Екi бетiнiң ақтығынан күн көрiнген, Үстiне iнжу-жауһар киiм киген. Тоқалы патшаның ғашық болып, Өртенiп, көрген сайын iшi күйген. Нұсқада жазбаған ұғлан атын, Дидарын көрген адам бiр талатын. Нужум ғылымын оқытуға берген, Түгесiп бiтiре алман оның затын. Сөйлейiн молда хабар бергендерiн, Ұғланға «сөз сөйлеме» дегендерi...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Ертеден ел ермегi ертегi, өлең, Көркем ғой кешеуiлден ерте деген. Жырлайын ертедегi ер еңбегiн – Ермекке ерiнсем де ертең өлем. Тырп етпей, жатпай тұрып тырбаңдайын, Өмiрдiң өрнегiнен құр қалмайын. Ертеден елге тегiс жайылмаған, Жаңадан жас, кәрiге жырды арнайын. Ескi ертек жаңа дейтiн жаңа да емес, Өлеңi жайылмаған ес...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Аузу, сиынайын бiр Құдайға, Жасымнан бала оқыттым кедей, байға. Жазбадым көптен берi жалқауланып, Әйтпесе тәуiр едiм осындайға. Әуелi мен сөйлейiн өткендердi, Һәрқашан мұратына жеткендердi. Қиссаның бiр тәуiрiн мен сөйлейiн, Бұрынғы дүниеден кеткендердi. Мен Ақылбек тiрлiкте жазайын хат, Өтiптi бiзден бұрын көп адамзат...
Genre: Хикаялық дастан
Year: 1911
Region: Қазақстан
Collector: Ақылбек Сабалұлы
Әлқисса, сөз жазайын қалам алып, Тыңдаңыз құлақ қойып, барша халық. Кiм келiп, дүниеге кiм кетпеген, Ақиқат опасызы көпке анық. Бiреулердi күлдiрiп, бiреу жылап, Кейбiреудiң қойыпты көзiн алып. Базбiр жанның басарға аяғы жоқ, Қайғылы көңiлдерi жабық, жарық. Жастық жасы қорлықпен өткен екен, Жәмшид деген бiр батыр өзi ғ...
Genre: Хикаялық дастан
Year: 1940
Region: Қазақстан
Бұ дүние кiмге қалмас …* бапқа, Бастаймын һәр iстi тапсырып Хаққа*. Артымдан бiраз хат қалмақ үшiн, Ажал оғы келмесiн бұрын менiм жаққа. Һәр кiтапта көп сөз бар көзiң көрсе, Жаза алсаң сөз табылар қолың жүрсе. Сүлеймен пайғамбар менен самұрық құсты Қисса қылып жазайын уақыт берсе. Бiр күнi хазiрет Сүлеймен мiндi таққа...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бiсмiлда сөздiң ұраны, Бiсмiлда деп бастаса, Әр iстiң жетер мұраты. Әр сабақтың басында Бiр бiсмiлда тұрады. Екi аят қып шығарған Бұл сөздi келiп Нұралы. Шоқай екен руы, Боралдай екен тұрағы. Өтiрiк пе, рас па, Нұралыға обалы. Назым қылып шығарған Сөзiнiң жоқ қылауы. Қанша айтса да тоймайды, Тыңлаған ердiң құлағы. Бос...
Genre: Хикаялық дастан
Year: 1962
Region: Қазақстан
Collector: Мәмбет Жаулыбаев
Иә, Алла, жан аманат ғарiп құлға, Салауат мен айтамын Пайғамбарға. Алладан мен мүсәпiр рақым тiлеп, Бiр бәйiт шығарайын барша жанға. Жарандар, көп зар әйла Құдiретке, Шапағат деп зар жыла Мұхаммедке, Тәңiрiм қазы болып сауал сұрса, Қылғайсың сонда шапағат бiз үмбетке. Өтiптi бiзден бұрын Адам, Хауа, Қорқыныш сол сиратт...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бисмилла деп қаламды алдым қолға, Өзiң сал бiз ғарiптi тура жолға. Жаратқан құдiретiмен қанша ғалам, Сиынбай пендесi де келмес жөнге. Көңiлiме келген сөздi аянбайын, Өнерге Тәңiрiм берген кеудем дайын. Жамағат, құлақ салып тыңласаңыз, Сөйлейiн Хоршаһра қыздың жайын. Бiр патша Жаһанабад болған екен, Мүкәммал дүниелiк то...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бiр қисса жазайын деп алдым ойға, Муафиқ айтқандай қып жиын-тойға. Бұрынғы өткен заманда бiр балықшы Тiрлiгiнде кем болған сиыр-қойға. Дариядан балық аулап күнiн көрiп, Кәсiбiн қылып жүрдi шақтап бойға. Бейшараның болмапты жалғыз малы, Жамағат нәпақасы көп-дүр жаны. Ау салып, балық аулап су жағалап, Жүредi нашарлықпен...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Әуелде мен айтайын аузубилла, Айтайын аз әңгiме, мұны тыңла. Бүгiн көрген таңда жоқ болып кеттi, Бұ заман бұзылып тұр жылдан-жылға. Бiр күнi бұ қиссаны өзiм көрдiм, Неше күнде жан қинап жазып едiм. Адамзатқа бiр ғибрат бола ма деп, Паш етiп өлең қылып жазып едiм. Мұны жаздым қолыма қалам алып, Кiтаптан көрiп жаздым мұн...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Жазайын қалам алып қисса сөздi, Жазған жан ғарiптiктен жаһан кездi. Жазайын қисса қылып Сәлiмжанды, Құдайым есен қылса ендi бiздi. Өлеңге жазып едiм талай iстi, Нәсiр сөз қисса екен, көзiм түстi. Сәлiмжанның қиссасын оқып едiм, Әнi жоқ құр сөз екен, iшiм пысты. Табылар өлең деген қалам алсаң, Қисса сөз шырын болар өлең...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бiр падиша бұрын өткен Бағдатта, Шорман молда сөйлеген оны жатқа. Қата болса – Шорманның мойнында, Назымлап естуiмше салдым хатқа. Падиша жұрт билеген әдiл сұлтан, Ренжiмес жалғыз жан да қауым жұрттан. Орта жасқа жеткенше перзентi жоқ, Бұл патша бала үшiн қайғы тартқан. Бұ қайғы қатты батты падишаға, Падишаның қайғысы...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Collector: А.Шорманұлы, Ж.Шорманұлы
Әлхамдулилла, Рабби-л-аламин деп, Құдаға хамд, пайғамбарға дүрдiм көп. Құдаға хамд, пайғамбарға дүрден соң, Пайғамбар, шариарды мақтайын бек. Пайғамбар медет қылар жалбарынсам, Халiм нешiк, сиынбай ғапыл қалсам. Жәрдем, насрат бiздерге, илһам берер, Сонан кейiн қолыма қалам алсам. Құдайға сиынамын әуел бастап, Бiлгенiм...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бисмиллаһир-рахман ир-рахим Әуелi сөз бастайын бисмилладан, Бiлмейдi сөз тағрифын iс қылмаған. Мұнафиқ, жол бiлмеген бейшаралар Аһл болған адамды мысқылдаған. Қате ғой деп бисмилла салмай қойма, Әр сөздiң зейiнменен түбiн ойла. Қазақта аһл сүннет уә әл-жамағат, Өнерiн қазақтың да тегi жойма. Қолыма қалам алып жаздым нұ...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бисмиллаһир-рахман ир-рахим Дүнияда Хатымтай болған екен, Тұрған жерi Арабстан болған екен. Бұ дағы Пайғамбар Расул Алладан Аз бұрын жомарттық қылған екен. Хатымның заманында болған екен, Қара арғымақ бiр аты болған екен. Бұл аттың айтайын сипаттарын, Рағаддай ауазы болған екен. Бұл арғымақ тым қара сұлу болған, Жүрген...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Жазайын қалам алып қисса сөздi, Тахсилде бұ қисссаға салдым көздi. Насыр сөзден аударып өлең қылсам, Жамағат, айып етпе ендi бiздi. Бiздерден талай халық бұрын өткен, Һәрбiреуi һәр түрлi тамаша еткен. Сол өткеннiң iшiнде бiр падиша Кашмир деген шаһарды мекен еткен. Ноғайша қисса екен мұның өзi, Тамашалы нәрсе екен һәрб...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Бисмилла сөздi бастадым, Һәр мақұлық ойлар бас қамын. Қауiп-қатерi көп болар Бiр Құдайдан басқаның. Әзиз қып Алла жаратқан Әр түрлi жанның бастарын. Қадiрi бiрдей жанының Маса мен тышқан, арыстанның. Әр мақұлықты көресiз, Өлiмнен, бiлсе, қашқанын. Бiреудi алып жасынан, Бiреудi етек астынан, Бiреудiң өмiрiн ұзақ қып, Ас...
Genre: Хикаялық дастан
Year: 1953
Region: Қазақстан
Collector: З.Сейiтғаппарова
Бұрынғы өткен заманда, Iлгерi өткен адамда Шаһарында Үрiмнiң Патша өткен Қарқабат. Әдiлдеп үкiм жүргiзген, Болмаған ешкiм заразат. Жетiм, жесiр, мiскiнге Көп қылған екен мархабат. Бiр перзенттiң зарынан, Қапалы болды қабағат. Жас иiсiн көре алмай, Болмады құрсан, көңiл шат. Бiр күн патша түс көрiп, Жинады жұртын сол за...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Болыпты бұрынғыда бiр бай патша, Бек әдiл, есiмi оның Көркiн патша. Нәсiлi Киян руы, өзi көркем, Жүзi гүл, бойсын бойлы ағзи патша. Биназир әдiлеттi, сияһ көрген, Құп жiгiт саясында және ерген. Шын, Машын шаһарында мекенi едi, Өтiптi солардан да дүние шiркiн. Жетi жұрт болып тұрды фарманында, Ғейiш-ғишрат миллатлар әул...
Genre: Хикаялық дастан
Year: 1960
Region: Қазақстан
Collector: М.Жолақұлы
Әуел баста жазайын Құдай атын, Есiм, затын тағы да әм сипатын. Андан соңыра тағы да жазамын мен Мұхаммед пайғамбардың салтанатын. Көрiңдер құдiретiн Хақ Қадiрдi, Құдiретiмен жаратты көк пен жердi. Жүз жиырма төрт мың пайғамбардан Артық қылды Мұхаммед пайғамбарды. Ол ғазиз пайғамбардың шариф атын Естiгенде айтыңыз салау...
Genre: Хикаялық дастан
Region: Қазақстан
Collector: Ж.Нұрымұлы