Атақты Абылай хан тұсында қазақ пен қалмақ арасында әртүрлі соғыстар мен сойқан соқтығыстар аз болмаған. Сондай бір соғыста қазақтың қолын Абылай хан, қалмақтардың қолын Қалдан Серен бастайды. Сол кездегі дәстүр бойынша, екі жақтан екі батыр жекпе-жекке шығуға тиіс болады. Сірә, алдын ала дайындалып келсе керек, қалмақ...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 2011
Region: Қазақстан
Collector: Б.Рахымов
Қарқаралы тауын айнала қоныстанған он екі ру арғын-қаракесек ішінде қаз дауысты Қазыбектың баласы Бекболат би болыпты. Бір жылы осының бәйбішеден туған тоғыз ұлының ең кішісі Абылай ханның айғыр үйірі жылқысын ұрлап әкетіпті. Абылай арқадан Бекболатқа елші жібереді. «Ұрлық істеген баласын қолыма берсін, дарға асамын!»...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1958
Region: Қазақстан
Collector: Ғ.Мұқатаев
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Көкжарлы көкжал Барақ жауды көп қашырады. Жақсы атты Бараққа қалады делінген Барақ батыр – осы. Шанышқылы Бердіқожа тауының арқар деген аты – құлжа, жігіттер – атқа тиер тегін олжа. Хан Абылай аттанады деп естіп келіпті Шанышқылыдан – Бердіқожа, Сырым Малайсары батыр. Абылайдың м...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1947
Region: Қазақстан
Collector: Н.Әминов
Бұрынғы замандарда қалмақ қазаққа таң атырып, күн шығармаған. Абылай хан ат арқасына мінген соң, қалмақтың бетін қайтарған. Алатаудың бергі жағында, Алтай тауының бергі жағында қалмақ түтін түтетіп, күн көріп отыра алмаған. Қалмақты Сарыарқадан аудырған, басына қара қан жаудырған Абылай болатұғын. Қалмақты су сепкендей...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай хан өзіне-өзі емін-еркін келген соң «атажұртым Бұхараны аламын» деп, үш жүздің баласы қазақтың «сен тұр, мен атайын» деген батырларын жиып, аттанды. Мұнан барғаннан әуелі Түркістан барып, оған өзінің бел баласы Сыдық сұлтанды ие қылды. Шымкент, Сайрам барып, оған Ғабдалрахман деген сартты қойды. Ташкент барып, о...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай үйінде ме, не жорықта ма, әйтеуір бір түс көріпті (әркім әр түрлі айтады). Түсінде бір қалың даманда отырып есіктен қараса, есік алдында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жолсыз ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көлдің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға келсе, есіктің а...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1950
Region: Қазақстан
Collector: К.Қаңтарбаев
Қарақалмақ Қатысыбанның ханы Абылайға елші жіберген екен: – Абылай менен менің таласым дін емес, дүние ғой! Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық. Мен өз қоластыма қараған қалмақтан бір сырттан табайын, Абылай да өз қоластына қараған қазақтан бір сырттан тауып келсін! Екеуін жекпе-жекке шығарайық. Менің сырттанымның кү...
Genre: Тарихи аңыз
Абылай хан қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, Абылайға кісі салды дейді: – Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой, – дейді, – дүние үшін жұртымызды қырғын қылмалық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған елінен бір сырттан дегенін шы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай хан Қарақалмақ Қатысыбанға қол жиып, шеру тартып барғанда, қалмақтың ханы Абылайға кісі салды дейді: – Абылай мен екеуміздің таласымыз дін емес, дүние ғой. Дүние үшін жұртымызды қырылыстырмайық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын, Абылай да өзіне қараған қазақтан (елінен) «осы сы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай хан болып тұрғанда бірнеше батырларымен жолға шығыпты. Соның ішінде Абылаймен тетелес Ораздың немересі Сапақ бірге шығыпты (Ораздан – Қожагелді, Қожагелдіден – Сапақ). Сапақ жүрген жерінде: – Менің ұлы атам Абылайға жолдас болып Түркістаннан келген. Мен де атамның жолын қуып ханның жорығына еріп жүрмін, – дейді...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай хан бір жорыққа аттанғанында, құс ұшпас, құла дүз (иүз) Бетпақтың сары даласында бір қаракөк кез болды. Және: – Кімсің? – деп жөнін сұрағанда: – Көн етікті демесең, көпке та[тыр] өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен – Балтакерей Тұрсынбаймын, – деді. – Бәрекелді, атың анық, түсің танық, батыр...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Абылай хан және бір жорыққа аттанғанда, құс ұшпас, құлан жортпас Бетпақтың Сары даласында бір қара ала атты кез болды дейді. – Кімсің? – деп, жөнін сұрағанда: – Көн етікті демесең, көпке татыр өзім бар, көн садақты демесең, көпке тиер сөзім бар. Мен – Балтакерей Тұрсынбай, – дейді. – Бәрекелді, атыңа қанық едім, жүзіңе...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ақмола, Атбасар, Көкшетаудың орталығында кең байтақ жатқан дала мен «Қанды қарағай» деген бұрын атығай, қарауыл, қаржас, алтайдың жайлаулары болып еді. Абылайдың хан болып, қылышынан қан тамып тұрғанда, қазақтың көп батырларымен кеңесіп отырғанда бір салт адам асығыс кіріп келіпті. – Отырыңдар, бұл асығыс не қылған ада...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1950
Region: Қазақстан
Collector: К.Қаңтарбаев
64. Абылайдың қырғыз, өзбекке жорығы (ІІ нұсқа) Абылай хан заманында қырғыз Садырбала деген шығып, ақ қалпақты қырғызды аузына түгел қаратып тұрған күнінде мақтанып сөйлеген екен: – Әлібек шолақты алдым, Қазы Мәмбекті алдым, Көкжал Барақты, жалғыз көзді Қарақты алдым. Қазақты жылында жеті шаптым. Арқада Абылай деген кә...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Сонда сол Садырбала мақтанған: – Қазы Мәмбекті алдым, Әлібек-Шолақты алдым, Көкжал Барақты алдым, жалғыз көзді Қарақты алдым. «Арқада Абылай деген кәрі сарт бар» дейді. Онысы маған не қылады? – деп. Абылай хан бұл сөзін естіген соң, үш жүзге ұран шақырып, исі қазақ болып «қылқұйрық» десіп аттанып, Шу мен Таластың бойын...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қаржас Қалқаман батырдың баласы Бұқар жырау деген қария болған екен. Заманындағы сыншылар ол кісіні «көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен. Сол Бұқарекең Абылай ханға айтқан екен: – Сенен бұрын жеті ханды жебеледім, кеше e...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды халық азғалы. Тыңдаңыз құлақ салып, жамағаттар, Дейтұғын Шәкiр, Шәкiрат сөз қозғалы. Бақтияр* тек отырып зар еңiреген, Ғарiп басым жалғаннан өттiм деген. Жамағат, құлақ салып тыңдап отыр, Бар екен бiр падиша Һашым атты. Бiр падиша бар екен Һашым атты, Ел-жұртына бек...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Сөйлесем, тiлiм, сенiң дүлдүл шағың, Бұйрықсыз кiм алады кiмнiң бағын. Жамағат, құлақ салып тыңдасаңдар, Сөйлейiн Бақтиярдың бiр бұтағын. Олар бiр артық туған жан екен ғой, Өкпесiне жазылған дана екен ғой. Бақтиярдың әкесi, әй, жамағат, Азатбақыт дейтұғын хан екен ғой. Тұсында шықпапты адам жарлығынан, Қатайса жұрт тiт...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Екi бетiнiң ақтығынан күн көрiнген, Үстiне iнжу-жауһар киiм киген. Тоқалы патшаның ғашық болып, Өртенiп, көрген сайын iшi күйген. Нұсқада жазбаған ұғлан атын, Дидарын көрген адам бiр талатын. Нужум ғылымын оқытуға берген, Түгесiп бiтiре алман оның затын. Сөйлейiн молда хабар бергендерiн, Ұғланға «сөз сөйлеме» дегендерi...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Ертеден ел ермегi ертегi, өлең, Көркем ғой кешеуiлден ерте деген. Жырлайын ертедегi ер еңбегiн – Ермекке ерiнсем де ертең өлем. Тырп етпей, жатпай тұрып тырбаңдайын, Өмiрдiң өрнегiнен құр қалмайын. Ертеден елге тегiс жайылмаған, Жаңадан жас, кәрiге жырды арнайын. Ескi ертек жаңа дейтiн жаңа да емес, Өлеңi жайылмаған ес...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан