Қара өлең үлгілері
Өлеңді баста десе, бастаушы едім, Басын айтып аяғын тастаушы едім. Жел сөздің Тәңір берген арқасында, Өлең тұр ғой даудан да қашпаушы едім.
Search Interface
A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading
Өлеңді баста десе, бастаушы едім, Басын айтып аяғын тастаушы едім. Жел сөздің Тәңір берген арқасында, Өлең тұр ғой даудан да қашпаушы едім.
Өлеңді баста десең, басы менде, Майысқан балдырғанның жасы менде. Қайтарып қара бұлтты қар жауғызған, Жасынның шұбар ала тасы менде.
Өлеңді тіл бастайды, жақ қостайды, Бәйгеден келсе жүйрік, ойқастайды. Берейін бастап-бастап баста десең, Өлеңді біз бастамай кім бастайды.
Өлең-өлең дегенде өңейді екен, Тамағын ақын жігіт кенейді екен. Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ, Өлеңді баста десе не дейді екен?
Өлеңді айт дегенде аңырмаймын, Аққудай көлге жүзген мамырлаймын. Болғанда тілім—інжу, тісім—меруерт, Болса да қандай ақын, жаңылмаймын.
Өлеңді айт дегенде аңырар ма, Тойда өлең айтқан жігіт жаңылар ма? Барында тіршіліктің ойна да күл, Мереке күнде осындай табылар ма?
Өлеңім ескен желдей, толқын көлдей, Болмайды тойдың сәні ақын келмей. Дүбірі, ақын болса, жер жарады, Үдірген төс бастаудан саудагердей.
Өлеңді айтқан қандай, қойған қандай, Үстімде бар бешпентім жасыл таңдай. Барында тіршіліктің ойна да күл, Барады өтіп жалған атқан таңдай.
Өлеңді айт дегенде тоқталар ма, Басынан шын жүйріктің ноқта алар ма? Қалайық осындайда күліп-ойнап, Мереке күнде осындай тап болар ма!
Өлеңді айт дегенде аярым жоқ, Желісім бар жеткізбес, аяңым жоқ. Тіршіліктің барында ойна да күл Өтіп дәурен барады баяны жоқ.
Өлеңімнің басы еді сексен сегіз, Шықпайды тауға бидай екпесеңіз. Тойда өлең бұдан бұрын айтқаным жоқ, Үлкендер төрде отырған сөкпесеңіз.
Өлең қайдан шығады, сөз болмаса, Кім жетелеп жүреді, көз болмаса. Кебінсіз кеткен адам келер дейді, Сарт тоқыған сары ала бөз болмаса.
Өлеңімнің басы еді үре-сүре, Айтайын сүре өлеңді үйге кіре. Өлеңім қаптағайлап келе жатыр, Кетпесін үйін жығып, бақан тіре.
Өлең қайдан шығады сөз болмаса, Кім жетелеп жүреді көз болмаса. Өлген адам кебінсіз қалады екен, Сарт тоқыған сары ала бөз болмаса.
Өлеңді айт дегенде айта алмаймыз, Көңілін айт дегеннің қайтармаймыз. Алдыға айтар кісі кез келгенде, Жорғадай топтан озған жайтаңдаймыз.
Өлеңді айт дегенде ағылайын, Туысты алыс жүрген сағынайын. Жүргенде туыстарды мен сағынып, Өлеңді айтпағанда не қылайын.
Өлеңді айт дегенде аяу бар ма, Пышақта ұста соққан қаяу бар ма? Өлеңді «а» дегенде қоя бермей, Тоны тозған, аты арық жаяу бар ма?
Өлең де бар біздерде, өнер де бар. Мінілмеген жылқы да, дөнен де бар. Таң атқанша өлеңді айтып-айтып, Таң атқан соң үйіңе жөнел де бар.
Өлеңді айтушы едім, білуші едім, Жаманға айта алмаған күлуші едім. Бұрынғыдай емессің, бұртиясың, Сыртыңнан өзімсініп жүруші едім.
Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.
Articles
Articles and research findings
Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.
Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.
Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.
This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment