Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4667 Total records
189,330 Unique word forms (full index)
4102 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4667 records

Қара өлең үлгілері

Көл шетінде жайқалған құрақтайсың, Арда емген енесін лақтайсың. Жанарыңа қарасам, көз тоймайды, Құйып қойған шыныға сынаптайсың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келем десең, ей, қалқа, бір келе ғой, Менің айтқан сөзіме, шын сене ғой. Есік ашық болғанмен, шешем ояу, Бота болып тұсымнан сүйкене ғой.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аққу көлден ұшады балақтаған, Не қойды екен көп сақтап қарақ маған. Ауылың шалғай кеткенде, ей, қарағым, Айналайын көзіңнен қарап қалған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ей, қалқа, замандас боп тудың нағып, Кигенің кәмшат бөрік, үкі тағып. Шомылған айдын көлге сен бір аққу, Тұйғындай төңкеріліп ілсем қағып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әліптеп ақ жүзіңе таң қаламын, Ғашық боп бір өзіңе сандаламын. Мәжнүндей ішім толған ғашық оты, Сыртыма шығара алмай зарланамын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сәлем жаздым, құрбыжан, саған арнап, Шығарайын шерімді бірден талдап. Шырт ұйқыда жатқанда еске түссең, Үш қоршалсаң да, ойым бар сені алмақ.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Боз аттың болды-ау талай былқылдағы, Кетпейді қыздың даусы ұйқыдағы. Жүруші ем медеу көріп мен сыртыңнан, Сүмбедей қара жорға жылқымдағы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алқызылдың басында ала ноқта, Айналайын қарағым, еркем, тоқта. Кезең жерде кез болған едің, сәулем, Кешегі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Немене өлең шіркін, ермек деген, Саудагер ел ішінде көлбектеген. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Зар болдым көлеңкеңе елбектеген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Астыма мінген атым құла қасқа, Құдыққа шеген салдым құламасқа. Ауылың бірге отырған кетсе алысқа, Беріп кет сақинаңды сағынбасқа.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бедерің бесте туған ай секілді, Қылығың қысыр емген тай секілді. Көзіңнен айналайын жәудіреген, Бір құйған шыны аяққа шай секілді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жер тарпиды сал торы жем сағынған, Құлазиды ер көңіл ел сағынған. Жатыр ма екен жан сәулем, отыр ма екен, Көк ала үйрек секілді көл сағынған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ай салық, мына салық—сары салық, Сарт киер сауыр етігін қылмен шалып. Салдары ғашықтықтың осылай деп, Келемін жан ғашықтың әнін салып.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Есік алды қара су ылай ма екен, Мені ойлап сол сәулем жылай ма екен. Жылап жүрсе мені ойлап сүйген сәулем, Екеумізді айырған Құдай ма екен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Есік алды қара су ылай-ау деп, Сермей салдым қолымды былай-ау деп. Ауылың алыс кеткенде, қимас қалқам, Жер таянып жыладым «Құдай-ау» деп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Салғаным көкбестіге өмілдірік, Көшкенде жылқы айдадым, желіп жүріп. Болғанда жақсы таныс, кеттің алыс, Бір жағын қабырғамның сөгілдіріп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Бұраң бел, қоян жонды, бөкен санды, Ақ тамақ, сүйір иек, беті қанды. Қара қас, бадам қабақ, жазық маңдай, Таба алмай іздеп жүрмін сондай жанды.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Зергер бұйым соғады қалайыдан, Аққан тері сорғалап самайынан. Сәулешімнің көңіліне қараймын деп, Сұлулардың айырылдым талайынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ық жағында ауылыңның қызыл шілік, Келіп кетші шілікке ептеп жүріп. Құрбылықпен ұнаса салған қолқам, Бір аз ғана жүремін ойнап-күліп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Екі бөртек беліңе жіп жетеді, Нұр жүзіңді көргенде ес кетеді. Құрбылықпен бір сөзді айтып едім, Бір тілекті құп алсаң, нең кетеді.

Genre: Қара өлең
Previous Page 131 of 234 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment