Kazakh
Қарт Қожақ (Үзінді)
Ноғайды Қарт Қожақ жинады, Аттанды бес кісі ноғай халқы,
Қарт Қожақ басы еді ноғай қарты. Аққұмның еді жағасы,
Құба таудың сағасы. Тұңғиық суы бар,
Жағалай қаққан нуы бар. Қалмақ деген ел еді, Меңді сұлтан хан еді.
Алармын соны деп еді, Арасы айлық жол жүріп, Екі әскер қарсы келеді.
Қарт Қожақ шықты ноғайдан “Алайын” деп хабарға,
Қалмаққа таман барарға. Сонда Меңді сұлтан сөйледі: – Мен қалмақтың елі, – деді, Арғы атам ер, – дейді.
Менің атам – Меңсұлтан,
Сенен емес кем, – деді. Қарт Қожақ сонда сөйледі: – Ноғай деген ел, – деді,
Бөлініп шыққан ер, – деді, Іздегенім сұрасаң,
Қалмақ деген ел, – деді.
Тең бе едің, қалмақ, сен, – деді. Бердім кезек мен, – деді,
Ата бер, қалмақ, сен, – деді. Қарт Қожақ сонда тұрады,
Қалмаққа қарсы тұрады. Бір атқанда көк азбан Шөге жата қалады. Қарғып атып кетеді, Бұлтарып атың кетеді.
Қарт Қожақ кезек алады, Талайына қол салып, Есепсіз қолды мол салды, Атайын деп оқталды.
– Ой, қалмағым, қалмағым,
Тістелмесін бармағың. Меніменен ойнама, “Өлмеймін” деп ойлама, Жеті атамнан кегім бар, Егескен жауды алуға, Айдап жолға салуға.
Қалмақ мінген қатқан кер, О да туған артық дер.
Жағадан кеп алады, Екі бірдей арыстан
Жағаласты салады.