Kazakh
Мырзаш батырдың қиссасы (Ержан Ахметов нұсқасы)
Мырзаш батыр данасы, Алдияр батыр атасы.
Руы найман төртуыл, Тұзақшы еді бабасы. Мырзаш батыр түс көргіш, Қызыр берген батасы.
Қызырдан түсте бата алған, Сәуегөй батыр атанған.
Жайшылық ұнар және бар,
Жайшын тас алған данышпан. Жаушылық сонан көп болған Қазақ, қалмақ жонынан. Жері жоқ қазақ сиыспай,
Қан төкті қалмақ елінде Алдияр батыр әкесі Қалмаққа соғыс салыпты. Қалмақты қуып, қан төгіп, Босатып жерін алыпты.
«Ел үшін жер алам» деп,
Қамалды талай бұзыпты. Қазақтан қалмақ жеңіліп, Алтайдан асып ауыпты. Алдияр батыр соғыста Жау қолында өліпті. Мырзаш пен Дәуіт екі ұлы Жас екен, жетім қалыпты. Бай ағайын қараспай, Жетім-жесір болыпты.
Төртуылда батыр Баймұрат
Алдияр батыр құрбысы. Барақ батыр Көкжарлы
Осылардың тұрғысы. Алдияр өліп, Баймұрат Барақпен даңқы шығыпты. Баймұрат, Барақ атанып, Тәрбие қосып қойыпты.
Жиырмаға Мырзаш келген соң, Ат жалын тартып мініпті.
Алауыр топ қызынып,
Барсам деп жауға жүріпті. ұйқыда жатып түс көріп, Енді жауға кір депті. Жиырма жасқа толғанда, Садақты қолға алғанда, Түсінде аян беріпті.
«Қайтпайды бетің барғанда, Әкемнің қанын алсам, деп, Дүрбітке соғыс салсам, деп, Әкемнен жаным артық па,
Жау қолында қалсам», деп, Шығыпты жауға ерленіп, Жасасты дүрбіт Ертісте. Қалмақтың ханы Қалдан еді. Он көрпенің үстінде
Дүрбіт қалың, қазақ аз, Жасасқан жау екірейсе, Дүрбітте батыр Бадыған Жекелеп шықты белсене. ұйлығып қазақ қорқып тұр,
Бадыған батыр «кел» десе. Қазақтан шапты бір бала Қолында найза сол жерде.
«Алдияр» деп ұран салыпты, Дауысы әрең естіле.
Бала шауып барғанда, Бадыған батыр тұрғанда, Менсінбеді Бадыған Баланы жең деп ұрғанда.
– Жасың үлкен батырсың,
Кезек сенікі, кел мұнда.
Мырзашқа Бадыған сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:
– Қорықпай шапқан сен, бала, Жөнінді айтшы кім? – дейді.
– Жөнімді айтсам, мен – қазақ, Найманнан шыққан баламын.
Жиырмада жасым, мен – Мырзаш, Алдияр әкем дананың.
Жас екен деп аяма, Әкемнің қанын аламын. Бадыған сонда ойлады:
«Тұқым жау екен бұл» деді. Тор шұбар тұлпар астында, Садақты тартып қалады.
Дарымай оғы кетеді, Қолтығынан өтеді. Оқтан аман қалған соң, Мырзаш шауып жетеді. Жүректен найза салады, Бұлғап-бұлғап қалады.
Бадыған батыр таудай боп, Ат үстінен құлады.
Батыр аттан ұшқан соң, Жасанған қалмақ қашады. ұйлығып тұрған аз қазақ Жау қашқан соң шабады. Қашқан жауды қиратып, Талайдың қанын шашады. Батыры өліп, жау қашып, Олжаны қазақ басады.
«Бадыған батырды өлтірген Қай бала?» деп сұрасты.
Жау қашқан соң қазақ боп, Жиылып басын құрасты.
– Алдияр батыр баласы, Мырзаш атым мен, – дейді. Соғысуға қалмаққа Жиылып жатыр ел, – дейді. Әкемнің қанын алсам деп,
Келіп едім, – деп сөйлейді.
Бадығанды өлтірдім,
Әкемнің қаны төленді.
– Әкеңнің қанын алдың сен,
Мырзаш атты жас бала,
Жауға қарсы шапқанда
Қорықпадың жасқана.
Бадыған сені өлтірсе,
Боламыз деп екімасқара.
Баймұрат батыр, Алдияр
Тізе қосып шауып еді.
Дүрбітті қуып көшіріп,
Төртуылға олжа салып еді.
Алтайдан қуып айырып,
Алтай мен Ертісті алып еді.
Солар өліп төртуыл,
Батыр жоқ боп қалып еді.
Ақболаттан Садырбай
Саған жолдас болатын.
Тізе қосып шабыңдар,
Жаудан кекті алатын.
Жауды жеңіп, кек алдың
Ел сусыны қанатын.
Ерлігіңе ел сүйсінді,
Елге басшы боласың.
Ел иесі екі би –
Назар менен Секербай
Бата берді Мырзашқа:
– Қарсы тұр жауға жасқанбай,
Жомықтың Қамбар төресі,
Қамбарды берген Абылай,
Қамбардың Санияз әкесі,
Жәнібек батыр тұс дейді-ай.
Мырзаш батыр олардан
Кейін шықты тартып-ай.
Қалмаққа барса, жайлатып,
Жылқы айдайды соғыспай.
Олжаны елге көп салды,
Мыңнан кем жылқы айдамай.
Бес пен төрт жүз айдаса, Аз дейді оны қомсынбай. Тізе қосып шабады
Жан жолдасы Садырбай. Ақболат пен Тұзақшы Бір төртуыл баласы-ай. Ел шетін жауға бермеді, Тізе қосып аянбай.
Мырзаш батыр түс көред,
«Ертең сондай болад» деп, Айтқан сөзі дәл болад.
Жау жеңіліп өлед деп, Қатерлі күнде шықпайды,
«Жау жеңеді болмайд» деп.
Бұл батыр түс көреді бір күн түнде, Мал жатыр отар салған иен жерде.
«Қан төкпей, соғыс салмай, мал аласың» Деген соң жүрді Мырзаш салқын күзде.
Екі ай жүріп мал жиды жау бетінен, Түс көріп, жаулық қылмай ретінше. Айдаған екі ай жүріп мыңдай қара, Жете алмай қаңтар ай аязға ене.
Қаңтардың қалшылдаған сары аязы, Қалмақтың иенге айдап салған малы. Сар барақ асу аузы қалың түйе, Іңгенді иіріп жүр сол бурасы.
Атағы ол бураның жерді жарған, Жараса жан адам жоқ оған барған. ұраңқай бурасына сенген үшін Асудың тақ аузына айдап салған.
Асуға батыр малды айдап келді, Жиғаны мыңдай қара, екі ай жүрді. Алтайдың қары қалың, жолы дара, Бураға бұрылар жоқ кері келді.
Бурадан жолда жатқан ел қорықты, Мырзаш батыр «мен барайын оған» депті.
– Жігіттер, ырғай сапты қамшың болса, Жолдастар, маған әкеп көрсет, – депті.
Қамшысын ырғай сапты біреу берді, Ол сапты үш тұтам қып киіп апты. Үшкіртіп екі басын қолына алып, Бураға барайын деп жалғыз кетті.
– Тұрыңдар қарауылдап салып көзің, Көрініп атой берсем, болар жолым.
Айдаңдар сонда малды қауіп қылмай, Бура өлгенін білерсің, осы сөзім.
Бураға таудан түсіп жалғыз барды, Көрген соң құстай ұшып бура келді. Қасына кеп жата қап аунап-аунап, Күркіреп айдаһардай ауыз салды.
Белсенген жалаңаш қол қолында істік, Екі жағын екі тұтам алды үшкіріп.
Аузын ашып ашумен қапқанында, Аузына жұдырығын қалды тығып.
Сонан соң бура тұрды аузын ашып, Қаптым деп жұдырығын қалған басып. Қолымен бірге қапқан істік ырғай Аузының асты-үстінен шықты тесіп.
Сонан соң атой берді жолдасына, Жолдастары малды айдап бармасын ба. Кекжиіп кісі алатын қарт бура тұр, Кеп көрсе, ырғай кіргеш аузына.
Не қылып жүрек жылымай тұрған шыдап, Осындай сан ерлігі кеткен ұнап.
Малды айдап, Алтайды асып, аман келген, Осындай сан ерлігі бар айтсам санап.
Мырзаш батыр ойлаған ел намысын, Жау болған қазақ-қалмақ жер таласын. Кісі өлген, қан төгіскен соғыс болсын, Қайран ер Мырзаш батыр есе алатын.
Жолдас болған Пржевальский орыспенен, Орыс кеп жаңа түскен қоныспенен.
Ояз келіп қаратып, қала салып, Сайлаған старшын, би, болыспенен.
Қойған жоқ жаушылықты қалмақтар да, Жылқы алды қазақтан кеп ұраңқай да. Көпен, Қалит болыстың тұсы екен, Жылқы алды ұраңқай кеп сар жайлауда.
Қуғыншы қазақ болып атқа мінді, Баласы төртуылдың түгел қуды.
Көп кісі жете алмады күн кеш болып, Жарамды он бір кісі қуып кетті.
Басшысы он бірінің Сайжан батыр, Қос-қос ат жетеміз деп келе жатыр. Басынан Буыршынның асып кетіп,
Жете алмай ат болдырып, қайтады ақыр.
Төртуыл кеңес қылды бір болыс ел, Жылқының көбі Көпен болыстан дер. Ел Ертіске келген соң кеңес қылып,
«Малға мал біз де айдатып аламыз» дер.
Мырзаш батыр жоқ еді дәл сол тұста, Кетіпті ел көшіріп Жетісуға.
Барған елін көшіріп аман кепті, Алғызбай не тосқыншы нелер жауға.
Келген соң ел адамға батыр барды:
– Әй, батыр, сен жоқ болдың, жылқыны алды. Малға мал ұраңқайдан біз де алайық,
Не болса да көрерміз ақыр, – дейді.
Қалит болыс, қанделет Көпен еді, Қалитті Көпен басып сөйлеуші еді.
– Мырзеке, осы жолға аттаныңыз, Мал дағы, намыс тағы өзіңдікі.
– ұсынған сөздерің жөн, болыс, биім, Жауға қарсы тұруға өз міндетім.
Бұл жолға барсам егер келе алмаймын, Қауіп-қатер жол болып тұр көрген түсім.
Көпен айтты: «Мал кетті жұбанатын, ыстық түссе, батпақ көл суалатын.
Түс көріп түн ұйқыда қорыққан жан, Бұрынғы айтқан өңінде қуанатын».
– Пржевальский инженермен жолдас болдым, Дүние кезіп бір жылдай бірге жүрдім.
Жер, суды, тау мен тасты түспен көріп, Дәл болып айтқанымдай ертіп жүрдім.
Түсімде жауға шықтым жолдас ертіп, Мал алдым, мен соғыспай еркін жүріп. Ауырып жолдасымнан жолда қаппын, Бір қары ит, отыр едім, кетті қауып.
Түсімде жолдасым жоқ жалғыз қаппын, Жолдасым бәрі тастап кетіп қапты.
Көзі отты, түсі суық, қары ит қауып, Сол жерде бір қапқанда өліп қаппын.
Бұл түсім қауіп түс деп ойыма алдым, Шошынып жолға шықпай жатып алдым. Қалит болыс, қанделет Көпен еді,
Ел болып шақырған соң тағы бардым.
– Мырзеке, ұраңқай кеп жылқы айдады, Қуғыншы Сайжан батыр жете алмады.
Әкетті қырық жылқы бәрі рас,
«Тәуекел барыңыз» деп салмақ салды.
