Садыр ата – Қожа Ахмет Ясауидың ағасы, ол әулие адам болған екен. Қожа Ахмет Ясауидің баласы жас болса да, аңға құмар болыпты. Қарасүйір тауын жайлаған бір рулы елмен Қасен шайық әулеті тау өзенінің суын үшке тең бөліп, егін егіп күн көріп жүріпті. Бірде Әзірет Сұлтанның баласы садақпен аң аулап жүргенде, оның садағыны...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ясауи деген бір билеуші билік құрып тұрған. Қыста Самарқанда тұрып, жазда Түркістан тауларында өмір сүретін. Барлық түркі билеушілері сияқты, аң десе, ішкен асын жерге қоятын бұл падишаһ жазды Түркістан тауларында аң аулаумен өткізетін. Бірде жаз уақытында Қарашық тауында аң ауламақшы болғанымен, таудың ойы-қыры оған к...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қожа Ахмет Ясауи жолының күн санап күшейіп бара жатқанын ислам әлемінің басқа аймақтарындағы діндарлар хабардар болады. Олар Ясауи жолының дұрыстығына күмән келтіріп, қалай да оның жолына тосқауыл қоюды ойластыра бастайда. Солардың бірі – Қорасан елінен шыққан атақты ғұлама Баба Машын еді. Ол өзінің мықты деген төрт жү...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Жасында Ахметті Ақ ата деген Сайрамдағы бір молдаға оқуға беріпті делінеді. Ол кісінің шашы да, қасы да аппақ болса керек, содан «Ақ ата» атанады. Сол кісі кезекті сабағынан соң балаларға: «Үйге барған соң, Құдайдың көзіне түспейтіндей етіп бір-бір тауық, не қораз сойып әкеліңдер!» деп тапсырыпты. Ертеңіне өзге балалар...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір құрма беріп айтқан: – Миғраж кезінде мәлім болды. Меккеден Мәдинаға хижрат жасалғаннан соң, Фатима перзенті имам Хасан нәсілінен соң және екінші халифа Омар ұрпағынан соң және менің үшінші халифам қазіреті Осман зүрриятынан және менің өзім некелеген перзентім ішінен менің т...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: А.Тұрғанбаев
Дүние салар алдында Мұхаммед [с.ә.с.] пайғамбар жан бауыр-жақындарын, қимас дос, сырлас, сыйлас жора-жолдастарын жинап: – Мен бұл дүниемен және сіздермен қоштасқалы отырмын. Кейінгі ұрпақтарымның біреуіне берер аманатым бар. Соны оған кім тапсырар екен? – дейді де, жан-жағына қарайды. Жұрт аң-тан. Дені сап-сау, қалайша...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: А.Тұрғанбаев
Бірде Қожа Ахметтің әкесі былай депті: – Е, балам, екі қошқардың басы бір қазанға симайды дегендей, енді бұл жерден не сен, не мен кетуім керек, – депті. Сонда Қожа Ахмет тұрып: – Сіз жасыңыз келген кісісіз, мен жаспын, мен кетемін, – деп Ясы қаласына орналасыпты. Арада біраз уақыт өткен соң, ата-анасына сәлем берейін...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: А.Тұрғанбаев
Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибраһим шайхтан екі бала болады. Солардың бірінің аты Ахмет болады. Бірде бала Ахмет үйден шықса, атасы Ибраһим шайх шұқшиып жер шұқылап отыр екен. – Ата, не істеп отырсыз? – деп сұрағанда: – Е, балам, егістікті жегенелеп отырмын, – деп жауап береді. – Ой, ата-ай, соған да осыншама әу...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: А.Тұрғанбаев
Әбусина болмашы нәрсені сезгіш, аңғарғыш кісі болған екен. Бір күні жұбайы оның текеметінің астына бір парақ қағазды жайып салып қойыпты. Сол күні төсегіне жеткен ұлы тәбиб жұбайына: «Бүгін төсегіміз қалыңдап қалған секілді ғой», – депті. Келесі күні зайыбы текемет астындағы қағаздың үстіне тағы бір парақ қағазды жайып...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Доспамбетов
Ибн Сина өз кезінде данышпан балгер адам болған екен. Оның қолынан келмейтіні жоқ екен. Қандай ауру адам болса да, өз қолымен жазып емдепті. Күн, айлар, жылдар өткенде Ибн Сина қартайған шағында өзінің ең жақын шәкіртін шақырып алып, кішкентай бір шақша береді. Сосын шәкіртіне: – Мен өлгеннен кейін қалпымды жаса, содан...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Шам шаһарында тұрғанда Әбу Насыр әл-Фараби бір жағынан шахтың бау-бақшасын күтіп-баптаса, екіншіден қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты. Бақшадағы хауыз жанында бағдат кілемше үстінде, құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады. Ол омырауына түске...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Фараби бір күні базарға барса, өңі келісті, жарқын жүзді бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отырады. Оны қоршап алып тамаша көргендер әр түрлі сөздер айтып, тиын-тебен тастап өтіп жатады. Сонда Әбу Насыр оған жақындап барып: – Күніне қанша табасың? – дейді. – Екі дирхемге жетер-жетпес. – Онда сен...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған қыпшағымен (домбыра) бір күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй та...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып: – Өзіңе лайықты орын тауып отыр, – депті. Сөйтсе, әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде: – Мына түрік әдеп сақтамады ғой, – депті. Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да: – Тақсы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әл-Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні әмір, ғалымдар одан: – Кім көп білетін, сіз бе, әлде Аристотель ме? – дегенде ол: – Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті болуға ғана жарар едім, – депті.
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Фараби Бағдат, Шам шаһарына – Дамаскіге барады. Сол кездегі бұл қаланың әкімі Сейф әд-Дәула бен Хамдан шешен әрі ғалым, халыққа мәшһүр адам екен. Хамдан өзіне жақын адамдармен Фараби жөнінде әңгімелесіп, сол кісіні көргісі келеді. Бір күні Хамдан шаһардағы барлық ғұламалар мен укамаларды шақырып, кең мәжіліс құрады. Мә...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1996
Region: Қазақстан
Collector: А.Бисенғалиқызы
Қорқыт өлімге бойұсынбай, ажалдан құтылмақшы болып, қашып дүние жүзін кезеді. Қайсы жерге барса да, алдынан қазылып жатқан көр шыға береді. Ақыры өлімнен құтылмасын білген Қорқыт ата Сырдарияның ағын суының үстіне кілем жайып жіберіп, қарындасын қасына алып, сол кілемнің үстінде отырып елмен, жерімен, қарындасымен және...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп, Қорқытқа айтыпты: «Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған е...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Қайнарбаев
Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байыбына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп дү...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1969
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Қайнарбаев
Бір күні Мақтым Ағзам софы түс көріпті. Түсінде Қожа Ахмет Яссауи бабасы аян беріпті: «Жалғыз немере қызыңа әулиелік дарып, бақ қонады. Оның білегінен кім ұстаса, сол адамға некесін қиып қос! Үбірлі, шүбірлі бақытты болады», – депті. Ояна кетсе, түсі екен. «Иә, Құдая, осы түсімді Пайғамбар жорып, Нұрила қызымды бақытты...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан