Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4702 Total records
192,685 Unique word forms (full index)
4220 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4702 records

Қара өлең үлгілері

Колхоздың айдап жүрмін арбасын-ай, Қоя ма бригадир бармасыңа-ай. Арбаны тастай сал да, бізбен жүргін, Екеуміз күн көрелік жалғасып-ай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Барады ауылым көшіп Құмкешуге, Кербесті тәуір болды мінгесуге. Тойында екі ауылдың кез кеп қалдық, Құдаша, халің қалай тілдесуге.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қош болғайсың, қалқатай, қош болғайсың, Боз жорға аттың тізгінін бос салғайсың. Ұмытпай жүр, қалқатай, ұмытпай жүр, Кездескенше біздерді еске алғайсың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қош болғайсың, құрбыжан, қош болғайсың, Өзім деген кісімен дос болғайсың. Бір табақтан дәм татқан құрбым едің, Сәлем жолдап біздерді еске алғайсың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Тойыңыз құтты болсын деп айтайық, Той болса, қайта айналып кеп айтайық. Өлеңді осыменен бір тоқтатып, Құрдастар, бірге келген бір қайтайық.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім қиылмаған, Білмеймін не болғанын биыл маған. Бар ма екен бұл жалғанда қыздан сорлы, Топырақ өз елінен бұйырмаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мен үйрендім өлеңді он жасымнан, Денем ауыр тартады қорғасыннан. Жер-су баспас тайпалған жорға дағы, Қартайған соң танады жорғасынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Аттың бәрі тумайды бурылдай боп, Тату өсер жан бар ма құрбыдай боп. Мен қалқаны сағынып жүргенімде, Даусы қайдан шығады бұлбұлдай боп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құлахмет, ендеше, Құлахмет, Болады қойын сойса, бір асым ет. Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз, Тойыңыз құтты болсын, рахмет!

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жар жақсы баладан да, бауырдан да, Басыңды сол сүйейді ауырғанда. Бірге өсіп, бірге жүрген, беу, жолдасым, Кәтептеп жабу жаптым жауыр нарға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қида сіңер, ендеше, қида сіңер, Жебір тайлақ желіде бұйдасын жер. Сыбырласып кел дағы, сылқ ете қал, Көре алмаған көп дұшпан қимасы дер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәм татайық бұйырса, шай қайнаса, Бойы қызар жүйріктің айқайласа. Тіршіліктің барында күл де ойна, Не болады ер жігіт қайғы ойласа.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дүние-дүниеден дүниесің, Ойласам дүниені, шығады есім. Барында оралыңның ойна да күл, Өлімнің кім біледі ерте-кешін.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келмейді ән форымға шырқап салмай, Келмейді жігіт сәні қаршыға алмай. Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ, Отырмын бүгежектеп ән шығармай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дүние-дүниеден, дүние-жалған, Күлмеген, ойнамаған қапыл қалған. Күл де ойна, гүл-гүл жайна осындайда, Қызығы дүниенің әнге салған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Адамның аңырғаны—жусағаны, Арпаның ас болмайды қу сабағы. Барында тіршіліктің ойна да күл, Жеткізбес мына жалған қуса дағы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақ қоян құмдақ жерді шиырлаған, Оңбайды бұл жалғанда түйе ұрлаған. Бар ма екен бұл жалғанда қыздан сорлы, Жаназа өз елінен бұйырмаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Болғанда о Семейді, бұл Семейді, Күн туса қоренді ат не жемейді. Барында тіршіліктің түрлене бер, Дұшпаның көре алмайтын не демейді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Шығарсың еріккенде серуенге, Киіпсің асыл бешпент еруіңе. Жолаушы алыс жолға шығар болсаң, Қалқатай, жараймыз ба серігіңе?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Боз аттың, бойдай тал-ай, жорғасындай, Балқисың, қолым тисе, қорғасындай. Барында тіршіліктің ойна да күл, Болмайды той-мереке күнде осындай.

Genre: Қара өлең
Previous Page 155 of 236 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment