Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

732 Total records
93,989 Unique word forms (full index)
11027 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 732 records

Аю дәу

Баяғыда бір аю тауда аң аулап, еш нәрсе таба алмай келе жатса, қарсы алдынан бір түлкі кез болып, сасқалақтап қалай қарай қашарын білмей аюдың астынан жып етіп өте шығайын деп, бауырына еніп кеткенде, аю қолтығына қысып жібермей ұстап алады. Аю: —Енді сені жеймін, өзіңнен өзің душар болдың,—деді. Сонда тұрып түлкі: —Жо...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ұ. Құлшымбаев

Қараүйрек

Баяғы өткен заманда бір жарлы кемпір мен шал болыпты. Оның үш баласы болыпты. Ең кішісі—Қараүйрек екен. Ол өзі батыр әрі білімді болыпты. Күндердің күнінде кемпір мен шал дүниеден өтіпті. Сонда үш баласы не істерін білмей, күн көру үшін кәсіп іздеп, жолаушы шығыпты. Келе жатса, жол үш айрылыпты. Алдындағы көлденең тақт...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Д. Кемпірбаев, Д. Мұсабаев

Үш батыр

Ертеде құла қасқа атты Құрмерген деген батыр болады. Әкесі өте жарлы болады. Жалғыз биесі болады. Тіптен елінің қарағаны осы биесі болады. Жылда туған құлынын бір дәу көтеріп әкетіпті де тұрыпты. Соны іздеуге Құрмергеннен басқа ешкім болмапты. Әкесінен бата алып, іздеуге шығады. Іздеп күн жүреді, ай жүреді, бір жерге к...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан ТМЖ 313

Боран батыр

Баяғыда Ұлы жүзде Боран деген бір батыр мен Қасқарау деген бай болған екен. Ноғайлы елінің қоныс алмай аз румен бір қоныстас болып жүретін заманы екен. Сол мезгілде Боран батыр байға қатты өкпелеп шауып алмақ болып атқа үш мініп, үш түскен екен. Ондағы себебі—шауып тастауға қорқып жүрген жоқ, бұл наданның наданшылығына...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Боз атты Боран батыр

Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Ақжан батыр

Ертеде бір бай болыпты, малы көп болыпты. Әсіресе, жылқысы сондай көп болыпты. Жылқысының саны алты айғыр үйір болыпты. Жаз өтіп, күз таянғанда жылқыларды бағу қиынға түседі. Бір жағынан, жылқыларға қасқыр тисе, екінші жағынан, жылқыны шетінен білдірмей ұрлайтын белгісіз бір ұры пайда болады. Бай қыстың таянып келе жат...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Қ. Жұбаншалиев

Тотан батыр

Ерте, ерте, ертеде Құбахан деген хан екен, малының саны жоқ екен. Хандығының көлемі—жеті айшылық жол екен. Құбахан жалғыз ұл көреді, ұлының атын Тотан қояды. Ұл туғанда бір биесі қоса құлындапты. Ол құлынды ұлына арнапты. Құбахан бір күні түс көреді. Түсінде: «Тұр! Тотанның қайнына баратын кезі жетті. Еліңді жи, тойыңд...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Б. Қозыбақов

Есекмерген

Баяғыда бір кісі өлер алдында артында қалып баратқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткен тәжірибесін қортындылап: «Балам, сен жалғыз өзің жүріп орманға барма, тақыр жерге барып, молаға барып жүруші болма?»,—дейді. Баласы «Жарайды»,—деп әкесі айтқан ақылды орындап жүреді. Бірақта есейген сайын: «Осы әкем мағ...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: О. Еңсегенов

Көкжан батыр мен айдаһар

Ертеде бір ханның үш қызы болыпты. Екі үлкен қызын ұзатқаннан кейін, хан қолында қалған кенже қызын күйеуге беріп, ойын-тойын жасайды. Тойға қол астындағы бір кемпір мен шалды да шақыртады. Кемпір үйде қалып, шал жалғыз өзі тойға кетеді. Бұл шал мен кемпір де ұлға зар екен. Құдайдан жылап күні-түні бала сұрайды екен. Ш...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Д. Ғалағалиев, Ғ. Ахметова ТМЖ 576

Алтын айдар

Ертеде бір хан болған екен. Оның екі қатыны болыпты, олар бала таппапты. Сол уақытта бұл бай сапарға шығуға ойланып, қатындарына айтыпты: «Мен келгенше не істеп, не тауып қоясыңдар?»—депті. Сонда үлкен қатыны айтты: «Мен сен келгенше алтыннан әдемілеп үй салдырамын»,—депті. Кіші қатыны айтты: «Мен алтын айдарлы бір ұл,...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: А.В. Васильев

Дудар қыз

Ертеде бір бай болыпты, ұлы да жоқ, қызы да жоқ, жылқысы көп болыпты. Бай жылқысын бақпайды, жылқысын қасқыр жемейді, жылқысын ұры алмайды. Өңге жерде бір хан бар екен, хан айтады: «Оның жылқысын қасқыр неге жемейді, ұры неге алмайды, менің жылқымды қасқыр да жейді, ұры да алады». Кісілер ханға айтты: «Баласы жоқ байды...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: В.В. Радлов

Еркемайдар

Бұрынғы заманда Еркемайдар деген жас бала батыр болған. Ұзынсары деген алып болған. Еркемайдардың Наран деген сұлу қарындасы болған. Сол сұлу қарындасын аламын деп Ұзынсары алып қызыққан. Оның келе жатқанын естіп, қарындасын алып, бір құдыққа түсіп жасырынған. Ұзынсары алып келіп елді шапқан. Еркемайдарды қарындасымен...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: В.В. Радлов

Жалғыз көзді дәу

Ерте-ерте заманда бір бай болған екен. Байдың жалғыз ұлы болыпты. Мал-мүлкі мол, шіріген бай болғанымен, өте сараң, қолынан ешкімге еш нәрсе бермей, ел-жұртпен араласпай жеке көшіп-қонып жүреді екен. Малын бағуға жалшы жалдап, ақы төлеуге шығынсынып, жалғыз ұлына мал бақтырып қояды. Ел ішіндегі той думанға, қыз-жігітте...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан

Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Е.С. Ысмайылов

Нан батыр

Сонау бір атам заманда, Тобықбай деген бір мерген болыпты. Тобықбайдың әйелі өмірі бала көтермепті. Өзі момын, адал адам екен. Мұның баласының жоқ болғанына барлық ел аяныш етеді екен де, өзін жақсы көреді екен. Баланың зары өткен Тобықбай күндердің бірінде әйеліне: —Мен үш айлық сапарға аңға шығам, қайтып келгенімше б...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Қалпынұлы

Құламерген

Баяғыда бір Құламерген деген батыр, өзі аңшы жігіт болыпты. Ол батырлығы елге жайылған адам болады, оның өзіне лайықты сұлу әйелі болады. Сол елдегі хан әр жерден сұлу әйел іздеп сұрау салады екен. Бір күні ханға бір мыстан кемпір келеді. «Сізге мен лайықты адам табайын, менің үйімде тазша балам бар, соған қызыңды берс...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: К. Байғұтенов

Байғұлан

Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан, айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі—ер, біреуі—қыз. Ең үлкен баласының аты—Байғұлан өзі—ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі—ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде әкесі қайтыс болып, қалған...

Genre: Батырлық ертегі Region: Қазақстан Collector: Ж. Төлеев

Қожаның саудагерді ұтуы

Қожанасыр бала-шағаларын киіндірейін деп, базарға сатуға үйдегі жалғыз сиырын жетелеп, жолға шығыпты. Жолға бір қонып, Қожекең базарға да жетіпті. Базарда Қожекеңнің арық сиырын ешкім саудаламайды. Бір кезде базарда Қожанасырдың жанына бір шапан қолтықтаған адам келеді. Қожекең оған: —Мына шапаның не тұрады?—дейді. Шап...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1935 Region: Қазақстан Collector: Қ. Жұбаншалиев ТМЖ 882

Қожаның айды аспанға шығаруы

Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа қауға салады. Қауғасы құдықтың шегіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа: —Бұған не болды екен?—деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң: —Е, қауғам, Айға ілініп қалған екен ғой,—деп о...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1959 Region: Қазақстан Collector: Б. Уахатов

Қожанасырдан сөз

Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты. —Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын,—депті. Жігіттер келіп: —Қожеке, жүр, сізді патша шақырады,—депті. Қожа айтыпты: —Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін,—деп, жігіттерге ай...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1937 Region: Қазақстан Collector: О. Молдаханов ТМЖ 1543 ТМЖ 1590 ТМЖ 1609 ТМЖ 1626
Previous Page 16 of 37 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment