Kazakh
ОЛЖАБАЙ ЖӘНЕ ҚЫРЫҚ БАТЫР
Сөйлейiн бiразырақ өткендерден, Қазақтар Сыр бойында жүрген едi.
Қазақтан жиырма бір батыр шығып, Хан көтердi Абылайды.
Абылай билеп тұрды дәл сол кезде, Жауынгер болды қазақ көрер көзге. Алмаққа Сарыарқаны даярланып,
Қырық батыр сол уақта жаһан кездi.
Соғысқа даярланды хан Абылай,
Қалмақтар Сарыарқаны бере ме жай? Абылай батырларын жiбередi,
Қалмақтан тартып алмақ Сарыарқаны-ай.
Жөнелдi қырық батыр Сырдан өтiп, Қалмақты қуалады дүркiретiп.
Қалмақтар қырық ерге шыдай алмай, Орталық Ерейменге келдi жетiп.
Ол кезде қалмақ ханы – Қалдан Шерен, Бермеске о да ойлады тұрған жерiн.
Жинап ап барлық жайсаң батырларын
Айтады Қалдан Шерен iштiң шерiн.
Iнiсi Қалдан Шерен Сару батыр, Жиналып батыр, билер келiп жатыр. Қазақпен соғысуды ақылдасып, Әрқайсысы өз бiлгенiн айтып жатыр.
Айтады Қалдан Шерен: – Соғыспайық, Қазақтар алып қойды Едiл-Жайық.
Екпiнi қазақтардың аса жаман, Кетейiк Сарыарқадан бiздер тайып.
Әй, халқым, мен айтамын сендерге ақыл,
Қазақтың қырық ерi келдi жақын. Келедi бойға сенiп бұл қазақтар,
Халқым-ау, айырамын мұның парқын.
Келедi бойға сенiп бұл қазақтар,
Ал, бiздiң оған қылған не жазық бар. Мақсаты – Сарыарқаны бiзден алу,
Iшiнде Олжабайдай батыры бар.
Ұрысты бiз қояйық қазақтармен, Бiздiң де күшiмiз бар, немiз кем?
Қорқамын жалғыз жүрген қасқыр адам,
Жүредi сондай жалғыз бойға сенген.
Мiнгенi қазақтардың қара көк бiр, Соғысып, шамаң келмес, құр қан төкпе. Онан да елшiменен бiтiсейiк,
Шыдатпас ер Олжабай жекпе-жекте.
Ал, сонда Сару батыр сөз сөйлейдi:
– Еш уақыт мұндай сөзге көнбен, – дейдi. Олжабай – жалғыз басты о да адам
Онан мен де батыр кем бе? – дейдi.
Қартайдың туған ағам Қалдан Шерен,
Соғыспай бере алмаймын туған жерiм. Қазақтың қырық ерiн жалғыз қырам, Қазақтың қанша болса да көп әскерiн.
Соғысқа өзiм барам қолды бастап, Алдымен Олжабайды алам ұстап.
Сегiз мың маған қазiр қол жина, – деп, Ағасын Қалдан Шеренді тұрды қинап.
– Тiлiмдi ал осы жолы, iнiм Сару, Күшiң де мол, бәрi де сай барлық қару. Болсаң да қандай күштi, шамаң келмес,
Қол сермеп оқ жетпеске ойды бұру.
Тiлiмдi ал осы жолы, Сару, тоқта, Бойға сен қарамайсың өзiң жоқта. Боласың осы жолы өзiң жазым, Сен босат Сарыарқаны, сөздi ұқ та.
Сол кезде Сару батыр ашуланды,
Сегiз мың өңкей батыр жинап алды. Шат болып: «Қазақтарды қырамыз» деп,
Тауына Шүршiтқырған бұлар барды. Жиналды Шүршiтқырған қалмақ қолы,
Болжаусыз қазiргiнiң болмақ сөзi. Көптiкке Сару батыр мақтанады, Сарудың ажал айдап келген жолы.
Сол кезде қазақ қолы тауда едi,
Қалмақтың қалың қолын бұлар көрдi. Көрген соң қара құрттай жер қайысқан, Таңырқап қырық батыр қарап тұрды.
Алады қару-жарақ қазақ сайлап,
Әр батыр көп ойланды жанын ойлап.
Қан қашып, жүрек қорқып, сұп-сұр болып,
Қарайды тастан бұғып бойлап-бойлап.
Қырық ер таң қалады жауды көрiп. Бiр-бiрiне жан қиятын болған серiк.
Соғысқа жүрек тайқып бата алмай тұр, Бұл жолы қыла алмай тұр жауға ерлiк.
Бұл жолы бата алмады ерлер қазақ,
– Жаулар көп, хан Абылай, бiздер аз-ақ. Деп айтып, көп батырлар шаба алмай тұр,
«Боламыз құр текке, – деп, – жауға мазақ».
Олжабай iшi күйiп, ойлайды ойды,
Бiр ауыз жолдастарға сөздi қойды.
Қылкөктен жерге түсiп, айыл тартты, Бекiнiп мықтап буып өзi бойды.
Абылай бiлдi ерлер қорыққанын,
Сұп-сұр боп, тартты iшке қызыл қанды.
– Тағдырдан адам қашып құтылмайды, Қай адам ұстап қалар қолға жанды?
Ерлерiм, бұл тұрыста қандай мән бар, Сiздерге болып тұр ма дүние аз?
Әрқайсың он мың жаудан қорықпайтынсың,
Аламыз, осы жауға қорықпай бар.
Қорықпа жаудан, ерлерiм, Жау болғанмен ерi кiм.
Баласы қазақ қамы үшiн Әр жаққа қолды сермедiм.
Сендер ең менiң қуатым, Дұшпандық сiздерге термедiм. Беттемей жауға тұрсыздар, Ондай iс бұрын көрмедiм.
Соғыспай жаумен қайтқаннан
Артық менiң өлгенiм.
Жалғыз да болсам барамын, Тiзе ашпай бәрiң шабыңдар. Көтерiңкi көңiлiм,
Айныса жүрек, жау алар, Айнымай, жауға шабыңдар. Сiздерге берген сенiмiм
Осы жауды алыңдар.
Ақ беттi жаудан қайтармай, Сiздер ғой менiң сенгенiм,
Сарыарқаны алайық,
Қынына қылыш салайық. Қазақтарға қоныс қылып, Қалмаққа қырғын салайық. Мынау жатқан көп жауға Сүргiндi қазiр салайық.
Әр қазақтың қамы үшiн, Қаһарман батыр ерлерiм, Осы жауға барайық.
Атты сулап, айыл тартып,
Бес сөткелiк ұрысқа
Қажымай соған жарайық. Осы жауды бiз алсақ, Артына қалмақ қарамас. Жан-тән тәттi, ерлерiм,
Бес сөткелiк бұл жауға Болады соғыс аралас.
Не қып жаның шыдап тұр, Малайсары, Олжабай, Тұрғаны ерлер жарамас.
Жанға себеп бола ма
Ереймен тауы қоршаған, Бола ма қорған қара тас?
Шығар мезгiл таянды Ат пен ердiң өнерi.
Батыр жiгiт жау жүрек Жау болар ердiң құмары. Бұл сөздi айтып Абылай,
Олжабайлап артына Айналып ерге қарайды.
Бұл сөздi естiп Олжабай атқа мiнедi, Бола ма жауға шаппай бұларға ендi? Желiгiп Қылкөгiне мiнiп алып,
Ағызып таудан төмен ол жөнелдi.
Биiк тау бастан шапты ол күн шалған, Қалмаққа түс кезiнде келе жатыр,
Өз атын Олжабайлап етiп ұран. Олжабай шауып кеттi елден бұрын.
Кiм бiлдi Олжабайдың сонда сырын? Қалмады қырық батырдың бiрi шаппай,
Барлығы тiзе қосып келдi артынан.
Мiнгенi қырық батыр бәрi тұлпар,
Жазықта шауып, тауда бұлар жортар. Салуға жауды ортаға келе жатыр,
Қырмаққа қалмақтарды өңкей сұңқар.
Қалмақтар көрдi шапқан қазақ қолын, Сару да бiледi екен соғыс жолын.
Сегiз мың қолға Сару айқай салды:
– Қайнат, – деп, – қазақтардың анық сорын.
Алдында Сару батыр қарап тұрған,
Қалмақтар салған екен тастан қорған.
Iшiнде мұндай соғысты шүршiт қырған, Келедi тiзе қосып қырық көкжал
Қалмаққа салмақ үшiн қолмен ажал. Күркiреп жауған бұлттай келе жатыр, Түстерi жалғыз көздi нағыз батыр.
Келедi қарсы алдында ер Олжабай, Сару да шапты көрiп оған қарай.
Екеуi кез келедi сол арада,
Екi ер тұра қалды көз аудармай.
Қырық ер «Абылайлап» қолға кiрдi, Сары, Баян, Малайсары қырып жүрдi. Абылай, Қаз дауысты Қазыбек пен
Қасқырдай қойға кiрген көттi түрдi. Қуандық Қарашолақ, ол Қошқарбай,
Ақмырза, жүйрiк атты ол Бөгенбай. Қалмаққа қырық бөрi араласты,
Қырып жүр қорған толған тұрымтайдай.
Қап-қара шаңдақ басты қара тұман,
Қырық ер салды қалмаққа ақырзаман.
Қара қан судай ақты сол соғыста Айрылды ерлерiнен Абылай хан.
Соғысып көкжал ерлер тарап кеттi, Олжабай, Сару ерден аңда кептi.
Бiр-бiрiн жеңiсе алмай ұрысып жүр, Сой едi екеуi де жекпе-жекте.
Кигенi бұл екеуi болат сауыт,
Шақылдап қылыш шабар ауық-ауық. Бiр мезгiл тартысса да жағынан,
Бiр-бiрiн жыға алмайды, табан ауып.
Ұрысты бұл екеуi дәл үш күндей,
Дамылсыз ұрысып жүр бойды бермей. Екеуi түсе қалып күрес соқты,
Төрт сөтке жағаласты көздi алмай.
Бiр мезгiл Олжабайдың халi кеттi, Қасына Малайсары келiп жеттi.
– Аман ба, жан жолдасым Олжабай ер, Қызыл қан өне бойым, мiнеки тән.
Қалмақтың бiр ерiмен соғыспадым, Олжабай, бұл Саруды өзiме бер.
Қырғаным үш-төрт күндей жаман-жәутiк Жолдасым, бұл Саруды көрмейсiз бе? Бiлмейтiн сақау қалмақ сол секiлдi
Қамшымен бiр-ақ ұрсаң, өледi тек.
Олжабай мұндай сөздi көрген жоқ-ты, Сару да осал емес, ол да мықты.
Жинап ап барлық күшiн екi қолға, Олжабай көтерiп ап жерге соқты.
Олжабай ол Саруды алып ұрды, Қасында Малайсары қарап тұрды.
Мiнiп ап Сару батыр кеудесiне, Сауытын Сару ердiң батыр түрдi.
Жармаққа оңтайланды ер Олжабай, Суырып бүкiрдi алды оң қолына-ай. Сол жерде Сару батыр сөз сөйлейдi, Тiзерлеп басып жатты ол тұрғызбай.
– Олжабай, ендi менiң жоқ арманым, Мен-дағы төрт күндей қармандым.
Тiлiн алмай Қалдан Шерен келiп едiм, Төгiлдi осы арада менiң қаным.
Қинамай шыбын жанды тез өлтiрсең, Олжабай, қуаты мол нағыз ерсiң. Сәлем айт Қалдан Шерен өз ағама Соғыспай Сарыарқаны саған берсiн.
Тұра ма қарап батыр ішiн жарды, Ат-тоны, сауыт-сайман бәрiн алды. Мiнiп ап Қылкөк атты ер Олжабай, Соғысып жатқан жерге өзi барды.
Ат аяқ қызыл қаннан ала алмайды, Бiр-бiрiн сонда қазақ танымайды.
Кетiптi бұрын бiрақ Малайсары,
Ортаға ап төрт мың қалмақ қамалайды.
Жете алмай Малайсары боз арғымақ, Көп қалмақ Малайсарыны алған қамап.
«Олжабай жолдасым» деп шақырады, Салып жүр жаяу соғыс «Абылайлап».
Көп қолға кiрiп кеттi ер Олжабай, Дауысын естiген соң, сабыр қылмай. Жолдағы көп қалмақты басып-жаншып, Мiнгiздi аман-есен ол атына-ай.
Сол жерде тiзе қосып соғыс салды, Олжабай бүкiр қылыш қолына алды.
Шалғымен шапқан шөптей қырып жатыр,
«Абылай қайда екен» деп ойға алды.
Абылай Қазыбекпен о да келдi, Олжабай аман екен, бұлар көрдi. Сары, Баян, Жәнiбек те аман-есен Тағы да бұл соғысқа келiп кiрдi.
Аралас соғысқа кiрген қызуы, Тайкөктi мiндi Олжабай,
Бүкiрдi алып қолына. Қалмаққа кiрдi ашынып, Қарамайды жолына. Арыстандай ақырып, Абылайлап шақырып.
Төрт мың қалмақ түк қылмас, Түспесiн құрған торына.
Қорғанға кiрдi Олжабай, Ол жақ, бұ жақ ойнайды, Алды-артына қайрылып,
Көз қызарып, домығып,
Соғысып жүр қылыш ұрғылай. Қорғанға кiрген мезгiлде
Қалмақ қашты дүркiрей. Қанатты тұлпар – Тайкөк ат Қорықпастан шауып жүр Жал-құйрығы зуылдай.
Дәл бес күн болды көрген жоқ, Қызыл қаннан iздеп жүр
Iнiсiн-туысқанын Құлжабайды.
Келдi сонда Құлжабай, Бiрге келдi Қошқарбай.
Қызығын көрiп батырдың, Соққызды дабыл Абылай. Дауысын танып дабылдың, Жиналды сонда бiрi қалмай. Қырқын да аман көрген соң, Тайкөктен түстi Олжабай.
Амандасты сол жерде, Алдына келiп Абылай.
Жетi мыңы өлiптi
Кәрi-құртаң жамандар,
Қашып кеткен бiр мыңдай. Қашып барып айтады Қалдан Шерен ханына-ай. Олжаға батты қазақтар, Ерейменге үй тiктi.
Ойын-сауық, қызықпен Жатты бiраз Абылай.
Қалдан Шереннің Саруды жоқтағаны:
– Амал бар ма, қайтемiн,
Iшiмдi, Сару, күйдiрдiң. Тағдырға дауа болмайды, Жылауменен қан жұтып, Ағаңның бойын идiрдiң. Бiр туысқан бауырым, Еңiреп туған ер едiң. Түбiме жеттi Сарыарқа,
Пайдасыз құрғыр қу жерiң. Айтып едiм, болмадың, Қанша ойлап, толғандым.
Қорқып едiм қазақтан, Сен едiң менiң қорғаным. Олжабайдан басқамен Қан майданда соғыссаң, Бәрiн түгел қырар ең. Олжабай екен ол күштi, Әрi батыр, әрi естi.
Жамандауға жатпайды, Егескен ердiң бiрi өлмек, Өлмептi Сару ат үстi.
Талаптанып кiм шығар Қазақпенен күресiп,
Олжабай, Абылайды құртпаққа.
«Жалғыз қызым берем, – деп, – құлдан туған», Сарудың құнын мен алсам,
Сонда қоям егестi.
Қыз алмақ боп батырлар, Түстi қалмақ кеңеске.
Мың батыр шықты iздеуге, Жасырын шықты бiр кеште.
Абылай көшiп, Қорықты Ащысуына орда тiктi, Алуға Сарыарқаны болды үмiттi.
Олжабай қалмақтардың туын жықты, Баянның арасында бiр асу бар, Жалғыз жол тас пен ағаш арасы тар. Қалмақтың бiр батыры бұғып жатып, Сол жерде қаза тапты көп қазақтар.
Бiр күнi ер Олжабай шықты тауға,
«Табам, – деп, – дарақыны өзiм сауда. Қалмақтың таудағы ерiн өлтiрем» деп,
Олжабай бұғып кеттi ол қарауға.
Олжабай қарағайды аралады,
Тас тастан, садақ қолда көп қарады. Олжабай жатқан қалмақ бұрын көрiп, Садақпен қос өкпеден тартып қалды.
Жығылды тас басынан қалмақ мұрттай, Қарыштай оқ өтiп кеттi бiр қан жұқпай. Қашады Баянтаудан қалмақ қолы, Баянды тастап қашты түнде оқтай.
Бетiмен қалмақ қашты, болды босу,
«Бiр тосқан мың асқанға, – деген, –тосу». Көтерiп қалмақ ерiн Баянды алып,
Ат қойды сол асуға Жасыбай асу.
Абылай Сабындыкөлге тiктi үйiн, Баянды ап, барлық қазақ болды жиын. Тауына Қалмаққырған қалмақ қашты, Соғысқа қалмақтарға болды қиын.
Бiр күнi хан Абылай бұйрық бердi, Қырық ер қалмақтарға қарсы жүрдi. Тауына Қалмаққырған келген кезде
Қалмақтар қазақ қолын тағы көрдi.
Қалмақтың жиналыпты он мың қолы, Қазақтың тағы болды анық жолы.
Батыр аял қыла ма ертең таңға, Аралас соғыс болды, кiмнiң соры?
Көп қалмақ тастан қорған соққан екен, Қалмаққа Қалмаққырған ойлап мекен. Тарамай қазақ қолы кiрiп кеттi, Қорғанды бұзды Олжабай қалмақ сенген.
Қорғанда болды үлкен қан төбелес,
Екi жақ соғыс салды, болып егес. Қазақтан Дербiсәлi батыр өлдi,
Болды ғой екi жақ та көп қан төгiс.
Үш күндей соғыс сондай басылмады, Басылу қайда, соғыс асқындады.
Қан ақты қорған iшi тасқын судай,
Жер-дағы аяп, түршiгiп тұрған сынды, Бiр жақта Олжабай жүр қырып қалмақ, Сары, Баян, Малайсары қырар таңдап. Жәнiбек, Қазыбек те салып қырғын.
Бөгенбай бұ да қырды парлап-парлап.
Тұрысып күнде соғыс, беттi алды қазақ, Батырлар бұл соғыста көрдi азап.
Қазақтан алты жүздей адам өлген, Шығынын Абылай хан алды санап.
Қалмақтан өлген жанға сан жетпейдi, Қалмақ та өз өлiгiн есептейдi.
Ор қазып екi жаққа, көмдi өлiгiн
«Тоғыз мың сонда қалмақ өлген» дейдi.
Олжабай бұзды қамал, соққан қорған, Сол жердi қазақ алып орнап тұрған.
Көп қырғын екi жақтан болғаннан соң
Ат қойған осы тауға Қалмаққырған.