Қара өлең үлгілері
Ертеден ауылым жайлар теріскейді, Күнің де түс ауған соң еңістейді. Халқымның өлең ортақ қазынасы, Кім оны ортаға сап бөліспейді.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Ертеден ауылым жайлар теріскейді, Күнің де түс ауған соң еңістейді. Халқымның өлең ортақ қазынасы, Кім оны ортаға сап бөліспейді.
Көк атқа жектім шана күймелеген, Шылия шылғи қайыс түймелеген. Жел сөздің бір-екі ауыз арқасында Қасыма құрбы-құрдас үймелеген.
Келмейді өлең айтқым жылдағыдай, Асылдың көңілім толмас жұрнағына-ай. Өлеңді осы арада айтпас едім, Қолқалап көпшіліктің тұрғанын-ай.
Өлеңді кел айтайық жылдағыдай, Мылтықтың бөксең сұлу құндағындай. Өзіңді әр мақтауға сиғызайын, Көпшілік «рас-ау» деп тыңдағандай.
Өлеңді айт дегенде айтқан қызық, Болмайды өлең айтқан кісі бұзық. Сөз жетпес сенің сұлу сымбатыңа, Қаншама жырласам да жіпке тізіп.
Көз тартқан өлең бір гүл бақша-баудан, Сылдырап өлең-бұлақ аққан таудан. Сол өлең бұрымыңдай өрілмесе, Түңілем саудагердей біткен саудам.
Өлеңді айт дегенде іркілмеймін, Жүніндей ақ үкінің үлпілдеймін. Осындай айтар жерім кез келгенде, Азырақ желмей, шаппай бүлкілдейін.
Өлеңге сен жетік пе, мен жетік пе, Қарайлас бүтін болсаң кем-кетікке. Алдыңда асып-тасып түпті ойламай, Соңында таппай жүрме емге түк те.
Ойлап айт, не айтсаң да, өлең қымбат, Неге жұрт арзан болса отыр тыңдап. Төрт жолды айта алмасаң тауып жылдам Алмайсың түк бітіре зарлап, ымдап.
Шығады өлең қайдан, сөз болмаса, Жүреді кім жетелеп көз болмаса. Қосылар екі жақсы заман қайда, Осындай ойын-тойда кез болмаса.
Өлеңді айтпай болмас үйренген соң, Аяқты бүккен дұрыс үйге енген соң. Аттай боп арпа жеген аңсайды екен Бірге ойнап, бірге күліп жүргеннен соң.
Немене өлең деген ой емес пе, Жайылған ойдан қырға той емес пе. Өлеңді айтқызатын өскен көңіл, Көңілді көтеретін той емес пе?!
Мінемін той дегенде дөненімді, Аяман жақсылардан өнерімді. Осындай топ алдында сынға түсіп, Қоямын бір тексеріп өлеңімді.
Балаға емшек бермес, жыламаса, Дос болмас, бірін-бірі кінәласа. Өлеңде парық, сөзде нарық болмас, Өмірдің артық-кемін сынамаса.
Жасымнан елеңдедім өлең-ай деп, Өлеңім—алыстарды көрер әйнек. Астынан алты қырдың ән шырқаймын, Естісе, замандасым келе ме-ей деп.
Өлеңнің «әрияйдай» басы емес пе, Жағасы дарияның тас емес пе. Құрбылар, осындайда ойна да күл, Іздеген той, тамаша осы емес пе?
Шын ақын той ішінде өлең бастар, Отыр ма бастай алмай, есіл жастар. Отырса бастай алмай кілең жастар, Берейік біздер бастап бурыл бастар.
Өлеңді айт дегенде тайсалдық па, Салды екен өлеңімді қай сандыққа. Жөнімен дәмдеп қана өлеңіңді айт, Көп бұрмай көңіліңді сайтандыққа.
Тыңдап көр өлеңімді не дейді екен, Жақсыны өлең жақтап демейді екен. Бір ауыз тойда өлең таппаған жан, Болады бай болса да, кедейге тең.
Іші алтын өлеңімнің, сырты күміс, Жақсы атқа бірдей бітер жорға жүріс. Өлеңім жақсылардың жан азығы, Тағы да табам екі қолға бір іс.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment