Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

734 Total records
94,089 Unique word forms (full index)
11033 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 734 records

Тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ

Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақ...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: М. Кәрібозұлы ТМЖ 1537

Тоғыз Тоңқылдақ, бір Шыңқылдақ

Ертеде тоғыз Тоңқылдақ, бір Шыңқылдақ болыпты. Тоғыз Тоңқылдақ бір күнде тоғыз арба істейді, бір Шыңқылдақ бір күнде тоғыз арба істейді. —Япырмай, біз тоғызымыз бір тоғыз арба істейміз, жалғыз Шыңқылдақ бір тоғыз арба істейді, осы Шыңқылдақтың арбасын қиратайық,—деп, арбасын балталап, сындырып тастады. Шыңқылдақ арбасы...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 1537

Ұры

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып: —Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер,—дейді. —Байдың малын бағамыз,—дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы. —Сен ше?—дейді кедей кіші ұлына...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1960 Region: Kazakhstan Collector: Қ. Хасенов ТМЖ 1530

Көктелпек, Жамантелпек

Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек—әкесі, оның баласы—Жамантелпек. —Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай?—депті Жамантелпек. —Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын,—депті Көктелпек. Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқан...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1951 Region: Kazakhstan Collector: С. Төлепов ТМЖ 152515261537

Тапқыр тазша

Бұрын бір өткен заманда бір тазшаның әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Бір күндері ол тазша базарға барып, аралап жүрсе, бір жерде мұңайып отырған бір шалды көріп, қасына келіп отырыпты. Шал сұрайды: —Не қылып жүрген баласың?—деп, сонда тазша жауап беріпті: —Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін,—деп. —Ендеше балам жоқ ед...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1924 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 15251538 ТМЖ 1538I875

Тазшаның хан болуы

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады. Ханнан қорыққанынан «қазір, қазір» дей беріпті. Хан: —Ег...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1938 Region: Kazakhstan Collector: Н. Байділдаев ТМЖ 465875

Тағы бір тазша

Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның бір сұлу қатыны болыпты. Заманында ханның баласы сол тазшаның қатынына ғашық болып жүр екен, бір күн түнде келіп, қол салыпты. Қатын қойнына алмағанымен тұрмай, тазшаға айтыпты: —Ханның баласы маған қол салды,—деп. Тазша айтыпты: —Олай болса, мен бір жаққа жолаушы болып кетейін де,...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1924 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 4651537

Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1894 Region: Kazakhstan

Әз-Жәнібек, Жиренше, көсе

Әз-Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен, бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады: —Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының даусы маза бермейді, айғырларын қырсын!—дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жыйылыс қылып, ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып: —Сендер саспаңдар, ханның жау...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan

Жиреншенің тағы бір айтқан сөзі

Хан бір күні: —Осы Жиреншені неғылсақ та, жеңе алмадық, енді осыны бір жеңуге әдіс жасайық,—деп, бір жігітке: —Сен ертең ертерек біздің үйге келіп отырып, Жиренше үйге кіріп келгенде қатты қылып бір осырдағы үйден шыға жөнел. Сонда мен Жиреншеге «ұста» дейін, сонда не дер екен?—депті. Ертеңіне жігіт ханның айтқанын іст...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: Қ. Жақанұлы

Жиренше мен Алдар (ІІ-нұсқа)

Жиренше ханның заманында Алдар көсе деген бір пысық болған екен. Ел күндеп, Алдар көсе деген бір қу шықты деп, ханға жамандапты. Бір күні Жиренше хан Алдар көсені шақыртыпты. Алдар көсе жаяу ханға келіпті. Тегінде, Алдар көсенің жаяу жүретін әдеті екен. Алдар көсе үйге кіріп келсе, сәлем берген, хан сәлем алып, қолын б...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1941 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 15281538539 ТМЖ 1542

Жиренше мен Алдар (I-нұсқа )

Ел аузындағы Шығайбай, Алдар көсе әз-Жәнібек кезінде болды /10-ғасыр/. Жәнібек қарауында болды. Алдар өте қиялшыл, сөзге ұста адам болды. Бір кезде хан мен бидің қата істеген билігін тауып, ел алдында бір ойын ашатын болды. Жәнібек көсені елден жоюға билерге ақылдасты. Тапқан амалдары: ауыр сұрақ қоялық, сұрақты тапса,...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan ТМЖ 1542

Жиренше

Бір күні Жиренше ханның үйінде отырғанда бір адам ханға сыйға бір піскен қаздың етін алып келген екен. Сонда хан Жиреншеге: —Сен сөзге де шеберсің және әр нәрсенің бәріне де шебер шығарсың, мына қаздың етін мен, ханым, екі ханзада, екі қаныкей, өзіңмен жеті адамға бірдей қылып бөлші,—депті. Сонда Жиренше ойланбай, пыша...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: Қ. Жақанұлы ТМЖ 1533 ТМЖ 1580

Алдар көсе мен Алаша хан

Баяғы Алаш алаш болғанда, сол уақыттарда Алаша деген кісі хан болып тұрғанда, Алдар көсе деген адам алдайтын біреу болған екен. Бір күні сол Алдар көсе Алаша ханға келіп айтыпты: —О, тақсыр, менім бір өнерім бар, сізге айтайын деп келдім,—депті. Сонда хан: —Рұқсат, айта бер, қандай өнерің бар?—деді. Көсе айтады: —Тақсы...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 15381 ТМЖ 16341538

Алдардың тазшаны емдеуі, тәубаға келуі

Өгіздерді айдап келе жатса, қой баққан бір тазшаға жолығады. Амандасып, ол-пұл деп отырып, торсығындағы айраннан ішіп, шөлін қандырады. —Осыны алдап, қойын айдап кетсем,—дейді ішінен Алдар. «Қалай алдаймын?» деп отырып, қойшының самайына көзі түседі. Үрпиіп самайынан шығып тұрған шашын көріп, таз екенін біледі. «Енді ж...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan

Алдардың өгіз семірткені. Керуенбасын екі алдауы

Бір күні Алдар үлкен қара жолмен сапар жүріп келе жатып, мал айдаған үлкен бір керуенге кездеседі. Алдар жанынан жортып, өтіп бара жатқанда керуенбасы: —Әй, жігітім, босқа жүргенше, мал таппайсың ба?—дейді. —Табайын,—дейді Алдар. —Олай болса, біз саған жүз өгіз берелік. Соны қасымызда жайып, айдап отыр. Осыған көнесің...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan ТМЖ 1004

Байды алдаған шал

Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізг...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1927 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев ТМЖ 1529 ТМЖ CC1529

Алдар көсе мен досы

Бір сапар Алдар көсеге бір сараң бай келіп, дос болыпты. Сол уақыттағы ханның өте сұлу қызы бар екен, көрем деген адам әрбір көргеніне мың тіллә беріп, көреді екен. Әлгі сараң бай сол ханның қызын көруге көңілі кетіп, досына айтыпты: —Мені ертіп барып, маған ханның қызын көрсет,—деп. Алдар көсе досына: —Жақсы, көрсетей...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1924 Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев

Алдар көсе мен бай (ІІ нұсқа)

Бір күні Алдар көсе байларға ашуланып, оларды мұқату үшін бір байдың аулына келеді. Күн батып кеткен мезгіл болса керек, бай қозыларды қойдан бөлгелі жатыр екен дейді. Бай күржіңдеп, бір семіз қойды қозысын ертіп, шеткерек көгенге көгендеуге апара жатыр екен. Көсекең артынан барып, қойдың қозысын алып, қала береді. Бай...

Genre: Сатиралық ертегі Year: 1940 Region: Kazakhstan Collector: Қ. Жұбаншалиев

Алдар көсе мен бай (I нұсқа )

Алдар көсе байдың қойын жайыпты. Жайып жүріп, бір күні шықпақ болыпты. Байдың баласы жоқ екен. Қойнына ыстық нанды тығып, қойына кетіп бара жатса, Алдар көсе келіп: —Бай, сенімен құшақтасып кетейін,—деп, байға келіпті. Байға «қош» деп, құшақтасып көрісіпті. Қойнындағы ыстық нан қойнын күйгізсе, бай нанды: —Ит жегір-ай!...

Genre: Сатиралық ертегі Region: Kazakhstan Collector: Ә.А. Диваев
Previous Page 22 of 37 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment