Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған қыпшағымен (домбыра) бір күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй та...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Шам шаһарының әмірі өз хұзырына ғалым, шайырларды жинапты. Ол әл-Фарабиді сынамақ болып: – Өзіңе лайықты орын тауып отыр, – депті. Сөйтсе, әл-Фараби тура әмір тағына барып отырады. Сонда әлгі әмір қасындағы уәзіріне беймәлім тілде: – Мына түрік әдеп сақтамады ғой, – депті. Әл-Фараби оны дереу түсіне қойыпты да: – Тақсы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Әл-Фараби өзінің ұстазы Аристотельдің кітаптарын көп оқып, оның кейбірін жатқа білген. Бір күні әмір, ғалымдар одан: – Кім көп білетін, сіз бе, әлде Аристотель ме? – дегенде ол: – Егер Аристотель тірі болып, оған кездессем, мен оның шәкірті болуға ғана жарар едім, – депті.
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Фараби Бағдат, Шам шаһарына – Дамаскіге барады. Сол кездегі бұл қаланың әкімі Сейф әд-Дәула бен Хамдан шешен әрі ғалым, халыққа мәшһүр адам екен. Хамдан өзіне жақын адамдармен Фараби жөнінде әңгімелесіп, сол кісіні көргісі келеді. Бір күні Хамдан шаһардағы барлық ғұламалар мен укамаларды шақырып, кең мәжіліс құрады. Мә...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1996
Region: Қазақстан
Collector: А.Бисенғалиқызы
Қорқыт өлімге бойұсынбай, ажалдан құтылмақшы болып, қашып дүние жүзін кезеді. Қайсы жерге барса да, алдынан қазылып жатқан көр шыға береді. Ақыры өлімнен құтылмасын білген Қорқыт ата Сырдарияның ағын суының үстіне кілем жайып жіберіп, қарындасын қасына алып, сол кілемнің үстінде отырып елмен, жерімен, қарындасымен және...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қорқыттың ауылы Сырдарияның жағасында болыпты. Асқан күйші, қобызшы Қорқыт бір күн де үйінде отырмай, ылғи ел кезіп, қобызымен күй тартады екен. Күйді құмарланып тартқан сайын Қорқыттың өлім жайлы қайғысы жеңілденіп жоғала беріпті. Бір күні түсінде Тәңірі аян беріп, Қорқытқа айтыпты: «Сен өлімді аузыңа алмасаң, саған е...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Қайнарбаев
Қорқыт жұрттан асқан ақылды, алдағыны болжағыш адам екен. Ол бір жерде отырмай үнемі дүние кезіп, тіршіліктегі жақсы-жаманды көріп, салмақтап, сынап байыбына жетіп, біліп жүріпті. Біреу кәрі, біреу жас, біреу бақытты, біреу бақытсыз, біреу қыршын жас күйінде, біреу қартайып өледі. Жас туып дүниеге келеді, қария өліп дү...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1969
Region: Қазақстан
Collector: Ә.Қайнарбаев
Бір күні Мақтым Ағзам софы түс көріпті. Түсінде Қожа Ахмет Яссауи бабасы аян беріпті: «Жалғыз немере қызыңа әулиелік дарып, бақ қонады. Оның білегінен кім ұстаса, сол адамға некесін қиып қос! Үбірлі, шүбірлі бақытты болады», – депті. Ояна кетсе, түсі екен. «Иә, Құдая, осы түсімді Пайғамбар жорып, Нұрила қызымды бақытты...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Нұрила он жасында құдықтан су алуға барады. Бір кезде аңдаусызда қыздың қолы тиген қауға ілгектен сырғып шығып, шыңырау түбіне құлай зымырай жөнеледі. Жылқының қылынан ескен арқанды байқамай ұстаған Нұрила қауға екпінімен төменге қарай құлайды. Белуарынан келетін суық құдық суында Нұрила дірдек қағып, зорға шыдап тұрад...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бәйдібек ауылда жоқта қырғыз Аққошқар бастаған жаулар оның жылқысын алып кетеді. Масаттанған жаулар Домалақ ананың қонысынан сусын ішкен соң, қайыр-садақа ретінде шапқан малдан бір жылқы қалауын өтінеді. Сонда Нұрила белбеуін ақжал сары айғырдың мойнына салыпты дейді. Жануар шешеміздің белбеуін салғанда тырп етпей тұры...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
«Алып та, дана да анадан туады» деп халық бекер айтпаған ғой. Ертеде Сыр бойында Бәйдібек деген бай өмір сүрген көрінеді. Оның екі әйелі болыпты. Тоқалының бойы аласа, өзі толық болғандықтан жұрт оны «Домалақ» деп атап кеткен, шын аты Бүбіжар екен. Бүбіжарды бертін келе ақыл-парасатына қарай ел құрметтеп «Домалақ ене»...
Genre: Тарихи аңыз
Year: 1985
Region: Қазақстан
Collector: М.Рүстемов
Алатаудың арғы жағынан жау қолы қаптап келе жатады. Жалайыр қариялары жан-жақтағы елге ат шаптырады. Бұл хабарды есітіп Қаратаудан Бәйдібек батыр қол жинап аттанады. Екі жақ Алтын емел жотасында тоқайласады. Әуелі жекпе-жекке шығады. Түйедей қара атқа мінген бір шойын қара ортаға шығады. Бұл қалмақтың Дөде батыры екен....
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Қоян жылы қыс қатты болып, мал жұтай бастайды. Шынтас бай не істерін білмей сасады. Бұл кезде Бәйдібек он бес жасқа толған еді. ол күн-түн жылқы ішінде жүреді. Шынтас жылқышыларына барады. Жылқысын аралап көреді. Үйір-үйір жылқылары Қаратаудың бөктерінде қалың қарды тебіндеп, қара жусанға жайылып жатады. Қартаңдары ары...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бәйдібек жаугершілік кезінде үш жасынан әке, шешеден жетім қалады. Ағайындарының қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додапаздардан әбжілдік, батырлық дәстүрді үйренеді. Бір күні өзі бағып жүрген үйір-үйір жылқыдан қырық шақты қы...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Ескендір патша басында мүйізіменен туған екен һәм бұған айтыпты: «Егерде мүйізіңнен айрылсаң, күшің кетіп, дұшпандарыңды жеңе алмассың» депті. Бұл себептен Ескендір әрдайым басына сауыт киіп, ешқашан мұны шешпейді екен, «біреу мүйізімді көріп, кесіп алып қоймасын» деп қорқып. Ескендір өзінің мүйізін, бірақ басындағы ша...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Бұрынғы заманда Македонияда Ескендір патша болыпты. Мәртебені бұл жақсы көреді екен, һәм қызғаншақ екен. Өзінің қараған уәлаятын азсынып, өздерінің қасындағы жақын тұрған халықтарменен соғыспаққа барыпты. Соғыс болып, қандар судай ақты, көп халық қырылды, көп қандар бекерден бекер төгілді. Ескендір қасындағы патшаларды...
Genre: Тарихи аңыз
Region: Қазақстан
Меруерт Мерхадиннің күйі. Бұл күйді 1962 жылы Меруерт өзі орындап, шығу тарихын да әңгімелеп берген еді. 1930 жылы жаздың бір шуақ күнінде Меруерт Сарытау етегіндегі көлге құс аулауға барыпты. Көлдің ортасындағы шағын аралды айналып төрт аққудың жүзіп жүргенін көреді. Толқыны тербеліп, жартасқа соғып жатқан судың жағас...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Мұхит Битеновтың күйі. «Үш балам» күйін 1962 жылы автордың өзі орындап, оның шығу тарихын да айтып берді. 1941 жылы Битенов Мұхит Отан соғысына аттанғанда оның үйінде Марат, Мар, Майдан деген үш ұл баласы қалған еді. 1945 жылы Совет Армиясы фашистерді өз жерінде талқандады. Жеңіспен елге оралған Мұхит үйіне оралғанда а...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Еренқабырғада аты шыққан атақты сыбызғышы Құрыш деген адам өткен. Оның «Оразбайдың ақ белбеуі аты» деген өз туындысын көп тартып, халық күйі етіп қалдырған. Ақ белбеу бір кедейдің жүйріктігімен, жорғасы мен аяңына ат желіп ілесе алмайтын, топпен жүргенде қырындай ойнақтап, әсем басатын көркімен елді таңқалтқан ат болып...
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан
Ақымжан – Алтай өңірінде жасаған атақты күйші, сыбызғышы өнерімен елге танылған адам екен. Сол тұста оның өнеріне таңдай қаққан үкірдай, билер қайда барса да, Ақымжанды қастарынан тастамай ертіп жүріп, сыбызғы тарттырып қызықтайтын болған. Ақымжанның «Қоңыр күйі» сол кезде Еренқабырғаға дейін кең таралған күй басы еді....
Genre: Күй аңызы
Region: Қазақстан