Search Interface

Explore oral narratives by collector, region, performer, and tale type.

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading.

570 Total records
48,701 Unique Word Forms
5991 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 570 records

Киелі бас сүйек

Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді. Бастың сол шекесіне «А...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Ғ. Темірғалин

Ай астындағы Айбарша сұлу

Баяғыда Күлмесхан деген хан болыпты. Оның шын аты—Баяухан екен. Күлмесхан аталған себебі, Баяу ханның заманында жаугершілік қатты болып, бір ел бір елді шауып, жаншып ала береді, содан кейін Баяухан бір күні жұртын жиып, бірнеше әскер алып, жұртқа тыю саламын, әлемге әділдік орнатамын деп, жер қайысқан қолмен аттанған...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1926 Region: Қазақстан Collector: И. Байзақов

Қанай мен Жанай

Бұрынғы заманда бір байдың екі ұлы, екі қызы болған екен. Үлкен баласының аты—Жанай, кіші баласының аты—Қанай екен. Үлкен қызының аты—Апан, кіші қызының аты—Ұпан екен. Сөз салып, құда түсем деушілерден қарындастарын қызғанған екі ағасы Апан мен Ұпанды елден жасырып, елсіз бір тауда сақтайды. Күндерден күн өтті. Бір күн...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан

Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Байдың Асаубай деген ұлы болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп жалшылардың бірі Қазанқап деген қозы бағатын қозышысы бар екен. Қазанқап...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1962 Region: Қазақстан Collector: Б. Қозыбақов

Құламойын — Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса өлтіріңдер!...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан

Баласын жоғалтқан Күнше

Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?»—деп өзара кеңеседі. Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сын...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: С. Омаров

Аққуа жігіт

Бір адамның жалғыз ұлы болыпты. Баланы баулу—ата-ананың борышы. Атасы баласына он ділдә беріп базарға барып бір жейтін тамақ сатып әкел, сиырға шөп, тауыққа жем әкел депті. Баласы базарға шығып бұларды жеткізе алмай, қайтып келе жатса, бір адамның көрлікті қазып жатқанын көріп: —Бұның не?—деп сұрапты. Ол адам: —Бұл ада...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1990 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әбікенұлы

Әбдірахман патша

Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты Ахмет, ортаншысы—Сахмет, кенжесі—Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!»—депті. Әбдірахман п...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Б. Ысқақов

Хан Шалқан

Баяғы бір өткен заманда елге қатал Шалқан деген хан болыпты. Ол бір күні ерігіп отырып, іші пысқаннан кейін, жанына тазысын ертіп, сауыт-сайманын киіп, боз жорға атқа мініп, серуен құрып, саяхатқа шықты. Жолда келе жатып, бір дөңнің астынан жұмыртқадай әппақ, әдемі бір жалғыз үйді көреді. Бұрын бұл жерде ешқандай қоныс...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: К. Шілдебаева

Қасиетті құдық

Баяғы заманда бір хан болыпты. Ханның жалғыз баласы болыпты, дәулеті сонша—бір өзеннен тоқсан мың жылқы суарады екен. Жылқыларын қайда суарса да су шақ келмепті. Күндердің күнінде хан бір жерден екінші жерге көшіп, басқа бір құдыққа қоныс аударыпты. Әлгі құдықтың қанша жыл суарса да суы таусылмапты, мөлдіреп шығады да...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: М. Мәметова

Алтын жүзікті қыз

Ертеде бір ханның екі қызы, бір ұлы болыпты. Үлкен қызы жаннан асқан сұлу екен. Күндердің бір күнінде қыз қолындағы алтын жүзігін жоғалтып алыпты. Әкесі: «Кімде-кім қызымның алтын жүзігін тауып берсе, қызымды соған беремін»,—деп ел—елге жар салыпты. Қызды аламыз деп дәме қылған адамдардың ешқайсысы да жүзікті іздеп таб...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Ж. Күлдібаева

Қаратай

Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай. Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді. Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қор...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1896 Region: Қазақстан Collector: А.Е. Алекторов

Бар онда, әкел мұнда

Бұрынғы заманда бір патша бар екен, ол патшаның бір жақсы уәзірі болыпты. Сол уәзір тағдыр жетіп өліпті. Өлген уәзірдің бір жақсы баласы калыпты. Баланы патша шақырып алып: —Сен маған әкеңнің орнына қызмет қылып, уәзір болуға жараймысың?—депті. Бала тұрып сонда: —Сіз уәзірлікке ұнатсаңыз, жарар едім,—деп жауап беріпті....

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1897 Region: Қазақстан Collector: И. Жылқыайдаров

Қали мен Қази

Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Бұл екеуі жер астының мүжім ғылымын оқуға кетіп, біреше жылдан соң Қали, Қази екеуі де жер астынан мүжім ғылымын бітіріп шығып, екеуі де еліне келеді. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін де танымайды. Екеуінің де тырнақ-шаштары алынбапты. Денелерін түк қаптап кетке...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: М. Ескендірұлы

Бекболат

Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат: —Әке-шешем жоқ, қаңғыры...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан

Қасқыр мен жігіт

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады. Күндерден күн өтіп, арып-...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Б. Тұрсынбаев

Қарынбай бай

Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын өте алғыр болыпты. Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Х. Құрманғалиев

Айдаһар қатын

Бұрынғы заманда араб жұртында керуен басы Байбатыр деген жаһан кезуші бір адам бар еді. Оның пайда үшін дүниеде бармаған жері жоқ еді. Бір күндері болғанда Байбатыр тағы керуен басы болып өз шаһарынан бөтен шаһарға бармақ үшін мың түйе, жүз жолдасымен аттанып кетті. Неше күндер бойы жол жүріп келе жатса, бұлар келіп бі...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1896 Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев

Күлшаһар

Ерте заманда Кішмүр шаһарында бір падиша болған. Аты белгісіз падиша халқына әділ, ғаріп-мүсәпірлергекөпқарасатын болған. Бірақ падиша өзі баласыз болған. Патша өзінің сарайында бірнеше уәзірлерімен мәжіліс құрып отырғанда борышы басынан асқан, сол борыштан қысылып жанталасқан, әртүрлі кемшіліктің бәрі де өз басында, ү...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә. Дабылов

Хан қызын алған жарлы

Бұрынғы заманда бір адам бар еді. Мал дегенде жалғыз байталы бар еді. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрушы еді, бір суыр алушы еді, соны қорек қылып жатушы еді. Бір күні қақпанын қарайын деп келсе, бір түлкі түсіп қалыпты. Бұрын мұндай жақсы аңды көрмеген байғұс түлкіні көріп бассалады, сонда түлкі сөйлейді: «Ей...

Genre: Қиял-ғажайып ертегі Year: 1958 Region: Қазақстан
Previous Page 1 of 29 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Corpus Articles

Articles on systematization and interpretation of folklore data.

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Project Overview

This corpus was created to preserve, study, and teach the oral heritage of Kazakh folklore in a digital environment.