Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

4287 Total records
174,882 Unique word forms (full index)
3997 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 4287 records

Өрелі кер (І нұсқа)

Бай есігінде күн көрген бір кедей жігіттің шапса да, жорғаласа да алдына ат салмаған кері аты болады. Мал мен дәулет бермесе де, елге атағын жайған әрі жүйрік, әрі жорға ат берген тәңірге жігіт іштей риза. Қайда думан, қайда той болады, қайда бәйге мен жорға жарысы болады, сол топ алдымен кері атқа көз сүзе қарап, сәйг...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Өрелі көк

Ертеде бір кедей бай аулында болатын бәйгеге жүйрік көк атын қосуға келеді. Түнде өрелеп қоя берген атын әлдекімдер ұрлап кетіпті. Таңертең кедей байғұс ауыл адамдарынан «Өрелі көк көрдіңдер ме?» деп сұрастырса, ешкім көрдік деп айтпапты. Сонда маңдайға басқан жалғыз атынан айырылған әлгі байғұс қолына сыбызғысын алып...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жаралы ақ бөкен

Құралайды көзінен атқан мерген жігіт аң аулауға шығады. Не кезіксе құтқармайтын, нені атып алам деп аттанса, соны қанжығалап келетін мерген бұл жолы ақ бөкен атып әкелу ниетімен шығады екен. Ол жол-жөнекей кезіккен басқа аңдардың ешбіріне оқ шығармай неше күн сарылып тек ақ бөкен іздейді. Ақ бөкеннің терісі саудагерлер...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Қызылқан (II нұсқа)

Жылда көктемде, солтүстікке құс келетін уақытта, көп құс шөлден жол таба алмай, қырылып қалады екен. Содан құс әміршісі – Қызылқан деген қаз жаратушы тәңірге барып, аспаннан жол салып беруін өтінеді. Тәңірі құстарға аспаннан жол салып береді. Осы күнгі аспандағы құс жолы содан қалған екен деседі.

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жорға аю (ІІ нұсқа)

Бір аю аралға апан салған екен. Бірде ол қонжықтарына жем іздеп тауға шығып кетіпті. Сол уақытта нөсер жаңбыр жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын құлатып, күшіктерін шайып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жатқан қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құтқарып алып қалады. Содан аю жорға боп ш...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Қос келіншек (ІІ нұсқа)

Бір бай өзінің екі ұлына елдегі қыздарды түгелдей таңдап жүріп, баламның теңі осы болар-ау деген екі қызды келін ғып түсіреді. Байдың қос келіні де байдың өзі дәрежелес дәулетті адамдардың қызы болады. Жасынан өмір тауқыметін көрмеген қос келіннің дене бітімі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы да бір-бірінен аумайды, бір қалып...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Тоқта баяу

Әке мен шешеден жастай айрылған екі бала байдың қозысын жайып, тезегін теріп, қалған-құтқанын жеп, ескісін киіп күн көреді. Халық аузындағы қай дастан, қай әңгіме-аңызда болсын байлар қатыгез болады. Олар үшін бір баланың қарны ашып, киімі жыртылып, көз жасының сел боп ағуы бір тоқтының маңырағанындай әсер етпеген. Кер...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ойбай, бегім бер!

Бай баласы мен кедей баласы серіктесіп бек теруге шығады. Ішер ас пен мінер көлікке қысылып көрмеген бай баласы ер- тұрманы келіскен атқа мініп шығады да, аяқ артары жоқ кедей баласы жаяу шығады. Бірақ бай баласы артынан еріп жаяу салпақтап, болдырып келе жатқан кедей баласына байлығы мен салтанатын көрсеткендей ат үст...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Арбиян-қоңыр

Арбиян қазақ қызына үйленгеннен кейін, бір балалы болады. Баласы көз тартарлықтай көріктеніп өсіп келе жатқан кезінде, бір күні Арбиян аң аулауға кетеді. Осы кезде суға міне құлап жатқан қарағайдың үстінде жүгіріп ойнап жүрген баласының аяғы тайып кетіп, суға кетіп өледі. Арбиян аңнан келгеннен кейін баласының қайтыс б...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Қалажан қашқан

Ертеде біреудің Қалажан деген келіншегі болады. Қалажан көрікті, сымбатты болса керек. Ол тұрмысқа шыққаннан кейін қосағына көңілі толмай, ауыл арасының Кит деген жігітімен күйеуінен жасырын көңілдес болады. Қалажанның күйеуі үйде жоқта Кит келіп-кетіп жүріп, екеуінің көңілі одан әрмен жақындаса береді. Ақыры екеуі қаш...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Қыз алып қашқан

Жалғыз қызы бар бір бай мен жалғыз ұлы бар бай екеуі құда болады. «Екі жарты бір бүтін болсын, сән-салтанаты келіскен түтін болсын! Біреуіміз келінім демейік, біреуіміз күйеуім демейік. Екеуміздің ортамыздағы, екеумізге ортақ отау болсын», – деп келіседі. Берік сөз байласқан екі байдың бесікте құдалық сөйлескеннен кейі...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Майдажал

Ертеде бір бай болыпты, байдың мыңғырған көп жылқысының ішінен не жорға, не жүйрік шықпапты. Содан ақ ордасын жайлауға тігіп қойып, қалың құлынды үйге келер жолды айналдыра желі тартып бие байлапты. Оның ойы: «Келе жатқан сыншылар, құлындарды сынап өтіп үйге келгенде, өз сынын айтады» деген үміт. Сөйтіп жүргенде бір сы...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Жалғыз жігіт (ІІІ нұсқа)

Ертеректе бір кедейдің баласы болыпты, сол кедей жігіт әкесімен бірге байдың малын бағып, жалшысы болады. Байдың да, кедейдің де жалғыз-жалғыздан ғана ұлдары болса керек. Ақ патшаның әскеріне қызмет ету үшін, бай өз баласының орнына кедейдің баласын әскерге жіберетін болып кедейге айтқаны: – Сенің балаң менің баламның...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ақсақ Темір мен домбырашы

Атақты Ақсақ Темір бір ауылға келгенде, сол жердегі домбырашылар түгел жиналыпты. Домбырашылар түрлі күйді шертіп, тәтті әуендерді төгілдіре тартса керек. Солардың бәрін таратып жіберіп, тартқан күйлеріне өте риза болып, Ақсақ Темір бір күйшіні алып қалыпты. Ақсақ Темір күйшіден: – Сенің атың кім? – деп сұрапты. – Мені...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Бұланжігіт

Бұланжігіт басында күйші емес екен. Ол талапты, батыр боламын, елді жаудан қорғаймын деген ойы бар жігерлі жас жігіт екен. Бір кезде Абылай хан қалмақтан барымта алдыруға батырларды жинап, екі жүздей кісіні іріктеп, ауылдың сыртындағы дөңде кеңес құрып отырады. Сол кезде, жиырма жас шамасында Бұланжігіт Абылайға келіп,...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Кербез қыз (V нұсқа)

Құба жонда жылқы бағып жүрген жылқышы жігіт жақын маңдағы ауылдардың біріне қыдырып барса, үйде тұлғасы көз тартып, көңілді баурарлықтай, ақ тістері тізілген, алма мойны үзілген, қос бұрымы өкшесін соққан бір қыз отырады. Қыздың көркіне мінезі сай. Жылқышы жігіттің аман-сәлеміне ашық- жарқын үнмен жауап қайтарады да, о...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Кербез қыз (ІV нұсқа)

Бір байдың жалғыз өскен ерке тотай қызы болыпты. Өмір тақыршылдығын көрмеген. Мол дүниенің кең ортасында шалқып өскен қыздың сұлулығына кербездігі сай келіпті-мыс. Сұлу қызға дүйім елдің талай байының кербезсіген ұлдары, ел ішінің сұлуы атанған жігіттері сөз айтқанымен қыз оның бірде-біріне ықтиярлық бермейді. Теңім ем...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Телқоңыр (ІІ нұсқа)

Дәулеті шалқыған, елге беделі артқан бір ұлықтың төскейді жайлаған қаптаған қалың жылқысының ішінде мәпелеген қоңыр тұлпары болыпты. Қоңыр ат қамыс құлақ, тік бақай, бөкен қабақ, сіңірлі, алыс адымды зор денелі аттың сұлуы атанады. Ұлық қоңыр жүйрікті кермеге байлап сылап-сипап, мәпелеп күтуші қойып, түнде күзеттіріп б...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Телқоңыр (І нұсқа)

Қазақпен моңғол жауласып тұрған ерте кезде екі жетім бала болыпты. Екі жетімнің үлкені ештемемен шатағы жоқ жуас екен де, кішісі пысық, ән құмар, әрнеге әуес, домбырашы екен. Талапты жастың той-томалаққа барып өз өнерін көрсетуіне қолы қысқалық ете беріпті. Ауылдас бардам адамдардан бірер тайдың терін сұраса да, алмайд...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан

Ертіс толқыны

Мал шаруашылығымен күн өткізген қазақ халқының Ертіс бойын мекендейтін бір тобы құнарлы өлкені құтты қонысқа балап, ұзақ жылдарын сол арада өткізеді. Ертіс бойының шөбі құнарлы, суаты мол болғандықтан одан алыстап кете алмай, күнгейін қыстап, теріскейін күзеп-жайлап дегендей күндерді өткізе береді. Күзеу мен жайлау өзе...

Genre: Күй аңызы Region: Қазақстан
Previous Page 41 of 215 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана — көпқабатты концепт: семантикалық, мәдени және экологиялық талдау

Бұл зерттеуде Шыңғыс Айтматов прозасындағы Жер-ана концептісінің семантикалық, мәдени және экологиялық категория ретінде қалыптасуы қарастырылады. Осы бағыттағы зерттеу олқылығын толықтыру мақсатында жұмыста жазушының төрт прозалық шығармасы талданады: «Плаха», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме» және «Ғасырдан да ұзақ күн». Зерттеу барысында табиғат элементтері этикалық, эмоциялық немесе символдық мәнге ие болатын 37 үзіндіге сапалық концептуалды-семантикалық талдау жүргізілді. Үзінділерді іріктеу мәтіндерді мұқият оқу негізінде жүзеге асырылып, олар қайталанып отыратын лексикалық, метафоралық, баяндау сипатындағы және мәдени тұрғыдан мәнді белгілеріне қарай топтастырылды. Талдау нәтижесінде өзара байланысты төрт концептуалды модель анықталды: Жер-ана — өмір бастауы, аналық қамқоршы, моральдық бедел иесі және жады сақтаушы. Бұл модельдер Айтматов прозасындағы табиғаттың жай ғана оқиға өрбитін орта немесе поэтикалық бейне емес екенін көрсетеді. Керісінше, табиғат адам жауапкершілігі, мәдени сабақтастық, экологиялық осалдық және моральдық бағалау мәселелері көрініс табатын этикалық негіз қызметін атқарады. Зерттеу нәтижелері Айтматовтың көркемдік дүниетанымындағы Жер-ана концептісінің құрылымды концептуалды модель ретінде қызмет ететінін айқындау арқылы лингвомәдениеттану мен әдеби экокритика салаларына үлес қосады.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment