Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4983 Total records
198,489 Unique word forms (full index)
4095 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4983 records

Қара өлең үлгілері

Арғымақтан ат жақсы, шабыс болса, Ағайыннан жат жақсы, таныс болса. Досың күліп, дұшпаның табалайды, Бір нәрседен аяғың шалыс болса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ат жетім өрен жүйрік шабылмаса, Топ көріп ащы тері арылмаса. Болады теңдесі жоқ көрі жетім, Бас тартар кірерге үй табылмаса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өлеңшілер өлеңнің қыр гүліндей, Жүрмін жарап әлінің дүлділіндей. Сан күлгенім, сан ойнап жаманменен, Болмайды екен жақсының бір күніндей.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Өтіп дәурен барады соққан желдей, Бір кеткен соң зар қылар қайтып келмей. Оралыңның барында ойна да күл, Дүниеде жүрмейсің ақыр өлмей.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінген атым астымда ақтанау кер, Ақтанаудан оза алсаң, мақтана бер. Ақтанауға құлпыртып мінгенімде, Көрінеді бірдей боп ылди мен өр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Мінгенім дәйім менің арда күрең, Жоқ болса жалғыз тайың, өлең үйрен. Өлеңнің бір пайдасы тойда тиер, Басыңды есіктегі төрге сүйрер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Алайын әнге басып кезегімді, Өлеңім жарып шыққан өзегімді. Алдынан төте шауып көрінейін, Сүйемін партия мен өз елімді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Сауғанмен жалғыз сиыр іркіт болмас, Қара құс қайырғанмен бүркіт болмас. Тыңдаушы сөз иесі кез келгенде, Жел сөзді ауыздағы іркіп болмас.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ботасы өлген бозінген боздайды екен, Ақын жігіт тойда өлең қозғайды екен. Сары аяққа бал құйып қойсаң-дағы, Өз еліндей әркімнің болмайды екен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ақылы ер жігітті байыпты етер, Аяғың, нық баспасаң, тайып кетер. Жаманға жақын тартып, сырыңды айтсаң, Сол жаман шыға бере жайып кетер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жел соқса, ұзын ағаш ырғалады, Біреуден біреу көріп үлгі алады. Барында оралыңның күліп-ойна, Опасыз сұм жалғаннан кім қалады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ар жағы Алматының шым келеді, Жаныңнан жақсы болсаң, кім кетеді? Болғанда тағдыр түлкі, ажал бүркіт, Бір күні қуып жетіп індетеді.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Қасқыр алар Қараойдың қасқалдағы, Солқылдайды көпірдің басқан жағы. Жайды білмес жаманға ісің түссе, Әпер дейді жұлдызды аспандағы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Самарқанда өрт болса, Ошта түтін, Бұл дүниеде адам жоқ бауыры бүтін. Бұл дүниеде жан болса, бауыры бүтін, Қағаздан қазан жасалар, гүлден отын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біреу жүр өзін-өзі билей алмай, Біреу жүр келген бақты игере алмай. Он саусақ қарап тұрсаң, бірдей емес, Біреу жүр жалғыз басын сүйрей алмай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ендеше, мыс қалады, мыс қалады, Қайырылып мыс қалаға құс қонады. Барында жастық шақтың ойна да күл, Саудырап өлгеннен соң тіс қалады.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Дәйім менің мінгенім алқара кер, Ал, кәне, екі-екіден ән сала бер. Осындайда, балалар, ойна да күл, Бәрімізді жалмайды сұм қара жер.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Жылқы деген мал жақсы, жүйрік болса, Жігіт қайда жүрмейді, бұйрық болса. Көңілі өсіп жігіттің отырмай ма, Алдында жал, артында құйрық болса.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Ауада ұзақ ұшар тобыменен, Астында тұйғын ұшар, қолыменен. Болғанда ұзақ көкте, тұйғын төмен, Бірдей ме дәрежесі соныменен?

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Келестің біздің ауыл қамалында, Басымның қам жемеймін аманында. Барыңда оралыңның ойна да күл, Советтің социалистік заманында.

Genre: Қара өлең
Previous Page 188 of 250 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment