Андағұл батыр болған, ал Сары інісі бай болған екен дейді. Жоңғарлармен соғыста Андағұл да Көкшоқай атқа мініп, көнмен қаптаған садағын асынып, жауға аттаныпты. Жауға шабуылға шығар алдында: «Мына бала кім?» – деп сұрағанда: «Көкшоқай атты шапқанда көрерсің, Көнсадақты тартқанда көрерсің кім екенімді», – деп жауап бері...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Көгіс – Назарша. Бір аласапыран ел босып жүрген жылы Көгіске Назар және Ша деген екі бала келіп, қамқорлығында жүріпті. Көгіс осы екі баланы өзінің ұлы Бәйімбетке беріп, қамқорлығына алып өсіріп, ел қатарына қосуға тапсырыпты. Бірақ Ша өз еліне (Жобасы Әзірбайжан немесе Түркия елі болу керек) қашып кетіпті де, Назар тұ...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жамансары бәйбішеден: Сағыр, Танаш, жеңге алған әйелінен: Кепер, Шодыр, Жолдыбай. Осы бес баладан ұрпақ тарап өскен, ұрпағы аздау. Қожастың бір әйелінен: Баби, Сырлыбай, Байғара, Теке. Шешелері қартайғанда бір ұл туыпты дейді. Байғара мен Теке шешесінің қартайғанда екіқабат болып, ұл туғанын ар көріп, ерсі деп біліп, ұ...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Асан – Қосқұлақ – Алшынбай, Байжан, Мерген (Назарқұл). Қосқұлақ бір себептермен ағасы Шатырқұлға өкпелеп, Хиуа, Бұхар еліне кетіп қалған екен дейді. Сол елден Смамут деген қожаның үлкен қызына үйленіп, онан Алшынбай атты ұлды болыпты. Оған Смамут атасы да көмек жасап, өзі де еті тірі батыр, қайраты мол жігіт болғандықт...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Торымның «Сексен» атану мәнісі былай болған еді дейді. Қалмақтар екі жүзге жуық адам Торымның ауылын шауып, мал-мүлкін, қыз-келіншектерін тұтқындап алып, ауылдан жеті-сегіз шақырымдай шыққан соң, алдын ала дайындалып тұрған қаруланған таңдаулы Торым бастаған 80 (сексен) жігіт қалмақтарға бір бүйірден ұрандап «Айыртау!»...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ауызекі шежіремізде Жетіру бірлестігіне енетін рулардың шығу тегі де Бекарыс ұрпақтары – ағалы-інілі Арғымақ пен Алау есімдерінен бастау алып жатады. Әуелі Арғымақтан Телеу туған екен дейді. Ол Рамаданды өзіне еншілес қылып алады. Жаугершілік, шапқыншылық көп сол заманда Алау батыр...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Алау батырға Құдаһияр деген бір жігіт бала: «Құддыс шаһарынан келдім, Пайғамбар (араб) әулетіненмін», – деп келіп, бала болыпты. Алау батыр бұл баланы «Таза тұқымынан екен» деп, бала етіп, қамқорына алып, әйел алып беріп, отау тігіп, бір шаңырақ етіп қойыпты. Сол Құдаһиярдан Керейт туыпты. Алау батырға тағы бір бала, а...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Кезінде ел ішінде Еспембет ұрпағын – «Ойық таңбалы Керейт», ал Доспембет (елдер оны Қоспембет деп атап кеткен) ұрпағын «Тілік таңбалы Керейт» деп атаған. Себебі ел ішіндегі аңыз әңгіме бойынша сол тұста елде «Құла айғырлы Күреңсақал» деген жау шығып, оған қарсы шыққан Бозаншардың балалары түгелдей өліп, өзі аман қалады...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Бірде жолаушылап кеткен Қайырқожаның астындағы аты әбден болдырып, жүруге жарамай қалғасын, ашу мен намыс қысқан жігіт әлгі атты арқалап алып, алыста көрінген ауылға алып келсе керек. Сонда таңырқаған ауыл ақсақалдары: «Япыр-ай, мынауың тегін жігіт емес, жігіттің жалғыз Қаражоны ғой!» – деген көрінеді. Содан бастап осы...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
«Бір күні бір төбенің басына шыға келдім. Аяғымның астында бір торғын шатыр тұр. Айналасында құланның қодығы байлаулы жатыр. Бір жалаңдаған жас келіншек жылмаң етіп шатырдан шыға сала маған жүгіріп келіп: – Жездеке, шатырға жүріңіз, – деп қолымнан жетектеп шатырға алып кірді. Ақ шымылдық құрулы, алаша, төсек салулы. Бі...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Халықтың аузында бар әңгімеде Таманың кейінгі аты «Қарабура» деп айтады. Оның мәнісі былай деп сөзін жалғастырады қариялар: «Қожа Ахмет Йассуи өлгеннен кейін, оның өлі денесін қара бура мініп келіп, түсін ешкімге көрсетпестен мүрдені алып кетіп, қазіргі мешіттің орнына әкеліп, ақ жуып, арулап қояды. Гөрінің үстіне қам...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Жанарыстан бір ұл туыпты Майқы би деген. Сол Майқыдан үш бала туыпты: Садырқожа, Надырқожа, Қыдыржожа дегендер. Сол Надырқожа әйел алған бойда көп кешікпей өліп, бала қалмай, әйелі жас қалып, Сәли тентек болып, ешкім алмай, қайын ағасы Садырқожа да, қайнысы Қыдырқожа да жоламай, тұл қатын болып отырыпты. Бір күндерде б...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Алшын Құдияр деген баласын кейінірек көреді де, ол ерке, сотқар болып өседі. Сондықтан да ел оған «Құдияр тентек» деген ат қояды. Құдияр кейіннен еншілестердің балаларына тиісіп, сабап, күн көрсетпейді. Содан олардың бәрі Арғымақ баласы Телеу мырзаға келіп сағалаған көрінеді. Осы қауымдасудың нәтижесінде Жетіру бірлест...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Байсары баласы Майлыбаймен бірге соғыста қолға түсіп, өледі. (Жемнің аяғы Құлсары деген солтүстік шығыста 15 шақырымдай жерде «Бақашы әулие» деген қорым бар. «Бақашы» деп отырғанымыз – Байсары атамыз). Әжібай бастаған батырлар қазіргі Батыс Қазақстан делініп жүрген аймақты қалмақтардан тазарту кезінде жорыққа шығарда,...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Ауызекі шежіреде Құдиярдың үлкен баласы Қайырбайдың жарлы болғаны айтылады. Оның Қаракесек атануы да осы кедейлігіне байланысты таңылған атау ретінде байыпталады. Қаракесектің бәйбішесінен Байсары туады. Әйелі көп ұзамай қайтыс боп кеткесін, қайын атасы Қаракесекке екінші қызын да қосады. Одан Әлім, Шөмен туады. Байсар...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
...Шуақ бала жігіт кезінде еліне симай келіп, Әлімнің Жақайымынан Асан тайпасының ішіне келіп, Тәжібай деген атамыздың қолында іні болып, үш жылдай жүрген екен. Сонан Тәжібайдың әйеліне Шуақ құлаққағыс жасап, келіншек алғысы келгенін, өз алдына үй болғысы келгенін айтыпты. Әжеміз мұны Тәжібай атамызға айтып білдіреді....
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Байсары өлгеннен кейін Кетебике шешеміз екіқабат болып қалып, бір ұл туады. Әлім атамыз ұлдың атын «Тегіннен келген бала» деп, Тегінболат қойып, Кетебикені өзіне некелеп алып, Тегінболатты бала қылып алады. Кетебике Әлімнен бір ұл – Тойқожа туады. Онан кейін Әлім Құба деген шешемізді қыздай алады. Кетебике Әлім өлгесін...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Сайдан (Сәбден) бір балалы (Ожырай) болғаннан кейін қайтыс болып кетіпті дейді. Оның әйелі Қараға некелейміз десе, Қара көнбей, алмапты. Адамқожа әкесінің айтқанын қылмапты. Сонымен ол жесірді Сарыға некелеп, онан Асан мен Жанбақты туыпты. Бірде Сары би бір тойға бара жатып, жолдан көштен түсіп қалған бір бала тауып ал...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Байсары бір соғыста қолға түсіп қаза табады да, Кетебикені Әлім алады. Ол Әлімнен Тойқожаны туады. Әлім қайтыс болған соң, Кетебикені Шөмен алып, одан Түменқожа туады. Қаракесектің үш баласының Кетебикеден өрбіген тұқымдары шешесін төңіректеп жүріп, өздері оның атымен «Кете» атанған екен дейді.
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан
Шежіре сөзінің айтуында Тәуке ханның баласы – Сәмеке (Шахмұхаммед) ханның (т.ж.б. – 1738) тұсы болса керек. Сәмеке ханның Орта жүздегі іргелі тайпаларға билігін жүргізіп, ордасын Түркістанда ұстап тұрған кезі еді дейді. Ел іргесі тынышсыз болып тұрған заман. Еділдің құба қалмақтары орысқа арқа сүйеп, елдің тынышын алып...
Genre: Шежіре
Region: Қазақстан