Пржевальский инженермен бір жыл жүрдік, Алты ай Сауыр сай-саласын түгел білдік.
Бармасаңыз, осы мал кетті жауға, Барыңыз, аман-есен болар жолың.
Ел болып ұйғарған соң жүрмек болдым, Өзімнің көк шұбарым ұстап міндім.
«Түсімді айтсам, шошынар қатын-бала, Тәуекел жүрейін» деп сыр бермедім.
Жылқыайдар қасыма ерді, Сайжан батыр, Аттандық алты кісі мұңғылға ақыр.
Бір жолдасым Елесбай қорқақ еді, Қорықса, салушы еді заманақыр.
Біз бардық сегіз қонып ұраңқайға,
Мың-мыңнан жылқы жатыр әрбір сайда. Іріктеп қырық жылқыны біз дағы алдық, Барған соң малды қуып барымтаға.
Айдадық алты кісі тыным таппай, Қуғыншы неге жатсын малын қумай. Жайлаттым арт жағымды жауындатып, Қуғыншы адассын деп жол табалмай.
Басынан Алтыбайдың кеп астық аман, Ауырдым, жүре алмадым, бар ма шамам. Жиып ап жолдастармен ақылдастым, Айтыңдар ақылыңды сендер маған.
Сөйледі Сайжан батыр: «Әй, Мырзеке, Жан тәтті кімде-кімге дүниеде.
Басынан Буыршынның аман ассақ, Жетерміз тәуекел ғой ел шетіне».
Сол күні тағы жүрдік амал бар ма, Жетелеп алып жүрді әрең зорға.
Күн санап ауырладым мен жүре алмай, Қай жерде жем қылар деп құзғын-қарға.
– Мен үшін айналмаңдар, жолдастарым, Жүруге болар емес бітті мәнім.
Қасыма біреуің қал жолдас болып, Қалмасын жау қолында алған малың.
Сайжан айтты: «Қасыңда мен қалайын, Елесбай, жылқыны айда, тоқтамасын. Қар қалың, адасам ғой жол таба алмай, Мен анық білмеуші едім жердің жайын.
– Қанжарым түсіп қапты менің жолда, Білмеймін қашан түсті қай арада.
Бұл маған жаман ырым, жолдастарым, Сәлем айт барғандарың ел мен жұртқа.
Сайжан, сен жылқыны айда өзің бастап, Елесбай, қасымда бол, атымды ұстап.
Қанжарым бауы үзіліп түсіп қапты, Қалғаным осы, міне, көзім жайнап.
Елесбай бір жолдаспен бірге қалды,
Үш жолдаспен Сайжан жылап кетіп қалды. Басында Буыршынның су айырық Жайлатып тоқтататын қанжар қалды.
Елесбай бір жолдаспен қарауылда, Шылбыры көк шұбардың өз қолымда. Қуғыншы ізіменен келе жатыр
Деген соң, тағы мінді көк шұбарға.
Елесбай жауды көріп қашып келді:
– Мырзеке, о қайтеміз, – деп сасып келді.
– Тұрыңдар қарауылдап хал кеткенше, Қайрат қып ұраңқайға соғыс салды.
Түсірді топырлатып найзаменен, ұраңқай қайта қашты ізіменен. Қуғыншы он кісі екен, біреуі өлді, Өлігін тастамады алып кеткен.
Ауру әлі кетіп аттан түсті,
Елесбай қасқа келмей қашып кетті. Отырды шылбырды ұстап көк шұбардың, Біреуі ұраңқайдың жалғыз келді.
Атына мінейін деп міне алмады, Орнынан үш ұмтылып тұра алмады. ұраңқай әл кеткенін білгеннен соң, Төбеге шоқпарменен бір-ақ салды.
Қайран ер қаза болды бір ұрғаннан, ұраңқай көк шұбарды алды қолға. Онына, отызына болмайтұғын Қайран ер қаза жетіп қалды, солды.
ұраңқай атын алып жүре берді, Елесбай жау кеткен соң сонда келді. Көтеріп бір үңгірге алып келіп, Бетін түзеп аманат қойып кетті.
