Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4741 Total records
193,607 Unique word forms (full index)
4202 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4741 records

Қара өлең үлгілері

Дегенде қасқа атым-ай, қасқа атым-ай, Мінемін той дегенде басқа атымды-ай. Құдайдың маған берген бір нәубеті, Қыздан жақсы көремін жас қатынды-ай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде қатқан шұбар, қатқан шұбар, Мейізді жан қалтадан татқан шығар. Ақ сұңқардың қасынан ұшып кетіп, Жапалақтың қойнында жатқан шығар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде қош болғайсың, қош болғайсың, Ішінде шаршы топтың дос болғайсың. Кеткенде ауылың алыс, уай, қарағым, Құрбыңды өзім деген еске алғайсың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Деген соң қоңыр тұсақ, қоңыр тұсақ, Не де болса өмірің болсын ұзақ. Әжетке сенен жақсы жарап жатыр, Күлшетайға өтпейтін жаман пышақ.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Деген соң қарала өрмек, қарала өрмек, Қаралы үйге жас бала болады ермек. Несіне сәлемдеспей қайқаясың, Дүние, мал таппасаң шекең терлеп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде қасқа шұбар, қасқа шұбар, Баласы таудағы елдің тасқа шығар. Артыңнан айқайласам, қарамайсың, Көңілің азар болса, басқа шығар.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде торы ат басы, торы ат басы, Жаманды жаратқанша жаратпашы. Айқасып қалқатаймен жатқан түні, Ауылыңды жау шапса да, оятпашы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде құла керім, құла керім, Мінемін үгіп-үгіп аттың терін. Құдайдың маған берген бір нәубеті, Той-думан, ойын-сауық жүрген жерім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дегенде ақындайын-ақындайын, Мен ақын сен ақынға жақындайын. Сен тапсаң елік сүтін, мен ішкенмін, Бар болса таңдайымда, тақылдайын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, зіл қорғасын, зіл қорғасын, Әкеңнің ел көшкенде мін жорғасын. Көңілді көтерейік осындайда, Айта түс өлеңіңді, тең құрдасым.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, борық тұрған, борық тұрған, Бір борық бір борықты сорып тұрған. Өзіңдей бір перизат іздеуші едім, Құдайдан айналайын жолықтырған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, тотияйын, тотияйын, Жағалай керегені отырайын. Біздерден қалағаның өлең болса, Көңілді өлең айтып толтырайын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, он бесте едім, он бесте едім, Кезінде он бес жастың жанкешті едім. Қыздармен он бесімде жауласып ем, Келгенше жиырма беске үйлеспедім.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, тал мен қайың, тал мен қайың, Біледі жылқы айдаған малдың жайын. Жаңа заң, жаңа тұрмыс бұл заманда, Несіне мен аяйын төлдің майын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, тойлай келдік, тойлай келдік, Қолға алып алтын сақа, ойнай келдік. Келген соң бекер қарап отырман деп, Өлеңнің ұйқастарын ойлай келдік.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, ән баяулы, ән баяулы, Жігіттің жарлы болар жаны аяулы. Өткізбе өміріңді бостан босқа, Барады өтіп жалған күн санаулы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, өлең де өнер, өнер де өнер, Жүйрік ат өрге шапса, өршеленер. Өлеңім өлеңіңе сай келмесе, Бәйгені жүйрік аттай ал да жөнел.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, қош болғайсың, қош болғайсың, Тізгінін ақ жорға аттың бос салғайсың. Кеткенде жерің шалғай, ей, қалқатай, Құрбыңды әрқашан да еске алғайсың.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Домбырам екі ішекті, қу қарағай, Не болған әнім саған, сырғанамай. Жан алғыш Әзірейіл келсе жетіп, Кетерсің алды-артыңа бір қарамай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Домбырам, екі ішекті, бетің қақпақ, Өзіңе перне байлап, ішек тақпақ. Басыңа үкі қадап, желпілдетіп, Қызығы күмбірлетіп қолмен қақпақ.

Genre: Қара өлең
Previous Page 160 of 238 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment