Search Interface

Folklore Text Corpus

A research-first corpus interface built for annotation workflows, citation discipline, and cross-lingual reading

2898 Total records
122,107 Unique word forms (full index)
4233 Avg. Document Length
Fields: title content genre region collector
Operators: AND OR NOT
Exact phrase: "..." use quotes
Clear

Results include: concordance, frequency, collocations

Corpus Records

Showing 20 of 2898 records

Қара өлең үлгілері

Көрінер кісем сұлу оқшантайдан, Қалқаны жақсы көрем кішкентайдан. Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай, Жетер ме айтсам сәлем күйкентайдан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Көрінесің көзіме егіндей боп, Егіннің желкілдеген көгіндей боп. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген сары ала қаз, Айдын көлдің ортасы көкорай саз. Сен іздесең, қалқатай, мен сұраған, Күліп-ойнап қалайық бір-екі жаз.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген қара инелік, Ұшады қара инелік зар иленіп. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Қалды ғой қабырғама қан иленіп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген ұлар ма екен, Баласын атып алсам, жылар ма екен. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Өлеңге өстіп қоссам ұнар ма екен.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеден ұшып жүрген ақ кекілік, Үзді ғой шідерімді ат секіріп. Кеткенде ауылың алыс, ей, қалқатай, Үш тұрып, үш отырдым қатты өкініп.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеден ұшып жүрген ала қаздай, Айырылған үйірінен бала қаздай. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Нәр татпан сені ойлап ала жаздай.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Әуеде ұшып жүрген көкек деген, Бауырында балапаны секектеген. Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің, Айырылып қалқатайым кетед деген.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім дүриядан, Ұшырдым екі сұңқар бір ұядан. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Жетер ме айтсам сәлем зымиядан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім ыдыраптан, Жоғалмас байдың малы қыдыр баққан. Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, Танимын әуезіңнен сылдыр қаққан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім қынамалы, Бір өлең айтып қалдым сынағалы. Бергенде өзің көңіл, қалқатай-ау, Жас келді қара көзге жылағалы.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім батысайын, Қалқатай, таныс еді барлық жайың. Жеріңді уағдалы айтып қойшы, Іздеп барып өзіңмен танысайын.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Үстімде бір бешпентім қыл қарадан, Түймесін інжу-маржан қыз қадаған. Кеткенде ауылың алыс, қалқатайым, Даусыңнан айналайын ызбалаған.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құлағыма салғаным алтын сырға, Таң алдында шық тиер балтырыма. Уәденің құлы боп жүрмін күтіп, Сәлемімді айта бар жарқыныма.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құлағыма салғаным күмбір сырға, Күмбірлетіп шығамын күнде қырға. Сағынғаннан сарғайып, аңсағанда, Бір өзіңді қосамын ән мен жырға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Құлағыма салғаным күмбір сырға, Күмбірлетіп шығамын күнде қырға. Сағынғаннан сарғайып, аңсағанда, Бір өзіңді қосамын ән мен жырға.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздің ауыл Кегеннің төрінде отыр, Өзің көрген баяғы жерінде отыр. Шыныменен көңілің менде болса, Сағат сайын көзіме көрін де отыр.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Біздің ауыл Ақсайдың қақ басында, Күміс жүген жарқылдар ат басында. Көңілің шыныменен болса менде, Жанат ішік жамылып жат қасымда.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Зергер бұйым соғады қалайыдан, Аққан тері сорғалап самайынан. Көңіліңе бір сенің қараймын деп, Сендейлердің айрылдым талайынан.

Genre: Қара өлең

Қара өлең үлгілері

Базардан алып келген темір шелек, Ойнаған мен күлгенің жаннан бөлек. Ауылың алыс кеткенде, уай, қарағым, Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Genre: Қара өлең
Previous Page 47 of 145 Next

Reference

Browse authority entries and aliases used in corpus metadata.

Articles

Articles and research findings

Dede Qorqud Epic Culture (Sample)

Short article sample inspired by UNESCO Dede Qorqud/Korkyt Ata page.

Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусы: ғылыми талдау және зерттеу мүмкіндіктері

Гуманитарлық саланы цифрландыруды көздейтін мемлекетіміздің негізгі бағдарына сәйкес соңғы жылдары мәтіндік базалар құруға деген талпыныс артуда. Бұл шын мәнінде әлемдік маңызы бар қазіргі тенденциялар қатарында танылады. Корпустық ізденістердің, атап айтқанда, табиғи тілді модельдеу, тілдік алгоритмдер түзу, мәтін өңдеудің қазіргі лингвистиканың басым бағытына айналуы шынайы қажеттіліктерден туындап отыр. Бұл мақалада «Қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпусын әзірлеудің мәтінді ғылыми талдау және зерттеуге беретін мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыстың негізгі бағыттары мәтіндерді жинақтау, цифрлық ортаға енгізу, морфологиялық және семантикалық таңбалау, конкорданс құру және тілдік бірліктерді статистикалық талдау әдістерін қамтиды. Зерттеудің ғылыми маңызы – қазақ фольклорын жаңа деңгейде зерделеуге, оның мәтіндік құрылымын заманауи әдіснама арқылы талдауға жол ашатын лингвистикалық корпус базасын қалыптастырудың теориялық негіздемесін ұсынып, тілдің бай қабаттарын ғылыми айналымға енгізуді көздеуінде. Негізгі нәтижелер ретінде қазақ фольклорлық мәтіндерінің корпустық моделі екшеліп, тілдік деректерді кешенді талдау мүмкіндіктері көрсетіледі. Бұл жұмыс корпус лингвистикасының теориясы мен практикасын ұлттық фольклорға бейімдеу арқылы қазақ тіл білімінде жаңа зерттеу кеңістігін ашады. Жүргізілген зерттеу фольклор мәтіндерінің тілдік табиғатын жан-жақты сипаттап, қазақ фольклортану ғылымына әдіснамалық үлес қосады.

Қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолдану

Мақалада қазақ тілін құндылық бағдарлы оқытуда корпус деректерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері қарастырылады. Құндылыққа бағдарланған білім беру тұлғаның рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталатыны көрсетіледі. Зерттеуде қазақ тілінің ұлттық корпусы, А. Байтұрсынұлының қазақша-орысша параллель корпусы және фольклорлық мәтіндер корпусының материалдары негізінде ұлттық құндылықтарды білдіретін тілдік бірліктердің жиілігі мен қолданыс ерекшеліктері талданды. «Ар», «намыс», «сабыр», «мейірім», «жомарттық» сияқты концептілердің мәнмәтіндік сипаты KWIC әдісі арқылы анықталды. Нәтижесінде корпус деректеріне сүйене отырып, құндылықтық мазмұнды іріктеудің және оны оқу үдерісіне енгізудің үш сатылы моделі ұсынылды. Зерттеу корпусқа негізделген оқытудың қазақ тілін меңгертумен қатар білім алушылардың мәдени-аксиологиялық дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретінін дәлелдейді // «Тіл мен әдебиетті құндылық бағдарлы оқыту: тәжірибе, мәселелер және перспективалары» атты ғалымдар мен мұғалімдердің халықаралық ғылыми- практикалық конференциясы материалдарының жинағы. 2 томдық., 2-том. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2025..17-21 бб.

Project Overview

This corpus was developed to preserve, study, and teach Kazakh folklore in a digital environment