Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

744 Total records
97,089 Unique word forms (full index)
11323 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 744 records

Шолп

Баяғы заманда жидек орманмен көмкерілген бір көл болыпты. Онда алты қоян мекендейді екен. Бір күні әбден пысқан бір жидек биік ағаш басынан көлге «шолп» етіп түсіпті. Оның не екенін білмеген қояндар шыбын-шіркей қаша жөнеліпті. Ытқып келе жатқан қояндарды көрген түлкі олардан: – Неге қашып келесіңдер? – деп сұрапты. –...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Асқақ аққу

Ертеде бір өзеннің жағасын бір құндыз бен бір аққу мекендепті. Олар көрші отырса да, асқақ аққу әспенсіп, өзінің көріктілігін, көргіштігін мақтан етіп, көзім елбең еткен елесті алыстан шалады деп күпінеді екен. Ол «құндыз сияқты қысық көз, алысқа көз аясы жетпейтін неме менің теңім емес» деп қарайды екен. Күндердің бір...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Піл мен түлкі

Баяғы заманда, бір таудың бөктерінде тұңғиық гүлмен көмкерілген бір көл болыпты. Көлдің бір жағында піл, енді бір жағында түлкі жасапты. Бір жолы піл тұңғиық көлінен су ішіп қайтып бара жатқан жолында түлкіге жолығып қалыпты. Сонда түлкі: – Менімен сайысуға шыдайсың ба? Сайысуға шыдамасаң, дөдеңе жол бер, – депті. Піл...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Бұланның өкініші

Күнде келіп су ішетін көлшігінен бір күні өзінің судағы сағымын көрген бұлан «Мүйізім келісті-ақ, бірақ аяғым неткен жаман. Мүйізіммен сай аяғым да әлді, әдемі болсашы!» деп өз аяғын өзі қорашсыныпты. Бұлан суға телміріп осыны ойлап тұрғанда аяқ астынан пайда бола кеткен қасқыр тақымынан ала кеп түсіпті. Жұла қашқан бұ...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1999 Region: Kazakhstan Collector: Қапас Әсейінұлы ATU СУС77

Тырна мен Көкқұтан

Бір шалшықта бір көкқұтан мен тырна мекендеп тұрыпты. Тырна жалғыз тұруға қапаланып, көкқұтанға барып айтыпты: – Мен сені өзіме айттыра келдім, маған ти, екеуіміз бірге тұралық деп. – Жоқ, саған тимеймін, сенің жүнің қысқа, жаман ұшасың және де сен мені немен асырайсың? – деп, көкқұтан жауап қайтарады. Тырна үйіне қайт...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1912 Region: Kazakhstan Collector: Көбеев Спандияр ATU 244А ATU АА244І ATU СУС244А

Мұжық пен аю

Мұжық бақша салып жатыр еді, аю келді. – Не істеп жатырсың? – дейді. Мұжық: – Кел мұнда, картобымды орнатыс, тамыр болайық, – дейді. Аю, қорыс етті. Келді, бұрқыратып жерді қазды, орнатты. Бір мезгілде жасарып картоп сабақтары бетіне шықты. Аю: – Бұдан маған қайсысын бересің? – деді. Мұжық: – Осы көрініп тұрғанды берем...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU 1030 ATU СУС1030

Аттың басы

Далада аттың бас сүйегі жатыр. Келді жүгіріп ін қазғыш сұр тышқан. О, о! Міне! Қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. Ешкім дыбыс бермеді. Енді мұнда ін қазғыш сұр тышқан тұрады деп жүгіріп үйге кірді. Тарбақтап секіріп бақылдауық бақа келді. Міне!...қандай ақбоз үй, бұл үйде кім тұрады? – дейді. – Мен, иесі –...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Қазақстан Collector: Ә.А. Диваев ATU 283

Не дәмді?

Бір күні қорада тұрған жануарлар қандай тағам дәмді дегенге таласып қалыпты. Әрқайсысы өздері жақсы көретін тағамдарын дәріптесіпті. Байлаудағы ала сиыр өкірештей жөнеліпті: «Шіркін, пішен мен таза жемге не жетсін! Солардан дәмді бұл дүниеде бірде-бір тамақ болуы мүмкін емес!» Бұған келіспейтінін танытқан қой мекірене...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Екі әтеш

Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп бағып-қағыпты. Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды. – Шіркін, мынаның бәр...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Тау мен қаңбақ және бүркіт

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау: – Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, неғып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып: – Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шығып, алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі сені іздеп келдім, – дейді. Тау бұған...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1964 Region: Kazakhstan Collector: Н.Төреқұлов ATU ТМJ953

Сауысқан

Тыным таппай сүйреңдеп, көп сөйлей бергендіктен сауысқанның тілі аузына сыймай, ісіп кетіпті. Ақыры, ас-су ішуден қалыпты. Енді қайту керек? Сауысқан ешбір амал таба алмапты. Сонан соң тырнаға жалыныпты. – Тырна тілімді емдеп бере гөр! Сені қандай дерт болса да емдейді дейді ғой, шөптен дәрі жасайды екенсің. – Саған ши...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Көбелек пен маса

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан масаның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді. Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да, сес көрсетеді: – Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер менің мекенім! – деп әкіреңдейді. Бұған көбелек сасп...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan

Кірпі мен қоян

Кірпі балалайтын уақыты жақындап, қолайлы орын таба алмай жүргенде ұясында жатқан қоянға келіп: – Менің де күнім жақындап қалып еді, қолайлы орын таба алмай сізге келдім. Мүмкін болса мына орын қолайлы екен, жеңілдеп, балаларымды аяқтандырып алғанша ұяңыздың бір шетін қарызға беріп тұрсаңыз, – депті. ақкөңіл қоян: – Ба...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1990 Region: Kazakhstan Collector: Бадан Мұқаметкәрімұлы ATU 80

Кірпішешен

Бір уақытта кірпішешен қара жыланға келіп айтыпты: – Мені, қара жылан, аз уақытқа үйіңе кіргіз, – депті. Қара жылан кіргізіпті. Кірпішешен үйге кірген соң қара жыланның балаларына қиын бола бастапты. Сонда жылан айтыпты: – Сені мен әншейін біразға ғана жібергенмін, енді кет, сенің инелерің балаларымның үстіне қадалып,...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1888 Region: Kazakhstan ATU 80

Тасбақаның айласы

Қу түлкі тасбақаның берік қабыршағы болғандықтан, оны ешбір мұқата алмай, оған тісін басып жүреді екен. Сонан ол өз дос-жарандарын: кезқұйрықты, қасқырды, таутесерді, сасық күзенді шақырып, тасбақаны мықтап жазаламақ болыпты. Бір күні аспан кеңістігін шарлай ұшып жүрген кезқұйрық асқар таудан асып бара жатқан тасбақаны...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Бақаның көшуі

Екі қаз және бір бақа бір көл жағасын мекендеп, ұзақ уақыт көрші отырыпты. Олар бір семья адамдарындай өте тату-тәтті өткен екен. Кейінгі кездерде, қатты қуаңшылық болып көл тартылып, суы құрып қалыпты. Қаздар суы бар жерге ұшып кетейік десе, бақаны тастап кетуге қимайды екен. – Енді қайтеміз? – деп қаздар мен бақа бас...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1963 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы

Бақа мен кірпі

Көлшік маңындағы көгалда бақа мен кірпі бір-бірінің түрін көріп, қайран қалысыпты. Көзі бадырайып, жүрегі лүпілдеген бақа: – Тұла бойың түгел тікенек, не деген тұрпайысың! – депті кірпіге. Бақаға батпай бұйығып тұрған кірпі: – Өзгелердің көзінше тұла бойың тыртиып жалаңаш жүрген сенің түрің де келісіп тұр екен! Түріңді...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Region: Kazakhstan ATU СУС238

Үйрек

Қыстақ сыртындағы суға жүзуге барған үйрек соның қызығында күннің кешкіргенін білмей қалыпты. Сонан соң ол жалма-жан жағаға шығыпты. Енді қайтайын деп қыстаққа беттепті, соның арасынша ымыртта жабылып, қас қарайып кетіпті. Үйрек жол ортаға келе бір түлкіге тап болыпты. Тосыннан тап берген түлкі үйректі табанда басып ал...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1957 Region: Қазақстан Collector: Қ. Әкежанұлы ATU 227

Қаз

Бір қаз үйінде жүзіп жүріп, өзіне-өзі айтты. Қалай мен ғажап құспын. «Жерге жүремін, суға жүземін, ауамен ұшамын» мендей құс барма екен? Бұл күңкілді әтеш естіп, оған айтты: – Бекер сен мақтанасың, сен аттай жүгіре алмайсың, балықтай жүзе алмайсың, бүркіттей ұша алмайсың, әр істің басын шалып білгенше, бір істі терең б...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1912 Region: Kazakhstan Collector: С.Көбеев ATU СУС255

Қаз бен түлкі

Бір түлкі жайылып жүрген қаздардың қасына жермен жер болып ұрланып келіп, шеткі біреуін бас салып ұстап алады. Басқа қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі. Ұсталған қазды түлкі алып соғып, алдыңғы екі аяғымен екі қанатынан басып тұрып, ыржыңдап күледі. Күледі де былай дейді: – Әй, Қазеке, егер сенің қолыңа мен түсіп қалсам, қа...

Genre: Хайуанаттар туралы ертегі Year: 1960 Region: Kazakhstan Collector: Әбу Уахитов ATU 6
Previous Page 27 of 38 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment