Kazakh
Көкжарлы Барақ батыр
Салтанатты Алтайдың Қарағайы шыршасы, Қайың, терек, мойылдың Жапырағы сыбдырлап, Балапандап басына, Ұзақ қарға шуылдап.
Бөденесі бытпылдық, Бозторғайы шырылдап. Гүлді өсімдік түрленіп,
Күн шалып басын, жымыңдап, Қаз-үйрегі қаңқылдап,
Көлі жатыр жалтырап. Тауға біткен ағаштар Қатты желге қалтырап. Көлден аққан балығы
Бүктеліп, шоршып, шарқ ұрад.
Байғыз, көкек шақырып, Қырылдап қарға қақырып, Жолбарысы ырылдап,
Арыстаны ақырып, Түлкілері бұлаңдап,
Қырдан асып қылаңдап, Ақиығы Алтайдың Қанатын тарап сылаңдап, Төртбақ аю қараңдап, Қалың жыныс ішінде Қараңғыда қорбаңдап.
Үкілері әупілдеп, Жапалағы жалбаңдап,
Елең қағып елік жүр, Бөкендері бортылдап, Тау сағалап желіп жүр. Тау ешкілер шағылда
Жазық жерден жеріп жүр. Сумаң қағып қасқыр да
Ұрлығына сеніп жүр. Тау марал бұғысы
Адамзаттың еркіне Асырауға көніп жүр.
Арқан тартып, тізіліп, Қаз-тырнасы қаңқылдап, Сырнай тартып аққулар,
Шағылып күнге жарқылдап, Далалы жерде дуадақ
Қойдан қоңыр жайылып, Құсбегілер сыбанып
Қаршығасын қайырып, Бүкірейіп мергендер
Аң мен құсты атып жүр,
Жамбасымен жантаңдап,
Екпеттей басып жатып жүр. Кәсібін о да айырып,
Аң терісін сатып жүр. Сарғыш тышқан ойнап жүр, Қара бауыр ін қазып,
Жер астына бойлап жүр. Ағайынды жер мен су, Ағашты дала қалың ну. Шөп пен ағаш бас жарып,
Қызылды- жасыл тігіп тұр. Қарағай, қайың, терегі - Жапырақ, гүлден желегі, Жаратылыс байлығы,
Адамзаттың керегі.
Қорада қойлар қоздаған, Биелері құлындап,
Сиырлары бұзаулап, Түйелері боздаған.
Жылдан жылға жаңғырып,
Алтайдан жұрт озбаған. Адам үшін байлыққа Алтайдан жер озбаған, Сары алтыны сарқылмай, Сағасынан қайнаған. Байлығымен осындай
Әсем Алтай жайнаған. Мәуелі ағаш ішінде Бұлбұлдары сайраған.
Сынаптай суы мөлтілдеп,
Айнадай болып жарқылдап, Көлдері жатыр көлкілдеп. Сұлу қыздар сыланып,
Шоқты гүлдей желкілдеп, Қызылды-жасыл желегі Жел соққандай лепілдеп. Кешке жақын жотаға
Таяғын алып кемпір-шал, Мал қайырып селкілдеп. Қарақат көз, жібек шаш,
Ал қызыл бет, қиғаш қас, Құйып қойған күмістей Денесінде міні жоқ. Ауызға біткен гауһар тас Жарқырайды, кірі жоқ. Сыры терең, сымбатты. Аузынан шыққан лебізі Бағасы артық қымбатты.
Қойлары майдан жүре алмас, Құйрығынан жарылып.
Сиырлары былқылдап, Жылқылары ыңқылдап,
Көрген жоқ майдан арылып, Шалғынды кешіп, жапырып. Сары қымызды тегештен
Құлаштап құйып, сапырып, Қошеметпен ауыл-үй
Бірін-бірі шақырып. Ойын-сауық, мәз-мәйрам, Ақындарын сайратып,
Кілем, сырмақ жайнатып, Домбыра, қобыз, сыбызғы, Сауықшылар ойнатып.
Ел қорғаған батырлар Қарсы шапқан жауларға,
Найзасын тығып бойлатып. Қамыс құлақ, қаз мойын,
Бастырмай қамшы, салды ойын. Шағылдан шауып, өрлетіп,
Ақ көбік шашып терлетіп.
Жылдан жылға кеңейіп,
Асыл Алтай ер жетіп, Қызықтырды байлығы,
Талайдың қолын серметіп, Жетпегенді еңіретіп,
Ыза кернеп жүрегін, Бойын ашу тербетіп. Өзендері сарқырап, Құландары арқырап,
Қойнынан жатыр төгіліп
Алтын-күміс жарқырап. Етектен көшіп, Алтайға Қазақ барып қоныпты, Мекен қылған Алтайда, Өріске малы толыпты.
Шайлығып майдан жүре алмай, Талай көлік зорықты.
Алтайға қалмақ қызығып, Шерік тартып, қазақпен Соғыспақшы болыпты.
Уайымсыз, қайғысыз Қазақ жатты жайлауда.
Көгалды жасыл көк шүйгін, Кілем жайып жайнатып,
Ел іргесін түреді
Бейғам жатқан қазақты
Кез- келген жерде найзамен Қалмақ сонда іреді.
Доланқара, Арқауыл, Қарасеңгір, Бөгенбай-
Ағайынды төрт қалмақ,
Төртеуі- батыр өрт қалмақ. Алтайды күшпен алмаққа, Қазақтың байтақ жеріне Ойран-ұрыс салмаққа
Жасасқан қатты серт қалмақ. Осы кезде жолаушы
Қабанбай, Барақ кетіпті. Ертістен ары бел асып,
Қызылсу, Шардан жол асып,
Барақ батыр, Қабанбай Қырғыз асып кетіпті.
"Батырлар жоқ",- деген соң, Қазақты қалмақ басынып, Алтайға қарай өтіпті.
Төскейге елді жайлатып, Алалы бие байлатып.
Асыл Алтай сәніменен Тастан суын қайнатып. Тыныш жатқан халыққа
Шаппақшы болып қалмақтар, Қылыштарын қайратып. Алтайда бейғам ел жатыр,
Балығы шоршып көл жатыр, Жер қайысқан шерікпен
Келе жатыр он батыр. Батыры қалмақ сайланып, Қалқан ұстап бетіне, Шаппақ болып қазаққа, Келді елдің шетіне.
Алтайды қалмақ қарапты. Жетпек болды сертіне. Жайға жатқан қалың ел
Ұшырауға жақын тұр Қалмақтың салған өртіне.
Сайланып келген көп қалмақ Ел шетіне кіреді.
"Қазақ жаяу қалсын,-деп,- Қалың өртке жансын",- деп, Жылқыны қуып алады.
Ағашты шатқал, орманға Қалмақтар өртті салады. Жасанып келген қалмақтан Қазақтар да қашыпты.
Талайы қырғын табады. Қалың қолды қалмақтар Алтайға әкеп жабады. "Қырғызға бірге барам",-деп, Сұрағанда рұқсат,
Барақ батыр бермеген:
"Жасың биыл он бесте. Дұрыс болмас, қарағым , Жастау қылыш сермеген". Ағаның айтқан сөзіне Жарамас-ты көнбеген.
Жоқ жоғалып, Барлыбай Алтайды жөндеп қарайды. Астындағы көк бесті
Бауырынан жарайды Сәнмен басып аяғын,
Таңғы Шолпан секілді Екі көзі жайнап тұр.
Астындағы көк бесті
Қайшылап құлақ ойнап тұр. Көк торғын киіп үстіне, Күлдәрі белбеу белінде, Батыр туған Барлыбай Өзінің туған елінде
Салқын қанды салмақты Сол күндердің өзінде.
Жауға аттанбақ ойында, Қайратын жауға арнапты. Атты-жаяу тартыстан
Барлыбайды ешкім алмапты. Алатын қыран қабақты.
Өлшеусіз батыр талапты. Асыл көзі болаттай.
Астындағы көк бесті
Ұшатын сұңқар санаттай, Ала қашып, құтырып,
Алды-артына қаратпай, Алалы жылқы айдаған, Кілем, кежім жайнаған Қалың көшке кез болды. Көшке көзін салады. Алдына таман қарады. Қыз-келіншек бір бөлек Топтанып кетіп барады.
Алтынды-күміс сәнменен, Сылдыраған әнменен
Көз жанарын алады. Алтын оқа, інжу тас,
Оқалы кәмшат жарқылдап, Көк сауыры құйма алтын, Тебінгісі сартылдап, Қынама иық, қима бел,
Асыл камзол үстінде Ақ алтыннан тігілген,
Асыл шапан сары алтын Қайыра жаға бүргізген,
Құйма ер-тоқым сары ала Құйылып кетіп барады. Сипатынан сұлудың
Көрген адам талады. Екі бұрым салбырап
Гауһармен өрген тізбектеп. Алмадай беті албырап, Бетінен қаны тамады.
Сондай жорға салтанат, Көштен бөлек, көгалмен,
Жарқылдатып даланы. Тлкі көрген қырандай Барлыбай жас қарады. Қыздың сәнді сымбатын Көріп, жүрек талады.
Айнала сағым жарқылдап. Көшті түгел шалады.
Жанартаудай жалтылдап, Көк бесті аты арындап, Шыға келді кезеңге.
Еңкейді көш өзенге. Сонда келіп Барлыбай Қыздарға қарай қырқалап Бой көрсете береді.
Танадай көзі жарқылдап Барлыбай жас беренді Айсұлу сонда көреді.
Сонда қыздың денесі Бір суып, бір күйеді. Қарамай көшке түйелі,
"Шөлдедім",- дейді Айсұлу, Жағасынан өзеннің
Қошеметпен түседі. Сынаптай мөлдір бұлақтан Қандыра шөлін ішеді.
Жамал атты жеңгесін
Сыр қағып сонда шақырды. Кісі еді о да ақылды.
"Әй, жеңеше, жеңеше-ау! Көк бестілі жігітке
Көлденең жүріп барыңыз. Артық туған нәсілі
Қандай ханның баласы? Қандай байдың мырзасы? Сұрастырып біліңіз.
Түбінде жазым біреуге, Дайын тұрады сол жігіт,
Хабарлас болып жүріңіз". Айсұлудың жеңгесі Жақындап келіп, жігітті
Өз қасына шақырды. Жеңгесі де таниды
Барлыбай сынды батырды.
-Сізді бикеш білуге
Маған бұйрық қосып еді. Өзіңізді ұқсатты,
Жақсыны көптен тосып ед. Қандай ханның баласы?
Қандай байдың мырзасы? Жөніңізді айтып кетіңіз.
Үмітіңіз болса бикештен, Көш артынан жетіңіз. Қарсы келіп айтқанға
Маған ғафу етіңіз.
Барлыбай айтқан: -Хан емес. Ханға көңілім бермеймін.
Байға жорық батылмын, Қайыра құлаш сермеймін. Сіздің бикеш көңілін
Малдыдан маған бермесін.
Іздегені мал болса,
Малдыға қолын сермесін. "Хан екен" деп, қызығып, Келмесін менің тағыма.
Өзі білсін, тоқтаса
Болашақтағы бағыма. Осы бастан ойлансын.
Бір күндерде: "Кедей" ,-деп, Шіркеу қылса арыма.
Барлыбайдың хабарын
Жеңгесі айтып келеді. Айсұлу қыз ежелден Жеңгесіне сенеді. "Әй, жеңеше, жеңеше!
Малды қойшы. Қайтейін? Жабысқан қолдың кірі ғой. Хан болмаса, қайтейін?
Хан халықтың құлы ғой. Мен байқасам, сол жігіт Хас батырдың өзі ғой.
«Өлді» деуге келмейтін
Батыр ердің жыры ғой. Ешкімге айтпа, жеңеше, Бұл жүректің сыры ғой, Ерінбесең, жеңеше,
Қайта айналып барып кел. Тіліңді алса, шақырып,
Осында ертіп алып кел".
Жеңгесі Жамал барғансын, "Жүр",-деп, қолқа салғансын,
Барлыбай батыр келеді. Айсұлу әмір еткен соң, Көш ұзап алыс кеткен соң, Басқа қыз жүре береді. Барлыбай мен Айсұлу
Бірін- бірі көреді.
Көш жүрген жаққа бағыттап Барлыбай бірге жүреді. "Көштен ұзап қалам,-деп,- Атадан сөгіс алам",-деп,
Кейін шауып желеді Бірін- бірі сүйісіп, Шын ниетімен түйісіп, Біріне бірі сенеді.
-Қонатұғын қонысың, Мал жүретін өрісің Анықтап айта көр,-деді. Айсұлудың жеңгесі:
-Анау бір жатққн көл,- деді.- Екі күн мөлшер өткенде,
Келіп қалсаң, жөн,-деді. Бірін-бірі қия алмай, Әзер ғана: "Қош",-деді. "Айтқан күннен кешігіп, Келсең, жолың бос,"-деді.
Серт байласып, қош айтып, жігіт кетті. Жақындап серт байласқан күн де жетті. Асығып бірін-бірі көріскенше,
Үш күні үш жылдай боп әзер өтті .
Он бес жаста Барлыбай.
Қалыңдық ойнап жүреді. Өмірді танып сүйген Сол қызықты күтеді.
Қоңырлап соққан салқын жел Екеуін желпіп сүйеді.
Бірін бірі құшақтап, Шын елжіреп күйеді. Ала болса аспанда, Ойнақтап келіп жүреді,
Кіріп-шығып бұлтқа ай.
Толықсып нұрға қарайды. Сүйіп тұрған жастарды Сәулесімен орайды.
Бірін-бірі құшақтап, Ішке жалын от түсіп,
Шын жүрекпен сүйіскен, Терең сырды түйіскен
Екі жасты қарайды. Бетін тосып бетіне,
Денесі балқып тұрғанда,
Деген хабар тарайды: "Жау келді елдің шетіне". Барлыбай жас өкінді:
"Әлдеқандай күн болар, Жете алмай кетсем сертіме. Жас басымнан кез болдым Ғашықтықтың дертіне.
Айсұлу, енді аман бол. Жүрек те кетті қабынып. Бір сен үшін құса боп,
Қайғыға тұрмын малынып. Ел шетіне жау келді.
Заман кетті тарылып. Кім өліп, кім қалады? Ішім күйіп-жанады, Жау кеткенше арылып.
Ажалсыз жан шықпайды. Іздеп таптым мен сені, Бірнеше жыл сағынып.
Барлыбай берен мен едім.
Айсұлу, маған тең едің. Қайғы басып тұрғанда, Жүрегіме ем едің. Бәрінен маған сол қиын. Артымда қалып арманда, Сенің қайғы жегенің.
Өлмей пенде қалмайды, Өлімге қайғы жемеймін. Қосылайық тірлікпен, "Өлім тіле",-демеймін.
Сенің қайғың батып тұр.
Айсұлу, саған не дейін?"- Деп, атына мінеді.
Қоштасқан қол жазылмай, Жүрер жолды бөгеді.
Мөлтілдетіп моншақтай Көзінің жасын төгеді.
Қайраттанып Барлыбай, "Тәуекел",-деп, жөнеді. Қаракөкпенен заулады.
Қисайып қана аумады. Суырып қылыш бұлғады, Садақ тартып толғады.
Түлеп ұшқан жас берен Ел мен жерді қорғады. Қалың қалмақ қаптады.
Алтайдың жонын таптады. Қазақты бала құрады.
"Көкжал Барақ"-ұраны. Бес мың шерік қазақтан
Қалмаққа қарсы тұрады. Еселеп қалмақ келеді,
Ұрыс сала береді
Қан майданның үстінде Талай адам өледі.
Қалмақ қырғын табады. Екпінінен баланың
Қалмақ естен танады. Шолпандай көзі жарқылдап, Тебінгісі сартылдап,
Жаңа шыққан жас берен Қылыш шапты қаршылдап. Екінді намаз кезінде
Қалмақтан шыққан Қаңқыл Барлыбайға тап болды. "Кешіктірмей кезек бер!
Қалмақтан енді тарт қолды!" Барлыбай кезек береді.
Қаңқыл батыр оңтайлап Найзасын алып келеді.
Қаңқыл найза сұғады. Найза сұққан қалмақты Барлыбай сонда ұғады.
Найзасын сұғып батырды. Найза тиген жерінен
Қызыл қан шапшып атылды. Барлыбай қылыш алады.
Сіресіп тұрған найзаны Қылышпенен шабады. Найза сынып кетеді.
Жаралы болды Барлыбай, Әлсіреп біраз қалады. Жалғыздық түсті басына,
Келмеді ешкім қасына. Барлыбай берен сол кезде Дәл он алты жасында.
Балаға кезек тиеді. Іші оттай күйеді.
Садақтың бауын ширатып, Иығына сүйеді.
Садағын кезеп тартады. Қайраты бала артады Қаңқылды оқ түйреді. Аяғы қалды ілініп,
Тепкілеп тұлпар сүйреді. Етін борша қылады Сүйектері күйреді.
Алмақ болып босатып, Барлық қалмақ жабылды Қалмақ мінген боз тұлпар
Тоқтамай шауып ағылды Кеудесі тасқа қағылды.
Мыжылып басы, жарылды. Бұлар бүйтіп жүргенде, Батыр туған Барлыбай
Жігіттің басын өзі алды. Қозы жауырын оқ алды. Қалмақты тұр асырмай, Қайраты тасып, басылмай. Атқан оғы зырласа,
Атып бала шырқаса, Қалмаққа барып жетеді. Қабатталып, қапсырып,
Қалмақтың қалың шерігін Жүздеп түйреп кетеді Қалмақтар да жақындап, Келе жатыр анталап, Кейбірі жыра, бұтаны, Қия жерді қалқалап.
Сонда да жас Барлыбай
Қаймығып одан, саспады. "Жалғызбын",- деп, қашпады. Қалмақтар сұмдық бастады. Айналасын қоршап ап,
Барлыбай сынды батырды Ортаға жалғыз тастады.
Оғы бітіп садақтан,
Барлыбай мерген налыды. Тура келген ажалдың
Құтқармасын таныды.
Қабанбай мен Барақты Сонда есіне алады: "Жалындаған жас едім. Қабекем, Барақ жоғында, Жаста болсам, бас едім.
Бір күнде мен жау тілеп, Қайратыма мас едім.
Қысылғанда қолдай көр, Қабанбай, Барақ батырым. Көрдім-ау дүние қапылын!
Қысылшаң күнде болмады Көмек берер жақыным.
Тауып басқа түсіп тұр, Жақындап ажал келіп тұр. Мына тұрған қалың жау Көптігіне сеніп тұр.
Қызығымды көре алмай, Жазасын жаудың бере алмай, Жастай өттім дүниеден, Қызық дәурен сүре алмай.
Жастай қылыш сермедім. Денемде қуат барында Жауға намыс бермедім.
Жан шығар мезгіл жеткенде, Айсұлу, іздеп келмедің.
Жаным барда денемде Ақ жүзіңді көрмедім
Маңдайыңнан бір иіскеп, Шөлім қанып өлмедім.
Қуат кетті денеден.
Құзғын, қарға жем қылды-ау, Өз қолыңмен көмбедің.
Өлер болсам, тезірек, Тұрмайын, енді өлейін. Ақырғы сапар өмірден Жағаласып көрейін.
Жан ұшырып Барлыбай Қолына қылыш алады. Кез-келгенін қалмақтың Оңды-солды шабады.
Қалмақтар да найзаны Жан-жағынан салады. Қарасеңгір, Бөгенбай, Доланқара, Арқауыл,
Мыңдаған қалмақ жабылды, Жүрегі бала қабынды
Көк бесті атқа оқ тиіп, Бауырынан қан сиіп, Жаяулап бала жүреді Ұрыс сала береді.
Шығындатты көп жауды Қазақтың жас берені.
Ортаға алып баланы, Найзамен қалмақ іреді.
Талықсып бала қалғанда, Екі көзден жас кетіп, Жалғыздыққа арманда,
Бірнеше жерден найзаны Қатар келіп салғанда, Қара көзі мөлдіреп,
Аппақ еті үлбіреп,
Денесі өсіп, қатпаған, Аз келгендей қалмақтар Үсті-үстіне қаптаған,
Халі бітіп, жас бала,
Екпеттей барып құлады Қалмақтар байқап тұрады. Қимылсыз дене қалғансын, Қалмақтар тастап кетеді.
Қазақты қуып, ықтатып,
Биіктен асып өтеді. Үйде жатқан Айсұлу
Түсінен шошып оянды. Аттай тулап жүрегі Айсұлу сонда зарлайды, Көзінен жас парлайды. Жеңгесіне жалынды:
"Барлыбайды іздеп барайын, Ат алдырып беріңіз.
Айналайын, жеңеше-ау!
Көз жасымды көріңіз. Ешкімге айта көрмеңіз. Мені біреу сұраса,
Сылтауын тауып, жөндеңіз". Қадірлесі - жеңгесі
Ат алдырып береді. Атқа мініп Айсұлу,
Тұлпардың басын тежеді. Қамшы басты тұлпарға, Құлашын тұлпар сермеді.
Зар еңіреп жылаумен Екі көзі көрмеді.
"Кешікпей мен де өлейін, Рас болса, Құдай-ау,
Барлыбайдың өлгені. Шолпанымды өлтірген
Қалмақтың қандай мергені? Тірі күнде көре алмай,
Іште кетті-ау арманым.
Қайғыңды тартып, Барлыбай,
Артыңда сенің қалғаным." Зарлауменен шабады.
Жүйткіді тау-тас, даланы. Біраз мезгіл өткенде,
Күн түс ауып кеткенде, Қалықтап, шулап, таласқан. Көрді құзғын қарғаны.
Барлыбай болып арманы, Айқасып жатқан қалмақтың
Өліктерін көреді.
Бір жерде жатыр көк бесті.
Босап кетті жүйесі, Билей алмай денені
Қаннан шапан жамылып, Тіршілікке зарығып,
Сөйлеуге тілде дәрмен жоқ, Кірпігі әзер қимылдап, Көзіне жасы іркіліп, Ақырын ғана ағады.
Барлыбайды көре сап,
Айсұлу аттан ұшады, Қан жамылған денесін
Екпеттей барып құшады. Ішіне жалын түседі.
Қайғының дертін ішеді. Жалғыз өзі зарлады.
Тарқамай кетті арманы. Жас басынан сұлуды Қайғыға жаудың салғаны. Көзін ашып Барлыбай,
Айсұлуға қарады.
Жан беруге айналып, Халі бітіп барады.
Ерні әзер жыбырлап,
Даусы шықпай, сыбырлап, Нашарлады, хал бітті.
Кірпігі зорға қимылдап, Денесінде сау жер жоқ Қылыш, найза тимеген. Ел мен жердің қамы үшін
Қандай ерлер күймеген? Қойғызды қолдан Айсұлу. Дәл биіктің үстіне Қабірін қазып, үйгізген.
Барлыбайдың артынан Ауру болды Айсұлу, Ақша жүзі сарғайып,
Басқа адамды сүймеген. Айсұлу зарлап кетеді Көп кешікпей дүниеден.
Ажал жетті, өмірден Айсұлу жас қайтады.
"Қасына қой,-деп,-Барлыбай," Өсиет қылып айтады.
Барлыбайдың үстінде Екі жастың моласы. Мекен болды халыққа Барлыбайтау саласы. Барлыбайдың биігін
Көрген сайын еске алар
Көкжарлының баласы.
Түн қатып, қалмақ түндетіп, Жер мен көкті күңірентіп, Қатын-қалаш, баланы
Қоралы қойдай шулатып,
Зорлыққа қазақ көне алмай, Жұмсады күш- қайратты.
Есепсіз келген көп қалмақ Бет алған жақтан таймапты. Қолға түскен жылқыны
Қайыра қалмақ айдапты. Жал-жая, сары қазыны Шерігіне шайнатты Қазақ, қалмақ Алтайда Жеке ұрыс салыпты.
Талай жерін Алтайдың Қаратып қалмақ алыпты. Тиянақтап тұра алмай, Сүйікті жері Алтайдан Сонда қазақ ауыпты.
Қара түн түсті басына.
Алтайдың бойы сел болды-ау Көзден аққан жасына.
Қуды қалмақ қазақты. Қазақ төтеп бере алмай, Қалмақтан тартып азапты, Қырғын тауып қазақтар, Алтайдан сырғып етекке, Ертістен де өтеді.
Алдыңғы қазақ сол кезде
Қызылсу, Шарға жетеді.
Тоғытылып Ертіске Бірнеше адам кетеді. Дәурен сүріп Алтайда,
Басып алған қалмақтар Арманына жетеді.
Бұл жақта бүйтіп жатқанда, Алтайдан кеткен батырлар Қырғызды барып шабады. Қазақтан кеткен батырлар
Қырғыздан олжа табады. Хабар болмай неше жыл,
"Айрылдық,-деп,-Алтайдан", Жолаушы кеткен ерлерге
Елі хабар жазады.
Шығын болды көп адам Мезгілі жеткен, қазалы. Соныменен арада Бірнеше жыл өтеді.
Батырлар да жетеді.
Елге келіп тынықты.
Қалмақ қылған қылықты. Аяусыз елді қырыпты,
Құрыта жаздап ұрықты. Барақ батыр сол кезде Абылайға шаптырып, Ақыл қып, кісі салады. Бірнеше айдың ішінде
Абылайдан хабар алады. "Асықпа, батыр, барамыз.
Қайтсең де, шыда, мені тос. Кешікпей мен де барамын. Жаз шығып, ат күйленсін. Құрт-құмырсқа үйленсін.
Тоқтылардың құйрығы Қатайып, толып, біленсін." Шыдамай Барақ жүреді.
Қатты ойлап, шаршап жүреді. Керауыз аттың сол кезде
Қабырға, жоны түледі.
Құйрығы тоқты қатайып, Реңіне кіреді.
Қараған, бұта бүрлейді. Шөп-шалғындай гүлдейді.
"Қашан келед Абылай?"-деп, Сонда Барақ шөлдейді.
Шақырып алды қасына Қабанбай менен Танашты, Іске татыр адамды.
Жинап алып қарашасын,
Абылайды қайтеді,
Енді он бес күн тоспақшы. Абылай онда келмесе, Келіп, көмек бермесе, Бастаған Барақ батырлар Қалмаққа қарай аспақшы. Абылайды тосқанға
Он бес күн мөлшер толады. Барақ батыр қалмаққа Аттанбақшы болады
Ыза кернеп жүрегін, Уайым менен қайғыны Тәуекелге тіретіп.
Керауыз ат тұр тықыршып Тұлпар мүсін, суретті.
Барақ батыр ашуы Кеудесіне сыймайды. Қалмақтан кек алуға Батырларды жинайды. Барақ тұрып ал сонда
Деді: "Абылай келмеді. Арыстаным- Абылай , Екі айтуға жөн бе еді? Енді сізді тосуға
Ыза шіркін көнбеді.
Тұқымдай жерге тығылып Қысылып болды ел,-деді- Абылайды көп тостық.
Тоқтамай енді, жігіттер, Жауға аттанған жөн,-деді. -
Барақ батыр мен болсам, Қабанбай батыр-сен,-деді.- Аруақты Дәулетбай,
Ақылды туған Қазыбек, Артық туған Жәнібек, Алатын қыран секілді
Танаш батыр кел,-деді,- Толғауы тоқсан Толыбай Арттан ерген халыққа, Жас та болса, бел,-деді.-
Әй, Абылай, Абылай!
Аруағың себеп боп,
Жолды қылшы, бір Құдай. Қоныс алып берейін
Тірлігімде жұртыма-ай. Қалмақты қуып, Алтайдың Шығарайын сыртына-ай. Қабанбай мен Дәулетбай, Сол қанатын Ертістің Қуалай соғыс ашарсың.
Жан аямай қимылдап, Тарбағатай тауларын
Қайтадан алып, басарсың. Толғауы тоқсан Толыбай, Осыдан тура кетерсің, Сол кеткеннен қырқалап, Ертістен ары өтерсің.
Мінер жаққа бұрылып, Алтайға таман жүйткісең, Ата қоныс жеріңе
Сонда барып жетерсің. Қабанбайдың астында Қубас ат тұр ойнақтап.
Танаш мінген Байшұбар. Батырлар тартты шерікті, Бастаған Барақ батырлар Ертіске жақын келіпті.
Қазақтың қалың шерігін Қалмақтар да көріпті.
Екі жақтың шерігі
Садақ тартып зырқыратып, Атқан оқты шырқатып,
Екі жақтан екі ел
Ертістен кесіп өте алмай, Қамаласып тұрысты.
Бірін- бірі атысып,
Алыстан тұрып ұрысты.
Барақ айтты, ал, сонда:
"Алыс жерден ұрысып, Күн өткізіп тұрысып,
Бітірмеспіз жұмысты, Бұл жерде көп тұрғанмен, Жау алады тынысты.
Найзаны қолға алыңдар. Тәуекелге бел байлап,
Ертіске атты салыңдар. Ажал келсе, өлерміз.
Абырой берсе, бұл жауды Талқан қылып жеңерміз. Ата қоныс-Алтайды
Зорлық қып басып алғанға Қалмаққа қайтіп берерміз. Жерсіз қалсақ, бәрібір
Тірі күнде азапты
Жоқшылықтан көрерміз." Алдында айқай салып Барақ кетті.
"Бұдан біздің қайсымыз аяулы?"-деп, Ертіске қалың қазақ түсіп кетті.
Қалмақтар өткізбеуге садақ тартты. Садақтың оғы қарша борап жатты.
Ажалды суға кетті, оққа ұшты, Үшеуінің екісі судан өтті.
Судан өтіп, қалмақпен араласты. Танаш батыр атына қамшы басты.
Ер Танаш, ер Жәнібек, батыр Барақ Ақырып арыстандай жауға айқасты. Ерлердің қылышынан қан тамшылап,
Қылыштап жаудың қанын суша шашты. Барақ айтты: "Жігіттер, аяма жан.
Кек орнатты жүрекке төгілген қан.
Жау жеңілмей, қазаққа тыныштық болмас. Шығынсыз жеңіс болмас, бұл сөзге нан." Ер Барақ солай сөз айтты.
Өте асығыс, тез айтты. Майдан, ұрыс ашады. Қайраттары тасады.
Батырларға төзе алмай, Қалмақтар сонда қашады Барақ айтты ал сонда: "Бас қосатын бәріміз
Қара Ертістің мойыны - Бөгенбай, Сауыр арасы - Екі таудың қойыны".
Жондап Барақ кетеді. Бірнеше белден өтеді. Жүрген жерде қалмақты Түйреп қырғын етеді.
Қойдай қырғын етеді. Қазақтан да көп адам
Қаза тауып кетеді.
Көзін салып Барақ ер, Алыстан қарап төнеді, Барлыбай тауын көреді. Барлыбай түсіп есіне, Көзіне жас алады.
Өртеді бауыр өзегін. От боп, күйіп-жанады. Бауырына қайғырып, Барақ естен танады.
"Қарағым менің - Барлыбай,
Қаза таптың қалмақтан.
Өзім жоқта елімді Дінсіз қалмақ зарлатқан.
Барлыбай - менің Шолпаным, Арманына жете алмай,
Жас кетті ғой сұлтаным." Еңіреп, боздап ер Барақ, Қабырғасы қайысты,
Қара шашақ найзасы Салмағына майысты.
Найзасын жерге тіреді.
Өзіне өзі серт берді:
"Бір Барлыбай басы үшін, Арманда кеткен жас үшін Өлтірейін, өлейін.
Барлыбай-жас бауырым, Тірісінде көзімнің Кегіңді алып көрейін." Өрлеп келіп Алтайға, Іздеп тапты ер Барақ
Барлыбайдың биігін.
Жан- жағына көз салып, Көрді құлан-киігін.
Айлана қарап, көреді
Қорғынды мен Жайдақтай Шүйгін жердің сауырын. Қарасын байқап көреді Қалмақтай көп жауының. Бөгелтіп қойды, қаңтарып, Кертөбел аттың бауырын
Артында қалған асқардың Талайын Барақ асып ед.
Қарсыласқан қалмақтың Көңілін судай басып ед. Шаршағанда, дем берген, Ауырғанда, ем берген Алтайдың жері асыл ед.
Тасы - алтын, суы күмістей, Көкорай шалғын пүліштей. Түрлі жеміс түрленіп,
Ағаштары гүлденіп
Тұрғанын Барақ көргенде, Ыстық тартып денесін, Басын шайқап ойлайды: "Туған жерді қалмаққа Қайтіп қиып бересің?
Басқа түссе, бейнетті Қайтсең-дағы, көресің. Ажал жетсе бір күні, Өзіңнен өзің өлесің.
Іздесем, қайдан табармын Алтайдай жердің төресін. Анау жатқан Ертіс пен
Тарбағатай, Маңырақ, Алтай, Сауыр арасы Айқасып жатыр аңырап. Шулап жатқан көп байлық Мен мұндалап, маңырап. Сұлушоқы, Қусүті,
Құзғынды, Жайдақ, Бұланды,
Алдымда тұрсың көрініп. Шымыркесік, Балтабай, Қасқаби, Балақаз,
Ойтерек пен Мешінді
Шөбі шүйгін, малға жай. Жау қолында жүргенде, Жер кеткен соң, ел кетер, Кейінгі балам ер жетер. Оны да жау еңіретер.
Ажал келсе, дүние өтер.
Өлмесем, тірі, нем кетер?"- Деді-дағы ер Барақ,
Мініп алды атына. Қайрат берді, айқайлап, Барлық қазақ халқына. Жерін көріп, тыңайып, Түсті қайтып салтына.
Сауыт-сайман жарқылдап, Тебінгісі сартылдап, Көлденеңдеп жөнелді
Жауға қарай жарқ ұра.
Танашқа ерген бір шерік Алтайды жондап кетеді. Бараққа ерген бір шерік "Белбасар" деп Алтайдың Ортасынан өтеді.
Ер Жәнібек, Қабанбай Екі жағын Ертістің Жағалай шауып кетеді. Бәрінен де бұлардың
Барақтың жолы төте еді. Күрсін батыр күркіреп, Шерік тартып дүркіреп,
Жауатын күндей сіркіреп. Қайғы басып қабағын, Қырғызып талай адамын, Қырсықтан Барағың
Баса алмай келед қадамын. Барақ тағы ойлайды: "Жауға алдырмас қамалын
Алтайдың көп кезеңі.
Ортасында өзені.
Қалмақтың көрсін батыры Сол өзеннен өткенді".
Атақты Көкжал Барақ та Жетіп қалды қабаққа.
Ер жүректі батырлар: "Жау қолында өлем",-деп,
Қысылып, сасып, қарап па? Күрсін батыр ақырады,
Жоқты сөйлеп, шатылады:
"Көкжал Барақ сен болсаң, Жеке кел!"-деп шақырады. Керауыз атты керілтіп Оқтай Барақ атылады.
Қайраты тығып батырады. Күрсін батыр дау қылып, Бараққа қарай ақырады.
Батыр қалмақ ашынып, Найза тиген жерінен
Қанды көбік шашылып, Жақындап келіп Бараққа, Қылыш сілтеп, шабады. Ат үстінен алысып, Келтірмей тұр шаманы.
Тыңдамай қалмақ барады Денедегі жараны.
Барақ батыр сол кезде Атынан түсе қалады. Атта тұрған қалмақтың
Жағасынан алады.
Аттан жерге түсісіп, Жаяу ұрыс салады.
Екі батыр тұрған жер Тізеден келген қан болды. Іалың шерік анталап, Өзеннің іші шаң болды.
Батыр қалмақты ала алмай, Аялдап біраз қалған
Бараққа үлкен ар болды.
Жағаласып белдескен, "Өлісуге кел",-дескен, Қанды өзеннің үстінде Біріне бірі дендескен. Бір мезгілде Барақтың
Тікірейді түктері.
Екі жақтың шерігі
Қаратып тұр халықты. Екеуінің біреуі
Өлетіні анық-ты.
Бір мезгілде ер Барақ Көзі оттай жаныпты,
Қынаптан қылыш суырып, Күрсін батыр қалмаққа
Шекеден дәлдеп салыпты. Қатты тиген қылыштан Күрсін батыр талыпты.
Басын кесіп алыпты. Өзенде қалып өлігі, Ат қойылып өзенге
Күрсін болып қалыпты.
Өзгеріліп, өңейген, Арнасы өсіп кеңейген Қазіргі Күршім - сол өзен, Таусылмас суы мол өзен. Сол өзеннің ішінде Қалың ұрыс басталды.
Талай бастар кесіліп, Ағынды суға тасталды.
Аямай қырып, шауып жүр.
Кәрілерді жастары.
Қазақтың қалың шерігін Барақ өзі басқарды.
Күршімнен ары өткенде, Доланқара, Арқауыл
Қырқасына жеткенде, Барақтың қалың шерігі Осы таудан түсілді.
Соғысқан жерден қызыл қан Судай болып жосылды.
Артынан келіп қалмаққа Бірнеше шерік қосылды. Доланқара, Арқауыл -
Екі батыр бас болып, Екі шерік келеді.
Шерігімен Барақтың Ұрыс сала береді.
Талай қырғын көреді. Талай адам өледі.
Екі таудың арасы,
Доланқара саласы
Қысылшаң, қиын жер еді. Мінгені Барақ кер еді
Шығар жері өр еді.
Сол биікке шыға алмай, Терең сырды ұға алмай, Көп қиындық көреді.
Бірнеше күн түнеді.
Шерік тартқан көп қалмақ Жан-жағынан бүреді.
Азайды халі Барақтың. Бәрі қалмақ алаптың. Мың сан қолдан айрылып, Үстінде тұр кер аттың.
Қазақтан көмек келмеді. Қалмақ есе бермеді.
Барақ сынды батырға
Есе алмай, өлу жөн бе еді? Алды-артынан қараса,
Он бес мыңдай адамнан
Елу адам қалыпты. Көпшілігі бұлардың:
"Шамасызбыз",- деп, налыпты. Қалың шерік қалмақтан
Айнала қоршап, қысады. Атылған садақ оғынан Бірнешеуі ұшады.
Қан жосып, қайғы ішеді. Басқа қайғы түседі.
Барақ сонда қысылып
Жан-жағына қарады. Еселеп қалмақ шерігі Қара құртқа ұқсайды.
Көрсетпей тау, тас, даланы. Сонда Барақ қайғырып,
Абылайды еске алды: "Арыстаным-Абылай, Қиынға шауып өрледің. Қысылған кезде қасыма Халім сұрап келмедің.
Егескен жерде қылышты Жауға қарсы сермедің.
Батыр тудың жасыңнан. Жауға кекті бермедің Жаудан кекті ала алмай, Басына қайғы сала алмай, Ажалдан бұрын өлгенім. Абылай, сенің барыңда Жеңіліп жаудан көрмедім. Ішімде кетті арманым.
Жау қолында қамауда Осы ма енді қалғаным? Осылай болса тағдырда, Не болса да, көрермін Басқа Құдай салғанын".
Қайғырып Барақ тұрады, Алладан дәрмен сұрады. Жан шығуға айналды.
Бермей тұр жау аялды.
Азғантай қазақ шерігі
Тағы да қайта тұрады: "Қайраттарың бар ма?"-деп, Халдерін Барақ сұрады.
Қозғала алмай жарадан, Кейбірі тұр талығып.
Кейбірі әзер шыдады.
Сырлыбай сонда зарлайды: "Аруағы қазақтың
Қайтіп қана сынады?"
Тыңшы құлақ Сырлыбай
Аттан түсе қалады,
Құлағын жерге салады. Алыстан дүбір шығады. Құлағы соны шалады.
Түрегеліп Сырлыбай, Бараққа баян етеді: "Сабыр берсе ажалға, Біраз шыда, батырым. Кешікпейді, жетеді.
Батыр туған Абылай
Іздеп мұнда келмесін, Бізге көмек бермесін",- Дегенде, Барақ қуанды. Айқайлап қолға ту алды. Қарауылда Қалдыбай
Арыстандай ақырған
Алыстан шыққан дауысты, Күндей болып күркіреп
Абылайлап ат қойған Қалың қолды көреді.
Бараққа хабар береді. Барақ көріп шерікті, Сергіп сала береді.
Шолпандай көзі жайнайды, Тау суындай қайнайды.
Талықсып тұрған ер Барақ Бұлбұлдай болып сайрайды: "Атағы зор Абылай.
Соны әкелді бір Құдай Тұмарға тұмар табайын.
Тау суындай ағайын. Ерегіскен жаулардың
Көрдім ғой мен де талайын". Көкжал Барақ сөйтті де, Көзін салып қарады.
Қамап тұрған қалмақты Бұзып-жарып шабады. Қылыш пенен найзаны Кезек-кезек салады.
Келе жатқан Абылайдың
Қалмақ жолын ашады,
Алды-алдына қашады. Абылайды көргенде,
Қалмақтар қатты сасады. Ақ туын алып Абылай Айқай салып келеді.
Қысылып тұрған Барақты Алыстан болжап көреді. Шығар жері Абылайдың Қиын шағыл өр еді.
Шағылдан шауып келеді.
Абылайды құрметтеп. Барақ сәлем береді.
Қуанышпен қарсы алды Абылай батыр төрені.
Бұрын туған Барақтан Қазақтың ұлы берені Іздеп келіп алыстан, Барақ ерді жебеді:
"Әлі таудан асырмай,
Не қылып тұрсың, Барағым?
Біраз қажып қалдың ба, Серік жоқ боп, қарағым? Ал, атқа мін,-деді де.- Батып барады күн,-деді,- Батырайық қарасын.
Жауға қарай жүр",-деді. Қалмаққа келіп тиеді.
Қалмақ құрттай көп еді. Өліктерін қалмақтың
Мола қылып үйеді. Доланқара тауынан
Асырып айдап келеді. Сазайын қалмақ береді. Тау басына шыққанда,
Талайын жерге тыққанда, Он мыңдай ерткен шерігін Үйген төбе секілді.
Астындағы керігі
Таңнан келіп тиісетін
Басылмаған желігі Бір үлкен отау секілді
Басында қалған бөрісі. Түңліктей құлағы.
Елестер көзіңе.
Желге қарсы желкілдеген. Сулы жердің құрағын,
Танауынан аққан су
Таулы жердің бұлағын Қазған құдық секілді.
Екі қазақ тесіктің Аузын ашып, ақырса, Қас қаққанның есігін,
Білекке біткен бұлшық ет Жас баланың бесігін.
Табытын қағып Бараққа: "Кел!"-деп, айқай салады. Сол бір кезде Абылай Бараққа жақын келеді:
"Ажал келсе, пендесі
Мезгілсіз жан береді, Дүние бақи, тірлік жоқ. Өлмей пенде қалмайды. Осы жүрген адамның
Қара жер бәрін жалмайды Доланқара батырдың Басын кесіп алмасаң, Істің сәті болмайды.
Қайратыңа мін, Барақ. Мен де тілеп тұрайын,
Құдайдан дәрмен сұрайын.
Тірі күнде қорлыққа Қайтіп қана шыдайын? Доланқара батырдың Басын кесіп алмасаң, Алшысынан салмасаң,
Қалмақ бізге алдырмас, Осы таудан ары қарай Аяқты аттап салдырмас". Көкжал Барақ орнынан
Жылдам ұшып тұрады. "Тәуекел",-деп, ерлікпен Құдайдан дәрмен сұрады. Абылайдың ақылы Жүрегіне ұнады.
Абылай батыр айтқансын, Өлімге батыр шыдады.
Мұнан бұрын Абылай Батырларын қазақтың Талай рет сынады.
Қылышын Барақ асынды.
Абылай қатты ақырды: "Батырларын қазақтың Қалмақ неге басынды?" Сонда тұрып ер Барақ Садағын алып толғанып, Сауыт киіп қорғанып,
Абылайды көрген соң, Абылай бата берген соң, Доланқара қалмақтың
Түрін байқап көрген соң, Доланқара қалмақтың Түрін байқап, білген соң, Арыстандай ақырды,
Бар қайратын шақырды.
Өзі туып, көрген жоқ Абылайдан жақынды. Найзасын қолға алады. Ызасына қалмақтың От боп күйіп- жанады.
Арыстандай ақырған, Жекпе-жекке шақырған Доланқара алыппен
Ұрысуға барады.
Абылайдан бата алып, Әдеппен Барақ иілді, Бір Құдайға сыйынды.
"Ел мен жерім, сен үшін, Соғыста өлген ер үшін Боламын,-деді,- құрбан".
Болуға батыр қиылды.
Барақ батыр денесі Әр жерінен жаралы.
Басқан жерден таймаған Батыр ердің табаны.
Көкжал Барақ көпірді. Жауланып жүрек, лепірді. Керауыз ат керіліп,
Атқан оқтай секірді. Доланқара күркіреп.
Келе жатқан секілді.
Жүрегі Барақ қабынды. Жау қауіпті, ағынды.
Іаңтардағы бурадай Біріне бірі шабады. Қалмақ кезек сұрады. Шыдап Барақ тұрады. Келістіріп кеудеден
Найзасын қалмақ сұғады. Найзаны қалмақ бұрады.
Қарауына қалмақтың Барақ батыр шыдады. Тоғыз қабат сауыттың Сегізінен өтеді.
ҚаҺарлы қалмақ найзасы, Аса түсіп айласы, Бәрінен де өтіп кетеді.
Етінен өтіп Барақтың, Сүйегіне жетеді.
Асыл найза шақырлап
Сүйекке барып шақ етті. Сүйектен от жарқ етті. Қанша қалмақ сірессе, Сүйегінен ары бармады. Найзасын алып, қырлана, Барақ-тағы қарманды.
Сонде Барақ ақырды.
Аруаққа сыйынып, Пірлерін шақырды.
Найзасын жауға кезеді.
Қайратын жиып безеді. Ашуланып, долданып, Барақтың ұрар кезегі. Жауға намыс бермеген,
"Жау" десе, қарсы өрлеген, Толып тұрған кезі еді.
Найзаны жауға салады. Найза кіріп барады.
Еттен өтіп, сүйекті
Шақырлатып жарады.
Қалмақ естен танады. Арнадай қаны ағылып, Қызыл ала кілемдей
Бояды сел қылып даланы. Бата тиген найзадан
Доланқара қалмақтың Шығуға жаны айналып, Алайып көзі барады.
Сара тіліп сауытын, Етінен өтіп, сүйегін,
Шақырлатып жарады. Қалмақ естен танады. Жанын алып барады. Көзін мұнар шалады.
Арыстан айбат Ер Барақ Қынаптан қылыш алады. Найзасы сынып қалады. Ат үстінен алысты.
Бірін-бірі сайысты.
"Бермейміз,-деп,- намысты",
Қарысып қатты тіресті, Ат үстінде сіресті.
Аттан түсіп алысты, Бірін-бірі шалысты. Жағаласып белдесті, "Өлісетін жер",- десті. Екеуі де ойлайды
Тірі қалып, өлместі. Жан таласқан жағалас, Аққан қанға қарамас.
Жан алып, жан беруден Басқаны ойлап, санамас Іаннан шапан киіпті, Сыбағасын алып жүр Батыр қалмақ тиісті.
Қол басшысы - қол батыр, Қайраттары мол батыр.
Жүрген жерде батырлар
Қазандай ұйып қан жатыр. Қаруды тастап, алысты.
Қанды шеңгел салысты.
Кеңірдектен қол тиіп, Доланқара батырдың Кеңірдегі қабысты.
Тынысы сонда тарылды. Дауысынан шыңғырған Жеті қат көк жарылды. Бұрқыратты ауыздан Қанды көбік, жалынды. Кеңірдек кетті жұлынып.
Батыр қалмақ құлады. Таудай болып тұрады. Дәл сол кезде Ер Барақ
Алладан дәрмен сұрады. Алып ұрып, үстінде
Шүкір қып хаққа тұрады. Жау шерігі төгілді.
Қабырғасы сөгілді. Доланқара батырдың Барақ батыр үстінде
Тау басында отырған Қаршығадай көрінді. Бараққа қарап төнеді. Абылайдың шерігі
Абылайлап келеді. Екі жақтан екі қол Құйылысып келісіп, Ұрыс сала береді,
Талай қанды төгеді.
Алдымен келіп Абылай, Қалмақтың қалың қолдарын
Жалғыз өзі бөгеді.
Абылайлап шапқанда, Күңіренді, солқылдап, Жер мен көктің арасы. Қайраттанып кетісті Абылайдың дауысын Естіген қазақ баласы.
Абылай қылыш ұрып жүр. Найзалары қалмақтың,
Қылыш тисе, сынып жүр. Қарсы келген қалмақты Қан сасытып қырып жүр. Өліктерін қалмақтың
Төбе-төбе қылып жүр. Абылайдың шерігі, Барақ атты серігі,
Абылайдың ағыны, Алтайдан соққан дабылы, Ақырғанда дауысы,
Су шайқалып, тас ұшты.
Ат басып, таудан бас ұшты. Көрген адам таңырқап, Қаһарманнан бұл күшті.
Топырақ пен тозаңнан Күннің көзі тұтылды. Бұл соғыста қалмақтар Қаза тауып, ұтылды.
Абылай мінген ақ боз ат, Айқайласа Абылай,
Ала қашып, құтырды.
Абылайдың шерігі Ілгері басып, ұмтылды.
Бет келгенде, қалмақтың Қайсысы мұнан құтылды. Абылай жақтан көп қалмақ Қашып кетіп барады.
Талайын аттан түсірді. Талайын ұрып ұшырды. Өліктерін ақ боз ат
Басып кетіп барады.
Іарсыласып келе алмай, Іазаққа шыдап төзе алмай, Іалмақтың қалың шерігі Жасып кетіп барады,
Доланқара тауынан Асып кетіп барады.
Өлімнен қорыққан қалмақтар Сасып кетіп барады.
Абылайдың жүрегі
Тасып кетіп барады. Дәл сол кезде Абылай Көрді-дағы Барақты, Өз қасына шақырды, Жақын көріп жүрегі
Барақ сынды батырды. "Бақытың өссін, Барағым. Үлкен іске жарадың.
Қойып едім тегінде
"Көкжал Барақ" атыңды.
Болмайды енді арманым.
Көзі тоймас пенденің. Абырой болды қазаққа Доланқара батырдың Басын кесіп алғаның. Дұрыс болды қалмақты
Қайғыға үлкен салғаның. Шалғыншымен шалдырсаң, Мына жақта Жәнібек, Мына жақта Қабанбай,
Мына жақта Танаштың Хабарын тез алдырсаң".
Барақ батыр ал сонда Қарады мезгіл тарлығын Абылайдай басшының
Екі қылмай жарлығын, Аттандырды Ер Барақ Шалғыншыны таратып.
Қарауылды мықты қылып, Биіктен қойды қаратып,
Арғымақ атты қасына Бауырынан жаратып.
Шапқыншылар шабысты, Қамшы басып тұлпарға, Жақын етті алысты.
Қалың соғыс ішінен, Іздеп жүріп неше күн, Батырларды табысты.
Бұлар да жаумен алысып, Ар-ұятқа қарысып,
Жауға қылыш шабысып, Ер Жәнібек сыбанып,
Қырандай түлеп, сыланып, Арқауылмен алысып,
Асыл қылыш шабысып, Дұшпан жауын өлтіріп, Істі орнына келтіріп,
Тасып тұрған кезі еді. Аптыққан жаудың екпінін Басып тұрған кезі еді.
Көп қалмақпен майданды Ашып тұрған кезі еді.
Жау шабуылы тоқталып, Қашып тұрған кезі еді.
Батыр туған Жәнібек,
"Абылай келді",-деген соң, Арқаланып жөнелді.
Алар жауға келгенде, Батырлар қашан бөгелді? Енді ұранды жаңартып,
Абылайлап шабады.
Толықсып тау күңіреніп, Абылайлап шапқан ел
Шайқалтты тау-тас, даланы. Жапырылып қалмақтар Шабылған шөптей қалады. Аруағынан шошынып,
Дұшмандар естен танады.
Ер Танашты іздеген Абылай, Барақ елшісі
Неше күндей таба алмай, Танаштан хабар ала алмай, Кеткен жағын Танаштың
Сұрап, біліп, қана алмай, Дерегін білмей Танаштың,
Бараққа қайтып бара алмай, Салмақты туған Сандыбай Алтайды жондап жөнеді.
Астындағы сұр бедеу Азу тісін қайырып,
Ауыздыққа егеді.
Жалама құз шатқалдар Жүрер жолды бөгеді.
Арыстан, аю, жолбарыс Жүрген жерде көп еді. Бірнеше күн жүреді.
Иен тауға төнеді. Күршімнен қиып өткенде, Қырылған адам өлігін Бірнеше жерден көреді.
Біреудің басы кесілген, Кейбіреудің іштері
Найзаменен есілген.
Шала жансар ыңырсып, Қасына келген адамды Адастырар есінен.
Іздеуменен болдырды Сандыбайдың керігі. Жүрген сайын көбейді Қырылған адам өлігі.
Жондап келіп Алтайды, Үстіне Жүдеу шығады. Сабаз туған Сандыбай
Танаштың қайда жүргенін Сонда барып Үғады.
Танаш батыр мінгені- Бөкен санды Байшұбар. Байшұбардың қасында Басқа жылқы тай шығар.
Еліктей ыршып құздардан,
Жүрген сайын құлағын Әсем етіп қайшылар
Жылытаудың сыртын жүлгелеп Жүдеу батыр шерігі
Күршімге таман жондайды. Биікке бұрын шықпаққа
Танаш та қанат қомдайды. Майдан жердің шамасын Алыстан Танаш болжайды. Қалмақтың Жүдеу батыры,
Қалдан Шерден қасында, Ашу кернеп жүрегін,
Ұмтылып келеді асыға. Танаш та барып жетеді Жүдеу шыққан биіктің
Биігірек басына.
Жүдеу атын ойнатты, Жекпе-жекке шақырып.
"Тезірек кел!"- деп ақырып, Батырларын қазақтың
Сонда біраз ойлантты. Ер Танаштың қасында
Едіге батыр, Шоң батыр, Айдынды жауға келгенде, Ақыл-айла мол батыр.
Танаштың тартқан шерігі Таусылып қалған кезі еді.
Қалмақта қалың қол жатыр. Танашқа келіп Едіге, Тізгінін тартып тҮрады.
Жүдеу қалмақ батырға Жекпе-жекке баруға
Танаштан рұқсат сұрады. "Едіге сынды батырым, "Барам",-десең, бар,- деді.- Жаудан кекті ал,-деді.-
Түрі жаман қалмақтың. Қара шашақ найзасын
Қылышпен қағып сындырып, Ақ сүңгілі найзаңды
Өзінен бұрын сал",-деді.- Едіге батыр сол жерде
Танаштан бата алады. Жүдеу батыр қалмақпен Қарысуға барады.
Жүдеу кезек сұрады. Кезек беріп Едіге, Сабыр қылып тұрады. Іара шашақ найзасын,
Асырмақ болып айласын,
Қара шашақ найзаны Едігеге төндірді.
Қалмақтан бұрын көрген жоқ Едіге мұндай өндірді.
Екі көзін қараса,
Он бестегі айдың шарасы. Екі қарыс көрінед
Қас пен көздің арасы. Тебінгідей маңдайы. Бұған өлшеу болмайды
Бұл жүрген адам қандайы.
Екі иықтың арасы, Жайса, құлаш жетпейді. Үстіндегі сауыты,
Атса, садақ өтпейді. Жүдеу батыр найзасы, Нұсқаса, құр кетпейді.
Қалмақтың ұрар кезегі, Бір бәленің боларын Сонда Едіге сезеді.
Қылыш алып, оңтайлап, Едіге бойын тежеді.
Қалмақтың Жүдеу батыры Найзасын дәлдеп кезеді.
Сілтегенде найзасын, Қылышпенен шауып қалады. Сілтеген қылыш дәл тиіп,
Найза сынып қалған соң, Ат үстінен қылышпен
Бірін-бірі шабады.
Түбінде өлмей қала ма Мезгілі жеткен қазалы? Қылыштасып жатысты, Қызыл қанға батысты. Екі жақтың шерігі
Садақ тартып атысты. Бір мезгілде Едіге
Жүдеуге қылыш ұрады. Кезек беріп ұруға,
Жүдеу шыдап тұрады.
Едігеден ер қалмақ Қайта кезек сұрады. Жүдеу қылыш ұрғанда,
Іайта айналып тұрғанда, Ауытқып кетті Едіге.
Аттың басын бұрғанда, Жүдеу қалмақ қылышы Қате тиіп кетпей ме?
Қаруы асып қалмақтың, Бата тиіп кетпей ме?
Шекеден қан шашылды.
Қылыш тиген жарасы
Бір қарыс болып ашылды. Едіге мінген боз тұлпар Шерігіне қазақтың
Бұрылып ала жөнелді.
Танаш айтты: "Бұл қалмақ Талайдың қанын төгер-ді". Ұрықсат сұрап Шоң батыр, Танаш біраз бөгелді.
Едіге ерге сүйеніп, Ат үстінде өбектеп Әзер жүріп келеді.
Халі азайған батырды Қазақ түгел көреді.
Ұрықсат алып Танаштан, Шоң батыр сонда аттанды, Жаудан кекті алмаққа Қаруын алып, саптанды.
Едіге қалды тілсіз боп,
Батыр қалмақ шаттанды. Есебін тауып Шоң батыр Тәуір көрді қалмақты
Садақпен дәлдеп атқанды. "Мықты жоқ,- деп,- өзімнен", Жүдеу қалмақ мақтанды.
Алдырмасқа қалмаққа Шоң батыр да сақтанды.
Жүдеу мен Шоң шайқасып, Жата беріс байқасып,
Ат тұяғын қан бояп, Талай адам майданда Өліп жатыр айқасып. Едігеден хал кетті,
Тамшылап жылы қан кетті. Жүрегі әзер лүпілдеп,
Бөкседен төмен жан кетті. Тілі кетті күрмеліп,
Екі көзі жасаурап,
Батырдан тұрпат-сән кетті. Қырық бес- толған жасы еді.
Бір ру елдің басы еді. Өтіп кеткен тіршілік
Жарты күндей болмады, Көрінбеді көзіне
Көзін ашып-жұмғандай. Өмір болып өзіне,
Кеудеге жан сыймады. Дүниенің жарығын Көз жұмғанша қимады.
Түсі суық ажалдың, Барғысы сірә келмейді. Бір күн аял етуге
Өмір шіркін көнбейді. Үйдегі қатын-бала
Алыстағы Алтай далада, Айтуға сәлем тіл де жоқ, Үлкен-кіші, ағаға.
Алуға ажал ойланып, Әл кетіп, тіл байланды.
Ауызға келіп лықылдап, Жан шығуға айналды.
Көзін ашып алды да,
Шығысқа таман қарады. Шолып өтті көзімен Тұнжыраған даланы.
"Маңырақ, Сауыр, Сайқан",- деп, Он саусағын санады.
Шығысқа қарап, ым қағып, Ақ сүңгіні қолға алып:
"Шүйгін",- деді даланы.
Қалған өмір қарысып, Жан алқымға алысып, Келтірмеді шаманы. Сол мезгілде талықты, Тіршілікке зарықты.
Отты жалын аузынан Бір-ақ шықты бұрқ етіп, Ақырғы демін алыпты.
Ер Едіге өлген соң,
Жанға қатер төнген соң, Атына мініп Ер Танаш Абылайлап жөнелді.
Барақтан хабар келген соң, Абылайлап ұран шақырды. "Тез бітір,- деп,- жұмысты", Шоңға келіп ақырды.
Шоң садағын алады, Ызаға күйіп- жанады. Ашу кернеп денесін,
Ыза әкетіп барады.
Садағын тежеп, бұрады. Құдайдан дәрмен сұрады. Шекеден дәлдеп атады.
Шекеден оқ тигенде,
Тызылдап қан сигенде, Қалмақтың Жүдеу батыры Ауытқып аттан кетеді.
Шекеден тиген болат оқ Желкеден түйреп өтеді,
Бірнеше қалмақ шерігін, Танқұн атты серігін
Бірге түйреп кетеді. Қырғын соғыс болады.
Жотаның басын айқасып Жүрген жерлер шайқасып Өлген жанға толады.
Қалмақтың қалың шерігі Таудан төмен домалап, Етекке қарай құлады.
"Едіге батыр өтті,- деп,- Мың қойға тиген қасқырдай Танаш батыр, Шоң батыр Қалмақты қуып кетті",- деп, Қалмақ батыр елшісі
Бараққа хабар қылады. Ел үшін жанды қиысты, Жан аямай Үрысты.
Қалмақтың қалың шерігін Алтайдан бері асырмай,
Төбесінен түсіріп
Қанды шоқпар, жасылды,
Арыны қалмақ басылды. Алтайдан бері асырып, Бөгенбайды бөктерлеп, Даласында Маңырақ Батырлар келіп қосылды. Талай шерік тосылды.
Жүрген жерден батырлар Қызыл қан судай жосылды.
Ер Жәнібек Танаш пен, Абылайды көрген соң, Аттарынан түсісіп,
Құрмет етіп тұрады. Иіліп сәлем береді,
Әдеппенен қарсы алып Абылай сынды төрені.
Қазақтан шыққан қырандар Алды-арттарын жинап ап, Жан-жағына қарайды,
Шерік қолды санайды. Едіге ерді жоқтасып, Бәрі түгел налысты.
Едіге үшін қайғырып, Көзіне жасын алысты. Хабар алды тағы да:
"Қабанбай мен Дәулетбай Алып жүр,- деп,- намысты". Қалбадан кеткен Қабанбай Көгедей төре тұрған жер -
Көкпектіден асып еді, Тарбағатай жазығын Айқара бір басып еді.
Абылай тұрып сол жерде: "Осы арада шеріктер
Тынықсын біраз, дем алып," Тамағын кернеп сөйлейді, Қырандай қанат таранып.
Ақ боз ат тұр тықыршып, Бүйіріне қаранып.
"Мынау Сауыр, Маңырақ,
Тарбағатай бөктері. Қабанбай оған жетпеді. Бес-ақ мың адам еді ғой Көмекке оған кеткені.
Қабанбай не қып жүр екен? Бір хабаршы жіберіп,
Хабарын біліп алайық. Қанша адам қалды екен? Шерікті жинап қарайық.
Қабанбай көмек сұрар ма?
Көмек керек болар ма? Кісімізді санайық.
Қабанбайды біліңдер,
Атшы беріп қасына, Батыр Шоңды жіберіп. Қабанбай көмек сұраса, Шоң хабарын берер-ді. Қалған істің жағдайын Шоң батыр өзі білер-ді.
Шоң батыр кетті аттанып.
Жауды қуып Алтайдан, Абылай тұр шаттанып. Ат үстінен Абылай Ақшолақты шақырды.
-Жігіт ең епті, өнерлі. Екі кісі ал қасыңа.
Шерікті түгел санап шық. Жараларын санап шық.
Ауруын емдерсің,
Сынғанын салып, жөндерсің.
Бір жерге жиып кемдерін: "Жарамапты, кем",-дерсің."
- Құп болад,- деп, Ақшолақ, Аралады шерікті.
Аралап бәрін көріпті. Ақшолаққа шеріктің Барлығы түгел сеніпті. Абылай сонда шақырды Барақ сынды серікті.
- Көкжал Барақ, сөз тыңда.
Ойнап келген жоқ едік Еріккеннен біз мұнда.
Мынау - Сайқан, Сауыр мен Тарбағатай, Маңырақ,
"Жер сауыры" деуші еді. "Бұрын болған осында Ел сауыры деуші",- еді. Қалмақ басып қалыпты Бұл жерді де тегінде
Қазақтан тартып алыпты.
Тынығып шерік дем алсын. Бір жетінің ішінде.
Сәрсенбінің кешінде, Мөлшері кіші бесінде Аттанамыз қалмаққа Жер босатып алмаққа. Осы болсын есіңде.
-Құп болад,- деді Ер Барақ, Жан-жағына бір қарап.
Шеріктің қанша қалғанын
Ақшолақ батыр жүр санап. Ертеңгі үлкен бесінде
Есебін алып болады.
Тығын салып Ақшолақ, Жараларын орады.
Есебін алып Ақшолақ, Абылайға барады.
- Отырған жерің, батыр-ау, Көлеңкелі тал,- деді.-
Жарлығың екі болған жоқ.
Маған құлақ сал,- деді.- Жер қайысқан шеріктен Үш есенің біреуі
Шығын болып кетіпті. Жараланған, мертіккен Барлығын түгел қосқанда, Шеріктің барлық шығыны Тең жараға жетіпті.
Жаралының біразы
Жеті күнде жазылар Жеті күннен қалғаны Жетпіс күнге созылар. Жаралының жартысын, Бес кісінің алтысын Жеті күнде жазуға
Бес ту бие сойып бересің. Қазысынан орайын,
Етін сорпа қылайын. Сонда Абылай айтады:
- Бесті қойып, онды ал, Жазар болсаң жарасын. Ем болса, малды аяма. Өлтірме қазақ баласын. Кем болса да, жаза бер. Адамсыз мал не керек? Өзі аз ғана қазақтың Азайтып ұрқын аласың. Барды-дағы Ақшолақ, Он ту бие сойдырды.
Жараланған шерікті Ет, сорпаға тойдырды.
Сынық, мертік, ісікке Сары қазыны орады.
"Ұлықпан хакім пайғамбар, Жәрдем бер",- деп сұрады. Мертіккендер орнынан Төрт-бес күнде тұрады.
Ақшолақтың бұл ісі Абылайға ұнады...
Сәрсенбі күні болғанда, Жеті күн мөлшер толғанда, Тартты Абылай шерікті.
Жинап алды қасына Батырларды серікті. Ер Жәнібек, Бараққа
Майқапшағай, Сауыр мен
Сайқан тауын көрсетті. "Осы бетпен қырқалап Ұлытаудан асарсың.
Қарсы келген жаулардың Аптығын сөйтіп басарсың. Қалмақтарды қуалап,
Біріне бірін қосарсың, Қызылшілік даласын, Маңырақтың саласын
Тазалап түгел шыққан соң, Жауды жерге тыққан соң, Бас қосатын жеріміз-
Тарбағатай, Маңырақ -
Екеуінің арасы."
Тынығып атқа міністі Батырлар алған тынысты. Сәрсенбінің кешінде
Қалмаққа қарай бет алып, Шерік тартты жүрісті.
Даласында Маңырақ
Шерігі қалмақ кез болып, Кескілесіп ұрысты.
Неше күн майдан ашылды, Қызыл қан судай шашылды.
Қырылған адам айқасып Жердің бетін жасырды. Қарсыласты қажымай.
Өштесіп қалмақ, ашынды. Садақ тартып атысты.
Қалмақтан келіп сол кезде Бірнеше батыр қатысты.
Айқайлап қатты ақырды. Шырқалып садақ атылды.
Батырларын қазақтың Жекпе-жекке шақырды.
Қалмақтан шыққан Сон батыр. Жаңа келген тың батыр:
"Мен- Арқауыл інісі, Жан қияр серік, тынысы. Ағамның қанын аламын.
Жүрегім жаудан қайтпаған Талапты туған баламын.
Арқауылдан айрылып,
Қайтіп тірі қаламын?" Батыр туған тегі бар, Қазақтан алар кегі бар, Оттай бала жанып тұр.
Ұрыс- майдан жерінде "Кел!"-деп, айқай салып тұр. Ағасы үшін қайғырып, Көзінен жасы тамып тұр.
Мойын Үсынып өлімге,
Қайғыға басын салып тұр.
Абылай сонда қарады.
Ақырғанда, дауысы Жеті қат көкті жарады.
"Ойламаңдар: "Бала,- деп.- Оңай келер шама",- деп.- Ызалы, улы тісі бар.
Он кісілік күші бар. Өзіне өзі сенбесе, Мұның қандай ісі бар?" Талаптанды Сырлыбай
Балаға қарсы баруға, Баламен ұрыс салуға,
Сауытты киіп, сайланып, Жанына қылыш байланып, "Аламын,-деді,-қайтсем де,"
Қорыққан жоқ, қауіп ойланып. Абылай айтты: -Барма,-деп.- Әуреге басың салма,-деп.-
Екпінді кәпір көрінеді, Қапылысқа қалма,-деп.
Атының басын бұрады,
-Барайын,-деп,-осыған,- Сырлыбай тағы сұрады. Абылай айтты ал сонда:
- Сырлыбай -ау, Сырлыбай! Ашулы жас арыстан
Талай жаумен алысқан. Оның өзі бала емес, Байқап тұрмын алыстан.
"Барамын",-десең, бар,-деді.-
Кезекті бұрын ал,-деді.
Келістіріп найзаңды
Өлер жерден сал,- деді.- Найзаны қойып, болмаса, Садақпен атып қал»,-деді. Рұқсат алып Абылайдан,
Сырлыбай шапты үйіріліп. Ашулы қалмақ ақырды, тартып тайсалмай,
Бала қалмақ тұрады.
Садақты қойып Сырлыбый,
Найзаменен ұрады.
Найзасына Сырлыбай Сіресіп Сон шыдады.
Сырлыбай кезек алған соң, Найзасын сұғып болған соң, Кезек алып Сон бала,
Сырлыбайды кеудеден Найзаменен ұрады.
Баланың көзі тұнады.
Баланың ұрған найзасы
Сырлыбай сынды батырдың Желкесінен шығады.
Шыдай алмай тебінге, Сырлыбай аттан құлады.
-Ағамды қалмақ алды,- деп, Сырлыбайдың інісі -
Салмақты туған Сандыбай Абылайға жылады.
-Ағаңның кегін ал,- деді.-
Сен-дағы жас баласың. Азапқа басың саласың.
Саған да болмас Сон қалмақ, Байқап тұрмын шамасын.
Сон қалмақ мінген боз тұлпар Тықыршып тұр ойнақтап.
Өзіне салса, Сон бала Қазаққа қайғы ойлатпақ. Сандыбай келе ұмтылды. Кезектесіп тұрмады,
Екеуі де ашумен Кезекке тағат қылмады.
Сонда тұрып Сон қалмақ Сандыбайды үйірді.
«Танытам,-деді,- мен саған Жер мен көкті, қиырды.
Бір қазақты өлтіріп,
Құнын алып ағамның, Көзімнің жасы тыйылды. Сен де өлесің кешікпей».
Қайраты Сонның қиын-ды.
Сандыбай сонда ақырды. Бар қайратын шақырды. Қазақ түгел аяп тұр
Сандыбай жас батырды. Он сегізде жасы бар.
Ажалға кім асығар? Жанға қысым келгенде, Қайратын кім жасырар? Қарсыласып шайқасса,
Қаруласып байқасса, Әлсізді күшті басысар.
Біраздан соң Сон қалмақ Сандыбайды меңдетті.
Қайратын Сонның сезген соң, Сандыбайдан өң кетті.
Ашуланып Абылай Терісіне сыймай тұр.
Сандыбай жас батырды Өлімге де қимай тұр.
Сандыбай, Сон - екеуі Қылышты қолға алады.
Сон қалмақ бұрын шапқанда,
Қапысын бұрын тапқанда, Сандыбай жас талауы.
Ұрыс майдан жерінде Қанжамдасып қалады. "Ағамды менің өлтірген, Басыма қайғы келтірген Ер Жәнібек келсін",- деп,
Сон қалмақ айқай салады.
Абылай тұрып ақырды, Шақырып барлық батырды. "Намысыма тигізіп,
Басындырып қойдыңдар Бір жас бөрі кәпірді.
Ер Жәнібек, қайдасың? Айтпап па едім бағана. "Бала",- демей, батырлар,- Деп едім ғой,- ойлансын".
Көп тұрма енді, Жәнібек.
Денеңдегі қайраттың
Көремін қашан пайдасын?" Жәнібек мінген көк бесті ат. Әсемденіп жөнелді.
Қарсы келген жаулардан Жәнібек қашан бөгелді? Көк бесті атын ойнатты. Арыстандай айбатты.
Қарсыласып Сон қалмақ,
Жас та болса, таймапты. Жақындап келіп Жәнібек, Бір қолымен қалмақтың Жағасынан алады.
Тоқтыдай қылып өңгеріп, Қасына ердің салады.
Ашуланып, қылышпен Сонның басын шабады. Мұны көріп қалмақтар, Сай-саладан ағады.
Қарсыласып айқасты.
Мың қойға тиген қасқырдай Ер Жәнібек шайқасты.
Жәнібек қылыш сермеді. Көк бесті атпен ойқастап, Қалмаққа намыс бермеді. Бұрылып артқа көз салды. Деп ойлады: "Батырлар Көмекке неге келмеді?
Ер Жәнібек қараса,
Бәрі қалмақ алаптың Қара құрттай қаптаған. Әр батырға мың қалмақ, Жүрер жолды байлаған. Көрінбеді қалмақтан
Маңырақтың даласы. Көптігінен қалмақтың Қазақтың келмей шамасы, Қалмаққа толды лықылдап Маңырақ, Сауыр саласы.
Бет-бетімен батырлар, Бір-біреуі қазақтың,
Мыңмен соғыс ашып жүр. Абылай, Барақ, Танаштың Жүрген жақта қалмақтар
Үріккен қойдай қашып жүр. Маңырақтың жазығы
Күн көрінбес шаң болды. Біреуді біреу біле алмай,
Хабарсыз болды, таң болды. Қалмақтар созып соғысты,
Ұзақ жерге тартады. Қырылса да, тыңдамай, Күннен күнге артады. Тарбағатай тауына
Қалмақ бетті бұрады. Қарсыласып қажымай, Екі-үш айдай шыдады. Қазақтың батыр шерігі
Талайын қалмақ қырады.
Маңырақтан асқанда, Тарбағатай тауына
Жақындап қадам басқанда, Ер Жәнібек алдынан
Толағай батыр кез болып, Кезек сұрап тұрады.
-Ер Жәнібек сен бе едің? Көптен сені іздедім.
Дергейіме келмедің. Арқауылды өлтірдің.
Інісіне Арқауыл
Мезгілсіз ажал келтірдің. Арқауыл-менің досым-ай! Өлтірген батыр осыма-ай! Қасыма жақын келерсің. Қайратымды көрерсің.
Жасыңнан бері, Жәнібек, Талай ерді өлтірдің.
Қолымнан менің өлерсің.
Досымның қаны мойныңда.
Сол үшін кезек бересің,
-Кезегіңді аларсың.
Досың үшін жанарсың, Шын ажалым болмаса, Абырой беріп, оңдаса, Өлексе болып қаларсың. Батыр туған Толағай,
Денесіне қарасаң,
Бір үйген төбе моладай. Саусағы бар сырықтай.
Бөренедей білегі.
Жауын жеңіп жасынан, Қайтпаған болат жүрегі Тіккен үйдей кеудесі.
Осындай болып жаралмас Бұл жүрген адам пендесі. Шара аяқтай көзі бар.
Кесек-кесек сөзі бар. Теректей тісі ақсиып,
Көтерді басын қақшиып.
- Ал, Жәнібек, кел,-деді.- Келіп, кезек бер,- деді.- Жан керек болса өзіңе, Қарсыласпай менімен, Айтқаныма көн,-деді.
Жәнібек сонда ақырды:
-Не сөйлейсің, шашылып? Кезек бердім, мінеки.
Найзаны тық батырып. Ашулы қалмақ айқайлап,
Найзасын келіп тығады. Жәнібек кезек сұрады. Қалай қарап тұрады?
Толағайдың найзасын Сол қолымен бұрады. Қаруына шыдамай,
Ортасынан сынады. Өз найзасын ала сап, Толағайға сұғады.
Жүректен сұққан найзаның
Арқадан ұшы шығады. Ат үстінде тұра алмай, Толықсып аттан құлады. Басын кесіп алады.
Кеудесі бөлек қалады. Басы қалды батырдың
Толағай таудың басында. Бірнеше қалмақ қырылды Сол батырдың қасында. Батырлары қазақтың
Ұмтылды жауға асыға.
Хабарын естіп соғыстың, Қарт Бөгенбай келеді
Аты арықтап Бөгенбай, Болмай келед дегені.
Бөгенбай қауіп ойлайды: "Сансыз өскен көп қалмақ, Қазақ қалай жеңеді?
Жатпайын, тез барайын.
Айқасып жаумен қарайын.
Алла жолды оңғарса, Жауға ойран салайын. Жаудың күшін сынайын. Қасыма жолдас алайын".
Батырдың қарты - Бөгенбай Тарбағатай тауына
Аты арықтап, тон тозып, Батырдан қайрат кетеді, Жетінші айға жеткенде, Алты ай өтіп кеткенде,
Жау жеріне өтеді.
Шапқыншыны жіберіп, Қалмақтан хабар алғызды. Қоңырбелдің үстінде
Арық атты қалдырды Жетіаралда қалмақтың Бекінісін табады.
Сәтті кешті бетке алып, Бөгенбай соған шабады. Ала алмай қорғанды
Бөгенбайдың шерігі, Далада қалды арықтап
Сыралғы мінген керігі. Бөгенбайдың шерігі
Неше күндей шайқасты Батырымен қалмақтың Қарт Бөгенбай байқасты. Күші артылып қалмақтың, Найзадан да таймапты.
Қырғын болды көп адам.
Өліктері айқасты.
Қарт Бөгенбай қайғырды. Көп адамнан айрылды.
Кезеңнен шауып керілді. Қалмақтар сонда елірді. Сайланып тұрған қалмақтар Жеңілместей көрінді.
"Бұзба, Құдай, өңімді. Жіберіп жауға кегімді" Қайғырып қарт Бөгенбай,
Кері қайта шегінді.
Батыр қатты қайғырды. Көп адамнан айрылды. Қартайса да Бөгенбай, Бірі еді ердің айбынды. Құса боп аттан құлады. Астындағы керігі Қаңтарулы түрады.
Аруаққа сыйынып,
Құдайдан дәрмен сұрады.
Ұйықтай қатқан қабағы.
Мызғып батыр кетеді. Ақ сақалды бір адам Түсінде аян етеді: "Аруақты Қабанбай,
Жәнібек, Танаш, Дәулетбай, Кешікпейді, жетеді,
Барақ батыр, Абылай.
Қайғырма, шыда, қарт батыр. Қалмақтан кегің бітеді.
Ашулы батыр, алқынып, Асықпасаң не етеді?"
Бөгенбай қарт сол жерде Батырларды күтеді.
Қазақтан шыққан Қабанбай Сол бір өткен заманда-ай Жаудан тізгін тартпаған, Өлімнен қорқып қайтпаған, Қарсы шапқан қамалға-ай. Маңырақ пен Шорғадан
Қалмақ қашып келеді, Басына пана таба алмай, Қалмақ қатты соғысты, Қызыл қанға тоғысты.
Қарсыласты аянбай,
"Бермейміз,-деп,-қонысты", Қалмақтар да нықтанып.
Қазаққа Құдай болысты. Қазақ, қалмақ сыймады Жетіаралдың бойына,
Маңырақ, Шорға толысты
Қыры менен ойына.
Неше ай ойнап-күлмеді. Тозаң менен топырақтан Біреуді біреу білмеді.
Қазақтың қалың шерігін Қабанбай батыр биледі. Тарбағатай тауынан
Аққан өзен қақ жарып, Сол өзен елді бөгеді.
Шерігін қалмақ төгеді.
Жағасында сол өзен
Талай шерік қосылды. Шабуылдап, шаңдатып, Өрді, қырды жосылды. Қалың шерік басқарып Қабанбай батыр тұрады. Қарсыласқан қалмаққа Шерігі қазақ шыдады.
Жеке ұрысқа шақырып
Қалың қалмақ ішінен Қоңтажы қалмақ шығады.
"Меніменен ұрысуға
Келсін,-дейді,- Қабанбай. Жаннан қорықса қазақтар, Қайтсын, -дейді,- қамалмай". Шарадай көзі жарқырап, Ашуланып арқырап
Ақырған қалмақ даусынан Тау, тас, ағаш қалтырап.
Қоңтажы батыр найзасын
Бөренеге саптаған. Арғымақ ат астында
Шекер, сүт беріп баптаған. Жеке келгенді шыдатпай, Желкеден басып, таптаған. Талай соғыс-майданда
Бұған ешкім батпаған. Ат үстінен іліп ап,
Қазандай тасты қаңбақтай
Келе жатыр лақтырып, Шырқаған тасы түскенде, Талайға ажал таптырып. Астындағы тұлпарды Өрді, қырды шаптырып.
Қарсы шықты Шоң батыр. Найзамен қалмақ шайқады. Дәулетбай шықты ұрысуға, Ол- дағы қажып, тайқады. Әрқайсысы бір келіп,
Қоңтажы күшін байқады.
Барақ-тағы қырындап, Қоңнан тайқып, өрледі. "Қабанбай, өзің кел,- деді.- Қазаққа сенсің бел,- деді.- Тұқымыңды құрытамын, Ашулансам мен",-деді.
Қабанбай қарсы келеді. Жынды болған бурадай Батырын қалмақ көреді.
Қабанбайға кезекті
Қоң батыр сонда береді.
Қабекең Қоңға жұмсады Қара шашақ найзасын,
"Қайраттың қашан көрем,- деп,- Тірлігімде пайдасын?
Қазақты қалмақ меңдетер,
Таппасам Қоңның айласын". Келістіріп кеудеден
Қабекең найза ұрады.
Найза кіріп, кірш етті.
Ышқынып қалмақ тұрады. Қабекеңнің қайраты
Қазаққа түгел ұнады.
Найзадан ұстап, тіресіп, Қоң қалмақ та шыдады. Найза кірген жерінен Көпіршіп қан шығады.
Қалмақтан шыққан Қоң батыр Қабекеңнің қайратын
Сонда барып ұғады.
Қара шашақ қыр найза Жүрегін Қоңның тіледі. Сәті түсіп, сол найза
Алты қарыс кіреді. Сонда-дағы қалмақтың Арқасына жетпеген, Сырқырап қан ақса да,
Қалмақтың есі кетпеген. Батырында қалмақтың
Қоңнан мықты өтпеген.
Жерге кірді тізеден Қабекеңнің керігі.
Қаптап кетті жан-жақтан Қалмақтың сансыз шерігі. Жаман батты қалмаққа Қоңтажының өлігі.
Қолымен барып Қоңтажы Сүзе жерді тіреді.
Шамасы кетіп барады,
Қаралы болған жүрегі. Масаттанып Қабекең. Жымиып сонда күледі. Көзін жұмды Қоңтажы:
"Маңырақ пен Шорға,-деп,- Айрылдым сенен зорға",-деп. Көлденеңдеп құлады.
Өкіріп, өксіп тұрады Қол-аяғын сермеді.
Аузынан жалын шығады.
Тасып жатқан өзенге Қалмақтарды қамады. Қырылған қалмақ өлігі Ағынды суға ағады.
Тасып жатқан өзенді Қанды көбік жабады. Қашпақ болып қалмақтар, Өзенге ат салады.
Құмырсқадай шұбырған Қалмақтар қырғын табады. Қалмақты қазақ жеңген жер,
Жазасын жаудың берген жер, Қан төгіліп, сол өзен
Қанды су болып қалады.