Шынтас (Үзінді)

Шынтас барлық ноғайларды жинады. Қалмаққа аттанайын деп кеңес құрды. Шынтас сонда сөйледі: – Темір деген жерге аттанамыз. Жүз кісі, бастығы – Шынтас, Қалмақтың Беріксұлтан деген ханы еді. Неше жерде ұрысып жеңісе алмай жүр еді. Алыс емес арасы, тек екі айлық жер еді. Қалмақ елу кісімен жіберіп еді. “Шынтас елінен адам...

Kazakh
Шынтас (Үзінді)
Шынтас барлық ноғайларды жинады. Қалмаққа аттанайын деп кеңес құрды. Шынтас сонда сөйледі: – Темір деген жерге аттанамыз. Жүз кісі, бастығы – Шынтас, Қалмақтың Беріксұлтан деген ханы еді. Неше жерде ұрысып жеңісе алмай жүр еді. Алыс емес арасы, тек екі айлық жер еді. Қалмақ елу кісімен жіберіп еді. “Шынтас елінен адам ұстап алып келің” деп еді. Міне, енді екі қол қарсы келеді. Шат бойында адам келеді қалмақтан бұларға қарсы. Төре қалмақтың басы еді. Сол келеді. – Сен, қай халықтың түрісің, Қай базардың пұлысың, Кімсің атың айт? – деді. Бұйырды сіздің елге біздің ханым, Іздедім ер Шынтастың елін, – деді. Айтшы маған жөніңді, Түсіндірші кебіңді? Сонда Шынтас сөйледі: – Іздегенім сұрасаң, Темір деген жер еді, Қалмақ деген ел еді. Мен ноғайлы деген ел едім, Шынтас деген ер едім. Сонда қалмақ сөйлейді: –Барарсың қайда, сен? – деді, Іздеген жауың мен, – деді. Шынтас: –Іздегенім, қалмақ, сен, – деді, Қорықпасаң сен, – деді, Мықты болсаң, кел, – деді. Сонда қалмақ шабысты, Қарсыласып қарасаң, Шынтас ермен алысты. Үш дүркін қалмақ оқ атты, Үш оқты бірден босатты. Киімінен өтсе де, Етіне оның жетпеді. Шынтас та кезек алады, Қорамсаққа қол салды, Талайынан оқ алды, Атайын деп оқталды. Атқан оғы өтеді, Аржағында бір тауға Егіленбей оғы жетеді.
English
This language variant is not available.
This language variant is not available.