, мен жалғыз сонда жатам. Қош айтып ханның қызы кетті жүріп, Біз қалдық шыққандай боп аласұрып. Жұбай айтты: «Әй, Арқалық, мұнша шаршап, Нең бар ед, кеткен жоқ па мазақ қылып. Арқалық, қайда саған азық бермек, Еріккен хан баласы сейіл жүрмек. Қазақтың батыры деп естіген соң, Сайқы қып көрейік деп саған келмек». Сонымен жата бердік бұрынғыдай, Шегелеп ұстап берген төре сұмырай. Азық жоқ, аласұрып жатыр едік, Бір қалмақ қатын келді күн шыққандай. Терезеден «Арқалық» деп айғай салды: «Хан баласы ол саған азық берді. Екі күнге жеткізіп жеп тұрсын», – деп, Терезенің тесігінен тастай берді. «Сиырдың етін түгел асып келдім, Пісіріп, мына қапқа басып келдім. Екі күнге бір сиыр беріп тұр деп, Ханшаның жарлығын мен алып келдім...» Қуандық а құдайлап әлгі жерде, Жас ағып әл келеді екі көзге. Жұбай айтты: «Арқалық өлі балық, Өлмейтінге дейтұғын келді бізге». – Әй, Жұбай, кеше сөзің кекесін бе, Шартыңа маған айтқан жетесің бе? Шикі жеймін демеп пе ең азық берсе, Сертті бұзып, жалтақ боп өтесің бе! Жыласып, үміт қылып, ойға қалдық, Аппақ май алдымызға үйіп алдық. Пышақ жоқ, қол шегеде, кесіп жейтін, Қасқырдай қой жолыққан басып жедік. Екі күнде сиыр еті келіп тұрды, Тамақ жем алдымызға кіріп тұрды. Тұлымшағы салбыраған бір қара көк, Пісіріп екі күнде беріп тұрды. Екі айға отыз сиыр азық жедік, «Кәрі әруақ қайдасың?» деп еңіредік. Жәнібек көк перісі бір шолмай ма, Қор қылып қойдың ба?! – деп айғай салдық. Бір қасқыр сонда үйге кіріп келді, Қып-қызыл екі көзі жанып келді. Салақтап тілі түсіп тізесіне, Шап етіп мойнымнан кеп ала түсті. Үйірді қасқыр талап олай-бұлай, Шошынып, түсім екен, салдым ойбай. Шошынып, а құдайлап Арқалық деп, «Болды, – деп, – бір жақсылық, сорлы Жұбай!» Жаәнекем көк перісі келген екен, Зарыққанда қақ бізді білген екен. Арқалық қасқырменен алысқанда, Үзіліп қолда бұғау кескен екен. Қуанып, ақбұрғы ағаш былай салдым, Кездікті табандағы жұлып алдым. Жұбай қолын босатып бұғауын ап, Кісенді аяқтағы қиып алдым. Шерік келсе, кісенді бос саламыз, Үйді тесіп қашсақ деп ойға аламыз. Кездікпен темір үйді тесіп алып, Жылы жел, ай көргенге қуанамыз. Қуандық түнде шығып, а құдайлап, Етке дейін азық алдық түбін ойлап. Ақбұрғы Жұбай ердің мойнын қиған, «Арқалық, ал қашалық енді аяңдап». Мен айттым: «Қызға айтқан сертім қайда, Қыз болмаса, өліп ек әлдеқайда! Алпыс күн отыз сиыр азық беріп, Өлтірмей асырады бізді мұнда. Мен соған неғылсам да барам, дедім, Қош айтысып, рұқсатын алам, дедім. Кездікпен мен жамбылды тесіп түсем, Ажал болса жамбылда қалам», – дедім. – Әй, батыр, екі қабат темір есік, Түсесің, асыл бар ғой, оған тесіп! Күзетші неше жерден ханды баққан, Барасың қызға, сорлы, барып несін?! «Өлсем де барайын» деп түрегелдім, Жұбай жылап сол жерде былай деді: – Ей, сорлы, бір өрлесең болмаушы едің, Болмаса мен айтайын мына жөнді. Болмасаң, жүр, жамбылға бір барайық, Көріп пе ең үлкен көпір аңғаралық. Ішіне кіріп, қуысына бекінелік, Ертең бізді іздейді хабар салып. Жер-көктің бәрін тінтіп таба алмайды, Көпірде бекінет деп ойға алмайды. Әп-сәбі басылған соң соған бар, – деп, Сөйледі мына сөзді Жұбай болмай. Екеуі түнде қашып көпір барды, Бекініп қуысына жатып алды. «Темір үйді тесіп, қашып кетіпті», – деп, Күзетші білдіруге ханға барды. Хан жарлығы: «Қала-дала бәрін қара, Астасқан адамдар бар ма – сұрақ сұра». Жамбылдан қалың әскер қаптап шықты, Арқалық сығалайды жатып қана. Сол қоста көк аттыны ала алмады, Қуғанда көкжал атқа шалдырығады. Жаяда тотығы бар найза тиген, Қалмақтар білген үшін апарыпты. Жамбылдан шықты шерік батыр мықты, Бір шерік көк ала атты мініп шықты. Көпірден сығалаған ер Арқалық, Көк ала ат тыртығы бар танып қапты. Таба алмай шерік қарап, жамбыл келді, Арқалық жамбыл бұзып бармақ бопты. «Мен өлсем, сені дағы өлтірем» деп, Көпірге сонда Арқалық байлап сапты. Кездікті алмас құрыш қолыма апты, Жамбыл тесіп, құлыбын жұлып апты. Ішіне сонда батыр кіріп барса, Күзетші екі шерік ұйықтап қапты. Әуелі Көкала атты алайын деп, Кермеде тұрған атты табайын деп. Тауып ап, қақпаға әкеп байлап қойды, «Тәуекел, енді қызға барайын» деп. Апарып сұрақ қылған жерге келдім, Күзетші жатыр шерік, соны көрдім. Апиын жеп, бәрі мас қирап жатыр, Басып өтіп хан жатқан жерге келдім. Есіктен ептеп келіп көзім салдым, Мас болып хан да жатыр, бақыладым. Ақ панар жарқырап тұр хан алдында, Қанжарын бас жақтағы қолыма алдым. Хан оянып: «Бұл кім?» – деп ашу етті, «Мен – Арқалық», – деп едім, ұғып кетті. «Тырп етсең, өлтірем», – деп тап бергенде, Торғын көрпе ішіне бұғып кетті. Қылышты жарқыраған алдым қолға, Қарадым қызды іздеп, жан-жағыма. Қарасам қызыл торғын шымылдық тұр, Кіріп келдім сол жерде қыз қасына. Ояттым: «Мен келдім», – деп ханшаны, Оянып қыз да күліп қолымды алды. – Жамбыл бұзып, қасыма қалай келдің? Әй, батыр, сөйле, – деді осы мәзі. – Хан тұсында ілулі қанжарды алдым, Өлімге жаным қиып дайындалдым. Алпыс күн азық берген қақыңызға, Сөзімді жұтпайын деп, саған келдім. – Мен сені шақырғам жоқ тиейін деп, Дінімді бұзып, сені сүйейін деп. Атам сені алыптай ер деп еді, Сынадым айтқан сөзін білейін деп. Арқалық, бәрекелді ер екенсің, Көргейсің ерлігіңнің берекесін. Азық менен деп едім азық берем, Қор болып қазағыңда жүр екенсің! Сегіз кез жолың бол, – деп торғын берді, Ас үйдегі азығың сенің, – деді. Майға илетіп пісірген бір тұлып нан, Соны алып, аман-есен жөнел, – деді. Қош айтып ханшамен жылай бастым, Ас үйге кіріп келіп, есік аштым. Нан алдым, қазанда тұр ыстық күріш, Салып ап бір кателмен шыға қаштым. Қақпада Көкала ат тұр байлап қойған, Жөнелдім жетелеп ап мен қақпадан. Жұбайды көпірдегі жетелеп ап, Жөнелдім мінгізіп ап сол арадан. Көшеден біз де шықтық – жың атылды, Барабан қағып, жамбыл шуылдасты. Жөнелдік Көкала атқа мінгесіп ап, Жануар, алып ұшат қандай мықты. Таң ата шәр шетіне біз де шықтық, Түсе ғап кателдегі күріш жестік. Тоқтай алмай мінгесіп шәрден ұзап, Күн бата а құдайлап тауға жеттік. Бір шатқа кеп бекіндік түнде жатып, Сарғайып қалған екен таң да атып. Жұбайдың ажырғыдан мойны жара, Келмейді қатты жүріс ірің атып. Бекініп, күндіз жатып, түнде жүрдік, Он күн жүріп, құла дүз иенге ендік. Бой кеңіп күндіз жүрдік, жара жаман, Бір үлкен түс уақытта тауға жеттік. Отыр ек қарауылдап тау басында, Бөктерлеп біреу келет жалғыз қара. – Жалғыздың атын алып мен келейін, Жұбай, сен отыра тұр осы арада. Мініп ап, Көкала атпен жетіп бардым, Айдарлы жалғыз қалмақ батырсындың. «Қап, бәлем, жатқызармын аттан түсіп!» – Қолға алып алмас қылыш салып қалдым. Атының басын сонда іркіп алды, Адам деп мені сонда санамады. Шап беріп жауырынымнан жұлып алып, Көлденең ер қасына басып алды. Шылбырын Көкала аттың қолына алды, Алдына басып алып жүре барды. «Ердің ері тақымға басад» деуші ед, Басыма келді ғой деп күлдім енді. Күлгенде сонда қалмақ тұра қалды, Басын шайқап, жымиып ойға қалды. «Өлімге келген адам күле ме?» – деп, Алдынан алып жерге қоя салды. Кәперсіз әлгі жерде аттан түсті, Елемеді, секілді тым-ақ күшті. – Атың жайдақ, ерің жоқ, есірмелі, Сен қандай қазақсың? – деп сұрақ қылды. – Мен – қазақ, Арқалық ет атым, – дедім, Төренің төлеңгіт ет затым, – дедім. Әжі төре дүрбіттен жылқы алғызып, Ежен ханға ұстап берген тартуы едім. – Арқалық, естуші едім мен де сені, Кісі өлтіріп алдыртты хан да сені. Атым – Қоңқа, қалмақтың батыры едім, Арқалық, сөйлесейін мен де шынды. Өлтіріп не қылайын ер екенсің, Ханнан қашып жаныңды ап жүр екенсің. Қызығып атыңды алсам, екі адамсың, Елге жетпей, екеуің жолда өлерсің. – Әй, Қоңқа, батыр болсаң, затың қалмақ, Жан келді, арып-шаршап, түсіп салмақ. Жолдасым далада отыр жаяу қалып, Сені көріп келіп ем атыңды алмақ. Елім керей, әлі алыс айшылық жер, Көрген адам өлтірмей, неге есіркер. Тірі барсам, батыр, мен ұмытпайын, Ер болсаң, жаяу қалып, атыңды бер! – Арқалық, бәрекелді, ер екенсің, Ер сарыны осы еді қайдан білдің? Ой, шіркін, тауып айттың ер сарынын, Басқа адам жаяу қал деп сұрар ма едің? «Жақсылыққа жақсылық әр кісіден, Жамандыққа жақсылық ер кісіден». Әй, шіркін, жеңіп айтсаң, ер екенсің, Берейін, жаяу түсіп, атымды мен. Бұл атым тұлпар еді жастан мінген, Он жетіге келіп еді бел шіріген. Еліңе аман барсаң, әй, Арқалық, Тірі болсаң, әкеп бер осы күзден. Мен саған жаяу қалып атым берем, Атпен кетсем үйіме қазір жетем. Ерлігіңді білдім де, атым бердім, Жаяу жүріп үш күнде үйді көрем. Азығын қоржынымен бәрін берді, «От жақ» деп шақпағын да қоса берді. Үш күндік дайын тамақ азық алып, Дос болып құшақтасып, жүріп кетті. Қоңқаның тұлпарына мініп алдым, Жетелеп өз атымды қосарға алдым. Бейшара тауда отырған Жұбайыма, Қуанып, әлгі жерде жетіп бардым. Қуанды, а құдайлап, Жұбай жылап: – Барғанда қалмап па едің аттан құлап? Қалайша атын алдың, ол кім екен? ұқтыршы айтшы жөнін, – деді сұрап. – Мен барып ұрып өтіп тұра қалдым, ұмтылып мені аттан жұлып алды. Алдына мені өңгеріп басып алып, Шылбырын атымның да іліп алды. Әлімнің жоқ екенін сонда білдім, Қалмақ өлтірер деп көңліме алдым. «Ердің ерін көрсеңдер тақымында», Дегенді ойлап алдында сақ-сақ күлдім. Сол жерде тізгін тартып тұра қалды, Көтеріп сонда алдынан қолына алды. Мені алдына қоя сап адам демей, Атынан сонда жерге түсе қалды. «Келе сап қанжар салдың өзің, деді, Аман жоқ, кімсің үлкен өзің, деді. «ұрысқанды айтпа, күлгенді сұра» деген, Сен өзің қай қазақсың, жөнің?» деді. Сонан соң жөнімді айттым бастан-аяқ, Жаны ашып қамықты басын шайқап. «Өзің кім?» – деп мен дағы жөн сұрап ем, «Қоңқа батыр мен, – деді, – затым қалмақ». «Батыр болсаң жаяу қап атыңды бер, Әй, Қоңқа, батыр болсаң сен кемеңгер. Екеу ара бір жалғыз атымыз бар, Елге жетпей өлеміз ғой айшылық жер». Сонан соң жаяу қалып атын берді, Қоржынын, бақыр, шақпақ, отын берді. Үш күнде жаяу үйге жетемін деп, Дос болып мені өлтірмей қоя берді. Бәрін естіп жылады Жұбай сонда: – Әй, шіркін, ер екен ғой толған сынға. Жарам жаман, жетем бе, жетпеймін бе, Қоңқаны өле өлгенше тіпті ұмытпа. Қаракерге мінгіздім Жұбай ерді, Кілем сап, міндім жайдақ Көкала атты. Бізбен жау дүрбіт қалмақ жер шегіне, Ай жүріп азар жеттік біз бір шерлі. Бір жерде бір боз ат тұр еріменен, Жұбайға айттым: «Жүре бер жөніңменен. Салақтап екі аяғым жүре алмадым, Ана атты әкеп мінейін қазір», – дедім. Жүгіртіп Көкала атпен жетіп келдім, Иесі бар шығар деп көңіл бөлдім. Үзеңгіге келген атты атайын деп, Сығалап жатыр екен, көрді көзім. Түсе қап, айдарынан ұстай алдым, Мен ғой деп дәл басына қанжар салдым. Өлтіріп, дүрбіт екен аңға келген, Боз атқа ер тоқымды мініп алдым. Боз атқа мініп ала жөнелгенде, Мерген екен әр жерден түрегелді. Қалмақшылап дүрбіт айғайлап ед, Тарлан ат тіл біледі жүрмеді енді. ыза болып сонда үстінен түсе қалдым, Орайға қанжарменен бір-ақ салдым. Өлтіріп қу тарланды тастадым да, Қайтадан Көкала атқа мініп алдым. Мергендер тұс-тұсынан мылтық атты, Оқтары қашсам-дағы келіп жатты. Атыма астымдағы оғы жетіп, Көлденең қос өкпеден өтіп кетті. Жығылды оқ тиген соң омақасып, Жан тәтті, жаяу қаштым түсе қалып. Жапсарлап бір жартасты паналадым, Жұбай ер сонда жылап келді салып. – Арқалық, мына атқа мін, мен қалайын, Мінгесіп құтылмаймыз ұзамайтын. Мені қимай жүремін деп шатыласың, Халым аз, жарам жаман баралмайтын. Сен құтыл, мен қалайын осы жерде, Менің кегім аларсың, барсаң елге. Қаныма қан аларсың мына жаудан, Бәрі кеп мені өлтіріп жатқан кезде. – Атыңменен жүре бер, қылма қауіп, Жаяулап құтылармын ебін тауып. ұялас ит секілді, құрбым Жұбай, Тастамаспын, алмаса ажал тауып. – Қимағаның болмайды, қор боп жаным, Жүрерге болар емес тіпті халім. Жалғыз едім, жайрадым төре үшін, Сәлем айт ел-жұртыма түгел бәрін. Қатыным екіқабат қалып еді, Ұл туса, Жәдігер қой атын, – деді. Қыз туса, біреуменен күнін көрсін, Өшкен соң ақыр менің атым, – деді. Жау келіп, сонда үстінен тау құлатты, Жұбай жылап Арқалықты аттандырды. Құлаған тас соқпадан тұра қашты, Арқалық қашқаннан соң жабырласты. Біреуін ұрды Жұбай таспен басқа, Домалап кеп жығылды сонда қасқа. Төбелеп бәрі келіп түсіп жатыр, Қаза боп қайран Жұбай, амал қанша. Арқалық мұны көріп шыдамады, Тұлпарға әлгі жерде қамшы басты. Жұбайды итше керіп жатқанында, Қанжарлап жауға келіп араласты. Жау қашты быт-шыт болып тауға қарай, Өлтірді қанжарменен бір-екеуді-ай. Жау кетті, түсе қалды ер Арқалық, Өкіріп кеп Жұбайды құшақтады-ай. Құшақтап жылап отыр қаныменен, Сереңдеп үшеу жатыр қоңыр керден. – Қайран дос, жан жолдасым, айрылдым, – деп, Зар жылап, бірге жатты түніменен. Қанжармен таң атқан соң қабір қаздым, Айрылдым жолдасымнан, бар ма лажым? Өзімнің білгенімше жаназа оқып, Қопарып жүктей-жүктей таспен қойдым. Жөнелдім, айрылдым да, жылап-жылап, Сиынып бір Құдайдан жәрдем сұрап. Белгі етіп бір шоқыға тасты жидым, Тұлпардың жүрісіне жүрдім шыдап. Ай жүріп аман келдім керей елге, Алтай, Сауыр, Ертіспен қайран жерге. Шарықты деген жерде тасты Тоспа, Сол жерде салықшыға келдім түнде. Дәл тұсқа Тоспадағы елге келдім, Кір жуып, кіндік кескен жерге келдім. Оңаша бір қара үй тігулі тұр, Үңіліп есігінен көз жібердім. Туырлық қара құрым тұрған едім, Есігі бір жапырақ қойған түріп. Үңіліп көзім, салсам, шал Бөрібай – Өз әкем отыр екен отты сырып. Көрген соң, шыдай алмай, қарғып түстім, Зар жылап, даусым шықпай, сәлем бердім. – Жалғызым, досың ба еді, құрдас па еді, Төреден қорықпай келіп сәлем бердің. – Әй, ата, жалғызыңды танымадың, Мен Арқалық балаңмын, аман келдім. Бас салып сонда әкем жылағанда, Бақырған шалдың даусы жерді жарды. Түскі мал сауып жүрген жалғыз бала, Шуылдап келе жатыр бәрі сонда. Өз әйелім, жалғыз балам шулап келді, Өз әлім кейде кетіп, кейде шала. Аздан соң есім жиып отырғанда, Қара үйге халық келіп толтырғанда. Жұбайдың әйелі кеп: «Құрдасым-ау, Жолдасың қайда қалды?» – деп бақырғанда. Сол сөзді естіп қайғырып, әлім кетті, ұялып түк айта алмай халім кетті. Бас салып біраз жылап көріскенде, Тұра алмай, ұялғаннан сәнім кетті. Жұбайдың әйелінің жылағаны «Құрдас-ау, қайда құрдасың, Жасыңнан құрбы сырласың? Жарты құрт болса, бөліп жеп, Бір өлем деген мұңдасың?! Қалды ма қаздай адасып, Жүруші едің жарасып. Қалың жаудан қайтпаушы ең, Тізе қосып ұнасып. Жолда өлсе, қолдан қойдың ба, Маңғұлдың жауы сойды ма? Далада қалып көмілмей, Көздерін қарға ойды ма?! Өлімнен адам құтылмас, Ажал жетпей тұтылмас, Құрдасыңның қайғысы Өлгенше бізден ұмытылмас. Басымнан көрдім жетімдік, Жоқ болды ғой ол кемдік. Ол ісім менің қата екен, Бармақ шайнап өкіндік. Құрдас-ау, сенен сұрадым, Шыдай алмай жыладым. Құрдасың жоқ, жалғыз кеп, Құдірет саған неғылған». Құшақтап сөйтіп жылап көріскенде, Жүрісті бастан-аяқ тіркескенде. Қарақас, ботақара, салықтылар, Жұбайдың өлген жайын біліскенде. Қайғырды ботақара бәрі жылап, Қуанды ерлігіне бәрі ұнап. Жұбайдың қанына қан алам дейді, Төреге басымды бәй тіктім шыдап. Байматай Салқыда үлкен ақыл қылды, Жиылып ботақара кеңес қылды. Сол сөзді бейсенбі күн біліп алып, Не дейді сол екі ебін біліп дейді. – Білгізбей, Арқалықты жасыралық, Күндіз тығып, түнде әкеп асыралық. Байматай: «Мен барайын, біреуің ер, Екі биден ақылды біз сұралық». Байматай осылай деп биге кетті, Көрінбей ер Арқалық жата берді. Жұбайдың әйелі кеп ақыл сұрап: – Жұбай маған не айтты? – деп кеңес етті. – Жолдасың Жұбай саған сәлем айтты, Жалғыз ем, сүйген жарым әйел еді. Сені айтты екіқабат қалып ед деп, ұл туса, өле-өлгенше күтсін деді. Қыз туса, ерге тисін күнін көріп, ұнасар сүйгеніне өзі біліп. Ұл туса, Жәдігер қой атын деді, Асырар, сені тастамас мені қиып. Ұл екен, атын қойды Жәдігер деп, Әйелі асырады тәуекел деп. Жұбайдың айтқан сөзін бұлжытпастан, Күн көрді Арқалыққа иық сүйеп. Байматай екі биге барып келді, Ақыл сұрап, ақылын алып келді. «Төреге амандаса біз баралық, Біз барғанда Арқалық келсін, – депті. Ауылға шауып келіп ұран салсын, Есігін найзаменен турап салсын. Жұбай өлді, қолыңда өлемін деп, Қанжармен босағасын бірер шапсын! Бір өлім, ақыр мен де өлемін деп, Қанға – қан, Сейілханды өлтірем деп. Қытайға тағы барып өлтірерсің, Қанымды оған шейін аламын деп!» Астыртын бұл ақылды Бежең берді, Төренің ауылына олар келді. Қоңқаның Қарагерін мініп алып, Ту алып, ер Арқалық жалғыз жүрді. Төреге керей келді басын құрап, Бәрі кеп төресінен ақыл сұрап, Төре мен қызылтасты тағы да отыр, Қауіпсіз бұрынғыдай басын бұлдап. Тал түсте айқайлаған дауыс шықты, Бір жігіт асып-сасып үйге кепті. «Қолында ту, ұран сап ер Арқалық, Жәнібек деп қораға келді!» – депті. Бежең айтты: «Арқалық қайдан келсін, Өлтірмей қытай қайдан қоя берсін. Аққу тиген дуадақ айғайлағыш, Сол шығар», – деп сөйледі Бежең шіркін. Шын екен ер Арқалық шауып кепті, Есікті найзаменен түріп сапты. «Төре қайда, қан қылып өлтірем», – деп, Босағасын төренің шапқылапты. Керейден төре көңілі суып кетті, ұран сап, керей үйден шығып кетті. Төре шошып, Арқалық өлтіред деп, Астына жүкаяқтың кіріп кетті. Ел ұстап Арқалықты жібермеді, «ұста!» – деп Бежең үйден ақырыпты. «Үйлерін шауып жатыр» дегенді естіп, Дос еді Арқалықтың Татан кепті. Өзі дос, бұл жұмысын ағайынды, Жеңгесіне сөйледі мына сөзді: – Бір түйеңді алдырып, бір кілем жап, Жүр, екеуміз баралық батырға енді. Қара нарға кілемді жауып алды, Сусын алып, жеңгесін ертіп алды. Дос еді Татан төре құшақтасқан, Аттан түсіп, Арқалық жүгірді енді. Арқалық Татанменен құшақтасты, Жас ағып көздерінен бұршақтасты. Сусын беріп, батырдан ашу басып, Достықпен Татан төре жөн сұрасты. Сөйледі батыр келіп көргендерін, Қор болып, жолда Жұбай өлгендерін. – Жұбайдың қанын алмай тоқтамаймын, Сейілхан біздерді ұстап киіндірген. – Әй, батыр, қанды қанмен жумайтұғын, Бежеңмен мен ақылға бұлдайтұғын. Берейін, Бежең айтсын мұның жөнін, Билігін ешкім сынап бұзбайтұғын. – Арқалық, ондай болса бердім, деді, Белгі алмай мен кірмеймін үйге, депті. Татан келіп Бежеңе бергеннен соң, «Он екі белгісін бер ердің!» – деді. Төреден үй тігілді, керей түсіп, Он екі белгі берді батырға ұйып. – Ердің құны екі жүз жылқы еді, – деп, Билігін айтты сонда Бежең кесіп. – Елу бесті төреге жолға кешсін, Елуін басқа керей тілім етсін. Қарақас, ботақара иесі ғой, Жұбайдың құнын алып, о да бітсін. Бұл жұмыс екі күнде тынсын, дейді, Өшікпей, батырың кеп сүйтсін, дейді. Қытай іздеп алам деп тағы келер, Арқалық жанын сақтап кетсін, – дейді. Төремен осылайша бітім болды, Жұбайды ойлап, жүрекке қайғы шерлі. Найын тартып қыздырып отырды да, Санына Сейілханның басып алды. Ұстап ап, Сейілханға салды таңба, Жұбайдың қаны бітті дейді ойында. Бұны естіп Бейсембі шақырып ап: – Арқалық, Қоңқаға кет, тұрма мұнда. Тұлпарын апарып бер, сөзің жұтпа, Қытай келсе, іздетер жалпақ ұлтқа. Ер екен шіркін Қоңқа атын беріп, Бұл жұмыс не болат деп ақыл сұра. Қосарға таңдап тауып бір ат алды, Қоңқаның Қаракерін мініп алды. Жұбайдың басына кеп бір күн түнеп, Айрылған Қоңқаменен жерге барды. Сонан соң Қарадоңғал тауға келді, Далаға таудан түскен түйе көрді. Бір бала көп түйені жайып жатыр, Арқалық балаға кеп: «Сен кім?» – деді. Бала айтты: «Мен қалмақпын түйе жайған, Қоңқа батыр түйесі осы жатқан. Атын танып, сұрауға батпай тұрмын, Жөніңізді айтыңыз сіз де маған». – Жөнімді айтсам, батырдың досы едім, Таныдың, атын дос боп мініп едім. Батырдың осы күнде өзі қайда? Кәнеки, бастан-аяқ ұқтыр, жаным. – Батырың осы күнде өз үйінде, Той қылып дулап жатыр күндіз-түнде. Жүз үйді көшіріп кеп ханнан бұзып, Сауық-сайран салғаны есімізде. – Ендеше мен тұрайын түйе бағып, Мен қазақ батыры