Басы еді Буыршынның су айырық, Сау болса, көк шұбарға бір-ақ күндік. Қазаға келіп қалған амал бар ма, Өлтірді бір ұраңқай бір-ақ салып.
Қалың қар жөнеледі енді Елесбай,
Кейде бар, кейде жоқ боп жол таба алмай. Басынан су айырық аман асып,
Осындай қаза болды деп хабар қыпты-ай.
Қанжары түсіп қапты қалың қарға, Кез қылды Құдай айдап кең мен тарға. Тимейтін атса мылтық ер Мырзекем, Тұрған соң тағдыр жетіп амал бар ма?!
Елесбай жан ашымас жолдас еді, Жасында қырық кісіге болмас еді. Қасында жан ашитын жолдас болса, Далада ер сүйегі қалмас еді.
Қазақтың қайран батыр арыстаны, Өзімен дұшпан беттеп алыспады. Жасынан қаһармандай қайрат еткен, Найманның өз тұсында данышпаны.
Белгілі аты-жөні бұл найманға,
Бұл дүние кімнен өтпес шыр айналма. Бұйрығы есіл ердің түзде бітті,
ылаж жоқ істің бәрі Құдайдан да.
Ел болып естіген соң ақыл қылды, Баласы төртуылдың жиылды енді. Садырбай, Сайжан менен екі батыр Бас болып беремін деп екі ат алды.
Он кісі, екі батыр бас боп жүрді, Елесбай жолды бастап қасына ерді. Аманат қойған жерде жатыр екен, Сүйегін қайран ердің алып келді.
Бәрі жас, балалары жетім болды, Сүйегін тауып әкеп аман қойды. Тұрғамбай бір түтіннен ең үлкені, Екіншіден Әбдірахман алғы еді.
Інісі Мырзекемнің Дәуіт еді, Дәуіттің Жортақбай ед жалғыз ұлы. Інісі бар жетімді Дәуіт бағып, Ағайын, алыс-жақын қарамады.
Қайран ер қаза болды ұраңқайдан, Пржевал инженермен жолдас болған. Алтай, Сауыр бәрін де аралатып, Зайсанға қала салып орнаттырған.
Сауырдың ең басына барып шыққан, Пржевальский Мырзашқа мынаны айтқан:
– Бұл Сауыр басқа таудың ең биігі, Көретін бәрін түгел айнасы екен.
Аралап Алтай, Сауыр бәрін көріп, Құбаның құмы толған құлан, киік. Соған бастап барғанында разы боп, Пржевал киік атқан оғын құйып.
Ол әңгіме мағлұм Руссияға, Айрылған алты ай жүріп суық қыста. Мырзаш батыр өлді деп есіткен соң, Көп жәрдем берген екен балаларға.
Олжа алған, жауға салған қарамады, Жетім боп қалды өңшең балапаны.
Талайға олжа салып, есе әперген, Болған жоқ бір күнгідей бітті мәні.
Би-болыс қараған жоқ өлгеннен соң, Қайран ер қапы кетті көңілшектен.
«Бұл жолға барсам, тірі келмеймін» деп, Қош айтып ел-жұртына сөйтіп кеткен.
Жайлататын шұбар тас қанжарменен, Байлаулы жүреді екен сабыменен.
Екеуі қалың қарға түсіп қалып, Жайықша жау келмес ед ізіменен.
«Бір оқтық батыр» деген келді басқа, Олжа сап асыраған қарындасқа.
Аюдың достығындай болды, міне, Өзі өліп, күн туған соң ғаріп басқа.
Мінеки, Мырзаш батыр өлгендігі, Көп шығар дүниенің еркіндігі.
Бұрынғы жолдастары не достары, ұмыт болды талайға олжа бергендігі.
Шығарған атым Ержан Ахметов, Көргем жоқ жолдас болып бірге жүріп. Бұрынғы көргендерден естіп жаздым, Мәшһүр ғып шығарар деп үміт етіп.