едім ер Арқалық. Басқаға айтпа, батырдың өзіне айт, Арқалық деген досың келді қалып. Түйеші жөнеледі қайта шауып, Батырға кеп білдірді ебін тауып: – Арқалық деген қазақ түйеге кеп, Сізге барып кел деді хабар салып. Жөнелді батыр естіп атқа міне, Сайлауыт саулап шапты қалмай бірге. Түйе жайып Арқалық отыр еді, Қоңқа келіп көрісті әлгі жерде. Атының құшақтады мойынынан, Тұлпары кеп кіре кетті қойынына. – Арқалық, разымын, үйге жүр, – деп, Тілеулі тамақ іш, – деп, – біздің тойдан. Аулына сауылдасып ертіп келді, Бәрі де түгел қалмақ жөнін білді. – Ханменен қарсы едім ел көшіріп, Әкелдім жүз үй қалмақ жақынымды. Атымды әкеп бердің, ер екенсің, Арқалық, бастан-аяқ бәрін білдім. Жолдасың жолда өлсе, қаза шығар, Төреңнен құн алыпсың тауып жөнін. Мен ақылымды айтайын, батыр, саған, Төренің бас өкпесі бір ат болған. Қытай сені тағы іздейт, әй Арқалық, Төременен татулас тілімді алсаң. Халқымен қарсы болған хан ақымақ, Ханымен қарсы болған ер ақымақ. Жорға жүйрік таңдамалы ат беріп, Еліңе жүргізейін жолыңды тап. Бір жорға ат төреңе тарт өкпелеген, Сен жалғыз құтылмайсың түбі көптен. Тату болып төремен жан сақтап тұр, Қытай іздеп қайтқанша сүйтіп еппен. Құлақ түріп жатайын Қытай жаққа, Шықса іздеуші барайын Сауыр тауға. Тағы да ұстап берсе, жолын тосып, Соғысып, айырайын ап қайтқанда. Сауыр менен Сайқан тау бәрін білем, Сайқанда он кісілік үңгір көргем. Бекініп сол үңгірге мен жатайын, Күйің келсе, сен тілдес сол үңгірден. Бір атты ақыл айтқан биге берсең, Өз тұлпарым берейін өзің мінсең. Жұбайдың бейітіне соған шейін Бала батыр жеткізер сені есен. Он күндей қонақ болдым досымменен, Қоштасып, ақыл айтып осыменен. Жұбайдың бейітіне соған шейін, Айдасып бала батыр бірге келген. Қош айтып бала батыр кетті сонда, Қоңқаның атын беріп келдім мұнда. Биге айтып ат тартып кемшілікпен, Табыстым жаным үшін төре сұмға. Үш айдан соң Қытайдан шерік келді, Байлаулы бала құстай мен бір шерлі. Қоңқаны іздеп Сауырға келсем жетіп, Қайран уағда ғып о да кепті. Ел болып, төре болып сөйлес қыпты, «Жұбай, – деп көрсетіпті, – жолда өлді. Арқалық арықтап кеп, мұнда өлді», – деп, Бұрын өлген бір адамның басын берді. Басты алып Арқалық деп кетті шерік, Көрсетіп жолдан Жұбай нандырыпты. Арқалық Қоңқаменен Сауыр тауда, Үңгірде түйе сойып той қылыпты. Қытай қайтып, Арқалық аман қалды, Қоңқа батыр Арқалықты қасына алды. Екі батыр бас қосып Алтай, Сауыр, Жер шарын батырлықпен аралапты. Аяғы осыменен болды тамам, Тапсырған соң мен жаздым алып қалам. Жерлерін келіспеген түзеттіріп, Алматы ақындардан үміт қылам. Көп созбай аяқ жағын жаздым қысқа, Жүк болып кәрілікте амал қанша. Арқалық тез басылса алдыма кеп, Мырзашты да жырлаймын осылайша.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.